Жаппай зақымдау қаруы, қару-жарақ және әскери техника жасауға арналған технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат пен қызметтердің заңсыз экспорттауының қылмыстық құрамы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау түсінігі . . . 2

а) объектісі

ә) объективтік жағы

б) субъектісі

в) субъективтік жағы

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 4

1. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау

Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару жарақ және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулерді заңсыз экспорттау-

Жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостаныдығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың тікелей объектісі-Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерігің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет көрсетулер болып табылады. Технологиялық құжаттандыруды, сондай-ақ технологиялық циклдарды жандандыруға мүмкіндік беретін жабдықтарды технология деп айтамыз.

Қызмет көрсетулерге-шетелдік әріптестерге ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық, өндірістік-технология деп айтамыз. Қызмет көрсетулерге-шетелдік әріптестерге ұйымдастырушылық, ғылыми-теникалық, өндірістік-технология жөнінен және басқадай тұрғыда әр түрлі көмектер берулер жатады.

Қылмыс обьективтік жағынан әрекет арқылы заңсыз экспорттау жолымен жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылық-заң тиым салған заттарды экспорттық бақылаусыз шетелге шығарғаны үшін туындайды. Экспорттық бақылаусыз шетелге шығарылуға тыйым салынған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтердің, сондай-ақ жаппай зақымдау қаруларының, қару-жарақ және әскери техниканың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы белгіленеді.

Қылмыс құрамы формальдық. Сондықтан да қылмыс жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасауда пайдаланылатын технологиялық, ғылыми-техникалық ақпаратты жөнелткен немесе шетелде нақты бір қызметті көрсеткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақғ, әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттауды жүзеге асырып отырғанын сезеді, біледі және соны заңсыз түрде жүзеге асыруда тілейді.

Осы қылмыстың субъектісі-тиісті бағдарлама өзіне лауазымдық жағдайы немесе сарапшылық қызметі бойынша мәлім болған, жасы 16-ға толғандар болып танылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001

  1. Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңсыз қару айналымының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасында әскери қызмет тәртібі мен қару-жарақ айналымына қарсы қылмыстар: құқықтық талдау
Батырлар жырындағы қару-жарақ атауларының танымдық және этномәдени аспектілері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қарудың заңсыз айналысы үшін қылмыстық жауаптылық
Көшпелілердің соғыс өнері: қару-жарақ, әскерлік құрылым және тактикалар
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемдену және өткізу: қылмыстық-құқықтық сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау
Қазақтың дәстүрлі ер қаруы (бес қару): тарихы, типологиясы, технологиясы және эстетикалық әшекейленуі
Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қылмыстар: терроризм, кепілге алу, бандитизм және заңсыз әскерилендірілген құрамдар
Заңсыз қару айналымын бақылау: шетелдік тәжірибе және Қазақстандағы құқықтық-әкімшілік шешімдер
Заңсыз кәсіпкерліктің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы және ҚР Қылмыстық кодексіндегі жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz