Алгоритмдеу және Visual Basic ортасының графикалық мүмкіндіктері



Кіріспе
Тарау І. Алгоритмдеу және Visual Basic ортасының графикалық мүмкіндіктері
1.1. Алгоритм және оның қасиеттері
1.2. Visual Basic ортасында графика
Тарау ІІ. Visual Basic ортасының графикалық мүмкіндіктерін қолдану
2.1. Visual Basic ортасында процедуралармен жұмыс
2.1. Visual Basic ортасында графикалық түстер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Visual Basic - тің алғашқы нұсқасы Qbasic тілі негізінде 1991 жылы дайындалып, соңғы нұсқасы (Visual Basic 6.0) 1999 жылы жарық көрді. Vb5.0 және VB6.0 нұсқаларының айырмашылығы көп емес. Visual Basic - те түрлі сандық мәтіндік графикалық информацияны өңдеу және оның терезесінде кез-келген фигураны қолдан салу, жүріп тұрған сағатты орнату редактор мәзірін құрып, онымен жұмыс істеу, берілген қорымен жұмыс жіне т.б күрделі информацияны өңдеуді Windows-тағы сияқты визуалды орындауға болады.
1. Браун С. Visual Basic 6.0 учебный курс. – СПб.: Питер, 2001.
2. Гарнаев А.Ю. Visual Basic 6.0 разработка приложений. СПБ.: БХВ – Петербург, 2001.
3. Гладких И.Г., Харламов А.И. Изучаем компьютерные телекоммуникации без модема. Информатика и образование, 1999, №8.
4. Моисеева М.В. Программно-методический комплекс “Компьютер в системах передачи информации”. Информатика и образование, 1994, №1.

Кіріспе

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру
жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім
технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету
жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы
технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл
атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты
мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен
университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай
туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын
ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар
жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру
ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете
түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату
курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған
нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен
Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Visual Basic - тің алғашқы нұсқасы Qbasic тілі негізінде 1991 жылы
дайындалып, соңғы нұсқасы (Visual Basic 6.0) 1999 жылы жарық көрді. Vb5.0
және VB6.0 нұсқаларының айырмашылығы көп емес. Visual Basic - те түрлі
сандық мәтіндік графикалық информацияны өңдеу және оның терезесінде кез-
келген фигураны қолдан салу, жүріп тұрған сағатты орнату редактор мәзірін
құрып, онымен жұмыс істеу, берілген қорымен жұмыс жіне т.б күрделі
информацияны өңдеуді Windows-тағы сияқты визуалды орындауға болады.
Тарау І. Алгоритмдеу және Visual Basic ортасының графикалық мүмкіндіктері
1.1. Алгоритм және оның қасиеттері

Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде
программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз
керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм
сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып
оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша
жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада
ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорианың объектісі ретінде
кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында
зерттеле бастады.
Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және
қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа
жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әректтер
жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені
алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін
анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі бір реттіліепен
бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір
қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды. Алгоритм ұғымның
мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді
тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі
дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде
символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау
алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті
шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар
берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің
осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес
ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді
шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын
ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға
қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты
болуы тиіс.
3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану
мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу
мүмкіндігі бар.
Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда,
жалпылық қасиеті деп атайды.
4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді
және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде
қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша,
алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті
нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген
нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға
болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір
әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.
Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде
айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі.
Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
• алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;
• алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп
шығаруды айтарлықтай оңайлатады;
• әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға
арналған командалардан тұрады;
• атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар
жүйесі д.а.
• алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;
• алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс
д.а;
• алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы д.а;
• санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол
жетеді;
• алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы
керек;
• бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға
болады;
• құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны
талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;
• алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;
• алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын
болуы тиіс;
• алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге
болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді;
Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін
алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек
Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті
командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді.
Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар.Төменде алгоритмді бейнелеу
әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.

Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок – схема мен мектептік
алгоритмдік тілді пайдаланамыз.
Блок-схема
Блок схема компьютерге программалар жасау практикасында кеңінен
қолданылатын алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі, басқаша айтқанда,
алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек
болады. Есепті шешу алгоритімінің блок схемасын құрған кезде есепті шығару
процесі кезең дерге бөлініді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына
байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен)
белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб
т.с.с.
Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны
жазылады. Есептелу процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен
көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок – схема тілінің алфавитін құрайды
және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі.
Төмендегі 1-кестеде стандартты блок – схема тілінің алфавиті берілген.
Әрбір блок схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.
Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір – екі шығу
сызықтары болады.
Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі блоктар енгізіу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу
әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок – схеманы түсіндіру және
байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.
Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін
геометриялық фигураның ішіне жазылады.
Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық
мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады.
Деректерді өңдеу блогы қандай да бір формула бойынша айнымалының мәнін
есептеу процесін білдіреді. Мұнда есептелген шамалар оларға сәйкес
айнымалылар жаңа мәндер қабылдағанша сақталады.
Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның жағына да
қатыса алады, бұл дегеніміз айнымалының жаңа мәнін бұрын есептелген ескі
мәнінен шығарып алудың қажеттігін көрсетеді.
Шартты тексеру блогы есептелу процесінің барысы тікелей кейбір шартқа
тәуелді болатын есептелу процесінде анықталатын тармақталу алгоритмін
бейнелейді.
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына
дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді
сызықтық алгоритм деп атаймыз.
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа
тәуелді өзгеретін болса, онда ондай алгоритмді тармақталушы алгоритм
дейміз.
Алгоритм орындалғанда "иә" немесе " жоқ " деген мәндердің бірі
қабылждай алатын логикалық өрнекті шарт деп атаймыз.
Кез келген шарт мынадай үш бөлімнен тұрады:
- сол жақ бөлігі;
- салыстыру таңбасы;
- оң жақ бөлігі.
Мысалдар келтірейік: А 0, Х А+С, К = 6
Мына төменде алгоритмнің тармақталушының бөлігінің жалпы түрі
келтірілген.
егер шарт
онда "иә" тармағы
әйтпесе " жоқ " тармағы
бітті
Егер берілген шамаға тәуелді алгоритмнің белгілі бір тізбектелген
қадамдарды бірнеше рет орындалатын болса, онда ондай алгоритмді қайталанушы
(циклдік) алгоритм дейміз. Бұл берілген шама цикл параметрі деп аталады.
Кез келген қайталанушы алгогритмде ол аяқталу үшін параметр болуы
тиіс. Параметр белгілі бір мәнге ие болған кезде цикл аяқталатын болады.
Мына төменде циклдің басында параметр үшін қойылған шартты тесеруге
арналған қайталаушы алгоритмнің алгоритмдік тілде жазылуы және блок –
схемасмының жалпы түрі берілген.
Әзір шарт
ЦБ
команадалар тізбегі
ЦС
Мұнда әзір, ЦБ (циклдің басы), ЦС (циклдің соңы) – қызметші сөздер,
ЦБ және ЦС әзірше шарт орындалғанға дейін орындалатын командалар тізбегін
таңбалайды.

2. Visual Basic ортасында графика

Visual Basic тілінде графикалық әдістердің және графикалық
объектілердің қатысты бар графикалық құралдар деп аталатындар бар.
Графикалық элементтерді (сызық, шеңбер, тікбұрыштар т.с.с) сызуды Line
және Circle әдістері орындайды. Line және Circle әдістерімен графикалық
бетте сызылатын сызықтардың түсін, стилін және қалыңдығын ForeColor
DrawStyle және DrawWidth қасиеттері анықтайды.
Line және Circle әдістерімен графикалық бетте сызылған геометриялық
фигураларының ішкі аймағын бояудың түсін және тәсілін FillColor және
FillStyle қасиеттері анықтайды.
Әдісті шақыру нұсқасы (қасиетке қатынас жасау) жалпы түрде мына
төмендегідей болады:
Объект.Әдіс
Объект.Қасиет
Бұл жерде әдісті шақыру нұсқауында немесе қасиетке қатынас жасауда
объектіні көрсетпеуге де болатындығына назар аудару керек. Егер объект
көрсетлмеген болса, онда үнсіз келісім бойынша Пішін пайдаланатын болады.
RGB функциясы қызыл, жасыл және көк түстер кодтары арқылы кез-келген
түс алу үшін қолданылады.
Жалпы жазылуы: RGB (X,Y,Z)
Мұндағы:
X-қызыл түстің коды (мәндері[0,255]);
Y- жасыл түстің мәндері коды (мәндері[0,255]);
Z - көк түстің мәндері коды (мәндері[0,255]);
Мысалдар:
Circle(50,100),50,RGB (255,0,0)-сызығы қызыл түсті щеңбер шығару.
Pset (50,100),50,RGB (0,255,0)-жасыл түсті нүкте шығару.
Text1.BackColor= RGB (0,0,255)-text1 объектісінің фонын көк түске бояу.
Label1.ForeColor=RGB (255,255,255)-Label1 объектісіндегі жазудың түсін
аққа бояу.
List1.BackColor=RGB (0,0,0)- List1 объектісінің фонын қара түске бояу.
2.Visual Basic ортасының графиктік компоненттері.
Line (сызық) компоненті - түзу сызық салу үшін қолданылатын компонент.
Line объектісінің негізгі қасиеттері:
BorderColor- сызықтың түсін орнату,
BorderStyle - сызық стилін орнату
BorderWidth - сызық қалындығын орнату
DrawMode - сызық сызу әдістерін орнату.
Shape (фигура) компоненті - формаға геометриялық фигуралар салу үшін
қолданылады.
Shape объектісінің негізгі қасиеттері:
BorderColor- фигура сызығының түсін орнату,
BorderStyle - фигура сызығының стилін орнату
BorderWidth - фигура сызығының қалындығын орнату
DrawMode - фигура сызығының сызу әдістерін орнату.
FillColor -фигура ішін бояу,
FilStyle -бояу стилін орнату,
Shape - фигуралар орнату (мәндері 0-Rectangle,
1-Square,2-Oval,4-Circle,5-Rounded Rectangle,6-Rounded Square)
PictureBox (бейне - қорап) компоненті формаға графикалық обьектілерді
кірістіру үшін қолданылады.
PictureBox объектісінің графикалық өрісіне әртүрлі типті графикалық
өрісіне әр түрлі типті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне
геометриялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді
кіргізуге болады. Сонда графикалық өрістер форманың ішінде форма сияқты
жұмыс жасайды.
PictureBox объектісінің негізгі қасиеттері:
AutoSize - графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент
(сурет,картинка) өлшеміне шақтап өзгерту.
Picture- кірістірілген графикалық файл жолы.
Image - қосымша орындалып жатқанда бір өрестен екінші өріске сурет көшіру,

мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса:
Picture1. Picture= Picture2.
Image онда Picture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына
Picture2 өрісіндегі сурет келеді.
Circle, Line,Pset - объектінің ішіне фигуралар салу әдістері, мысалы
төмендегі қатар ішіне щенбер салынады.
Picture1.Circle(1100,1000),750
ImageBox (сурет-қорап) - компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі
болып табылады.
PictureBox компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа
объектілер кірістіре алмайды.
Қосымшаға ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады.
ImageBox объектісінің негізгі қасиеттері:
Picture - кірістірілген файл жолы, Stretch - текстік объектілердің
Аutosize қасиетіне ұқсайды, егер мәні True болса, онда сурет объектінің
өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объект
өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ өзгертеді.
3.HScrollBar, VScrollBar компоненттері.
Тік және жатық айналдыру белдеушілері белгілі бір объектілердің
қасиеттерінің мәндерін өзгерту үшін қолданылады. Мысалы оларды шрифт,түс
параметрлерін
өзгертуде, дыбысты күшейтіп - азайтуда, бейнелерді өңдеуде, HscrollBars
қасиеттері жоқ объектілердің көрінбейтін жерлерін шығаруда қолдануға
болады.
Айналдырушы белдеушелердің негізгі қасиеттері:
MIN- шкаланың бастапқы мәні;
Max - шкаланың соңғы мәні;
Value- шкала басынан жылжымалы батырманыњ тұрған жеріне дейінгі
арақашықтық мәні, LarqeChanqe - айналдыру белдеушесін басқанда жылжымалы
батырманың жылжу қадамы;
SmallChanqe - шкаланың екі жанындағы тілсызықтарды басқандағы жылжымалы
батырманың жылжу қадамы.
Бір ескертетін жай, қосымша іске қосылғанда, айналдыру белдеушелері
екпінді күйінде жыпылықтап тұрады. Бұл жағдайды болдырмау үшін SetFocus
әдісімен фокусты қосымшадағы басқа объектіге беріп тұру қажет.
Мысал. Формаға тышқан құрылғысы арқылы сурет салу.
1.Форманың ScaleMode қасиетіне Pixel мәнін, Caption қасиетіне Сурет салу
мәнін орнатыңыз.
2.Форманың сол жағына сызық қалындықтары тізімінен тұратын LIST1объектісін
орналастырыңыз.
3.Форманың оң жағына түстер палитрасы ретінде қызмет атқаратын Label1,
Label2, Label3,Label4 объектілерін орналастырыңыз.
Олардың Caption қасиеттерін тазалап, BorderStyle қасиеттеріне Fixed
Single мәнін орнатып, BackColor қасиеттеріне ретімен қызыл,көк, жасыл және
сары түстер орнатыңыз.
4.Программалық кодтың General бөлігіне өтіп, бірнеше процедураларда мәнін
жоғалтпай жұмыс істейтін С (сызықтың түсі) және t (сызықтың қалындығы)
айнымалыларын сипаттап кетіңіз:
Dim C AS String: Dim t As integer
5. Form_Load прцедурасына өтіп, List1 объектісіне тізім шығару және сызық
қалыңдығы мен түсінің алғашқы мәндерін меншіктеу процедурасын жазыңыз.
Private Sub Form_Load()
For k=1 to 10
List1.Additem k
Next k
T=List1.list(0)
C=Label1.BackColor
End sub
6. Label1_Click процедурасына өтіп, C айнымалысы Label1 объектісінің
түсін қабылдайтын процедурасын жазыңыз.
Private Sub Label1_Click()
C= Label1.BackColor
End Sub
7. Label2_Click процедурасына өтіп, C айнымалысы Label2 объектісінің
түсін қабылдайтын процедурасын жазыңыз.
Private Sub Label2_Click()
C= Label2.BackColor
End Sub
8. Label3_Click процедурасына өтіп, C айнымалысы Label3 объектісінің
түсін қабылдайтын процедурасын жазыңыз.
Private Sub Label3_Click()
C= Label3.BackColor
End Sub
9. Label4_Click процедурасына өтіп, C айнымалысы Label4 объектісінің
түсін қабылдайтын процедурасын жазыңыз.
Private Sub Label4_Click()
C= Label4.BackColor
End Sub
10. List1_Click процедурасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Офистік қосымшаларда VBA тілін пайдалану
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Бағдарламалау тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты
Paradox берілгендер қоры
Визуал Бейсик ортасының графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып ай, кун, бұлытты бейнелейтін бағдарлама құру»
Пәндер