Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері


Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, заман талабына сай жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, соның ішінде қоғамның сұранысына қажетті мамандарды даярлап, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру және ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мәселелеріне қол жеткізу - еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді талап етуде.
Қарастырылып отырған проблеманың шешімі көп жағдайда жалпы білім беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен айналысатын мектеп басшыларының басқарудағы кәсіби даярлығының деңгейімен айқындалады. Мектеп басшыларының басқарудағы бүгінгі кәсіби біліміне жасаған талдау олардың басқару ісінен ғылыми-педагогикалық, әдістемелік білімін, іскерлігі мен дағдысын толықтырып, кәсіби құзырлылығын дамыту қажеттігін дәлелдейді.
Қазіргі таңда педагогика ғылымында мектепті басқару проблемасы бойынша орындалған зерттеу еңбектері баршылық. Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайындағы мектептерді басқару, инновациялық технологияларды енгізу, ұлттық мектептің басқару үлгісін дайындаудағы теориялық негіздері шетелдік және отандық ғалымдардың (Д. М. Джуран, Э. Е. Деминг, Ф. Кросби, Ф. Тейлор, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель, Т. Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, А. Эфирова, А. Шарипова, С. А. Ұзақбаева және т. б. ) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Ғалымдардың бірқатары басқарудың ғылыми негіздегі ережелерін, әлеуметтік жүйедегі басқару заңдылықтарын, өзіндік ерекшеліктерін (В. М. Гаськов, А. Т. Глазунов, Т. М. Давыденко, Э. М. Никитин, А. И. Субетто, А. А. Бейсембаева, Қ. Ж. Қарақұлов, Н. А. Асанов және т. б. ) зерттесе, енді бірі басқарудың психологиялық ерекшеліктеріне мән берген (П. Друккер, Х. Сильва, Т. Роджерс, В. Шепель, Р. Х. Шакуров, Ф. Р. Филиппов, Қ. Б. Жарықбаев, К. Ж. Қожахметова және т. б. ) .
Қайсыбір ғылыми еңбектерде білімді басқару сапасының педагогикалық негіздері, соның ішінде, іс-әрекет теориясы (Б. Г. Ананьев, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Қ. Қ. Жампеисова, М. С. Молдабекова, Л. Х. Мажитова, К. А. Жүсіпова, Н. А. Әбішев және т. б. ), кәсіптік білім беруді басқарудың әдіснамасы (В. И. Загвязинский, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, В. А. Сластенин, В. Д. Шадриков, А. П. Сейтешев, А. А. Саипов және т. б. ), оның педагогикалық диагностика мен мониторингі (Тимо Санталайнен, Эеро Воутилайнен, Пертти Поренне, Йоуко Х. Ниссинен, В. Н. Аверкин, А. А. Афиногенов, В. П. Беспалько, М. С. Берштейн, Ю. З. Гильтук, Л. Я. Гуревич, Дж. Д. Вилмс, Н. Вержбицкая, К. Ингенкап, Л. М. Митина, А. А. Орлов, К. К. Платонов, М. И. Шилова және т. б. ) зерттеледі.
Кибернетикаға негізделген жоғары оқу орындарындағы білімді басқару, оқу процесін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру С. И. Архангельский, В. А. Бордовский, Ғ. З. Әділғазинов және т. б. еңбектерінде көрініс табады.
Бүгінгі таңдағы басқаруды автоматизациялаудың және білім беруді басқаруды ақпараттандырудың теориялық негізі В. З. Ямпольский, В. М. Лизинский, Т. А. Линчевская және т. б. еңбектерінде қарастырылса, педагогикалық болжау Б. С. Гершунский, А. М. Гендин және т. б. зерттеу еңбектерінде сипатталады.
Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде жалпы білім беру мекемелерін дамытуды басқару мен білім берудегі менеджмент тұжырымдамасы (В. И. Зверева, Ю. А. Конаржевский, В. С. Лазарев, А. М. Моисеев, И. В. Немов, М. М. Поташник, П. И. Третьяков, С. В. Белова, К. М. Арынғазин және т. б. ), мектепішілік басқарудың әдіснамалық негіздері (В. Г. Афанасьев, И. В. Блауберг, Д. М. Гвишиани, О. А. Дайнеко, Я. Зеленевский, И. В. Кузьмина, А. М. Омаров, В. Н. Садовский, Б. Ф. Славин, Э. Г. Юдин, Б. Ы. Мұқанова және т. б. ), педагогикалық басқарудың ұстанымдары мен қызметі (Ю. В. Васильева, М. Н. Беркулова, В. П. Симонов, К. Я. Вазина, В. Ю. Кричевский, Ю. А. Конаржевский және т. б. ), жалпы білім беретін мектептер мен білім беру жүйесін басқарудың мәні (В. И. Бондарь, Ю. В. Васильев, М. И. Кондаков, А. А. Орлов, Ф. Г. Паначин, И. П. Раченко, П. В. Худоминский, Т. И. Шамова, Г. Т. Хайруллин, А. К. Ахметов, Н. А. Лебедева, Б. Ә. Әбдікәрімов, М. Қ. Құрманов, Т. Т. Галиев, С. Т. Иманбаева т. б. ) зерделенеді.
Мектепті басқару мен мұғалім біліктілігін арттырудың мәніне (П. И. Третьяков, В. П. Кваша, М. М. Поташник, В. С. Лазарев, Б. А. Әлмұхамбетов, Н. А. Лебедева, Д. Ф. Ильясов, А. А. Жайтапова, С. С. Контаев, Ж. Б. Өмірбекова, Б. С. Сарсекеев, А. Тоқсанбаев және т. б. ), ұлттық мектеп құру проблемаларына (Н. Г. Гончаров, Л. Н. Погодин, К. Ж. Қожахметова, Ш. К. Беркімбаева, Ж. Ж. Наурызбай, Р. Башарұлы және т. б. ) біраз ғалымдар назар аударған.
Мектеп басшысының қызметі (В. Л. Бераш, А. Н. Волковский, Н. К. Крупская, В. А. Луначарский, М. П. Малышев, Е. И. Перовский, А. М. . Новиков, М. Ә. Құдайқұлов және т. б. ) мен оның өзіндік ерекшеліктеріне де ғалымдар аса мән берген.
Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесті басқарудың ерекшеліктері (Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин), оқу-тәрбие процесіндегі басқаруды оптимизациялау заңдылықтарының теориясы (Н. А. Асанов, Ж. Б. Өмірбекова), педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың ғылыми мәселелері (Р. А. Асадова, С. И. Калиева, И. П. Раченко), түрлі кезеңдердегі мектепті басқару тәжірибесіндегі инновациялық көзқарастар (А. А. Захаренко, В. А. Караковский, А. С. Макаренко, Н. В. Сорока-Росинский, В. А. Сухомлинский, В. С. Татьяченко, С. Е. Хозе, Е. А. Ямбург, Т. Линчевская, Д. Р. Пірімбетова, Ш. Қ. Әмір, Б. Т. Кенжебеков және т. б. ) бірқатар ғылыми еңбектерде қарастырылады.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау білім беруді басқару проблемасы саласынан бірқатар іргелі және қолданбалы еңбектердің орындалғанын көрсетумен бірге, оның ғылыми-педагогикалық негіздерінің бүгінгі қоғам талабына қарай әлі де болса терең зерттеле қоймағанын дәлелдейді. Демек, бүгінгі жалпы білім беретін мектепті жаңаша басқаруға талаптардың артуы мен дәстүрлі басқару жүйесінде айтарлықтай өзгерістің болмауы арасында; осы талаптарға сай мектепішілік жұмыстарды басқара алатын кәсіби құзырлығы жоғары басшыға қажеттіліктің артуы мен мұндай даярлығы бар мектеп басшысының жетіспеуі арасында; мамандар біліктілігін жетілдіретін мекемелер жүйесінде мектеп басшыларын кәсіби басқаруға даярлау қажеттігі мен оны жүзеге асыратындай ғылымға негізделген бірегей тұжырымдама, бағдарламалардың, әдістемелік кешендердің жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі басқару ісі.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектепті басқару процесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі жағдайдағы жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруда практикалық тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы білім беретін мектептегі басқару ісі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген басқару жүйесінде құрылса, онда мектепішілік басқару ісінің сапасы артып, тиімділігі жоғарылайды, өйткені басқарудың бұл жүйесі басқару ісіне қойылып отырған жаңа талаптарға сәйкестендіріле жасалған.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.
2. Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің мазмұнын анықтау және оны ұйымдастыру құрылымының моделін жасау.
3. Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасын жасау және оны жүзеге асыру жолдарын анықтау.
4. Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіндегі кәсіби құзырлылығының құрылымдық моделін жасау.
5. Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастыру моделін жасау.
6. Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
7. Жалпы білім беретін мектепті басқаруды ұйымдастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы білім беретін мектепті басқару ісінің тиімділігі бүгінгі талапқа сәйкестендіріле жасаған басқарудың жүйесіне байланысты.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып жалпы білім беретін мектеп жүйесінде басқару ісін жоспарлау мен ұйымдастырудағы кәсіби іс-әрекеттік, тұлғалы-бағдарлық, жүйелі-мәдениеттілік, инновациялық, технологиялық тәсілдер болып саналады.
Зерттеудің көздері: философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың, менеджерлердің, дидакт ғалымдар мен әдіскерлердің ғылыми еңбектері, мұрағат және мерзімді педагогикалық басылымдардың материалдары. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ресми материалдары, “Білім туралы” Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары (2004-2008 ж. ж. ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты құжаттары мен педагогикалық озық тәжірибелері, диссертанттың басқарушылық, педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасына қатысты ғылыми еңбектерді талдау; әртүрлі деңгейдегі құжаттар мен мектепішілік басқару жүйесін, педагогикалық оқу процесін зерделеу, озық тәжірибені жинақтау, бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, тест, тренинг, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық өңдеуден өткізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды.
- Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің мазмұны анықталып, оны ұйымдастыру құрылымының моделі жасалды.
- Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасы жасалып, оны жүзеге асырудың жолдары анықталды.
- Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіндегі кәсіби құзырлылығының құрылымдық моделі жасалды.
- Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастыру моделі жасалды.
- Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастыруды қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар айқындалды.
- Жалпы білім беретін мектепті басқаруды ұйымдастыру әдістемесі жасалып, тексерістен өтіп, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: басшылар мен педагог кадрлар біліктілігін арттыратын институттар тәжірибесіне:
- «Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасы»;
-«Нәтижеге бағдарланған білім беруде мектеп қызметін басқаруды модернизациялау» және «Оқу-тәрбие ісін синергетикалық негізде басқару және бейімдік оқытуды жүзеге асырудағы мектепішілік әдістемелік қызметтің ұйымдастырылуы», «Он екі жылдық мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін басқару», «Білім беруді жаңарту жағдайында мектептерді басқаруды жобалау және талдау», «Мектепте білім беру сапасын басқаруды ұйымдастыру және жоспарлау», «Қазіргі мектеп ұжымын басқару үрдісі және жаңашылдық стратегиялар», «Білім беруді басқаруды ұйымдастыру қызметінің мазмұны», «Педагогикалық жобалаушылық - басқарудың инновациялық тәсілі ретінде», «Білім берудің жаңа моделі жағдайында мектептің оқу-тәрбие үрдісін басқару» бағдарламалары;
-«Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру», «Басқарудың ұйымдастыру қызметі», «Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы» оқу құралдары және т. б. оқу-әдістемелік нұсқаулар ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін педагог кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттарда, жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады
- «Жалпы білім беретін мектепті басқару - ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық функциясына сәйкес келетін аймақтық, мектепішілік деңгейде жас ұрпақты әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық процесте оқытып-тәрбиелейтін мектеп ісін тиімді ұйымдастыру». Басқару ісі жүйесіне педагогикалық талдау, мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, коррекциялау енеді және олар өзара әрекеттік байланыста қарастырылады.
- Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің мазмұны, оның өзіндік ерекшеліктері, принциптері, формалары мен әдіс-тәсілдері, олардың мектепішілік жұмыстарды тиімді жүзеге асыруда мүмкіндіктерінің жоғары екендігін айғақтайды. Мектепішілік басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық моделі үйлестіру кеңестері жұмысының үйлесімділігін, басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын, командалық басқаруды және өзін-өзі басқаруды қамтамасыздандырады.
- Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасының мазмұны тұжырымдаманың және жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттерін; мектепішілік басқару қызметтерін; жалпы білім беретін мектепті басқарудың келешектегі мақсаты мен міндеттерін; мектептің келешектегі білім мазмұнын; мектепті басқарудағы қолдауларды (психологиялық-педагогикалық қолдау, коммуникативтік қолдау, ақпараттық қолдау) ; тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижені қарастырады.
- Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіндегі кәсіби құзырлығының құрылымдық моделі мектеп басшысының басқару ісіндегі менеджерлік міндетін (қабілетінің, білімінің, іскерлігінің болуы, болжай, жоспарлай, ұйымдастыра білуі, ойлау логикасы, таныс болуы, қолдана білуі) мазмұндық тұрғыда жан-жақты ашып көрсетеді және оны басқару ісіне даярлығын қалыптастыру жүйесінің компоненттеріне негізделеді.
- Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастыру моделі компоненттердің бірлігін (құндылық-мақсаттылық, интеллектуалдық-мазмұндық, тәжірибелік-іс-әрекеттік, бағдарлық-болжамдық, жоспарлық-жобалық, ұйымдастырушылық, аналитикалық-бағалау, ақпараттық-ұғымдық, шығармашылық-ізденіс), өлшемдер мен көрсеткіштерді, деңгейлерді қарастырады.
- Жалпы білім беретін мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастыру процесі мынадай педагогикалық шарттар бойынша жүзеге асырылады: мектеп басшысының кәсіптік-оқыту әрекетін қоғамның сұранысына, білім беру жүйесіндегі өзгерістердің логикасына қарай ұйымдастыру; білім мазмұнын басшының басқару әрекетінің технологиясына сәйкестендіре үйлестіру; мектепте пайдаланылатын жаңашыл технологияларды ғылыми тұрғыда негіздеу; шығармашылық ізденіске бағдарлау.
- Тәжірибелі-эксперимент жұмысы барысында тексерістен өткен жалпы білім беретін мектепті басқаруды ұйымдастыру әдістемесі жаңа технологияларға негізделеді және оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (1998-2000ж. ж. ) зерттеу проблемасы айқындалып, зерттеудің ғылыми және ұғымдық аппараты құрылды, материалдар жиналды. Тәжірибелі-эксперименталдық жұмысының бағдарламасы жасалды, анықтау эксперименті жүргізілді. Оқу-әдістемелік кешендерге материалдар сұрыпталды. Қалыптастыру эксперименті барысында жүргізілетін жұмыс формалары мен әдістері айқындалды.
Екінші кезеңде (2000-2004ж. ж. ) қалыптастыру эксперименті жүзеге асты: диагностикалық бақылау, әңгіме, сауалнамалар жүргізілді; зерттеу әдістемелеріне толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, тәжірибеден өткізілді; зерттеу жұмыстарының аралық нәтижесі қорытындыланды, жалпы білім беретін мектептің жаңашылдық іс-әрекетін ұйымдастыруда басқару жүйесінің маңыздылығы анықталды.
Үшінші кезеңде (2004-2008ж. ж. ) тәжірибелік бақылау эксперимент нәтижелері сарапталып, өңдеуден өткізілді. Зерттеу қорытындылары бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектер жарияланды. Әдістемелік кешендер мектеп тәжірибесіне ендірілді, пайдаланған әдебиеттер тізімі жүйеге келтірілді. Диссертация талап бойынша рәсімделді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, алғашқы және соңғы көрсеткіштер нәтижелерін қорытындылаумен, алынған нәтижелер мен тұжырымдардың практикаға ендірілуімен қамтамасыздандырылады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен практикаға ендіру: Зерттеудің негізгі нәтижелерін Халықаралық және Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда «Среднее образование в ХХI веке: состояние и перспективы развития» - Алматы, 2002ж., 27-28маусым; «Актуальные проблемы семейного воспитания» - Курган, 2004ж., 15-16сәуір; «Педагогтың кәсіби құзырлылығы - жоғары білім сапасының басты көрсеткіші» - Алматы, 2004ж., 18-19мамыр; «Менеджмент и внутришкольное управление» - Самара, 2005ж., 4-7қазан; «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің даму болашағы» - Алматы, 2006ж., 10қараша; «Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында педагогикалық мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру» - Өскемен, 2006ж., 8желтоқсан; «Образование для устойчивого развития: инновационные подходы в системе повышения квалификации педагогических кадров» - Алматы, 2007ж., 3-5 шілде; «Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі» - Алматы, 2007ж., 22-23қазан; «Жаңару жағдайында орта мектепті басқарудың теориясы мен тәжірибесі» - Атырау, 2007ж., 30-31қазан; «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім беру технологияларының рөлі» - Алматы, 2007ж., 8-9қараша; «Интеллектуальная и творческая одаренность. Проблемы. Концепции. Перспективы. » - Франция: Париж. 2007г. ; «Біліктілікті арттыру жүйесінде синергетикалық амалды жүзеге асыру» - Ақтөбе, 2008ж., 28-29сәуір; «Образование, наука, спорт и туризм в Эпоху Великого возрождения» - Ашгабат, 2008г., 1-3мая; «Образование и наука: опыт и перспективы сотрудничества Казахстана и России» - Семей, 2008г., 29-30мая; «Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің даму мәселелері» атты Алтынсарин оқулары. - Алматы, 2008ж., 20-21қазан және мұғалімдердің білім жетілдіру институттарында өтілген семинарларда, мерзімді басылымдарда жарық көрген бағдарламаларда, әдістемелік құралдар мен нұсқауларда, монографияда, мақалаларда көрініс тапты.
Зерттеу базасы: тәжірибелі-эксперимент жұмысы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институтында, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке 122 мектеп басшылары қатысты, оның 67-сі эксперимент тобында, 55-сі бақылау тобында болды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған еңбектер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің объектісі мен мақсаты, пәні, міндеттері, теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми болжамы, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары беріледі.
«Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда «басқару», «мектеп басшысының іс-әрекеті», «мектеп басқару» ұғымдарына берілген анықтамалар мен түсініктерге талдау жасалып, олардың өзара байланысы ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, қарастырылады және психологиялық, педагогикалық мәні мен маңызы ашып көрсетіледі. Басқарудың әлемдік кеңістіктегі даму тарихы мен генезисі зерделенеді. Білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін жетілдірудегі басқарудың рөлі қарастырылады.
«Жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің мазмұны» атты екінші тарауда бүгінгі таңдағы мектептерге сипаттама беріледі, жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесінің мазмұны, өзіндік ерекшеліктері, формалары мен әдістері өзара қатынас түрлері анықталады, командалық басқарудың кешендік принциптері, инновациялық тәсілдері қарастырылады. Он екі жылдық эксперименталдық мектептердегі білім сапасын басқару жолдары жүйеленеді. Жалпы білім беретін мектепті басқарудың тұжырымдамасы ұсынылады.
«Жалпы білім беретін мектепті басқаруды ұйымдастыру әдістемесі» атты үшінші тарауда жалпы білім беретін мектепті басқарудың мониторингісін жасау жайы баяндалады және жалпы білім беретін мектепті басқаруды қамтамасыз ететін әдістемелік кешен дайындалып, мектеп басшыларының іс-тәжірибелері мен жұмыстарының нәтижесі нақтыланады, тәжірибелі-эксперимент жұмыстардың нәтижелері сарапталады.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада мектеп басшыларына, мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға арналған сауалнамалар, тапсырмалар, тест сұрақтары, жұмыс жоспарлары ұсынылады.
Негізгі бөлім
Бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін орта мектептердегі білім берудің басты мақсаты - мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру және мектеп ісін басқарудың тиімді жолдарын жетілдіруді іздестіру болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz