Қазақ тілінің негізгі салалары
1 ФОНЕТИКА
1.1.Дыбыс пен әріп
1.2 Дыбыстардың жіктелуі
1.3 Дауысты дыбыс әріптерінің жазылу емлесі
1.4 Дауыссыз дыбыстар
1.5 Дыбыс үндестігі
1.6 Орфография
1.7 Тура және ауыспалы мағына
1.8 Сөз таптары
1.8 Негізгі және көмекші сөздер
2 ЗАТ ЕСІМ
2.1 Зат есімнің мағыналық топтары
2.2 Септік жалғаулары
2.3 Зат есімнің жасалуы
3 СЫН ЕСІМ
4 САН ЕСІМ
5 ЕСІМДІК
6 ЕТІСТІК
7 ҮСТЕУ
8 ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР

1999 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарына қабылдау бірыңғай тесгілеу жүйесі бойынша жүргізіле бастады. Қабылдау емтихандары білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған тест тапсырмалары негізінде өтуде. Осыған орай республикамызда барлық мамандықгар бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін тапсыратын міндетті үш пәннің бірі - өзіміздің ана тіліміз, қазақ тілі болып отыр. Бұл ана тілімізге деген құрмет болса, сонымен бірге оның мәртебесінің күн санап өсіп келе жатқанын байқатады. Жоғары оқу орнына түсушілердің барлығы қазақ тіліиен емтихан тапсыратын болғандықтан, қазақ тілі негізгі пән болып есептеледі.
Орта мектепте казақ тілі 5-11 сыныптарда жүргізілгенімен, қазақ тілінің негізгі салалары 5-9-сыныптарда оқытылады да, жоғарғы 10-11 сыныптарда шешендік сөз мәдениеті, пікірталас, қарым-қатынас мәдениеті мен іс қағаздарының түрлері жүргізіледі. Сөйтіп оқуға түсуші талапкер қазақ тілінің негізгі салаларын ұмытыңқырап қалады да, азғантай уақытта қазақ тілінің бүкіл курсын кайталап, жаттығуы оңайға түспейді. Қазақ тілінің салалары бойынша барлық материалдар жинақталып берілген бұл оқу құралы талапкерлердің емтиханға өз бетінше ізденіп, өтілген материалдарды қайталап, жүйелі түрде дайындалуына септігін тигізері анық. Атап айтқанда, қазақ тілінің негізгі салалары фонетика, лексика, морфология, синтаксис және орфография, пунктуация, стилистикаға байланысты ережелер мен заңдылықтар, негізгі теориялық материалдар ірікгеліп, мысалдармен дәйектеліп, тұжырымдалып берілген.
Бұл оқу құралы жоғары сынып оқушылары мен оқуға түсуші талапкерлерге, қазақ тілін оқып-үйренгісі келген көпшілікке, оқытушы-мұғалімдерге арнатады.

АЛҒЫ СӨЗ
1999 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарына қабылдау бірыңғай
тесгілеу жүйесі бойынша жүргізіле бастады. Қабылдау емтихандары білім беру
мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған тест
тапсырмалары негізінде өтуде. Осыған орай республикамызда барлық
мамандықгар бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін тапсыратын міндетті үш
пәннің бірі - өзіміздің ана тіліміз, қазақ тілі болып отыр. Бұл ана
тілімізге деген құрмет болса, сонымен бірге оның мәртебесінің күн санап
өсіп келе жатқанын байқатады. Жоғары оқу орнына түсушілердің барлығы қазақ
тіліиен емтихан тапсыратын болғандықтан, қазақ тілі негізгі пән болып
есептеледі.
Орта мектепте казақ тілі 5-11 сыныптарда жүргізілгенімен, қазақ тілінің
негізгі салалары 5-9-сыныптарда оқытылады да, жоғарғы 10-11 сыныптарда
шешендік сөз мәдениеті, пікірталас, қарым-қатынас мәдениеті мен іс
қағаздарының түрлері жүргізіледі. Сөйтіп оқуға түсуші талапкер қазақ
тілінің негізгі салаларын ұмытыңқырап қалады да, азғантай уақытта қазақ
тілінің бүкіл курсын кайталап, жаттығуы оңайға түспейді. Қазақ тілінің
салалары бойынша барлық материалдар жинақталып берілген бұл оқу құралы
талапкерлердің емтиханға өз бетінше ізденіп, өтілген материалдарды
қайталап, жүйелі түрде дайындалуына септігін тигізері анық. Атап айтқанда,
қазақ тілінің негізгі салалары фонетика, лексика, морфология, синтаксис
және орфография, пунктуация, стилистикаға байланысты ережелер мен
заңдылықтар, негізгі теориялық материалдар ірікгеліп, мысалдармен
дәйектеліп, тұжырымдалып берілген.
Бұл оқу құралы жоғары сынып оқушылары мен оқуға түсуші талапкерлерге,
қазақ тілін оқып-үйренгісі келген көпшілікке, оқытушы-мұғалімдерге
арнатады.
ФОНЕТИКА
Фонетика - бүкіл тілдегі дыбыстар жүйесін зерттейтін ғылым. Ол гректің
фоне - дыбыс деген сөзінің мағынасына сай келеді. Таратып айтар болсақ,
фонетика тілдің дыбыстар жүйесінің заңдылықтарын дыбыстың пайда болуын,
жасалуын, жіктелуін, жазылу емлесін, үндесуін, сондай-ақ буын және оның
түрлерін, орфография, орфоэпия ережелері мен екпін, тасымал заңдылықтарын
қарастырады.
Сөз мағынасын ажыратуға себі бар дыбысты фонема дейміз. Мысалы, бай,
сай сөздеріндегі б, с дыбыстары сөз мағынасын ажыратып тұр, сондықтан олар
фонема болады.
Дыбыс пен әріп
Адам баласының әрбір дыбысы дыбыстау мүшелері, яғни ауыз, мұрын
қуысындағы сөйлеу мүшелері арқьшы жасалады. Сондықтан тіл дыбыстары
айтылады, құлаққа естіледі. Ал әріп — тіл дыбыстарын жазуда белгілейтін
таңба.
Қазақ тілшде 42 әріп бар. Әріптердің белгілі ретпен тізілген жиынтығы
алфавит деп аталады. Алфавитпен тізілген әріптердін орын тәртібі:
1) Аа 11) Зз 21) Өө 31) Һһ 41) Юю
2) Әә 12) Ии 22) Пп 32) Цц 42) Яя
3) Бб 13) Йй 23) Рр 33) Чч
4) Вв 14) Кк 24) Сс 34) Шш
5) Гг 15) Ққ 25) Тт 35) Щщ
6) Ғғ 16) Лл 26) Уу 36) ь
7) Дд 17) Мм 27) Үұ 37) Ыы
8) Ее 18) Нн 28) Үү 38) Іі
9) Ёё 19) Ңң 29) Фф 39) ъ
10) Жж 20) Оо 30) Хх 40) Ээ,
Бұл әріптердің 38-і дыбыс. Олар мыналар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з,
и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у (дауысты) у дауыссыз, ү, ү, ф,
х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. Алфавит бойынша берілген әріптер дыбыстардан
көбірек, мысалы, ё, ю, я, щ әріптерінің таңбалары білдіретін дыбыстар
қосарлы дыбыстар (дифтонг) болын келеді. Олар жеке-жеке саналатын
дыбыстардың ё=й+о; ю=й+у; я= й+а; щ=ш+ш қосындысы болғандықтан жеке дыбыс
болып есептеледі. Ал щ қазақтілінде ащы, түщы, кеще деген үш сөзде ғана
кездеседі.
Дыбыстардың жіктелуі
Тіл дыбыстарын жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс
шымылдығы, көмей ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, жақ,
кеңірдек, ерін т.б. болса, осылардың ішінде дауыс шымылдығы мен еріннің
қызметі айрықша. Міне осы дауыс шымылдығының жиырыпып немесе керілуінен
дыбыс шығады. Олар дауысты, дауыссыз дыбыстар болып жүйеленеді.
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы керіліп, ол ауыз қуысынан
кедергісіз, еркін шығады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар мыналар: а, ә,
о, ө, е, э, ұ, ү, ы, і, и, у. Дауысты дыбыс буын құрайды. жалпы саны 12.
Дауысты дыбыстар дыбыстау мүшелерінің қатысы мен түрлі ерекшеліктеріне
қарай жұптасып, үш топқа бөлінеді.
1. Тілдің қатысына карай жуан (а, о, ү, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і, э)
және бірде жуан, бірде жіңішке (и, у) болып келеді. Мысалы, жиын, суық
сөздеріндегі и, у дыбыстары жуан дауысты болса, киік, келу сөздеріндегі и,
у дыбыстары жіңішке дауысты дыбыс болып түр. Жуан дауыстыны айтқанда тілдің
ұшы кейін тартылып, үсті көтерілсе, жіңішке дауыстыны айтқанда, тілдің ұшы
сәл ілгері созылып, үсті төмендейді.
2. Жақтың қатысына қарай ашық (я, ә, е, о, ө, э), қысаң(ы, і, и,ұ,ү,у)
болып бөлінеді. Ашық дауысты дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін
шықса, қысаң дауысты дыбыстарды айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып
шығады.
3. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік (о, ө, ү, ү, у), езулік (а,
ә, е, ы, і, и, э) болып бөлінеді. Еріндік дауыстыны айтқанда ерін алға
қарай созылып, сүйірленсе, езулік дауыстыны айтқанда езу кейін карай
тартылып, жиырылады.
Дауысты дыбыс әріптерінің жазылу емлесі
Дауысты дыбыстардың өздеріне тән айтылу, жазылу ерекшеліктері бар.
Қазақтын байырғы сөздерінде дауыстылар бірыңғай жуан немесе жіңішіке болып
келсе (балалар, қайық, түлкі теңіз), басқа тілден енген сөздерде жуан,
жіңішке дауыстылар араласып келе береді. Мысалы, физика, медаль, педагог
т.б.
1. а, е, ы, і әріптері буын талғамайды. Мысалы, адамдар, ықылас,
еріншек, інісі, т.б.
2. ә әрпі буын талғайды, ол көбінесе сөздің бірінші буынында және бір
буынды сөздерде жазылады. Мысалы, ә-демі, ә-ділет, кә-сіп, Зәу-ре, ән, әр,
жә, тәртіп т.б. Ал кінә, іңкәр, сірә, мәрмәр т.б. сөздерде екінші буында
жазылады. Кейбір сөздерде ә әрпінің орнына а әрпі жазылады. Мысалы, Ләззат
(айтылуы- Лэззәт); шәрбат (айтылуы — шәрбәт); дімкас (айтылуы - дімкәс);
рәсуа (айтылуы — рәсуә) т.б. Сөз ә әрпіне аяқталса, оған қосымша жуан
жалғанады: кінә - кінә-лау, Күлән-Күлән-ға.
3. о, е әріптері буын талғайды да, сөздің алғашқы буындарында және бір
буынды сөздерде жазылады. Мысалы, о-рақ, қо-нақ, өт, ор, өн-ді-ріс, ө-сім,
өс, өн, ор т.б.
Кейбір сөздердің алдыңғы буынындағы о, ө дыбыстарының әсерімен екінші
буыадағы ы, і, е, дыбыстары ұ, ү, ө болып естіледі, бірақ жазуда ы, і, е
жазылады. Мысалы, ойын —айтылуы ойүн, өнер — айтылуы өнөр, қоңыз - айтылуы
қоңұз, өмір — айтылуы өмүр т.б.
Ал орыс тілінен енген сөздерде о әрпі буын талғамай, барлық буында
жазылса (орден, кино, филолог), біріккен сөздерде о, ө әріптері орта және
соңғы буындарда жазыла береді (Қарагөз, Нұрбол, Ақмола қолөнер т.б.)
4. Ү, Ү әріптері де буын талғайды. Көбінесе бірінші буында жазылады.
Мысалы, күкірт, үндеме, бүлдірген. Ал ортадағы және соңғы буындарда
(бұлбұл, мақұл, мәжбүр, дүлдүл, Зейнегул, Қарақүл) сиректеу кездеседі.
Кейбір сөздердің басқы буынындағы ү, ү дыбыстарының әсерімен келесі
буындағы ы, і дыбыстары ү, ү түрінде айтылады, бірақ жазылғанда ы, і
әріптері сияқты жазылады. Мысалы, құлын — айтылуы құлұн, күміс — айтылуы
күмүс т.б.
5. ы, і әрілтері буын талғамайды, барлық буындарда кездеседі. Мысалы,
ырғы, ыдыс, ынта, дауыл, қазына, атырап, мәжіліс, мәлімет, үзіліс, көрініс
т.б. Кейбір сөздерге қосымша жалғанғанда түбірдегі ы, і дыбыстары түсіп
қалады. Мысалы, ойына=ойна, ерік+і = еркі, бөрік+і=бөркі,
жиын+ал+ыс=жиналыс, алты+ау=алтау, оқы+у=оқу, кемі-у=кему т.б.
6. и әрпі жалаң и дыбысын және қосарлы ый, ій дыбыстарын таңбалайды да,
сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, ки, жи, иіс, ине, бидай,
Ғани, Иса. Қосарлы ый әрпі тек сый, гый түбірінен жасалған сөздерде
жазылады: сый, сыйлық, сыяды, сыю, тый, тыйым, тыяды, тыюлы. Ал сөз
құрамында я, ю әрпі болса одан бұрын ы, і, әрпі жазылмайды, и жазылады.
Мысалы, қария, тақия, қия, қию т.б.
7. я әрпі й және а дыбыстарының, ал ю, и және у дыбыстарының қосынды
танбасы ретінде барлық буында жазылады. Мысалы, аян, аяқ, қоян, аю, қою.
8. Э, ё әріптері тек орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілден
енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы, элеватор, ёлка, шофёр т.б.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының жиырылып, өкпеден шыққан ауаның
ауыз қуысындағы мүшелердің біріне соқтығысып, бір-біріне кедергі жасауынан
шығады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар, олар мыналар: б, в, г, ғ, д,
ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, щ, ш.
Дауыссыз дыбыстар дауыс пен салдырдан құраладьг да, үш топқа жіктеледі.
1. Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, ш, щ, с, х, , ц, ч. Бұл
дыбыстар, негізінен, салдырдан құралады.
2. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ. Ұяң дауыссыздарда
салдыр басым, дауыс азырақ болады. Қазақ тілінде 7 қатаң дауыссыз бен 7 ұяң
дауыссыз дыбыс бір-бірімен қатаң ұяң болып жұптасады: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-
д, с-з, ш-ж.
3. Үнді дауыссыздар мыналар: л, м, н, ң, р, й, у. Мұнда дауыс басымырақ
болып, салдыр аз болады. У дыбысы дауысты да, дауыссыз да болып қолданыла
береді. Дауысты дыбыстан соң келсе (тау, сау) дауыссыз, ал дауыссыздан соң
келсе (ту, ку) дауысты болады.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің жазылу емлесі
1. Қазақтың байырғы сөздері б, в, г, ғ, д, ж, щ, дыбыстарына
аяқталмайды. Қазақ тілінде ж дыбысына аяқталған мұқтаж, лаж, уәж деген
санаулы сөздер бар. Мұның өзі қазақ тіліне сіңісіп кеткен араб, парсы
сөздері болу керек. б, в, г, д дыбыстарына аяқталған орыс тілінен енген
сөздерге қосымша жалғанғанда қатаң дыбыстан басталып жалғанады. Мысалы,
педагог — педагогты, педагогтан, штаб — штабты, штабтан.
Дауыссыз б.д, қазақтың байырғы сөздерінде сөздің басында да, ортасында
да қолданылады. Мысалы, бала, бар, жоба, саба, дала, дана, көде, кедергі
т.б.
2. Қазақтың байырғы сөздері ң, й дыбыстарынан басталмайды, басқа
буындарда кездеседі. Мысалы. аң, сең, жаңа, той, ай, бай т.б.
3. Б, в, г, д, ч, ц, ф, ң әріптері баска тілден енген сөздерде
қолданылады. Мысалы, монолог, парад, устав, клуб, цирк, ферма т.б. Ал щ
әрпі қазақ тілінде ащы, тұщы, кеше деген үш сөзде ғана жазылады. Ф әрпі
кейбір араб. парсы тілдерінен енген сөздерде көбінесе адам аттарында
кездеседі. Мысалы, бұл фәни дүние, сақталған саф алтын, Фатима, Марфуға
т.б.
4. Орыс тілінен енген сөздер вд, мп, кт, нк, нг, мб, ск, фт, ат, мт
дыбыстарына аяқталса, оған түрлі қосымшалар жалғанғанда араларына дәнекер
ы, і әріптері жазылады. Мысалы, киоск-і-ні — киоскіні, митинг-і-ге -
митингіге, лифт-і-мен - лифтімен т.б.
5, Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тг, пп, ст, кст, сть, зд
дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйівде өзгеріссіз, ал қосымша
жалғанғанда соңғы әрпі түсіріліп жазылады. Мысалы, класс — класқа, металл-
металды, текст-текспен, съезд-съезге т.б.
6. Орыс тілінен енген сөздер ог, уг, рк, рг, ик, мк, нк, кс, кт, ск,
лк, окт, ель, брь, кль, бль сияқты дыбыстар тізбегіле аяқталса, оларға
қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы, паркпен, паркті, округтен, округті,
бинокльді, бинокльмен.
7. X әрпі негізінен орыс тілінен енген сөздерде (хирург, зоотехшк, цех)
және араб, парсы тілдерінен енген сөздерде (тарих, хал, сахара, хат, Ахмет,
Хамит) жазылады.
8. һ әрпі естілген жерінде жазыла береді. Мысалы, Гауһар, жауһар,
жиһан, аһ, уһ т.б.
9. Жіңішкелік ь және жуандық ъ танбалары тек орыс тілінен енген
сөздерде гана қолданылады. Жіңішкелік ь белгі түбір сөздің соңына келіп,
оған дауыстыдан басталған қосымша жалғанса жіңішкелік белгі ь түсіріліп
жазылады да, дауыссыздан басталған қосымша жалғанса жінішкелік белгі
түсірілмей жазылады. Мысалы. октябрь - октябрі, сентябрь - сентябрі,
сентябрь - сентябрьде, госпиталь – госпитальға.
10. У әрпі жуан сөзде де жіңішке сөзде де (тау, бау, көсеу, келу)
қолданылады. У дыбысына аяқталған етістікке у жұрнағы жалғанса, түбірі
өзгермей жазылады. Мысалы, бу - буулы, жу — жуулы, сау, сауулы.
11. Ю әрпі и+у дыбыстарының орнына (аю, көркею, ою) және орыс тілінен
енген сөздерде (люкс, офис) қолданылады. Қазақ тілінде хайуан, миуа, қиуа
диуана, айуан деген сөздер осылай жазылады.
Буын
Сөздерді айтқанда дауыс толқыны бөлшектеніп, топталып айтылады.
Сөздердің буым саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзде дауысты дыбыс
қанша болса, буынның саны да сонша болады. Ал дауыссыз дыбыс буын жасай
алмайды. Мысалы, от, адамдар, кітабым, аналарымыздың деген сөздерде от, а-
дам-дар, кі-та-бым, а-на-лар-ы-мыз-дың болып дауыс толқынымен бөлшектеніп
айтылады. Мұнда бір буынды сөздер де екі, үш, төрт, бес, алты буынды сөздер
де бар.
Буын дегеніміз сөздерді айтқан кездегі ауаның бір толқыны. Қазақ
тілінде буынның үш түрі (ашық, тұйық, бітеу буын) бар.
Ашық буында бір ғана дауысты дыбыс болады, немесе дауыссыздан басталып
дауыстыға аяқталады. Мысалы, а-на, ә-ке, кө-ке, жә-ке, а-та, ба-ла.
2. Тұйық буын дауыстыдан басталып дауыссызға аяқгалады. Кейде үш
дыбыстан да құралады. Ондай кезде соңғы дауыссыз дыбыс қатаң, оның
алдынғысы үнді дыбыс болады. Мысалы, он, өт, ой, ін, өрт, ұлт.
3. Бітеу буын кем дегенде үш дыбыстан құралады да, дауыссыздан
басталып, дауыссызға аяқталады, Яғни ортасы дауысты екі жағы дауыссыз
болады. Мысалы, бас, бақ, жол-дас, жас-тық. Кейде төрт дыбыстан құралатын
бітеу буындар да кездеседі. Ондай кезде соңғы дауыссыз дыбыс қатаң оның
алдыңғысы үнді дыбыс болады. Мысалы, төрт, сарт, тарс, қарт.
Тасымал
Тіліміздегі сөздер бір буынды да, көп буынды да бола береді. Сол көп
буынды сөздерді жазып келе жатқанда жолға сыймаса, ол буынға бөлініп
тасымалданады. Сөздерді тасымалдаудың бөлгіш заңдылғы бар.
1. Жалғыз буынды сөз тасымалданбайды; ақ, от, су, арт, қант, төрт.
2. Қысқарған күрделі атаулар тасымалданбайды: АҚШ., ХҚТУ., ҚазМҰУ.,
БҰҰ.
3. Қысқартылып жазылған кісі аттары ата-тегінен бөлініп жазылмайды.
Мысалы, А.Құнанбаев дегендегі А әрпін бірінші жолға қалдырып, ҚҰнанбаев
дегенді екінші жолға жазуға болмайды.
4. Сан есімдермен қатар келген, қысқарған өлшем атауларын алдынғы сан
атауларынан бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы, 20 км дегендегі км-ді
алдыңғы саннан бөліп алып тасымалдауға болмайды.
5. Бір дауысты дыбыстан тұратын буынды жол соңында қалдыруға болмайды.
Мысалы, апа деген сөздін бірінші буыны а-ны бірінші жолға қалдырып па
бөлігін екінші жолға шығарута болмайды.
6. Дауысты дыбыстардың ортасында й, у дауыссыз дыбыстары келсе, бұл
дыбыстар келесі буынның басында жазылып, солай тасымалданады. Мысалы, са-
уын, жа-уын, де-йін, да-йын.
Сөздерді тасымалдағанда есте болатын нәрсе: дауысты Дыбыстан басталған
буын жолдын екінші бөлігіне еш уақытта жазылмайды, дауысты дыбыс бірінші
жолдың аяғында қалады.
Екпін
Сөздер айтылғанда барлық буын бір қалыпты айтылмайды, біреуі күшті
қарқынмен айтылады. Бірақ қазақ тілінде екпін сөздің мағынасына әсер
етпейді. Әдетте екпін сездің соңғы буынында болады. Мысалы, балалар деген
сөзде соңғы буындар күшті айтылады. Сөз ішінде бір буынның басқа буыннан
күшті айтылуы екпін деп аталады.
Қазақ тілінде екпін түспейтін қосымшалар:
1. Жіктік жалғауына екпін түспейді, Мысалы, жақсы-сың, бара-мыз, жүре-
ді, үлкен-сіз т.б.
2. Етістіктің болымсыз мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, - ; бе, -па,
-пе қосымшаларына екпін түспейді. Мысалы, айтқыз-ба, көрмей-сің-дер, жаздыр-
ма-ған т.б.
3. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу,
ұқсату мәнін білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей . және -ша, -ше
жұрнақтарына екпін түспейді. Мысалы, үй-дей, бала-ша, келген-дей т.б.
4. Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш мәнін білдіретін -шы,
-ші қосымшасына екпін түспейді. Мысалы, көр-ші, бар-шы, айтыңқыра-шы,
көрсең-ші, барайық-шы т.б.
Үндестік заңы
Кез-келген сөзге қосымша жалғанғанда ол белгілі бір заңдылыққа
негізделеді. Біріншіден, сөздің соңғы буынына қарай үндесіп жалғанса,
екіншіден, түбір мен қосымшаның жігіндегі немесе сөз аралығындағы көршілес
келгем дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, үйлесіп қолданылады. Мысалы, басшы,
сөзшең дегендегі түбір сөз бас жуан буынды болғандықтан, оған жалғанып
тұрған -шы қосымшасы да жуан болып, ал сөз жіңішке буынды болғандықтан шең
қосымшасы жіңішке болып үйлесіп, жалғанып түр. Бұл сөздердің қосымшасындағы
ш дыбысынын әсерінен түбірдегі с және з дыбысы айтқанда ш дыбысына айналып,
башшы және сөшшең болып естіледі. Бірақ ол жазуда ескерілмей басшы, сөзшең
болып жазылады.
Сондай-ақ көршілес келген дыбыстар да бірі-біріне әсер етіп, үйлесіп
отырады. Түбір сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның
басқы дыбысы да қатан (бас-ты, бас-тар, бас-қа, бас-тың) болады. Түбірдің
соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң (сөз-дер,
сөз-ге, сөз-бен) болып жалғанады.
Ал түбірдің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді болса, оған жалғанатын
қосымшалар да ұяң не үндіден (бала-ға, бала-дан, көл-ге, көл-ден)
басталады.
Сонымен үндестік заңы деп көршілес келген дыбыстар меи буындардың бір-
біріне әсер етіп, бейімделуші айтамыз. Қазақ тіліндегі мұндай үндесу
негізінен буын мен дыбыстарға қатысты болғандықтан, үндесудің буын
үндестігі және дыбыс үндестіп деп аталатын екі түрі қалыптасқан.
Буын үндестігі
Қазақ тіліндегі сөздерге қосымшалардын бірыңғай жуан немесе бірыңғай
жіңішке жалғануы сөздін соңғы буынына байланысты болады. Мысалы, бала
сөзінде ба-ла деген екі буын болса, екінші буыны ла жуан болғандықтан, оған
жалғанатын буын да ба-ла-ға , ба-ла-дан, ба-ла-ға, ба-ла-ны болып жуан
жалғанып тұр. Ал кіші деген сөз кі-ші болып екі буынға болінген. Соңғы буын
ші жіңішке болғандықтан, оған кі-ші-ге, кі-ші-ні, кі-ші-ден болып жіңішке
буынды қосымша жалғанған.
Сонымен қазақтың байырғы сөздерінің соңғы буыны жуан болса оған
жалғанатын қосымша да жуан буынды болып, соңғы буын жіңішке болса жіңішке
буынды қосымша жалғанып қолданылады. Мұндай заңдылық буын үндестігі немесе
сингармонизм деп аталады.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай, өзшің қалпын сақтап жалғанатын
қосымшалар да бар. Олар мыналар:
1. көмектес септігінін -мен, -бен, -пен жалғаулары. мысалы, бала-мен,
адам-мен, кітап-пен, жаз-бен, күз-бен.
2. Негізінен басқа тілден енген -ов, -ова, -ев, -ева, - , -ина, -қор,
-қой, -кеш, -геш, -гей, -хана, -нікі, -дап, паз қосымшалары. Мысалы, Хасен-
ов, Есен-ова, Жұмағаз-ина, дүние-қор, бәле-қор, арба-кеш, әуес-қой, ем-
хана, бала-нікі, адам-дікі.
3. Соңғы буында ә дыбысы бар сөздерге қосымша жуан жалғанады. Мысалы,
кінә-лау, күмән-дану, күнә-ға.
4. х дыбысына аяқталған сөздерге қосымша жуан жалғанады. Мысалы, тарих-
тан, цех-та, штрих-ты.
Дыбыс үндестігі
Буын үндестігі дауысты дыбыстарға байланысты болса, дыбыс үндестігі
дауыссыз дыбыстарға байланысты болады. Мәселен, түбір сөздің соңғы
дыбысының қатаң болуынан жалғанатын қосымшаның басқа дыбысы да (тас-ты, тас-
тан) қатаң болады. Түбірдің соңғы дыбысының ұяң не үнді болуынан жалғанады
қосымшаның басқа дыбысы да не ұяң не үнді (жаз-ды, жаз-са, сән-ді, сән-ге)
болып жалғанады. Мұндай үндесу түбір сөзбен қосымшаның жігінде ғана емес,
сөз аралығында да, біріккен сөз сыңарларының аралығында да болады. Қазақ
тілінде бұл үндесу дыбыс үңдестігі немесе ассимиляция деп аталады. Мұның
екі түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Ілгерінді ықпал
Түбір сөз бен қосымшаның жігіндегі немесе біріккен сөз бен сөз
аралығындағы алғашқы дауыссыз дыбыстың соңғы дауыссыз дыбысқа қарай үйлесіп
қолданылуы ілгеріңді ықпал деп аталады. Ілгерінді ықпал мынадай орындарда
кездеседі:
1. Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы
дыбысы не ұяң, не үнді болады. Мысалы, бала-ға, бала-ны, бала-дан, бала-ның
2. Сөздің соңы дыбысы қатаң болса, жалтанатын қосымшаның басқы дыбысы
да қатаң болып жалғанады. Мысалы. бас-тық, бас-қар, бас-пен, бас-қа, бас-
тың,
3. Сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның
басқы дыбысы да ұяң не үнді болады. Мысалы, мал-ға, мал-мен, мал-да.
Ескерту:
1. ш, с дыбыстарынан басталатын қосымша сөзге сол күйінде өзгеріссіз
жалғанады. Мысалы, мал-шы, сөз-шең, өзің-сің, құлын-шақ.
2. б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөздерге қатаң дыбыстан басталатын
қосымша жалғанады. Мысалы, клуб-қа, араб-та, Оспанов-ты, Омаров-қа.
Тілмізде ілгерінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрлері көп кездеседі.
Солардың негізгілері мыналар:
1. Сөздің соңы ш дыбысына аяқталып, оған с дыбысынан басталған қосымша
жалғанғанда қосымшадағы с дыбысы айтқан кезде ш болып естіледі.
Мысалы, жазылуы: айтылуы;
қаш-са, шаш-са қашша, шашша
аш-са, іш-се ашша, ішше
2. Біріккен сөз бен сөз тіркестің бірінші сыңарлары қатаң дыбысқа
аяқталып, екінші сыңары ұяң дыбыстан басталса, бірінші сыңардағы қатаң
дыбыстың әсерінен екінші сыңардағы ұяң дыбыс қатаң болып естіледі.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
Жүсіп-бек, Кеңес-бай Жүсіппек, Кеңеспай
тоқ бала, алып бар тоқ пала, алып пар.
3. Біріккен сөз бен сөз тіркесінің бірінші сыңары ұяң үнді немесе
дауысты дыбысқа аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтқан
кезде екінші сыңардағы қатаң дыбыс ұяң болып естіледі.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
Тұрды-құл, көз-қарас Тұрдығұл, көзғарас
Жаңа-қорған, бөз көйлек Жаңағорған, бөзгөйлек
атың қайда, қара қағаз атың ғайда, қара ғағаз
Кейінді ықпал

аралығындағы кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсерін тигізіп
үйлесуін кейінді ықпал деп атайды. Кейінді ықпал мынадай орыңдарда
кездеседі:
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң қ, к, п дыбыстарына аяқталып, оған
дауыстыдан басталған қосымша жалғанса, сөз соңындағы қатан дыбыстар ұяңға
айналады. Мысалы, жүрек-і — жүрегі, күрек-і - күрегі, тарақ-ы, тарағ-ы, тап-
а-мын, таб-а-мын, жап-а-мын — жаб-а-мын, сеп-у — себ-у, қап-у — қаб-у.
2. Сөздің соңғы дыбысы катаң п дыбысына аяқталып, оған дауыстыдан
басталған қосымша жалғанғанда, сөз соңындағы қатаң дыбыс у дыбысына
айналады. Мысалы, сеп-іп - сеуіп, тен-іп -теуіп, жап-ып — жауып, қап-ып —
қауып.
Кейінгі ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрлері де бар: 1. Түбір сөздің
соңғы дыбысы немесе біріккен сөз сыңарларының алғашқысы н дыбысына
аяқталып, оған жалғанатын қосымшанын немесе екінші сыңардың алғашқы дыбысы
ғ, б, қ, к, г, п дыбыстары бояғанда түбірдің соңғы н дыбысы айтқанда ң
дыбысына немесе м дыбысына айналады.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
Бұрын-ғы, жан-ға бұрыңғы, жаңға
Тұрған-бек, Жан-пейіс Тұрғамбек, Жампейіс
2. Түбірдің соңғы дыбысы с, з дыбыстарына аяқталып, оған ш, с
дыбыстарынан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі с, з дыбыстары ш, с
болып естіледі.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
ас-шы, кес-ші ашшы, кешші
қаз-са, көз-сіз қасса, көссіз
3. Түбірдің соңғы дыбысы не біріккен сөздін бірінші сыңары з, с
дыбысына аяқталып, оған ш, с, ж дыбыстарынан басталған қосымша немесе жеке
сөз келсе з дыбысы айтқанда с не ж дыбысына, с дыбысы ш дыбысына айналады.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
жаз-са, Боз-жан жасса, Божжан
мұз сал, Ораз-жан мұссал, Оражжан
тас шаптың ба? таш шаптың ба?
4. Біріккен сөз бен тіркескен сөздің бірінші сыңары қатан Дыбысқа
аяқталып, екінші сыңары дауысты дыбыстан басталса, бірінші сыңарындағы
қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып айтылады.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
Көкжиек, шолақ еді көгжиек, шолағ еді
шөп әкелді, көк ала шөб әкелді, көгала
5. Тіркескен сөздің бірінші сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екінші
сыңары дауысты дыбыстан басталса, бірінші сыңардағы дауысты дыбыс түсіріліп
айтылады.
Мысалы, жазылуы: айтылуы:
торы ала ат торалат
бара ала ма? барала ма?
бары осы баросы
Орфография
Сөздердің жазылуы мен айтылуы бірдей бола бермейді. Тілдегі сөздердің
дұрыс жазылу ережелерінің ясиынтығы орфография деп аталады. орфос — гректің
дұрыс, түзу, ал графия — жазу деген сөзінен алынған. Дұрыс жазу ережелері
етле деп те аталады. Тілдегі дұрыс жазу ережелері үш түрлі принцигеке
сүйенеді.
1. Дәстүрлі принцип. Бұл принцип бойынша сөздер бастапқы тұлғасында
емес, тілде қалыптаскан үйреншікті тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы, хат,
халық, хабар, хал, хан. 1940 ж. қазақ тілінің жаңа графикаға көшуімен
байланысты жасалған емле заңдарының негізінде бірқатар сөздерде х әрпі
жазылады деген ереже қабылданған, Содан бері бұл сөздердің х әрпімен
жазылуы дәстүрге айналып кеткен. Сондай-ақ у Әрпіне байланысты: миуа,
айуан, кейуана, айуанат; қ әрпіне байланысты: қауіп, киуа, қиуаз, қиуадан
шауып; щ әрпіне байланысты; ащы, тұщы, кеще сөздері де дәстүрлі принципке
сүйеніп осылай жазылады. Орыс тілінен ертеректе енген бірсыпыра сөздер де
қазақ тіліңде қалыптасқан дағды бойынша, яғни дәстүрлі принципке сүйеніп
жызылады. Мысалы, болыс, ауылнай, облыс, самаурын, шайнек, кереует, божы
т.б. Дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер көп емес.
2. Фонетикалық принцип бойынша сөздер айтылуы және естілуі бойынша
жазылады. Мысалы, тарағы тауып, жауып, Торайғыр, Бегәлі, Өмірзақ т.б.
сөздер естілуі, айтылуы бойынша жазылған. Бұл сөздердің негізі тарақ-ы,
тап+ып, Торы+айғыр, Бек+әлі, Өмірі+ұзақ екендігі анық.
3. Морфологиялық принцип бойынша сөздер айтылуынша жазылмайды, тек
түбір тұлғасын сақтап жазылады. Мысалы, қос-шы, (қошшы емес) бара алмай
(бар алмай емес), бұрын-ғы (бұрыңғы емес). Бұл принцип қазақ тілінде
негізгі принципке жатады.
Бөлек жазылатын сөздердің емлесі
1. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым
аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы,
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қазақ Мемлекеттік Ұлттық
университеті, Америка Құрама Штаты.
2. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесіндегі әрбір сөз бөлек
жазылады. Мысалы, бас киім, іш киім, су диірмен, темір жол, тас жол, ағаш
көпір, ат қора, қой қора, қолқа тамыр, шеке тамыр, қыз бала, ұл бала, ала
бұлт, асыл тас, ақ бас.
3. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердін әрбір сөзі бөлек
жазылады. Мысалы, он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті,
екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым;
қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ
шабдар.
4. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы, жаза бер,
жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара
алмай қалды, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.
5. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің
әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы, қызмет ет, жұмыс қыл, жәрдем ет, жәрдем
етіп жібер, жәрдем бер, шап ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете
түсті, баж ету.
6. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы,
таяқжеу, жан қию, жан қиярлық, ат салысты, бой ұру, ат үсті (қарау), қырғи
қабақ (болу), тіс қаққан (жігіт).
Бірге жазылатын сөздер
1. Тұлғасы өзгеріліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы,
бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер,
түрегелді, ерғашты, жұрағат, қарлығаш.
2. Еш, әр, кей, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер
түбір тұлғалары өзгертілмей бірге жазылады. Мысалы, әркім, әрбір, әрдайым,
әрқашан, ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайсыбір, бірдеңе,
бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі,
бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан.
Ескерту:
Еш, әр, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде бөлек
жазылады. Мысалы, еш жер, кей адам, әлде жауын, әлде қар, бір қыз т.б.
3. Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік,
биологиялық астрономиялық, химиялық т.б.) саласында терминдік Мәнге ие
болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап бірге жазылды. Мысалы, баспасөз,
өнеркәсіп, кәсіподақ, бесжылдық, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас,
еңбеккүн, қонақасы, шикізат, көкжиек, кемпірқосақ, оттегі, сутегі,
қостотық, тозаңқап, гүлтабан, тамыржеміс, сүтқоректілер, оңқанаттылар.
4. Екі кейде үш түбірден құралған аң, құс, жан-жануарлар, құрт-
құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады.
Мысалы, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, көкқуған,
аққутан, аққу, қарақұс, есекмия, жаужұмыр, тұйеқарын, шегіргүл, айдаршөп,
қырықаяқ, қаракүйе, алабұға.
5. Екі түбірден құралын, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс,
мәдениет, өнер, спорт т.б. қатысты зат, құрал-жабдық атаулары мен әр алуан
мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің жабдық атаулары бірігіп жазылады. Мысалы,
шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс, ақсүйек
(ойын), балтамтап (ойын), беташар, тоқымқағар, ақсарбас (ырым),
тоғызқұмалақ, асатаяқ, теміржолшы, отызмыңшылар, алыпсатар, атқамінер,
6. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер немесе бірінші
сыңары, фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино, гидро, агро, транс.
инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келген
тіркестер бірге жазылады. Мысалы, халықаралық, аудакаралық, континентарлық,
жаратылыстану, ультракүлгін, изосызық, гипержазықтық.
Ескерту:
Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық,
бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде
жазылады.
7. Екі, кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар,
негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы, Досжан, Өтепберген,
Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған, Қандыағаш, Сарыөзек,
Екібастұз, Қызылжарқұдық.
Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен
тіркескенде, жалқы есімге қосылып жазылады. Мысалы, Бауыржан Момышұлы,
Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Ескерту:
1) Екі түбірден құралған біркатар кісі аттары түбір тұлғалары өзгеріп,
біріккен түрінде жазылады. Мысалы, Дәметкен, Торайғыр, Ұлбосын, Қожахмет.
2) Екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі
түбірдің үндесу ыңғайына қарай жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа
аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптершен жазылады. Мысалы, Күсенқали,
Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейітқүл, Аққыз алдыңғы түбір дауысты дыбыстар
мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталса, ғ, г әріптері жазылады. Мысалы,
Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенғұл, Қарагөз,
Ботагөз, Айғыз.
3) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден
жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, оларда не
алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жазылады. мысады, Ысқақ (Сқақ
емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес), Сымтай (Смтай емес),
Сыланов (Сланов емес), Сымағұл (Смағұл емес), Ырза (Рза емес), Ырзабай
(Рзабай емес), Ырысалды (Рысалды емес);
4) Аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін алдарынан қолданылатын
анықтауыш есімдер бас әріппен басталып, бөлек жазылады. Мысалы, Кіші Азия,
Орта Азия, Орталық Азия, Үлкен Қараой, Кіші Қараой.
Орфоэпия
Сөздердің дүрыс айтылу ережелерінің жиынтығы орфоэпия деп аталады.
Тілдегі сөздердің жазылуы мен айтылуы бірдей болмайды. Мысалы, Сәрсенбі,
бара кел, жазса, бүгінгі, ақ орамал т.б. сөздері осылай жазылғанымен, түбір
сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз аралығы мен біріккен сөз сыңарларының
аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етуінен
Сәрсембі, бара гел, жасса, бүгіңгі, ағ орамал болып өзгеріп айтылады.
Сөздер орфографиялық заңдылыққа сүйеніп жазылады да, орфоэпиялық
заңдылыққа сүйеніп айтылады. Бұл заңдылық орфографиялық және орфоэпиялық
сөздіктерде көрсетіледі.
Лексика
Тілдегі барлық сөздердің жиынтығын құрайтын сонымен бірге тілдің сөз
байлығы мен мағыналарын қарастырып, оны айқындайтын тіл ғылымының бір
саласы лексика немесе лексикология деп аталады. Лексикос — грекше сөз
дегенді біддіреді. Тілде қолданылатын сөз атаулының бәрін тілдің лексикасы
деп атай береді. Олай болса лексиканың негізгі зерттеу нысаны -сөз. Белгілі
бір ұғымға берілген атау, атап айтқанда, бізді айнала қоршаған заттың,
құбылыстың, оқиғаның, түр-түстің, қимылдың т.б. ұғымның атауы сөз деп
аталады.
Тілдегі әрбір сөз белгілі бір ұғымның түсініктің атауы болады. Мысалы,
ақ, қызыл, қара, жасыл — түстік ұғымды, бір, екі, бес, он — сандық ұғымды,
бар, кел, оқы — қимылдық ұғымды, адам, тау, тас, кітап — заттық ұғымды
білдіреді. Әрбір сөздің білдіретін ұғымын, негізгі түсінігін сөз мағынасы
дейді.
Сөз мағыналары
Тілде қолданылатын әрбір сөздің өзіне тән мағынасы болады. Олар сөздің
лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы.
Сөздердің түбір күйінде беріп түрған негізгі ұғымы лексикалық мағына
деп аталса, создердің сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу
нәтижесінде туатын жалпы мағынасы грамматикалық мағына деп аталады. Сөздің
лексикалық мағынасы біреу болса, грамматикалық мағынасы бірнешеу болуы
мүмкін. Мысалы, Арман үйге кірді деген сөйлемдегі үш сөз белгілі бір
лексикалық мағыналарды білдіріп, сонымен бірге бірнеше грамматикалық
мағыналарға ие болып тұр. Арман деген сөздің лексикалық мағынасы түбір
тұлғада заттық атауды білдіруі болса, сөйлем ішінде өзге сөздермен
грамматикалық байланысқа түсіп, негізгі лексикалық мағынасына қосымша үш
түрлі грамматикалық мағынаға ие болып тұр: 1) атау тұлғада тұруы, 2) жекеше
тұлғада тұруы, 3) заттың атауы, зат есім болуы. Үйге -қоныс, мекен жай
атауы яғни зат атауы, келді — қимыл, қозғалыстың атауы және ол қимыл
қозғалыстың аяқталғанын білдіреді. Ал грамматикалық мағыналарын ажыратсақ,
үйге сөзінің зат есім екендігі, жекеше, жалпы есім және -ге қосымшасын
қосып алып бағыт мағынасын білдіретіндігі, ал келді сөзінің етістік
екендігі -ді III жақ тұлғасында және жедел өткен шақ мағынасын беретіндігін
анықтауға болады.
Тура және ауыспалы мағына
Сөздің о бастағы негізгі ұғымы оның тура мағынасы болады. Тура мағына
заттар мен құбылыстардың қазіргі кездегі негізгі мағынасы ретінде танылады,
Бүл кейде атауыштық мағына деп те аталады. Сөздің сыртқы көрінісі және ішкі
мазмұны бар. Сөздің формасы — дыбыстар жиынтығының бір жүйеде айтылуы.
Белгілі бір жүйеде айтылған дыбыстар ғана сөз жасай алады. Мысалы, өрік
деген сөзді айтқанда ол туралы мынадай ұғымдарды еске аламыз. Жемістің бір
түрі екендігі және оның өзіне тән иісі мен дәмі болатыны, сыртқы түрі мен
түсі жағынан түрлі-түрлі екендігі т.б. Мінс осы сияқты ұғымдардың
жиынтығынан өрік деген сөздің мағынасы айқындалады. Сездің дыбысталуы және
сөздің мазмұн-мағынасы бір-бірімен тығыз байланысты. Дыбыссыз сөз, сөзсіз
мағына жоқ. Сол сияқты тау, тас, ағаш, өзен, жаңбыр деген заттық ұғымдар
жеке-жеке аталып, әрқайсысы белгілі бір мағынаны білдіреді. Мысалы, тау -
ірілі-уақты түрлі тас, топырақ жынысынан құралып, бөлінбейтіндей болып
тұтасқан биік көрініс, зат болса, ағаш — ұзындығы, көлемі түрлі дәрежеде
қалыптасып өскен өсімдік, тас — нығыздалған, қатты зат, қол — адамның дене-
мүшесі т.б. Бірақ бұл заттардың бойындағы ұғым, түсінік, мағына басқа да
заттар мен құбылыстың бойынан табылуы мүмкін.
Сөздің негізгі, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада
қолданылатын, кейіннен пайда болған мағына ауыспалы мағына деп аталады.
Мысалы, тас сөзі - зат атауы, нығыздалған қатты зат. Бұл оның тура
мағынасы. Тас сезі кейде басқа сөздермен тіркесіп келіп, ауыспалы мағынада
жұмсалады. Қазақта тас бауыр деген сез бар. Бұл жердегі тас бауыр сөзі тас
сияқты қатты мағынаны емес, адамның мейірімсіздігін, қатігездігін білдіріп,
тура мағынаға қосымша ауыспалы мағына үстеліп қолданылған. Сол сияқты қол —
адамның дене-мүшесі. тура мағынада қолданылып тұр. Сен менің оң қолымсың
деген сөйлемдегі оң қолымсың деген тіркес көмекшімсің деген мағынаны
білдіріп түр. Ал қол ұшын берді деген тіркес жәрдемдесті деген ұғымды, қолы
жеңіл - ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар - қол сөзінің ауыспалы
мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы, ақ
сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса, бірде сүт,
айран дегенді білдіреді.
Көп мағыналы сөздер
Сөзде бірнеше мағына қатар қолданыла береді. Бірнеше Мағынада қатар
қолданылатын ұқсас мағыналы сөздерді көп мағыналы (полисемия) сөздер деп
атайды. Сөздің көп мағыналы болуы сөздік қорға тікелей байланысты. Сөздік
қордағы сөздер алғаш пайда болған кезде бір немесе аз мағыналы болғандығы
байқалады. Тілде өмір ағысына қарай, заман өткен сайын бір сөздің негізгі
мағынасының үстіне жаңадан қосымша мағаналар қосылып отырған. Мысалы, тіл
деген сөзді адам баласы сөйлеп үйренгеннен бастап, сол сөйлеу мүшесі
ретінде ұғынған, солай атаған, Адам баласы малдың етін жеп, оны өзінің
қажетіне жарата бастаған кезеңнен бастап, адамның тіліне ұқсас малдың да
ауыз қуысындағы мүшесіне тіл деген атау берген. Ғылым мен техниканы меңгере
бастағаннан адам сағаттын жылжып тұратын, уақытты көрсететін тетігіне де
тіл деген атау беріи, сағаттың тілі деп атаған. Осыған ұқсас техниканың
тілі деген тіркес те қолданылады. Техниканың тілін білу деген бүкіл техника
саласынан хабары бар маман деген ұғымды түсіндіреді. Казақ тілінде тіл
әкелу, тіл алу деген тіркестер де бар. Тіл әкелу - соғыс кезінде жаудан
адам әкелу, ал тіл алу хабарын білу деген мағынада қолданылады.
Қас деген сөз де бірнеше мағынада қолданылады. Мысалы, Қасы қара
көрінер, құралайдың көзіндей, (Батырлар жыры). Қасым айтпайтын сөзді қайным
айтты (М.Ә.). Шешесі қасында болса қайтер еді (С.Т.). Қасым кітап оқыды
(ауызекі тіл). Бірінші сөйлемдегі қас - адамның көзінің үстіндегі түгі
болса, екінші сөйлемдегі қасым - қас, дос дегенді білдіретін адамдар
арасындағы байланыстың түрі. Үшінші сөйлемдегі қасында - қас, маң, жан
деген мекендік ұғымды білдіретін сөз, ал төртінші сөйлемдегі Қасым - адам
атауы.
Қазақ тілінде көп мағыналы сөздер өте көп. Оның өзі өмір қажеттілігінен
туындайды.
Омоним
Көп мағыналы өздер мен омонимдер бір-біріне ете ұқсас болып келеді, бұл
екеуін шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің мағыналары бір-біріне
жақын, бір-бірімен байланысты болып, бір сөз табынан болады. Ал омоним
сөздер әр түрлі сөз табынан болады және олардың мағыналары бір-бірімен
байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады. Айтылуы бірдей
болғанымен, мағыналары бір-бірінен мүлде басқа сөздерді омоним дейміз.
Мысалы, жақ- дене мүшесі, жақ сүйегі зат есім; жақ - етістік, от жақ; жақ -
бірлік, одақтасу, жақтасу, зат есім; жақ — бағыт, он жақ, сол жақ, зат
есім, жақ - садақтың оғы, зат есім.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын
төмеңдегі мысалдар арқылы да ажыратуға болады.
Көп мағыналық Омоним адамның басы, таудың басы, адамның басы, судың
басы аяғыңды бас тілде омонимдерге ұқсас құбылыстар да бар. Оларды омофон
ясәне омограф деп атайды. Омофондар - айтылуы бірдей болғанмен жазылуында
айырма бар сөздер. Мысалы, ащы айран, асшы (аспаз), ашшы (есікті ашу)
сөздері бірдей айтылады. Омограф (омограмма) - жазылуы бірдей болғанмен, әр
түрлі айтылатын сөздер. Бұл негізінен екпінге байланысты. Мысалы, алма (зат
есім), алма (етістік). Екпін қазақ тілінде онша ескерілмейді, лексикалық
мағынаға әсер етпейді.
Синоним және антоним
Айтылуы да, тұлғасы да басқа-басқа, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
сөздерді синоним дейді. Мысалы, қашық, алыс, жырақ, шалғай, ұзақ, жер түбі;
сөйле, айт; абырой, бедел, қадір; мықты, берік, күшті, бекем; әдемі, сұлу,
көрікті, ажарлы, сымбатты т.б. Мағыналары бір-біріне жақын синонимдік
қатардағы сөздер кем дегенде екеу болады не одан да көп болып қолданыла
береді. Мысалы, Орныққан, тұрақтанған ой жоқ (М.Ә.) Ең аяғында Абай өзі бір
тұспал, болжал жасады (М.Ә.). Үлбіреген бала жастықтың аса қатты қысылған,
қымсылған белгісі білінеді (М.Ә.).
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним дейді. Мысалы, ақ-
қара, биік-аласа, жоғары-төмен, аз-көп, ескі-жаңа, оңай-қиын, алыс-жақын,
үлкен-кіші, ауыр-жеңіл, жақсы-жаман т.б. Мысалы. Сар сияқты оты жасық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz