Ататүрік және оның түрікшілдік идеясы
Кіріспе
1. Мұстафа Кемал Ататүрік . саяси күрескер.
1.1. Ататүрік өмір жолы мен қызметі
1.2 Ататүрік басқаруындағы Туркия Республикасы
2. Ататүріктің түркішілдік идеясы
2.1. Ататүрік . және түрік әлемі
2.1 Орта Азия турасындағы асқақ арманы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

2007 жылдың желтоқсанындағы Түрік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Абдолла Гюльдің Астанаға мемлекеттік сапары барысында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкіметке Түркияның тұңғыш президенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Кемал Ататүрікті мәңгі есте қалдыру үшін Қазақстанда ескерткіш орнату туралы тапсырма берді. Мұндай ізгі бастама – түркі дүниесінің көсемі, заманының ұлы перзенті Мұстафа Кемал Ататүрікке деген елбасының аса зор ілтипаты.
«Анадолыда түрік мемлекетін құрған ұлы бабамыз Мұстафа Кемал Ататүрікке тағзым ету бізге зор парыз және құрмет.Ататүрік жолымен түрік елдерінің ынтымағы нығайсын.Қазақ-Түрік достығы жасасын»
Батыс Азия, Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Шығыс және Оңтүстік Еуропаға жеті ғасыр үстемдік еткен түрік Осман империясының шаңырағы І дүние жүзілік соғыстан кейін қатты шайқалып, түрік халқының тағдыры сынға түскен кез болды. Сан ғасыр отарлаушы болып келген түріктер керісінше отарлануға тап болып, маңызды стратегиялық жерлері Антанта әскері тарапынан оккупацияланады. Осындай қиын қыстау кездерде генерал Мұстафа Кемал Ататүрік алға шығып, елді ұйымдастырып, Еуропаның интервенттеріне қарсы сұрапыл соғыс жүргізу арқылы жеңіске қол жеткізіп, Түркияны отарлаудан сақтап қалды. Сондай-ақ ол зауалға бет алған Осман империясын ыдыратып, оның орнына жаңа Түрік Республикасын құрды. Алайда І дүние жүзілік соғыстан ауыр шығынға ұшырап, қарызға батқан Түркиядан жаңа мемлекет құру оңайға түскен жоқ. Бірақ Мұстафа Кемал Ататүрік ақыл парасаты мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде Түркия Республикасының қалыптасуы осы ұлы тарихи тұлғаның есімімен тығыз байланысты екендігі баршаға мәлім.

1. Жиреншин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX начале XX века. Алматы: 1996. 189-б.
2. Асанова С.А. К вопросу о понятии „национальная
интеллигенция". Восток-запад: дилог культур. А: 1992, 7-б.
3. Зиманов С.З., Идирисов К.З. Общественно-политические взгляды. А.Сералина. А.:1989., 63-б.
4. Қожахметов Г.З. Государственная Дума и народы степного края в 1905-1917 гг. Караганда: 1999, 52-б
5. Қозыбаев М.Қ. Аласұрған XX ғасыр (толқыныс, ізденіс, проблемалар) // Казахстан в начале XX века: метология, историография, источниковедение. Алматы: 1993, Б. 5-6
6. Рүстемов С.К. XX ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі орны. т.ғ.к. дәрежесін алуын дайындалған диссертация. Алматы: 1991ж. 17-б
7. Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы: 1994. 24-б
8. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмағамбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. Алматы: 1996. 157-б.
9. Фадли Әли. «Ататүрік» //Егемен Қазақстан 2007. 14-желтоқсан
10. Ататюрк К. «Избранные речи и выступления» М., 1966ж
11. Кемал Паша Мустафа. Путь новой Турции. т1. М,. 1929г
12. Миллер А.Ф. Очерки новейшей истории Турции. М,. 1984г

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факултеті
Тарих кафедрасы
Студенттердің кезекті ХХІІІ ғылыми-теориялық конференциясы
Баяндама
Тақырыбы: Ататүрік және оның түрікшілдік идеясы.
Орындаған: Керім
Қанат
Түркістан2014
Жоспар:
Кіріспе
1. Мұстафа Кемал Ататүрік – саяси күрескер.
1.1. Ататүрік өмір жолы мен қызметі
1.2 Ататүрік басқаруындағы Туркия Республикасы
2. Ататүріктің түркішілдік идеясы
2.1. Ататүрік – және түрік әлемі
2.1 Орта Азия турасындағы асқақ арманы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылдың желтоқсанындағы Түрік
Республикасының жаңадан сайланған Президенті Абдолла Гюльдің
Астанаға мемлекеттік сапары барысында, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкіметке Түркияның тұңғыш президенті,
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Кемал Ататүрікті мәңгі
есте қалдыру үшін Қазақстанда ескерткіш орнату туралы тапсырма
берді. Мұндай ізгі бастама – түркі дүниесінің көсемі, заманының ұлы
перзенті Мұстафа Кемал Ататүрікке деген елбасының аса зор ілтипаты.
Анадолыда түрік мемлекетін құрған ұлы бабамыз Мұстафа Кемал
Ататүрікке тағзым ету бізге зор парыз және құрмет.Ататүрік жолымен түрік
елдерінің ынтымағы нығайсын.Қазақ-Түрік достығы жасасын
Батыс Азия, Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Шығыс және Оңтүстік
Еуропаға жеті ғасыр үстемдік еткен түрік Осман империясының шаңырағы
І дүние жүзілік соғыстан кейін қатты шайқалып, түрік халқының тағдыры
сынға түскен кез болды. Сан ғасыр отарлаушы болып келген түріктер
керісінше отарлануға тап болып, маңызды стратегиялық жерлері Антанта
әскері тарапынан оккупацияланады. Осындай қиын қыстау кездерде генерал
Мұстафа Кемал Ататүрік алға шығып, елді ұйымдастырып, Еуропаның
интервенттеріне қарсы сұрапыл соғыс жүргізу арқылы жеңіске қол
жеткізіп, Түркияны отарлаудан сақтап қалды. Сондай-ақ ол зауалға бет
алған Осман империясын ыдыратып, оның орнына жаңа Түрік Республикасын
құрды. Алайда І дүние жүзілік соғыстан ауыр шығынға ұшырап, қарызға
батқан Түркиядан жаңа мемлекет құру оңайға түскен жоқ. Бірақ Мұстафа
Кемал Ататүрік ақыл парасаты мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің
нәтижесінде Түркия Республикасының қалыптасуы осы ұлы тарихи
тұлғаның есімімен тығыз байланысты екендігі баршаға мәлім. Алайда,
Мұстафа Кемал Ататүріктің кетеуі кеткен империяның қалдығынан жаңа
республикалық мемлекет құру тәжірибесінің ғылыми-теориялық және
практикалық маңызды екенін бірі түсінсе бірі жете түсіне бермейді.
Бүгінгі пост кеңестік түркі тілдес республикалардың тәуелсіз мемлекет
құру практикасына Мұстафа Кемал Ататүріктің тарихи тәжірибелерінің
маңыздылығы айқын байқалады.
Мұстафа Кемал Ататүрік жаңа мемлекет құру барысында түрік
халқының ішкі береке-бірлігін арттырумен, өзіне деген сенімін
қалыптастыруға баса назар аударды. Сондықтан оның ұлттық
легализмшілерге қарсы түрік болу қандай бақыт, түрікке түріктен
басқа дос жоқ деген даңқты сөздері түрік халқының рухын көтеріп,
мемлекет құруға сенімін қалыптастырды. Міне, бұл түрік халқының жаңа
мемлекет құруының рухани күш-қуатының қайнарына айналды.
Кемал Ататүрік көзі тірісінде-ақ атағы жария болған тұлға
еді. 1881 жылы Салоникиде дүниеге келген Мұстафа, орта дәрежедегі
шенеунік болған әкесі Әли Риза әпендіден ерте айырылады да, анасы
Зұбайда ханымның тәрбиесімен жетіледі. Ерік-жігері күшті ана қасиеті
баласына дарып, Мұстафа Кемалдың қатаң мінезді және дара шешім
қабылдай алу қабілетінің қалыптасуына жол ашты. 12 жасында өзінің
қалауымен туған жеріндегі әскери училищиге түседі де, екі жылдан соң
Монастырдағы (Битоль) әскери лицейге ауысады. Кемал таңдаған әскери
мамандық оның саяси ұстанымдарының қалыптасуына да мықтап әсер
етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдағы Ибрагим Шинаси, Намық
Кемал, Зия паша, Теврик Фикрет секілді түрік ағартушыларының либералды
идеялары түрік жастары арасында патриоттық сезімдер мен ұлттық
сананың қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы кездегі Түркияның қоғамдық
өміріне әскер мемлекеттің жалғыз ғана орталықтанған желісі болатын.
Енді ғана бой көтеріп келе жатқан ұлттық буржуазияның мүддесін
көздеген әскери ортаның зиялылары кейіндері Бірігу және өркениет
аталған құпия жас түріктер ұйымына тоғысқан жасырын үйірмелердің
алғашқы мүшелері болды.
Тақырыптың дерек көздері. Ататүрік 1920 жылы 21 желтоқсанда Ауғанстанда
қызмет жасап жатқан Түркия әскерінің қолбасшысы Февзи Пашаға былай деп
үндеу тастайды: Қорғаныс және қаржы мәселесі жайындағы өзара келісімді
қолдай отырып, ауған армиясын қалпына келтіру үшін, әскери делегация
жіберіп отырмын. Ол келешекте Анадолы ауыртпалығын жеңілдету үшін және Орта
Азияда армияға көмекке келуге дайын тұратын армия құру мәселесін көтеріп
отырмын. Бұл армия- саясаттан алыс қалған Ауған, Түркістан және Бұқара
жерлерінде жасақталып, отаршыларға қарсы әрекет ете алатындай күшке айналуы
тиіс....
Жастүріктер билігі тұсында Мұстафа Кемал өзін таза әскери іске
арнады. Бірнеше әскери тақырыптарға арналған брошюралар жариялайды,
албан көтерілісін басуға жіберілген әскери экспедицияға қатысады.
Пикардиядағы француз әскерінің маневріне барады, Триполитан және Бақан
ұрыстарына қатысады.1911 жылы майор, ал 1914 жылы- подполковник шенін
алады.
Ататүрік баяндамасының негізінде 1936 жылы, содан кейін 1938 жылы екі
эшелон баланы Түркияға әкеліп, оларға қалауынша білім беру нұсқауын берді.
Онда: Тез арада сол жактағы барлық оқушыларға жол ақысын беріп, Түркияға
жіберіңіз, бұл жақта олар әскери мектепке орналасады... — делінген.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Өткен ХХ ғасырда дүниені дүр
сілкіндірген саяси қайраткер Мұстафа Кемал Ататүрік екендігіне еш дау
жоқ. Мұстафа Кемал Ататүрік пікірлерінен де қайраткерлік қырымен де
қазірге таңда түрік ұлтының жол көрсетуші көсеміне айналды. Тарихта
бірнеше мемлекет құрған түріктерге республикалық басқару жүйесінің
негізін қалап берді. Ұлы көсем түрікшілдік туралы не сезінді екен?
Немесе Түрік Әлемі жайлы не ойлайды екен? Күдіксіз Ататүріктің бұл
мәселелеріндегі ой-пікірлері ашық және айқын. Ұлы тұлғаның түрік
екендігін мақтаныш етіп, түрік ұлтының рухындағы асыл сезімдері
көргендікпен дәл нұсқап: менің жаратылысымда ең негізгі ерекшелік
немесе артықшылық – түрік болып туылуым деп ағынан жарылған екен.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қортынды және пайдаланған әдебиет тізімдерінен тұрады.
І бөлімі Ататүріктің өмір жолы мен қызыметі жайында және жүргізген саяси
күресі мен реформаларын қарастырдым.
ІІ бөлімі Ататүріктің түрікшілдік идеясы жайында және түркі тілдес
халықтармен қарым-қатынас қызметі, Орта Азия турасында асқақ арманы жайында
баяндалады.
І. Мұстафа Кемал Ататүрік – саяси күрескер.
1.1. Ататүрік өмір жолы мен қызметі
Мұстафа Кемал 1881-жылы Османлының Сәланик(Thessaloniki (Salonika))
қаласында туылған,бұл қала қазір Грекке қарайды. Бір есте болатын жері сол
бұл қаланың жан саны негізінен Еврейлер мен Геректерден тұрған. Мәлметтер
бойынша 1905-жылы бұл қаланың жалпы жан саны 120 мың болып соның 75 мыңы
Еврей болған. 1941-жылы Немістер басып кіргесін 95 пайыз Еврей бұл қаладан
қуғындалған. Мұсылмандар,Түрік тілділер тым аз болған бұл қалада.
Османлы Еврейлері туралы 1492 жылы Испания корольі елдегі
Еврейлердің не Християн дініне кіруін не белгіленген уақытқа дейін елден
шығып кетуін, әйтпегенде қырғындалатындығы жөнінде бұйрық түсіреді. Осы
кезде барар жер басар тауы қалмаған Еврейлер Османлы үкіметінен пана
тілейді. Османлы үкіметі кеңпейілдікпен мақұлдық береді, сонымен, 100-150
мың Еверей Османлы мемлекетіне қоныс аударады, бұлар Сәланик, Измир,
Ыстанбул т.б өңірлерге қоныстанады. Бұл оқиға тарихтан белгілі ғой. Міне
Мұстафа Кемал осындай бір қалада туылған, Еврейлер ашқан мектепте оқыған,
осындай бір Еврей, Гректер көпшілік болған ортада ержеткен, тіпті,оның тегі
туралы да ұқсамаған айтылымдар бар, шешесі Еврей екені белгілі, әкесі
белгісіз делінеді, Франсуздан келген миссонерлер тауып алған тастанды бала
деп те айтылады. Қандай болмасын ол адамға сондай бір мұсылмандықтан ұзақ
тіпті қарсы ортада ортада тәрбиеленіп ержетеді. Белгілі болды, осындай
күштер мен отаршылдар бірлесе отырып Османлы империясын күйретеді,Наполион
айтқан ғой : Кім анатолияны меңгерсе сол дүниені меңгереді деп, бұл
топырақтың стратегиялық орны төтенше маңызды, отаршылар жаңағы ішкі жаулар(
негізі сол Еврейлер)мен астаса отырып бір майдан ойын ойнайды,жемтіктесі
Мұстафа Кемал тобына өтірік жеңіліп берген болып оны осы жердің өзіне адал
қожайын етіп қойып шығып кетеді қазірге дейін бұл елді сол шағын топ
мылтықтың күшімен басып келеді. Еврей Израилмен достық,одақтастық
байланыстағы бірден бір мұсылман мемлекеті, Әскериде НАТО-ға мүше ел, ал
мемлекетін Евродаққа кіргізбейді,осының бәрі көптеген шындықты
түсіндіреді.[1]
Мұстафа Кемал Ататүрік — Түркия Республикасының тұңғыш президенті, оның
негізін қалаушысы, жалпыұлттық көсемі, саяси реформаторы, әскери сардары
және революцияшыл мемлекет қайраткері.
Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін
атқарып жүрген кезінде өзін табысты және мейлінше дарынды қолбасшы ретінде
көрсете білді. Кейінірек ол Анатолия және Палестина фронттарында әскер
қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік
соғыс кезінде зор атақ-даңққа ие болды. Османлы империясының соғыста
жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан
кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік
тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол
Антанта мемлекеттері жіберген әскерлерді талқандады. Оның жеңімпаз әскери
жорықтарының нәтижесінде ел басқыншылардан азат етіліп, Түркия
Республикасының негізі қаланды.
Содан соң Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени
жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформаларға кірісті. Ол
реформалардың басты бағыттары Кемалдің саяси идеологиясында баяндалған. Ол
көзқарас бойынша осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет
құрылуға тиіс.
Мұстафа Кемал Османлы империясындағы Селаник қаласында дүниеге келген.
Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді,
анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның
бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кемалдің нақты қай күні туғаны
белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған:
һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе
бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің
1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кемалдің өзінің айтуынша, анасы
оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша,
аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған.
Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған
күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын
қабылдады.
Селаник пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы
Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті.үйленген. Ол 3 жыл
отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған.
Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді
ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық Зейбек би мәнеріне
әуес болған. Мұстафа Кемал көптеген кітап жазып, жеке күнделік те
жүргізген.
Мұстафа Кемал әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап,
Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Vatan ve Hürriyet
(Отан және азаттық) деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық
қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық
билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып,
Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген
атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас
түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдырап, билік басына келді.
Мұстафа Кемал жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы
мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ
кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап,
кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кемалдің Енвер пашамен
қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы
әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кемал биліктен шеттетілді. [2]
1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты.
1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Harbiye Nezareti) қызмет етті.
Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәләятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде)
италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын
табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің
қолбасшысы болып тағайындалды.
Мұстафа Кемал Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып
кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы
Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан
соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды рөл атқарды.
1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды.
Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кемалді өзінің бақталасы ретінде
қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген
болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери
атағын алды.
Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа Кемал Түркияның соғысқа Германияның
одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің
6сында ол Cтанбулдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда
Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы
кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды.[1] Алайда соғыс министрі
Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ
құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.
