Магматизмнің геологиялық әрекеті



1 Магматизм
2 Магманың түрлері
4 Лакколиттер
5 Батолиттер
6 Дайкалар
Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын рөлі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процестердін. бірі болып саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестердің нәтижесінде пайда болады.
Магматизм — өте күрделі геологиялық процесс.
Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терең қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғары қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (біртіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау жыныстарының түзілуімен аяқталады.
Сонымен магма (грекше «магма» — қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі,хлорлы аммоний, сутегі, азот және т. б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысьш күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу жылдамдығының (химиялық активтігі) өсуіне әсеры тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша, магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мелшері І2%-ке дейін жетеді.
Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрамын заттар термодинамикалық жағдайлардың (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады. Жер қойнауына тереңдегеп санын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары балкыған күйде болар еді, Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды. Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына байланысты қысымның кенеттеп күрт төмендеуі немесе басқа себептермен температураның жоғарылауы заттардың сұйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың пайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі) магмалық ошақтар жер қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантаяның астеносфера қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық ошақтар пайда болады. Сонымен, магматизм әректтері тектоникалық қозғалыстармен тікелей байланыста болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі байқалады.

Магматизмнің геологиялық әрекеті

Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын рөлі зор, ең маңызды
эндогендік геологиялық процестердін. бірі болып саналады. Жер қыртысын
құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестердің нәтижесінде пайда
болады.
Магматизм — өте күрделі геологиялық процесс.
Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терең қабаттарда)
пайда болып, кейінірек жоғары қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп
(біртіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау
жыныстарының түзілуімен аяқталады.
Сонымен магма (грекше магма — қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз
еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар.
Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі,
кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да
кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті
қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі,хлорлы аммоний,
сутегі, азот және т. б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең
қойнауында байқалатын өте жоғары қысьш күштеріне байланысты еріген күйде
кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу
жылдамдығының (химиялық активтігі) өсуіне әсеры тигізеді. Эксперименттік
зерттеулер бойынша, магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мелшері І2%-
ке дейін жетеді.
Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас
бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрамын заттар термодинамикалық
жағдайлардың (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір
аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады.
Жер қойнауына тереңдегеп санын температура белгілі бір заңдылық бойынша,
біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте
температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер
қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары
балкыған күйде болар еді, Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның
шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары
болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды.
Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына
байланысты қысымның кенеттеп күрт төмендеуі немесе басқа себептермен
температураның жоғарылауы заттардың сұйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың
пайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі) магмалық ошақтар жер
қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантаяның астеносфера
қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы
қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық
ошақтар пайда болады. Сонымен, магматизм әректтері тектоникалық
қозғалыстармен тікелей байланыста болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі
байқалады.
Жер қойнауында температураның жоғарылауы әр түрлі физикалық химиялық
әрекеттермен байланысты түсіндіріледі: 1) радиоактивті элементтердің
ыдырауы нәтижесінде бөлінетін жылу мөлшеріне; 2) гравитациялық жіктелу
кезінде және т. б. хымиялық реакциялар-кезінде бөлінетін жылуға байланысты.
-,, Магманың жоғарғы қабаттарға көтерілуі, гидростатикалық қысым
күштерімен және тау жыныстарының (қатты күйден балқыған күйге ауысқан
жағдайда) жалпы көлемінің ұлғаюымен байланысты деп саналады.
Магманың түрлері. Магмалық ошақтар әр түрлі термодинамикалық жағдайда
және әр түрлі тереңдіқте әр түрлі заттар негізінде құралады. Соған
байланысты жер қыртысында кездесетін магмалық тау жыныстарының алуан түрлі
болатындығы ең алғашқы магмалық ошақтардың түрлері мен құрамы қандай
болған?— деген заңды сұрақ туғызады.
Бұл сұраққа тікелей жауап беретін ортақ пікір геология ғылымында әлі
қалыптаса қойған жоқ. Кейбір ғалымдар (В. Н. Лодочников) химиялық құрамы әр
түрлі магмалық жыныстардың, жеке топтарына сәйкес келетін алғашқы магманың
өзіндік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы (Н. Боуэн,
А. Н. За-варицкий) табиғатта тау жыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы
негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды.
Жер бетінде көптеп кездесетін эффузивтік (базальтты) жыныстар алғашқы
базальттық магманың өзгерметен түрі деп саналса, ал интрузивтік граниттер
алғашқы базальттық магманың біртіндеп өзгеруіне, жіктелуіне байланысты
түзіледі деп түсіндіріледі.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің, көпшілігі ғалым Ф. Ю. Левинсон —
Лессингтід (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі
болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық
құрамына және физикалык, қасиеттерінід ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Қышқыл (граниттік) магма . негіздік (базальттық) магмаға қарағанда,
жеңілірек, қоюырақ және ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді.
Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар
жер қыртысында түзіледі деп санайды. Американ ғалымы А. Холмстың пікірі
бойынша, алғашқы магма құрамына карай базальттық, граниттік және
перидотиттік болып үш түрге белінеді.
Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жеке аудандарында
кездесетін ультранегізді белдеулерді зерттеу негізінде дәлелденеді. Олардың
химиялық құрамы базальттық магма негізінде құралған ультра негізді
жыныстармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.
Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Қазіргі кезде
магмалық жыныстардың жалпы жер бетінде таралу мөлшерін керсететін деректер
(бүкіл жер шарын түгел қамтитын)-.әлі де толық емес.
Ең ірі екі мемлекетте (АҚШ, ТМД) жүргізілген есептеулер бойынша,
магмалық жыныстардың таралуы
VI. 2-кестеде көрсетілген. А. Б. Ронов пен А. А. Ярошевскийдің есептеулері
бойынша, жер қыртысының жалпы көлемінің 10,4% — граниттер; 11,2% —
гранодиориттер мен диориттер; 42,2% — габбро, базальттар және т. б. құрамы
негіздік жыныстар; 0,4%—сиениттер мен нефелинді сиениттер; 0,2%—дуниттер
мен перидотиттер. құрайды. Бұл деректерге қарағанда құрамы қышқыл және
негіздік жыныстардың жер қыртысында ең көп таралғандығын көруге болады.
Олардын, ішінде қышқыл жыныстардың арасында интрузивтік жыныстар (граниттер
мен гранодиориттер), ал негіздік жыныстардың арасында эффузивтер
(базальттар) жиірек кездеседі.
Қазіргі уақытта тау жыныстарының алуан түрлілігі алғашқы манманың
дифференциациялық (жіктелу), сонымен қатар ассимиляциялық және
гибридизациялык процестерімен тікелей байланысты деп түсіндіріледі.
Магманың дифференциациялық жіктелуі деп, біртекті алғашқы балқыманың
химиялык құрамы әр түрлі фракцияларға бөлініп, соған сәйкес олардан
минералдык құрамы өзгеше әр түрлі тау жыныстарының түзілуін айтады.
Магманың жіктелуі алғашқы кристалдардың түзілуіне дейін де (ликвация)
және кристалдардың түзілу барысында да (кристаллизациялык. жіктелу) жүріп
жатады.
Ликвациялық процесс кезінде магма құрамына және меншікті салмағына
қарай өзара араласпайтын екі түрлі фракцияға ажырайды;- ауыр салмақты
темірлі-магнийлі қосындылар темен қарай ағып ығысады, ал салмағы жеңілірек
қышқылды қосындылар жоғарғы қабаттарда жиналады.
Кристаллизациялық дифференциация магманын, кристалдарға жіктелуімен
аяқталады. Магманың салқындап суыну барысында, оның жоғарғы беліктерінде ең
алдымен балқуы қиын, температурасы жоғары және салмағы ауыр силикаттар
(темірлі-магнийлі силикаттар және негіздік плагиоклаздар) кристалдар
түрінде түзіледі. Кейінірек, оңай балқитын жеңіл салмақты силикаттар
(калийлі дала сипаттары және кварц) кристалданады. Қристалдану барысында
ауыр салмақты минералдар балқыманың төменгі қабаттарына ауысады, ал қалдық
магманың құрамында темірлі-магнийлі қосындылар азайып, кремнийлі қосындылар
көбейеді. Сонымен, гравитациялық жіктелуге байланысты, негізді магманың, '
кристалдануы нәтижесінде, төменгі қабаттарда ультранегізді жыныстар, ал
жоғарғы қабаттарда диорит, сиенит, кейде граниттер де түзіледі.
Дифференциациялық процестер терең қабаттарда (магмалық ошақтарда) және
жер қыртысынын, жоғарғы бөліктерінде де жүріп жатады.
Магмалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Магматизмнің геологиялық қызметі
Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама
Интрузиялық магматизм және магмалық денелер
Геология оқу - әдістемелік кешен
Геология пәнінен дәрістер
Геология –жер туралы ғылым
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Мұғалжар тауы
Кендердің сапалық сипаттамасы
Пәндер