Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι.ТАРАУ.БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бәсекелестің түрлері мен формалары
1.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
1.3 Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі

ΙΙ.ТАРАУ. “ҮРКЕРКОСМЕТИКС” ЖШС.ТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ . ЭКОНОМИКА.ЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 “Үркер косметикс” ЖШС . тің техникалық . экономикалық көрсеткішеріне талдау жасау
2.2 “Үркер косметикс” ЖШС . тің өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін бағалау

ΙΙΙ.ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
КІРІСПЕ

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннаң кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциалының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс ғана экономиканың бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижиесінде жалпы экономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәекеқабілеттілігі адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижиелері төмендегідей:
• ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ-нің өсуі
• халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттын өсуі
• бюджетке салықтың тұрақты түсуі
• шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану
• елдің ғылыми потенциалын сақтау және дамыту
• халықты жұмыспен қамту
• саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Менің курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарлату жолдарын айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету.
Курстың бірінші бөлімінде, бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері туралы сипатталады: бәсекелестің түрлері және формалары, бәсеке қабілеттілікті бағалау әдісі және оның стратегиялары.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін қалыптастыру мен басқару және өндірісті жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқаның нақты біліп, қандай мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек.
Нарық құрылымын білу әр түрлі баға деңгейінде сату көлемін білуге мүмкіндік беруді, жалпы айтқанда, нарық құрылымы фирманың бәсекеқабілеттілігінің жәрежесін анықтайды. Нарық құрылымының осы және басқа тәуелділікті байланыстыратын әр түрлі формалар көрсетіледі.
Бәсеке қабілеттілікті бағалау кезінде тауардың талданатын өнімнің салыстырылатын база параметрлерін қою арқылы жасалады.
Ал екінші бөлімінде, “Үркер Косметикс” ЖШС-тің бәсекеқабілеттілігін талдау және бағалау. “Үркер Косметикс” ЖШС-тің экономикалық потенциалын бағалау және бәсекеқабілеттілігін талдау.
“Үркер Косметикс” ЖШС-тің Қазақстан нарығында басқа да алдыңғы қатарлы косметика өнімдерін өндіретін компаниялар басты бәсекелестері болып табылады. “Үркер Косметикс” ЖШС-тің өнімдері косметика нарығында үлкен сұранысқа ие, сол себептенон он үш жыл бойы отандық нарықта үлкен орынға ие және ешбір кедергілерге ұшырамай өз өнімдерін өндіруді жаңа жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына жан-жақты өз үлесін қосуда.
Жұмыстың үшінші бөлімінде, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру жолдары.
Кәсіпорындардың негізгі мақсаты - өнім сапасын жоғарылату, оны нарықта жылжыту үшін маркетингтік зерттеулер жасап, жарнамалардың әр түрлі типтерін қолдану керек және осы өнімдерді өндіруді басты себепкер болатын мамандардың деңгейлерін жоғарлатып немесе жаңа ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетітіктерімен жбдықталған қондырғылармен өндіріс процесін қамтамасыз ету, сонымен қатар осы техниканы басқарып, жұмыс жасай алатын жаңа заманның мамандарын жұмысқа алу жолдары бәсеке қабілеттілікті шыңдап дамытуда орны толмас басыңқылыққа ие. Сонымен бірге өндірістің техникалық деңгейін жетілдіріп, инвестиция тартымдылығын арттыру жолдарында қарастыру кәсіаорынның экономикалық деңгейін жоғарлатудағы тағы бір маңызды факторлардың бірі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

1. ҚР – ның Президентінің 2030 – стратегиялық бағдарламасы
2. ҚР – ның Президенті Н.Назарбаевтің 2003-2015 жылдарына арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы. Үкімет бюллетені.№3 2003ж
3. Экономика предприятия/ под.ред. проф. Н.А.Сафронова. – М.: “Юрист”, 1998жыл – 584б.
4. Маркетинг: А.Н.Романов, Ю.Ю.Корлюгов, С.А.Красильников – М.: Банки и Биржи, Юнити, 1996ж – 560б
5. Транзитная экономика. 2004г №9, 57-62б
6. Вестник КазЭУ, 2003ж №10 73-79б
7. Вестник министерство образования и науки РК. 2004г, №36 167-172стр.
8. Бюллетень нормативных правовых актов. 2000г7 №8, 94-99б
9. Қаржы және қаражат. 2004ж №2. 91-96б
10. Егемен Қазақстан. 2004ж 13 сәуір
11. В.Крымова. Экономикалық теория. 2003ж
12. ҚазЭУ хабаршысы. 2004ж, №5 119-121б
13. Авт. “Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету”/ Қалымбетова Д.Ж. – А. 2004ж 26б
14. Вступление Казахстана в ВТО/ 3 часть/

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

Ι-ТАРАУ.Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
1. Бәсекелестің түрлері мен формалары
2. Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
3. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі

ΙΙ-ТАРАУ. “Үркеркосметикс” ЖШС–тің техникалық – экономика-лық және
шығармашылық көрсеткіштерін талдау
1. “Үркер косметикс” ЖШС – тің техникалық – экономикалық
көрсеткішеріне талдау жасау
2. “Үркер косметикс” ЖШС – тің өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін
бағалау

ΙΙΙ-ТАРАУ. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер көздері

КІРІСПЕ

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, көк туы желбіреген ел
болып қалыптасқаннаң кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында
нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға
бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциалының негізі,
бәсекеқабілетті өндіріс ғана экономиканың бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз
ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты осы салада
жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару
процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты
Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасау, яғни соның нәтижиесінде жалпы экономиканың
бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәекеқабілеттілігі
адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру.
Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижиелері
төмендегідей:
• ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ-нің өсуі
• халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі
және экспорттын өсуі
• бюджетке салықтың тұрақты түсуі
• шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын
тиімді қолдану
• елдің ғылыми потенциалын сақтау және дамыту
• халықты жұмыспен қамту
• саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Менің курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін
жоғарлату жолдарын айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті
қамтамасыз ететін әдістерді көрсету.
Курстың бірінші бөлімінде, бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
туралы сипатталады: бәсекелестің түрлері және формалары, бәсеке
қабілеттілікті бағалау әдісі және оның стратегиялары.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін қалыптастыру мен басқару және
өндірісті жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқаның нақты біліп,
қандай мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек.
Нарық құрылымын білу әр түрлі баға деңгейінде сату көлемін білуге
мүмкіндік беруді, жалпы айтқанда, нарық құрылымы фирманың
бәсекеқабілеттілігінің жәрежесін анықтайды. Нарық құрылымының осы және
басқа тәуелділікті байланыстыратын әр түрлі формалар көрсетіледі.
Бәсеке қабілеттілікті бағалау кезінде тауардың талданатын өнімнің
салыстырылатын база параметрлерін қою арқылы жасалады.
Ал екінші бөлімінде, “Үркер Косметикс” ЖШС-тің бәсекеқабілеттілігін
талдау және бағалау. “Үркер Косметикс” ЖШС-тің экономикалық потенциалын
бағалау және бәсекеқабілеттілігін талдау.
“Үркер Косметикс” ЖШС-тің Қазақстан нарығында басқа да алдыңғы қатарлы
косметика өнімдерін өндіретін компаниялар басты бәсекелестері болып
табылады. “Үркер Косметикс” ЖШС-тің өнімдері косметика нарығында үлкен
сұранысқа ие, сол себептенон он үш жыл бойы отандық нарықта үлкен орынға ие
және ешбір кедергілерге ұшырамай өз өнімдерін өндіруді жаңа жетістіктерге
жетіп, еліміздің дамуына жан-жақты өз үлесін қосуда.
Жұмыстың үшінші бөлімінде, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру
жолдары.
Кәсіпорындардың негізгі мақсаты - өнім сапасын жоғарылату, оны нарықта
жылжыту үшін маркетингтік зерттеулер жасап, жарнамалардың әр түрлі типтерін
қолдану керек және осы өнімдерді өндіруді басты себепкер болатын
мамандардың деңгейлерін жоғарлатып немесе жаңа ғылыми-техникалық прогрестің
соңғы жетітіктерімен жбдықталған қондырғылармен өндіріс процесін қамтамасыз
ету, сонымен қатар осы техниканы басқарып, жұмыс жасай алатын жаңа заманның
мамандарын жұмысқа алу жолдары бәсеке қабілеттілікті шыңдап дамытуда орны
толмас басыңқылыққа ие. Сонымен бірге өндірістің техникалық деңгейін
жетілдіріп, инвестиция тартымдылығын арттыру жолдарында қарастыру
кәсіаорынның экономикалық деңгейін жоғарлатудағы тағы бір маңызды
факторлардың бірі.

Ι-ТАРАУ.Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
1. Бәсекелестің түрлері мен формалары

Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі белгілері болып табылады, яғни әр
түрлі құрылымды және әр түрлі саладағы фирмалардың жалпы саны жатады.
Нарық құрылымын білу әр түрлі баға деңгейінде сату көлемін білуге
мүмкіндік береді және де қолданылған шаралардың әсерінең бәсекелес фирмалар
қандай әрекет жасайтынын көрсетуге мүмдікдік береді. Қорыта айтқанда нарық
құрылымы фирманың бәсеке қабілеттілік дәрежесін анықтайды.
Бәсеке дегеніміз – нарықтың шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша
табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу
мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Нарық құрылымының осы және басқа тәуелділігіне байланысты бәсекелестің
әртүрлі формаларын көрсетуге болады.
Экономикалық ғылымда нарық құрылымының келесі түрлері айқындалады.

1 – кесте Бәсекелестіктің түрлері және сипаттамалары
№ Бәсекелестіктін түрлеріСипаттамалары
1 Таза (жетілген) Бұл нарықта фирмалардың көп бөлігі бірдей
Бәсеке немесе кәміл өнім өндіргенде, фирмалардың көлемі және
бәсеке басқа да себептердің нарықтық бағаға әер
ете алмауы.
2 Таза (абсолютті) Нарықта жалғыз ғана өнім түрін өндіруші
бәсеке және басқа салада оның басушылар жоқ
болғанда нарық абсолютті монопольді болып
саналады.
3 Таза монополия Нарықта жалғыз ғана өнім түрін өндіруші
және басқа салада оның басушылар жоқ
болғанда нарық абсолютті монопольді болып
саналады. Мұнда сала шекаралары мен фирма
шекаралары сәйкес келеді.
4 Монополия Дискриминацияны тәжірибелеуші бәсекелес
саласы , яғни компанияның әр түрлі сатып
алушылары үшін әр түрлі бағаны белгілеу
тәжірибиесі.
5 Монопсония Мұнда белгілі бір тауарды жалғыз ғана
сатып алушының тұтынуы. Ол өз сатыа алуын
шектей отырып, сатушы табысының бір
бөлігін жоғалту нәтижиесінде сатып алушы
өзіне монополистік пайда табады.
Монопсония нарықтық бәсекенің құрмдас
бөлігі.
6 Екі жақты монополия Бәсеке жоқ жалғыз сатып алушыға – бір ғана
сатушы монополист қарсы тұрады.
7 Дуополия Белгілі бір тауарды екі өндірушінің
өндіруі және олардың арасында тауарды
өткізу, бағасын белгілеу мен квоиада
ешқандай келісімнң болмауы. Олигополияның
жеке жағдайы.
8 Олигополия Барлық салада өнімнің негізгі бөлігін
өндіруші ірі фирмалар саны. Бұл нарықта
фирмалар өз сатуларының, өндіріс
көлемінің, инвестицияның және жарнама
қызметінің өзара байланысты .

Жетілген бәсеке болуы үшін келесі алғышарттар орындалуы тиіс:
• көп көлемдегі ұсақ өндірушілер мен сатып алушылардың қатынасы, олардың
нарыққа еркін кіруі және шығуы
• ұзақ мерзімді кезеңдегі өндірістің материалдық, қаржылық, еңбек және
басқа фркторлардың абсолютті мобильдігі
• нарық жағдайы туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпарат алуы
• бір атаулы тауарлардың абсолютті бір ғана өндірістен өндірілуі
• еркін бәсекеге қатысушылардың ешқайсысы басқа қатысушылардың шешіміне
әсер ете алмайды
Олигополияда нарықтың 2 түрі бар:
• бір салалы сауда - өнеркәсіп фирмалар
• бірнеше ірі жабдықтаушылардың ешбір келісімсіз өзара бәсекелеуі
Таза монополияда нарықтың тек жалғыз ғана сатушы: мемлекеттік ұйым
болуы мүмкін, жеке реттелетін монополия немесе жеке реттелмейтін монополия.
Әрқайсысында баға әр түрлі қалыптасады. Монополияда бағалық дикриминация
кездеседі, яғни бір тауардың әр түрлі бағамен сатылуы.
Үш жағдайда бағалық дискриминация болуы мүмкін:
1. Сатушы төлем қабілеті жоғары сатып алушыны топқа бөле білуі керек.
2. Сатушы монополист болуы керек және белгілі бір дәрежеде монополисттік
билікті иеленуі керек.
3. Алғашқы сатып алушы тауарды қайта сата алмайды.
Бірінші нарықта баға тең. Нарықты сегменттеудегі қолданылған саясат,
монополист фирмаға ең жоғарғы табыс табуға мүмкіндік береді. Бағалық
дискриминацияның жағымсыз және жағымды жақтары да бар. Егер бағалық
дискриминация дұрыс жүргізілсе монополист фирмаға зор табыс әкеледі.
Фирмалар бағалық дискриминацияны бәсекелестік күрес кезінде қосымша
сатып алушыларды тарту мақсатында қолданады: тауарды алғашқы сатып
алушыларға төмендетілген баға көрсетілуі мүмкін және көтерме сауда
бөлшектеріне арнаулы жеңілдетілген баға орнатылады.
Бәсекелестер фирманың өзі қызмет істеуге тырысатын нарық түрлерін
таңдауына өте қатты әсер ете алады. Бұл жерде бәсекенің 3 түрін көрсетуге
болады:
❖ Функционалды бәсеке – бұл әртүрлі қажеттіліктерді көптеген
тәсілдермен қанағаттандыруға болатындықтан туындайды. Осыған сәйкес
қанағатты қамтамасыз ететін барлық тауарлар функционалды бәсекеге
жатады, оған спорт дүкендеріндегі спорт құралдары менжабдықтары
жатады.
❖ Көріністі бәсеке – бір ғана мақсатқа арналған маңызды өлшемдермен
ерекшеленетін тауарлардың түрі. Мысалы: бір класты 5 орынды жеңіл
автокөліктер, бірақ двигательдерінің мүмкіндіктері әртүрлі болады.
❖ Затты бәсеке – фирмалардың ұқсас тауарларды шығаруының нәтижиесі,
олар дайындаудың сапасымен, кейбір жағдайда бірдей сапамен
ерекшеленеді.
Монополистік бәсеке – біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын
сатушылар саны нарықта өте көп. Монополиялпрдың пайда болуының негізгі
себебтері - өніріс пен капиталдың шоғырлануы.
Мақсаты – мөлшерден тыс пайданы қамтмасз ететін монополиялық баға және
монополиялық пайда алу.
Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныстың
ауытқымасы болып табылады да, теріс сызықты болады.
Шаруашылық қызмет үрдіснде барлық субъектілер таарларды өндіру және
сатумен байланысты белгілі бір шығыстарға тап болады, олар шығындар.
Сұрныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке
негізінде іске асырылады.
Монополиялардың пайданы барынша көбейтуі.
Монополия шығару көлемінде тоқтап (А нүктеде), пайданы көбейтеді, онда
шекті табыс (MR) тең болады шекті шығындарға. Содан кейін ол бағаны табу
үшін (В нүктеде) сұраныс қисығын пайдаланады, ол сатып алушыларға барлық
шығарылған өнімді алуға мүмкіндік жасайды. Штрих жүргізілген – монополистің
табысы. Р- монопольдық баға. (1график)

P B MC
AC

C D

A

Q1 Q max Q2 Q3
Q

1график
Кірістер мен шығындардың нақты жіктелуі белгілі бір мерзімдегі
қызметтің таза нәтижиесін анықтауға негізделеді. Сонымен бірге ол есепті
жылда табыстың қай көзден алынатының анықтайды және өнімнің өзіндік құнының
өндірістік шығындары мен өндірістік емес, яғни басқару мен өткізу, қаржлық
қызметпен байланысты шығындар, басқару мен қаржылық талдау жасау
мақсатындағы тұрақты және өзгермелі шығндардың бөлінуі жатады.
Пайда табатын көздерін анықтау үшін кәсіпорын қызметі төмендегідей
түрлерге бөлінеді:
✓ Негізгі және операционды қызмет (өнімді өндіру және өткізу )
✓ Қаржылық қызметі (басқа кәсіпорындарға несие беру және алу,
кәсіпорынның басқа компания қызметіне қатысуы, кәсіпорынның қаржы
нарықтарындағы операциялары және т.б)
✓ Төтенше баптар (кәсіпорын қызметіне сәйкес келмейтін операциялар)
Мұндай бөлу кәсіпорынның негізгі қызметінентүскен шекті табыстың
салмағын көрсетеді және де кәсіпорынның қызметі үшін сипатты емес тұрақты
пайда табу көзі болып қалмайтын салаларды анықтайды.
Қаржылық басқару жүйесінде келесі көрсеткіштер қолданылады: табыстардың
көрсеткіштері:
1. өнімді өткізуден түскен табыс - өткізуден түскен қоымша құн
салығы, акциз, қайтарылған тауарлар және бағалық шегерімдерді
есептемегендегі жалпы табыс. Дәл осы көрсеткіштер кәсіпорынның
тиімді (рентабельді) бағасын және пайда көрсеткіштерін есептеу
үшін негіз болып табылады.
2. Өткізуден түскен таза табыс - өткізілген тауардың өндірістік
шығынын қоспағандағы өткізуден түскен таза пайда.
3. Негізгі қызметтен түскен табыс (операционды табыс немесе
операционды залал) – басқару және тұрмыстық шығындарды
қоспағандағы өткізуден түскен жалпы табыс. Бұл көрсеткіш
өткізгеннен кейін қаржылық нәтижиені басқару және өткізу бойынша
шығындардың әсер етуін көрсетеді.
4. қаржылық қызметтен түскен табыс – қаржылық қызмет бойынша шығндар
мен кірістердің сальдосы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның шаруашылық -
өндірістік қызметінен табысты бөлуді айтады.
5. Жай шарушылық қызметтен табыс – негізгі шаруашылық қызметтен және
қаржылық қызметтен түскен сома.
6. Салық төленудің алдындағы табыс – бұл көрсеткіш бухгалтерлік
пайдадан салық салу пайдасына өту нүктесі. Бухгалтерлік табыс –
еспті мерзімді кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - кәсіпорынның шығысы мен
шығысы туралы мәліметтерді жинап, өндеп отыру. Сонымен бірге
болашақ кезеңге басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін кәсіпорын
қызметінің таза нәтижиелерін көрсетіп отырады. Бұл мақсатқа
жеткеннен кейін алынған нәтиже елдің салық заңдарымен сәйкес
түзетіліп отыруы керек. Қорыта айтқанда салық салу пайдасы – бұл
салық талаптарына сай есептелген бүхгалтерлік табыс.
7. Таза табыс – салық төлегеннен кейінгі табыс. Нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Оның
динамикасын кәсіпорынның қызмет етуі, жұмыскерлерге жұмыс
орындарының болуы, акционерлік компанияларға дивидент төлеу
тәуелді. Сондықтан ол қаржы нарығы және кәсіпорын
басқарушыларының назарында.
Фирманың бәсекеқабілеттілігін қалыптастыру үшін басқару мен өндірісті
жаңалап ғана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқанын нақты біліп, қандай
мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек. Бұл жерде ең бастысы:
бәсекелестік күресте өзінің салыстырмалы артықшылықтарын тез және тиімді
пайдалану. Барлық күштерді әлеуетті бәсекелестер оңашалайтын салаларды
дамытуға бағыттау қажет. Көптеген алдыңғы қатарлы фирмалардың барлық
жұмысшылары еруге міндетті өзінің салыстырмалы артықшылықтарын ереже,
лозунг түрінле қалыптастырады.
Бәсекедегі өзінің салыстырмалы артықшылықтарына нақты бейімделу,
оларды кәсіпорынның ішінен және одан тыс іздеу, алдыңғы қатарлы
компаниялардың басқару аппарты және оның құрамындағы басқару, инженерлік
бөлімдердің шаруашылық стратегиясын жасап, орындайтын қызметтер жиынтығын
алдын-ала анықтайды.
Кәсіпорын өндірісінде әлемдік салаларын қалыптастыру үшін өзін жұмыс
істейтін әлемдегі ең таңдаулы салада немесе нарықта маңызды бір өндірістік
қызметтің нарықтағы кәсіпорынның салыстырмалы артықшылықтары қандай екенін
айқындап, өндірістің қандай аспектілеріне немесе шаруашылықтың қандай
қызметіне ең бірінші көңіл аудару керектігін анықтаған жөн. (Мысалы өндіріс
шығындары және баға, сапа, техникалық деңгейі, қызмет көрсету деңгейі,
өндіріс икемділігі, т.с.с)
Жалпы кәсіпорынның төрт негізгі бәсеке қабілеттілік деңгейін немесе
дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Бірінші деңгейі кәсіпорынның басшылары
басқаруды ұйымдастыруды ішкі нейтралды деп қарастырады. Басшылар өз
қызметін өнімді беруде ғана түсінеді де, тұтынушылары мен бәсекелестері
үшін ешқандай сыйлық ойластырмайды. Олар өз өнімдерінің техникалық және
конструкциялық жетілу деңгейіне соншалықты сенімді, яғни бәсекелестерімен
салыстырғанда артықшылықтары маркетингтік қызметте және тұрмыстық
бөлімдердің қуаттылығында, олар жарнамаға тауарын қою арқылы сатып алушыны
қуантуға дайын. Барлық қосымша өндірісте немесе басқарудағы жоғарылау ешбір
мотивациясыз артық болып саналады.
Мұндай жақындау жоғары дәрежеде жеткіліксіз болып көрінгенмен,егер ол
жылдам бәсекеден сақтайтын нарықта өз нишасын таба алса, кәсіпорын табысты
болып саналады. Бірақ кәсіпорын немесе фирма өндіріс көлемін ұлғайту
барысында келесі әрекеттер қалыптасуы мүмкін,кәсіпорын алғашқы жұмыс
істеген нарық нишасынан келесі бір оның сегментінде бәсекеге түсуі мүмкін
немесе алғашқы ниша өсуші нарыққа айналып басқа өндірушілер үшін тартымды
бола бастайды. Бұл жерде тек қана өнімді өндіре білу аз, яғни бәсекелестер
ұсынған өндіріс шығыны, сапа, жеткізудің нақтылығы, қызымет көрсету деңгейі
аясындағы салыстырмалы артықшылықтарды иеленуге тырысу керек.
Сондықдықтан бәсеке қабілеттілігі екінші деңгейдегі компаниялар
өздерінің өндірістік жүйесін сыртқы нейтралды етіп жасауға тырысады. Бұл
дегеніміз кәсіпорынның негізгі бәекелестері онатқан стандартқа толық сәйкес
болу. Олар техникалық қабылдауларды, техналогиларды, өндірісті ұйымдастыру
әдістері алдыңғы қатарлы кәсіпорындардан алып өзінде қолдануға және шикізат
материалдарын, жартылай фабрикаттарды және толықтырушы заттарды да басты
бәсекелестері алатын көзден алуға тырысады. Өнімнің сапасын басқарудағы
принциптері, қор деңгейін бақылауы, ішкі өндірістің бітеулері, өзінің
өндірісіндегі жұмыскерлермен қатынасты да дәл сондай сипатты орнатады.
Керек болса олар басқарушылар мен мамандарды, әсіресе жоғары
квалификациялы, білікті инженер-техник мамандарын осы саладағы
компаниялардан щақыруға тырысады.
Осыдан туындаған мәселелерді шеше алған кәсіпорындар ғана өз
бәсекелестерін жеңіп бәсеке қабілеттіліктің үшінші деңгейіне жетеді,
басқару өндірістік жүйеге, оны дамытуға және жетілдіруге белсенді әсер ете
бастайды.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің сатып алу – сату актісінде көрінедеі. Мұндай ерекшеліктердің
үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар
мен тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында
тауардың толық сәйкестігін бәсекеге жарамдылығы деп айтады. Өнімнің бәсеке
жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тұтыну
кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсеке қабілетті
өнім нарықта тез және жеңіл сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке
мұқтажын ең жоғары қанағаттандыраын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда,
сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес
келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген
қанағаттанушылық деңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды,
оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді. Тауарлы нарықтың зерттеулері
көрсеткендей сатып алу туралы тұтынушылардың үштен бірінің соңғы шешімі
тауардың сапа көрсеткіштерімен байланысты.
Мәселенің мәнін толық түсіну үшін негізгі салдарын ашып көрсетуге
болады:
1. Бәсеке қабілеттіліктің үш негізгі құрадас бөлігі бар. Біріншісі,
өнімнің сапасымен тікелей байланысты, екіншісі сатып алушының
экономикалық мүмкіндіктерімен, шектеулерімен және тауарды өткізу
экономикасымен байланысты. Үшіншісі тұтынушыға сатып алушы ретінде
ұнамды немесе ұнамсыз болып табылатн бардық тауарлар мен қызмет
көрсетулер және тағы басқалар.
2. Сатып алушы – ең басты тауарды бағалаушы. Бәсекеқабілетті
тауарлардың барлық элеметтері әлеуетті сатып алушыға күмән
тудырмайтындайайқын болуы керек. Жарнамада бәсеке-қабілеттілік
кешенін қалыптастырарда сатып алушылар мінез-құлқының жеке
факторларын, интеллектуалдық деңгейін және психологиялық
ерекшеліктерін ескерген жөн. Қызықты факт: шетелдік жарнама беруші
барлық құралдар жарнамамен байланысты материалдард сауатты және
сауатсыз аудитория бөліп көрсетеді.
3. Әр нарық өзінің сатып алушысымен сипатталады. Тәжірибиеде бәсеке
қабілеттілікке жалпы анық көзқарас қалыптасқан. Ол біз талқыға
салып отырған ойды толықтырады.
Америка мен Жапония алдыңғы қатарлы технологиялардың барлық нарығындағы
қатал күресте жапондықтардың ұстанымдары басымдық көрсетті. Өйткені 70
жылдары олардың негізгі принциптері баға және сапа болды. Осыдан бастап
жапон фирмаларының өнімді өткізу, қызмет көрсету, жарнамалау мәдениеті
дүние жүзі маркетологтардың назарын аудара бастады.
Бүгінгі күні “сапа философиясы” деген сөз жапондарда сипатты
қолданылады. Американың алдыңғы қатарлы зерттеушілері және бизнесмендері
жапондар өз тауарлары сапасының жоғары екенін туралы ойды насихаттай отырып
тез қалыптаып алды дейік. Бұл жерден өзін сүйгіштікті көріп отырсақ та
“мемлекет имиджі” тауарлардың бәсеке-қабілеттілігін жоғарылатуға елеулі
үлес қосады. Нарықтық шаруашылық, сонымен бірге оның оқымыстылары ауардың
бәсекеқабілеттілігін схема түрінде көрсету – нарықтық пройесстің барлық
қиыншылықтары мен жіңішке жақтарын схема түрінде көрсетуге тырысу деп
ұққан. Сондықтан оларға бәсеке қабілеттілік ыңғайлы, ойды және көңілді
шоғырландыратын жалпы алғнда менеджмент, жеке алғанда маркетингтік барлық
әртүрлі стратегиялық және тактикалық тәсілдерін қамтитын термин болды.
Бәсеке қабілеттілік - өзің және бәсекелесің үшін есептеп шығаратын,
нәтижиесінде жеңіске жететін деңгей көрсеткіші емес, ол – нарық жағдайында
келесілерге сүйенетін жұмыс философиясы:
• Тұтынушылардың қажеті мен даму тенденциясын түсіну;
• Бәсекелестердің мүмкіндіктері мен мінез-құлқын білу;
• Нарық дамуының тенденциясы мен жағадайын білу;
• Қоршаған ортаны және оның бағытын білу;
• Тұтынушы сенің тауарынды құптайтын тауар шығару және тұтынушыға
жеткізу;
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі келесі факторлармен анықталады:
• Қызмет көрсету және өнім сапасы;
• маркетингтік және өткізу стратегиялырының тиіді көрсеткіштері;
• бақару мен персоналдың білім деңгейі;
• кәсіпорын қызмет ететін салық ортасы;
• қаржыландыру көздерінің мүмкіншілігі;

2. Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары

Еліміз “Қазақстан - 2030” ұзақ мерзімді стратегиялы бағдарламасына сай
мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде
әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық қазақстандықтардың –
ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың
бәсекеге қабілеттігі мәселе болып тұр.
Әдебиеттерде көп қарастырылатын, тәжіребиеде өзін-өзі ақтай білген
бизнес стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық
стратегиялар деп атайды. Олар мынадай элементтердің біреуіне немесе
бірнешеуінің жай-күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала,
ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл бес элементтердің
әрқайсысы ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.
Эталондық стратегиялар ұйымның төрт түрлі тәсілмен өсіп келе
жатқандығын білдіреді.
Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары
құрайды. Бұл стратегияларды сала ерешелігін, қызмет аясы мен өндірілетін
өнімді өзгертпей-ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы
топтың нақты стратегиялары мынадай:
• Нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген нарықты белгілі
бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
• Нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық
іздестіріледі.
• өнімді дамыту стратегиясы, мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу
және оны өткізу көзделеді.
Бизнесті дамытудың эталондық стратегиясының екінші тобын
әртараптандырылған өсу стратегиялары құрайды. Мұндай стратегиялар кәсіпорын
берілген нарықта бұрыңғы өнімімен ары қарай дами алмайтындай жағдай туғанда
қолданылады.
Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері мынадай:
• өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану
негізінде орталықтандырылған әртараптандыру. Бұл жерде жұмыс істеп
тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жаңа өндіріс
игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе компания іс-
әрекетіндегі басқадйкүшті жақтарда пайда болады;
• Көлденең әртараптандыру, нарықта жаңа технологиямен өндірілген,
қолданыстағы тауарға ұқсамайтын ерекше тауар көмегімен өсу мүмкіндігін
қарастырады. Мұнда компания ең алдымен жаңа өнім өндіруге
құзыреттілігіне бағалау жүргізгені жөн;
• Конгломеративті әртараптандыру стратегиясының мәні компанияның
қолданыстағы тауарға технология жағынан байланысты жоқ жаңа өнім
өндіруінде жатыр. Бұл жүзеге асыру жағынан ең қиын стратегия болып
есептелінеді, себебі оның ойдағыдай жүзеге асырылуы көптеген
факторларға, атап айтқанда, персоналдың құзыреттілігінен бастап,
менеджердің өзіне тән ерекшелігі, нарық өмірінің маусымдылығы және
қажетті капиталдың бар болуына байланысты болады. Әртарап-тандырылған
өсу стратегиясын қолдануда ұйым жаңа өнімді өткізуге қажетті нақты
мүмкіндіктерге ие болмаса, көп шығынғв ұшырайды немесе дағдарысқа
тіреледі;
Эталондық стратегияның үшінші тобы жаңа құрылымдарды қосу есебінен
кәсіпорынды кеңейтуге байланысты біріктірілген өсу деп аталатын
стратегияларды өз қатарына алады. Бұл топқа мыналарды жатқызуға болады:
• Сатылап біріктірудің кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстінен қатаң
қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге
бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолдану кәсіпорынның
жабтықтаушылардың бағасы мен жабдықтар бағасының өзгеруіне тәуелді
болмайтын жағдайын жасайды;
• Алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні – компания мен
түпкі тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату мен бөлу жүйесінің
үстінен қатаң бақылау жүргізу немесе жаңа құрылымдар құру есебінен
кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады;
Эталондық стратегияның төртінші түрі қысқарту стратегиясы деп аталады.
Кейбір жағдайларда бизнесті жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік
болуы мүмкін, өйткені жаңару және жаппай тездету – көбіне кәсіпкерлікті
дамыту жолындағы бір-біріне қайшы процесстер. Бизнесті мақсатты қықарту
стратегиясының төрт түрін бөліп көрсетуге болады:
• Кәсіпорын бизнесті ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолданылатын
жою стратегиясы;
• Кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін
бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы
қысқарту стратегиясы. Әдетте кәсіпорын мұндай стратегияны өндірістің
өсуі басқалармен сәйкес келмегенде немесе кәсіпорын мақсатында орай
қолданады;
• өндірістік шығындарды кеміту мүмкіндіктерін қарастыруға және шығындар
көлемін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуге бағытталған стратегия. Бұл
стратегияны жүзегег асыру шығындарды азайту, өніділікті арттыру,
персоналды қысқарту және тіпті жұмыстан шығару, пайдалы тауарлардың
өндірісін тоқтатумен байланысты.
Іс жүзінде ұйым бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіресе көп
салалы компанияларда) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзеге асыруы
мүмкін. Бұл жағдайларда құрамдастырылған стратегия ұғымын қолданамыз.
Кәсіпорынның ерекше стратегияларын іске асыратын бірнеше амалдардың өз
тәртіптері бар. Олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:
• стратегиялық жоспарлау жалпы бағдарлау мен белгілі шектеулермен
сипатталады. Оның негізгі парамтрлері қатаң сақталуы керек, өйткені
олардың көегімен ықтимал өзгерістерді бағалауға болады.
• Жоспарлауда сценарийлерді қолдан. Оптимистік тұрғыдан келешектегі
оқиғалардың ең оңтайлы, ал пессимистік тұрғыдан ең қолайсыз даму
барысын анықтау. Мұндай әдістеме барлық ықтимал нәтижиелерді қамтуды
талап етеді. Әдетте жоспарлау шеңберінің базасы ретінде аталған екі
нұсқаның біреуін ғана әзірлейді. Мұнда алдын-ала ескерту жүйесін
әзірлеу өте маңызды. Бірақ, бұл түзету енгізу процесі нақты жағдай мен
шығындарды талдауды қажет етеді.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, стратегияны кәсіпорын
саястынан бөліп, басқарудың жеке функциясы ретінде қарастыру керек деген
қорытындыға келеміз.
Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жағынан,
стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне бағынышты болса,
екінші жағынан, американдақ экономистердің зерттеулері көрсеткендей, сол
принциптері мен нормалары стратегиядан келіп шығады. Бұл жерде кәсіпорынның
стратегия жүзінде анықталған саясаты туралы айтып өткенді жан көріп
отырамыз.
Стратегия компанияны тиімді басқаруға әер ететін көптеген бәсекеге
қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.
Жалпы алғанда кәсіпорын стратегиясы – барлық негізгі функциялар мен
бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды қанағаттандыру және
нарықтық позициясын нығайтуға бағытталған кәсіпорынның басқару жоспары.
Кәсіпорынның негізгі қызметі мен бөлімшелеріне жабдықтау, өндіріс,
қаржы, маркетинг, кадрлар және ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады және
олардың әрқайсысының стратегия ішінде атқаратын міндеттері бар. Стратегияны
таңдау – бүкіл ұйым бойынша жинақталғн өндірістік шешімдер мен бәсекеге
қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай
бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегияны білдіреді. Жақсы ойластырылған
стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму бағытын
белгілейді және оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтайды.
Кәспорынның міндеті анықтаған басқарушы кәсіпорынның атқарар қызмет
аясын және тұтынушыларға ұсынатын қызмет түрін айқындайды. Басқарушы
кәсіпорын қызмет аясын таңдауды стратегиялық тұрғыдан орындауы керек және
ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасымен үйлесіп, қатар жүруі
керек.
Нақты мақсаттарды анықтау кәсіпорынға миссияны жалпы тұжырымдаудан
істің бөлек жоспарына көшуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның алға қойған
мақсаттары оның қызметі мен прогресінің бағытын белгілеуге қатысады және
мақсаттар қысқа немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттар
жақын арадағы нәтижиеге бағытталса, ұзақ мерзімді мақсаттары келешекте
кәсіпорын жағдайын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ойлануды талап
етеді.
Кәсіпорын стратегиясын айқындау үшін оның сыртқы және ішкі факторларын
зерттеп шығу қажет. Менеджер кәсіпорын жағдайы мен нарық ерекшелігі туралы
анық және нақты мәліметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға
мүмкіншілік туады.
Кәсіпорын стратегиясы – ойланып істелген мақсатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Дарынды балалардың қабілеттін дамыту процесі
Инновация Қазақстан Республикасының экономикалық өсімінің қайнар көзі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Көркем еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылығын дамыту
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Пәндер