Мұстафа Кемал Галлиполи шайқасының кезінде жағалауға келіп түскен
Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға
қолбасшылық етті.
Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы
Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кемалға сол 5-ші армияның
құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті
жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі Галлиполи
түбегін зеңбірекпен атқылап, Истанбулды қолға түсіру мақсатымен басып алу
үшін соғыс оперциясын бастап жіберді.
Галлиполи операциясының кезінде жауынгерлеріне басшылық етіп жүрген Мұстафа
Кемал, 1915 жыл.
Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Ыстанбулға
шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол
себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу
операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы
қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа
Кемалдің басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта
әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты. [3]
1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері
(АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет
алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кемалдің қолбасшылығындағы түрік
әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кемал жау әскерлерімен төбелерде
кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери
басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде
қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды. Екі әскердің соқтығысуының
алдында Мұстафа Кемал өзінің сарбаздарына мынадай бұйрық берді: Түн
түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге
ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады. Содан
кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің
үштен бірінен айырылды. Мұстафа Кемал операцияның бастапқы кезде Чунуқ
Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып полковник әскери дәрежесін алған
болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды.
Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кемал қызметтерін көбінесе алғы шептен 300
метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе,
Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті.
Галлиполи операциясының он айында түріктерден қорғанумен болып, тырп
ете алмаған Антанта әскерлері үшін бұл операция ауыр жеңіліспен
аяқталды.[3] Ақыры Антанта басшылары операцияны тоқтатып, әскерді шығаруға
шешім қабылдады. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және
табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның басшысы
Отто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары зор табысқа
жетіп, көзге түсті. Алайда Мұстафа Кемал өзінің ерекше үздік әскери
қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп зор даңққа бөленді. Шайқастың кезіндегі
ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының да құрметіне
ие болды. Аустралияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАК әскерлерін еске
алу паратында Мұстафа Кемал Ататүріктің есімі де зор құрметпен аталады.
Оның қаза тапқан мыңдаған түрік және АНЗАК әскерлерінің құрметіне сөйлеген
сөзіндегі мына сөздер АНЗАК қойнауы ескерткішінде тасқа ұрылып жазылған:
Мұстафа Кемал Диярбакырда тұрақтап, 2-ші армияның 16-шы корпусына басшылық
ете бастады. Галлиполи шайқасынан кейін Мұстафа Кемал алдымен Едірнеде 1916
жылғы қаңтардың 14-не дейін қызмет атқарды. Содан соң ол Кавказ жорығына
жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол бригада генералы әскери лауазымына ие болды.
Тарихшылардың көбі оның әскери лауазымының өсуіне Енвер паша әдейі кедергі
келтіріп отырды деп ойлайды.
Мұстафа Кемал жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері
үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Томас Назарбекянның басшылығындағы
орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері
қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-
бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен
Арменияның уақытша үкіметі құрылды. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің
жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын. Бітліс
шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кемал келген кезде бей-
берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де
ондағы ауа райы қатал болатын. Байланыс және әскерді қамтамасыз ету
жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың
босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға
басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7]
Мұстафа Кемалдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің
дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың
арасында тәртіп орнатып, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс
әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына
келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кемал топтарын орналастырып, қарсы
шабуыл бастап жіберді. Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген
әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның
дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын
қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді. Емиль
Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: Ол қайтадан егер дұрыс басшылық
жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің
өздері Кемал есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына
таңырқай назар аударды.
Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы
табысты қарсы шабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа
Кемал орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш
қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де
Мұстафа Кемал бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты —
қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген
табыстары оның сол жылы Имтияз орденінің алтын семсері медалімен
марапатталуы арқылы бағасын алды.
1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кемал 16-шы корпустың қолбасшылығынан
шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі
арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.
Мұстафа Кемал сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен
болатын. [4]

1918 жылдың 30 қарашасында Мұстафа Кемал-паша Стамбұлға қайтып
оралады. Қала ресми түрде оккуцияланбаса да, Антантаның бақылаунда
еді. Сұлтанның, министрлер мен депутаттардың патриоттық рухын оятуға
талпынған әрекетінен түкте шықпаған соң ол Анадолыға қайтып оралып,
түрік ұлтының орташа тобы өкілдері арасында империалистердің
жоспарына қарсы қарсыласу қозғалысын ұйымдастырмаққа көшеді. Бұл
уақытта Анадолыда саяси және әскери-стратегиялық жағдай қалыптаса
бастайды. Мудросс бейбіт бітім-шартынан кейін бұл жерде халықтың
стихиялық көтерілісі басталады. Оңтүстік және батыс аудандарында
оккупанттарға қарсы күресуші партизандық отрядттар құрылады. Шығыс
бөліктерде ұлттық құқық қорғау қоғамдары белсенді әрекет ете
бастайды. Кемалдың Анадолыға кетуі жоғарғы қызмет 9-әскери инспекцияның
басшысы қызметіне тағайындалуымен рәсімделген еді. Бұл тұстағы сұлтан
үкіметінің Кемалды ауқымды өкілеттілік беріп, жаңа тағайындауға
жіберуі, оның көмегімен Шығыс Анадолыда тәртіпті реттеу болатын,
сонымен бірге атақты, алғыр генералды Стамбұлдан алшақ ұстау жоспары
да бар еді. Өзінің өкілеттілігі,генерал шені, паша атағы және ұлы
мәртебелінің құрметті адъютанты мансабы арқасында Кемал 1919 жылдың 19
мамырында Самсунға келісімен дәрежесін өзінің маңайына әскери және
азаматтық тұлғадағы басшыларды жинауға пайдаланып, оларды шифрлі
жеделхаттар жөнелтуге жұмсай біледі. Аздаған уақыттан соң сұлтан
үкіметі өзінің қателігін сезінеді де, Сұлтан генералға Стамбұлға қайта
оралуға бұйрық береді. Бірақ өз тағдырын сыртқы кауіппен күреске
бағытталған генерал 1919 жылдың 8 шілдесінде отставкаға өтініш білдіреді
де, халқына қызмет ету үшін өзінің Анадолыда қалып, жеке тұлға
болатындығын жариялайды.
Осы кезеннің басты оқиғасы 1919 жылдың 29 шілдесіндегі , оның
шығыс анадолылық ұлттық құқық қорғау қоғамдарының Эрзурум конгересінің
ашылуындағы сөйлеген сөзі еді. Оның мазмұнында елдің тұтастығы және оның
тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүру құқығы, ұлттық жиналыс шақыру, ұлт
мүддесіне қызмет ететін үкімет құру секілді басты мәселелер көтеріледі. Ал
сол жылдың қыркүйегінде болған Сивастағы бүкіл түріктік құқық қорғау
қоғамдарының конгресі Эрзурумдегі қарағанда, халықты ұлттық мүддеге ашық
тоғыстырған ұрандарымен мағыналы болып, біршама өткір сипатта өтеді. Бұл
конгресте Кемалдың басшылығымен сайланған Өкілетті комитет анадолыдағы
жалғыс жинақы билікті – яғни,сипаты жағынан жаңа Түркияның уақытша
үкіметінің міндетін атқарады. Кемаль Сивастағы конгресте Эрзурумда
басталған ұлттық бағдарламаның негізін құруды аяқтайды. Бағдарламаның
маңызды бабы ұлттық шекалармен байланысты болды. Бұл бапта Мудросс бейбіт
бітім-шарты жасалған күнгі уақытта Түрік жерлеріне кірген аймақтардың
сақталуы, араб елдерінен бас тарту, османдық империя тұжырымынан ажырау
көрсетіледі. 1919 жылдың күз айларының соңында Анадолы мен Стамбұлдың
арасындағы қатынасы, біршама жұмсарады. Өйткені Өкілеті комитеттің сұлтанға
ұлы уәзір Дамад Ферида пашаны отставкаға кетіру және депутаттар палатасын
шақыруға байланысты талаптары қанағаттандырылған еді. Осы жылдың желтоқсан
айында Кемал Өкілетті комитетті Сивастан Анкараға көшірді. Бұл жерде сұлтан
үкіметтінің Стамбұлда емес, Анадолыда депуттаттар палатасын шақыруға
байланысты ұсынысты қайырып, анадолылық қозғалысқа қарсылығын жалғастыруда
екендігін байқалады. 1920 жылдың көктемінде Еуропаның интервенттері Таяу
Шығыстағы жетекші рөлді иеленіп алған ағылшындардың иықтасуымен түрік
ұлтшылдарына қарсы басып алу әрекеттерін жүргізе бастайды. 1920 жылдың 16
наурызындағы Стамбұлдың оккупациялануы және османдық парламенттің
таратылуы, шын мәнінде Анадолыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz