Ерекше қабілетті балалар



І Кіріспе бөлім
1.1 Педагогика жайлы кіріспе
1.2 Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптарға сипаттама
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Дарынды ұлдардың алтын ұясы
2.2 Математикалық әдіс бойынша дарынды балалармен жұмыс істеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адами ойлау, іздемпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекетің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек. Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқым қуалаушылық пен, тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы. Біз дарынды деп - белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшелінетінін айтып жүрміз. Өмір суретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалык нәрсе деп қарастырып оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі дептусіндіреді. Канада ғалымы Д.Хебб "Генотивтік интеллект" деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы орта мен қарым-қатынас орната отырып, "Фенотифтік интеллектіні құрайды". Д. Хеббтің ойынша, ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8/2. Мұнда 8-тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Педагогикалық энциклопедияда дарындылық туралы анықтама берген. Дарындылық дегеніміз - адамдардың қабілеттіліктерін жете жақсы дамуының жоғарғы сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады.
1. Белова Е.С. Одаренность малыша: раскрыть понять поддержать: Пособие для воспитателей и родителей. – М: Моск. Психолого – социальный. Инст.: Флинта, 1998 – 144 с.
2. Концепция выявления, поддержки и развития одаренности детей в Республике Казахстан. // Информ.-метод.сб РНПЦ «Дарын» - А.; 1999, № 3 – с. 3-24.
3. Лебедева В.П., Лейтес Н.С., Матюшкин А.М. и др. Учителю об одаренных детях (пособие для детей) / Под ред. В.П.Лебедевой, В.И. Панова. – М.: Молодая гвардия, 1997. – 354 с.
4. Матюшкин А.М. Концепция творческой одаренности. // Вопросы психологии, 1989, №6. – с. 29-33.
5. Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. // Вопросы психологии, 1988, № 4. – с. 88-97.
6. Одаренные дети: пер. С. англ. / Общ. Ред. Г.В.Бурменский., В.М.Слуцкого. – М.: Прогресс, 1991. – 376 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе бөлім
1.1 Педагогика жайлы кіріспе
1.2 Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптарға сипаттама
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Дарынды ұлдардың алтын ұясы
2.2 Математикалық әдіс бойынша дарынды балалармен жұмыс істеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адами ойлау, іздемпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл
қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет
іс-әрекетің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін
адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,
біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны
да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі
көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты
қабілетін анықтап, дамыту керек. Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте
сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан дарынды
балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар
тұқым қуалаушылық пен, тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың
жауабы. Біз дарынды деп - белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа
қабілетінен ерекшелінетінін айтып жүрміз. Өмір суретін орта, берілетін
тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ахуал, тамаша
кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Көптеген
ғалымдар дарындылықты генетикалык нәрсе деп қарастырып оны белгілі бір даму
сатысының соңғы нәтижесі дептусіндіреді. Канада ғалымы Д.Хебб "Генотивтік
интеллект" деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы
орта мен қарым-қатынас орната отырып, "Фенотифтік интеллектіні құрайды".
Д. Хеббтің ойынша, ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның
әсерінің арасындағы қатынас 82. Мұнда 8-тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта.
Педагогикалық энциклопедияда дарындылық туралы анықтама берген. Дарындылық
дегеніміз - адамдардың қабілеттіліктерін жете жақсы дамуының жоғарғы
сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете
алады. Дарындылық - сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында
іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғалымдардың ойынша дарындылық, қабілеттік
және талант бір ұғымды білдіреді деді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-
әрекетте топтастыруға әрекет жасады.
- нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
- әдейленген дарындылық - сапалы өзіндік қабілеттіктердің бірлесуінде
іс-әрекет сәттілігі құрылады;
- жалпы дарындылық-қабілеттілік кең, шеңберіндегі іс-әрекеттер;

- іс-әрекеттер сәттігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан
айыратын ерекшеліктер.
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау - ежелден келе жатқан
дәстур. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер -
негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мүндай оқушылар ел
болашағына, оның интеллектік; (ақыл-ой) қуатына баға жетпес резерві.
Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды,
гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлыққа алу - баршамызға ортақ, бүкіл
халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де, қандай қоғамда да іздесе
таптырмайтын ұлттық рухани байлық.
Көтеріңкі зеректілігімен және алып отырған білімдердің стихиялық
мінезіне қарағанда бұл қабілеттері ерте дамыған балаларғатән. Осындай
балаларға ақылымен жұмыс істеуі қызықты жаттығу болып көрінеді.
Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп,
жанұя, мұғалімнің ролін анықтау үшін бағдарлама қажет. Сол бағдарламаның
мақсаты - баланың жеке басы ерекшеліктерінің дамуына жол ашу қабілетіне
қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу.
Бағдарлама міндеттері:
- оқушылардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту;
- оқушылардың арнаулы шығармашылық қабілетін айқындау, дамыту;
- терең және жан-жақты ғылыми негіздерін игеру білімі бойынша тұрақты
дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;
- өз бетімен білімін көтеру және ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларына
оқыту, сонымен қатар жеке бастың өзін жетілдіруге ішкі қажеттілігін
қалыптастыру;
- жеке бастың енегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін,
қарым-қатынасын қалыптастыру;
- жеке бастың үздіксіз жетілуіне ішкі қажеттілік қалыптастыру.
Жалпы барлық таным процестері бірігіп интеллектуалды жүйе құрайды.
Оқушының интеллектуалды жуйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі арқылы
оқушы өзін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады, интеллектуалды даму ушін
оқушының білуге деген құштарлығы қажет. Оқушының жеке бас дамуын зерттеу
процесі негізгі екі бағытта жүргізіледі:
-оқушымен кезеңдік жұмыс жүргізетін мұғалімдер, сынып жетекшісінің
қатысуымен мектеп психологының көмегімен, жылына кем дегенде бір-екі рет
өткізіледі;
- оқушының іс-әрекетін, мінез-құлқын барлық мұғалімдер және оқушының
өзі үнемі белгілі бір мақсатқа бағыттап бақылап отырады.
Оқу-тәрбие процесінде оқушылар екі жақтылы сипатқа ие болуы қажет,
яғни тәрбиенің әрі объектісі, әрі субъектісі болуы тиіс. Сабақ үстінде
тыңдау, көру жақсы нәтиже бермейді, оны жүрегімен сезіп, миымен саналы
түрде қабылдап, тәжірибеде қолдана білуі тиіс. Егер білім алған, берген
тәрбие жүрегіне жетпесе, сана-сезіміне әсер етпесе, онда уақыттың босқа
өткені деп есептеуіміз керек.
- шарты тарихи саналықта тұлғаны қалыптастыру үшін психологиялық таным
процесіндегі төрт компонентті үнемі бірдей іске асыру керек. Олар: сана-
сезім, сенім, мінез-құлық, дағды. Бұлардың негізін құрастыратын сана.
Саналы адам ғана өз іс-әрекетін үлкен қуатты сеніммен, қайратты сезіммен
жігерлі мінез-құлық, дағдымен іске асыра алады.
Қорытындылай айтқанда, ата-аналар жоғарыда айтылған дарынды балалар
туралы ақпаратты және кеңестер мен оларға сипаттапған міндеттерді
орындаулары тиіс. Өйткені тәрбие үйден басталады дегенді ата-бабаларымыз
тегін айтпаған. Айтылғанды дарынды балалардың ата-аналары орындаса, өз
балаларына қабілеттерін дамытуға дұрыс жағдай жасай алады.
Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған казақ тілі мен әдебиетін
терендете окытатын Абай атындағы республикалық мамандандырылған орта мектеп
- интернат ұжымы үшін өткен жыл ерекше бір есте қалатын жыл болғанына еш
шүбә келтіруге болмайды. Өйткені, дарынды ұландардың алтын ұясына айналған
білім ордасына былтыр 50 жыл толып, ол салтанатты жағдайда атап өтілді.
— Ауыл еңбеккерлері мен малшы қауымның балаларына арнап ашылған
мектеп-интернат өмірге 1957 жылы жолдама алғанымен, каладағы сол кездегі
жалғыз қазақ мектебі - №12 білім ордасында бастауыш сыныптарға бала
қабылдап, үшінші ауысымда екі жылдай дәріс өткізді. Тек 1959 жылдан бастап
қана жоғары сыныптарға оқушылар қабылдана бастады және сол жылдың қараша
айында жаңадан салынып біткен мектепке арналған үйлерге қоныс аударылды, —
дейді мектеп-интернаттың қазіргі директоры Ибраимов Мұқтар Ботабайұлы өткен
күндерге ой жүгірте отырып.
Міне, содан бері зымырап жарты ғасыр уақыт артта қалыпты. 3000-ға жуық
түлек осы жылдар ішінде білім нәрімен сусындап, қанаттанып ұшыпты. Бүгінде
олардың көпшілігі елімізге танымал азаматтар. Бәрінің атын атап, түстеп
шығу тіптен мүмкін емес. Қай-қайсының да өзіндік орны бар. Дегенмен, елге
ерен еңбектерін сініріп жүрген ғылым докторлары Ахметов Қырым мен Адамбеков
Қайратты, олимпиада жүлдегері Жанпейісов Нұрбосынды, қоғам қайраткерлері
Сапаров Мәлік пен Шаяхметов Әділді, өнер саласынын тарландары Дүйсекеев
Кенес, Шәмшиева Гүлнар, Артықбаева Жәудір, журналистер Үкібаев Айдос,
Меңлібеков Данияр, айтыскер ақындар Қалиев Серік, Дәулеткерей Кәпұлы, жас
әншілер Серіков Тоқтар, Қорған Бейбіт, Керімбекова Ақбота, тағы көптеген
басқаларды мақтанышпен тілге тиек етсек артық бола қоймас.
Әрине, бір мектептен бірнеше жарқын жұлдыздар мен танымал тұлғалардың
шығуында ұстаздардың ұлы енбегі жатқаны даусыз. Сондықтан да осында еңбек
еткен, бүгін танда тәлім-тәрбие беріп жүрген мәртебелі мамандық иелерін
қалай мақтасақ та арзиды. Мәселен, алғашқы мұғалімдер Есдәулетова
Кәрменкүл, Баймаханова Аманкүл, Тұмарбаева Гүлбағиша зейнеткерлікке
шыққанға дейін табан аудармай еңбек етіп, ел құрметіне бөленді. Олардын
ізгі жолын жалғастырған Бөрібекова Роза, Сұлтанбекова Жарқын, Пірәлиева
Аршагүл, Әбуева Күлайша, Бейсембаев Сейфолла, Ысқаков Сапа, Оспанов Сабыр,
Қуанышбаева Венера, Жақсымбетова Сара, Қарабалина Орынша, Бекмағамбетова
Нағима, Тойшыбаева Дәмеш, Қайыржанова Балзия, Кенжебаев Мүрат, Аманжолов
Жәдігер, Тұяқбаев Сабыр, Сағымқұлова Сәуле, Мұсаева Ғалия, т.б. ұзақ жылдар
бойы мектептін өркендеуіне айрықша еңбек сіңіріп, ұстаздықтын биік шындарын
бағындыра білді. Ал оқу-тәрбие үрдісінде елеулі еңбектерімен ерекшеленіп
жүрген тәрбиешілер Алданова Мариям, Ысқақова Лена, Серікбаева Айдаркүл,
Сәдуақасова Рысханның интернат оқушылары үшін орны бөлек ұстаздар екені
акиқат.
Мектеп-интернаттың бүгінгі дәрежеге жетуіне білім ордасын бұрын
басқарған С.Әмірханов, Ж.Ордабаев, Т.Мешітбаев, Ә.Нұргаев, А.Мәдиев,
С.Дүкенбаев, О.Мақсүт, Ж.Салпыновтардың косқан үлесі де зор. Сөз жоқ, мұны
ерекше айтып өткен жөн.
Мектеп-интернат шежіресі 1957 жыддан бастау алса, 1960 жылы
Ы.Алтынсарин атыңдағы педагогикалык ғылыми зерттеу институтының базалық
эксперименттік мектебі болды.
Дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың
қажеттілігі қазіргі өмір талабы. Ол қандай болу керек? деген сұрақтың
толғандыратыны даусыз.
Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптар сипаттамасы
төмендегідей:
- оқушылар тандаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің
болуы;
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара
отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
-абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру;
- алуан түрлі әдіс-тәсілдер, мәліметтер қолдану арқылы жаңа жұмыстар
табуға ынталандыру;
- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың
жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін, өз жұмысын
бағалай білуге ынталандыру.
Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға
жауап беруі тиіс. Алайда, тәжірибе барысында бағдарламалардың кейбір
түрлері бір талапқа сәйкес келсе, екіншісіне сәйкес болмай жатады. Бұл жай
бағдарламаның кемеліне жетпегендіктен ғана емес, олардың шешілу жолдарына
да байланысты. Сондықтан бар бағдарламаларды шешілу жолдарына қарай
топтастыруды қолданған дұрыс. Топтастыру кезінде барлығы талапқа сай болуы
керек екендігіне назар аударуымыз қажет. Жіктеудің "таза" және "аралас" (әр
түрлі топтардың бірігуінен жасалған) түрлері бар.
Ортақ бағыт ретінде білім, білік, дағдыларының меңгерілуі немесе
баланың жеке қасиеттері мен ойлау қабілеттерінің дамуы алынуы мүмкін. Бұл
бағыттар тығыз байланысты, ал олардың қайсысы бағыныңқы, қайсысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Дарынды балаларды анықтау
Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Пәндер