Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы


Академиялық инновациялық университет

.

ИНФОРМАТИКА пәні бойынша

Сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы

2009-2010 оқу жылы

Шымкент -2009 ж.

Тапсырма1

Лекция тақырыбы - Информация жєне Информатика. Компьютер

құрамы.

Лекция мақсаты - Компьютер шығу тарихымен танысу. Ақпарат ұғымын анықтау. ДЭЕМ құрылғыларымен танысу.

Лекция жоспары - Ақпарат, ақпарат түрлері. Ақпарат өлшем бірлігі.

Ақпараттың қоғамдағы маңызы. Дербес компютердің құрылымы.

Информатика - информация ќасиеттерін жєне оныњ кµрсетілуі мен автоматты т‰рде µњдеу єдістерін зерттейтін ѓылым. ЭЕМ-ніњ техникалыќ м‰мкіндіктерін пайдаланып, информацияны жинаќтау, µњдеу жєне оны пайдаланушыларѓа жеткізіп беру тєсілдерін информациялыќ не компьютерлік технология деп атайды.

Информатика ѓылымы - ЭЕМ арќылы аќпараттарды жинау, саќтау, т‰рлендіру, тасымалдау жєне оны пайдалану, беру зањдылыќтары мен тєсілдерін зерттейді.

Информатикаѓа ќатысты мєселелер информацияны µњдеу тєсілдерін зерттеу мен компьютерде т‰рлі есептерді шешу ѓана емес. Информацияны µњдеу жєне информациялыќ ќызмет кµрсету ‰шін ЭЕМ-ді кењ т‰рде пайдаланудыњ жања жолдарын іздеу, осыѓан сєйкес компьютердіњ дамытылѓан ‰лгілерін ќ±растыру жєне оларды ќамтамасыз ететін программалар дайындау.

Информатика ЭЕМ-дерді пайдалану м‰мкіндіктері мен олардыњ ж±мыс істеу принциптерін жєне ќоѓамдыќ µмірде, адамдар арасында ЭЕМ кµмегімен информацияны кењінен ќолдану тєсілдерін оќытады.

Информатика атауы француздыњ information (аќпарат) жєне automatigue (автоматика) сөздерінен ќұралѓан.

Б‰кіл ќоѓамды информацияландыруѓа ынталандырѓан есептеуіш техникасыныњ дамуына байланысты информациямен ж±мыс атќарудыњ єрт‰рлі аспектілері туралы ѓылымдар комплексі - информатика болып табылады.

Информатика -информацияны алудыњ, саќтаудыњ, жањартудыњ,

тарату мен пайдаланудыњ барлыќ аспектілерін зерттейтін ѓылым. Информатика информацияны саќтау мен µзгертуге баѓдарланѓан арнайы компьютерлер шыќќанда, яѓни біздіњ ѓасырымыздыњ ортасында пайда болды, б±л ќ±былыспен бірге компьютерлік революция басталды.

Компьютер алғашқыда күрделі есептеулер жүргізу мақсатында пайда болды. Кейінірек ол негізінен информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады. Компьютер жұмыс өнімділігі үшін, арнайы мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Сонымен бірге олар дәл және нақты нәтиже бере алады. Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар деп аталады. Дербес ЭЕМ немесе компьютер - жұмыста, үйде бір адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.

Алғашқы кезде есептеу жұмыстарын атқару мен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. Компьютер латынның computer сөзінен санау, есептеу деген мағыналарды береді.

Дербес компьютер құрамы мынандай бөліктерден тұрады:

  1. Жүйелік блок немесе орталық процессор;
  2. Ақпаратты енгізу құрылғылары;
  3. Ақпаратты есте сақтау құрылғылары;
  4. Ақпаратты шығару құрылғылары.

Жүйелік блок немесе орталық процессор - барлық есептеу жұмыстары мен информация өңдеу істерін орындайтын электрондық микросхема немесе программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған негізгі құрылғы.

Жүйелік блок құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары болады.

Лекция материалдарымен жұмыс жасау және келесі сұрақтарға жауап беру:

  1. Ақпарат дегеніміз не?
  2. Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?
  3. Мәліметтер деп нені айтамыз?
  4. Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіз?
  5. Файл дегеніміз не?
  6. Информатика пәні қандай ұғымдарды қарастырады?
  7. Қолданушы интерфейсі деп нені айтады ?
  8. Есептеу техникасы дегеніміз не?
  9. Программа деп нені айтады?
  10. Аппараттық жасақтама дегеніміз не?
  11. Программалық жасақтама дегеніміз не?
  12. Процессор дегеніміз не?
  13. Дербес компьютердің сыртқы құрылғыларына нелер жатады?
  14. Қызметтік программалар деп нені айтады?
  15. Есептеу жүйесі деген не?
  16. Дербес компьютердің ішкі құрылымдарын атаңыз.
  17. Кестелік құрылымды мәліметтерге мысалдар келтіріңіз.
  18. Сызықтық құрылымды мәліметтерге мысалдар келтіріңіз.
  19. Мәліметтер қандай құрылымдардан тұрады?
  20. Ақпарат өлшем бірліктерін атаңыз.

Тапсырма2

Лекция тақырыбы - Программалық жабдықтар. Дербес компьютердің

MS DOS операциялық жүйесі.

Лекция мақсаты - Операциялық жүйе ұғымымен танысу. MS DOS

операциялық жүйесінің командаларымен жұмыс істеу.

Лекция жоспары - Ms Dos oперациялық жүйенің негізгі ұғымдары

мен атқаратын қызметімен танысу. Файлдық

жүйемен жұмыс істеу.

Компьютердің жұмыс істеуі үшін оны түрлі бағдарламалармен жабдықтау қажет. Машина түсіне алатын (Бейсик, Паскаль, Фортран, т. б. ) тілдердің бірінде сөз тіркесін, құрылысын (синтаксисін) сақтап дайындалған, өзінше бір тиянақты нәтиже беретін командалар (нұсқаулар) тізбегін бағдарлама деп атайды. Бағдарламалардың екі түрі бар. Олардың бірі - машина жұмысын басқаруға арналған жүйелік бағдарламалар, оны негізінен операци я лық жүйе (ОЖ ) деп атайды.

Операци я лық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік беретін жүйелік бағдарламалар.

Оның негізгі қызметі - бағдарламалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадыны бөлу, компьютердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының бағдарламасын іске қосып, оны орындау және т. б., яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе.

ОЖ иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан оны дискілік операци я лық жүйе (ДОЖ, не DOS) деп те атайды.

Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады: BІOS, BІO. COM (ІBMBІO. COM), DOS. COM (ІBMDOS. COM ) және COMMAND. COM.

Әдетте MS DOS қатты магниттік дискіде жазулы тұрады да, машина жұмысқа қосылған кезде ол өздігінше MS DOS-ты ЖЕСҚ-на жүктеп шығады.

MS DOS ОЖ барлық командалары негізінен резидентті (ішкі) және транзитті (сыртқы) болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Резидентті командалар қарапайым және жиі пайдаланылады, олар тез арада орындалады. Резидентті командаларға DІR, MD, CD, MOVE, RD, COPY CON, COPY, REN, TYPE, DATE, TІME, DELETE және тағы басқа нұсқаулар жатады.

Транзитті нұсқауларға дискідегі бағдарламалық файлдар жатады. Олар орындалар алдында дискіден оқылады. Бұл топқа FORMAT, ATTRІB, TREE, MODE, DІSKCOPY және т. б. командалары жатады.

1-тапсырма: Компьютерге бүгінгі ай-күн және уаќытты рет-ретімен енгізіңіз.

С:\>date (күн-ай-жыл)

C:\>tіme (сағат : минут : секунд)

ЕСКЕРТУ: Ә рбір команданы теріп болған соң, орындауєа жіберу үшін міндетті түрде ENTER пернесін басып отыру керек.

2-тапсырма: Кез келген атаумен ( мысалы, ІNFOR ) жаңа каталог ќұрыңыз, оны ағымдыќ етіңіз.

C:\>md іnfor

C:\>cd іnfor

3-тапсырма: Ќалаған атаумен ( мысалы, 111. txt ) мәтіндік файл ќұрыңыз, оны саќтаңыз.

C:\ІNFOR>copy con 111. txt

Бұл команда орындалєанда сіз мәтіндік режимге өтесіз, яєни сізге мәтін теруге мүмкіндік туады. Латын әріптерін пайдаланып ќазаќша немесе аєылшынша екі ќатардан тұратын мәтін теріңіз. Оны төмендегі көрсетілген екі тәсілдің бірімен саќтаңыз:

1-тәсіл: CTRL+Z; 2-тәсіл: F6 басыңыз.

Екі тәсілдің ќайсысын орындасаңыз да экранда ^Z белгісі пайда болады, содан кейін ENTER пернесін басыңыз, экранда 1 файл көшірілді деп хабарлама пайда болады.

ЕСКЕРТУ: Ќазаќша әріптерді пайдаланып мәтін теру үшін мәтіндік файл ќұрмастан бұрын міндетті түрде kazega. com файлын жүктеп алу керек.

4-тапсырма. екінші мәтіндік файл ( мысалы, 222. txt ) ќұрыңыз, онда өз еркіңізше алынған мәтін теріп, оны жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен саќтаңыз.

5-тапсырма. 111. txt және 222. txt файлдарын біріктіріңіз.

C:\ІNFOR>copy 111. txt+222. txt немесе C:\ІNFOR>copy 111. txt+222. txt 333. txt

ЕСКЕРТУ: 1-жағдайда екі файл біріктіріліп, файл атауы ретінде бірінші файл атауы алынып саќталады. Ал 2-жағдайда екі файл біріктіріп, файл атауы ретінде жаңа басќа атау (мысалы, 333. txt) беріп саќтауға болады.

6-тапсырма. ІNFOR каталогының мазмұнын көріңіз.

C:\ІNFOR>dіr

7-тапсырма. 111. txt және 222. txt файлдарын өшіріңіз.

C:\ІNFOR>del 111. txt

C:\ІNFOR>del 222. txt

8-тапсырма. ІNFOR каталогындаєы 333. txt файлының мазмұнын көріңіз.

C:\ІNFOR>type 333. txt

9-тапсырма. 333. txt файлын баспа ќұрылєысы арќылы ќаєазєа басып шығарыңыз.

C:\ІNFOR>copy 333. txt prn

10-тапсырма. ІNFOR каталогына GRUPPA ішкі каталогын ќұрыңыз және оны ағымдыќ етіп, оның ішіне 333. txt файлын көшіріңіз.

С:\ІNFOR>md gruppa

С:\ІNFOR>cd gruppa

С:\ІNFOR\GRUPPA>copy C:\ІNFOR\333. txt

11-тапсырма. Экранды тазалаңыз.

C:\ІNFOR\GRUPPA>cls

12-тапсырма. MS DOS операциялыќ жүйесінің версиясын көріңіз.

C:\ІNFOR\GRUPPA>ver

13-тапсырма. C:\ІNFOR\GRUPPA каталогындаєы 333. txt файл атын 444. txt атауымен өзгертіп, оны өшіріңіз.

C:\ІNFOR\GRUUPA>ren 333. txt 444. txt

C:\ІNFOR\GRUUPA>del 444. txt

14-тапсырма. ІNFOR каталогынан және ішкі GRUPPA каталогынан шығыңыз.

C:\ІNFOR\GRUPPA>cd. .

С:\ІNFOR\>cd. .

15-тапсырма. С: дискісінің мазмұнын екі тәсілмен көр, олардың айырмашылығын түсіндіріңіз.

C:\>dіr/w

C:\>dіr/p

16-тапсырма. ІNFOR, GRUPPA каталогтарын жойыңыз.

C:\>rd GRUPPA

С:\>rd ІNFOR

17-тапсырма. С: дискісіндегі . exe типті барлыќ файлдарды экранєа шығарыңыз.

C:\>dіr *. exe

18-тапсырма. С: дискісіндегі каталогтарды аєаш бұтаќ түрінде экранєа шығарыңыз.

C:\>tree

19-тапсырма. С: дискісін D: дискісіне ауыстырып және С: дискісін ќайта ағымдыќ етіңіз. .

C:\>D:

20-тапсырма. Дискетаны форматтаңыз.

C:\>format a:

21-тапсырма. MS DOS операциялыќ жүйесінен шығыңыз.

C:\>exіt

Лекция материалдарымен жұмыс жасау және келесі сұрақтарға жауап беру:

  1. Операциялық жүйе деген не және оның қызметі?
  2. Операциялық жүйе түрлері
  3. Файл. Файл толық атауы.
  4. Файл типінің стандартты түрлері
  5. Файлдар маршруты. Файлдарды топтап белгілеу
  6. Каталог дегеніміз не?
  7. Қандай командалар каталогтармен жұмыс жасайды?
  8. Қандай командалар файлдармен жұмыс жасайды?
  9. Уақыт, күн-ай мерзімін көрсету қалай орындалады?
  10. MS DOS командалары қандай топтарға жіктеледі.
  11. MS DOS-тің сыртқы командалары
  12. MS DOS-тің бөлімдері.
  13. Операциялық жүйелердің түрлері.
  14. Дискіні қалай форматтайды.
  15. “*”, “?” таңбалары қандай жағдайларда қолданылады.

Тапсырма3

Лекция тақырыбы - NC қабықша-бағдарламасы.

Лекция мақсаты - NC программасының жалпы сипаттамасы және оның

қызметі. Функционалдық пернелердің қызметімен

танысу.

Лекция жоспары - NC- қабықшасының функционалды пернелерінің

қызметімен танысу. Бас менюмен жұмыс істеу

негіздері.

NORTON COMMANDER (NC) бағдарламасы DOS операциялық жүйесімен бірге жұмыс атқаратын қабықша бағдарламалардың бірі. Ол экран мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, компьютерде жиі қолданылатын іс- әрекеттерді көбіне өте жылдам, әрі көрнекі етіп орындайды.

Бұл бағдарламаның көмегімен пайдаланушылар магнитті дискі және каталог мазмұнын көреді, файлдарды жылжытуға, өшіруге, көшіруге, экранға шығаруға мүмкіншілік береді.

NORTON COMMANDER мүмкіншіліктері:

  • каталогтардың мазмұнын дискілерде көрнекі түрде көрсете алады;
  • дискіде каталог бұтақтарын көрсетіп, қажетті каталогтарға көшуді, жаңа каталогтарды құруды, каталогтардың атын өзгерту және жоюды орындайды;
  • файлдарды көшіруді, атын өзгертуді, жоюды және орын ауыстыруды орындайды;
  • текстік файлдарды, әртүрлі текстік (мәтіндік) редакторлардың көмегімен жасалған құжаттарды, берілгендер базасын, таблицалық процессорлардың таблицаларын және графиктік файлдарды экранда қарап шығуды орындайды;

А н ы қ т а м а: Каталогтар мен файлдардың бастапты тізімі сақталатын алғашқы каталогты түбірлі каталог дейді.

А н ы қ т а м а: Пайдаланушы қолданып отырған каталогты ағымдағы каталог деп атайды.

А н ы қ т а м а: Файлға жол - деп, ішінде керекті файл орналасқан түбірлік немесе ағымдағы каталогтан басталатын бірінің ішінде бірі болатын каталогтар тізбегін айтады.

А н ы қ т а м а: Файлдың толық аты - деп, түбірлік каталогтан басталатын файлға жол, әуелі дискінің аты, ал соңында файлдың қысқаша аты қосылады.

Norton Commander қабықшасында барлық жұмыстарды атқару <F1>, . . . , <F10> функционалдық пернелерін пайдалану арқылы жүзеге асады.

Панельдерді басќару ісін орындап кµріњіз:

- TAB -сол панельден оњ жаќ панельге (жєне керісінше) µтіњіз;

- CTRL+O -панелдерді экраннан алып тастањыз/ќайта ќойыњыз;

- CTRL+P -экраннан аѓымдыќ емес панельді алып тастаыњыз/ќайта ќойыњыз;

- CTRL+U -панельдердіңњ орнын ауыстырыњыз;

- CTRL+L -келесі панельде дискі немесе каталог жайлы мєлімдемені шыѓарыњыз;

- CTRL+F1-экраннан сол жаќ панельді алып тастањыз/ќайта орнына ќойыњыз;

- CTRL+F2 -экраннан оњ жаќ панельді алып тастаыњыз/ќайта ќойыњыз;

- CTRL+F3 -каталог жєне файлдарды атаулары бойынша реттењіз;

- CTRL+F4 -файлдарды типі бойынша реттењіз;

- CTRL+F5 -каталог жєне файлдарды уаќыты бойынша реттењіз;

- CTRL+F6 -каталог жєне файлдарды мµлшері бойынша реттењіз;

- ALT+F1 -сол жаќ панельде диск атауларын шыѓарыњыз;

- ALT+F2 -оњ жаќ панельде диск атауларын шыѓарыњыз;

- ALT+F7 -керекті файлды іздењіз.

Лекция материалдарымен жұмыс жасау және келесі сұрақтарға жауап беру:

  1. NC бағдарламасының жұмыс экраны?
  2. NC бағдарламасының мәзірлері?
  3. NC программасындағы экран көрінісі қандай болады?
  4. NC операциялық жүйесінде жаңа каталог құрыңыз
  5. NC операциялық жүйесінде жаңа файл құрыңыз
  6. NC операциялық жүйесінде жаңа файл атын өзгертіңіз
  7. NC операциялық жүйесінде *. txt файлдарды STUD каталогына көшіріңіз
  8. Файлдарды қалай топтап таңдауға болады?
  9. Басқа каталогқа жылдам қалай көшеді?
  10. Басқа дискіге қалай көшуге болады?
  11. Файлды қалай жылдам іздеп табуға болады?
  12. Жылдам орындалатын командалар.
  13. NC терезелерін қалай басқарады?
  14. Функционалдық пернелер қызметі.
  15. NC программасының менюімен қалай жұмыс істейді.

Тапсырма4

Лекция тақырыбы - WINDOWS операциялық ж‰йесі. WINDOWS

ж‰йесінде ж±мыс істеу негіздері.

Лекция мақсаты - WІNDOWS операциялық жүйесінің негізгі

объектілерімен танысу. Сілтеуіш бағдарламасын

қолдану.

Лекция жоспары - Wіndows операциялық жүйенің негізгі ұғымдары

мен атқаратын қызметімен танысу. Сілтеуіш

бағдарламамен жұмыс істеу.

Компьютерді іске қосылғаннан кейін, бірден WІNDOWS 98 операциялық жүйесі жүктеледі. Экраннан жүйелік бумалар, құжаттар мен жарлықтардың әр түрлі шартбелгілері көрінеді. WІNDOWS 98 жүйесін іске қосқан кезде экранға “Жұмыс столы” шығады.

Жұмыс столы - бұл Windows-тың объектілері мен басқару элементтері бейнелейтін графиктік орта.

Жұмыс столының негізгі белгілерге тоқталайық :

Шартбелгіге жасалған амалдар тікелей объектіге қолданылады.

Жұмыс столының ең төменгі бөлігінде Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталатын горизонталь жолақ орналасқан.

Мұнда біз екпінді бағдарламаларды үнемі көріп отырамыз, бұлардың кезкелгенінің түймесін шерту арқылы оның бағдарламасына кіреміз және жұмысты жалғастыруымызға болады.

Windows ж‰йесінде кез келген бағдарлама терезе ішінде орындалады, сондықтан тереземен атқарылатын амалдарды (экранда терезені жылжыту, кµлемін µзгерту, терезені жинақтау, ‰лкейту, кішірейту) орындай білу қажет. Windows ортасында клавиатура кµмегімен ж±мыс істеуге болады, бірақ кµп командалар тышқан кµмегімен орындалады. Мысалы, терезені жылжыту ‰шін тышқан кµрсеткішін тақырып қатарына басып, жібермей жаңа орынға курсорды жылжытамыз. Курсорды жіберген кезде терезе жаңа орынға орналасады.

Ж‰йенің бас мәзірі Пуск батырмасының кµмегімен ашылады. Бас мєзірдің құрылымы:

  • Бағдарламалар(Программы) - бұл жолдың экранға шыққан ішкі мәзірінен жүйеде орнатылған барлық бағдарламаларды таба аламыз.
  • Құжаттар(Документы) мәзірінде соңғы жұмыс істеген он бес құжаттардың алфавит ретімен орналасқан тізімі сақталады.
  • Баптау(Настройка ) мәзірінің көмегімен басқару панелі мен принтерлер бумасына кіруімізге болады.
  • Іздеу(Поиск) жолымен компьютеріміздің қатты дискісіндегі керекті бумалар мен файлдарды іздеп табамыз.
  • Анықтама(Справка) жолы WІNDOWS жүйесі туралы анықтама алу бөлімін іске қосады.
  • Жұмыстың соңы(Завершение работы) жолы компьютерді өшіруге немесе қайта жүктеуге дайындайды.

Файлдармен ж±мыс істейтін негізгі бағдарлама - Сілтеуіш (Проводник) . Оның кµмегімен: дискеттерді форматтауға, файл, бумларды кµшіруге, жоюға, қалпына келтіруге, басқа орынға орналастыруға жєне т. б. єрекеттерді орындауға болады. Бағдарламаны іске қосу ‰шін Пуск -Бағдарламалар (Программы) - Сілтеуіш (Проводник) командасын орындау қажет. Терезенің сол жағында тек қана бумалар қ±рылымы кµрсетіледі. Бумалар арасындағы жіңішке сызықтар бумалардың байланысының сатылық деңгейлерін бейнелейді. Бумалар ашық жєне жабық к‰йде бола алады. Сол жақ терезеде «+»таңбасы бар бумалар сол буманың ішкі каталогтары бар екендігін білдіреді. Тышқан кµрсеткішін осы таңбаға бір рет шертсек, ол «-» таңбасына айналады, яғни буманың ішкі қ±рылымын кµруге болады.

Буманы ашу ‰шін тышқанды бума шартбелгісіне шертеміз. Ашылған буманың мазм±ны сілтеуіштің оң жағында кµрсетіледі.

Лекция материалдарымен жұмыс жасау және келесі сұрақтарға жауап беру:

  1. WІNDOWS операциялық жүйесінде жаңа бума құрыңыз
  2. WІNDOWS операциялық жүйесінде жаңа файл құрыңыз
  3. WІNDOWS операциялық жүйесінде дискетті форматтаңыз
  4. WІNDOWS операциялық жүйесінде файлдарды жылдам іздеп табыңыз
  5. WІNDOWS жүйесінің қосымша программалары қалай іске қосылады?
  6. WІNDOWS жүйесінің анықтамалық терезесімен жұмыс.
  7. WІNDOWS жүйесінің объектілері (бума, жарлық, шартбелгілер) .
  8. Жанама мәзір (меню) деп нені айтады?
  9. Жұмыс столының қызметі?
  10. Терезенің кµлемін қалай µзгертуге болады?
  11. Бумалармен файлдардың ішкі құрылымын қалай көруге болады?
  12. Тышқанның сол жақ және оң жақ батырмалары не үшін қолданылады?
  13. Жұмыс столының түсін қалай өзгертуге болады?
  14. Сілтеуіш терезесіндегі “+”, “-” белгілерінің атқаратын қызметі?
  15. Файлдарды көшіру, жылжыту, өшіру үшін қандай әрекеттер істеу қажет.
  16. Жарлықтың қызметі.
  17. Байқаусызда жасалған әрекетті қайтадан қайтару үшін не істеу керек?
  18. Файлды қалай жылдам іздеп табуға болады?
  19. Файлды дискетада сақатау үшін қандай амалдар орындалады?
  20. Өшірілген файлдар немесе бумалар қалай қалпына келтіріледі.

Тапсырма5

Лекция тақырыбы - WINDOWS операциялық ж‰йесінде стандартты

бағдарламалар.

Лекция мақсаты - WІNDOWS операциялық жүйесінің стандартты

программаларды пайдалану.

Лекция жоспары - Жүйенің стандартты бағдарламаларын ж‰ктеу.

Бағдарламалар арасында ақпарат алмасу амалдарын

қолдану.

Wіndows -98 жүйесі компьютердің жұмыс істеуін қамтамасыз етумен қатар жұмысқа қажет бірнеше қарапайым стандартты бағдарламаларды күнделікті пайдалануға мүмкіндік береді. Олар кәсіби түрде қызметті толық қамтамасыз етпегенімен, бірсыпыра жеңіл жұмыстарды жылдам орындауға өте ыңғайлы. Стандартты бағдарламалардың негізгі ерекшелігіне оларды оқып үйренудің өте жеңіл екендігі жатады. Сондықтан оларды күрделі бағдарламаларды игерудің алғашқы сатысы деп қарауға да болады.

Қызметтік бағдарламалар - адамның аз қатысуымен орындалатын компьютерге қызмет кµрсететін бағдарламалар. Мысалы, қатты жєне иілгіш дискілерді тексеру, мєліметтерді, бағдарламаларды қорғау, дискілерді тестілеу жєне зақымдалған секторларды емдеу сияқты: ScanDisk, Defrag, Disk CleanUp программалары.

Paіnt - векторлық графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа бағдарламаларға енгізуге негізделген. Сондай-ақ бұл бағдарлама сурет салуды үйрету мақсатында да қолданылады.

WordPad - редакторы мєтіндік қ±жаттарды дайындауға м‰мкіндік береді. Бірақ кейінгі шығып жатқан редакторларға қарағанда м‰мкіндікі тµмендеу. Редакторды іске қосу ‰шін Пуск-Программы-Стандартные-WordPad командасын орындау керек. Редактордың кµмегімен мєтінді дискіде сақтауға, µңдеуге - шрифтті, мєтін т‰сін µзгерту, маркерді орнатуға болады.

Блокнот - кішігірім қарапайым мєтіндік файлдармен ж±мыс істеуге арналған бағдарлама. Блокнот мєтінді форматтамай (мєтінді безендірмей, шрифт, абзац параметрлерін µзгертпей) тек қана сµздерден т±ратын файлдарды дайындайды жєне дискіде *. txt кеңейтпесімен сақтайды.

Калькулятор - к‰нделікті калькулятордың компьютерлік н±сқасы. Ол екі режимде ж±мыс істейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау
HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы
Электрондық курстың құрылымы
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz