Алдын ала тергеу жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 4
1.1 Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Тергеу өндірісі барысындағы заңдылықты сақтауға қадағалау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы мен негізділігіне қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.4 Тергеу органдарымен қолданылатын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңдылығына қадағалау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.5 Іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамассыз етуде прокурорлық қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Қазақстан Республикасы (әрі қарай-ҚР) тәуелсіздік алғанына міне 10-жылдан асты. Осы уақыт ішінде көптеген заңдар қабылданды. Бұл заңдар құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Ал құқықтық мемлекеттің басты элементтерінің бірі–ол қоғамда заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуы.
Сондықтан, ҚР-нда заңдар біркелкі қолданылмаса, сақталмаса онда құқықтық мемлекет құру екі талай. Мемлекет заңдарды дәл әрі бірыңғай қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган- прокуратураны ұйымдастырады. Демек прокуратураның қызметі қоғамда үлкен орын алатындығын көреміз. ҚР-сы құқықтық мемлекетті құру жолындағы реформалар прокуратура органдарынан тергеу аппаратын алу арқылы және ҚР-сы 21-желтоқсан 1995-жылғы “Прокуратура туралы” занымен оның мемлекеттегі заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына қадағалауды іске асыратындығын бекітті. Қазіргі қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қылмыс деңгейі айтарлықтай жоғары болып тұрғандықтан және қылмыскерді жазалау кезіндегі немесе қылмысты алдын-ала тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңдарын бұрмалау фактілерінің көптеп кездесетіні бәрімізге аянышты шындық.
Осындай себептер және қоғамдағы құқықтық реформа процесінің кең үрдісі аталмыш тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Бұл біздің диплом жұмысын осы тақырыпқа арнау себеп болады. Біз бұл бітіру жұмысында ҚР-сы Ата Заңының 83-бабына, «ҚР-сының прокуратурасы туралың заңына және қылмыстық істер жүргізу заңдылығындағы және ҚР-сы Бас прокурорының бірқатар бұйрықтарында прокуратура органдарына берілген құқықтары мен міндеттерінің, функцияларының маңызын жеке түсіне отырып аталмыш бітіру жұмысында төмендегідей мәселелерді ашып көрсетуге тырыстық.
Олар анықтама мен алдын-ала тергеу барысындағы прокурорлық қадағалаудың өкілеттіктерін жүзеге асыру барысындағы түсінігі және прокуратура органдарына қойылған міндеттері мен шегі қарастырылады және де алдын-ала тергеу өндірісіндегі прокуратураның прокурорлық қадағалаудың мынадай мәселелері қарастырылады; ол тергеудің сатысында жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда және тіркегенде немесе шешкенде заңдылықтың сақталып отыруын қадағалайды.Сонымен қатар, прокурордың бұйрық беру өкілеттіктерін дұрыс қолдана отырып, қылмыстық істерді тергеуге заңдылықты сақтауды толықтай қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, қамауда ұстауда ұстау мерзімінің сақталуына; тергеу әрекеттерін жүргізудегі заңдылықтың сақталуына; тінту мен алу, тексеру, куәландыру, почта телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, алу мен тексеру, хат хабарларды жол жөнекей ұстау және т.б.; бұлтартпау шараларын қолдану, қылмыстық істі қозғау, қылмыстық істі қозғаудан бас-тарту және тағыда басқа прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуы қарастырылады.

І. Заңдар мен нормативтік актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
4 Прокуратура туралы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңы.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2707 Заң күші бар Жарлығы
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2710 Заңы
7. "Анықтама мен алдын-ала тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру турасы" Бас прокурордың № 88 бұйрығы, 16 маусым 2001 ж.
АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР
1. Акина Н.А. Участие защитника на предварительном следствии в советском уголовном процессе. Саратов, 1977 г.
2. Бегалиев К.А. Прокурорский надзор за раскрытием преступлений несовершеннолетних. Алматы, 1971 г.
3. Бегалиев К.А. Особенности судопроизводства по делам несовершеннолетних. Учебник “Уголовный процесс КазССР”. Алматы, 1991 г.
4. Бегалиев К.А. Меры по борьбе с преступностью несовершеннолетних. Алматы, 1975 г.
5. Бахаев Д.М. Надзор районного прокурора по уголовным делам. М., 1979 г.
6. Бахтыбаев А. Конституционный надзор в РК. Астана., 2000.
7. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан. Астана., 2000.
8. Ковалев М.А. Прокурорский надзор за соблюдением прав граждан при раскрытии преступлении. М., 1981 г.
9. Халиков Қ.Х. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. Алматы, 1993 ж.
10. Төлеубекова Б.Қ. ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы., Жеті Жарғы. Алматы., 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 4
1.1 Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі,
міндеттері,
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Тергеу өндірісі барысындағы заңдылықты сақтауға қадағалау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы мен
негізділігіне
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18
1.4 Тергеу органдарымен қолданылатын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының
заңдылығына қадағалау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.5 Іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамассыз етуде
прокурорлық

... ... ... ... ... ... .30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...37
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы (әрі қарай-ҚР) тәуелсіздік алғанына міне 10-
жылдан асты. Осы уақыт ішінде көптеген заңдар қабылданды. Бұл заңдар
құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Ал құқықтық мемлекеттің басты
элементтерінің бірі–ол қоғамда заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуы.
Сондықтан, ҚР-нда заңдар біркелкі қолданылмаса, сақталмаса онда
құқықтық мемлекет құру екі талай. Мемлекет заңдарды дәл әрі бірыңғай
қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган-
прокуратураны ұйымдастырады. Демек прокуратураның қызметі қоғамда үлкен
орын алатындығын көреміз. ҚР-сы құқықтық мемлекетті құру жолындағы
реформалар прокуратура органдарынан тергеу аппаратын алу арқылы және ҚР-сы
21-желтоқсан 1995-жылғы “Прокуратура туралы” занымен оның мемлекеттегі
заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына қадағалауды іске асыратындығын
бекітті. Қазіргі қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қылмыс
деңгейі айтарлықтай жоғары болып тұрғандықтан және қылмыскерді жазалау
кезіндегі немесе қылмысты алдын-ала тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу
заңдарын бұрмалау фактілерінің көптеп кездесетіні бәрімізге аянышты шындық.
Осындай себептер және қоғамдағы құқықтық реформа процесінің кең
үрдісі аталмыш тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Бұл біздің диплом жұмысын
осы тақырыпқа арнау себеп болады. Біз бұл бітіру жұмысында ҚР-сы Ата
Заңының 83-бабына, ҚР-сының прокуратурасы туралың заңына және қылмыстық
істер жүргізу заңдылығындағы және ҚР-сы Бас прокурорының бірқатар
бұйрықтарында прокуратура органдарына берілген құқықтары мен міндеттерінің,
функцияларының маңызын жеке түсіне отырып аталмыш бітіру жұмысында
төмендегідей мәселелерді ашып көрсетуге тырыстық.
Олар анықтама мен алдын-ала тергеу барысындағы прокурорлық
қадағалаудың өкілеттіктерін жүзеге асыру барысындағы түсінігі және
прокуратура органдарына қойылған міндеттері мен шегі қарастырылады және де
алдын-ала тергеу өндірісіндегі прокуратураның прокурорлық қадағалаудың
мынадай мәселелері қарастырылады; ол тергеудің сатысында жасалған немесе
әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда
және тіркегенде немесе шешкенде заңдылықтың сақталып отыруын
қадағалайды.Сонымен қатар, прокурордың бұйрық беру өкілеттіктерін дұрыс
қолдана отырып, қылмыстық істерді тергеуге заңдылықты сақтауды толықтай
қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, қамауда ұстауда ұстау мерзімінің сақталуына; тергеу
әрекеттерін жүргізудегі заңдылықтың сақталуына; тінту мен алу, тексеру,
куәландыру, почта телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, алу мен тексеру, хат
хабарларды жол жөнекей ұстау және т.б.; бұлтартпау шараларын қолдану,
қылмыстық істі қозғау, қылмыстық істі қозғаудан бас-тарту және тағыда басқа
прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуы қарастырылады.
Осы кустық жұмысын орындау кезінде процессуалдық әдебиеттерге, заң
мақалаларына және прокуратура органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді.
Алдын ала тергеу жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау түсінігі

міндеттері, маңызы.
ҚР-ның қылмыстық істер жүргізу кодексі (әрі қарай-ҚІЖК) және ҚР-ның
заң күші бар Прокуратура туралың жарлығы прокуратура органының тергеу және
анықтама органдарына прокурорлық қадағалаудың тікелей функцияларын және
міндеттерін анықтайды.
Тергеу және анықтама органдары қызметінің заңдылығына қадағалау
прокурорлар жүзеге асырады, бұл ҚР-сы “Прокуратура туралы” заңында
көрсетілген, сондай-ақ прокурордың нұсқаулары жазбаша нысанда болады және
анықтама жүргізуші органы мен тергеушіге міндетті болатын нұсқау береді.
(22 бап. Прокуратура туралы заң).[1]
ҚР-сы Прокуратура туралың заңына сәйкес- прокурор анықтау және
тергеу органдарының қызметінде заңдарды толық орындауына қадағалауды жүзеге
асырады деп белгілейді.
Тергеу және анықтама органдары заңдарын дұрыс қадағалау ҚР-сы
Прокуратура туралың заңына сәйкес прокуратура органдары арқылы жүзеге
асырылады. Бұл заңдық күші бар жарлық тергеудің жоғарғы сапасын және
мерзімдерінің сақталуына, жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы
өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың
сақталуына прокурорларға көп өкілеттіктер берді. Сонымен қатар, прокурор өз
өкілеттіктерін дұрыс қолдана отырып, қылмыстық істерді тергеуде заңдылығын
сақтауды қамтамасыз етеді.
Және көрсетіп кету қажет Тергеуге қадағалау жүргізу қызметінің
объектісі бойынша ғана емес, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың басқа
салаларының мәнісін өтінбей-ақ, бұл - заңды дұрыс орындауға қадағалау
прокурордың қызметінде ең маңызды бағыт болып табылады.[2]
Анықтама және тергеу жүргізу барысында прокурордың қадағалауы- басқа
мемлекеттік органдарының, лауызымды тұлғалардың қызметтерінің заңдылығына
қадағалаудан ажырататын ерекше қатынастармен сипатталады.
Бұл қасиеттер мыналар:
1) Анықтама және тергеу жүргізу барысында прокурорлық қадағалау тек
қана тар мағынадағы қарау емес, сол сияқты осы органмен жүзеге
асырылатын тергеуге басшылық болып табылады. Прокурор анықтама
және тергеу органдарына жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына
байланысты тиісті нұсқаулар беруге құқылы. Бұл жерде прокурорға
анықтама және тергеу кезінде шешуші билік беріледі.
Анықтама және тергеу органдарының заңсыз және негізсіз қаулыларын
өзгертеді және жояды.
2) Қылмыстық істерді тергеуіне қадағалауды жүзеге асыру барысында
прокурордың жағдайы мен міндеттері барлық тергеу және анықтама
органдарына қарағанда бәрі бірдей, яғни, ішкі істер министрлігіне,
ҰҚК-ң жүйесіне не басқа органдарға кіру, кірмеуіне қарамастан.[3]
Прокурорлық қадағалаудың осы саласындағы осындай ерекшелік түсінігіне
өз ізін қалдырады. Бірақ бұл жерде де тергеуге прокурорлық қадағалаудың
мәнісі - тергеу процесінде заңдылықты үздіксіз сақтауды қамтамасыз ету
қадағалауға жүктелген міндетпен айқындалады.
Анықтама және тергеу органдарының заңдарды сақтауына қадағалауды
жүзеге асыру барысында прокурордың өкілеттіктері әмірші-бұйрық беру
сипаттамада болады. Прокурордың ұсыныстары мен нұсқаулары қылмыстық істі
қозғау және тергеу мен байланысты прокурордың актілері анықтама және тергеу
органдарынан лауазымды адамдарға міндетті болады. Прокурор заңды сақтаудың
мәнісі бойынша араласуға құқылы, тергеушінің актілерін өзінің актілерімен
ауыстыруға немесе өзгертуге әрі жеке тергеу әрекеттерін өзінің өндірісіне
алуға құқылы.
Осы әмірші - бұйрық беру сипаты істің мәнісі бойынша тергеу
органдарының қай ведомство қатарында болуына тәуелсіз тергеуге
процессуалдық басшылықты жүзеге асырады.
Атап айтқанда, прокурор тергеуге басшылық жүргізеді, не мұндай
басқару осы саладағы прокурорлық қадағалаудың құрамдас бөлігі болып
табылады.
3) Бұл жерде айта кететін: тергеуге прокурорлық басшылық ету бұл
жерде ішкі істер органдарының және басқада органдарының
тергеушілерін ескертіп отырған жоқпыз, керісінше прокурорлық
қадағалау қылмыстық процессуалдық заңдылықпен жүктелген
тергеушінің процессуалдық дербестігіне жалынбайды.
Кейбір әдебиеттерде тергеуге басшылық етумен прокурорлық қадағалауды
қарама-қайшы қоюға талаптанып көрген болатын, сондай-ақ тергеу аппараты
ведомстваның қай жүйесінде болуына байланысты қадағалаушыны бөліп отырады.
В.Царев және Г.Арзумян көрсеткендей, егер ішкі істер министрлігі және
ҰҚК органдарындағы тергеуге прокурорлық қадағалауды, процессуалдық әдісті
шектесек, онда ол оның жұмыс істеу қабілетін төмендете түседі және ол
формальды түрде болар еді.[4]
Прокурорлар өз қызметтерінде, сондай-ақ тергеуге қадағалау жүргізу
бойынша тергеу бөлімдерінің бастықтарының қызметін қолдап отырады және
тергеу бөлімшесі бастықтарының құқықтарының жетіспеушілігіне назар
аударудан бұрын неге олар қылмысты тергеуге бақылау жасау үшін осы
құқықтарын толық пайдалана алмайтынына көңіл бөлуі керек.
Тергеу жүргізерде прокурордың қадағалауы тергеушінің дербестігін
өтінбеуі керек - керісінше прокурор қолдап отыруға кепілдік беруге, оны
бекітуге міндетті. Тергеу барысындағы прокурордың қадағалау кезіндегі оның
конституциялық міндеті заңды қолдануына жоғарғы қадағалаудың функциясы
болып табылады.
Әбден түсінікті, яғни тергеуге процессуалдық басшылық ету ұсақ жұмыс
болмауы қажет, әкімшіліндірілген, тергеушінің құқықтарымен процессуалдық
дербестігін шектемеуі қажет.
Тергеуші қылмыстық процессуалдық әрекеттің белсенді қатысушысы. ҚР-ның
ҚІЖК-64 бабына сәйкес, алдын-ала тергеу жүргізген кезде, заңда көзделген
ережелер бойынша прокурордан санкция алу қажет деп белгіленген ретпен басқа
жағдайда, тергеудің бағыты туралы және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы
барлық шешімдерді тергеуші өз бетімен дербес қабылдайды, және осы әрекеттің
заңды түрде дер кезінде жүргізуіне толық жауапты болады. Өкінішке орай,
тәжірибеде әлі де мынадай жағдайлар кездеседі, прокурорлар тергеушіге
қажетті көмек көрсетудің орнына қадағалау қызметін қажет емес екендігіне
айналдырады. Прокурорлық қадағалауды осындай нысанда жүзеге асыру қылмыстық
күресте толық мүмкіндік жасамай қоймай, тергеушінің бастамасын шектейді,
сондай-ақ тергеудің сапасына теріс әсер етеді.
Осыған орай профессор Бегалиев К.А. былай деп көрсетеді. Тергеуге
қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар мынаны есте сақтаулары қажет
тергеуші – дербес процессуалдық тұлға.[5]
Қазіргі заңдылық жеткілікті дәрежеде тергеушінің құқықтарын жиыстыруы,
бұл жерде прокуратура оны оңай жолмен өзінің пікір айтпайтын және тілалғыш
чиновникке айналдырды, міне осыдан сақтануымыз керек.
Тергеуші әрқашан да дербес өзінің жеке көзқарасы бойынша және жиналған
дәлелдемелердің негізінде зерттелетін істің ақиқат жағдайларын тергейді
және іске қандай маңызы бар екенін өзі дербес түрде шешеді.
Прокурор тергеушінің шығармашылық бастамаларын және тапқырлығын
көтермелеуі қажет, тергеушінің ақиқаттылығын құрметтеп, бағалауы қажет.
Қылмыскерлерді батылдықпен табанды түрде әшекерлеуге көмектесуі қажет,
прокурор тергеушінің дербестігімен бірге әр қылмысты ашуда заңды түрде
және дер кезінде тергеу өндірісінің жүргізілуіне толық жауапкершілігін
көтеруі қажет.
Прокурордың қызметіндегі негізгі принцип- заңдылық принципі болып
табылады.
Бұл принцип тергеуге қадағалау жүргізуіне қатысты прокурор қылмыстық
істі тергеуге қатысушы адамдардың барлық әрекеттері заңға сәйкес жүзеге
асырылып отыруын қадағалауы тиіс.
Заңдылық принципіне сәйкес прокурор уақытында заңның бұзылуын ашып
беруге міндетті. Оларды жоюға заңмен көрсетілген шаралар қолдануға міндетті
(Прокуратура туралы заңның 4 бабы).
Прокурорлық қадағалау тергеудің процессуалдық нысандарының іштей
сақталуының қадағалауына сәйкес келмейді.
Сондықтан, прокурор қылмыстық істерді тергеуде қылмыстық
процессуалдық заңдылықпен сәйкес қатаң жүргізілуіне шаралар қолдануға
міндетті.
Тергеуге прокурорлық қадағалауы қылмыстық істердің ізін жалғастырушы
туралы заңмен белгіленген ережелерді қамтамасыз етуде прокурордың белсенді
ролін болжайды. Ол жалғастырушының тәртібін бұзу фактілермен келісе
алмайды.
Сонымен қатар, қейбір жағдайларда анықтама органдарының өндірісінен
істі алып тергеушіге беруге құқылы.
Дәлелдемелерді бекіту және зерттеу кезінде объективтігінен заңның
талаптарын орындауға күнделікті және тиімділігі прокурорлық қадағалау
міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.
Айыптау қорытындысын қараған кезде материалдағы істердің
қорытындыларының сәйкес келуіне, айыптаудың формулировкасының дұрыстығына,
процеске қатысушылардың өтініштерін қараудың нәтижесі туралы тергеушінің
берген түсініктерінің заңдылығына және негізділігіне көңіл бөлінуі керек.
Қылмыстық істерді тоқтату және қысқарту туралы қаулылар ұқыпты түрде
тексеріледі. Заң прокурорға қылмыстық істерді тоқтату және қысқартумен
байланысты шығарылатын қаулыларды бекітуге міндеттейді.
Бірақ осы процессуалдық актілердің заңдылығы мен дұрыстығына
жауапкершілікті шектемейді. Барлық атап айтылған қаулылар көшірме түрінде
прокурорға ұсынылуы тиіс және қадағалау тәртібімен тексеріледі, ең
маңыздысы бұл қылмыстық істерді тоқтату және қысқарту кезінде жіберілетін
қателермен бұзушылықты дер кезінде прокурорлық қадағалау айқындауы және жою
болып табылады.
Қадағалаудың маңызды жолы – бұл іздеуден қашып жүрген айыпталушыны
немесе сезіктіні таба алмауына байланысты қысқартылған істер бойынша
белсенді жұмыстар жүргізу үшін шаралар қолдану.
Прокурор барлық қысқартылған істермен танысуға міндетті, айыпталушыны
іздеуде немесе қылмысты ашуда қаншалықты толық және белсенді шаралар
қолданып жатқанын анықтауы қажет, қажетті ұсыныстар беруге мерзімдерін
белгілеуге және олардың орындалуына бақылауды орнатуға міндетті.
Тергеуге қадағалауды жүзеге асыру барысында ең маңыздысы қылмыстың
алдын-алу туралы заңдардың талаптарын қамтамасыз ету болып табылады.
Егер тергеуші заңдық күшінде әр іс бойынша жасалған қылмысқа себепкер
болатын себептері мен шарттарын айқындап отыруға міндетті болса және оларды
жоюға қолданылатын талаптарға сәйкес ұсыныстарды енгізуге міндетті болса,
прокурордың міндеттері заңның осы талаптарының орындалуына бақылау жасау
ғана емес, сондай-ақ осындай ұсыныстарды ғана кең көлемде ескерту шаралары
туралы мәселелерді қою үшін сәйкес нәтижелермен жинақтап қорытуы керек.
Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру үшін ең маңыздысы прокуратура
органдарындағы нақты лауазымды адамдардың белгілі құқықтары мен міндеттерін
нақты белгілемесе соншалықты бүтіндей прокуратура органдарының жұмыстарына
айқындылық және тәртіптілік қамтамасыз етіледі.
Қылмыстарды тергеуінің заңдылығына қадағалау прокуратура қызметіндегі
ең маңызды бағыты, ол анықтама және тергеу органдарының процессуалдық
басшылығынан тұрады және қылмысты тергеуде осы органдардың заңда
көрсетілген тәртіптің дұрыс орындалуын қамтамасыз етуіне бағытталған.
Ерекше жауаптысы прокуратура органдарының тергеу жұмыстары болып
табылады, себебі, тергеудің осы сапасы адам тағдырын шешеді. Прокуратура
қызметкерлері заңды бұзғандарға қарсы айыптаушы ретінде ғана емес, сонымен
қатар егер азамат жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауапкершілікке
тартылатын болса, онда олар азаматты қорғауға міндетті болып алға шығып сөз
сөйлейді.
Прокуратура органдары заңның нақты және бірыңғай қолданылуына жоғарғы
қадағалауды функциясын жүзеге асыра отырып; ҚР-ның “Прокуратура туралы”
заңының 3-ші бабында бекітілген басты міндеттерін орындайды. ҚР-сы
прокуратурасының қызметі заңдылықтың, құқықтық тәртіптің бекітілуіне және
әртүрлі қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған.
ҚР-сы Конституциясымен бекітілген Республиканың саяси және
экономикалық жүйелерін;
- меншіктің қай түріне жатуына, бағыныштылығына қарамастан
кәсіпорын, мекеме ұйымдардың құқықтарын қорғау;
- азаматтар мен адамдардың құқықтары және бостандықтарын қорғау;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық
сананы дамыту;
Сөйтіп, қылмыстық істерге қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор
заңдылықты қадағалаудың жалпы функциясынан шығатын міндеттерді -
қадағалаудың осы саласына ғана сай келетін, тек қана тергеу
процесіндегі заңдарды ескеріп отырғанда, осы міндеттерді орындайды.
Тергеу сатысындағы прокурордың міндеттері, тергеу және
анықтама органдарындағы лауазымды адамдардың және қылмыстық істерді
тергеуге қатысатын басқа да адамдардың қызметіндегі заңдылыққа қадағалаудан
тұрады.
Прокурор ең алдымен әр қылмыстың жеке толық ашылуын қамтамасыз
етілуіне жағдай жасайды. Бұл міндет “ҚР-сы прокуратура туралы” заңының 22-
ші бабында және ҚР-ның ҚІЖК-ң 8-ші бабында көрсетілген.
Қылмысты ашудың тездетілген түрі қылмыстық репрессияның мергендігін,
қылмыспен күресетін табыстылығын қамтамасыз етеді және тәрбиелеу-ескерту
әсерін қолдану ол тергеудің белсенді жүргізілуімен қамтамасыз етіледі.
Қылмысты толығымен ашу дәлелдеме құрамы болып табылатын істің барлық
мән-жайларын зерттеу және айқындау – бұл қылмыстың оқиғасын және белгілі
бір адамдардың осы қылмысқа байланысты кінәлілігін анықтау, жеңілдететін
және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушының жеке басын сипаттайтын фактілер;
осы қылмысты жасауға әсер еткен жағдайлар мен себептер болады.
Әр қылмысты толықтай және тез ашу үшін тергеушінің барынша табандылығы
мен бастамасы қажет. Сондай-ақ прокурор жағынан белсенді қадағалау және
шебер басшылық қажет. Қылмысты ашып болғаннан соң прокурордың жаңа міндеті
туады - ол қылмыс істегені үшін кінәлі барлық адамдарды қылмыстық
жауапкершіліктен бас тартпау не қашып кетпеу үшін заңды шаралар қолдану (4-
бап. Прокуратура туралы заң).
Аса ауыр қылмыс жасағандар қылмыстық жауапкершілікке міндетті түрде
тартылуы керек деген талаптар міндетті болып қалады.
Сонымен қатар, тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі. Қылмыс жасаған
үшін кінәлі адамдар негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босатылып отырады.
Тәжірибедегі мұндай жағдайдың үлгісі болып Алматы облысы Қаскелен қаласы
Алматы көшесі Универмаг алдында К-ға қатысты бұзақылық жасалды, нәтижесінде
оған орта дәрежедегі дене жарақаты келтірілді.
Бірақ тергеуші қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы
шығарды. Бұл жерде жәбірленушінің өзі болған оқиға туралы мәлімдемеді.[6]
Осыдан байқалатыны, жасалған қылмыс ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 257-ші
бабының 1,2,3 тармақтарында белгілеріне сәйкес келеді, яғни жеке айыптау
қылмысы емес, кәнілігі бұзақылық болып табылады.
Осындай қылмыс жасаған адамды заңсыз босатудан тек қана прокурор
жағынан кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңның
орындалуына қадағалау жолымен құтылуға болады.
Қылмыстық іс жүргізудегі тергеудің басты міндеті - қылмыс жасаған
адамдарды қылмыстық жауапқа тарту, оның кінәсін дәлелдеп сотқа беру үшін
қажетті дәлелдемелермен негіздейді.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту өте маңызды және өткір міндет, себебі
оларды орындау үшін әр уақытта барынша көп сақтық және батылдық қажет.
Адамдарды қылмыстық жауапқа тартуда заңдылыққа қадағалауды жүзеге
асыра отырып, прокурор алдында тұрған басқа да міндетті орындайды. Бірде-
бір адам негізсіз және заңсыз қылмыстық жауапқа тартылмауын және жазаға
ұшырамауын қадағалап отырады.
Азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, оның құқықтарын қатаң
түрде бұзушылық болып табылады, сондай-ақ нақты қылмыскерлер жазасыз қалуы
оларға жаңа қылмыстар жасауға мүмкіндік береді.
ҚР-сы Конституциясының 16-шы бабына сәйкес, заңдарда белгіленген
тәртіп және негізінде ғана тұлға қылмыстық жауапқа тартылады. Тергеу
органымен осы норманың қатаң түрде орындалуын қамтамасыз ету -прокурордың
міндеті.
Тергеудің ең маңызды міндеттерінің бірі - қылмыспен келтірілген
материалдық залалды өтеу болып табылады.
Прокурор тергеушіден өзінің қолынан келетіндей қылмыспен келтірілген
залалды толық және тез шешу үшін немесе келтіріліген талапты қамтамасыз ету
үшін бәрін істеуді талап етеді. Тергеу әрекетінің тағы да бір маңызды
міндеті қылмыстың жасалуына себепкер болатын шаралармен себептерді айқындау
және жою болып табылады.
Осы міндет жасалған және әзірленіп жатқан қылмыстардың алдын – ала
ескертілуімен жол берілмеуіне процессуалдық заңмен көрсетілген шараларды
қолдану жолымен, қылмыс жасауға себепкер болған мән-жайлардың барлық
жиынтығын айқындау және жою тергеушімен жүзеге асырылады.
Тергеу барысында қылмыс жасауға мүмкіндік берген шарттармен себептерді
анықтаған кезде тергеуші сәйкес мекеме , кәсіпорын, ұйымдарға осы
шарттармен себептерді жоюға байланысты шараларды қолдану туралы ұсыныс
енгізуді мұндай ұсыныстар 1-ай мерзім ішінде тергеуге қолданған шаралар
туралы хабарлаумен қаралуы тиіс.
Шарттар мен себептерді жою туралы ұсыныстарды құрастыру қазіргі кезде
тергеу тәжірибесіне еніп кетті.
Прокурордың тергеу органының қызметіне қадағалауды жүзеге асыру
кезінде міндетін тергеушімен жүргізілген профилактикалық шаралардың басым
көпшілік әрекеттілігіне жету.[7]
Қылмыстық іс жүргізуде тергеу алдында тағы да бір міндет бар: –ол
азаматтарды барлық заңдарды үздіксіз орындау рухында тәрбиелеу.
Алғашқыда бұл қәсіби міндет ең алдымен сот органына жүктелген болатын.
Бұл қылмыстық істерді қараған кезде сот кең аудиторияға бөлінген
болатын. Бірақ уақыттың көрсетуіне байланысты, тергеу процесінде тергеу
жүргізу органы заңды бұзғандар мен қылмыстылықпен күресу жолында ескерту,
алдын алу жұмыстарын жүргізе алады.
Тергеушінің тәрбие қызметі екі ұшты сипатта болады, ол айыпталушының
оның психикасына, көзқарастары мен әдеттеріне игі ниетпен өзгерту
мақсатымен әсер етеді.
Тергеушінің әрекеті айыпталушы өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігіне
көзі жететіндей етіп көрсетілуі қажет. Қоғамдық жөндеу еңбектеріне баулу,
заңдарды, мораль және этика нормасын құрметтеу мақсатымен жүргізілуі тиіс.
Басқа жақтан тергеуді жүргізу басқа азаматтарға әсер етуі керек,
олардың қылмыстардың ашылмай қалуы мүмкін емес екендігіне көз жеткізуді
және олардың құқықтарына ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ екендігіне батыл
сендіруі қажет.
1.2 Тергеу өндірісі барысындағы заңдылықты сақтауға қадағалау жүргізу.
Тергеу органдарының қызметіне қадағалауда ең маңызды орны болып,
жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар өтініштермен хабарларды
қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын қадағалау.
Қылмыс туралы алғашқы мәліметтер дұрыс әрі заңды шешілуі қаншалықты
тез болса, тергеуді ашудағы табысты болуына байланысты, керісінше қылмыстық
істі қозғаудан бас тарту негізсіз немесе қылмыс бойынша қажетті
дәлелдемелердің жеткіліксіз болуына қарамастан қылмыстық іс қозғау
заңдылықтың мүдделеріне зиян келтіруі, жеке азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына шек қояды, тергеу органдарының алдына қойған міндеттерін
орындауда алаңдатады.
Қылмыс жөніндегі алғашқы материалды қарастыратын лауазымды адамдардың
және мемлекеттік органдарының қызметінің заңдылығына қадағалау прокурорға
жүктелген ҚР-ның ҚІЖК-ң 190-шы бабында тура айтылған, яғни қылмыстық іс
қозғалуының заңдылығын прокурор қадағалайды.
Прокурор қылмыстық істі заңсыз әрі негізсіз қозғау туралы немесе
заңда көрсетілген негіздер мен айыптау қолда бар кезде қылмыстық істі
қозғаудан бас тартуға жол берілмеуіне жауап береді. Ол яғни прокурор іс
қозғау туралы мәселе шешілген кезде заңды бұзушылық жіберілмеуін, заңға
қайта келетін қандайда болмасын шаралар қолданылмауын қатаң түрде қадағалап
отыруға міндетті.
Алғашқы материалды шешуде қадағалауды жүзеге асыра отырып прокурор ең
алдымен ҚІЖК-ң -183,184, 185-ші баптарында талаптардың бұзылмауына бақылау
жүргізеді. Бұл бап прокурор, тергеуші, анықтама жүргізген органдарда
әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздармен хабарламалардың бәрін
қабылдауға міндеттілігін талап етеді.
Тергеу және анықтама органдары қылмыс туралы алғашқы материалды
соңынан кімге қылмыстық іс қозғалатынына байланысты осы материалдарды
қабылдауы тиіс.
Егер анықтама және тергеу органына не пәндік не аумақтық қатынаста
болмаған жағдайда осы органдарға келіп түскен қылмыс бойынша алғашқы
материалдарды мағынасы бойынша шешіп немесе тергеуде болуына қарай
жіберуге тиісті.
Ескеретін жағдай, жеке лауазымды адамдарды қабылдамау немесе кейбір
алғашқы материалдарды қарамау немесе кейбір алғашқы алғашқы материалдарды
басқа мекемелермен шешілуі тиіс деген сылтаумен, қабылдаудан бас тарту
заңға сай келмейді.[8]
Қылмыстар туралы алғашқы мәлімдемелерге әсер етуде заңдылықты
қамтамасыз ету мақсатымен прокурор әрдайым оқиғалар туралы күнделікті
мәліметтер мен танысуы және осы бойынша қолданған шараларды тексеруі тиіс.
Ол жедел өңдеудің қажеттілігі түрімен немесе анықтама органдармен
қабылдаған қылмыс бойынша шешілмесе тіпті тіркелмесе, осындай жағдайға
батыл түрде жол бермеуі керек.
Полиция органдарында оқиғалардың есеп кітабын және тергеу, қылмыстарды
хабарлау және қылмыс туралы арыздарды жазылатын басқа да материалдарды
мезгіл-мезгіл тексеріп отыратын прокурорлар дұрыс жұмыс істейді.
Сонымен қатар бұл қылмыстар туралы алғашқы материалдарды қабылдау және
тергеудің уақыттылығына прокурорлық қадағалауды күшейтуге әсер етеді. ҚР-сы
ҚІЖК-нің 184-бабына сәйкес, қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім
ол түскен күннен бастап 3 тәүліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет
болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды, өзге материалдарды
талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді
анықтама органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы 10 тәулікке дейін, ал
ерекше жағдайларда-1 айға дейін ұзарта алады, бұл туралы 24 сағат ішінде
прокурорға хабарлануы тиіс..
ҚР-ның ҚІЖК-ң 184-ші бабында көрсетілген қылмыстық істі қозғау
сатысындағы қандайда болмасын бәсеңділік тергеудің бастамасын созады,
сонымен бірге қылмысты нәтижелі ашуға кедергі болады. ҚР-ның Бас
Прокурорының 19.06.2001 жылғы нөмір 88 бұйрығына сәйкес, анықтама мен
тергеудің заңдылығына қадағалаудың тиімділігін арттыру, тергеу аппаратының
жұмысын жақсарту, анықтама және тергеуге прокурорлық қадағалауды күшейтуді
талап етеді, және прокурордың назарын мына мәселеге аударады; қылмыстық іс
жүргізуде адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақталуына
қадағалау; жасалған немесе жасалайын деп тұрған қылмыстар туралы арыздарды
және хабарламаларды тіркеу, қабылдау, шешу заңдылығына қадағалау; және т.б.
Есепке алудан қылмыстық фактілері жасырғаны анықтаған уақытта,
қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін кінәлілерге жазалау шараларын
қолданады.
Арыздармен хабарламаларды қабылдаумен байланысты мәселенің осылай
қойылуы алғашқы материалдарды қараудың салмақты мағынасы бар екенін айтады.
Бұл өте-мөте табиғи жаратылыс, себебі оларды дұрыс қараумен шешуді
істің болашақ тағдыры, қылмысты ашудың нәтижесі шешіледі.
Қылмыстық істі қозғаудың уақтылығы және қылмыстық істі қозғау немесе
бас тарту туралы қаулыны шығарумен болатын тексеріспен байланысты. Бұл
жерде прокурор қылмыстар туралы алғашқы материалдарды тексерген кезде
заңмен рұқсат етілетін шаралардың қолданылуына бақылау жасалуы тиіс.
ҚР-ның ҚІЖК-ң 185-ші бабына сәйкес, келіп түскен арыздар мен
хабарлардан қосымша материалдар талап етілуі және азаматтардан
түсініктемелер алынуы мүмкін, бірақта тергеу әрекетін өндіріссіз ақ заңмен
тек оқиға болған жерде қаруды қылмыстық істі қозғауға негізделген тексеру
жүргізу кезінде жіберілетін бір жағдай. Өкінішке орай, кейбір тергеу
органдарының тәжірибесінде мынандай фактілер орын алады алғашқы материалдар
бойынша қылмыстық істі қозғау туралы мәселелер шешілмей, әртүрлі әрекеттер
жүргізіледі және қылмыстық іс тергеудің едәуір бөлігі жүргізіліп болғаннан
соң қозғалады.[9]
Кей жағдайларда тергеу, қажет емес жерде жүргізіледі, ал бұл бірінші
кезектен жеке азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзуға апарып
соғады.
Алғашқы материалдарды тексеру барысындағы тергеу әрекетінің жасалуын
болдырмауды бекітуді, тергеу органдары асығыс қылмыстар туралы алғашқы
мәліметтерді тексерусіз қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу өндірісті
тоқтатуға әкеледі. Бұл заңдылықты бұзу болып табылады. Осы қызметтің
болмауы оны жүргізудегі ала-құлақтылық заңмен тыс қалдырады, осы тексеруді
қылмыстық іс қозғаумен тергеуге айналдырып отырды.
Қылмыс бойынша алғашқы материал, сезікті ұстау жұмысы жүргізілді,
процессуалдық күштеуге осы шараларды қолдануда заңдылығына назар аудару
қажет.
Прокурордың ең маңызды міндеті-қылмыстар туралы алғашқы материалды
қолданудың заңдылығын және уақыттылығын қамтамасыз ету.
Прокурор керекті жағдайларда осы материалдар бойынша қылмысты
болдырмауға, жаңа анықталған іздер бойынша дәлелдемелерді бекітуде шұғыл
шаралардың қолданылуын талап етуі керек.
Прокурор тергеу органдары жағынан азаматтарды заңсыз қамауға алуды
қатаң түрде болдырмауға міндетті.
Қамауға алу қылмыстық процессуалдық заңдылыққа сәйкес ҚІЖК-нің 150-ші
бабында көрсетілген негіздер бойынша рұқсат етіледі.
Қылмыстық процесінің алғашқы сатысы, тергеудің шұғыл сүйеніші бола
отырып, қылмыстық істі қозғау сатысы көпшілікке қылмыстық тергеу бойынша
қызметінде табысты шамалайды, содан соң, қылмыстық іс қаншалықты дұрыс және
уақытында қозғалса, қылмыстық репрессияның бүтіндей тергеу мергендігінің
табысты болуына тәуелді[10]
Істі қозғау туралы қаулы шықпаса, тергеу жұмысы басталмайды. Осы
талаптан шегіну - қылмыстық сот ісін жүргізудің нормаларын қатаң түрде бұзу
болып табылады және жеке тұлғаның құқықтарының кепілдіктерін күшейту және
заңдылықты нығайту ықыласымен сыйыспайды. Осы мәселені шешу кезінде
прокуратура органының лауазымды адамдарды, соттың, тергеу органының
лауазымды адамдары қылмыстық процестің заңдылық сияқты талаптардан шығып
отыр.
Заңдылық заңды сақтаудың жемісі, ол қарастырылып отырған қызметке
сәйкес қылмыстық істі қозғау бойынша және бас тарту бойынша барлық қызметті
заңға сәйкес және заң негізінде байланысты болуы керек.[11]
Қылмыстық қозғау туралы шешім тек қана жеткілікті негіз және осы
себептердің қолда бар кезінде қабылданылады. Бәрімізге белгілі, қылмыстық
істі қозғаудың себептері болып, прокурор сот, анықтама органдары немесе
тергеусіз жасалған әзірленіп жатқан қылмыстар туралы білуі міне осы қайнар
көзден білетін болуда.
ҚР-ның ҚІЖК-ң 177-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға себептер
мыналар болып табылады:
1) азаматтардың арыздары,
2) кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен лауазымды адамдардың
хабарламасы,
3) баспасөзде жарияланған хабарлар,
4) айыбын мойнына алып өзі келуі,
5) анықтама жүргізген орынның, тергеушінің, прокурордың тікелей өзі
анықтауы.
Сөйтіп, мәселені дұрыс шешу үшін, себептердің бар болуы
жеткіліксіз, қылмыстың белгісін көрсететін қажетті мәліметтер керек. Бұл
жерде мынаған назар аудару керек негіз екі болып болады: 1) заңды; 2)
негізді .
Бірінші жағы - бұл қажетті мәліметтер осы мәліметтердің негізінде
қоғамдық - қауіп қатер әсерінің бар болуын анықтау керек. Қылмыстық іс
қозғауда себептер мен негіздердің бар болуы заңның басты талабы,
заңның бұл талабын бұзу қажетсіз нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты Сопожников И. былай деп жазады, қылмыстық істі
негізсіз қозғау конституциясымен кепіл болған азаматтардың құқықтарын
бұзуға әкеледі және тергеу прокуратура органдарын міндеттерін бұзады”
Әрі қарай былай деп жазады, егер қылмыстық іс заңсыз себептер мен
негіздерсіз жалғастырылса немесе анықтама органдармен қозғалса прокурор
қозғау туралы қаулы шығарады немесе егер тергеуші тергеу әрекетін бастап
кетсе, онда тоқтатады.[12]
Сондай-ақ, мына жағдайды есте сақтау керек ҚІЖК-нің 32,33, баптарында
көрсететін бір ғана шектеуді белгілейді, ол жеке айыптау және жеке жариялы
айыптау жөніндегі істер тек қана жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалады.
Кей жағдайларда, егер қылмыстың ерекше қоғамдық мағынасы немесе егер
жәбірленуші бір себептермен өзінің құқықтарымен заңды мүддесін қорғай
алмайтын жағдайда болса жеке айыптау жөніндегі қылмыстық істі қозғауға
себеп прокурордың тікелей қарауымен мойындалады.
Прокурорға ең басты істелген әрекетті қылмыс деп тануда заңмен
көрсетілген негіздер бар ма, әрекетті бағалау кезінде формальді әдістер
қолданылмағанын анықтау.
ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 9-шы бабының 2 тармағына сәйкес қылмыстық
заңда көрсетілген қандайда бір іс-әрекетте формальдық жағынан қылмыстық
белгілер бар болса бірақ маңызы шамалы болғандықтан қоғамға қауіпті
келтірмейтін бұл әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс деп саналмайды.
Істі қозғауда негізділігі мен заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру
барысында, прокурор істі қозғауға себептер мен негіздер бар екеніне көңіл
бөлуі қажет.
М.А. Ковалев себепті қылмыстық процестің бастамасы ретінде
қарастырады. Ол былай деп жазады: “Істі қозғауға себеп жасалған қылмыс
туралы алғашқы мәліметтің көзі ғана емес, сондай-ақ барлық қылмыстық
процессуалдық қызметтің бастамасы, себебі онымен алғашқы материалдарды
қарастыру және қылмыстық істі қозғау туралы шешімдерді шешу өте тығыз
байланысты.[13]
Мұндай қорытындымен келісуге болмайды, себебі қылмыстық сот ісін
жүргізудің бастамасы қылмыстық істі қозғау болып табылады. Осы концепциямен
келіссек, онда істі қозғау үшін қандай да бір шешім қабылдаудың себебі
негізінде тек қана себеп қажет.
Бірақ бәрімізге белгілі заң себеппен бірге істі қозғау үшін негіздің
болуын талап етеді. Себептің қатарында қылмыстың жалпы ортақ белгілерін
сипаттайтын фактілер туралы мәліметтер болуы керек. Егер күмән туса
дайындау әрекеттерін жасайды.
Кейбір авторлар былай деп ойлайды, көз алдында қылмыстың нақты құрамы
белгілерінің болуын Н.В.Жогин былай деп жазады: “Қылмыстық іс қозғалуы
бойынша факті қылмыстың нақты құрамының белгілері болуы керек”-дейді.[14]
М.А.Ковалев мұндай концепцияға қарсы. Ол оның пікірін айта отырып,
былай деп жазады: “Мұнымен келісу мүмкін бе, себебі, қылмыстың құрамы
қылмыстық заңдылыққа белгілі бір қоғамдық қауіп-қатер әрекетті қылмыс
ретінде сипаттайтын белгілердің жиынтығы.
Істі қозғау ретінде қылмыстың субъектісі және субъективті жағы туралы
қылмыстың құраманың элементтері жөнінде мәліметтер жоқ болады. Сондықтан
біздің көзқарасымызша қылмыс құрамының кейбір белгілері жөнінде айтқанымыз
дұрыс болар. Бұл жерде ол дұрыс айтып жатыр, себебі барлық уақытта айыпты
мен оның айыбын анықтау мүмкін емес. Бұл кезеңдер барлық дәлелдеу процессі
кезінде анықталады. Сондықтан, белгілі бір адамға қатысты іс қозғау - дұрыс
емес.
Прокурор осындай түрдегі қателіктерді болдырмауы тиіс. Ол іс тек қана
қылмыстың фактісі бойынша қозғалуына көңіл бөлуі керек.
Кейбір қызметкерлер қылмыскер жөнінде толық мәліметті талап етеді. Кей
кезде қылмыскер жөнінде мәліметтің жеткіліксіздігіне сүйеніп, бас тартады.
Мұндай жағдайда прокурор әр уақытта қылмыстық істі қорғау принципін белгілі
оқиғаға қатысты сақтауын талап етіп отыру керек.
Қозғау үшін әрекетте қылмыс ретінде сипатталатын әрі негізделген
мәліметтер жеткілікті болса, болғаны.
Заңды себептер мен негіздер толық болуы кезінде іс-қозғалады. Бұл
жөнінде қаулы шығарылады, онда істі қозғау үшін негіздер және себептер
көрсетіледі, сондай-ақ қылмыстық заңның бабы көрсетілуі тиіс.
Осыған байланысты профессор К.Н.Бегалиевтің цитатасын келтіруге
болады. Онда былай делінген: “Себептер мен негіздердің бар болуында
прокурор, тергеуші немесе анықтама органдары ғана қаулы шығарады.[15]
Қылмыстық істі қозғауда заңдардың сақталуына қадағалауды жүзеге асыру
барысында прокурордың басты міндеті, ол осы сатыда заңның бұзылуын
жібермеу. Сондықтан прокурорлық қадағалаудың үлкен маңызы бар және осы
сатыда заңның бұзылуын жібермеу. Сондықтан прокурорлық қадағалаудың үлкен
маңызы бар және осы аумақта өте ерекшеленген. Бұл жерде мына жағдай айтылып
отыр, қылмысты жасаудың өзі заңдылықты бұзудың өте қатерлі және салмақты
нысандарының бірі болып табылады.
Прокурор қылмыстық заңның осы бұзушылығына уақтылы әсер етуі керек,
себебі қылмыстың құрамы қылмыстық құқықтың нормаларында көрсетілген.
ҚІЖК-не сәйкес, іс бойынша өндірістің пайда болу шарттарын істі
қозғаудағы негіздер мен себептерді анықтайды. Осыған байланысты
Г.И.Скаредов былай деп жазады: “Қылмыстық істен мына жағдайда қозғалады,
егер қылмыстың белгілерін көрсететін мәліметтер жеткілікті болса.
Сот – ісін жүргізудің болашақ кезеңі; қылмыстық істі қозғау туралы
шешім көбінесе тергеу және анықтама органдарының прокурордың соттың болашақ
қызметін анықтайды. Қылмыстық істің қозғалу негізі өзімен-өзі қандайда
болмасын адамдарды қылмыстық жауапқа тартудың заңдылығына кепіл берілмейді,
бірақ ол қажетті сүйеніші болады, іс бойынша прокурордың, соттың, тергеу
органының барлық процессуалдық әрекетінің бар жүзеге асуы мүмкін болатын
шарттардың міндетті болып табылады.[16]
Енді статистикаға тоқталсақ, онда 2002-жылы мен 2003-жылы арасында
Сотүстік-Қазақстан облысы бойынша анықтама мен тергеу органдары
қызметтерінде заңдылықтың сақталуы мәселелері туралы азаматтар прокуратура
органдарында 1027 шағымдар мен өтініштер берген, олардың ішінде тек 615-сі
ғана қаңағаттандырылды. Заңдылықтың бұзылуы фактілері бойынша прокурорлар
820 ұсыныстар мен қаулылар шығарды. Прокурорлық әсер ету құралдары арқылы
анықтама мен тергеу органдарының 179 негізсіз қылмыстық іс қозғау туралы
қаулылардың күші жойылды. Ал тергеу органдарының 328 қызметкерлері
тәртіптік жауапкершілікке тартылды . Осы жылдар арасында қамауға алуға
негіздер болмауы салдарынан уақытша ұстау изоляторларынан прокурорлар 215
тұлғаны босатты. 2000-жылы азаматтардың заңсыз ұстаудың 28-фактісі
анықталынса (оларды қажетті құжаттарсыз ұстап отырған). . Мысалы, 11-қаңтар
2002 жылы С-Қазақстан облысы Булаево ауданының ішкі істер бөлімінің
қызметкерлері жеке мүлікті ұрлауына күдікті ретінде азамат Н.Сармановты
ұстаған. ҚР-сы ҚІЖК-нің 134-бабының талаптарын өрескел бұза отырып аталған
органның қызметкерлері аталған азаматты ішікі істер бөлімінің инспекторы
кабинетінде ұстау туралы іс жүргізушілік құжаттарды жасаусыз 17 қаңтар
2002-жылға дейін уақытта заңсыз ұстап отырған. Сонымен бірге, 3-наурыз 2002-
жылы Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ҚР-сы ҚІЖК-
нің 17-тараудың талаптарын бұза отырып, қызметтік кабинетте 1983-жылы туған
жасы кәмелетке толмаған азамат А.Марковты заңсыз ұстап отырған. Кейін
анықталғандай, оны сол күннің сағат 19-да ешқандай негізсіз полиция
бөліміне күштеп алынып келгендігі анықталынды.
Істі қозғауда заңдылықпен негізділікке қадағалауды жүзеге асыра
отырып, прокурор мынаны ескеруі қажет, қылмыстық істі қозғауға негіз
жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстың әрекетті дәлелдейтін нақты
ақиқатты мәліметтерден анықталады. Ешқандай болжамдар субъективті көз жету,
сыбыстар, негіздер болып табылмайды.
Ең алдымен мынаны ескеру қажет, анықтама органдарының жедел-іздеу
әдістерімен алынған мәліметтер, белгілі дәрежеде тергеу органдарын осы не
басқа мән-жайларды зерттеуге бағыттайды, бірақ өзімен-өзі, басқа бастапқы
ақиқатты мәліметтердің жоқ болуынан қылмыстық істі қозғауға жеткілікті
негіз болмайды.[17]
1.3 Азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың
заңдылығы мен негізділігіне қадағалау
Қылмыстық сот ісін жүргізудің ортақ міндеттері қылмысты дереу және
толық ашу, кінәлілерді және заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, яғни
қылмыс жасаған әр адамға әділетті жаза қолданылып, бірде-бір кінәлі емес
адам қылмыстық жауапқа тартылмауы мен сотталмауы.
Айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы басты процессуалдық шешім, оның
тек қана құқықтық емес, сондай-ақ саяси мағынасы бар, себебі қылмыстық
жауапкершілікке тартудың әр жағдайын азаматтардың құқықтарын шектейді, және
қылмыспен күрес жүргізуші мемлекеттік органның беделін түсіреді.
Айыпталушы ретінде жауапқа тартуда жіберілген қателер мен заңды бұзу
басқа да бұзушылыққа, соның ішінде азаматтарды негізсіз қамауға әкеп
соқтырады. Сондықтан айыпталушы ретінде жауапқа тартудың заңдылығы мен
негізділігіне қадағалау прокурордың өте маңызды міндеті болып табылады.
ҚР-ның “Прокуратура туралы” заңының 38-ші бабына сәйкес, анықтама және
тергеу органдарының қызметіндегі заңдардың қолданылуына қадағалауды жүзеге
асырушы прокурорлар, бірде-бір азамат заңсыз және негізсіз қылмыстық
жауапкершілікке тартылмауына жол берілмеуін және азаматтарды қылмыстық
жауапқа тарту мәселесі шешілген кезде заңмен бекітілген процессуалдық
тәртіп дұрыс, нақты сақталуын қатаң түрде бақылап отыруға міндетті.
ҚР-ның ҚІЖК-нің 206,207 баптарында былай делінген, белгілі бір адамның
қылмыс істегенін көрсететін жеткілікті дәлелдемелер бар болса, тергеуші
немесе анықтама жүргізуші адам оны айыпталушы есебінде жауапқа тарту туралы
дәлелденген қаулы шығарады.
Көріп отырғанымыздай, бұл жерде қылмыстық жауапкершілік туралы әңгіме
тек қана қажетті дәлелдемелер толық болғанда ғана, бұл жерде тергеу
жүргізуші адамның ҚР-сы ҚК-нің белгілі баптарында көрсетілгендей нақты
қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуы үшін дәлелдемелердің
жиынтығына негізделгені түсіндіріледі.
Қылмыстық сот ісін жүргізу мынадай үлгіде құрылады, яғни бұл мәселені
ең алдымен тергеу органдары шешеді, себебі сотқа дейін қылмысты ашады,
қылмыс жасағаны үшін нақты адамның кінәсін дәлелдейді және осы адамды іс
бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартады.
Қылмыстық жауапқа тартылушы азаматтардың құқықтарына бақылауға
қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор процессуалдық мән жайлардың және
материалды құқықтық қажетті мән жайлардың болуын тексереді.
Айыптаудың материалды – құқықтық мазмұны іс бойынша анықталған және
құқыққа қарсы және қоғамдық қауіпті шындықтардың белгілі адамға іздеу салу,
айыптаудың процессуалдық мағынасында, яғни заңға негізделген өкілетті
органдардың процессуалдық қызметі және белгілі бір қылмысты жасаған
айыпкерді айыптаушы адам.[18]
Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді тексеріп, объективті және жан-жақты
бағалай отыра прокурор айыптаудың негізі болатын фактілер ақиқатпен сәйкес
белгіленгендігіне және тергеушімен қабылданған шешімнің біреуі және дұрыс
екендігіне көз жеткізу керек. Тек осы жағдайда ғана прокуратура органдары
қылмыстық жауапқа тарту заңды түрде, айыпталушының қажетті құқықтарын
сақтау кезінде мойындайды.
Прокурордың заңдылық туралы мәселені бағалауға басқа бір жолы күмәнді
фактілерді болжау негізінде айып таға отырып, болымды бұзақылықтан
азаматтардың құқықтарын сақтауда, заңдылықты сақтамауды қамтамасыз етпейді.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту өте маңызды процессуалдық акт.
Сондықтан, заң сәйкес органдардың қылмыс жасаған адамды қылмыс үстінде
ұстау, міндетіне, сонымен бірге бірде-бір кінәсіз адам жауапқа тартылмауына
және сотталмауына қатаң түрде жол берілмеуіне талап етеді.
Н.В. Жогин. Айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту кезеңіне
маңызды мағына береді.[19]
Жалпы ереже бойынша айып қылмыстың белгілі құрамын құрайтын фактілер
анықталғаннан кейін ұсынылады. Бірақ та айып тағылар кезеңі анықталғанда
кейбір тактикалық пікірлер ескерілуі мүмкін.
Мысалға, іс бойынша бірнеше адамға айып тағатын болып тұра, ал
тергеушіде олардан шын мәліметтерді толығымен алу үшін істің мән жайы
бойынша кінәсі соңғы кезекпен дәлелденіп тұрған сезіктіні айыпталушы
ретінде жауапқа тарту, сонымен бірге бұл жерде басқа бірге қатысқандарды
қылмыстық жауапқа тарту уақытына алып қоюға болады, деген негіздері бар.
Сондай-ақ қылмыстық процессуалдық заңдылықта көрсетілген мерзімдерді
ескеру қажет.
Азаматтарды қылмыстық жауапқа тартудың дұрыстылығына қадағалауды
жүзеге асыра отырып, прокурор қатаң түрде айыптауға және қылмыстық жауапқа
тартудың заңмен белгіленген процессуалдық тәртіптің дұрыс сақталуына
бақылау жасап отыруы қажет.
Қылмыстық процесте барлық мәліметтер бойынша, яғни тергеу сатысынан
өтетін айыпталушы ретінде жауапқа бірыңғай тәртібі бар. Бұл тәртіп алғашқы
айыптан және осы қылмыс үстінде ұстаған адамға ұсынудан бастап тергеушінің
қажетті шешім қабылдауымен .
Азаматтың жеке құқықтарының кепілдігі туралы және шынайы
демократизмнің терең қамқорлығымен еніп кеткен қылмыстық процестегі айыптау
ең басынан бастап айыпталушы өзіне тағылып отырған қылмыстардың фактіге
негізделген және заңдық барлық белгілерімен толық танысумен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz