XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар



1 XVI ғасырдың 20.жылдары Қасым ханнан кейінгі Жошы ұрпағының өзара тартысы
б) Хақназар (Ақназар) хан саясаты
в) Шығай мен Тәуекел хандар саясаты
г) Есім хан саясаты
XVII ғасырдың ортасы . XVIII ғасыр басындағы Қазақ хандығы.
а) Жоңғар хандығы
ә) Жәңгір хан саясаты
б) Тәуке хан саясаты
Қазақ халқынын шығу тарихы.
а) Қазак халқының қалыптасуы
ә) "Қазақ" этнонимінің шығуы.
Хандықтың қоғамдық құрылымы.
а) Қазак хандығының кұрылу жүйесі
ә) Саяси.әкімшілік кұрылымы
б) Әлеуметтік құрылымы
Шаруашылықтың дамуы.
а) Шаруашылығы
ә) Сауда. Ақша түрлері
б) Қалалар мен елді мекендер
XVI ғасырдың 20-жылдары Қасым ханнан кейінгі Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қазак хандығына қарсы моғол және өзбек хандығының соғыс одағы қалыптасты. Қасым ханның мұрагері Мамаш (Қамаш) өзара тартыс барысында қаза тауып, хан тағын Қасымның немере інісі Тақыр (Тахир) (1523-1533 ж.ж.) иеленді. Ол 1524 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Саидке қарсы қырғыздармен одақ жасасты. Негізгі шайқастар Ертіс бойында, Алтын Емелде, Ыстықкөл маңында болып, моғолдар жеңіліп, Қашғарияға кетті.
Жетісу мен Ыстықкөл өңірі қазақтар мен қырғызардың қолында қалды. Тақыр асқан қатігездігімен ерекшеленді және дипломатиялық, әскери де таланты болмады. Көрші мемлекеттердің Қазақ хандығына шабуылы жиіледі. Ол Ноғай Ордасымен соғыста жеңілді, Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып ала алмады.
Тақыр хан тағдыры ауыр болды: Ханды халқының көпшілігі тастап кетті. Хан аздаған қазақтармен қырғыздарға кетеді, ақыры қырғыздар арасында жоқшылық көріп, қайтыс болды.
XVI ғ. аяғына дейін сырдариялық қалалар - Сығанақ, Отырар, Түркістан т.б. шайбанилықтардың иелігінде болды.
Бұйдаш хан (1533-1534 ж.ж. Тақырдың інісі) тұсында да Қазақ хандығындағы өзара тартыстар тоқтаған жоқ. Осыны пайдаланған өзбек ханы Убайдуллах Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты. Қазақ әскері жеңіліп, Бұйдаш хан қашып құтылды.
Бұл хандар тұсындағы ұздіксіз соғыстар жағдайында феодалдық өзгінің күшеюі халық наразылығын туғызып, басқа жаққа көшуді ұлғайтты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар.
XVI ғасырдың 20-жылдары Қасым ханнан кейінгі Жошы ұрпағының өзара
тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қазак хандығына қарсы моғол және өзбек
хандығының соғыс одағы қалыптасты. Қасым ханның мұрагері Мамаш (Қамаш)
өзара тартыс барысында қаза тауып, хан тағын Қасымның немере інісі Тақыр
(Тахир) (1523-1533 ж.ж.) иеленді. Ол 1524 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Саидке
қарсы қырғыздармен одақ жасасты. Негізгі шайқастар Ертіс бойында, Алтын
Емелде, Ыстықкөл маңында болып, моғолдар жеңіліп, Қашғарияға кетті.
Жетісу мен Ыстықкөл өңірі қазақтар мен қырғызардың қолында қалды.
Тақыр асқан қатігездігімен ерекшеленді және дипломатиялық, әскери де
таланты болмады. Көрші мемлекеттердің Қазақ хандығына шабуылы жиіледі. Ол
Ноғай Ордасымен соғыста жеңілді, Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып ала
алмады.
Тақыр хан тағдыры ауыр болды: Ханды халқының көпшілігі тастап кетті.
Хан аздаған қазақтармен қырғыздарға кетеді, ақыры қырғыздар арасында
жоқшылық көріп, қайтыс болды.
XVI ғ. аяғына дейін сырдариялық қалалар - Сығанақ, Отырар, Түркістан
т.б. шайбанилықтардың иелігінде болды.
Бұйдаш хан (1533-1534 ж.ж. Тақырдың інісі) тұсында да Қазақ хандығындағы
өзара тартыстар тоқтаған жоқ. Осыны пайдаланған өзбек ханы Убайдуллах
Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты.
Қазақ әскері жеңіліп, Бұйдаш хан қашып құтылды.
Бұл хандар тұсындағы ұздіксіз соғыстар жағдайында феодалдық өзгінің
күшеюі халық наразылығын туғызып, басқа жаққа көшуді ұлғайтты.
б) Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
1535-1538 ж.ж. хан атағы болған қазақ сұлтандары: Тоғым хан, Ахмет хан,
Хақназар хан, Наурыз-Ахмет хан.
Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан
нығайтып,
біріктіруге Хақназар хан (Қасымның баласы, 1538-1580 ж.ж.) әрекет жасады.
Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.
Территориясы:
Сырдария,Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.
Хакназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастап, Жайықтың сол жағалауындағы
ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті. 50-60жж. Моғол ханы Абдар Рашид
Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу мақсатымен, соғысты
қайтадан бастады. Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы кұрылды.
Деректерде Хақназарды "қазақтар мен қырғыздардыц ханы" деп атайды.
• 1560 жыл - моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.
Моғолстанға қарсы соғыстағы сәтсіздік және ойраттардың шапқыншылығы
салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая берді. 1570 жылдың аяғы -
Жетісудың батысы, Шу, Талас өңірі оның билігінде болды.
Башқұрт аңызында Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады.
Хакназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды.
Орыс елшілері:
• 1569 жылы Семен Мальцев;
• 1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы
көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында). Хақназар хан өзін
"патша, әрі ұлы князьбен татумын" деп санады. Бұл туралы орыс елшісі
Борис Доможиров (1577 ж.) дерегінде жазылған.
Сібір хандығын 1563 жылдан бастап билеген шайбан әулетінен шыққан
Көшім хан Қазақ хандығына қарсы дұшпандық әрекетте болды.
• 1573 жыл - Қазақ хандығына жіберілген Мәскеу елшісі
Т.Чебуков Кешімнің бұйрығымен өлтірілді.
Осы кездегі саяси жағдайдың ауырлығы Хақназар ханды Мәуереннахрдағы
шайбани әулетінен одақтас іздеуге итермеледі. II Абдаллах (1538-1598) пен
Хақназар арасында бейбіт катынаста болу туралы шарт жасалды. Бұл қатынас
нәтижесі: - Соғыс қақтығыстары уакытша тоқтатылды.
- Орта Азия жақсарды.
- Хан өкіметі нығайды.
Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570
жылдың аяғында Абдаллахтың қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба
сұлтаннын (Наурыз Ахметтің ұлы) әрекетін пайдаланды. Ол қарсыластар
арасында шебер жол тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап
отырды. Нәтижесінде:
• Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ
хандығына берді.
• Баба сұлтан Йассы, Сауранды сойырғал ретінде Хақназарға сыйлады.
Қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байкаған Баба ұлтан
келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі
баласын өлтірді.
• 1580 жыл - Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды өлтірді.
Хақназар хан саясатының маңызы:
1. Хандықтың аумағының кеңеюі.
2. Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.
3. Хан билігінің күшеюі.
4. Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тү-рақтылығы.
в) Шығай мен Тәуекел хандар саясаты.
XVI ғ. соңында хан тағына Жәнібектің ұрпағы Хақназардың немере інісі,
80 жастағы Шығай отырды (1580-1582 ж.ж.). Оның саясатының негізгі бағыты-
өзбек ханы Абдаллахпен байланыста болу.
• 1582 жылғы жаз - Шығайдың баласы Тәуекелдің Йассы
маңында Баба сұлтан мен соғысы.
Баба сұлтанды өлтіріп оның басын II Абдаллахқа апарып беріп, сұлтаның
балаларын, әмірлерін тұтқындайды. Өзбек ханы Тәуекелге Самарқанд аймағын
сыйға тартады.
Шығай қайтыс болған соң хан тағына Тәуекел отырады (1582-1598 ж.ж.).
Бұл кезде Сыр бойындағы Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары II
Абдаллахтың билігінде болатын.
1583 жылы Тәуекел хан Өзбек ханымен жасасқан шартты бұзды. Бұған себеп
-Абдаллахтың қазақтарға Түркістан
аймағынан 4 қала беруге уәде етіп, бақталасын жойғаннан
кейін уәдесін орындамауы.
• 1586 жыл – Тәуекел Түркістанды басып алып, Ташкентке қауіп
төндірді.
• 1586-1594 жылдар - Тәуекел билікке таласқан Хақназар
ұлдарымен күресті. Ақырында хандық құруға өз құқығын
бекітті.
• 1594 жыл - Тәуекел хан Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған
елшілік жіберді. Мақсаты:
- Өзбек ханымен күресу үшін әскери одақ
- 1580 ж. Сібір ханы Көшіммен соғыста қолға түскен
Ораз-Мухаммедті (Тәуекелдің жиені) орыс тұтқынынан босату.
• 1595 жыл - Мәскеуден Тәуекел ханға тілмәш Вельямин
Степанов елшілігі жіберілді:
- Қазақ-орыс дишюматиялық қатынастарын дамыту.
- Керуен саудасын кеңейту.
- Ораз-Мұхаммедтің орнына аманатқа хан ұлы Хүхейнді алу.
Ал әскери-одақ құру саясаты жүзеге асырылмады.
XVI ғасырдың аяғында ойраттар қазақ әскерінен жеңіліп, Тәуекел ханға
тәуелді болып қалды.Тәуекел өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санаған.
Өзбек ханы II Абдаллах қайтыс болғаннан кейін Мәуереннахрдағы билік
үшін басталған тартысты Тәуекел хан пайдаланды.
• 1598 жылғы жаз - Орта Азияға жаңа жорық басталды.
Самарқандта 20 мың әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырып, өзі Бұхарды
қоршауға аттанды. Бұхар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте
қайтыс болды (1598 жыл).
Қазақ хандарынын ұзақ жылдар жүргізген соғыстарының нәтижесі:
- Сыр бойындағы қамал-қалалар мен Ташкент қазақ
хандығының құрамына қосылды.
1598 жыл - Шайбани әулетінің орнына Аштархани әулеті (1598-1743 ж.)
келді.
• Жаңа әулет пен қазақ хандары арасында қазақ
хандығына қосылған жерлерді заңдастыру шарты жасалды.
г) Есім хан саясаты.
Есім хан (Шығайдың баласы, 1598-1628 ж.ж.) саясатының ерекшелігі:
• Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына
қосылды.
• Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың
иелігінде болды.
• Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар
Қазақ хандығының жері болып есептелді.
• "Есім ханның ескі жолы" атты әдет-ғұрып ережелері
жинағын шығарды. Заңда:
- Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.
- Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.
- Ескі құқықтык ғұрыптар мен заңдарды сақтады.
XVII ғасырда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:
• Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді.
• Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті.
• Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады.
Есім хандығы, астанасы - Түркістан қаласы. Тұрсын-Мұхаммед хандығы(1613-
1627жж), ордасы - Ташкент.
Тұрсын-Мұхаммед (1613-1627 ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап
отырды. Ал Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын-
Мұхаммедтің әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады. Бұхардың ханы Иманкули екі
ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты. Қазақ
хандары арасында алауыздық күшейіп, 1627 жылы Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті
өлтіреді.
• 1628 жыл - Есім хан қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесіне
жерленді. Бұхар әскерлері Ташкентті тартып алды.
XVII ғасырдың ортасы - XVIII ғасыр басындағы Қазақ хандығы.
а) Жоңғар хандығы.
Ойраттар - Монғол империясындағы Үгедей ұлысы монғолдарының батыс
бұтағы. Территориясы: Хантай тауының батысы -Гоби шөлі - Ертіс пен
Енисейдің жоғарғы ағысы (XV.) Ойраттардың Моғолстанға алғашқы шапқыншылығы
XIV ғ. аяғынан басталды. Уайс хан он жыл ішінде ойраттардың 61 шабуылына
тойтарыс берген. XVII ғасырдың басы - Батыс Монғолия жерінде ойрат
тайпалары шиеленіскен күрес жағдайында бірігу кезеңінде болды. 1627 жыл -
ойрат одағы ыдырады:
• Торғауыттар- Еділ бойына қоныстанды (қалмақтар).
• Хошоуттар- Тибетке жер ауды.
• Жоңғарлар- Жоңғарияны мекендеді.
1635 жыл - Батыс Монғолияда жонгарлардың әскери-
феодалдық мемлекеті құрылды. Билеушінің титулы-қоңтайшы. Мемлекеттің
негізін салушы-Батыр қоңтайшы (1635-1654 ж.ж.). Ол басқару ісінде
феодалдарға-нояндар мен жайсандарға сүйенді. Ламалар (дін басылар)-негізгі
орынды иеленді. Жоңғарлар соғысқа 100 мың әскер шығарды. Қоңтайшы әскерді
түменге, мыңдыққа, жүздікке, ондыққа бөлді. Жоңғар мемлекетінің халқы жазба
деректерде ойраттар, жоңғарлар (сол қанат), қалмақтар деп әртүрлі атаумен
аталады.
Жоңғарларды қазақтардың жайылым жерлері мен оңтүстіктегі сауда орталықтары
қызықтырды. Қоңтайшы Сырдария бойы мен Жетісуды алуға ұмтылды.
• 1635 жыл - Батыр қоңтайшы Жетісудың көп бөлігін жаулап алды.
ә) Жәңгір хан саясаты.
Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы,
1629-1652 ж.ж.) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып "Салқам Жәңгір"
("Айбатты") атаған.
• 1643 жыл - Орблақ шайқасы.
50 мың әскермен келген Батыр қоңтайшыға 600 сарбазымен Жәңгір хан
қарсы тұрды. Сарбаздар құрамында Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын
Жиембет, Найман Көксерек, Қаңлы Сарпық, Дулат Жақсығұл, Суан Елтынды
батырлар болды. Қосқолаң тауының арасында бекінген Жәңгір сарбаздары
жоңғардың 10 мың әскерін талқандады. Көмекке Самарқанның әмірі, қолбасшы
Алшын Жалаңтөс батыр (1576-1656 ж.) 20 мың әскермен келіп, жоңғарлардың ту
сыртынан шабуылдады. Бұл соғыста күйрей жеңілген жоңғарлар көпке
дейін қазақ даласына
шабуылдамады. Орбұлақ шайқасының маңызы:
- Қазақ әскерлері жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті.
- Фермопил шайқасындағы 300 спартандық жауынгерлердің
ерлігімен тепе-тең шайқас болды.
• 1652 жыл - Ресейден зеңбіректер сатып алып, қаруланған жоңғарлар
Қазақ жеріне қайта шабуылдап, казақ әскерін ойсырата жеңді. Жәңгір хан
қанды майданда қайтыс болды.
• XVII ғасырдың соңында Цеван-Рабдан қоңтайшы бастаған жоңғар
әскері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кірді.
б) Тәуке хан саясаты.
Тәуке хан (Жәңгірдің ұлы, 17181713 ж.ж.) билігінің
ерекшелігі:
• Хандықтың белшектенуі тоқтатылып, бір орталықка бағындырылды.
• Жоңғар шапқыншылығы бәсендеп, тыныштық орнады.
• Мемлекеттік құрьиыстың негізі ұхтанымдарын
(принциптерін) анықтайтын "Жеті жарғы" заңын жасады.
• Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ,
орыс елдері.
Тәуке ханның негізгі мақсаты -билердің көмегімен хан билігін нығайту.
Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін
басқару жүйесіне айналдырды. Билер кеңесі Битөбеде (Түркістан маңында),
Мәртөбеде (Сайрам маңында), Күлтөбеде (Ангрен маңында) өткізілген. Даулы
мәселені шешуді билер сотына жүктеді.
Тәуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған
саясат ұстанды. Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде - Қазыбек би, Кіші жүзде -
Әйтеке бидін беделі ерекше болды. Олардың даналығы ойрат жаулап алушыларына
қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, хандықты ауыр сыннан аман алып
өтуге бағытталды. Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөл
атқарды.
Тәуке хан саясатының басты бағыттары.
• Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық
өкіметті орталықтандыруға ұмтылды.
• Орта Азиямен сауданы дамытты. (1687-1688ж.)
• Орыс-қазак қатынастарын нығайтты. Тәуке хан 1686-1693 жылдары
Сібірге 5 рет өлшілік жіберіп, орыс-қазақ қатынастарын дамытты.
Сырдарияның бойында Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан каласын
астана етті.
1680 жыл - жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды
ала алмады.
XVII ғ. аяғы - XVIII ғ. басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім
ханның әдетғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, "Жеті Жарғы" завдар жинағы
шығарылды:
• Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.
• Құл төлеу- адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.
1. Әкімшілік - куқык нормалары мен қылмысты іс
күкығы.
• Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан
бір бөлігі мөлшерінде салык төлеу.
• Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін - 500 қой,
• Дене мүшелерінің кұлы: бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой.
2. Отбасы - неке құқығы. Мұра алу.
• Ата - анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды.
• Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына
беріледі.
3. Сот ісі.
• Соттау құқығы ханның, билер мен рубасыларының қолында
болады.
• Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге
өтелетін есенің оннан бір белігі берілуге тиіс.
• Айыптау үшін 2-7 куә қажет. Куә болмаған жағдайда
адалдығымен белгілі адам ант беруге тиіс.
• Билерге сенім білдірмесе, айыпкер билерді
ауыстырылуын сұрауға құқылы.
4. Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9
мал; соққыға жығушы 27 мал айып төлейді.
5. Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның қүнын төлеу.
6. Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.
7. Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, Бұлай
істеуден бас тартса, қорлағаны үшін қүн төлейді.
8. тіл
9. Жеті куә әшкерелесе, кайға тигізушіні таспен ұрып
өлтіреді. Ұрлық үшін үш тоғыз (27) төлейді, Бұл жаза айбана деп (100 түйе
- 300 жылкыға немесе 1000 қойға тең) аталады.
10. Өлтірілген тазы немсе бүркіт үшін иесі щл немесе күң талап етеді.
11. Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халық істерін талқылау
үшін күзде жиналуы қажет.
12. Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз
адамның дауысы болмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.
13. Әрбір тармактың, ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.
Тәуке ханның билігі түхында қазақ-ойрат қатынастары шиеленісті:
Галдан-Бошокту (1670-1697жж) және Цеван-Рабдан (1697-1727жж)
қоңтайшылар кезінде жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанды басып алуды көкседі.
Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, Созақ жоңғарлармен күресте стратегиялык
тірек бекетіне айналды.
XVII ғ. аяғы - XVIII ғ. басы - жоңғарлар Жетісудың бір белігін жаулап
алып, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. Үш жүздің өкілдері жауға қарсы
күресте бірлесу мақсатында 1710 жылы Қарақұм жиынын өткізді. Нәтижесінде
бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстырылды. Тәуке хан
халық алдында үлкен беделге ие болып, "өз Тәуке" атанған. Тарихшылар "Қазақ
Ордасының Ликургі" деп жоғары бағалайды.
• 1718(1715) жыл - үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін
жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.
Қазақстан аумағындағы этникалық өзгерістер.
Қазақ халқынын шығу тарихы.
а) Қазак халқының қалыптасуы.
Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б. басталады.

Қазақ кезеңдері:
• Көне заман- б.з.д.
VIII - б.з. V ғғ.
• Әуелгі орта ғасыр - УІ-Х ғғ.
• Орта ғасыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV ғасырдағы тарихи жағдай
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
XIV-XV ғасырдағы Қазақстан
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
«Қазақ» этнонимі
ӘМІР ТEМІРДІҢ ШЫҒЫС ДEШТІ ҚЫПШAҚ ПEН ЖEТІСУ AУМAҒЫНДAҒЫ БAСҚЫНШЫЛЫҚ СOҒЫСТAРЫ
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық - феодалдық қатынастары
Қазақтар жазуда араб әліп - биін тұтынды
Пәндер