Бастауыш мектепте оқыту үрдісін гумагитарландыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Біртұтас педагогикалық процесте білімгерлердің топтық және ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы - оқушыларды жан-жақты дамытудың негізгі қозғаушы күші 8

Оқыту мен тәрбиенің бірлігі мен ерекшеліктері 8

Гуманистік педагогикалық концепция және олардың оларға сипаттама

2. Бастауыш мектепте оқыту үрдісін гуманитарландыру мазмұны

2. 1 Оқу-тәрбие процесін гуманитарландырудың мазмұндық құрылымы 26

2. 2 Білім мазмұнын рухани құндылықтармен қамтамасыз ету 43

Қорытынды 58

Пайдаланылған әдебиеттер 59

Кіріспе

Қазіргі жағдайда, елімізде күрделі қоғамдық өзгерістер мен түрленулер кезеңінде білім беру саласын реформалау, оның ішінде жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Елімізде жаңа ғасырдың білімдік және өркениеттік кеңістігіне ену мүмкіндігін қамтамасыз ету барысында жоғары мектептің білім және тәрбие мазмұнын реформалаудың жаңа парадигмасы қалыптасты. Оның негізгі элементтері білім саласындағы мемлекет саясатының концепциясында, Үкіметтің, Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектеп саласына қатысты қабылданған қаулы-қарарлары мен шешімдерінде, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының білім, ғылым және мәдениет туралы басты ұстанымдарында көрсетілген. Мемлекеттік құжаттарда аталған ұстанымдарды жүзеге асырудың факторлары ретінде: жоғары білім беру парадигасын жаңа типті маман даярлауға бағыттау; шығармашылықпен қызмет етуге қабілетті жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу; кәсіби мамандықтар бойынша терең берік білім беру алынған.

Қазақстанда қалыптасып отырған қоғамдық және әлеуметтік саясатқа қатысты жоғары оқу орындарында маман даярлау мен азамат даярлау сапалары арасында үлкен алшақтықтар байқалуда. Елімізде қабілетті мамандар жоғары сауаттылықпен және білімділікпен қатар азамат тұлғасын қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі. Түрлі оқу орындарында сапалы кәсіби даярлау процесі нақты пәндер бойынша кәсіби білімдер, біліктілік пен дағдылар жинау ғана емес, сонымен бірге білімгерлердің азаматтық, тұлғалық дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру арқылы жүргізілуі дұрыс деп табылады.

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы білім беру саясатының өзгеруіне сәйкес жастар тәрбиесінің мазмұны да өзгеріп, оған өз Отанын сүйетін патриот тәрбиелеу қажеттілігі басты міндет ретінде енгізілді. Әлемдік мәдениеттің түрлі ағымдары тоғысып, бүкіладамзаттық құндылықтардың өлшемдері мен мән-мағынасы туралы түрлі жағымсыз түсініктер мен ұғымдар қалыптаса бастады. Дәл осындай кезеңде әрбір ұлт, ел өз болашағын жастар тәрбиесін дұрыс жолға қою арқылы қамтамасыз етуде деп тауып, оларды жүзеге асырудың тиімді мазмұны мен формаларын айқындауды міндет етті. Қазіргі маман - шебер ұйымдастырушы, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру принциптерін практикада қолдануға қабілетті болуы тиіс.

Сондықтан білімгерлердің даму және қалыптасу процесін басқару үшін олардың әрқайсысының ерекшеліктерін дұрыс анықтау қажет, олардың өмірі мен әрекеттерін, жақсы қасиеттерінің даму мүмкіндіктері мен перспективаларын мұқият талдап, зерттеген жөн. Оқушылардың оқу процесі мен тұрмысын терең, жүйелі зерттеу олардың тәрбиесіне деген көзқарастың басты шарты болып табылады. Тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық бақылаулары немесе жүйелілігі білімгерлердің жас және дара ерекшеліктерін, әлеуметтік-психологиялық және дара ерекшеліктерін, әлеуметтік-психологиялық және де басқада ерекшеліктерін зерттей алуы, олардың әрекеттерін басқара алуы оқу-тәрбие процесін жоспарлы және бағдарлы етуге мүмкіндік береді. Оқу-тәрбие прцесін басқаруда психологиялық, педагогикалық білімдерсіз жан-жақты дайындалған ғылыми дүниетанымды, маман даярлау және білімгерлерді кәсіби қызметке дайындау мүмкін еместігі айқындалып отыр.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда гуманистік көзқарас басты орын алғанда ғана тәрбие жүйесінде ізгіліктік ниеттер мен қасиеттер басым болатыны белгілі. Осы тұрғыда, мектептегі тәрбие жұмыстарының мазмұны осы принципке сәйкес құрылуы тиіс. Сол себепті білімгерлердің гуманистік көзқарастарын қалыптастыруда ұлттық мәдениеттің жетістіктерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Болашақ азаматтың азаматтық, тұлғалық қасиеттерінің гуманистік дүниетанымға сәйкес дамуы мен қалыптасуы педагогикалық проблемаларға жатады.

Жоғары оқу орындарында оқушыларға гуманистік тәрби бере алатын мамандарды дайындау мәселелері ғалым-педагогтарды әрқашан толғандырған және олар өз жұмыстарында аталған мәселелердің зерттелу дәрежесі мен перспективалары туралы түрлі нәтижелер көрсетеді. Жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру, жоғары деңгейлі маман даярлау мәселелеріне арналған (О. А. Абдулина, С. И. Архангельский, М. Агилов, В. П. Беспалько, Ю. К. Бабанский, А. А. Вербицский, В. Н. Вергасов, Ю. К. Васильев, В. С. Грибова, Ф. Н. Гоноболин, В. А. Кан-Калик, Р. Н. Низамов, Н. В. Кузьмина, А. Я. Лернер, А. С. Маслов, В. Е. Краевский, А. И. Пискунов, В. А. Сластенин, Н. Г. Хмель, Ф. Янушкевич және басқалар) .

Жоғары білім беруді гуманитаризациялау мен гуманизациялауға арналған ғылыми еңбектер (А. Г. Асмолов, А. Абдульханова-Славская, В. Г. Афанасьев, Ш. А. Амонашвили, А. А. Бодалев, В. И. Бакштановский, Д. Бок, А. П. Валицкая, Г. С. Георгиева, К. Геллерт, В. Е. Давидович, А. Ю. Закгейм, А. А. Леонтьев, А. Ф. Лосев, А. А. Мелик-Пашаев, Е. Н. Степанов, О. В. Медведева, Г. К. Нұрғалиева, М. Раджаев, С. М. Разин, А. И. Субетто, А. С. Сластенин, В. Е. Шукшинов, Е. А. Шиянов, Т. М. Шамова және басқалар) жеке , гуманистік көзқарастар қалыптастыруға назар аударған.

Жоғары оқу орындарында болашақ маман даярлау мәселесіне арналған әдебиеттерді шолу, оның психологиялық-педагогикалық аспектілерін анықтап берді (Б. Б. Бюриков, П. Я. Гальперин, Е. С. Геллер, Ю. Б. Гиппенрейтер, М. С. Дмитриева, В. Г. Иоффе, Б. М. Кедров, А. М. Матюшкин, Е. И. Мащбиц, А. И. Раев, С. Я. Рубинштейн, А. М. Сохор, Н. Ф. Талызина, Л. И. Холина, В. А. Якунин, И. А. Колесникова, Г. Б. Корнетов, Е. Н. Степанов, Л. М. Лузина және басқалар) .

Қазақстан Республикасы жоғары мектеп педагогикасы саласында болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың түрлі аспектілері бойынша зерттеу жұмыстары (А. П. Сейтешов, М. М. Құлдыбаев, А. Е. Әбілқасымова, В. Н. Косов, А. А. Бейсенбаева, Т. К. Кенжебаев, А. А. Құдайқұлов, Л. Х, Мажитова, Э. М. Мамбетакунов, Н. Д. Хмель және т. б. ) ұлттық кадрларды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтап берсе, жас маманның гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ұлттық мазмұндағы құралы қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік потенциалын пайдалану мүмкіндіктері туралы (Ж. Наурызбай, Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, С. Қалиев, Қ. Бөлеев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ә. Қамақ, Ы. Өршыбеков, Қ. Болатбаев, А. С. Мағауова, т. б. ) көптеген еңбектер жарық көрді. Жоғары келтірілген зерттеу жұмыстарында соңғы 10 мерзім ішінде қазақ этнопедагогикасы тиімді тәрбие құралы ретінде Қазақстанның барлық мекемелерінде қолданылып жүрілгенін, оның ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының гуманистік идеяларын насихаттау мүмкіндіктерінің мол екендігі дәлелденген.

Алайда жоғары оқу орындарында білім алушы жастардың гуманистік көзқарастарының қалыптасу дәрежесінің төмен, әрі біркелкі емес екенігі анықталып отыр. Осы мәселенің басты себебі негізгі мәселе педагогика пәнін оқытудың мазмұны мен оқытуды ұйымдастыру формаларына келіп тіреледі.

. Аталған қарама-қайшылықтарды шешуге оқушылардың гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтауды және оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы қол жеткізуге болады.

Сол себепті, жаңа тәлім-тәрбие концепцияларына психологиялық-педагогикалық талдау жасау арқылы олардың оқушылардың тәрбие жүйесіндегі орындарын анықтау өзекті педагогикалық мәселе болып отыр. Аталған мәселені педагогикалық аспект тұрғысынан зерттеу мақсатында диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш мектепте оқыту үрдісін гумагитарландыру» деп алдық.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте оқыту үрдісін гуманитарландыру мазмұнын анықтау

Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесі

Зерттеу пәні: Басиауыш мектептің оқу бағдарламаларына, оқу материалдарына гуманистік мазмұн беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы : оқушылардың гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда оқушы тұлғасы мен дүниетанымы дұрыс қалыптасады, олардың ізгіліктік ниеттері мен сезімдері тұрақталады. Гуманистік көзқарастың рухани құндылықтардың жетекші күші екендігі анықталынып, оны қалыптастырудың мазмұндық және әрекеттік жүйелерін дайындау мүмкіндігі туындайды.

Зерттеу міндеттері:

1. Жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы негізгі ой-пікірлерге әдіснамалық талдау жасау арқылы басты ұстанымдарды анықтау;

2. Оқыту процесінде оқушыларда гуманистік көзқарас қалыптастыру жүйесіне ұғымдық-түсініктік талдау жасау, негізгі ұғымдарды айқындау;

3. Бастауыш мектепте білім мазмұнын гуманитарландырудың құрылымдық-логикалық мазмұнын анықтау;

5. Таңдап алынған теориялық ұстанымдар мен тәжірибелік жұмыстар негізінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын оқушылардың гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың тиімді құралдары екенін тұжырымдау және қорытындылау.

1. Оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы - оқушыларды жан-жақты дамытудың негізгі қозғаушы күші

1. 1 Оқыту мен тәрбиенің бірлігі мен ерекшеліктері

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің ұйымдастырылған түрде өзара әрекеттесетін мектеп, техникалык және кәсіптік білім беру мекемелері, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру мекемелері, жоғары білім беру мекемелері, қосымша білім беру мекемелері және т. б. типтері педагогикалық жүйелер деп аталады. Осы жүйелерде білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарының жүзеге асырылуы оқу-тәрбие барысы - бірыңғай жоспармен жүргізілетін сабақтар, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар жиынтығы/2/.

Оқу-тәрбиенің барысында тәрбие объектісі мен тәрбие субьектісінің белсенді қарым-қатынасының мәні зор. Бұл қарым-катынастың мағынасы педагогикалык өзара әрекет деген ұғыммен толық түсіндіріледі. Педагогика ғылымының даму генезисін зерттеуде педагогикалық процестің біртұтастығының аса маңызды жүйе екендігіне ерекше назар аударылып келгені байқалып отыр. ХУІІ ғасырдан бері классикалық педагогиканың негізін салушылар: Я. А. Коменский, Дистервег, Песталоцци, К. Д. Ушинский, т. б. және Кеңестік пелагогиканың көрнекті өкілдері: А. С. Макаренко, Н. Крупская, Н. Луначарский, В. Сухомлинский, т. б., Ы. Алтынсариннен бері қазақ халқының ағартушылары мен зиялылары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т. б. оқыту мен тәрбие жүйесі нақты бір педагогикалық тұтастықты қамтамасыз етуі тиіс деп тұжырымдаған болатын/12/.

Қазақстанда ХХ ғасырдың екінші жартысында Қ. Бержанов, И. Мадин, Т. Сабыров, Ж. Қоянбаев, Н. Хмель, Г. Уманов, Қ. Жарықбаев, т. б. педагог-ғалымдар кеңестік педагогика сарынымен педагогикалық процестің біртұтастығын сақтау идеясын қолдады және сол негізде оқыту мен тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз етуді талап етті/15/.

Оқыту мен тәрбие категорияларының бірлігін ұғымдық түсініктік аппаратын ашуда олардың бірін-бірі үздіксіз толықтырып отыратына басты көңіл бөлінді. Н. Хмельдің педагогикалық процесс туралы монографиялық жұмысында оқу-тәрбие процесінің бірлігін қамтамасыз ету арқылы білімгерлердің және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формаларын анықтау барынша шындыққа жақын болатындығы айқындалған болатын/38/. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымызда педагогикалық процестің біртұтастығын қамтамасыз ету ЖОО білімгерлермен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды дифференциациялауға және интеграциялауға мүмкіндік береді, сол арқылы студент жастардың топтық және ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барынша қолайлы болады деп саналып отыр.

Тәрбие объектісі мен субъектісі арасында хабар алмасу (тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында) байланысы, үйымдық іс-әрекеттік байланыстар (бірлескен іс-әрекет), коммуникативтік байланыс (қарым-қатынас), тағы басқа сол сияқты басқару және өзін-өзі басқару байланысы пайда болады.

Жеке тұлғаның топтық және ұжымдық дамуы мен қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері туралы А. С. Макаренко мен В. Сухомлинскийдің еңбектерінде ғылыми теориялық тұжырымдар тағайындалған болатын. Онда жеке тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыруда сыртқы ықпал немесе педагогикалық әсер ету қаншалықты тиімді болғанымен, олардың ұжымдық немесе топтық әсер ету ықпалынан әсері аз екендігі расталған болатын/24, 39/.

Алайда, ұжымның қалыптасуы мен дамуының психологиялық сипаттамасы басты үш кезеңге назар аударуды қажет деп санайды. Бұл жерде ұжымның жеке адамның жас ерекшеліктеріне тәуелсіз қандай да бір даму кезеңдерінен өту қажеттігі заңдылығын есепке алу керек деп есептейді. Л. Кулагина және Н. Зимняяның еңбектерінде ұжымның дамуы мен қалыптасуы үш кезеңді бастан кешіреді және көптеген жағдайда әлеуметтік сипатта болады, сондықтан олардың: диффузиялық, корпоративті және ассоциативті сипатта өту механизміне ерекше назар аударған жөн деп санайды/33, 41/.

Олай болса біртұтас педагогикалық процесс әрекет белгілі бір әлеуметтік, географиялық, оқу-материалдық, моральдық-психологиялық және т. б. нақты жағдайларда өтеді. Бұл жағдайларды есепке міндетті алу және мүмкіндігінше жетілдіру керек. ЖОО білімгерлердің топтары мен ұжымдары белгілі бір мақсатқа және көзқарастар мен қызығушылықтарды жүзеге асыруға бағдарланып дамиды әрі қалыптасады.

Кез келген іс-әрекеттің мақсаты, құралы және нәтижесі болады. Педагогикалық әрекеттің құралдары оның мазмүны, түрі мен әдістері болып табылады. Осыдан келіп оқу-тәрбие барысының құрамалары, оның мақсаты, мазмұны, оқыту мен тәрбиелеу түрлері, әдістері, сонымен қатар, нәтижесі болып табылады. Мұның біреуінін болмауы оқу-тәрбие барысының біртұтастығын, оның ілгері жылжуын бұзады.

Тәрбие мен оқыту барысы бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу барысына ұласады. Оқу-тәрбие барысында объективтік, әлеуметтік, тұлғаның дамуын камтамасыз ететін субъективтікке, адамның- жеке психикалык байлығына өтеді. Сондықтан да оқу-тәрбие барысы оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту барысының органикалык бірлігі болып табылады. Оқу-тәрбие барысының қозғаушы күші оқушыларға талап пен тәрбиеленушілердің оны орындау мүмкіндігінің арасындағы қарама-кайшылық. Қойылған талаптың орындау мүмкіндігінен алшақ тұруы оқу-тәрбие барысының дамуына кері ықпал жасайды. Сондыктан мұғалімнің міндеті ұжымның және тұлғаның жақын, орта, өте алыс болашақтағы дамуын жобалау, оқушылар және педагогикалық ұжымдарды зерттеу билігін игеруі керек.

.

Оқыту мен тәрбиелеу барыстарының кызметтері, міндеттері және мазмұндарының ерекшеліктері. Оқыту мен тәрбиелеу барыстарының бірлігі олардың өзіне тән арнайы ерекшеліктері болмайды деген сөз емес. оқыту мен тәрбиенің бұл айырмашылықтарын сипаттау оңай емес, оқу-тәрбие барысында, ең алдымен, көзге олардың бірлігі түседі. Себебі, оқыту барысы тәрбиелеу қызметін жүзеге асырады, ал тәрбиелеу барысының нәтижеге жетуі тәрбиелеушілерді оқытпау мүмкін емес. Бұл барыстарды салыстырғанда құбылыстардың даму диалектикасын негізге алу керек. Оқыту мен тәрбиенің жетекшілік қызметін бөліп қараудың әдіснамалық принципі олардың диалектикалық бірлігін айкындай түседі.

Окыту және тәрбиелеу барыстарының негізгі міндеттерін салыстырсақ, бұл екеуінің білім беру, тәрбиелеу және дамыту сияқты үш негізгі қызметті жүзеге асыратынын көреміз. Оқыту және тәрбиелеу барысы оқытудың дамыту қызметін жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.

Оқыту дамытудың алдын алады деген тұжырымды кеңейте отырып, дамыту оқыту-тәрбие барысының келесі кезеңдерінде нәтижелі окыту мен тәрбиелеудің қолайлы алғышартын жасайды деуге болады. Осыған орай: бүл барыстардың міндеттері мен мазмұндарының өздеріне тән жетекшілік сипатгамалары бар. Мысалы, оқыту мазмұнында ғылыми ұғымдарды, түсініктерді, заңдарды, теорияларды оқудың арнайы және жалпы бірліктері мен дағдыларын қалыптастыру басым болады.

Ал тәрбиелеудің мазмұнында сенімдерді, ережелерді, мүраттарды, әлеуметгік маңызды қатынастарды, белгіленген шарттарды, себептерді, қоғамдық құнды тәртіп тәсілдері мен ережелерді қалыптастыру басым болады.

Сонымен, бүл екі барыс тұлғаның санасына, іс-әрекетіне, қатынастарына, еркі мен көңіл-күй сезімдеріне бір мезгілде ықпал етіп, оның жалпы дамуына алып келді. Бірақ алғашқысы көбінесе зиялылық шеңберіне, ал екіншісі, себептік және әрекеттік сезім шеңберіне ықпал жасайды. Осының арқасында тәрбиелеу барысы оқытудың қарқынын туғызушы себептік қозғаушы күш қызметін атқарады.

Біртұтас оқу-тәрбие барысында оқыту мен тәрбиелеу түрлерінің ерекшеліктері айқындала түседі. Оқытуда көбіне сабақ, семинар, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар, оқудың еңбектік тапсырмалары т. б. қолданылса, ал тәрбие барысына ұжымдық сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар, әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбек, жеке тәрбиелік ықпалдар тән.

Оқу барысында жетекші орын мұғалімдікі: Ол өз жұмысында оқушылар ұжымына сүйенеді, оқуда жауапкершілікке, тәртіптілікке қызығуды дамыта-тын өзара біріккен әрекетке тартады. Тәрбиелеуде мұғалімдер мен тәрбиеші-лер көмектесетін окушылар ұжымы және оның белсенді кұрамы жетекші орын алады.

Оқу барысы ресми анықталған оқушылар тобымен, сыныппен, оқу жоспарымен, бағдарламалармен жүргізіледі. Тәрбиенің барысы былай қатаң шектелмеген, ол тек басшылыққа алуға ұсынылған үлгі бағдарламамен жүреді. Бұл қоғамдық, саяси, мәдени-көпшілік, көркемөнер, еңбектік түрлі іс-әрекет барысында жүреді.

Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстары. Оқу-тәрбие барысының біртұтастығынан оқыту және тәрбиелеу әдістерінің бірлігі ретінде педагогикалық әдістер жайында айту заңды деп есептейміз.

Бұл тұрғыда қараудың негізі - дамытылатын адам іс-әрекеті қағидасы болып табылады. Осы қағидаға сәйкес кез келген іс-әрекетте ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау болады. Оқыту және тәрбиелеу әдістері тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері болғандықтан, әдістерді ұстаздар мен тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру мен іс-әрекеттің себептерін туғызу, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері деп үш топқа бөлген жөн.

Сондықтан ЖОО білімгерлердің топтық және ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру нақты әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру формаларына тәуелде болдады.

Тәрбиелеу және оқыту әдістерінің өзін топқа бөлу жағдайларына тоқталайық.

Тәрбиелеу әдістері:

1. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері (көзқарастарды, сенімдерді, мұраттарды) . Бүлар лекция, әңгіме, баяндау, баяндама, пікір таластыру, конференциялар және т. б.

2. Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыру әдістері. Бұлар педагогикалық талап, тапсырмалар беру, тәрбиелік күйлерді туғызу.

3. Іс-әрекетке және тәртіпке ынталандыру әдістері. Бұлар мадақтау, жарыс, жазалау. Осылайша үш топқа бөлінеді.

Оқыту әдістері төмендегідей үш топқа бөлінеді:

  1. Оқуға байланысты танымдық іс-әрекет ұйымдастыруәдістері. Бүлар сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, репродуктивікжәне шешімі табылуға тиісті мәселе бағытында ізденіс, индуктивтік және дедуктивтік әдістер.
  2. Оқуға байланысты іс-әрекетке ынталандыру және оныңсебебін туғызу әдістері. Бүлар танымдық ойындар, оқу пікірталастары және басқалар.

3. Оқыту барысындағы бақылау (ауызша, жазбаша,
лабораториялық) және өзін-өзі бақылау әдістері.

Сонымен тәрбиелеу және оқыту әдістерінің салыстырылған топтарының көп жерде бірлігі бар екенін байкаймыз. Қайсысында болмасын негізгі ретінде іс-әрекетті және карым-қатынасты ұйымдастыру алынып отыр. Айырмашылығы тек оқытуда оқуға байланысты танымдық іс-әрекеттерге, тәрбиелеуде қоғамдық іс-әрекеттер түрлеріне баса назар аударылады.

Осылай талдау оқу-тәрбие барысының әдістерін төмендегідей етіп жалпы топтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдістердің бірінші тобы: тұлға санасын қалыптастыру әдістері (түсініктерді, заңдарды, теорияларды, көзқарастарды, сенімдерді, мүраттарды және т. б. калыптастыру) .

Бұларға сөздік және көрнекілік әдістері жатады. Педагогикалық әдістердің екінші тобы: іс-әрекет, қарым-қатынастарды ұйымдастыру және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қальштастыру әдістері. Бұларға оку-танымдық, оқу-тәжірибелік, еңбектік, саяси-қоғамдык, көркем-жасампаздық, спорттық, ойындық және басқа іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру әдістері, әрекетті және тәртіпті реттеу, түзету әдістері жатады.

Педагогикалық әдістердің үшінші тобы: іс-әрекет пен тәртіпке ынталандыру және олардың туу себептері әдістері. Бұларға мадақтау, жазалау, ойындағы көтеріңкі көңіл-күй жағдайлары, қоғамдық пікір, үлгі және басқа әдістер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Қазіргі заманауи технологияны бастауыш мектепте қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz