Қазақ халық медицинасы



І. Кіріспе
Қазақ халық медицинасы.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Әйгілі микробиолог ғалым Аспандияров Санжар Жафарұлы
2. Халел Досмұхамедов (1883.1937)
3. Қазақтың алғашқы дәрігерлердің бірі және оның тағдыры. Алматыда аурухана ашқан дәрігер Асылбек және ағайынды. Сейітовтер тағдыры
• Әкем алғаш Томбы университетінің медицина факультетінің түлегі
• Емханаға Асылбек Сейітовтың аты берілуі керек

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.

Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.
1. www.str.kz
2. www.grtu.kz
3. www.gooogle.kz

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
Қазақ халық медицинасы.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Әйгілі микробиолог ғалым Аспандияров Санжар Жафарұлы
2. Халел Досмұхамедов (1883-1937)
3. Қазақтың алғашқы дәрігерлердің бірі және оның тағдыры. Алматыда
аурухана ашқан дәрігер Асылбек және ағайынды. Сейітовтер тағдыры
• Әкем алғаш Томбы университетінің медицина факультетінің
түлегі
• Емханаға Асылбек Сейітовтың аты берілуі керек

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ халық медицинасы
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы
заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат
қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын
дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-
оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе,
малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.

Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді
жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер
болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші
Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-
мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп,
1850 жылы Мыңжылқы құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең
бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді
жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді.
Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы
шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген
дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын
әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін,
қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал
есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен
тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол
себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала
дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны
кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын
ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс
тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез
құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды
құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік
таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының
қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан
бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін
су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр
болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын
өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ
шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған,
қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы
ерекше өсімдік екен.

Әйгілі микробиолог ғалым
Аспандияров Санжар Жафарұлы
Аспандияров (Асфендиаров) Санжар Жафарұлы (1889-1938) – мемлекет
қайраткері, тарихшы-ғалым, профессор, Алматы мемлекеттік медицина
институтын ұйымдастырушы және тұңғыш ректоры.
Ташкенттегі реалдық училищені, Санкт-Петербордағы әскери медициналық
академияны бітірді. 1914-1915 жылдары бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты.
1917 жылы Бұхарадағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы
қараша айында Түркістан автономиясын (Қоқан автономиясын) жариялаған
Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты. 1918-1919 жылдары аштықпен
күрес жөніндегі төтенше комиссияның Сырдария облыстық бөлімшесін басқарды.
1919 жылы қыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келіп, Түркістан
АКСР-інің Денсаулық сақтау халық комиссары, Жер халық комиссары, Түркістан
Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1924-1928
жылдары Қазақ АКСР-нің Өзбек КСР-і үкіметі жанындағы өкілетті өкілі,
Бүкілодақтық атқару комитетінің Төралқа мүшесі, хатшысының орынбасары,
Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, Н.Нариманов атындағы
Шығыстану институтының директоры қызметтерін атқарды. 1928 жылдан
Қазақстанда еңбек етті. 1931-1933 жылдары Қазақ АКСР-і денсаулық сақтау
халық комиссары, Алматы мемлекеттік медицина институтының ұйымдастырушысы
және тұңғыш ректоры болды. Аспандияров осы институтта жалпы химия,
биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі
аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық химия,
гигиена бөлімдерін және хирургиялық кафедралар ашты. Ғалым жұқпалы
аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа
ақысыз көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық
арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына
қарсы медициналық көмек ісін ұйымдастырды. Орта дәрежелі оқу орындарында,
қысқа мерзімді арнаулы курстарда әр түрлі буындағы медицина мамандарын
көптеп даярлауға күш салды.
Аспандияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі
ғалым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты тарих
секторының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы,
кейіннен филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол орыс,
ағылшын, француз, араб тілдерін жақсы меңгерген. Шет тілдерін білгендігі
арқасында көптеген елдердін мәдениетін, әдебиетін және тарихын тереңінен
зерттеп, қазақ елінің тарихын талдап, зерттеп, бірнеше ғылыми материалдар
шығарды. Кейіннен оның Ресейдің Қазақстанды жаулап алу жөнінде ашық
айтылған, отаршылдықты әшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды.
Оның Қазақстанның ерте дүние тарихы, Қазақстанның өткен кезеңі,
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық күресі атты монографиялары бар.
Ғалым – жалған жаламен ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргін
құрбандарының бірі. Жұбайы Рабиға да КарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды.
Аспандияров 1958 жылы мамырдың 26-ында ақталды. Қазақстанның мемлекеттік
ғылыми-қоғамдық жұмыстарын жүргізгені және білім мен денсаулық сақтау
салаларына сіңірген еңбегі үшін 1989 жылы қаңтардың 11-інде Қазақстан
Министрлері Кеңесінің қаулысымен Алматы мемлекеттік медицина институтына
ғалым есімі берілді. Алматы қаласында бір көше ғалым есімімен аталады.

Халел Досмұхамедов (1883-1937)
А. Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхамедов
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер
бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы
дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы,
әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер
аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған
болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4
ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл
молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді.
Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-
реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де,
тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын
тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас
келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы
жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті Фикр (Пікір),
Уральский листок газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын
халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде
кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-
демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев,
М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен
бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге
жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-
орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912,
1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл
еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары
Қазақ газетінде Тамыр дәрі хақында, Сары кезік — сүзек, Жұқпалы ауру
хақында сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап,
өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. Как бороться с чумой среди киргизского
народа (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-
тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін
қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге
атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал
облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге Орал облысының далалық
бөлігін басқарудың уақытша ережелері атты жергілікті және облыстық
деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған
делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар
съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

Қазақтың алғашқы дәрігерлердің бірі және оның тағдыры.
Алматыда аурухана ашқан дәрігер Асылбек және ағайынды
Сейітовтер тағдыры
Отыз жетінші жылдың зіл батпан тақсіретін тартқан алаш ардақтыларының
арасында елі үшін ерен еңбек атқарғанымен, есімін бүгінгі ұрпақ біле
бермейтін жандар бар екен. Бүгінгі ұрпақ көбіне әдебиет пен мәдениет
өкілдерін ғана біліп, өндіріс, денсаулық сақтау сияқты қоғамның басқа да
салаларында қызмет еткен азаматтарды бірі білсе, бірі біле бермейді.
Мәселен, солардың бірі Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қозғалысының белді
басшыларының бірі, ХХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық медицинасы
Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Қазақтың халық медицинасы және тілі
Халық медицинасы ның құпиясы
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Қытайдың медицина тарихы
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Халық емшілігі
Пәндер