Жалпы жұмыссыздық


МАЗМҰНЫ
3. Жұмыссыздықтың басым болуы
3. 1 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. 30-шы жылдардан бастап Гэллап ұйымы мемлекет үшін қандай мәселе күрделі екендігі туралы қоғамдық пікірді білу мақсатында сұрақ-жауап жүргізе бастаған болатын. Экономикамен шектелмей қалған жауаптар қатарында нашақорлық, қылмыстылық, қоршаған ортаның ластануы және ядролық соғыстар болды. Ал 1981 жылы құнсызданудың өсуіне көпшілік оны мемлекет алдында тұрған маңызды мәселе деп есептеді. Арадан екі жыл өткеннен кейін жұмыссыздық көрсеткіші өсіп, көпшілік жұмыссыздықты маңызды мәселеге айналдырды. Адамдарға көптеген себептерге байланысты жұмыссыз қалулары мүмкін. Мұндай себептер қатарына олардың алғаш рет жұмыс іздеуі, адамдардың жағдайы жақсы жұмыс табу мақсатында бұрынғы жұмыс орындарын тастап кетулері, уақытша жұмыстан босағандық және де фирмалардың жабылып қалуларына байланысты жұмыстан босаулар жатады. Жұмыссыздықтың осы соңғы түрі мәжбүри жұмыссыздық деп аталады.
Көптеген елдердерде жұмыссыздықпен күресу жолында бірқанша шаралар жүзеге асырылуда. Мұндай шаралар қатарына жұмыссыздарды жұмыс күші ретінде тіркеуге алу, жұмыспен қамтамасыз ету агенттіктері, жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықпен күресетін жастар ұйымдары құрылуда. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркеліп, соңғы төрт аптада жұмыс іздеу шаралары нәтижесіз аяқталған тұлғаларға көмек ақы төлеу жұмыстары да алып барылады. Бірақ соңғы кездері жүргізіліп жүрген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша көмек ақы төлеу шарасы ел бойынша жұмыссыздық коэффицентін өсіруге себеп болып жатқандығы туралы айтылуда. Осындай кемшіліктеріне қарамастан жұмыссыздықпен күрес бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Себебі жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда бүкіл дүние жүзі бойынша кең көлемдегі маңызды мәселеге айналып отыр. Сондықтан да жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мәселенің тарихнамасы. Курстық жұмысты жазу барысында біз көптеген ғылыми зерттеулерді пайдаландық. Мысалы, Р. Дорнбуш пен С. Фишердің 1996 жылы Мәскеуде жарық көрген “Макроэкономика”, Д. Ж. Сакс және Ф. Б. Ларреннің “Макроэкономика. Глобальный подход”, А. М. Гальпериннің 1997 жылы жарыққа шыққан “Макроэкономика”, Эдвин Дж. Доланның “Макроэкономика”, сондай-ақ 1994 жылы шыққан “Микро-макроэкономика. Практикум”, 2000 жылы жарық көрген “Экономическая теория. Микроэкономика. Макроэкономика. Мегаэкономика” сияқты ұжымдық еңбектерді де пайдаландық.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатымыз қазіргі таңда дүние жүзі бойынша ауқымды мәселеге айналып отырған жұмыссыздық мәселесін жан-жақты және терең зерттеу болып табылады. Осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін әлемдік дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, оқырман қауымға жеткізе білу.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмысты біз екі тарауға бөліп қарастырдық. Бірінші тарауда жалпы жұмыссыздық мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздықтың жалпы түсінігі мен жұмыссыздықты топқа бөліп қарастырдық және циклдік және құрылымдық жұмыссыздыққа тоқталдық. Демек, жұмыссыздық дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан босаған немесе алғаш рет жұмыс іздеу барысында сәтсіздіктерге ұшыраған тұлғалар. Жұмыссыздықтың себептері әр түрлі болып, ол негізінен жұмысшылардың нәсіліне, жасына және жынысына қарай топтар арасында әр түрлі болып келеді. Әсіресе түрлі түсті нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші ақ түсті нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда жоғары болады.
Курстық жұмыстың екінші тарауында экономикадағы толық жұмылдыру мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздық дәрежесіне баға бердік және де оны анықтаушы жакторларға жан-жақты тоқталдық. Сонымен қатар жұмыссыздық дәрежесін төмендету мен жұмыссыздық бойынша көмек ақы мәселелерін қарастырдық. Экономиканың қандай кезде толық жұмылдыру жағдайында болатындығын анықтау экономикалық саясаттың шешуші мәселелері болып табылады. Ал жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі болып келеді. Жұмыссыздық дәрежесін түсіру жолында дүние жүзі бойынша маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі жастардың жұмыссыздығымен күресу. Сонымен қатар жұмыссыздарға көмек ақы төлеу шаралары да алып барылады.
1. ЖАЛПЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
1. 1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ
Америкалық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздықтың бес негізгі мінездемелерін анықтады:
1. Жасы, жынысы және еңбек тәжрибелеріне байланысты жұмыссыз топтар арасында үлкен айырмашылықтар бар;
2. Еңбек базарында үлкен ағым байқалады. Жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруші және де кемітуші қарсы ағымдар жұмысты және жұмыссыз адамдармен салыстырғанда үлкен көрсеткіштерді көрсетеді;
3. Осы ағымның маңызды басым бөлігі циклдік сипатта болады, яғни жұмыстан босату мен еңбек келісім-шарттарын бұзу төмендеу кезінде үлкен мөлшерге жетсе, ал өз еркімен жұмыстан босау жоғарылау кезінде үлкен мөлшерге жетеді;
4. Кез келген айда жұмыссыз қалған тұлғалардың көпшілігі тек қана қысқа мерзім аралығында жұмыссыз болады;
5. АҚШ-тағы жұмыссыздық басым бөлігі ұзақ уақыт бойына жұмыссыз отырғандардың үлесіне тиесілі болып келеді.
Бұл фактілер жұмыссыздықтың не екендігі туралы және сонымен қатар онымен не істеуге болатыны немесе болмайтындығы туралы маңызды түсінік береді. /1, 534б. /
Кесте 1 - АҚШ-тағы 1988 жылғы Жұмыс күші мен жұмыссыздық.
(16 жас және одан жоғарғы адам, млн. )
Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар 186, 3
Жұмыс күші 123, 4
Жұмыстылар 116, 7
Жұмыссыздар 6, 7
Жұмыс күшіне енбейтіндер 62, 9
Жоғарыдағы 1- кестеде жұмыссыздық туралы мәліметтер көрсетілген. Жұмысқа қабілетті жастағы АҚШ тұрғындары 186 млн адам болып, олардың 66, 2 пайызы жұмыс күші құрамына енді. Жұмыс күші мөлшері сайлаулы зерттеулер жолымен айқындалады. Жұмыс күшіне өз жауаптарында жұмысы бар деп және де жұмыссызбын деп көрсететін адамдар енгізіледі. Осы тексерулерде жұмыссыз деп жұмысы жоқ және соңғы төрт аптада белсенді түрде жұмыс іздеген, немесе жұмыстан босатылғаннан кейін бұрынғы орнына қайтуды күтіп жүрген, немесе төрт апта ішінде жаңа жұмысқа өтуге келісімін беру мүмкіндігін күтіп жүрген адамдар есептеледі. /2, 532б. /
Соңғы төрт апта ішінде жұмыс іздеу шарты адамның жай ғана жалаған жүрісі немесе жұмыстың өздігінен пайда болуын күтіп жүргендігін емес, оның шынымен жұмыс істеуге мүдделі екендігіне дәлел болады.
Еңбекке қабілетті жаста болуына қарамастан жұмыс күшіне енбейтіндер кәрі адамдар, үй шаруасымен айналысатын ерлі-зайыптылар немесе жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табуда сәтсіздікке ұшырағандар болуы мүмкін. Біз негізгі назарымызды жұмысы жоқ топқа аударайық. Уақыттың әр бір сәтінде адамдар ағысының жұмыссыздық резервуарына енуші және шығушы нақты күн немесе резервуар болады.
Адам төрт себепке байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін: (1) ол жұмыс күшіне жаңадан енгендер, яғни жұмысты алғаш іздеп жатқандар, жұмыс іздегеніне төрт апта болған ұзілістен кейін жұмыс күші құрамына қайтушылар болуы мүмкін. (2) адам басқа жұмыс іздеу үшін жұмыстан босауы және іздеу барысында жұмыссыз ретінде тіркелуі мүмкін. (3) адам уақытша жұмыстан босатылуы мүмкін. Анықтама бойынша уақытша босату дегеніміз - бұл ақысыз белгілі мөлшерге босату. (4) жұмысшы қайта оралуы мүмкіндігінсіз жұмыс орнынан босауы немесе фирма жабылуына байланысты жұмыстан айырылуы мүмкін. Жұмыссыздықтың осы соңғы жолы мәжбүрлі кету немесе жұмыстан айырылуды білдіреді.
Жұмыссыздық резервуарына түсудің бұл жолдары жұмыссыздықтан шығудың өзіндік бейнесін көрсетеді. Жұмыссыздық резервуарынан шығудың жалпы үш жолы бар: 1. тұлға жаңа жұмыс орнына қабылдануы мүмкін. 2. уақытша жұмыстан босатылған адам бұрынғы жұмыс орнына қабылдануы мүмкін. 3. жұмыстан айырылған тұлға жұмыс іздеуді тоқтатуы, сонымен анықтама бойынша жұмыс күші құрамынан шығып қалуы мүмкін. Мұндай адамның жоспарында жақын арада жұмыс іздестіруді қайта тіктеу де болуы мүмкін. 2-кестеде адамдардың жұмыссыз қалу немесе жұмыссыздық резервуарына түсі себептері бөліп көрсетілген.
Кесте 2 - Жұмыссыздық себептері ( жұмыссыздар санын көрсету %) .
Жұмыстан
айырылғандар
жұмысты
тастап
кеткендер
жұмыс күші
құрамына
оралғандар
жаңадан
қосылған.
1979
1983
1988
42, 9
58, 4
46, 1
14, 3
7, 7
14, 7
29, 4
22, 5
27, 0
13, 3
11, 3
12, 2
1979 жыл мен 1988 жылдар арасындағы айырмашылықты атап өту қызықты. Алғашқы екі жыл жұмыссыздықтың төмен көрсеткішін, ал соңғы жылдар жоғарғы көрсеткіштерін көрсетті.
Еңбек базарына талдау жасау оның үнемі қозғалыста болатындығын көрсетеді. Жұмыссыздық жалға алу санының өсуіне және жұмысшыларыдң жұмыс күші құрамынан шығуына байланысты қысқарып отырады. /1, 535б. /
1. 2 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ЦИКЛДІК, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Уақыттың кез келген мерзімінде жұмыссыздықтың жиынтық дәрежесі немесе жұмыссыздық коэффиценті болады. Мысалы, 1989 жыл наурызда жұмыссыздық коэффиценті 4, 9 пайыз болды. Бұл сандар астында жынысы және жас тобына қарай көлемді қайшылықтар жасырынады.
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коэффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және u і жұмыссыздық коэффиценті арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коэффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коэффиценті болады:
u = w 1 + u 1 + w 2 u 2 + … + w n u n . (1)
мұндағы w i салмағы - бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі. /3, 602б. /
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коэффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша етекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасыуы мүмкін болып табылады.
Кесте 3 - Жасы және нәсілдік белгілері бойынша жұмыссыздық дәрежесі.
Жалпы
Ақ нәсілділер
Қара нәсілділер және басқалар
16-19 жастағылар
20 жас және одан жоғары жастағы еркектер
9, 6
8, 4
17, 8
22, 4
8, 9
5, 5
4, 7
10, 4
15, 3
4, 8
Жоғарыдағы кестеде 1983 жылғы жұмыссыздық жоғары кездегі мәліметтер және 1988 жылғы оның бірқанша төмендеген мәліметтері келтірілген. Топтар бойынша жұмыссыздық коэффиценттеріндегі үлкен тербелістер екі жалпы мінездемені ашады, яғни жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары коэффиценті мен ақ нәсілді жұмысшылар арасындағы оның төменгі коэффиценттерін көрсетеді. Жоғарыдағы кестеде төрт топ арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінің төтенше үлкен айыпмашылықтарын көрсетеді. 1983 жылы түрлі түсті жұмысшылардың әрбір оныншысы жұмыссыз болса, ал ақ нәсілді жұмысшылардың әрбір жиырмасыншысы жұмыссыз болған болатын. 1988 жылға қарай жұмыссыздық коэффиценті төмендегенімен нәсілдік және жас мөлшері арасындағы қайшылықтар қалып қалған болатын. /1, 535б. /
Жоғарыда көрсетілген 3-кесте циклдік және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. 1988 жылғы жұмыссыздық дәрежесі құрылымдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл экономика толық жұмылдырылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды. /1, 536б. /
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскекрлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді. /4, 63 б/
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз - бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады. /1, 536 б/
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды. /4, 64б/
2. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ
2. 1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУШЫ ФАКТОРЛАР
Экономикалық саясат үшін маңызды мәселе - бұл экономика қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда екендігін анықтау болып табылады. Толық жұмылдырылған кезеңдегі жұмыссыздық дәрежесі табиғи дәреже болып, жұмыссыздықтың құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болады.
Табиғи дәреже бағасын кейбір кезеңдерден табады, яғни еңбек базары тепе-тең болғанда және жалпы жұмыссыздық дәрежесі мен топтар бойынша жұмыссыздық дәрежелері теңестіруде олардың табиғи маңыздарында болғанда табылады.
Мұндай кезеңге 50-шы жылдардың ортасы жатады және осы кезеңдегі жұмыссыздықтың жалпы дәрежесі 4% сәйкес келеді. Сонан кейін жұмыс күші құрамындағы өзгерістерге түзетулер және де жұмыс күшінің әр түрлі топтарындағы өзгерістерге түзетулер жасалады. Біз (1) теңестіруге жақын u * табиғи дәрежесі үшін теңестіруді жазуымыз мүмкін:
u * = w 1 u * 1 + w 2 u * 2 + … + w n u * n (2)
(2) теңестірудің көрсетуі бойынша табиғи дәреже дегеніміз - жұмыс күшінің топшаларындағы жұмыссыздықтың өлшенген табиғи дәрежесі болып табылады. Әр бір топқа бағаланған табиғи дәреже 4% - дан ерекшеленетін болады, яғни жасөспірімдер үшін ол бірқанша жоғары болса, орта жастағы еркектер үшін төменрек болады.
50-шы жылдардың ортасынан кейін жұмыс күшінің құрамы өзгерді. Жұмыс күші құрамындағы жасөспірімдер мен әйелдердің салмағы өсті. u i тұрақтылығын ұстай отырып, жұмыс күшінің өзгеруі (2) теңестіруіндегі w i салмағының өзгеру жолымен есептелінеді, яғни 50-шы жылдардың ортасындағы емес, қазіргі кездегі жұмыс күші құрамын көрсету үшін. Мұның нәтижесі табиғи дәреженің өсуі болып табылады. /3, 561б. /
Енгізілетін екінші түзетуге әр бір топ үшін табиғи дәреже осы топтың жұмыс күші құрамындағы тиісті мөлшеріне немесе w i тобының салмақтарына байланысты болжамдар жатады. Бұл жерде айтылатын мәселе бойынша еңбектің бір түрі басқа түр үшін нағыз ауыстырушы болмайды, қандай да бір түрдің еңбегі қаншалықты көп пайдаланса, осы топтағы жұмыссыздық соншалықты жоғары болады.
Осы уақытқа дейін толық жұмылдыру кезінде жұмыссыздық коэффицентіне арнайы баға бер мүмкіндігі болды. 60-шы жылдары ол 4 пайызға тең болды. Жұмыс күші құрамындағы өзгеріске түзетулер 70-шы жылдары бағаны 4, 9 пайызға дейін көтерді. 80-90 жылдары экстраполяциялау кезінде 60-шы жылдардың 4 пайыздық дәрежесі 5-тен 6 пайыздық интервалға сәйкес келеді. /5, 301б. /
% 11 фактическая
10
9
8
7
6
5
4 полная занятость (u * )
3
0
63 66 69 72 75 78 81 84 87 1990
1960
Сурет 1.
Жоғарыдағы суретте DRI фирмасының толық жұмылдыру кезіндегі фактілік дәрежесі және зерттеу бағасы көрсетілген. Бұл жерде толық жұмылдыру кезіндегі u * коэффиценті статистикалық база болып, соған сәйкес 1%-тік пункт ретінде амплитудалы интервал ретінде қарастырылуы тиіс болып табылады.
Табиғи жұмыссыздық дәрежесін анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрінуі мүмкін. Жұмыссыздықтың жалғасуы циклдік факторларға және еңбек базарының мынадай құрылымдық сипаттамаларына да байланысты болады:
- жұмыспен қамтамасыз ететін агенттіктердің, жастар арасында жұмылдыру қызметтерінің болуы немесе болмауын есепке алатын еңбек базары ұйымдары;
- жұмыс күшінің демографиялық құрылымы;
- жұмысыздардың жақсы жұмысты іздеу мүмкіндігі мен қалауларының болуы,
- жұмыссыздық бойынша көмек алу.
Соңғы екі бөлім ерекше назар аударуды талап етеді. Жеке тұлға жаңа және бұрынғыдан да жақсы жұмыс орнын табуға көп уақыт бөлу үшін жұмысын тастап кетуі мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл түрі ізделімді жұмыссыздық деп аталады. Егер кейбір жұмыс орындары басқаларына қарағанда жақсы болса, онда жақсы жұмыс орнын іздеуге және күте тұруға әбден болады. Егер жұмыссыз жағдай өте қымбатқа түсетін болса, мысалы жұмыссыздығына байланысты көмек ақша алмаса, онда жұмыссыз тұлға ұсынылған жұмысты қабылдайды және жақсы орынды іздемейді. Егер жұмыссыздарға берілетін көмек ақшаның көлемі жоғары болатын болса, онда жұмыссыз тұлғаның жақсы орынды іздеуді жалғастыруы және кез келген жұмысқа келісе бермеу дұрыс болған болар еді. Сонымен қатар жұмыссыздарға көмек ақша көлемі қаншалықты жоғары болса, онда бұрынғы орнында жұмысты жалғастырумен салыстырғанда жұмыс іздеу шарасы соншалықты арзанға түскен болар еді.
Жұмыссыздықтың жалғасуын қарастырғанда жұмыстан босатылған жұмысшылардың мінез-құлқына да назар аудару үлкен маңызға ие. Жайшылықта босатылған жұмысшы бұрынғы орнына қайта барып, жаңа жұмыс іздемейді. Мұның себебі, белгілі бір фирмада ұзақ уақыт жұмыс істеген жұмысшы осы фирманың қалайша жұмыс жасауы туралы арнайы білімі болады, бұл осы фирма үшін оны құнды қызметкер етсе, ал басқа фирма үшін тиімді болмайды. Сондықтан мұндай жұмысшы үшін жақсы орын табу мүмкіндігі жоқ десе де болады. /5, 301б. /
2. 2 Филлипстің қисық сызығы
1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “жұмыс бастылық” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2, 5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.
Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И 1 (оған баға өсу қарқыны сай Р 1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша - несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И 2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р 2 -ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т. б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р 3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И 3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz