Айналым капиталының (қаражатының) мәні, құрылымы, айналысы, қалыптастыру көздері және талдауы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріп, олардың орнына жекеменшікке негізделген шаруашылық субъектілер ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жумыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұны сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдың елді мекендерінде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты - шағым, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағытта өз кезегінде оң нәтижесін беруде. Елдің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік экономиканың әлеуметті еселей дамытуда кәсіпорындардың мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Әр кәсіпорынның ең басты мақсаты - өнімді өндіріп пайда табу. Бірақ осы өнімді өндіруге ол капитал жұмсайды. Кәсіпорын өз капиталын негізгі және айналым капиталы деп бөледі. Негізгі капитал деп негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық құндылық бар ретінде бағалауды айтады. Ал айналым капитал - өнімді өндіру мен оны сатудын үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорларыы мен айналыс қорларын құру үшін бірлестітерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын -ала бнрілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы.

Айналым қаражатының қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналым қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы - ақша, төлем айналымына жалғасады.

Осы курстық жұмыста айналым капиталының (қаражатының) мәнің, құрылымын, айналысын, қалыптастыру көздерін және талдауын қарастырады. Жазған жұмыстың ең басты мақсаты- бір кәсіпорынның мысалында (ААҚ Арай) айналым қаражатының дұрыс пайдалануды және дұрыс талдауды бірнеше көрсеткіштер арқылы көрсету.

1. Айналым капиталының түсінігі.

1. 1. Айналым капиталының құрамы мен құрылымы.

Кәсіпорындық іс - әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндеті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының ( айналым капиталы ) болуы.

Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтылығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процескебірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаттарының құрылым деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек әлементтерінің арақатысын атайды. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрылымына таңдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлығын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражаты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы қоймадағы дайын өнімдер айналымдағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылмын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Айналым қаражатының құрылымы

Кәсіпорында айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамымен құрылымыөндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады : айналым қаржыларының қажеттілігінің анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б

Өндірістің нәтижелігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындарының өндіріс процесінің маңызды заттың элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударған жөн.

Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.

Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай-әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің

тұтынушылық, технологиялық және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады;

А - Қ . . . Ө . . . Д - А1

Мұнда А - шаруашылық субьектілерін авансылаудағы ақша қаражаты;

Қ - өндіріс құралы;

Д - дайын өнім;

А1 -өнімді сатудан түскен ақша қаражаты

  1. 2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымы.

Шаруашылық жүргізудегі нарықтың жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамассыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады; олардың ішінде ең қарапайымы- айналым қаражатының айналымдылығының коэфиценті. Ол мына формуламен анықталады;

Қақ= Өқ /Оқ

мұнда; Өқ - белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны:

Оқ - сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де өткізудегі алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынды. Мысалы, егер сатқаннан түскен түсім бір жылда 2000 млн теңгені құраса, ал айналым қаражатының орташа қалдығы - 400 млн теңге болса, онда айналу коэфиценті: К айн = 2000/400=5

Демек бір жылдағы айналым қаражатына салынған әр теңге 5 рет айналысқа түскен. Айдың ұзақтығы - күн, тоқсан - 90 күн, жыл 360 күн юолып есептеледі.

Күн = Т/ К айн :

мұнда Т - күннің көрсеткіштерін анықтайтын уақытының ұзақтығы

Т= 30, 90, 360.

Күн =Т х Қ(Оқ) /Өқ ; Күн = 360/72= 5, ал Күн=360х 400/200= 72

сонан соң капиталдың орташа тәуліктік айналымын табуға болады :

Тәулік = Өқ /Т

осыдан бір күндегі айналым ұзақығы:

К=Оқ / Өқ

2. Сонымен қатар айналым қаражаты бекіту коффицентінің шамасын да анықтайды, бұл айлану коффицентінің кері көрсеткіш :

Кбекіту = 1 /Қақ

келтірілген мысал бойынша Кбекіту =4000/2000=0, 20

Бұл тауарды сатқаннан кейінгі түсімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қаражатының орташа қалдық сомасын анықтайтды, мысал бойынша ал 20 тиынға тең.

3. Өнімнің материалдың сыйымдылық көрсеткіші:

М сыйымдылық = М/Өндіріс көлемі:

Мұндағы М -шикізат, отын, материал т. б. Бұл көрсеткіштің кері шамасы материал қайтарымы:

М қайтарым = Өндіріс/М

Айналым қаражатының көлемі өнімнің санына және оның түр-түрінің көзделген межеде шығарылуына, нарықтың талабына сәйкес жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Сонымен қатар бұл көлем нормативті запастарды құруда өндіріс шығындарымен артпауға тиіс.

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсз қаржы жағдайына өндіріс процессінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шіығынының шамасын үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындуда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпйтын көмекші өндірістер тұрғын үй, коммуналдық және т. б. шаруашылықтар және дербес байланыста тұрмайтындарда өтелуі қажет.

Қор қайтарымының өсу факторлары

Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердіғ қорлануы төмендегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал) . Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждық бұл деңгейін салынған қаражатының көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты пассивтер, несиелік берешек, банк несиесі және басқа да несиелер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыру қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көзднріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

  • жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
  • ақы төлеудің мерзім ішінде келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцкптелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі,
  • аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
  • салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.

Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталыды. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

  • өндірістің маусымдылығы;
  • тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелілігі.

ІІ. Шаруашылық субъектілерінің саясаты және ағымдағы активтерді қаржыландыру стратегиясы.

2 . 1. Айналым капиталының жағдайын талдау.

(кәсіпорынды мысалға ала отырып)

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржының тәуеосіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастыру көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегідей жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерәімен жәнек коммерциялық несиелермен жабылады. Меншікті капиталдың көмегімен ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген(тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бірғана-бұл коэффициенттке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авнсталған капитал бөлумен анықталады:

Ктс=Мк : Ак

Мұндағы: К тс- тәуелсіздік коэффициенті; Мк - меншікті капитал; Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиынтығы, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) .

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымнын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпорын иесі әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Кәсіпорында айналым капиталын пайдалануды талдауда келесі коэффициенттер қолданады:

1. Тәуелділік коэффициенті: Кт= Ққ : Ақ немесе Кт =1- К тс ,

мұндағы: Кт- тәуелділік коэффициенті: Ққ -қатыстырған капитал, Ак- авансталған капитал: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коффицент авнсталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорындарымызда (қосымша тіркелген) оның деңгейі жылдың басында 0, 143 (1- 0, 857), ал жылдың санында 0, 231 (1- 0, 769) болады. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып оырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды.

  1. Қаржыландыру коэффициенті:Кк = Мк : Қк

мұнда: Мк - меншікті капитал, Ққ - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коффицент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен қаржыландыратын көрсетеді. Қаржыландыру коэффиценті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілетігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кк/м = Тк : Qк = Қк : Мк

мұндағы : Кк/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті: Кқ - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті: Мк - меншікті капитал.

АҚ «Арайң 2005 жылдың басы мен соындағы жағдайы негізінде кәсіпорынның авнсталған капиталының құрамы мен құрылымы.

Көрсеткіштер
Жыл басында
Жыл соында
Жыл басындағы өзгеріс
Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр)
млн тг
%
млн тг
%
(3гр-1гр)
(5гр:1грх 100)
Көрсеткіштер:

1. Авансталған капитал, соның ішінде

11. Меншіктік капитал

1. 2. Қарыздық капитал

Жыл басында:

32551

27908

4643

Жыл соында:

100

85, 7

14, 3

Жыл басындағы өзгеріс:

41957

32276

9681

Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр):

100

76, 9

23, 1

+9406

+4368

45038

+28, 9

+15, 6

+108, 5

х

-8, 8

+8, 8

Көрсеткіштер: 2. Тәелсіздік коэффициент (1. 1жол:1жол)
Жыл басында: х
Жыл соында: 0, 857
Жыл басындағы өзгеріс: х
Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр): 0, 769
х
х
-0, 088
Көрсеткіштер: 3. Қаржыландыру коэффициент (1жол:12жол)
Жыл басында: х
Жыл соында: 6, 011
Жыл басындағы өзгеріс: х
Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр): 3, 334
х
х
-2, 677
Көрсеткіштер: 4. Қатыстырылған капиталдың меншіктк капиталға қатынасы коэффиценті (12жол:11жол)
Жыл басында: х
Жыл соында: 0166
Жыл басындағы өзгеріс: х
Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр): 0, 231
х
х
+0065
Көрсеткіштер: 5. Инвестициялау коэффицент
Жыл басында: х
Жыл соында: 1, 497
Жыл басындағы өзгеріс: х
Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр): 1, 655
х
х
+0, 158

Бұл коэффицент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипаттайды: жыл басында - 0, 166 (4643 : 27908), жыл аяғында-0, 231 (9681:32276)

Бұның мәні кәсіорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражаттарының 17 тиынын тарқайын дәлелдейді.

  1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті:Ккт = Мк -Ұм / Ак:

мұнда Ұм- ұзақ мерзімді мінттемелер:Ак - авансталған капитал: Мк - меншікті капитал.

  1. Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коффиценті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті:Кұ/м = Ұм/ Мк + Ұм :

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталымен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты литенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

  1. Кәсіпорындағы айналымдағы активтерін пайдалануға талдау.

Қаржы жүйесінің бастапқы буын ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айрықша белгілері мен ерекшеліктері бар обьективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Экономикалық заңдарымен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың табына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болмағандықтан қондырманың торға жатады. Бұл басқарылатын іс- әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы- тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағымының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.

Қаржы жүйесінің бұл буында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады, және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік- экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресуртарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұжымды етіп жұмсауға, қаржы рыногына бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Кәсіпорындарда қаржы менежментінің обьектілері мыналар болып табылады: жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер ақпарат, зейнеткерлік қызметтің нәтижелері, материлдық емес игіліктер.

Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгіріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін- ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық орталық болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рынногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттуді заңнамалық реттемелеу кезегіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарда басқарушы субьектілердің басқарылу обьектілеріне ықпал жасауының экономиканың элемементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады.

Қаржы менеджер- бұл кәсіпорындардағы қаржылық жағдайын жоспарлап, ақпараттап, ұйымдастырып, реттеп және бақылайтын, қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді е, тіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға жұмысын негіздеген қызметтер.

Қаржы менеджер мына төмендегі қызметтерді атқарады:

  • ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатты анықтау;
  • ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
  • қабылданған шешім бойынша инвестциялау жөніндегі шешімді бизнес- жоспар немесе басқа рәсімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
  • жобаның орындалуын ұйымдастыру;
  • атқарылу барысына бақылау және қажетті түзетулер жасау;
  • қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін тоба нәтижелерін талдау және бағалау.

Қаржы менеджерінің ең маңызды атқарылған қызметі ақша ағының құрамын, қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстар), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстарын қамтуғак негізделген.

Қаржы менеджер кәсіпорында қаржылық жай- күйін талдауды білу керек. Бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын рентабелділікті, төлем қабілетін, несиені өтеу қабілетін оның рыноктағы жағдайын бәсекеге жарамдылығын сипаттау үшін қажет.

Талдауға қажетті ақпаратар бухгалтерлік баланста қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады, сондай-ақ толығырақ ақпарат қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Өндірістік айналым қоры
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару және ЖШС «Ұланның» айналым активтерін бағалау және талдау
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Кәсіпорынның айналым капиталы туралы
Айналым капиталының элементтері
Кәсіпорынның айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz