Отбасы және неке құқығы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Отбасы және неке

Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен қатар, заңда анықталған жағдайдайларда - басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.

Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы - неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым.

Отбасы, ол - баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.

Ерлі-зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай-ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін. Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды. Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.

Дамыған елдердің бәрінде некелеспес бұрын, өзара келісім-шартын жасасады. Бұл құжатта азаматтар ажыраса қалатын жағдайда мәміледе неке өмірінің барлық маңызды сәттері ескеріледі: екі тараптың дәулет жағдайы, кәмелетке толмаған балалар кіммен болатынын, рақымсыз жұбайға қандай айып-шара қолдануға болады. Шетелдерге неке шарты арқылы мүліктік қатынастан бөлек, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада неке шартына отыру мүмкіндігін 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырылған. Бірақ мұндай озық жаңа енгізілім керекті қолдау тапқан жоқ. Бұрыннан некеде тұрғандар да, енді некелесушілердің бірлі жарымы ғана неке шартында өздерінің мүлік жағдайы туралы ескереді. Неге олай? Жалпы, қоғамның оның ішінде әр азаматтың құқық мәдениетінің төмендігі.

Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп есептейді, сондықтан алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі санайды. Неке шарты елімізде кеңінен таралмаса да, жұбайлар арасында белең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты туындап жататын даулар да аз емес.

Бұрынғы ҚазКСР-нің 1969 жылғы «Неке және Отбасы» кодексінде жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған. Сондықтан да, кеңес дәуірі кезінде «неке шарты» деген ұғым болған емес. Десек те, сол кезде тәжірибеде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде «неке шарты» «неке контрактісі» деген терминмен қолданылып келген. ҚазКСР-нің «Неке және Отбасы» туралы кодексінің күші жойылғаннан соң, да «неке контрактісі» деген термин қолданыста болды. Қазіргі «Неке және Отбасы» кодексінде 1993 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, ол қосымша құжат ретінде қабылданысымен, «неке шарты» ұғымы ең алғаш рет пайда болды. Осыған орай неке шартының жасалу жолдарын, реттейтін қатынастардың маңызын, бұзылу мен өзгертілуін толығымен қарастырған жөн.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңымен бекітіледі.

Көптеген заңнамаларда «неке шарты» деген термин кездескенімен, тәжірібиеде «неке контрактісі» немесе «неке келісімі» деген терминдер қолданылады. Олардың барлығы синонимдер болып табылады. «Контракт» деген термин ағылшын сөзінен (contract) алынған, ол да шарт деп аударылады.

Отбасы заңнамалары арқылы ерлі-зайыптылардың қатынастары құқықтық реттелуге жатады. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режим институтына бірқатар нормаларды енгізген.

Отбасында неке шарты жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап ету жолдары шартта көрсетілген. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен, неке шарты тағдырдың соққысын жеңілдетуге себебін тигізеді. Егер ерлі-зайыптылар некеге тұру кезінде неке шартын жасаса, бұл құжат артықшылық етпейді. Мұндай шарт басқадай құжат сияқты заңның қорғауында болады.

Неке шартының ең тиімді жағы - ерлі-зайыптылардың арасындағы бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен шешетіндігінде болып отыр.

Заңгерлер неке шартының белең алмауларының себептерінің бірі-кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әртүрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді.

Өзектілігі - нормативтік-құқықтық актілерде неке шартының толық мәнін ашу және тәжірибеде қолдана білу керектігін көрсету керек. Неке шарты еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде неке шартын реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал оның практикалық маңызы некеге тұрушы немесе некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке шартын жасамайды.

Неке шартын жасау қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулері қарсылықтарын білдіреді. Неке шарты алғашында мүліктік қатынастарды реттейді, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеуі мүмкін. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктің мүдделерін тең дәрежеде қорғайды. Дегенмен, неке шартын жасамас бұрын, оның ережелерімен танысып, заңгерлермен кеңесіп алған артықтық етпейді.

Некелік шарт

Некелік шарт - біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп - некеге тұратын адамдардың немесе ерлі - зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай - ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай - ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі - зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық) . Ерлі - зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір - біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата - аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу - некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі - зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі - зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің неке шарты туралы баптары

38-бап. Неке шарты

Некеге тұрушы адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.

39-бап. Неке шартын жасасу

1. Неке шарты некеге тұруды мемлекеттiк тiркеуге дейiн де, неке кезеңiндегi кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн.

Некеге тұруды мемлекеттiк тiркеуге дейiн жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

2. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиiс.

40-бап. Неке шартының мазмұны

1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен заңда белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн (осы Заңның 32-бабы) өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлектелген меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.

Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкi жөнiнде де, болашақтағы мүлкi жөнiнде де жасалуы мүмкiн.

Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң кiрiстерiне қатысу әдiстерiн, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртiбiн айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi белгiлеуге, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi енгiзуге құқылы.

2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн.

3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлетiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтiн жағдайды көздей алмайды; ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды қамти алмайды.

41-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу

1. Неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiм бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке шартының өзi сияқты нысанда жасалады.
Неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.

2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде неке шартын өзгерту және бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

3. Неке шартында, неке тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге арналып көзделген мiндеттердi қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады (осы Заңның 22-бабы) .

42-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде мәмiлелердiң жарамсыздығы үшiн көзделген негiздер бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.

2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiрiн өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бiрiнiң талап етуi бойынша да сот неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн. Осы Заңның 40-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.

3. Ерлi-зайыптылардың мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiгi

43-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлкiнен өндiрiп алу

1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу тек сол жұбайының мүлкiне ғана жасалуы мүмкiн. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда кредит берушi өзiне өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде борышкер жұбайға тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөлiп берудi талап етуге құқылы.

2. Өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының қажеттерiне пайдаланғандығын анықтаса, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша да ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен жасалады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда ерлi- зайыптылар аталған мiндеттемелер бойынша өздерiнiң әрқайсысының мүлкiмен бiрлесе отырып жауапты болады.
Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, өндiрiп алу тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен немесе оның бiр бөлiгiнен жасалуы мүмкiн.

3. Ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi азаматтық заңдармен белгiленедi. Ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиянды өтеуi кезiнде олардың мүлкiнен өндiрiп алу осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалады.

44-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезiндегi
кредит берушiлердiң құқықтарына кепiлдiк

Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) айтарлықтай өзгерген мән-жайларға байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 401-404-баптарында белгiленген тәртiппен ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.

Қазақстанда неке шарты

Қазақстанда неке шарты ұғымы алғаш 1993 жылы қолданысқа еніп, кейін 1998 жылы «Неке және отбасы туралы» заңда бекіп, үйленген жұптарға неке шартына отыру құқығын берсе де, әлі күнге дейін бұл шартты жасасатындар саны тым төмен. Бейресми дерек бойынша, жұптасқандардың 1 пайызы ғана аталмыш шартты жасасады екен. Оның да үлкен бөлігі - екінші мәрте үйленгендер тобы. «Аузы күйген үрлеп ішедінің» кері . . .

Әлбетте, шарт жасасу міндеттелмеген, ол әр жұптың өз құқығы. Сондықтан үйленген жастарға шарт жасамадың деп өкпе айту орынсыз, десек те, елімізде әрбір 4 некенің 1-2-сі ажырасумен тынып жатқанын ескерсек, неке шартының неке заңына негізсіз енгізілмегеніне көз жеткізуге болады. Неке шартының пайдасы қандай? Үйленгендер арада біраз уақыт өтіп, дәм-тұзы жараспай қалған жағдайда ажырасар болса, мүлік бөлісуде, шарттың тараптар міндеттерін айқындауда көмегі орасан. Рас, шарт жасалмаған жағдайда да «Неке және отбасы» туралы заң отау құрғаннан кейінгі жиған-терген мүлікті тең бөлісуге мүмкіндік береді. Ал біз айтып отырған шарт оны жеңілдетер еді. Мәселен, ажырасқалы отырған отбасында үй, көлік секілді мүліктер болуы мүмкін. Заң бойынша тең бөліске салар болсақ, үйді «қақ жарып», көлікті «көлденеңінен кесіп», тоқ етері бәрін теңінен екіге бөлуге тура келеді. Ал егер шарт жасалған жағдайда келісім бойынша ері көлікті, әйелі үйді алып, «құда да, құдағи да риза» күн кешер еді. Болмаса, неке шартында ажырасқаннан кейін де ерінің әйеліне не әйелінің еріне қаржылай көмек көрсетіп тұруын да келісуге болады. Бастысы, заңға қайшы келмейтін және мүліктік құқық пен жұптардың міндеттері аясындағы келісімдер болса болғаны. Осы талап орындалса, ерлі-зайыптылар бір-біріне қандай талаптар қойса да, өз еріктері. Неке шарты нотариустерде жасалатыны белгілі. 18 жылдық тәжірибеде ел нотариустері түрлі-түрлі талаптарға куә болыпты. Ең еректеріне тоқталсақ, бір шартта: «ерлі-зайыптылар ажырасып, дүние-мүлік біреуінде қалып, кейін біраз уақыт өткеннен кейін екінші жұп қиын-қыстау заманға тап болса, онда бұрынғы жұбайы оған көмектесуі тиіс» деп көрсетілген. Болмаса «ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болса, оның дүние-мүлкі жұбайы мен балаларына ғана қалады. Оған марқұмның туыстары ортақтаса алмайды» делінген шарт та бар. Қазіргі заманға лайық шартты да кездестірдік: «Ерлі-зайыптылардың қайсысы несие алса, оны сол төлеуі керек». Бұл шарттармен қатар езуге күлкі үйіретін, бірақ қолданысқа енген шарттарды да айтып өткен жөн. Мәселен, алматылық нотариустердің бірінде жасалған шартта: «Жұбайлардың қайсысының айлық табысы көп болса, сол ай сайынғы коммуналдық шығындарды өтейді» деп көрсетілген. Әрине, бұл жағы артықтау болғанымен, неке шартының тиімділігі көл-көсір.
Ендеше, «отау құрған жастар неге шарт жасасудан қашқақтайды» деген сұрақтың тууы заңды. Мамандар бұл жағдайдың бірнеше себебін алға тартып отыр. Біріншіден, құқықтық сауаттылық төмен. Отау құрушылардың басым бөлігі неке туралы шарт жасасуға болатынынан бейхабар. Екіншіден, жастар отау құрмай жатып, боп қалуы мүмкін ажырасу жайын ойларына алмай, жаман ырым бастағылары келмей, бір-бірінің сеніміне селкеу түсіріп алудан қорқады екен. Үшінші себеп - гендерлік теңдік әлі де болса, сақталмайтындығында. Бұдан бөлек, шарттың жасалуына ата-ана қарсы тұрады екен. Олардың түсінігінде, ешқандай құжат екі жастың сүйіспеншілігінің кепілі бола алмайды. Діни нанымды да ысырып тастауға болмайды, өйткені Ислам діні де, христиан діні де екі жастың ажырасуын дін жолымен ғана шешуге рұқсат береді. Соған сай, дін жолындағы жастар мұндай шарт жасауды күнә деп біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы пәні
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасы құқығы туралы
Отбасылық қатынстар ұғымы
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Отбасы құқығы. Ұғымы, негіздері мен принциптері туралы ақпарат
Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz