Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к.,
доцент м. а. Е. Маханбет
«»2015ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Орындаған: Әбілов Ғ.
Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент Абусейтов Б.
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
3
1 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ КҮРЕС ТҮРЛЕРІНДЕГІ СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі мақсаттары мен міндеттері . . .
6
1. 2 Балалардың дене дайындығы дамуының ерекшелігі, оны анықтау жолдары . . .
21
2 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ КҮРЕС ТҮРЛЕРІНДЕГІ СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2. 1 Спорт түрлеріне бейімділіктің ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі . . .
25
2. 2 Оқу-жаттығу сабақтарын өткізу . . .
31
2. 3 Баланың спортқа бейімділігін анықтау жолдары . . .
43
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
61
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014 жылғы 11 қарашада «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда [1] .
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Қазіргі спорт мектептеріндегі тәжірибе көрсеткендей бастапқы дайындық тобындағы болашақ спортшылардың құрамы осы үш жыл ішінде 50-70 пайызға дейін өзгеріске ұшырайтыны белгілі болды.
Осы жағдайды анықтай келе топтағы жаттығушы балалардың құрамының өзгеруіне себеп болатын бірнеше факторлар белгілі болады, оларға: жергілікті жердегі спорт мектептеріндегі спорт түрлері санының шектеулі болуы; жаттықтырушы мамандардың аз болуы; жаттықтырушы маманның өз спорт түріне іріктеу кезінде өте көп балаларды «жарамсыз» деп тануы; балалардың басқа спорт түрлеріне жиі ауысуы.
Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар тек қана болашақта спорттық көрсеткішке жете алады деген балаларды іріктеп алып басқа балаларды спорттық мектептен шығаруға мәжбүр, себебі жаттықтырушылардың еңбектерінің бағалануы бастапқы дайындық тобынан бастап баланың спорттық жарыстарда алған орындарының көрсеткіштеріне байланысты болуы.
Балалардың жиі спорт түрін ауыстыруының немесе спорттан мүлдем кетулерінің тағы бір себебі, қазіргі кездегі балаларға арналған жарыстардың үлкендерге арналған тәртіппен өтуі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларды ғылыми түрде зерттеу және спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жеке бастарының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау осы жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу мәселесі: Спорт түрлерінің қайсысы болмасын өз қатарларында ең мықты, ең шебер спортшылардың болуын қалайды. Ал болашақта ең үлкен спорттық жарыстарда жеңіске жете алатын ізбасарды іздеу, спорттық мектептердегі бастапқы дайындық тобынан басталады. Осы іріктеу мәселесіне байланысты, оның сапалы болуына арналған ғылыми ізденістер мен жасалған тәжірибелерді шартты түрде төмендегідей бағыттарға бөлуге болады, оларға: акселерациялық өсудің ықпалы; антропометриялық көрсеткіштердің әсері; паспорттық және биологиялық жас әсері; спортқа ерте келу мәселесі; жаттығу жұмыстарын жоспарлау мен жаттығу жүктемелерінің орны; спорттағы қазіргі техника мен технологияны қолдану; допинг мәселесі.
Зерттеу нысаны - Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау.
Зерттеу мақсаты - Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері мен спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарына келген жас балалар өздерінің қай спорт түріне бейімі бар екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу болашақта балалардың спорт түрлеріне бейімділігін ерте кезден анықтауға көмектесіп, жаттықтырушыларға балалардың денсаулығын сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден анықтауға және отандық спорттың сапалы сатыға көтерілуіне көмектеседі.
Зерттеу міндеттері.
- Қазақстан спорт мектептеріндегі спортшы ізбасарлар даярлаудағы қазіргі проблемаларды анықтау;
- спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны мен міндетін зерттеу;
- спортшы балалардың дене қабілеттері мен физиологиялық өсу ерекшелігін анықтай отырып спорт түрлеріне балалардың бейімділігін анықтауға жол ашу;
- болашақ спортшы ізбасарларды үлкен дене-күш жүктемелеріне дайындықтарын арыттыру арқылы спорттық шеберлікке жетудің тиімді жолдарын көрсету;
- спортшы ізбасарларды іріктеу мақсатында спорт мектептеріндегі оқу- жаттығу бағдарламаларын жетілдіру.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынандай әдістер іске асырылды: ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу, анкета-сұхбат жүргізу, тесттік-сынақтар алу, педагогикалық тәжірибе жүргізу, статистикалық-математикалық талдау жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ спортшының өз мүмкіндігін толық ашуына жағдай жасау, бала денсаулығын сақтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ КҮРЕС ТҮРЛЕРІНДЕГІ СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі мақсаттары мен мiндеттері
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спортының жай-күйi, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы үрдiстерi республикада спортты дамыту жөнiнде түбегейлi шұғыл шаралар қабылданбайынша Қазақстандық спортшылардың әлемдiк аренадағы көрсеткiштерi төмендей беретiнiн көрсетiп отыр.
Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi ең алдымен бүгiнгi күнi әлемдiк биiк талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт базаларының аздығы және спортшы даярлаудың жаңа ғылыми-әдістемелерінің әлсіз дамуы болып табылады.
Қазiргi заманғы спорт деңгейi өзiнiң даму сатысында спорттық нәтижелердiң өсуiнде ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген жаңа көзқарастарға маңызды рөл бередi. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар үшiн арнайы жағдайлар жасау iсiндегi жаңа жетiстiктер, арнайы киiм, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты спортшыларының көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi, ХХI ғасырға спорттың қандай негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн көрсетіп отыр.
Республика халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң төмендiгi жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары мүшелері ауруларынан өмiр сүру жасының қысқартуына әсер етіп және өлiм деңгейiнiң жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бiрі болып отыр. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 5-тен 10, 5 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатындығы белгілі болып отыр. Осы жағдайды шұғыл түзету үшін Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы жолдауында Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу қажеттігін атап көрсетті.
Республикадағы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының тек 56, 5 пайызында ғана бiр үлгiдегi спорт залдары және 14, 9 пайызында бейiмделген спорттық жайлары бар.
Республикадағы орта және жалпы кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемi ғылыми негiзделген нормативтен 3-4 есе төмен. Қозғалыс белсендiлiгiнiң жоспарланған ғылыми негiзделген деңгейiне жету үшiн жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында дене шынықтырудан аптасына мiндеттi үшiнші сабақ енгiзу қажет, оқу үрдісін спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр.
Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс дамымай отыр. Тұмау және түрлi созылмалы ауруларына бейiм балалардың және жасөспiрiмдердiң саны арта түсуде. Бұл ретте, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы оқушыларға сабақ жекелеген оқу орындарында ғана жүргiзiледi.
Тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-күйi бұқаралық спортты одан әрi дамыту, халықтың арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру, спорт ізбасарлары мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде кiдiрiссiз, нақты шешiмдер қабылдауды талап етіп отыр.
Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жолымен, дене шынықтыруды және спортты дамытудың тиiстi қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк құқықтық қамтамасыз етiлуiн құру арқылы қатынастарды реттейдi, барлық үлгiдегі балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, мүгедектерге арналған мамандандырылған топтардың, емдеу-дене шынықтыру диспансерлерi санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.
Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту; халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшiн жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық қолданбалы спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту, саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазiргi тәсiлдемесiн белгiлеу, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындаудың республикадағы спорт мектептері іске асырады.
Спорттық ғылымда дарынды балаларды іріктеу мәселесі жеке ғылым ретінде қарастырылып, үлкен жұмыстар атқарылып келе жатқандығын айту керек. Осы жұмыспен спорттық мектептерде жаттықтырушы тікелей жұмыс жасайды. Оларға әр бала мүмкіндіктерін анықтап болжау және қай спорт түріне икемі бар екендігін білу тапсырылған. Осылай бола тұра спорт мектептеріндегі іріктеу жұмысы кеңес одағы кезіндегі қалыптасқан тесттілік-сынақ ретінде ғана іске асырылып келеді. Жас спортшыны спортқа бейімдеу, оның мүмкіндігін анықтау, жетілдіру жолындағы педагогикалық әдістемелер жетілмеген. Қазіргі Егеменді Қазақстан жағдайына сай бейімдеу жұмыстары спорт мектептеріне енгізілмегендігін көреміз.
Спорттық мектептердегі оқу-жаттығу кезеңдеріндегі іріктеудің неғұрлым ақпараттық жолын табу қазіргі кездегі спортшыны бағалаудың негізі болып келеді, осы жолды табу арқылы болашақ оқу-жаттығу жұмыстарын жоспарлауды іске асыруға болады.
Спорттық іріктеу жұмыстары педагогикалық, медициналық, биологиялық, физиологиялық, психологиялық жақтарын қатар жүргізу жағдайында сәтті болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасының 5. 6 Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау бөлімінде «Дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу-халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгермелі талаптарын, спортшыларды даярлаудың түрлері мен әдістерін үнемі жетілдіруді, жаңадан келгендерден бастап халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне дейін, республика спортшыларын тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды ескере отырып, оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастарды талап етеді.
Спорт ізбасарларын даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеудегі проблемаларды табысты шешу үшін түпкілікті нәтижеге - Әлем, Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін факторларды қатаң ескеру қажет, оларға:
- таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы;
- спорт мамандығын таңдау, көпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою;
- жаттығу және жарыс жүктемесінің, демалудың, тамақтанудың, жұмыс қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру құралдарының және іс-қимыл мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу;
- даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту - спортшы ағзасының мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін аспаптарды, жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану.
Спортшылардың жаттығу әсерлерінің факторларына бейімделу үрдістерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға тікелей даярлығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орташа биіктіктегі және биік таудағы жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру, бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына қол жеткізуге бағдарлау» деп көрсетеді [2] .
Осы көрсетілген талаптарды іске асыру мақсатында Қазақстан жағдайында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында спортқа дарынды балаларды іріктеудің және жаттықтырудың жаңа тың жолын ұсыну болып табылады.
Республикада жас балуандардың дайындығына педагогикалық бақылау жасау, күрестің әдістемесі мен теория мәселелерінде аз зеріттеліп жүрген тақырып.
Әдебиеттерді талдау және алдыңғы қатарлы спорттық тәжірибе көрсеткендей педагогикалық бақылаудың көбінесе әдістемелік негіздері жоқ болып келеді. Жас балуандар дайындығын әр қырынан қарағанда заман талаптары спорт ізбасарларын дайындау жүйесіне сай емес. Жас балуанның дене-күш дайындығы кезеңді бақылау мәселесі мен қажетті дене-күш даму деңгейін бағдарлау осы уақытқа дейін толық қаралмай келген іс.
Спортпен жүйелі шұғылдану өсіп келе жатқан ағзаның тірек-қимыл жүйесіне әсер етеді. Сүйектердің қабықты бөлімінің жуандауы есебінен қаңқа біршама мықты болады. Бұлшық еттер көлемі артады, олардағы қылтамырлар саны артып, қан айналым жақсарады. Кейбір спортшылардың бұлшық еттері жалпы дене салмағының 50 % құрайды [3] .
Спорттық шынығу бұлшық еттер құрылымына да біршама әсер етеді: жас спортшылардың бұлшық еттері біркелкі жетіледі, содан дене бітімі жақсы жетіледі. Мектеп жасындағы балалардың басым бөлігінің (орташа есеппен 70%) дене тұрқында түрлі кемістіктердің болатындығын ескерсек, мұның маңыздылығы арта түседі.
Бұлшық еттер гипертрофиясымен бір уақытта олардың функционалды күйі жақсарады, атап айтқанда, ырғақ сезімі, қимылдар ырғағы, қимылдарды орындау барысында кейбір бұлшық ет топтарының ширығу және босаңсу деңгейін сезіну, дененің кеңістіктегі күйін сезіну сияқты қасиеттерден құралатын «бұлшық ет сезімталдығы» деп аталатын сезімталдықтың жоғары деңгейін қаматамсыз ететін жүйке-бұлшық ет реттелуі жетіледі. Жас спортшылардың бұлшық еттері күшінің көптігімен ерекшеленеді, сіңірлер өзінің серпімділігін ұзақ уақыт бойы сақтап тұра алады, ал буындар қозғалмалы келеді [4] .
Шынығу барысында ағзаның барлық қызметінің жүйкелі реттелуі жүзеге асырылады, ішкі ағзаның жұмысында қатаң түрдегі үйлесімділік, ағзаның барлық жүйелерінің дене жүктемесінің өзгермелі тәртібіне тез бейімделуі байқалады.
Жүйелі түрде спортпен шұғылдану баланың ақыл-ой қабілетін жетілдіреді, өйткені шынықтыру барысында балалардың сезім мүшелері жетіліп, есте сақтау қабілеті жақсарады, тәжірибелік түйсіну, бақылау, назар салу қабілеттері артып, нәтижесінде жас спортшыларды жалпыға білім беру мектептерінде сәтті оқытуға болады [5] .
Ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігі денелік даму деңгейімен және жалпы денсаулық күйімен тығыз байланыста болады. Жас спортшыларда бұл жағынан да өз қатарларымен салыстырғанда біршама басымдылықтар бар, өйткені олардың денелік дамуы мен денсаулық деңгейі дене шынықтырумен және спортпен шұғылданбайтындармен салыстырғанда біршама жоғары болып келеді. Бұдан басқа, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен кезектестіріп отыру мектеп оқушыларының ақыл-ойлы жұмысқа қабілеттілігін әлдеқайда арттырады.
Спортпен шұғылдануда - баланың жеке тұлға ретінде психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамытуда маңызы зор. Қазіргі кезде дене жаттығуларымен шұғылдануды ұйымдастырудың басқа құралдары мен түрлері емес, спорт түрі денесінің қимылдарын керемет меңгерумен, күштің, төзімділіктің дамуымен байланысты қабілеттерді айқындауға мүмкіндік бере отырып, жасөспірімдердің әсіресе жастардың психологиялық даму ерекшеліктеріне сай келеді деген болжам бар. Спортпен шұғылдану артық дене қуатының көшеде күшпен айқындалуынан сақтайды, жыныстық инстиктінің тым ерте басталуын тежеп балалардың табиғи талпынысын дұрыс бағытқа салуға көмектеседі [6] .
Спортпен шұғылдану жас спортшылардың бойында күш, еріктілік, батылдық, қайсарлық, өзіне деген сенімділік, жеңіске деген талпыныс, ұстамдылық, тәртіптілік сияқты оң қасиеттердің қалыптасуына әсер ете отырып, спорттық қызметтің жүйелі, ұзақ шынығуға, жоғары жетістікке жетуге баулиды.
Балалар мен жастар спортпен тек қана өз рахаты үшін ғана шұғылданып қоймайды, спорт оны өз Отаны үшін еңбек етумен, оны қорғауға дайын шынайы азамат болып қалыптасуына көмектеседі.
Тәрбиелеудің басты мақсаты-адамды жоғары мәдениет, жоғары зияткерлік, спорттық этиканың иесі етіп тәрбиелеу.
Шынықтыру барысында спорттық қызметінің арнайылығына орай, өнегелі тәрбиелеудің міндеттерін сәтті шешудің жағымды жағдайларын түзеді. Балалар ұжым ішінде бапкердің көмегімен шыныққан кезде жолдастарының қолдауы мен талаптарын сезінуге, сондай-ақ, жалпы еңбектің қуанышын түсініп, сезінуге үйренеді.
Дәйекті шынығу, спорттық сайыстарда адамның спорттық парыз, намыс, адалдық, шыншылдық сияқты моральдық қасиеттері тереңдетіліп, тексеріледі. Осы жерде еңбекқорлық, тәртіптілік, мінез-құлық мәдениеті, белсенділік, дербестілік, жауапкершілік, батылдық сияқты өнегелі мінез-құлықтың тәжірибесі қалыптасады.
Заманауи тәжірибе көп уақыт жұмсауды, денелік күшті, жүйкелік қуатты, осыған байланысты өмірдің тиімді тәртібін түзіп жас спортшы үшін көбіне ересек ата-аналарының, бапкерінің, білім беру мектебінің көмегіне сүйенеді. Ең алдымен, отбасында балалар өздерінің спортқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ата-аналары қолдауын сезінетіндей жағдай жасалынуы қажет.
Спорттық тәжірибеде бала ниетінің шынайылығы дәлелденеді, атап айтқанда ата-аналарының жақсы көңіл-күйі, баланың жарыстарға қатысып, шынығуға қызығушылық танытуы - жас спортшыларға спорттық жетістікке жету жолындағы күшті моральдық қолдау болып табылады.
Сондықтан ата-аналар дене шынықтырумен шұғылданудың құндылығы туралы дұрыс көзқараста болуы қажет. Бұл үшін оларға спорт саласы туралы жас ерекшеліктері, психология мен гигиена бойынша білімдерін толықтыру қажет. Бұл балалардың қызығушылығын дұрыс бағытқа бұрып, олардың нақты бір спорт түрін таңдауына, сондай-ақ, жүйелі түрде шынығып жүрген балалардың өзін-өзі сезінуін бақылауына мүмкіндік береді.
Балалардың спортпен шұғылдануына түсінікпен қарайтын көптеген отбасыларының тәжірибесі көрсеткендей, шынығу, жарыстарға қатысу балалардың мектепте жақсы оқуына кедергі келтірмейді, керісінше олардың тәрбиесіне және денсаулық күйіне жағымды әсер етеді.
Өсу және даму барысында балалардың дене қозғалысының негізгі сапасы және үйлесімділік қабілеттері қалыптасады. Жас кездерінде олардың тиімді және нәтижелі өсуіне жүйке-жүйесінің сезімталдық кездері сәйкес келеді. Әрбір бұлшық ет дамудың әртүрлі мерзімдік кезеңнен (гетерохронды) өтеді. Мәселен, жазғыш бұлшық еттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғарғы даму дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілуі жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды, 25-30 жаста аяқталады.
Саусақ бұлшық еттерінің күші 7 жаста - 12-13 кг; 10 жаста - 17-20 кг; 14- 17 жаста - 27-35 кг мөлшерінде болса, бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста - 31-34 кг, 10 жаста - 38-42 кг, 14-17 жаста - 53-54 кг болады.
Қозғалыс жылдамдығының дамуы 4-5 жаста басталып, 14-20 жаста ең жоғары сапасына жетеді. Сезімтал кезеңдері 6-14 жаста байқалады.
Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік қимылдар жасай алмайды. Мұндай әрекеттік қимыл 6-7 жаста басталып 25-30 жаста жоғарғы шегіне жетеді.
Ептілік дәл қимыл және жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17 жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өседі.
Бұлшық еттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балаларды ұзақ жүктемелерден сақтандыру керек.
Шыдамдылықтың жоғары сапасы 25-30 жаста аяқталады. Бұлшық еттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді, ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz