Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру



1 Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу . тәрбие үрдісін жетілдіру
2 Қазақ тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерін 1.9 сыныптарда тиімді пайдалану
3 «Шашылған дыбыстар» ойыны
4 «Сын есімдер ұясы» ойыны
Біздің елімізде қазақ тілі -мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды байлықтарын танып-білу арқылы танымдық құзыреттілікті қалытастыру іске асырылады.
Сабақ барысында қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын ауыз әдебиеті жанырларының түрлерін, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді,жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып,ұлағатты нақыл сөздерді тағы басқа тағылымдарды үйрету арқылы оқушылардың танымы кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.
Таным- адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте “таным – білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу”, “тану – заттардың пайда болуын, маңызын білдіреді” деп көрсетілген.
Таным – адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі. Тіл үйрету барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту – сол халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тікелей байланысты. Таным – ақиқатқа жету, бұрын таныс семес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
№73 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ

Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында
оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру.

Дайындаған:
Б.Қ.Исаинова.

Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында
оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру.

Біздің елімізде қазақ тілі -мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс
тілінде жүретін сыныптарда егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ
тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа.

Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін
оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды
қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін
грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде
қарастырылады.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән
мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-
тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын,
қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына
қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Қазақ
тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды
байлықтарын танып-білу арқылы танымдық құзыреттілікті қалытастыру іске
асырылады.
Сабақ барысында қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын ауыз
әдебиеті жанырларының түрлерін, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-
мәтелдерді,жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып,ұлағатты нақыл
сөздерді тағы басқа тағылымдарды үйрету арқылы оқушылардың танымы
кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге
ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.
Таным- адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте
“таным – білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу”, “тану – заттардың пайда
болуын, маңызын білдіреді” деп көрсетілген.
Таным – адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі.
Тіл үйрету барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту – сол халықтың әдет-
ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен
тікелей байланысты. Таным – ақиқатқа жету, бұрын таныс семес шешімдерді
іздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны практикалық
өмірде пайдалануға жол ашылады.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша
дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс
жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын
ескеруіміз керек.
1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға
тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Білгенін оқушы практикада қолдана отырып,ережеге байланысты
тапсырманы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге,
имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай
отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар
беру.
Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін тапсырмаларда дәлелдейтін,
түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен
қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы
керек.Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты
бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушылардың қазақ
тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу.
Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай.
Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана
білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.
Қазақ тілі пән бірлестігінің мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын
байытуда сөздік жұмысының алатын орнын ерекше түсініп, сабақ үрдісінде
сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдаланады: мәтін бойынша сөздік
қорды байыту,әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау.
Әр сабақтарында жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне
жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа
сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік
жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар,
жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде,
сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.
Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру
мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту
технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға
дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық
сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың
негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар
мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай
іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың
білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің
белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып
келеді.
Сонымен қосақазақ тілі пән бірлестігінің мүшелері Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту бағдарламасы: Ой шақыру, Сұрақ қою, Кубизм,
Кластер, Түртіп алу, Бес жолды өлең стратегияларын сабақты өткізу
барысында тиімді пайдаланады.
Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарында қолдану ,
оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске
асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін
жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас
құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне
қарап сараланады.

Қазақ тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған
ойын түрлерін 1-9 сыныптарда тиімді пайдалану.

Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында түрлі ойындар
арқылы беруге болады.
Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын
түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің
білімге ынта-ықыласы, пәнге деген сүйіспеншілігі арттады. Ойынды оқушылар
сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым,
түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге
болады;
- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
- өзіне деген сенімділік пайда болады;
- логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Мақсаты: Сабақ үрдесінде ойын түрлерін қолдану барысында
оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып,
оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.
Міндеттері:
- оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
- ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
- оқушылардың өздеріне деген сенімдігін сезіндіру.
Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен
қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап
сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды
балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау – кезек күттірмейтін іс.
Психологтардың зерттеу бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға
өзер болардай өзіндік ерекше қабілет, биімділік бар екен.
Бастауышта оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса,
онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп,
тоқырап қалады.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – сәтсіздікке
ұшыраймын, қолымнана ешнәрсе келмейді деген тыс қорқыныш сезімі, екінші
өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде
өзін-өзі жек көріп кетеді), үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы
құтқарудың жолдарын табу.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары:
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды
әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен
қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап
дамыту.
6. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау,
зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және
ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер
ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін
қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы;
бастауыш сыныпта шығармашылықты тәрбиелеудің бір түрі оқушыны
суырыпсалмалыққа үйретуде, Жаңбыр ойыны, Музыкалық әңгіме, т.б. іс-
әрекет жасатудың маңызы ерекше. Жаңбыр ойыны кезінде мұғалімнің айтқан
құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады,
жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бөсеңдеді т.б.
Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық – танымдық ойындар
Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәндер