Дыбыстар,дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы


Кіріспе
I.Негізгі бөлім
1.Дауыссыз дыбыс туралы түсінік.
2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.
3. Дауысты дыбыс туралы түсінік.
4. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі.
II. ҚОРЫТЫНДЫ
III.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше қатысуына қарай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.

2.1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2.2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.
2.3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.
2.4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз.
1.Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы,1995 2. «Қазақ грамматикасы» Астана, 2002ж
3. А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» Алматы, 1992ж
4. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1993

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Жоспары
Кіріспе
I.Негізгі бөлім
1.Дауыссыз дыбыс туралы түсінік.
2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.
3. Дауысты дыбыс туралы түсінік.
4. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі.
II. ҚОРЫТЫНДЫ
III.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Сабақтың мақсаты:
1. Дыбыстар,дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.
2. Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру
3. Ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін,тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Сатылай комплексті талдау жұмыстарын жүргізе отырып, алған
білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс жасауға,ізденуге талпындыру, ойындар арқылы
ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру. Оқушылардың сауаттылығын тілін дамыту.
Тәрбиелілік: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушылардың бойына
имандылық, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерді сіңіру, еңбекке, тіл
өнеріне, әсемдікке баулу.

Сабақтың әдісі: жаттығу, жүйелеу, қайталау, тілдік қайталау, тіл дамыту,
ойландыру.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тақта, кесте қағаздар, тест тақтайшасы.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Дыбыстардың құрамы
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс
дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы
– 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай
екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына
байланысты.

Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда
болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып,
кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты
және дауыссыз болып келеді.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын
дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы
жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:

- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу
шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен
тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а,
ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг)
болып екіге бөлінеді.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше
қатысуына қарай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар бірнеше топқа
бөлінеді. Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың
ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай
еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.

2.1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты
дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар
деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2.2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты
дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты
дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.
2.3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар
деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.
2.4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар
деп атаймыз.

Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.

2.5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты
дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
2.6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік
дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.

Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған
дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық
қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы
жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар емлесі
Дауысты дыбыстар жүйесі
Дауысты дыбыстар емлесі
Қытай тіліндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы
Қосарлы дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі
Сөз позициясындағы дауыссыз дыбыстар және олардың морфонологиясы
Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің жолдары
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь