Қазақстан Республикасы Үкіметінің қуру


1. Қазақстан Республикасының Үкіметі -атқарушы биліктің жоғары алқалық органы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Конституциясының V бөлімінде, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы Кон-ституциялық заңда, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 24 ақпандағы және "1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғаты ашылады, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталады және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қатмамасыз етіледі.
Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдарының жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, Қазақстан Рес-публикасйның Үкіметі оның жүргізуіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, заңдық күші бар Президент Жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз құзыреті шеңберінде Констотуцияның, республикалық заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, Республиканың және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастырады. Өзінің барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қуру, оның қурамы және өкілеттік мерзімі
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заң Үкіметтің құрылу тәртібін, құрамын, өкілеттік мерзімін анықтайды; оның Президентпен, Парламентпен, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Үкіметті Республика Президенті құрады және Президент екілеттігі шеңберінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында ез өкілеттігін доғарады (3, 4-бб) . Дегенмен, Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді (Үкімет туралы конституциялық заңның 4-бабы) .
Президент Үкіметті Парламенттің қатысуымен құрады. Бұл Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен тағайындаудан көрінеді (Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-6. 5-т. ) . Егер Президент Парламент ұсынылған Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде Парламентті тарата алады (Конституцияның 63-бабының 1-тармағы) және жаңа сайлау тағайындайды. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Премьер-Министр Республика Президентіне енгізеді. Үкімет мынадай құрамда құрылады: Республиканың Премьер-Министрі, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі, министрлер, Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағалары. Үкіметтің барлық мүшелерін қызметке Республика Президенті тағайындайды және босатады (Конституцияның 44-6 3-т. ) . Үкімет мүшелері Қазақстан халқына және Қазақстан Президентіне ант береді.
Қазақстан Республикасының заңдарында Үкімет құрамында болуға байланысты бірқатар шектеулер қарастырылған. Республика Үкіметі мүшелерінің: өкілді органның депутаттары болуға; оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ (Үкімет туралы Конституциялық заңның 8-бабы) .
Премьер-Министр өзі тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндаматабыс етеді. Үкімет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екі ай ішінде Бағдарлама жөнінде қайтадан баяндама табыс етеді. Республика Парламентінің Үкімет бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жүзеге асырылуы мүмкін және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді.
Заң егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет толық құрамда немесе оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуі мүмкіндігін қарастырады (Конституциялық заңның 5-бабы) . Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі.
Үкімет Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Президентке өзінің орнынан түсетіні жөнінде Президентке мәлімдеуге тиіс. Президент орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Үкімет өз қызметінде заңдылық, жариялылық, биліктерді бөлу және басқарушылық кәсіпқойлық принциптерін басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Үкімет жалпы немесе көп функциялы құзыретті орган болып та-былады. Ол атқарушылық және өкім етушілік сипаттағы жалпы мәселелерді жүргізеді. Әз құзыреті шеңберінде Үкімет атқарушы биліктің төмен тұрған органдары қызметіне бақылау жасайды. Үкімет құзыретінің шеңбері сан алуан, олар Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы ел өмірінің түрлі салаларындағы Үкіметтің өкілеттіктерін жанжақты баян етеді. Төмендегі салалардағы өкілеттіктер ерекшеленеді: мемлекеттік басқару, халықаралық сала, заң шығарушылық саласы және т. б.
Мемлекеттік басқару саласындағы Үкіметтің құзыреттері:
- мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі ба-ғыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды белгілейді және оларды Президенттің бекітуіне ұсынады;
- әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру;
- республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
- мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік меншікті пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, т. б.
Үкімет мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, жүзеге асырады.
Экономика саласында Үкімет экономикалық процесстерді реттеуді, құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады, экономикалық кеңістіктің бірлігін және елдегі экономикалық қызметтің бостандығын қамтамасыз етеді. Бюджет және қаржы саласында Үкімет бірыңғай қаржы, несие және ақша саясатын жүргізуді әзірлеп, қамтамасыз етеді, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалысын қамтамасыз етеді, Парламентке оның орындалысы туралы жөніндегі есепті ұсынады, салық саясатын әзірлейді.
Әлеуметтік салада Үкімет азаматттардың әлеуметтік қамсыздан-дырылуы, сондайақ азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыру бойынша шаралар қолданады, бірыңғай мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қамтамасыз етеді, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз етеді, мәдениетті, білімді, денсаулық сақтау ісін дамытудың мемлекеттік саясатын белгілейді және жүзеге асырады.
Заңдылықты және құқық тәртібін бекіту саласында Үкімет құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңдылықтарды жетілдіру бойынша шаралар қолданады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау бойынша, сыбайлас жемқорлық және қылмыспен күрес бойынша шаралар әзірлеп, жүзеге асырады, меншікті және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады.
Халықаралық салада Үкімет Республиканың шетелдік мемле-кеттермен, халықаралық ұйымдармен қарымқатынасын дамытуды қамтамасыз етеді, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді, келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды.
Заң шығарушылық саласында Үкімет заң шығару бастамашылдығы құқығын жүзеге асырады, заңдарды талқылап, қабылдауға енгізу жөніндегі Республика Президентінің тапсырыстарын орындайды, Республика заңдарының орындалысын қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз өкілеттіктерін актілер шығару арқылы іске асырады. Үкіметтің актілері қаулылар мен өкімдер болып табылады. Қаулы түрінде нормативтік сипаты бар Үкімет шешімдері шығарылады. Үкіметтің нормативтік қаулылары Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актілерінің және басқа нормативтік-құқықтық актілердің негізінде шығарылады.
Сондай-ақ үкімет жеке қаулылары да шығара алады. Жедел және ағымдағы мәселелер бойынша Премьер-Министрдің өкімдері шығарылады.
Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министрі өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында, мемлекеттік биліктің барлық органдары, лауазымды тұлғалары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар үшін міндетті күші болады.
Қаулылар мен өкімдерге Премьер-Министр қол қояды.
Қаулылардың күшін Республика Президенті мен Үкімет жоя алады. Өкімдердің күшін Президент, Үкімет және Премьер-Министр жоя алады.
5. Үкіметтің мемлекеттік органдармеи қарым-қатынасы
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның 12-бабы Үкімет пен Президенттің қарымқатынасын реттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент Үкімет қызметіне бағыт беріп, бақылау жасайды. Үкімет Президент алдында жауап береді (Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабы) .
Үкімет Республика Президентін Үкімет Бағдарламасының орындалу барысы жайында ұдайы хабардар етіп отырады, Президент актілерінің орындалуын ұйымдастырады.
Үкімет Президентпен заң жобалары жөніндегі жұмыстарының жоспарларын келіседі, заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Президенттің тапсырмаларын орындайды.
Президент Үкімет актілерінің күшін жоя алады не тоқтата тұрады.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның 13-бабы Үкіметтің Республика Парламентімен қарым-қатынасын анықтайды.
Үкіметтің заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжілісінде жүзеге асырылады. Үкімет Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді, Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті табыс етеді. Сонымен бірге Үкімет мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін Республика заңдарының жобалары жөнінде қорытындылар береді. Үкімет Парламент депутаттарының сұрауларына жауап береді.
Парламент Үкіметтің бюджетті орындауына бақылау жасайды.
Үкіметтің Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін министрліктермен, орталық атқарушы органдармен және мемлекеттік комитеттермен қарымқатынасы ерекше назар аударуды қажет етеді.
Республика Үкіметі жоғарыда аталған органдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын қамтамасыз етеді, министрліктердің және басқа да орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді. Сонымен бірге Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Үкімет Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін министрліктер, атқарушы органдар, сондай-ақ ведомстволар актілерінің толығымен не бір бөлігінде күшін жоя алады немесе тоқтата тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz