Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі


ӘОЖ 321. 7. 02(574) Қолжазба құқығында
ЖЕКСЕМБЕКОВА ВЕНЕРА АБЫХАНҚЫЗЫ
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
23. 00. 02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша
Саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасында орындалды.
Ғылыми кеңесші: ҚР ҰҒА академигі
Ә. Н. Нысанбаев
Ресми оппоненттері: саяси ғылымдарының докторы,
профессор Ғ. Н. Иренов
саяси ғылымдарының докторы
А. Қ. Бижанов
саяси ғылымдарының докторы
Е. Қ. Әлияров
Жетекші ұйым: Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразиялық ұлттық университетінің
саясаттану кафедрасы
Дисссертация 2009 жылы 6 қарашада сағат 14. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13) 23. 00. 02. - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 21. 03. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.
Автореферат 2009 жылдың 6 қазанында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы Жабина Ж. Р.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертацияда Қазақстан қоғамын демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі кешенді түрде зерттелген. Ғылыми сараптаулар арқылы осы күрделі саяси құбылыстың қалыптасуы, жағдайы және келешегі анықталады. Қоғамның саяси сферасының өркениет талаптарына жауап бере алуының елдегі демократияның дамуына тәуелділігі саяси жүйенің қызметі мысалдарында көрсетіледі. Себебі, қазіргі әлемдік дағдарыстар жағдайында мемлекеттің басқарушылық, реттеушілік рөлі арта түседі. Демократия үрдісі әлемдік өзгерістерге сәйкес өзінің жаңаша даму кезеңіне келеді. Мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлінің күшейуі қоғамдық қатынастарды демократияландыруды жоққа шығармайды.
Дағдарыстық жағдайда саяси партиялар қоғамды демократияландырудағы шешуші факторға айналады. Сондықтан билік партиясы болсын, оппозициялық партиялар болсын жаңа экономикалық ахуалға сәйкес партиялық органдардың орталық аппаратының ғана емес, жергілікті жерлердегі ұйымдарының қызметтеріне жүйелі қайта құру шараларын жүргізуді көздейді. Партиялар дағдарыс кезеңінде қызмет етудің жаңа тұрпатты бағдарламаларды қабылдауда. Бұл бағытта биліктегі «Нұр Отан» ХДП атқарған істері басқа саяси партияларға үлгі боларлық дәрежеде. «Нұр Отан» партиясының аппараты Президентке, үкіметке, парламентке, жергілікті әкімдіктерге, түрлі мемлекеттік ведомстваларға дағдарыстан шығудың идеяларын, тәсілдері мен жолдарын ұсынып отыр. Партиялық бағдарламадағы негізгі ұсыныстар 2009 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты көрініс тапқанын атап өткен жөн. Саяси күштер үкіметпен және жергілікті органдармен бірлесіп адамдардың нақты проблемаларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын, осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алуы керек.
Қоғам жаңаруға тиісті. Бірақ жаңару адамзат қол жеткізген фундаменттік құндылықтарды жоққа шығармайды. Демократиялық қоғам да сондай тағдырлық құндылық. Дағдарыстық ахуал қанша қиыншылықтар әкелгенімен қоғам оларды жеңе отыра нақты, толыққанды демократиялық мемлекет орнатуға жетісетіні даусыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі даму ерекшелігімен, тәуелсіз елдердегі саяси үдерістерді ғылыми тұрғыдан талдау қажеттілігімен, демократия жолында ілгері жылжу үшін міндеттер мен тәсілдерді анықтау қажеттілігімен негізделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан тәуелсіз егемен мемлекет ретінде орнықты дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, ұлтаралық келісімдер саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси иснтиуттардың қалыптасуына ерекше мән берілді. Сондай-ақ елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген» - деп атап көрсеткен болатын [1] .
Қазақстанның қазіргі дамуын саясаттану дискурсінде көбінесе «демократияландыру» ұғымымен байланыстырады. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген бөлімдерінің мазмұнынан айқындалады. Мемлекет құрудың негізгі қағидаларының бірі - мемлекет басшысын, Парламент, жергілікті өкілеттік органдар депутаттарын сайлау. Демократиялық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаларының бірі - маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістер арқылы шешу. Оған көбінесе референдум өткізу, парламентте дауыс беру жатады. Қазақстанның демократиялығы Конституцияның демократиялық нормаларды белгілеуінен көрінеді, ол азаматтарға өкілеттік органдарға тұтас бір халықтың мүддесін, азшылдықтың әлеуметтік және ұлттық мүдделері мен жеке азаматтардың заңды мүдделерін таныта алатын өз өкілдерін ұсыну мен сайлауға мүмкіндік береді.
2007 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамның жеделдетілген дамуы» атты бірлескен мәжілісінде Президент Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру міндеттеріне аударды [2] .
Біздіңше, «демократияландыру» ұғымының мазмұнын ашуға Р. Дальдің анықтамасы сәйкес келеді: «Демократияландыру - еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар, коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс» [3] .
Қоғамның экономикасы мен саяси өміріндегі түбегейлі құрылымдық жаңартулар кезеңіндегі әлеуметтік-саяси ғылымдардың басты міндеттерінің бірі әлемдегі ауыспалы үлгідегі мемлекеттерді реформалау тәжірибесін талдау және сыни тұрғыдан қайта қарау негізінде өтпелі саяси үдерістерді әзірлеу болып табылады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында әлеуметтік-саяси ғылымдар назарын осы міндетке аударды: «Енді жағдайды терең ойластыру біздің дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау, біздің реформалардың жүзеге асуы мен жаңа институттардың қалыптасуын үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды» [4] . Осыған орай модернизация мен демократиялық жаңартулар мәселелеріне деген зерттеушілер қызығушылығы арта түсті. 2008 жылы Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің 17 жылдығын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзімен айтар болсақ, тарихи үдерістер жеделдетілген қарқын және өнімді сипат алды. Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді, бизнесті табысты жүргізуге қажетті заңнама қалыптасты, елдің орта және ұзақ дамуына мықты негіз салған құрылымдық реформалар жүргізілді. Республикада динамикалық түрде даму үстіндегі жеке сектор пайда болды. Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта толыққанды демократиялық мемлекет болып саналмағанымен, демократиялық үрдістердің даму болашағы өркениетті елдерге тән демократияға негіз қалануда екендігін нақты дәлелдейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси жүйені демократиялық модернизациялау батыс ғылымында жарты ғасырлық бойына зерттеу объектісі болып келеді. АҚШ, Еуропа және басқа елдердің қоғамдық саяси тәжірибесін сараптау нәтижесінде пәнаралық тұжырымдамасындағы демократизация және модернизация, даму теориясы пайда болды. Қазіргі демократиялық теориясы ауқымындағы институционалдық, құрылымдық-қызметтік, салыстырмалы, мәдениеттілік, әлеуметтік-психологиялық тұғырлардың қалыптасуына, қоғамдық институттар қызметі және қоғамдық жүйелі сапалық белгілердің өзгеруіндегі түрлі аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген еңбектерді талдаудан батыс әлеуметтік мәдениетіне бағдарлану шектелгендігі байқалады. Осыған қарамай, батыс авторларының еңбектерінде басқа елдердің экономикалық, саяси және мәдени өзгерістеріне байланысты демократиязациялау үдерісінің ерекшелігін анықтауға тырысқаны байқалады. Демократиялық модернизациялау әлеуметтік өзгеріснің типтері түрінде анықталып, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм, М. Вебер, О. Шпенглер, А. Тойнби саяси ойшалдар, философтар, әлеуметтанушылардың еңбектерінде қарастырылған. Саяси жүйені модернизациялау теориясын дайындауда саяси шындық туралы құнды еңбектерімен танымал Г. Амонд, Т. Пауэлл, Д Истон, Т. Парсонс, Ж. Блондельдің тұжырымдарын айтуға болады.
Өтпелі кезеңдегі қоғамның саяси жүйесін трансформациялаудың сипаты мен мазмұнының өзгеру аспектілерін талдау жасай келе, шетелдің көптеген зерттеушілерінің зерттеулерін атауға болады. Өтпелі кезеңдегі демократизациялау және модернизациялау теориясы мен тұжырымдамасының дамуына ерекше үлес қосқан, сол сияқты саяси жүйесіне өзгеріс енгізген батыс ғалымдары З. Бжезинский, Р. Даль, А. Лейпхарт, А. Пшеворский, С. Хантингтон және т. б.
Саяси модернизациялаудың эмпирикалық тәжірибесінің жинақталуының теориялық негізі ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектері арналған. Ресей саясаткерлері А. Гаджиев, А. Нерсесянц, Н. Никиенко, М. Ильин, А. Мельвил, В. Красильщиков, Г. Купряшинаның еңбектері модернизация мәселесін ғылыми сараптауымен ерекшеленеді.
Көптеген зерттеушілер демократиялық өтпелі жағдайда белгіленген тәртіпті анықтап, олардың ішінде Ф. Закария «либералдық емес», А. Шедлер «консолидарлық», Д. Стенберг «процедуралық», Г. О. Донелл «делегаттық» демократия деп бөліп қарастырып, дамушы елдердегі саяси жүйе өтпелі кезеңдік сипаттарын талдайды.
Қазақстандық зерттеулерде және саяси әдебиетте «Қазақ саяси энциклопедиясы» (Алматы, 1998), «Қазіргі Қазақстан: экономика, саясат, қоғам» (Алматы, т. 2, 1997) ; «Қазақстан мемлекетінің эволюциясы» (Халықаралық конференция материалдары Алматы, 1996) ; «Модернизация: қазіргі қазақстан және әлемдік тәжірибе» (Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 1995) ; «Восток-Запад: Дилог культур» атты ІІ халықаралық симпозиумы материалдары, І бөлім, Алматы 1996; «Қазақстан Республикасы: саясат және даму» (Алматы, 1996) ; «Қазақстан берік даму жолында» (Алматы, 1996) ; Весник КазГУ№ Серия политология №1 (Алматы 1998) ; «Политология» Учебник для вузов под редакцией А. Нысанбаева (Алматы, 1999 год), «Ұлттық энциклопедия» 10 том (Алматы, 2007) және т. б. Қазақстандағы демократияландыру процесі барысында саяси институттар қызметтерін жаңарту мәселелері зерттелген. Саяси жаңару жолындағы мемлекеттік стратегиялық міндеттер анықталған.
Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә. Н. Нысанбаев[5], А. Қ. Бижанов[6] зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г. Н. Иренов[7], Е. К. Әлияров[8] еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р. Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л. А. Байдильдинов, А. С. Балғымбаев, М. А. Биекенов, К. Н. Бурханов, С. М. Борбасов, Ж. Х. Жүнісова, Р. К. Қадыржанов, М. С. Машан, Н. В. Романова, Т. С. Сарсенбаев, М. Б. Татимов, Г. Р. Нұрымбетова, Т. Қ. Әуелғазина, С. Ш. Мұсатаев, Ж. Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу саясаттану ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Саяси жүйелер мен режимдердің демократиялық модернизациясы мәселесі жарты ғасыр бұрын батыстық ғылымның зерттеу нысанына айналған. Даму, демократияландыру және модернизация теориялары АҚШ, Еуропа және тағы да басқа елдердегі қоғамдық-саяси жаңартулар тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғылыми негізделген тұжырымдамаға айналды. Демократияландырудың қазіргі теориясы шеңберінде бірнеше ғылыми тәсілдер қалыптасты: институциональды, құрылымды-қызметтік, салыстырмалы, мәдениеттанушылық, әлеуметтік-психологиялық және т. б. Осы тәсілдер қоғамның жүйелі құбылыстары мен қоғамдық институттар қызметі өзгерістерінің әртүрлі қырларына назар аударады. Кейбір зерттеушілердің еңбектерінің Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шындыққа қатыстылығы шектеулі екенін айта кету керек. Себебі, олар батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлерге бағытталған. Дегенмен, батыстық авторлардың өзге елдердегі демократияландыру үдерісінің ерекшеліктерін экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер аясында анықтауға тырысқан еңбектерінің біөздің зерттеулер үшін маңызы бар. Егер демократиялық модернизацияны әлеуметтік өзгерістердің белгілі бір түрі ретінде ұғынсақ, онда Г. Спенсер, Э. Дюркгейм, М. Вебер, О. Шпенглер, А. Тойнби сияқты философтар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар есімдерін ерекше атау керек. Жүйелер теориясын құрастыруға Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд, Т. Пауэлл ерекше үлес қосты. Саяси модернизацияның эмпирикалық тәжірибесі жинақталуына орай ТМД ғалымдарының еңбектерінде оны теориялық тұрғыдан түсіндіре бастады. Модернизация мәселелеріне арналған ресейлік саясаттанушылар В. Красильщиков, А. Гаджиев, Г. Купряшин, А. Мельвиль, М. Ильян, Н. Никитченко еңбектері танымал бола бастады.
Өтпелі кезеңде қоғамның саяси жүйесін ауыстыру барысында болған өзгерістердің мазмұны мен сипатының әртүрлі қырларын талдауға көптеген шетелдік және қазақстандық авторлардың еңбектері арналды. Транзитологиялық демократияландыру мен модернизациялау теориясы және тұжырымының дамуына батыстық ғалымдар Г. Алмонд, Ж. Блондель, З. Бжезинский, Р. Даль, Д. Истон, Х. Линц, А. Лейпхарт, С. Менгес, Р. Арон, Г. Пауэлл, А. Пшеворский, Л. Пай, С. Хантингтон, П. Штомпка т. б. өз үлестерін қосты.
Көптеген зерттеушілер демократиялық ауысу кезеңінде қалыптасатын саяси режимді анықтауға тырысады. Енгізілген анықтамалар: Ф. Закарийдің «либеральды емес», А. Шедлердің «консолидациялы», Д. Стенбергтің «рәсімдеуші», Г. О Донеллдің «делегативті» демократиясы және өзгелері де дамыған елдердің саяси жүйесі ауыспалы сипаттар бар екендігін көрсетеді.
Қазақстандағы демократияландыру үрдістері мен саяси жаңару үрдістері әлемдік демократиялық белгілерді толықтай қайталамайтындығы белгілі. Алайда, демократияның саяси режимдерге тән сипаттардың міндетті түрде қалыптаса бастағанын көптеген зерттеулер дәлелдейді. Аттары аталған және басқа да еңбектерде ауыспалы үдерістің жалпы логикасын, Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының ерекшеліктерін, қоғамдық өмірдің маңызды салаларын реформалау механизмдерін зерттеледі. Мұндай еңбектер болып жатқан өзгерістер мәнін түсінуге үлес қосады және ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының саяси ғылымында Қазақстандағы демократиялық модернизация аясында болып жатқан саяси жаңару үдерісін зерттеуге арналған арнайы еңбектер жоқ.
Зерттеу мақсаты :
1. Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация мен саяси жаңару үрдістерінің қозғалыстарының өзара сабақтастығын сараптау және зерттеу;
2. Қазақстан Республикасында болып жатқан демократиялық сипаттағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзгерістерді түсіну үшін әдіснамалық сызба жасау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай зерттеу міндеттері алға қойылды:
- «модернизация», «демократияландыру», «демократия», «саяси жаңару» категорияларына талдау жүргізу;
- Қазақстан үшін шет елдердің демократиялық модернизация тәжірибелері мен сабақтарын талдау және олардың әсер деігейін анықтау;
- демократиялық модернизацияның әлеуметтік-саяси мазмұнын ашу арқылы саяси жүйеде және саяси санада болатын өзгерістер мәні мен мазмұнын бағалау;
- модернизацияға ұшыраған қоғамның саяси жүйесін және қатынастарын демократияландыру үдерістерін қоғамдық дамудың шынайы жағдайлар сәйкестігі арқылы талдау;
- Қазақстан Республикасы демократиялық модернизацияның жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу;
- тиісті саяси институттар әрекетінің және қызметтерінің механизмін және азаматтық қоғамды қалыптастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасындағы саяси демократия базасы ретінде анықтау;
- саяси партиялардың демократиялық модернизация әлеуметтік келісім, азаматтық бейбітшілікті нығайту және қоғамды топтастыру үдерісіндегі рөлін анықтау;
-партиялық-электоральдық демократия қозғалысының басталуын зерттеу;
- 2008 жылғы конституциялық реформаның қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялауға әсерін көрсету және елдің демократияға бетбұрыс жасау потенциалын анықтау;
- Қазақстан Республикасын әрі қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттарын анықтау және ғылыми болжам жасау.
Диссертациялық зерттеудің пәні ретінде демократиялық ауысу кезеңінде дамыған Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси модернизациялық үдеріс таңдап алынды.
Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі - саясаттануда қолданылатын саяси модернизация мен демократиялық ауысулардың әртүрлі классикалық және қазіргі кезеңдегі тұжырымдары болып табылады. Диссертация тақырыбын ашуда Аристотель, Платон, Ш. Монтескье, А. Токвиль, К. Маркс, М. Вебер, О. Шпенглер, А. Тойнби, Т. Парсонс, О. Тоффлер, С. Эйзенштадт т. б. ғалымдардың еңбектері теориялық және әдіснамалық база ретінде алынды. Тақырыпты ашу барысында диссертант институционалды, жүйелі, кешенді, салыстырмалы, статистикалық, құрылымды-қызметтік және компаративті талдаудың әдіснамалық тәсілдерін қолданды. Диссертациялық жұмыста ғылыми зерттеуде кең қолданылатын әдістер пайдаланылған. Олар: салыстыру, эмпирикалық, проблемалы-хронологиялық, ретроспективті және болжау тәсілдері. Мәселенің саяси аспектісі Қазақстанның саяси жүйесінің дамуы барысында қалыптасқан нақты мысалдар негізінде қарастырылды.
Диссертацияны жазу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы», «Қоғамды идеялы топтастыру - Қазақстан дамуының шарты ретінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан - 2030 стратегиясы», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы» атты еңбектері және Қазақстан халықтары Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздері, жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдаулары маңызды әдіснамалық және теориялық негіз болды.
Диссертацияның дерек көздері мен эмпирикалық базасы ретінде танымал шет елдік және қазақстандық саясаттанушылардың еңбектері, статистикалық жинақтар, гуманитарлық сфераға қатысты халықаралық құжаттар, Қазақстан саяси партияларының бағдарламалары мен құжаттары, Үкімет құжаттары, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалық актілері, БАҚ материалдары және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері алынды.
Жұмыстың ғылыми-теориялық және практикалық маңызы . Жұмыстың теориялық мәні демократиялық модернизация үрдісінің негізгі параметрлерін анықтауда жатыр. Ізденушінің диссертация жазу барысында жүргізген теориялық-әдіснамалық талдауы отандық саяси ғылымда саяси-әлеуметтік үрдістер қалыптастыруда, бейбітшілікті нығайтуда, әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет сегменттері болып табылатын саяси партиялар, БҮҰ және қоғамдық қозғалыстар өздерінің саяси тәжірибелерін жетілдіру мақсатында зерттеу нәтижелерін пайдалануына болады.
Диссертациялық зерттеудің практикалық мәні жұмысты жазу кезінде анықталған ұсыныстар, қорытындылар мен ұстанымдарды үкіметтік құрылымдар құжаттары мен нормативті актілерді дайындау барысында саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары өз қызметтерін жетілдіру ісіне қолдануына болады. Диссертацияның материалдарын сонымен бірге Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында саясаттану мен саяси әлеуметтану пәндері бойынша арнайы курстар әзірлеу үшін пайдалануға болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы :
- «модернизация», «демократияландыру», «азаматтық қоғам», «саяси жаңарту» ұғымдары анықталынып, саяси үрдістің әртүрлі деңгейіндегі демократиялық модернизация мәселесін зерттеу барысындағы саясаттану тәсілдерінің бірлігі мен әртүрлілігі нақтыланды;
- Қазақстан үшін өркениетті елдердің демократиялық модернизация тәжірибелері мен сабақтары талданды, олардың тәжірибесінің Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі анықталды. Сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісінің өзіндік даму ерекшеліктері айқындалды;
- демократиялық модернизацияның әлеуметтік-саяси мазмұны ашылды және бұл құбылыстың елдің нақты экономикалық даму үрдісінен өзара тәуелділігі дәлелденіп, қоғамның негізгі салаларының жаңаруының біріне-бірі міндетті түрде ықпалы болатындығы көрсетілді;
- демократиялық модернизацияның саяси және әлеуметтік-мәдени алғышарттары анықталып, бұл үрдістің Қазақстан халқының саяси санасына, саяси мәдениетіне және саяси тәжірибесіне тәуелді болатындығы дәлелденді;
- саяси партиялардың демократиялық модернизация, азаматтық бейбітшілікті нығайту және қоғамды топтастыру үрдісіндегі рөлі ашып көрсетіліп, бұл үрдістегі орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктердің саяси партиялардың дамуындағы шешілмеген мәселелерге байланыстылығы сарапталды;
- Қазақстанның көппартиялық үрдісі зерттеліп, оның дамуында орын алған өрлеу - құлдырау - қайта өрлеу құбылыстарының себептері мен салдарлары сарапталынған;
- Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация үрдісінің ерекшеліктері айқындалды (1991-2007 жж. ) және бұл процестің дамуының елдегі ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік саяси тәжірибенің Қазақстандық демократияның даму моделімен толыққандығы көрсетіледі;
- партиялық-электоралды демократия қозғалысы анықталды;
- 2008 жылғы конституциялық реформаның қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялауға әсері көрсетіліп, оның елдегі саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құруға арналған қызметтерінің және ұсыныстарының билік құрушы партияның өзара түсіністігі мен демократиялық принциптегі қарым-қатынас арқасында екендігі көрсетілді;
- Қазақстан Республикасын ары қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттары анықталды және болжам жасалды. Саяси жүйенің дамуының болашағы қоғамдық қатынастарды демократияландыруды тереңдете берумен тікелей байланысты екендігі дәлелденген.
Жұмыстың практикалық маңызы Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация қозғалысына әдіснамалық және эмпирикалық талдау жүргізумен анықталады. Диссертациялық зерттеу барысында әзірленген тұжырымдар елдің ішкі саяси жағдайына болжам жасау кезінде қолданылуы мүмкін. Жұмыс нәтижелерін саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ҮЕҰ өз қызметінде пайдалана алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz