ЗАЙДИЯ МАЗХАБЫ
1 ЗАЙДИЯ МАЗХАБЫ
2. ИМАМИЯ
А) ИСНА АШАРИА
Ә) ИСМАИЛИЯ
3 ХАКИМИЯ
4 ДУРЗИЛЕР
5 НУСАЙРИЯ
6 ХАРИЖИ МАЗХАБЫ
7 АШАРИ МАЗХАБЫ
8 ЖАҢА МАЗХАБТАР
9 УАХХАБИ МАЗХАБЫ
2. ИМАМИЯ
А) ИСНА АШАРИА
Ә) ИСМАИЛИЯ
3 ХАКИМИЯ
4 ДУРЗИЛЕР
5 НУСАЙРИЯ
6 ХАРИЖИ МАЗХАБЫ
7 АШАРИ МАЗХАБЫ
8 ЖАҢА МАЗХАБТАР
9 УАХХАБИ МАЗХАБЫ
Шииттік тармақтардың ішінде сунннизмге жақын, бейтараптық жолды ұстанған зайдия мазхабы болып табылады. Олар имамдарын пайғамбарлық деңгейде дәріптемейді, тіпті, имам пайғамбарлыққа жақын орында да емес. Жерге тән сипатпен қуатталған имам қатардағы адамдардан жоғары дәрежеде.
Зайдия мазхабы иелері пайғамбар сахабаларының ешбірін кәпір деп кінә тақпаған. Дегенмен Алиге биат етіп, халыифалығын таныған сахабаларға ерекше құрмет көрсетеді. Аталған шиттік тармақтың имамы – Зайд бин Али Зайналабидин.
Зайд Куфада сол замандағы халифа Хишам бин Абдулмаликке қарсы бас көтерді де соңында өлтірілді. Ол Куфада соңына ергендермен бірге соғысқа кірісті. Алайда шайқас басталарда жанындағылары оны тастап қашты да қасында қалған аз ғана әскермен кескілескен шайқаста қаза тапты. Зайдтың өлімінен соң оның әрекеті аяқсыз қалды.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда Имам Зайд мұсылман жамағатынан ала бөтен жаңа ой тудырмаған. Оның исламдық ілімдерден бәліметі мол, білімді жан болғандығы қуатталады. Замандас ғұламалармен ол тығыз байланыс орнатқан. Уасыл бин Ата мен Имам Әбу Ханифа Зайдпен тығыз байланыс жасап, одан ілім үйренгендігі баяндалады. Әбу Ханифа Зайдты қолдаған және Зайд омайядтар армиясына қарсы соғысқа аттанғанда былай деп өз ойын білдірген: «Зайдтың аттануы Расулуллаһтың Бәдір шайқасына аттанғанына ұқсайды».
Зайд фиқһ ілімі мен калам ілімінің нағыз маманы болған. Оның фиқһ іліміне қатысты «Китабу-л-Маджму» атты еңбегі бар.
Зайдтың кейбір көзқарастары:
А) Зайдия мазхабын жақтаушылар имамның кім болатынын нақты атын атап пайғамбар өсиет етпегендегін, тек оның сипаттарына тоқталғандығын қуаттайды. Оның тұспалдаған сипаттарына қарағанда Али ибн Әбу Талиб имамдықа лайықты. Себебі, мұндай сипаттар Алиден басқа ешкімде кездеспейді. Имамдыққа тән сипаттар ретінде Хашимит әуетінен болуды, тақуа иесі, ғалым, жомарт және өзін биат етуге ұсынуды атауға болады. Алиден соң имамдық Фатимадан туған ұрпақтарға ғана тән.
Ә) Имам Зайд халыифалық орынға құқықты, жоғары деңгейдегі адам бола тұра, одан төменгі құқық пен қабілетке ие адамның халифалығын мойындаған.

1. Ebu Zehra Muhammed. İslâm’da Siyasî, İtikadî ve Fıkhî MEZHEPLER TARİHİ. İstanbul
2. Uludağ Süleymen. İslâm’da İtikad ve İtikadî mezhepler. İstanbul, 1996
3. Gölcük Ş. Kelam Tarihi. Konya, 1998
4. Taftazanî. Haz. Uludağ Süleymen. Kelâm İlmi ve İslâm akaidi. İstanbul, 1991
5. М.Бюкай, Коран и современные наук, М., 1993
6. Трофимов Я.Ф.Религия в Казахстане, А., 1997
7. Әбсаттар қажы Дербісәлі /Ислам және заман/ Алматы, 2004 ж.
8. Мотохари М./ Философия и калам/ А.2004г.

4. ЗАЙДИЯ МАЗХАБЫ
Шииттік тармақтардың ішінде сунннизмге жақын, бейтараптық жолды
ұстанған зайдия мазхабы болып табылады. Олар имамдарын пайғамбарлық
деңгейде дәріптемейді, тіпті, имам пайғамбарлыққа жақын орында да емес.
Жерге тән сипатпен қуатталған имам қатардағы адамдардан жоғары дәрежеде.
Зайдия мазхабы иелері пайғамбар сахабаларының ешбірін кәпір деп кінә
тақпаған. Дегенмен Алиге биат етіп, халыифалығын таныған сахабаларға ерекше
құрмет көрсетеді. Аталған шиттік тармақтың имамы – Зайд бин Али
Зайналабидин.
Зайд Куфада сол замандағы халифа Хишам бин Абдулмаликке қарсы бас
көтерді де соңында өлтірілді. Ол Куфада соңына ергендермен бірге соғысқа
кірісті. Алайда шайқас басталарда жанындағылары оны тастап қашты да қасында
қалған аз ғана әскермен кескілескен шайқаста қаза тапты. Зайдтың өлімінен
соң оның әрекеті аяқсыз қалды.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда Имам Зайд мұсылман жамағатынан ала
бөтен жаңа ой тудырмаған. Оның исламдық ілімдерден бәліметі мол, білімді
жан болғандығы қуатталады. Замандас ғұламалармен ол тығыз байланыс
орнатқан. Уасыл бин Ата мен Имам Әбу Ханифа Зайдпен тығыз байланыс жасап,
одан ілім үйренгендігі баяндалады. Әбу Ханифа Зайдты қолдаған және Зайд
омайядтар армиясына қарсы соғысқа аттанғанда былай деп өз ойын білдірген:
Зайдтың аттануы Расулуллаһтың Бәдір шайқасына аттанғанына ұқсайды.
Зайд фиқһ ілімі мен калам ілімінің нағыз маманы болған. Оның фиқһ
іліміне қатысты Китабу-л-Маджму атты еңбегі бар.
Зайдтың кейбір көзқарастары:
А) Зайдия мазхабын жақтаушылар имамның кім болатынын нақты атын атап
пайғамбар өсиет етпегендегін, тек оның сипаттарына тоқталғандығын
қуаттайды. Оның тұспалдаған сипаттарына қарағанда Али ибн Әбу Талиб
имамдықа лайықты. Себебі, мұндай сипаттар Алиден басқа ешкімде кездеспейді.
Имамдыққа тән сипаттар ретінде Хашимит әуетінен болуды, тақуа иесі, ғалым,
жомарт және өзін биат етуге ұсынуды атауға болады. Алиден соң имамдық
Фатимадан туған ұрпақтарға ғана тән.
Ә) Имам Зайд халыифалық орынға құқықты, жоғары деңгейдегі адам бола
тұра, одан төменгі құқық пен қабілетке ие адамның халифалығын мойындаған.
Осы принцип бойынша Зайд Әбу Бәкір мен Омардың халифалығын мойындаған,
Сахабалардың ешбірін кәпір деп кінәламаған. Бұл кейбір шииттердің Задқа
қарсы шығуына себепші болған. Бағдадидің әлФарқ байна-л-Фирақ атты
еңбегінде былай баяндалады: Зайд пен Юсуф бин Амр ас-Сақафи арасындағы
шайғас қызған кезде, жақтастары Зайдке былай дескен: Біз саған атаң Али бин
Әбу Талибке зұлымдық жасаған Әбу Бәкір мен Омар жайлы көзқарасыңды бізге
мәлімдегеннен соң көмектесеміз. Бұған Зайд: Мен Әбу Бәкір мен Омар жайлы
жақсылықтан басқа еш нәрсе айта алмаймын. Мен омайядтарға қарсы шықтым.
Өйткені олар атам Хусейнді өлтірді, Харра шайқасында Мединені тонады, одан
қала берді, Бәйтуллаһты (Қағба) тас атқыштармен атқылап, отқа орады, деп
жауап берген. Мұны естіген үзеңгілестері Зайдтан аулақ кетті.
Б) Зайдия мазхабына қарағанда бір кезеңде екі аймақта екі имамға биат
ету – жайыз. Екі имам да жариялаған жерде өзін имам ретінде қала алады.
В) Зайдилер үлкен күнә істеген адамның шынайы ниетпен тәубеге келіп,
күнәларынан бас тартқанға дейін мәңгілік тозақта қалатынына сенеді. Осы
мәселеде Зайдилер Мутазила жолын қуаттайды. Себебі, Зайд Мутазилиттердің
лидері – Уасыл бин Атамен тығыз байланыста болған.
Зайд өлтірілгеннен соң оның орнына ұлы Яхя отырды. Ол да омайядтардың
соңғы кезеңдерінде өлтірілді. Оның орнына зайдия мазхабының лидері ретінде
Әбу Ханифаның ұстазы Абдуллаһ бин Хасанның ұлдары – Мухаммад әл-Имам мен
Ибраһим әл-Имам басшлықты өз қолдарына алды.
Ибраһимнің Иракта, Мухаммадтың Мединеде бас көтеруі Ирактағы Әбу
Ханифаның, Мединедегі Имам Маликтің қиыншылыққа тап болуына себепкер болды.
Өйткені Әбу Ханифа Иракта көтеріліске шыққан Ибраһимге көмектесті, оның
жағында болды.
Кейінгі кещеңдерде зайдия мазхабы әлсірей бастады. Өзге шииттік
тармақтар одан үстем келді және оны жұтып жіберді яки алғашқы зайдия
мазхабына тән принциптерді өзгеріске ұшыратты. Осыған байланысты кейінгі
зайдилер жоғары қабілетке ие тұлға бола тұра одан төменді дәрежедегі
қабілетке ие адамның халифалығын дұрыс деп есептемеді, осыған орай, Әбу
Бәкір мен Омардың халифалығын мойындамайтын Рафызилерге айналды. Осы жолмен
Зайдия мазхабының ең басты ерекшелігі жоғалды. Осы себепті Зайдилерді екіге
бөліп қарастыруға болады:
1. Әбу Бәкір мен Омардың халифалығын мойындайтын және рафызилерге
жатпайтын бастапқы зейдилер;
2. Аталған екі сахабаның халифалығын мойындамайтын және рафызи
тектес кейінгі зайдилер
Бүгінде зайдия мазхабын қолдаушылар Иеменде орналасқан. Олардың
көзқарастары алғашқы зайдия теологиясына жақын келеді.
5. ИМАМИЯ
Бүгінде Иран, Ирак, Пакистан және өзге де ислам елдерінде таралған шииттік
мазхабтағылардың көпшілігі имамдық-шиит деп аталатын тармақты құрайды.
Имамдық шиит тармағында исламдық әмірлермен үйлесетін де үйлесе бермейтін
де ағымдар кездеседі. Аталған ағымның тоқталған басты мәселесі – мұсылман
үмметін басқаратын имамдық мәселесі. Аталған мазхаб иелерінің барлығы Зайд
бин Алидің қуаттағанындай, имам сипат арқылы емес, жеке индивидтік тұрғыда
тағайындалуы тиіс деп есептейді.
Али ибн Әбу Талиб пайғамбар тарапынан имамдыққа тағайындалған. Ол да
пайғамбардың өсиеті бойынша өзінен кейін келетін имамдарды белгілейді.
Имамия мазхабының иелері Алидің пайғамбардан келген айқын дәлелмен имам
ретінде тағайындалғандығын, имамдықтың сипаттар арқылы белгіленбегендігін
қуаттайды.
Дүниеде халифа тағайындаудан маңызды іс жоқ, сондықтан Расулуллаһ
ислам үмметінің аталған маңызды ісін ішіне бүгіп қалай жан тапсырсын.
Расулуллаһ адамдар арасындағы түсініспестікті жою және адамдарды келістіру
үшін жіберілген. Бір-бірімен ырың-жырың күйде адамдарды тастап,
Расулуллаһтың қайтыс болуы жайыз емес. Ал адамдардың бой ұсынатын бір
адамды халифалыққа тағайындауы, сенім артқан бір адамның ашық түрде
имамдыққа ұсынуы пайғамбарға уажіп. Міне, Расулуллаһтың имамдыққа
тағайындаған адамы – Али ибн Әбу Талиб.
Имамилер пайғамбар тарапынан Алидің халифа ретінде тағайндалғандығына
дәлел ретінде сахих екендігі қуатталған кебір хадистерді ұсынады: мен
кімнің досы болсам, Али е оның досы. Ей Аллаһым! Сен оған дос болғанмен дос
бол, дұшпан болғанға дұшпан бол. Сендердің ең дұрыс үкім шығаратындарың –
Али. Шииттердің ілімдерін мойындамайтындар аталған типтегі хадистердің
пайғамбардан келгендігіне күмәнмен қарайды.
Имамия мазхабын жақтаушылар пайғамбар заманында орын алған оқиғалардан
да Алидің пайғамбар тарапынан халифалыққа ұсынылғандығына қатысты дәлел
табуға тырысады:
Расулуллаһ ешбір сахабаны Алиге басшы етіп тағайындамаған. Али
Расулуллаһ болмаған шайқастарда үнемі басшылық жұмысты атқарған. Ал Әбу
Бәкір, Омар және басқа сахабалар ондай болмады. Олар кейде басшылық жұмыты
атқарса, кейде біреудің басшылығына бағынған. Мұның айқын мысалы Әбу Бәкір
мен Омар болған кезде Расулуллаһ бас қолбасы ретінде Усаманы тағайындады.
Шииттердің сеніміне қарағанда пайғамбар Әбу Бәкір мен Омарды Алиге
мұра ретінде қалдырған халифат мәселесінде Алиге қарсы келмеулері үшін
Усаманың қол астында оларды әскер қатарына қосқан.
Имамилер Алидің насс жолымен пайғамбардың халифасы екендігін
қуаттағаны сияқты Алидің Фатимадан туған Хасан мен Хусайнның Алиден кейін
қатарымен халифалыққа өтуін жақтағанмен, одан кейінгі халифалар жайында
алауыздыққа тап болған. Тіпті осы мәселеде жетпістен артық тармаққа
бөлінгендігі баяндалады. Олардың арасында ең ірісі ретінде Иснаашара мен
Исмаилияны ерекше атауға болады.
А) ИСНА АШАРИА
Олар халифалықтомендегі тізімде аталған әһли бәйт иелеріне тән деп
есептейді:
1. Али ибн Әбу Талиб;
2. Хасан бин Али;
3. Хусайн бин Али;
4. Али Зайналабидин бин Хусайн;
5. Мухаммад әл-Бақыр бин Али;
6. Джафар ас-Садық бин Мухаммад әл-Бақыр;
7. Муса әл-Қасым;
8. Али Риза;
9. Мухаммад әл-Джауад;
10. Али әл-Хадия;
11. Хасан әл-Аскари;
12. Мухаммад (Махди Мунтазар)
Иснашарилер он екінші имам – Мухаммадтың әкесінің үйінде Сирдаб деп
аталатын бір пана жерге кіріп, жасырынғандығына және қайта оралатынына
сенеді. Исна ашарилер жасырынған он екінші имамның жасы тақырыбында
алауыздыққа тап болған, кейбірі жасырынған кезде, жасы төртте болғандығын,
ал кейбірі сегізде болғандығын қуаттайды. Сонымен қатар аталмыш мазхаб
иелері жасырынған он екінші имамның шығаратын үкімі жайлы бір шешімге келе
алмаған: кейбірі жоғалған жаста болғанда халифаның білуі тиіс мәліметтерді
білгендігін және оған бой ұсыну уәжіп екендігін қуаттаса, енді бірі үкім
шығару жасырынған имамның мазхабына сенетін ғалымдарға тән екендігін алға
тартқан.
Бүгінгі исна ашария мазхабының жақтастары соңғы көзқарасты қолдайы.
Ирак халқының жартысына дерлігі – исна ашария мазхабына сенетін шииттер.
Иран халқының көпшілігі шиизмнің осы тармағын ұстанады. Аталған мазхабқа
сенетіндер Сирияда да, Ливанда да және басқа да мұсылман елдерінде
кездеседі. Олар көршілес қоныстанған сунниттермен бейтараптық бағытты
ұстанады.
Имамияның исна ашария тармағы өзге де имамилер сияқты имамда
пайғамбардың мұрасы арқылы алған қасиетті авторитеттіктің кездесетінін
қуаттайды. Имамның бүкіл әрекеттері мұра иесі болып табылатын Мұхаммед
пайғамбардан бастау алады.
Имамияға қарағанда халифаның орны:
Имамия мазхабын жақтаушылар имамның шариғат үкімдері мен заңдар
тұрғысынан авторитетінің бүтін екендігін, сөйлеген әрбір сөзі шариғат үкімі
болып тбылатынын және имамнан шариғатқа қайшы келетін кезкелген әрекеттің
туындамайтынын ұсынады. Бұл турасында атақты ғұлама Мухаммад Хусайн Али
Кашиф әл-Ғита былай дейді: Имамия мазхабына сенетіндер туындаған әрбір
оқиға турасында Алла Тағаланың бір үкімі орын алғандығына, мукаллаф болған
құлдардың жүзеге асырған әрбір амал жайында Алла Тағаланың мына бес
үкімінен бірінің бар екендігіне сенеді: жүзеге асқан іс уажіп болады немесе
харам болады немесе макрух немесе мандуб немесе мубах болады. Алла Тағала
бүл үкімдерді пайғамбарлардың соңғысы – Мұхаммедке жіберген. Мұхаммед
пайғамбар аталған үкімдерді Алланың уахиі арқылы немесе илхам арқылы
үйренген. Мұхамед пайғамбар аталған үкімдердің көпшілігін, әсіресе,
маңайындағы сахабаларға түсіндіріп кеткен. Атта Тағала Құран Кәрімде былай
дейді: Осылайша сендер адамдарға куәгер болсыңдар, пайғамбар да сендерге
куәгер болсын ... (Бақара сүресі143)
Алайда кейбір үкімдер орындалуы тиіс себептер жүзеге аспағандықтан
түсіндірілмей қалған. Сонымен қатар, діннің шар тарапқа жайылуына
байланысты кейбір үкімдердің түсіндірілуі, ал кейбірінің жасырын қалуы
қажет болды. Алайда, Мұхаммед пайғамбар аталмыш айқын үкімдерді өкілдеріне
үйреткен және әрбір өкіл өзінен кейінгілерге жеткізген.”
Мухаммад Хусайн Али Кашиф әл-Ғитаның мәлімдеуінен имамияның шариғат
үкімдері жайындағы көзқарастарына қатысты мынандай қорытынды шығаруға
болады:
1. Олардың көзқарасы бойынша имамдар – пайғамбардың шариғаттың сырларын
мұра етіп қалдырған өкілдер. Пайғамбар шариғаттың кейбір үкімдерін
баяндаған да кейбірін уақыты келмегендіктен түсіндіруді кейінгі
имамдарына қалдырған.
2. Пайғамбар өкілдерінің айтқан әрбір сөзі – ислам шариғаты. Өйткені
олар өз сөздерімен пайғамбарлықты толықтыра түседі. Олардың сөздері
пайғамбардың сөзімен бірдей. Олардың айтқандары пайғамбардан мұра
болып қалған діни сырлар. Олар айтқан кезде, пайғамдардан алғандарын
баяндайды.
3. Имамдар дінның жалпылық жерлерінен жеке мәселелерге өте алады.
Абсолюттік үкімерді шектей алады.
Үкім шығару тұрғысынан имамдардың осындай мәртебеге көтерген имамилер
имамдардың қателікке бой алдырудан, ұмытудан, күнә істеуден пәк екендігіне,
имамның ешбір күмән тудырмайтын таза және тазалаушы зат екендігіне сенеді.
Имамилер имамдардың сырттай және іштей имам болғанға дейін де кейін де
күнәсіз екендігіне (масум) сенеді. Сондай-ақ, имамның имамдығын сипаттау
үшін кейбір санадын тыс әрекеттер көрсете алатынына сенеді. Имамдардың
көрететін ғажайып әрекеттерін пайғамбарлар көрететін мужиза деп атайды.
Ииамилердің пікірі бойынша имамның ілімі дінге қатысты барлық нәрсені
және өздеріне берілген үкімдерді қамтиды. Барлық нәрсені қамтитын аталған
ілім – ладунни ілім. Ол Алла тарапынан берілген. Бұл ілім әрекетпен бар
болады. Иджтихат пен мумкинат арқылы қол жеткізілетін ілім емес. Мұндай
ілім түрі имам емес ғалымдарға ғана тән.
Имамилердің пікірі бойынша жер бетінде Алланың үкімдеріне дем беретін
- уаси деп аталатын өкілдер. Өкілге бой ұсынуды жән оның жолымен жүруді
қажет ететін исмет (масумият) сипаты аясында дін қияметке дейін
сақталады.
Аталғандар – имамияның исна ашария тармағына қарағанда имамдық
мәртебеге қысқаша нұсқау. Басқа имамия тармақтары да мұны қолдайды. Имамдық
мәртебенің пайғамбарлық мәртебеге жақындығы турасында имамия тармағы
келіспеушілікке тап болмаған. Олар имамның пайғамбардан тек бір сипатпен
ғана ерекшеленетінін қуаттаған: имамға уахи келмейді.
Ә) ИСМАИЛИЯ
Исмаилия мазхабы – имамияның бір тармағы болып табылады. Бұл тармақ
әртүрлі ислам өлкелеріне таралған. Оның бір бөлігі Африканың оңтүстігі мен
орталығында, енді бірі – Сирияда, ал көпшілігі Үндістан мен Пакистанда
орналасқан.
Тарихта исмаилилер Мысыр мен Сирияда билік жүргізген Фатимиттер және
ислам әлемінің біршама аймақтарына билігін жүргізген карматтар
мемлекеттерін құрған.
Аталған мазхаб Исмаил бин Джафар ас-Садықты имам ретінде тануымен өзге
имамия мазхабтарынан ерекшеленеді. Аталған мазхабты жақтаушылар имамдардын
Джафар ас-Садыққа дейін Исна ашария атты шиттік тармақпен бірге саналған.
Исна ашариялықтар имамдықтың Джафар ас-Садықтан соң Джафардың ұлы Муса
Қасымға өткендігін қуаттаған кезде, исмаилиттер Джафар ас-садықтың өзге бір
ұлы Исмаилге өткендігін алға тартады. Исмаилия мазхабын жақтаушылар
Исмаилдің имам болғандығына әкесі Джафар ас-Садықтың сөзімен жүзеге
асқандығын, алайда, әкесінен бұрын дүние салғандғын алға тартады.
Исмаилдің әкесі Джафар ас-Садықтан бұрын өлгеніне қарамастан исмаилия
мазхабында болғандар Джафардан соң ұлы Исмаилдің имам болғанына қатысты
Джафардың нассын дұрыс деп санайды. Себебі, оларға қарағанда имамның айтқан
нассты дұрыс деп санау дұрыс емес деп санаудан анағұрлым жақсы.
Исмаилилердің пікірі бойынша имамдық Джафардың ұлы Исмаилден соң
Исмаилдің ұлы Мухаммад Мақтумға өткен. Мухаммад Мақтум – жасырын имамдар
мағынасына сәйкес келетін мақтум имамдардың алғашқысы . Исмаилилер имамның
жасырын бола беретінін, оған қарамастан имамдарға бағыну қажеттігін
қуаттайды. Имамның жасырын болуы имам болуына нұқсандық етпейді.
Исмаилилердің пікірі бойынша имамдық Мухаммад Мақтумнан соң ұлы Джафар
Мусаддыққа, одан соң Мусаддықтың ұлы Мухаммад әл-Хабибке , одан соң
Солтүстік Африкада және Фас (Марокко) өлкесіне патша болған Абдуллаһәл-
Махди ибн Хабибке, одан соң Мысырда Фатими мемлекетін құрған өзге имамдарға
өткен.
Өзге шииттік мазхабтар сияқты аталған мазхаб та Иракта пайда болған
және өзге мазхабжақтаушыларының көрген азаптарын бұлар дабасынан өткізген.
Азап пен қысымдық нәтижесінде исмаилилер Иранға, Хорасанға және олармен
көршілес жатқан Үндістан мен Түркістанға бас сауғалаған. Исмаилилердің
идеяларына ежелгі парсы сенімдері мен үнді көзқарастары енгендіктен,
көпшілігі исламдық дәстүрлі жолдан айнып кеткен. Осы және басқа да
себептерге байланысты исмаилилер бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олардың
кейбірі исламның шеңбері ішінде орын алса, енді бірі исламдық қағидаларға
қайшы кеетін идеялар мен сенімдерді қолдайды.
Исмаилия мазхабын жақтаушылар Үндістандағы брахмандық сенімді, Пифагор
философиясын қолдайтын ишракилерді, буддизм философиясын, парсылық
сенімдерді қолдады.
Аталған мазхабиелерінің кейбірі исламға жат сенімдердің барлығын
қолдаған және шектен асқан. Аталған мазхабжақтаушаларының кейбірі исламға
жат сенімдердің кейбірін ғана қабылдаған да исламдық құндылықтардан
толықтай алыстамаған. Исмаили мазхабын жақтаушалыр өздерінің принциптері
ретінде қуаттаған жасырындық олардың исламдық қауымнан алыстауына себепші
болған. Олардың жасырындық принципі күрделенгендігі соншалық кітап, трактат
авторларын, авторларының аттарын жасырын сақтайды, атамайды. Мысалы,
біршама ілімдер мен күрделі философиялық идеяларды қамтитын ихуаны сафа
трактаттары исмаилия мазхабы жақтаушылары тарапнан жазылған, бірақ,
ғалымдар бұларды жазғандардың аттарын біле алмаған.
Исмаили мазхабын жақтаушалыр батынилер деп те аталады. Олардың былай
аталу себептерінің бірі – сенімдерін жасырын ұстаулары. Сенімдерін жасырын
ұстауларының себебі – бастапқыда зұлымдық пен қыспаққа үнемі тап болулары
болатын. Дегенмен, кейінгі кезеңдерде сенімдерін жасыру олардың кейбір
топтарында психологиялық дертке айналды. Олардың бір тобын хашшашиндеп
атайды. Олардың әрекеттері мен іскі ниеттері крестшілдер мен татарлардың
шапқыншылығы кезінде дүниеге келді. Олардың кейбірі мұсылман қауымының
басына үлкен бәлекет әкелген.
Олардың батынилер деп аталуының бір себебі имамды жасырын деп
есептеуіне байланысты. Олардың көзқарастары бойынша марокко жерінде
құрылып, одан соғң Мысырда күшейген мемлекеттері пайдаболғанға дейін
имамдары жасырын сақталған.
Олардың батынилер деп аталу себебінің бірі – шариғаттың сырты (захир)
мен іші (батын) бар, адамдар тек оның сыртқы мәнін ғана білуге қаілетті, ал
имамдар оның ішкі мәнін де түсінеді. Тіпті имам шариғаттың батынының
батынын дабіледі деп есептейді. Осы принцип бойынша олар Құран жүйесіне
қайшы түсініктермен тәуил жасауға датырысады.
Исмилия көзқарастарының ерекшеліктері:
1. илаһи фейз: Бұл Алланың имамдарға сыйлаған білімі. Алла имамдарды
имамдыққа лайықты деңгейде ілімі жағынан адамдардан жоғары
қабілетті етіп жаратқан. Имамдарда басқаларда кездеспейтін ілім
бар. Имамдарға қатардағы адамдардың түсіне алмайтын шариғат
ілімдері берілген.
2. Имамның анық, белгілі адам болуы маңызды емес. Имам құпия және
танылмайтын адам бола алады. Осыған қарамастан оған бағыну –
уәжіп. Ол – адамдарға тура жолды көрсететін махди. Олар алдыңғы
буында ортаға шықпағанмен, бір күні міндетті түрде ортаға шығады.
Ол қиямет болмай тұрып, зұлымдық пен әділетсіздік жайлаған жер
бетіне әділет орнатады.
3. Имам ешбір адамның алдында жауапты емес. Имам не істесе де ешкім
оның қатесін таба алмайды. Алайда барлығы оған иман келтіруге
міндетті. Оның жасағынының барлығы жақсылыққа жатады. Одан
жамандық туындамайды.
Осы негіз бойынша исмаилилер имамдарының күнәсіз (масум)
екендігіне сенеді.
ХАКИМИЯ
Батыния тармағының жолы және оның аясында дамытылған жасырындық
хакимия деп аталатын тармақтың дүниеге келуіне себепші болды. Бұл
тармақ исламдық шектеуден тым тысқары асқан тармақ болып есептеледі.
Хакимия тармағын жақтаушылардың кейбірі Алла нұрының жер бетін
нұрландыру мәселесінде шектен асқан. Олар алланың имамға енгендігін
қуаттаған және имамға құлшылық жасауға шақырған.
Аталған тармақтың көсемі Алланың өзіне енгендігін қуаттаған және
адамдарды өзіне құлшылық жасауға шақырған Фатимит мемлкеті
басшыларының бірі - әл-Хаким би-Әмриллаһ. Әлгі адам бастапқыда өзін
жасырын ұстады. Кейінгі уақттарда кебір мәліметтер бойынша өлді, ал
кейбір мәліметтер бойынша өлтірілді. Қуатты деген мәліметке қарағанда
ол жақындары тарапынан өлтірілген.
әл-Хаким би-Әмриллаһтың шәкірттері мен кейінгі аталған
мазхабжақтастары хакимнің өлгендігін мойындамайды. Оның жасырын өмір
сүріп жатқандығын, бір күні қайта оралатынын қуаттайды.
ДУРЗИЛЕР
Сирияда өмір сүретін дурзилердің хакимилермен байланысы бар.
Тіпті кейбір тарихшыларға қарағанда әл-Хаким би-Әмриллаһ аталған
өзінің идеясын насихаттау мақсатында Хамза ад-Дурзи атты адамды
халыққа жолдаған және оны көндірген. Дурзилер осы адаммен байланысты
аталуымен мүмкін.
Бұлардың қандай сенімде, нені қолдайтыны бүгінгі күні беймәлім.
Олар сенімдері мен әрекеттерін көршілерінен жасырын ұстайды.
НУСАЙРИЯ
Сириядағы хакимилермен қатар исламнан тысқары шыққан тағы бір
шииттік тармақ – нусайрилер өздерін исмаилия бағытына жатқызбағанмен,
исламға қарсы келіп, исмалилердің кейбір принциптерін қолдайды.
ХАРИЖИ МАЗХАБЫ
Харижия мазхабы Сыффын деген жерде Али ибн Әбу Талиб пен Муауия
арасындағы шайқастың шиеленіскен кезде пайда болды. Осы шайқас нәтижесінде
Муауия жеңіліс таба бастап, шайқас алаңынан қаша бастады. Алайда төрелікті
(хакам) белгілеу мәселесі оны осы тығырықтан алып шықты. Муауия әскері
жеңіліс кезінде Құранды төрелікке ұсынды. Ал Али болса, араларына Алла үкім
шығарғанға дейін соғысты жалғастыруды бұйырды. Осы сәтте әскерлерінің
кейбірлері Алиге қарсы шығып, төрелікке (хакам) көнуді ұсынды. Али мұны
қолдамаса да оған көнді. Али тарапынан бір адам және Муауия тарапынан бір
адам төрелік етуге екі жақ келіскеннен соң, Муауия өзі жағынан Амр бин әл
Асты, Али Абдуллаһ бин Аббасты төрелік етуге ұсынды.Алайда Али армиясы
ішінен Алидің пікіріне келіспегендер Алиді Әбу Муса әл-Ашариді төрелікке
жіберуге көндірді.
Ислам тарихынан мәлім болғаны сияқты төреліктің шешімімен Али ибн Әбу
Талиб халифалықтан алынып тасталып, Муауия халифалық мансапқа отырғызылды.
Осы жағдайдан соң харижиттер жаңаша сипат алды. Олар бастапқыда Алиді
хакамдықты белгілеуге, белгілі бір хакамды жіберуге көндіргенімен, кейіннен
хакамдыққа бой ұсынуды үлкен күнә санады және Алидің істеген осы күнәсіне
байланысты оның тәубеге келуін талап етті. Өйткені, олардың көзқарасы
бойынша Али хакамдыққа бой ұсыну арқылы кәпір болды. Олар өздерінің осы
жағдайға байланысты кәпір болғандығын, тәубе етіп, исламға қайта
кіргендігін қуаттады.
Кейбір шөл даладағы бәдәуилер де олардың артынан ілесіп, Алимен
келісе алмай, онымен қарсы соғысуға кірісті.
Бұл ағым исламдық мазхабтар арасында мазхабтарын ең көп жақтаған, өз
идеяларын мойындату үшін көп күш жұмсаған және өте діндар адам болып
көрінген, өжет және жауапкершіліксіз әрекет еткен исламдық бағыт болып
табылады. Олар идеяларын жақтаған және жауапкершіліксіз әрекет етуге
тырысқан кезде, кейбір дәлелдердің сыртқы үкімдеріне мән беріп, оны
қасиетті дін деңгейіне қойды. Олар нағыз мұсылман адам осы қатаң
ережелерден таймау қажеттігін қуаттады: үкім тек Аллаға ғана тән деген
принцип олардың ұранына айналды.
Османнан, Алиден және омайяд әулетінің залым билеушілерінен аулақ
болу идеясы Харижия мазхабының идеологиясына мықтап орын алды және діни
сөздердің астарлы мәніне талпынуға тиым салды. Османна, Алиден, Талтхадан,
Зубайрдан және омайядтардан аулақ болған адамдарды өз адамдары ретінде
санады. Харижилер иман, үкім тек Аллаға ғана тән деген ұрандары бойынша
қаншама мұсылманның басын алды.
Харижия мазхабы өкілдерінің сипаттары ретінде қызу қандылық және
сөздердің сыртқы мәніне мән беру ғана емес, өзін құрбан етуге талпынуды,
өлуге ұмтылуды, маңызды себеп болмаса да, қауіп-қатерге ұмтылуды атауға
болады. Бәлкім осы әрекеттердің басты себебі көпшілігінің сезімге, берілгіш
немес жүйкесі тозғанына байланысты болса керек.
Харижидердің кейбірі Али сөйлеген кезде оған қарсы шығып, кетіп
қалатын, тіпті, намаз оқым жатқан кезде, жамағаттан кетіп қалатын. Ал енді
бірі, Али мен Осман оқиғасына байланысты мұсылмандарға шабуылға шығатын,
осы екі сахабаны жақтағандарды мүшрік ретінде кінәлайтын.
Харижилер Абдуллаһ бин Хаббаб бин Аратты өлдірді, күңінің қарнын
жарды. Осыған байланысты Али оларға Абдуллаһты өлтіргендер бізге бой
ұсыныңдар деген кезде, олардың барлығы бір ауыздан оны барлығымыз өлтірдік
дескен. Али олармен шайқас жүргізді. Оларды түп тамырымен жоқ қылуды
қалады. Алайда, олардың фанаттық идеялары әсіресе, көшпелі бәдәуилер
арасында кең таралды.
Харижиттер ықыласқа ерекше мән беретін. Мәселен, Абдуллаһ иьн Аббас
Али тарапынан харижилерге елші ретінде жіберілген кезде, Абдуллаһ үнемі
сәжде жасай бергеніне байланысты маңдайларының жара болғанын, қолдарының
түнйенің табаны сияқты күстенгендігін, үстеріндегі киімнің де тап таза
болғандығын көрген. Сонымен қатар олар Алиді мүшірік демегендіктен Абдуллаһ
бин Хаббабты өлтірген. Бұған қайшы түрде христиан бір адамның құрмасын
тегін алмаған. Олардың өте қызықты оқиғаларының бірі мынау:
олар бір мұсылманмен және бір христианмен кездеседі де мұсылманды
өлтіріп, христианға үлкен құрмет көрсетеді. Келесі жағынан Абдуллаһтың
мойнында Құран, жанында жүкті әйелі болған кезде харижилерге ұшырасады және
оған олар былай дейді: сенің мойныңда ілулі тұрған бізге сені өлтіруді
бұйырады. Хакамға бой ұсынудан бұрын Али жайлы және халифалығының алғашқы
алты жылындағы Осман жайлы не дейсің, - деп сұрақ қойды. Абдуллаһ оларды
жақсылықпен еске алатынын айтты. Одан соң харижилер: хакамға бой ұсыну
жайлы не дейсің? – деді. Абдуллаһ: Алидің Алланың кітабына сендерден де
жақсы білетінін және Алланың дінін сендерден де жақсы қорғайтынын, оның
сендерде де көреген екендігін, - қуаттаймын деген кезде харижилер: сен
құдай жолын жақтамайсың, атақтарына қарап адамдарды жақтайсың деп
Абдуллаһты өзеннің жағасына алып келіп, сол жерде басын кесті.
Келесі бір жағынан бір христианнан құрма сұрады. Ол алыңдар жеңдер
деді. Сонда харижилер жоқ мұны біз сатып аламыз деп жауап берісті. Сонда
христиан мұнысы несі Абдуллаһ бин Хаббабты өлтіресіңдер де менің құрмама
ақысын төлемей аласыңдар, - деп таң қалған.
Харижия мазхабының өкілдерінің көпшілігі арабтар болатын. Олардың
арасында араб еместердің саеы өте аз болатын. Алайда, харижилердің
көзқарасы бойынша шарттары бар болса, араб еместердің де халифа болатынын
қуаттаған. Сбебі, олар халифалықты бір әулетке немес ұлтқа тиесі деп
білмеген.
Харижилер ішінде арам еместердің саны аз болғанына қарамастан өзге
ұлттан да аталған мазхабты қолдайтындар болды. Мәселен, Язид бин Анисаға
бағынған Язидия тармағы Алла тағаланың араб еместерге де бір пайғамбар
жіберетінін оған Мұхаммед пайғамбар шариғатының күшін жоятын бір кітап
беретінін қуаттаған. Бұл парсылық идея екендігі мәлім. өйткені парсылар өз
араларынан пайғамбар шығуды қатты қалады. Сонымен қатар Маймун әл-Аладжради
негізін қалаған маймуния тармағы балалардың, туыс қыз мен ұлдың үйленуге
болатынын жақтады. Бұл да парсылық сенімнен бастау алады.
Көзқарастары:
1. Халифа тек еркін түрдегі сайлау арқылы тағайындалады. Сайлауға
мұсылмандардың тек бір бөлігі ғана емес, барлығының қатысуы міндетті.
Әділетті, шариғатты қолдайтын, қателіктен аулақ болғанда ғана ол халифа
бола алады. Ал тура жолдан тайса, оның орнынан алынуы немесе өлтірілуі
тиіс.
2. Халифалық тек араб тайпасының бір әулетіне ғана тиесілі емес: тек Құрайш
пен арабтарға ғана тән емес. Халифа болуға барлық мұсылман құқықты. Осы
қағидалары бойынша харижилер араларынан Абдуллаһ бин Уахб ар-Расибиді
халифа етіп сайлады, оны әмірші ретінде әмиру-л-муминин десті.
Абдуллаһ Құрайш тайпасына жатпайтын.
3. Харижи мазхабының нажадат тармағы адамдардың ынсапты әрекет еткен
кезде, халифаның қажеттілігі жоқтығын, ал ынсапты әрекет ете алмайтын
жағдайда халифа сайлау қажеттігін қуаттаған. Халифа тағайындау жайыз, ал
оған мқтаждық болса, ол уәжіп.
4. харижилер күнә істеген адамның кәпір болатынын қуаттайды. Олар күнәларды
үлкен немесе кіші деп бөліп қарамайды. Адамның білмей қателікке бой
ұрындыруы да күнәға жатады. Сондықтан хакамдыққа бой ұсынғандықтан Алиді
кәпір деп кіләайды. Сондай-ақ тальха, Зубайр және басқа да ұлы сахабалар
кәпірлер қатарына жатқызылады.
Харижия тармақтары:
Мұсылмандыққа жататын харижи тармақтары:
Азракия: бани Ханифалық Нафи бин әл-Азрактың жолымен жүретіндер
азарика тармағы болып табылады. Бани Ханифа әулеті харижилер арасында ең
қуатты да саны жағынан көп топ болатын. Абдуллаһ бин Зубайр мен омайядтар
тарапынан төнген соққыға тап болғандар осылар болатын. Абдуллаһ бин Зубайр
мен омайяд қолбасылары он тоғыз жыл бойы Нафидің басқармалығындағы
харижиттермен шайқасқан. Нафи соғыс алаңында жан тапсырған. Одан соң
лидерлікті ұлы Убайдуллаһ алды. Одан соң басшылық Қатари бин әл-Фуджаеге
өтті. Қатари кезеңінде омайядтар қолбасшысы әл-Мухаллаб бин Әбу Суфра
болатын. Мухаллаб өз адамдарын харижилер арасына іріткі салу үшін жіберіп,
оларды әбден әлсіретті. Осының нәтижесінде шайқастарда жеңіліс тауып, бүкіл
мұсылмандар олардан теріс айналды. Харижилер мухаллаб пен одан кейінгі
қолбасылар кезеңінде үнемі жеңіліске ұшырап, соңында жойылып кетті.
Азарика тармағының ерекшеліктері:
А) олар өздеріне қарсы шыққандардың тек мүмін болудан ғана қалып
қоймай, мүшірік болып табылатынын мәңгілік тозақта қалатынын, оларды өлтіру
қажеттігін қуаттаған.
Ә) Өздеріне қарсы шыққандардың елдері олар үшін дару-л-харб. Дару-л-
харбта халал болған нәрсенің барлығы оларға халал. Мәселен, балаларды,
әйелдерді өлтіру, құлдыққа түсіру, қарсыластарын құл ету, соғысқа
қатыспағандарды өлтіру т.б.
Б) Азарика тармағы өздеріне қарсы болғандардың балалары да тозақта
мәңгілік қалады деп есептейді. Басқалай айтар болсақ, қарсыластарының кәпір
болуына жол ашқан күнәлар балаларына да әсер етеді және оларды тозақтық
етеді.
В) Әлгі тармақ өкілдері зина жасағандарға ражм (таспен атқылау)
қолдануды дұрыс деп есептемейді. Өйткені, Құранда зина жасаған ер мен
әйелге таяқпен дүрелеуден басқа жаза түрі орын алмаған.
Г) Азарикалықтар пайғамбарлардың үлкен және кіші күнәларды жүзеге
асыратынын қуаттаған. Осыған қарағанда пайғамбарлар да күпірлікке түсіп
одан тәубе ету арқылы имандылыққа қайта келуі мүмкін. Олар мұны Құрандағы
Фатх сүресінің 1-3 аяттарына негіздейді.
Наджадат: Бани Ханифа тайпасының өкілі Наджда би. Уаймир негізін
қалаған Наджадат тармағы соғысқа қатыспағандарды кәпір деп санау,
нәрестелерді өлтіруді дұрыс деп санау, қарсыластарымен бірге болған кітап
иелеріне қарсы ұстанымда болу жағынан Азарикадан ерекшеленген. Азарика
қарсыластарымен бірге болған кітап иелерінің мұсылмандарды паналап, олардың
қорғауында өмір сүргендіктен басын кесу дұрыс деп есептемеген кезде,
Наджадат кітап иелерін қанатының астына алған қарсылас мұсылмандардың
қандары халал болғаны сияқты, қорғауға алынған кітап иелерінің де қандары
халал екендігін қуаттаған. Наджадат халифа сайлау дінитұрғыда уәжіп
болмағанығын, халық игілігіне қажет жағдайда уәжіп болатынын алға тартады.
Наджадат тармағы өзге харижи тармағында орын алмаған жаңа принцип –
тақияны (құпия ұстау) ұсынады. Яғни харижия мазхабында болған адам өлім
қаупі туған немесе қауіпке тап болған кезде, өзін ахли суннат деп
көрсетуіне, еркіндікке шыққанға дейін өзін харижи екендігін жасырын
ұстауына рұқсат етіледі. Наджда бин Уаймир жолын қуушылар бастапқыда Иемаме
деген жерде Әбу Талут әл-Харижи деген адамды қолдады. Одан соң олар Әбу
Талутты тастап Надждаға биат етті. Осыдан соң бұл тармақ күшейді. Бахрейн,
Хадрамут, Иемен және Таиф аймақтарын жаулап алды. Ақыры аяғында өзге харижи
тармақтары сияқты аталған тармақ та өз араларында алауыздыққа тап болып,
бөлшектеніп кеткен. Басшылары Надждаға бағынбай үшке бөлінді. Оның бірі
Бани Ханифа тайпасының өкілі – Атиия бин әл-Асуад лидерлігімен Сижистанға
кетті де өз принциптері бойынша өмір сүрді. Алл келесісі – Наджданы қарсы
шығып, ақыры оны өлтіріп тынды да оның орнына Әбу Фудайкты қойды.
Харижиттердің ең қуатты да пәрменді тармағы осы болатын. Бұл бағыт
Наджданың қол астына қараған өлкелерді өз бақылауында ұстады. Соңында
омайяд халифі Абдулмалик бин Маруан жіберген әскер аталмыш тармақты
талқандап, Әбу Фудайтың басын халифке жолдады. Осылайша бұл бағыт тарих
сахнасынан шықты. Ал үшінші тармағына келер болсақ, олар Надждаға шын
ықыласпен бағынып, оған жабылған жалалардың барлығын жоққа шығарды. Бұл
тармақ өле әлсіз күйде көпке дейін өмір кешті де соңында өмір сүруін
тоқтатты.
Суфрия: Зияд бин әл-Асфар негізін қалаған бұл тармақ Азарикаға
қарағанда жұмсақ әрекет еткенмен, өзге харижиттік тармақтарға қарағанда
шектен асқан. Суфриялар үлкен күнә мәселесінде Азарикалармен келісе
алмайды. Азарика үлкен күнә істегендерді мүшіріктер қатарына қосса,
Суфрилер оларды мүшірікке қосу мәселесінде бір тоқтамға келе алмаған.
Олардың кейбірі жазалануы тиіс күнә істегендерді Алланың оларға берген
зинақор, ұры, жалақор деген атаулармен атау қажеттігін, одан басқа ешбір
атау қолдану дұрыс емес екендігін қуаттаса, енді бірі жаса қолдануға
келмейтін күнәһарларды кәпір деп есептеген.
Зерттеушілердің мәлімлеуі бойынша бұл тармақ мұсылмандардың қанының
төгілуін дұрыс деп есептемеген, қарсыластарының мекендерін дару-л-харб деп
есептемеген, әйелдер мен балаларды құлдыққа айналдыруды жақтамаған және
билеушілердің әскерінен басқалармен соғысуды дұрыс деп есептемеген.
Ажарида: Бұл тармақтың негізін салушы Абдулкарим бин Аджрад болатын.
Абдулкарим Надждаға қарсы шыққан және Наджадаттың бір тармағымен Сижистанға
қоныс аударған Атиия бин әл-Асуадты жақтаушылардың бірі болатын. Сондықтан,
Аджарида әдістері тұрғысынан наджадат тармағына өте жақын.
Ажарида харижия мазхабынан соғысқа қатыспағандарды тақуа иесі
болғанына көзі жеткенде ғана өз адамдары ретінде есептейді. Ажаридаға
қарағанда қарсыластарының елінен хижрет ету абзал. Қарсыластарының дүние-
мүлкі олармен шайқаспай иелену мубах емес,
Ажарида кейбір мәселелер бойынша бір келісімге келе алмайды. Оның
бастысы қаза мен қадар, құлдың құдіреті мәселесі. Олар түймедейді түйедей
етіп, бір-бірімен қызылкеңірдек болатын тармақ ретінде танылған. Мәселен,
Олардың Шуайб деген бір адамы олардың бір өкілі Маймун деген адамға қарыз
болатын. Маймун қарызын сұраған кезде, Шауйб былай дейді: Егер Алла қаласа
оны беремін. Сонда Маймун: Алла мұны қазір қалап тұр. Шуайб: Егер Алла
қалағанда сонда мен саған оны берер едім, басқа ешнәрсе істей алмайтын
едім. Маймун: Алла мұны әмір етті, Алла барлық әмірін қалайды және әмір
етпегендігін тәлемейді. Осы тұста Шайб пен Маймун лидерлері – Абдулкарим
бин Аджрадқа жүгінеді. Олар бұларға мағынасы жабық, түсініксіз жауап
береді: біз Алла қаласа болады, қаламаса болмайды дейміз және Алламен
ешнәрсені байланыстыра алмаймыз. Алған жауапқа қанағаттанбаған екі жақ та
мұны өз түсініктері бойынша түсірдірген. Соңында Аджарида Шуайбия және
Маймуния болып екіге бөлініп кеткен. Сонымен қатар Салабия деген тағы бар
тармағы өмір сүрген.
Ибадия: Абдуллаһ бин Ибад негізін салған Ибадия тармағы өзге харижи
тармақтарына қарағанда ахли суннатқа ең жақын, адасушылық пен шектен
асушылықтан алыс тұрады.
АШАРИ МАЗХАБЫ
Хижраның ІІІ ғасырында мутазилиттердің соққысына қарсы ислам әлемінде
екі ұлы ғұлама жетілді. Оның бірі орта азиялық Имам Матуриди болса,
келесісі – басралық Әбу-л-Хасан әл-Ашари еді. Имам Ашари 873 жылы Басрада
дүниеге келіп, 935 жылы дүниеден өткен. Ол алғашқы білімін мутазилиттерден
алған. Оның алғашқы ұстазы сол дәуірдегі мутазилиттер көсемі Әбу Али
Джуббаи болатын. Алайда, калам ілімдерін зерттей, зерделей келе,
мутазилиттер каламын ой қорытындысына сала отырып, аталған ілімнің ақиқатқа
сай емес деп тапқан. Оның мутазилиттерге қарсы ұстанымын былай топтауға
болады:
1. Салих құлдардың өздеріне тән біршама халдері бар. Бұл халдерді
ғұламалар муғжизадан бөлектеп, керемет деп атаған. Өлілер үшін дұға
жасау, садақа беру жаиз болып табылады. Жасалған дұғалар өлгендерге пайдалы
болуы мүмкін.
2. Имам Ашари сүннет жолымен келген бүкіл итиқади мәселелерді
мойындаған. Оның пікірі бойынша мутауатир хадис пен ахад хадис арасында осы
мәселе бойынша айырмашылық жоқ.
Имам Ашари сүннет арқылы ұсынылған барлық итиқадтық мәселелерге алуан
түрлі дәлел келтіреді және ахад жолмен келген хадиске сенетіндігін
жариялаған.
3. Имам Ашари муташабих аяттардың сыртқы мәнін негізге алған, бірақ
ондағы ташбих бойынша Алланың басқа жаратылысқа ұқсамайтындығын алға
тартқан. Ашаридің пікірі бойынша Алланың бет-жүзі бар (уаджһ), бірақ оның
бет-жүзі құлдардың бет-жүзіне ұқсамайды. Оның қолы (яд) бар, бірақ ол
жаратылғандардың қолына ұқсамайды.
Имам Ашари мектебі мутазилиттерге қайшы келетін фиқһ, хадис
ғалымдарының көзқарастарын қолдаған. Ол насстардың тек сыртқы мәніне ғана
сүйене отырып, тауилге бой алдырмаған. Оның мазхабы көбінше шектен
шыққандар мен оны терістегендердің арасынан орта жол таба білген.
Алланың сипаттары жайлы Ашаридің көзқарасы мутазила, мужассима т,ь,
арасынан орта жол салған. Олардың бастапқысы Құранда орын алған Алланың
сипаттарынан тек қана вуджудты, қидамды, бақаны және уахданиатты
мойындаумен шектеліп, сами, басар, калам және өзге де заттық сипаттарды
жоққа шығарған. Аталған сипаттарды оның затымен бірге деп санаған.
Ал мужассима Алланың затын сипаттай отырып, оны жаратылғандардың
сипаттарына ұқсатуға тырысқан.
Имам Ашари Құран мен Сүннетте орын алған Алланың барлық сипаттарын
мойындап, оларды Алланың затына жарасатын сипаттар екендігін және олар
жаратылғандардың сипаттарына мүлдем ұқсамайтындығын қуаттаған. Мысалы,
Алланың көруі, естуі және сөйлеуі жаратылғандардың көруіне, естуіне және
сөйлеуіне ұқсамайды.
Алланың құдіреті мен адамдардың іс-әрекеті жайлы Ашаридің пікірі
джабрия мен мутазила арасында орта жолды ұстанды.
Мутазилиттер адам Алланың берген күшімен өз ісін өзі жаратады десе,
джабриялықтар адамның бір істе жүзеге асыруға қауқары жоқ деп санаған. Ал
Ашари болса, адамды барлық іс-ірекетті жаратуға күш-қуаты жетпейді, бірақ
оның нәтижесі оның мойнына жүктеледі деп санаған.
Қиямет күнінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz