Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру


Мазмұны
Міндеттері:
Кіріспе . . . 3-6
І Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері . . . 7-16.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні . . . 17-29
II Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін қолдану әдістемесі.
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану жолдары . . . 30-42
2. 2 Балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 43-54
2. 3 Сабақ үлгілері . . . 54-56
Қорытынды . . . 57-58
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59-60
Қосымша.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстанда педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. [1. 2]
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және бала тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу тәрбие үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай балаларды пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық белсенділігін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. [3]
Білім беру және оқыту теориясының балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - тәрбиенің білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі, Ал жеке тұлғаның дамуына балалардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны тәрбие оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.
Танымдық белсенділік - баланың оқуға, білімге, ғылымға деген ынта-ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік (интенсивтендіру) оқушының әрекеті және пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі: баланың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуінде.
Белсенділікке байланысты әлеуметтік-педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне. ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтердің талдау нысанасы болды.
Мұндай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның, К. Ушинскийдің еңбектерінде көре аламыз. . [4]
Ы. Алтынсарин тәрбиелеу оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда тәрбиешінің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде. [5]
К. Ушинский танымдық белсенділік мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді.
Ол тәрбиешінің жұмысын ескере отырып, баланың белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу. көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет балалардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу тәрбие үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Қазіргі кезеңде баланың танымдық белсенділігін дамытудың тиімді жолдарының бірі - баланың өзіндік жұмысы. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Ильясова. О. Сыздықов, т. б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері т. б . [6]
Қазіргі кезде тәрбиелеу оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбын Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану.
Зерттеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдарының педагогикалық мәселелері.
- Балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану жолдары.
- Мектеп жасыына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда ертегілердің тәрбиелңк мәні .
- Балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру ерекшеліктері
Зерттеу пәні: тіл дамыту
Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық - психологиялық әдебиеттердің мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.
Диплом жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І Бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту жолдарының теориялық негіздері.
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің педагогикалық мәселелері
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық белсенділік - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті . Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділіктің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. . [7]
Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек елінде тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, баланың өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі тәрбиелеу оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық белсенділікті оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
И. Гербарт танымдық белсенділікті дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады.
Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы түрлі қызығу балалардың меңгеретін тәрбие. білім мазмұнын анықтайды. [8]
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Баланың танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: «Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал тәрбиеші болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Балалардың танымдық белсенділігі олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің қалыптасуына тәуелді». [9]
Танымдық белсенділік оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі ойын. еңбек . оқу үрдісін белсендіру жолдары мен балалардың қызығуын дамытуды ұсынады, ойынның . оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Ойынның сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру баланың танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Педагогтер, ақыл- ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып балалардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- Оқу танымдық белсенділіктің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу танымдық белсенділіктің интелектуалдық сипаты;
- Оқу танымдық белсенділіктің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу тәрбие үрдісіне мәселелік ойнауды . оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т. б.
Оқу тәрбие үрдісі балалардың танымдық белсенділігі нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық дамыту негізінде балаларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, балалардың танымдык, белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру - оқу тәрбие үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда ойын. оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, ойын ойнату сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.
Зерттеуші ғалымдар оқу тәрбиеде танымдық белсенділікті дамыту мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:
- оқу тәрбие үрдісіне қатысушыпардың екі жақты сипаты әсері негізінде тәрбиеші мен баланың бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель,
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы Т. Сабыров, Б. Айтмамбетова, т. б. ) ;
-танымдық белсенділікті дамыту арқылы ( А. Әбілқасымова, Р. Омарова, ) ;
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Лернер, М. Құдайқұлов) ;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы [10]
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (А. Қазмағамбетов) .
Мектепке дейінгі мекеме - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Балалардың танымдық белсенділігін, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу - бұл адамның саналы әрекеті.
Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін - оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э. Парондайк, У. Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:
А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып баланың белсенділігін оятуға;
Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т. б.
«Шығармашылық» - адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
«Шығармашылық» - адам бойындағы белсенділікті дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани куш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Л. Р. Выготский, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, А. Л. Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Әбділдин, ҚБ. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т. б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. . [12]
Оқу тәрбие үрдісінде баланың танымдық белсенділігін дамыту үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Балалардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің тәрбиншінің көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда тәрбиеші танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде балаға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық белсенділікке ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
Балалардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, балалардың өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу тәрбие үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға тәрбиеші тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; тәрбиешінің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т. б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер балаға дайын түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі тәрбиелеу баланың іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр балада әр түрлі болғандықтан, тәрбиеші танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі - баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен біліктерді іс жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне, дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өз бетімен кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын барысында дамыту үшін тәрбиеші тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған балалардың өздері белсенділік танытпағы ләзім.
Ал балалардың жеке басынын, дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде балалардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен балаларды тіл дамыту пәнін оқыту барысында танымдық белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау керек:
-тәрбиеші ең алдымен топта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге аудару керек. Мысалы балалардың назарын шығармашылық белсенділігін дамыту үшін үнемі тапсырма, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.
- шығармашылыкпен жеке-дара бала емес, топтың бүкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Топта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;
- тәрбиеші- бала үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, балалар ерекше елтиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан тәрбиешініңің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы баланың танымдық белсенділігін дамытады.
- танымдық белсенділік үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz