Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I. тарау Балықтар туралы жалпы мәлімет.
1.1 Ихтиология ғылымының даму тарихы ... ... ... ... .. 4
1.2 Балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы ... ... .. 8
1.3 Балықтардың торсылдақ және гидростикалық тепе.теңдігі ... ... ... ... 26

ІІ . тарау. Балықтар әлемі
2.1 Балықтардың адам өміріндегі маңызы ... ... ... ... .. 37
2.2 Қызыл кітапқа енген балық түрлері ... ... ... ... ... 44
2.3 Қазақстанның негізгі шаруашылығындағы бағалы балықтар ... ... ... . 51
2.4. Бағалы сирек балық түрлері ... ... ... ... 55
III . тарау. ОҚО Өзен көлдердегі балық шаруашылығының дамуы.

3.1. ОҚО су қоймаларындағы балық шаруашылығының дамуы .
3.2. Бадам өзеніне балықтарды жерсіндіру және жергілікті балықтар ... .. 60
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... .. 64


ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ...66
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру – маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс- әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны қоғамның, әлеуметтік- экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.
Зерттеу объектісі - қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, сонымен бірге экологиялық тәрбие беру.
Зерттеу нысаны – Бадам өзенін экологиялық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеудің мақсаты. Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу, сонымен қатар экологиялық апаттық жағдайлардың алдын алып, оларды болдырмау шараларын жасау.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Алеев Ю.Г. Функциональные основы внешнего строения рыб. М, 1963.
2. Аниеимова И.М. и Лавровский В.В. Ихтиология. М., 1991.
3. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстаннын балықтәрізділері мен
балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы, 1999.
4. Бекенов А., Есжанов Б.Е, Русско-казахский словарь зоологических
терминов. Алматы. 1997.
5. Биологический энциклопедический словар. М., 1986.
6. Гуртовой Н.Н., Матвеев Б.С., Дзержинский Ф.Я. Практическая
зоотомия позвоночных. Низшие хордовые, бесчелюстные, рыбы. М., 1976.
7. Джумалиев М.К. Биоразнообразие животного мира (хордовые). 1 ч. Алматы, 2002.
8. Жизнь животных. Рыбы. 4 т. М., 1983.
9. Иванов А.А. Физиология рыб. М., 2003.
10. Митрофанов В.П. Экологические основы морфологического анализа рыб.
Алма-Ата. 1977.
11. Митрофанов И.В., Баимбетов А.А., Майкл Дж. Мур. Словарь названий
рыб Казахстана (лат,, рус., англ;, каз.). Алматы, 1999, 2003.
12. Моисеев П.А., Азизова Н.А., Куранова И,И. Ихтиология. М., 1981.
13. Никольский Г.В. Экология рыб. М., 1963.1974.
14. Правдин И,Ф. Руководство по изученшо рыб. М., 1966.
15. Рыбы Казахстана. 1 т. Алма-Ата. 1986.
16. Суворов ЕЖ, Основы ихтиологии. М., 1948.
17. Чугунова Н.И. Руководство по изучению возраста и роста рыб. М., 1959.
18. С.П. Наумов «Омыртқалылар зоологияясы» «Мектеп» баспасы Алматы 1970ж
19. Ә.А. Бейімбет «Ихтиология негіздері» 1-бөлім оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2005ж
20. Н.П. Наумов «Зоология позвоночных» Москва «Высшая школа» 1979.
21. Таиров «Рыбо водство и рыбо ловство» Алма-Ата «Қайнар» 1985ж
22. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі. Алматы, 2004ж 62 - 66 бет
23. Ә.А. Бейімбет, С.Р. Темірхан Қазақстанның балық тәрізділер мен балықтарының қазақша - орысша анықтаушы. Алматы 1999
24. Биологический энциклопедический словарь. Москва 1986ж
25. Суворов. Основы ихтиологий 1948
26. П.А. Моисеев. Основы ихтиологий 1981
27. Г.В. Никольский Экология рыб. 1963-1974
28. Ә.А. Бейімбет. Ихтиологияның негіздері. Алматы 2005

Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I- тарау Балықтар туралы жалпы мәлімет.
1.1 Ихтиология ғылымының даму тарихы ----------------------------------- ----
--- 4
1.2 Балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы ----------------------------------
- 8
1.3 Балықтардың торсылдақ және гидростикалық тепе-теңдігі ----------------
26

ІІ – тарау. Балықтар әлемі
2.1 Балықтардың адам өміріндегі маңызы ----------------------------------- --
----- 37
2.2 Қызыл кітапқа енген балық түрлері ----------------------------------- --
-------- 44
2.3 Қазақстанның негізгі шаруашылығындағы бағалы балықтар ------------- 51
2.4. Бағалы сирек балық түрлері ----------------------------------- ---------
---------- 55
III – тарау. ОҚО Өзен көлдердегі балық шаруашылығының дамуы.

3.1. ОҚО су қоймаларындағы балық шаруашылығының дамуы -------------- 59

3.2. Бадам өзеніне балықтарды жерсіндіру және жергілікті балықтар ------
60
ІІІ Қорытынды ----------------------------------- ---------------------------
------------ 64

ІV Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 66

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен
білім беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми –
педагогикалық негіздерін меңгеру – маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа
педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби
білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын
қалыптастыру үрдісіндегі іс- әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты
міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра
алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да өзекті мәселелер қатарына
жатқызылып келеді. Олай болатыны қоғамның, әлеуметтік- экономикалық
міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап
отыр.
Зерттеу объектісі - қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту
оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, сонымен бірге экологиялық
тәрбие беру.
Зерттеу нысаны – Бадам өзенін экологиялық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеудің мақсаты. Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың
түрлерін сақтап қалу, сонымен қатар экологиялық апаттық жағдайлардың алдын
алып, оларды болдырмау шараларын жасау.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I – тарау. Балықтар туралы жалпы мәлімет.

1.1. Ихтиология ғылымының даму тарихы

Ихтиология (гр. ісһthys - балық, logos - сөз, ақыл, сана) -
балықтар жайындағы ілім, омыртқалы жануарлар туралы ғылымның бір саласы. 43
мыңдай түр құрайтын омыртқалы жануарлардың 22 мыңдайы балықтардың үлесіне
тиеді.
Академик Л.С. Берг берген анықтама бойынша: Ихтиология дегенде
балықтардың табиғи тарихы деп түсінеді. Ихтиология балықтардын сыртқы
белгілері мен ішкі құрылысын (морфологиясы мен анатомиясын), балықтардың
сыртқы ортаға - бейорганикалық және органикалық - қарым-қатынасын
(экологиясын, кейде биологиясы деп те атайды), даму тарихын - жеке
организмнің (эмбриологиясын), және түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың,
отрядтардың т.т. (эволюциясын немесе филогениясын), сондай-ақ балықтардың
географиялық таралуын (зоогеографиясын) зерттейді. Бұларға коса ихтиология
балықтар үйірінін санын және санының ауытқу заңдылықтарын зерттейді,
балықтардың өндірістік қорын анықтау әдістерін жетілдіреді, қысқа және ұзақ
мерзімді балықты аулау көлемін болжайды. Ихтиология балықтардын мінез-
құлығын (этологиясын), өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына қамқорлық
түрлерін зерттейді.
Ихтиология табиғат тану ілімдерінің басқа салаларымен, әсіресе
гидрология және гидробиология, тығыз байланысты. Аталған пәндер
гидробионттардың тіршілігінің физикалық және экологиялық, яғни
тіршілік ортасының абиотикалық және биотикалық жағдайларын зерттейтіндер.
Ихтиологияның дамуы онан балықтар физиологиясы биохимиясы, балықтар
генетикасы, селекциясы және будандастыру, тоғандарда және табиғи
суларда балық өсіру, балық аулау, балықтардың эмбриологиясы, балық
өндірісінің шикі зат қоры, балық тағамдарының технологиясы, балықтардың
ауруы сияқты ғылым салаларының белінуіне себепші болды.
Адамзат балықты, басқа су объектілерімен қоса, өте ерте заманнан
бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Сондықтан олар өзен,
көл, теңіздердің жағасына қоныстанған. Кейіннен балық аулау өнеркәсіптің
бір саласына айналды. Балық аулау кәсібінің маңызы жыл сайын артуда, себебі
адам тамағындағы жануарлар белогының, Жер жүзі бойынша шамамен, 20
пайызының көзі балықта. Ал, кейбір ел тұрғындары жануарлар белогіне
қажеттілігін (мыс., Жапония) су жануарларынан, негізінен балықтан
қанағаттандырады. Бұндай жағдай біршама, әсіресе теңіз жағалауларындағы,
елдерде қалыптасқан. Бұған Жер жүзінде адам санының көбеюін ескерсек,
балыққа деген қажеттілік ешбір даусыз. Бұның мысалын төмендегі кестеден
байқауға болады.

ФАО дерегі бойынша әлемдік балық аулау динамикасы

Тұқымдастар 1970 1980 1986
млн т % млн т % млн т %
Майшабақтар, 21,15 40 15,50 21 23,94 26
анчоустар
Трескалар 10,32 19 10,75 15 13,49 15
Ставридалар 2,59 3 7,32 10 7,18 8
Тунецтер 1,35 3 2,63 4 3,41 4
Камбалалар 1,24 2 1,08 1 1,30 1
Скумбриялар 2,89 5 4,63 1 4,03 4
Албырттар 0,52 1 0,82 1 1,01 1
Қалғандары 14,52 27 29,39 47 37,09 41
Барлығы 54,58 100 72,12 100 91,45 100

Балық тек тамақтық зат емес, олардың қайсы бірі науқастарға
диетикалық ас, ал бауырынан алынатын балық майы - дәрі, соңғы жылдары
акуланың қанатынан ракка қарсы қолданылатын дәрі жасалды (АҚШ), ал өңдеуден
қалған балық қалдықтарынан (басы, органдары, т.т.) балық ұнын өндіріп құс
өсіретін шаруашылықтарда, жер өңдеуде органикалық тыңайтқыш ретінде
пайдаланылуда. Бұрын акула терісінен егеу (өндірістікке дейін), қымбат
киетін, қолға ұстайтын әсемдік заттар, ал қабыршақты балықтардың қалың
қабыршағынан бижутериялар жасаған.
Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше. Себебі, Жер жүзіндегі 43
мыңдай омыртқалылардың 50°0 шамасын құрайтыны балықтар. Планетамыздың 23
бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия
қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Бұлар сулардағы кисапсыз санды
фитопланктондардан бастап, қоректік спектрінің әртүрлілігінен, барлық
қоректік тізбектерге әсер етеді. Сонымен қатар балықтар судағы, құрылықтағы
көптеген жануарлардың қоректік қоры. Негізі паразиттік көптеген аурулардың
аралық немесе аяққы иесі.
Ихтиологияның дамуына қысқаша шолу. Адамзат өте ертеден су
объектілерін және әсіресе балықты өте маңызды, кейде тіптен негізгі тамақ
құрамы ретінде пайдаланып келеді. Тарихтан бұрынғы адамдардың қонысындағы
асханалық қалдықтарда, заңдылық ретінде, балықтардың сүйектері мен
моллюскалардың бақалшақтары молынан кездеседі. Кейінгі дәуірлерде
планетамыздың тұрғындарының теңіздер мен ішкі сулардағы биологиялық
қорларды пайдалану масштабы мен оның әртүрлілігі бірте-бірте артып келеді.
Біздің заманымызға дейінгі 3700-3600 жылдардан бастап Ерте Египеттің
папирустары мен жартастарында балықтардың түрін анықтауға болатын, сондай-
ақ оларды сою және тұздау процестерін көрсететін суреттерді көруге болады.
Көптеген мемлекеттердің тарихы, біршама географиялық жаңалықтардың ашылу
себептері, көптеген жаңа аудандарға қоныстану, кейбір халықаралық даудың
тууы планетамыздың әртүрлі аудандарындағы сулардың көптүрлі биологиялық
қорларын халықтың кеңінен пайдалануға ұмтылысынан туғанын онай түсінуге
болады. Барлық елдердің тұрғындары балықты тамаққа бірте-бірте көбірек
пайдалануда, ал олардың қайсы бірі. әсіресе Жапондықтар, жануарлар
белогінің негізін балық кәсіпшілігінен алады.
Жануарлар әлемінің осы көптүрлі өкілін тыңғылықты зерттеу біздің
заманымыздан 2300 жылдай бұрын ұлы философ және ғалым грек
Аристотельден (384-322 жылдары өмір сурген) басталады. Оның
История животных шығармасы сол уақыттағы жануарлар әлеміне деген
түсінікке алғашқы ғылыми шолу болатын. Аристотельдің, сол уақытқа сәйкес,
желбезекпен тыныс алатын су жануары балықтар туралы түсінігі дұрыс болатын.
Ол балықтарды шеміршектілер мен сүйектілер деп және органдар жүйесінің
барлығын ажыратты. Кітабында кейбір балықтардың биологиясы мен миграциясы,
уылдырық шашатын мерзімі мен жерлері туралы және т.б. мәліметтер болды.
Осыдан кейін балықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеу ұзақ уақыт тұралап
қалды. Аристотельден тәрбие алғандар мен ізбасарлары оның еңбегін
қайталаумен шектелді. Тек 16 ғасырдың ортасынан бастап басқа жануарлар мен
балықтарды зерттеу іске аса бастады. Балықтардың сыртқы құрылысын
сипаттау, олардың систематикасын құрастыру әрекеттері болды. Зоологтардан
балықтардың сипаттамасын жазып қалдырған П.Белона, Г.Ронделе және
И.Сальвиани ерекшеленеді. 17 ғ. Д.Рэй мен А.Виллугби балықтарды
классификациялауға талаптанды.
18 ғ. швед ихтиологы П.Артедидің (1705 - 1734) жұмыстарымен
ерекшеленеді., Ол бұрын жарияланған барлық жұмыстарға талдау жасап,
систематикалық анализдің әдістері мен заңдылықтарын қалыптастырды. Оның
Ихтиология деп аталатын еңбегі әділетті түрде ұзақ уақыт балықтарды
пайымды зерттеген деп есептелді. Кейіннен К.Липней өзінің Система природы
атты еңбегіне П.Артедидің балықтар систематикасын шамалы түзетулермен
енгізді.
19 ғ. көптеген ғалымдар балықтардың салыстырмалы анатомиясы мен
палеонтологиясын зерттеуге, сол уақытқа сәйкес балықтар систематикасын
құрастыруға көңіл аударды (Ж.Кювье, И.Мюллер және т.б.). Осы ғасырдың
екінші жартысында биология ғылымының, оның ішінде ихтиологияның, дамуына
Ч.Дарвиннің ілімі үлкен әсер етті.
18 ғ. Ресейде балықтарды зерттеу В.Берингтің экспедициясына (1732-
1743 жж.) қатысқан С.И.Крашенинниковтың атымен байланысты. Ол Описание
земли Камчатки шығармасында көптеген балықтарды сипаттады және олардың
морфологиясы мен биологиясының ерекшеліктеріне көңіл аударды. Ресейдің
басқа өңірлерінің (Еділ, Ақ теңіз, Жаңа жер, Обь, Солтүстік Двина)
балықтарын Үлкен академиялық экспедиция құрамында И.Лепехин зерттеді. Осы
экспедицияға қатысушы акад. П.Паллас Каспий теңізінің су алабын, Байкал
көлі және Ертіс, Обь, Енисей, Амур су алабын зерттеп 300-дей теңіз
және тұщы су балықтарының сипаттамасын берді.
19 ғ. К.Бэр мен Н.Данилевскийдін Каспий, Азов, Қара теңіздеріндегі
жүргізген зерттеулері ерекше орын алды, соның нәтижесінде балықтарды
қорғаутың ғылыми негізделген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру
жолдары ұсынылды. Бұдан кейінгі уақытта ғылыми-кәсіптік зерттеудің дамуына
атақты ғалым Н.М.Книповичтін жұмыстары өте маңызды роль атқарды - 1898-
1908, 1912, 1913, 1915 жылдардағы Баренц, Каспий, Азов-Қаратеңіз
экспедияциялары. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында неміс ғалымы Ф.Гейнке, дат
ғалымы К.Петерсен, Норвегия ғалымы Ю.Иорт, т.б. балық аулау кәсібін ғылыми
тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде балық қорын анықтау
тәсілдері ұсынылды.
19 ғ. аяғы мен 20 ғ, басында ихтиология қарқынды дамып дербес ғылым
сипатына ие болды.
Шет елдік ғалымдардан ихтиолог Д.Джордэн мен ихтиолог-палеошолог
Э.Стеншионы атау керек. Осы ғалымдардың зерттеулерінің дамуы орыс ихтиологы
акад. Л.С.Бергтің Система рыбообразных и рыб, ныне живущих и ископаемых
шығармасында жалғасын тапты.
Ихткологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағыттың
бастаушысы атанған Л.С.Берг (балық систематикасы, палеонтологиясы,
таралуы), А.Н.Северцов (балық анатомиясы). В.В.Васнецов пен
С.Г.Кржыжановский (балық морфологиясы мен эмбриологиясы), Е.К.Суворов
(кәсіптік ихтиология), Г.Н.Монастырский (балық жасын және өсу жылдамдығын
анықтау ), Г.В.Никольский (арнайы ихтиология және балық экологиясы
оқулықтары), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. 20 ғ. ортасынан бастап
ихтиологтар балықты зерттеудің барлық саласына да көптеген жаңалықтар
енгізді. Мысалы, балық үйірін іздеуге ультрадыбысты қолдану, балық аулауда
электр жарығын, балықтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды
пайдалану, балық өсіруде гипофиз гормонын инъекциялау, батискаф, т.б.
аппараттармен судың әр түрлі тереңдігін зерттеу, су асты телевизиясын
пайдалану және т.б.
Ихтиологиялық зерттеулерді дамытуға көмектесетін Халықаралық
ихтиологиялық бірлестік, Халықаралық ихтиологиялық теңіз зерттеу кеңесі
және т.б. ұйымдар бар.
Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғ. П.Палластың
еңбектерінен басталады. Ол 1768-1773 ж. Санкт-Петербургтен Байқал бойына
жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің
ихтиофаунасын зерттеді. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді
Г.Мейендорф берді (1820). 1853-1857 ж. Каспий су алабын зерттеушілер
(К.Бэр, Н.Данилевский) балық үйірінің динамикасы мен судың биологиялық
өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Қазақстанның ихтиофаунасын тануда
19 ғ. екінші жартысында ғалым-саяхатшылар Н.А.Северцов пен А.П.Федченконың,
К.Ф.Кесслердің, А.И.Шренктің, Н.М.Пржевальскийдің, Ш.Уәлихановтың, т.б.
жинаған мәліметтері мен ғылыми-зерттеулерінін маңызы ерекше болды. 19 ғ.
соңына қарай Арал-Сырдария, Балқаш - Алакөл. Таулы Алтайдын балықтарын
зерттеген Г.И.Поляков, О.Финш, А.М.Никольский, Л.С.Берг және т.б.
ғалымдардың еңбектері айтарлықтай.
Аралда 1929 ж. Бүкілодақтық балық шарушылығы ғылыми-зерттеу
институтының тұрақты стансасы, 1933 ж. Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай
ихтиологиялық базасы ұйымдастырылды (1959). Қазақстан ихтиофаунасын
зерттеудің жаңа кезеңі КСРО ҒА-ның 1932 ж. Қазақстанда ұйымдастырылған
базасымен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде
Г.В.Никольский (Арал су алабы), П.Ф.Домрачев (Балқаш су алабы) және т.б.
ғалымдар елеулі үлес қосты. 1959 ж. Қазақстан ҒА-ның Зоология институтында
әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология бөлімшесі Арал,
Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтына (КазНИИРХ - қазір НПЦ Рыбное хозяйство) айналды. 1961 ж. ҚазМУ-
де (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ихтиология және
гидробиология кафедрасы ашылды.
Республикамыздың ірілі-уақты суларын терең зерттеу 20 ғ. 40-
жылдарынан басталды. Бұл кездегі ихтиологиялық зерттеу жұмыстары.
негізінен, республика ғалымдарының күшімен атқарылды. 1945-1950 ж. Аралда,
Балқашта, Зайсанда тұрақты зерттеулер жүргізілді. Олардың негізгі мақсаты
өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық аулауды тиімді ұйымдастыру
болды.
20 ғ. 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайык балық
шаруашылықтарын құру мәселесі биологиялық тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік
мәні бар бағалы балықтар жерсіндірілді, көптеген балық түрлерінің
морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, қоректенуі, паразит фаунасы
мен аурулары зерттелді. Республика өзен-көлдерінде биологиялық өнімдер
қалыптасуының заңдылықтары, балық өсіру технологиясы іздестірілуде, балық
фаунасы жөніндегі мәліметтер жүйеге келтіріліп, қорытылуда. Осы жұмыстарга
тікелей араласып, басшылық еткен Н.З.Хұсаинова мен В.П.Митрофаиовтың
аттарын атаған жөн. 1986-1992 жылдары В.П.Митрофановтың басшылығымен шыққан
5 томдық Рыбы Казахстана жинағы бұрынғы ССРО көлеміндегі елеулі еңбек
болды, бұл республикамызда осы салада атқарылған іргелі жұмыстардың
нәтижесі еді.

1.2. Балықтар сыртқы және ішкі құрылысы.

Балықтар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көпсанды және әртүрлі
пішінді топ, Бұл олардың өте әртүрлі жағдайларда тіршілік етуімен
байланысты. Балықтар тропикалық, қоңыржай және полярлы зоналардың шағын
қара суларында, ағысы қатты өзендері мен жылғаларында, теңіздері мен
мұхиттарында тіршілік етеді. Балықтар 6000 м биіктегі тау суларында,
мухиттардың тұңғиықтарында, жер асты үңгірлердегі суларда да кездеседі.
Бұлар температурасы 2°С суық сулардан 40°С асатын ыссы суларда да, сондай-
ақ тұщы, кермек және тұздылығы 80°0 болатын суларда да тіршілік ете алады,
тек тұзсыз (тазартылгған) және тұздық суларда болмайды.
Балықтардың әрбір түріне нақтылы тіршілік жағдайы тән, бұлардың
құрылысы мен тірішлігі айтарлықтай солардың ерекшелігіне байланысты. Ұзақ
тарихи даму барысында балықтар судың құрамының көптүрлілігіне бейімделген,
сондықтан пішіні мен түсі де әртүрлі, көптеген айрықша органдары дамыған
немесе жоғалған.
Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде
жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі
микроскоптық балдырлармен - фитопланктон, екіншілері -жоғары сатыдағы су
өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен қоректенеді,
өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық
түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі
кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тірі
жұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі
электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды-балықтың қанында
эритроциттер болмайды, қаны түссіз және т.т.

Балықтардың сыртқы құрылысы және қозғалысы

Дене пішіпі және пластикалық белгілері. Балықтардың әртүрлі жағдайда
тіршілік етуі олардың пішінінің әртүрлі болуына себеп болды. Әсіресе көп
кездесетін пішіндер төмендегідей.
Ұршықтектес (торпедотектес). Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы
үшкір. Бұл типке ұзақ уақыт жоғары жылдамдықпен жүзе алатындар жатады:
тунецтер, скумбриялар, албырттар. Көшілік балықтардың дене пішіні осы типке
жақын (кефалдар (басқын), майшабақтар, трескалар және т.б.).
Жейетектес. Денесі ұзын, арқа және аналь қанаттары құйрығына жақын
орналасқан. Бұл пішінді балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды, жасырынып
тұрып өзінің жеміне, не жауынан құтылу үшін жай оғындай тез қимылдайды
(шортан, сарган, сайра).
Таспатектес, Денесі ұзын, екі бүйірінен қысыңқы (сығылған). Үлкен
тереңдікте тіршілік ететіндер. Жәйімен денесін ию арқылы жүзеді. Өкілдері:
қылыш-балық, майшабақ королі.
Жыланбалықтектес. Денесі ұзарған, көлденең кесіндісінде сопақ.
Жәйімен денесін ию арқылы жүзеді. Бұндай пішінділер: миногалар, миксиналар,
жыланбалықтар, шырма-балықтар,
Жалпақ. Кейбір балықтардың денесі биік, екі бүйірінен сығылған
(камбалалар, тырандар, ай-балықтар), екіншілерінің денесі дорсо-вентральді
сығылған (скаттар, теңіз шайтаны). Су түбіне жақын тіршілік ететін, аз
қозғалатын балықтар.
Шартектес. Бұндай пішін кірпі-балыққа, пинагорға тән. Судың таязында
тіршілік ететін кірпі-балық қауіп туған кезде өзінің ерекше қабына су
толтырып шарға айналады. Бұндай шшінді балықтар ете ақырын жүзеді (1 сур.).

1 сурет. Балық дененің пішіні:
1-скумбрия, 2-сарган, 3-тыран; 4-ай-балық, 5-камбала; 6 -
жыланбалық; 7-теңіз тебені; 8-майшабақ королі, 9-кузовок, 10-кірпі-балық;
11- теңіз аты; 12-скаат.

Көптеген балықтарды аталған топтардың бірде-біреуіне жатқызуға болмайды -
аралық пішінді болады, ал кейбіреулері тіпті таңқаларлық (атша-шүберекті,
желкенділер, макрурустектестер немесе рынқұйрықтылар, тебентектестер,
денесінің көп бөлігін сүйек қаптаған кузовиктер, т.б.) (2 сур.).

2 сурет. Қалын шөптер балықтары:

1- теңіз атша-шүберекті (Рһуllорtеrух еques); 2 -балық-клоун (Ніstrio
һіstrio); 3 -алютера (Аlutera scripta); 4 - теңіз тебені (Syngnathus
acus).

Балық д е н е с і бас, кеуде, құйрықтан тұрады. Бас пен кеуденің
шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңылауы, ал сүйекті
балықтарда желбезек қақпағының сыртқы жиегі (желбезек жарғағынсыз), кеуде
мен құйрықтың шекарасы -аналь тесігі. Нағыз дұрысы - кеуде және құйрық
омыртқаларының шекарасы.
Бас. Балықтардың басының пішіні әртүрлілеу және ол тіршілік ортасына
бейімделу. Семсер-балықтың үстіңгі жақ сүйектері семсердей ұзарған - ол
шабуыл құралы және үлкен жылдамдықпен жүзуді қамтамасыз етеді. Тасбекіренің
басы күректей жалпақ, тебен-балықта -түтік, ал балға-акулада балға сияқты,
оның екі ұшында көздері болады.
Балықтардың басында аузы, көздері, танаулары, желбезек саңылаулары
орналасқан.
Сүйекті балықтардың желбезек саңылаулары 1 жұп, көпшілік акулалар
мен скаттарда 5, ал химераларда желбезек қақпағы сияқты терімен жабылған 4
жұп. Нағыз желбезек қақпағы тек сүйекті балықтарда болады. Желбезек
қақпақтарының жиегі тері жарғақпен көмкерілген, олар басының астында
желбезек аралық жерге бекіген (тұқылар) немесе бекімеген (майшабақтар), ал
кейбір балықтарда екі желбезек жарғағы өзара қосылып қатпаршақ құрайды
(қортпа, дөңмаңдай).
Аузының орналасқан жері мен оның құрылысы олардың қоректену сипатына
байланысты (3 сур.). Балықтар аузының аталуы: жоғарғы –төменгі жақ
сүйектері ілгері жоғары қарай созылған (қылыш-балық, дөңмақдай); жартылай
жоғарғы - төменгі жақ сүйектері болар-болмас ілгері созылған (үкі-шабақ);
алдыңғы - үстіңгі-астыңғы жақтарының ұзындығы бірдей (көкшұбар, скумбрия);
жартылай төменгі - жоғарғы жақ болар-болмас ілгері созылған (торта, тыран);
төменгі - үстіңгі жағы немесе тұмсығы ілгері қарай жақсы созылған
(шеміршекті балықтар, бекірелер, тұрпа). Төменгі ауыз жарты ай (қортпа)
немесе көлденең саңылау (бекіре, қызылкөз) сияқты болуы мүмкін. Кейбір
балықтардың аузы жоғары қараған қисық саңылау сияқты (шемей, көктыран).
Тамағы су түбіне жақын болатын балықтардың аузы әдетте төменгі немесе
жартылай төменгі, ал планктофагтардікі жоғарғы ауыз болады Акулаларда будан
айрықша, олардың аузының орны қоректену ерекшелігінен емес гидродинамикалық
қызмет атқаратын ұзын тұмсығының (рострум) болуына байланысты. Кейбір
балықтардың жақаралық сүйектері бас каңкасымен қозғалмалы жалғасқан,
сондықтан аузы түтік сияқты созылуы мүмкін (бекірелер, тұқылар).

Бастың бүйірлерінде әдетте көздер орналасқан. Кейбіреулерінде олар
тым жоғарыда, ал ересек камбалалардың көздері бастың бір жағында. Барлық
балықтардың (дөңгелекауыздыларды есептемегенде) мұрын тесіктері жұп. Олар
сүйекті балықтарда басының үстінде көздерден ілгері орналасқан, ал
-шеміршекті балықтарда (акула, скат, химера) - басының астында. Шеміршекті
3 сурет. Балық аузының әртүрлі пішіндері: а - жоғарғы; б - алдыңғы;
в-жартылай төменгі; г-төменгі; д - созылмалы; е – воронка тәрізді
(дөңгелек).
балықтар мен шеміршекті ганоидтыларда көзінен кейін тесік болады
-шашыраткыш, қызметін жойған желбезек саңылауларының қалдығы. Көптеген
балықтардың басында (жайын, треска, шырма-балық) дәм сезу және түсіну
органдарының қызметін атқаратын мұртшалары болады. Басынды әртүрлі
тікенектердің болуы онша сирек жағдай емес.
Бүйір сызығы. Көпшілік балықтардың екі жанында бір толық бүйір
сызығы (1.1. – linia lateralis) болады, кейбіреуінде ол үзік-үзік
(корюшкілер, навагалар) немесе қисық (қылық-балық). Терпугтерде әр
бүйірінде 5 бүйір сызығы болса, ал кейбір балықтарда бүйір сызығы жоқ
(майшабақтар), олардың бастарында тек сейсмосенсорлы өзекшелері болады.
Жүзу қанаттары. Бұлар балықтар құрылысының ерекшелігі. Қанаттардың
көлемі, пішіні, саны, бекіген жері және қызметтері әртүрлі. Бұлар дене тепе-
теңдігін сақтайды, балықтың қозғалуына және жүзуін тежеуге қатысады.
Балық қанаттары жұп, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың
аяқтарына сәйкес, және тақ деп ажыратылады. Жұптарға кеуде Р (pinna
pectoralis) мен құрсақ V (р.ventralis), тақтарға арқа В (р.dorsalis), аналь
немесе құйрық асты А (р.analis) және құйрық С (р. caudalis) қанаттары
жатады. Кейбір балықтардың арқа қанатынан кейін құйрық сабағының үстінде,
қанат талшықтары жоқ, май қанаты болады (р.adiposa).
Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін: мыс., майшабақ
тәрізділер мен тұқытәрізділерде 1, көптеген алабұғатәрізділер мен басқын-
балықтарда (кефалдар) 2, ал кейбір трескаларда 3. Бұлардың бекіген жерлері
әрқалай. Торуылдайтын балықтарда (шортан) денесінің артқы бөлігінде,
майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде денесінің ортасында, денесінің
алдыңғы жағы шомбал болатындардың (алабұға, треска) бірінші арқа қанаты
басына жақын бекіген. Желкенділерде әрі биік, әрі ұзын, камбалаларда өте
ұзын және аналь қанатымен бірге негізгі қозғалу органы, Скумбриялар,
тунецтер, сайраларда арқа және аналь қанаттарынан кейін майда қанатшалар
орналасқан. Теңіз шайтанының арқа қанатының бірінші талшығы алдауыштың
қызметін атқаратын ерекше қармаққа айналған, тұңғиықтың қармақшысында осы
қармақта жарқырауық орган болады, Жабысқақ-балықтардың бірінші арқа қанаты
сорғышқа айналған. Электрлі жыланбалықта арқа қанаты жоқ, ал су түбіне
жақын тіршілік ететін аз қозғалатын түрлерде (жайын) ол нашар дамыған
немесе жоқ (скаттар)
Аналь қанаты әдетте 1, трескада 2, ал тікенекті акулада болмайды.
Кеуде қанаттары сүйекті балықтарда дағдылы, тек мурендер мен
кейбіреулерінде болмайды, дөңгелек ауыздыларда Р-да, Ү-да жоқ. Скаттарда Р
үлкейген - негізгі жүзу органы. Ұшатын балықтарда бұлар өте ұзарған - ауада
қалықтауға мүмкіндік береді. Теңіз әтешінің кеуде қанаттарының 3 талшығы
жекеленген, су түбінде жорғалауыштың қызметін атқарады, ал секіргіштердің
етті кеуде қанаттары құрғақта жүруге бейімделген.
Құрсақ қанаттары балықтарда әрқалай бекіген. Төменгі сатыдағы
балықтарда (майшабақтәрізділер, тұқытәрізділер) құрсағының ортасында -
абдоменальді. Біршама жоғары сатыдағы түрлерде V денесінің алдыңғы жағында,
бұл құрсақ қуысының тарылуы және ішкі органдардың ілгері қарай
жинақталуынан ауырлық орталығының басына қарай ауысуымен байланысты.
Көпшілік алабұғатәрізділердің бұл қанаттары кеуде қанаттарының астында
орналасқан - торакальді. Трескалардың құрсақ қанаттары кеуде қанаттарының
астында, не онан ілгері орналасқан -югулярлі. Ошибннің құрсақ қанатары
иегінде, тікенектілерде тікенекке, бұзаубас-балықтар мен пинагорларда
сорғышқа айналған. Шеміршекті балықтардың аталықтарының құрсақ қанаттарының
ішкі талшықтары шағылысу органына - птеригоподии - айналған. Кейбір балық
түрлерінде бұл қанаттар болмайды:
Құйрық қанаттарының құрылысы әртүрлі. Оның үстіңгі және астыңғы
қалақшаларының көлеміне байланысты изобатты, гипо- және эпибатты құйрық
қанатының типтерін ажыратады. Изобатты қанатта үстіңгі және астыңғы
қалақшалары бірдей (сазан, табан дөңмаңдай), гипобаттыда астыңғы қалақшасы
ұзарған (ұшатын балықтар), эпибаттыда - үстіңгісі (акулалар, бекірелер),
Омыртқа жотасының соңының пішіні мен орналасуы бойынша бірнеше типтерді
ажыратады: протоцеркальді - әдіпті құйрык (миногалар); дифицеркальді -
сырттай және іштей симметриялы (қостыныстылар); гетероцеркальді - омыртқа
жотасының соңы құйрық қанатының үлкен қалақшасына бағытталған (акулалар,
бекірелер); гомоцеркальді - сырттай симметриялы, бірақ омыртқа жотасының
соңғы омыртқаларының денесі мен үстіңгі істік өсінділері жалпақ сүйекке
айналып уростиль деген атпен жоғары қалақшаға бағытталған, ал астыңғы
қалақшаға бағытталған гипурални тек омыртқаның төменгі істік өсіндісінен
құралған (нағыз сүйекті балықтарға тән) (4 сур.). Нағыз сүйекті балықтардың
төмендегіден типтерін ажыратады: шанышкытектес (майшабақтар), ойық
(албырт), тік (треска), жұмыр (нәлім, бұзаубас-балықтар), жартыай
(тунецтер, скумбриялар), сүйірленген (бельдюга). Құйрық қанаты болмайтын
балықтар сирек. Құйрық қанаты жарты ай, шанышқытектес, ойық балықтар ең
жақсы жүзетіндер.

4 сурет. Құйрық қанаттарының пішіні мен типтері: А -
протоцеркальді (минога); Б - гетероцеркальді (бекіре); С - гомоцеркадьді
(майшабақ); 1 - жартыайтектес (тунец); 2 - шанышқытектес (майшабақ); 3 -
ойық (албырт); 4 - тік (треска); 5 - доғал (нәлім); 6 - сүйірленген
(бельдюга).

Балық қанаттарындағы талшықтарды тарамдалған және тарамдалмаған деп
ажыратады. Тарамдалмаған талшықтар, иілетін буынды болуы мүмкін, және
тарамдалмаған (тікенекті) қатты, олар өзінше тегіс немесе кетікті болады.
Әсіресе арқа және аналь қанаттарындағы талшықтардың саны түрлік белгілер.
Қанаттардағы тарамдалмаған талшықтар санын рим цифрімен, ал
тарамдалғандарын араб цифрымен белгілейді. Мысалы, өзен (кәдімгі)
алабұғасының формуласы мынадай: D ХIIІ-ХVІІ, І-ІІІ 12-16, бұл алабұғаның
екі арқа қанаты бар, оның бірінші арқа қанатында 13-17 тарамдалмаған,
екіншісінде 2-3 тарамдалмаған және 12-16 тарамдалған талшықтар бар екенін
көрсетеді.

Әрбір қанаттар бірнеше қызметтер атқарады. Құйрық қанаты қозғалу
күшін тудырады, олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, яғни
бағдарлама ролін атқарады. Мысалы, табан құйрығын бір игенде денесін 90°
бұрады. Жұп қанаттар тепе-теңдікті сақтайды және кеңістіктегі мен тереңдік
бағдарлаушының қызметін атқарады. Арқа және аналь қанаттары кильдің
қызметін атқарады, дененің өз осінен айналуына кедергі болады да дененің
қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары
денесіне жабысады, ал тунецтер мен пеламидаларда айрықша ойықтарға
жиырылады. Жүзу барысында денесі қозғалмайтын балықтарда жүзу кейбір
қанаттарының толқын сияқты қозғалысымен іске асады.

Ю.Г.Алеев (1963) қанаттардың 4 функциональдік зонасын бөледі:
1 зона - алдыңғы бағдарлауыштар және балықты көтеретін жазықтық;
бұған жататындары Р және V (егер олар кеуде қанаттарының астында немесе
алдында болса),
2-зона - киль зонасы; бұған жататындары ауырлық орталығының алдында
орналасқан арқа қанаты, құрсақ қанаттары, егер олар ауырлық орталығының
алдында орналасса; егер арқа қанаты 1 болса (майшабақтар мен
тұқылардағыдай), онда оның алдыңғы бөлігі, ал бірнеше болса -біріншісі;
3 зона - стабилизатордың ролі, оның ролін ауырлық орталығынан кейін
орналасқан арқа қанаты мен аналь қанатының алдыңғы бөлігі және бар болса
май қанаты атқарады; мысалы трескаларда бұл зонаға екінші арқа қанаты мен
бірінші аналь қанаты, ал албырттарда - май және аналь қанаты жатады;
4 зона - артқы бағдарламалар мен қозғалыс органдары; бұл зонаға
құйрық қанаты мен көпшілік балықтардың арқа және аналь қанаттарының артқы
бөлігі жатады; трескаларда бұл зонаға үшінші арқа қанаты мен екінші аналь
қанаттары жатады; бұл зонаға кейбір балықтарда болатын арқа және аналь
қанаттарынан кейінгі майда қанатшаларда жатады

Жүрек-тамырлар жүйесі

Қан. Қанның қызметі әр алуан. Ол организмде қоректік заттар мен
оттегіні таратады, организмді зат алмасудың қалдықтарынан тазартады, ішкі
секреция бездерін тиісті органдармен байланыстырады, сондай-ақ организмді
зиянды заттар мен микроорганизмдерден қорғайды. Балықтардьщ қаны дене
салмағының 1,5°0-нен (скат) 7,3°0 -не дейін (ставрида), ал
сүтқоректілерде 7,7°0 шамасында, Балықтың қаны қан сұйығынан (плазма) және
арнаулы элементтерден

- қызыл (эритроциттер) және ақ (лейкоциттер), сосын қан
пластинкалары

- тромбоциттерден тұрады. Балықтардың қанының морфологиялық
құрылымы сүтқоректілерге қарағанда күрделілеу, себебі бұларда қан құрауға
маманданған органдардан басқа қантамырларының қабырғапары да қатысады.
Сондықтан қан арнасында арнаулы элементтер барлық даму фазаларында
кездеседі. Эритроциттер эллипсоид пішінді және ядросы бар. Оның саны әр
түрлі балықтарда 90 мыңмм3-ден (акула) 4 млнмм3 дейін (пеламеда) және бір
түрдің өзінде балықтың жынысына, жасына, тіршілік жағдайына байланысты
өзгереді.
Көпшілік балықтардың қаны қызыл, ол эритроциттердегі тынысалу
органдарынан дененің барлық клеткаларына оттегіні тасымалдайтын
гемоглобиннің барлығынан. Дегенмен кейбір антарктикалық балықтарда -
аққандыларда, бұларға мұзбалықтар да жатады, эритроциттер жоқтың қасы,
демек гемоглобинде, не басқа бір тынысалу пигменті де жоқ. Бұндай
балықтардың қаны мен желбезектері түссіз. Су температурасы төмен, әрі
оттегіге бай жағдайларда тынысалу тері және желбезек капиллярлары арқылы
қан плазмасына оттегінің диффузиясымен жүреді.
Бұл балықтар аз қозғалады, гемоглобиннің жоқтығы ірі жүрегінің және
қанайналу жүйесінің қарқынды жұмыс істеуімен теңеледі.
Лейкоциттердін негізгі жұмысы организмді зиянды заттар мен
микроорганизмдерден қорғау. Балықтардың лейкоциттері көп, бірақ тұрақты
емес, ол балықтың түріне, жынысына, физиологиялық жағдайына, ауруының бар-
жоғына, т.т. байланысты. Мысалы, тастасалағыш-бұзаубас балықтарда 30
мыңмм3-дей, ал таутанда - 75-тен 325 мыңмм3 дейін, ал адамдарда барлығы 6-
8 мыңмм3. Балықтарда лейкоциттердің көптігі олардың қанының қорғаныштық
қызметінің жоғары екендігшің дәлелі.
Лейкоциттер түйіршікті (гранулоциттер) және түйіршікті емес
(агранулоциттер) деп белінеді. Сүтқоректілерде гранулоциттер әртүрлі
болатын болса, балықтарда көпшілік қабылдаған классификациялар жоқ. Ал,
агранулоциттер туралы әртүрлі пікірлер бар.
Балықтар қанының ерекшелігі сонда, олардьщ лейкоцитарлы формуласы
балықтың физиологиялық жағдайына қарай өте өзгергіш, сондықтан осы түрге
тән гранулоциттер барлық уақытта түгел табыла бермейді.
Бұл балықтар аз қозғалады, гемоглобиннің жоқтығы ірі жүрегінің және
қанайнапу жүйесінің қарқынды жұмыс істеуімен теңеледі.
Балықтар қанының ерекшелігі сонда, олардың лейкоцитарлы формуласы
балықтың физиологиялық жағдайына қарай өте өзгергіш, сондықтан осы түрге
тән гранулоциттер барлық уақытта түгел табыла бермейді.
Тромбоциттер, сүтқоректілерге қарағанда, әрі көп, әрі ядросы бар
ірі, Бұлардың қанның ұюына үлкен маңызы бар, әрі оған шырыш та себеп
болады.
Сонымен балықтар қанына қарапайымдылық белгілер тән: эритроциттер
мен тромбоциттерде ядроның болуы, зат алмасудың ақырын жүруіне себепші
эритроциттердің және ондағы гемоглобиннің аздау болуы. Сонымен қатар
балықтарға жоғары мамандану белгілері тән: лейкоциттер мен тромбоциттердің
орасан көп болуы.
Қан құрайтын органдар. Егер ересек сүтқоректілердің қан құрауы
сүйектің қызыл майында, лимфа түйіндерінде, көкбауыр (талақ) және тимусте
(алқым безі) болса, балықтарда, не сүйек майы, не лимфа түйіні
болмағандықтан, бұған әртүрлі маманданған органдар мен орталықтар қатысады.
Айтапық бекірелерде қанның құралуы негізінен сопақша ми мен мишықтың
үстіндегі шеміршекте орналасқан лимфоидты органда болады. Бұл жерде қанның
барлық арнаулы элементтері қалыптасады. Нағыз сүйекті балықтардың қан
құрайтын негізгі органы бастың шүйде бөлімінің сырткары бөлігіндегі
ойпандарда.
Бұдан басқа, балықтардың қан құрауы әртүрлі органдарда жүреді - бас
бүйрегі, көкбауыр, тимус, желбезек аппараты, ішектің шырышты қабығы,
қантамырларының қабырғасы, нағыз сүйекті балықтардың перикарды және
бекірелердің эндокарды.
Балықтардың бас бүйрегі дене бүйрегінен бөлінбеген, олар
эритроциттер мен тромбоциттер құралатын лимфоидты тқаньдардан тұрады.
Көкбауырдың (талақ) пішіні мен орналасқан жерлері әртүрлі. Миногада
жекелеген көкбауыр жоқ, оның тқані спиральді клапанның қабығында
орналасқан. Көпшілік балықтардың көкбауыры қызыл-қоңыр түсті жеке орган -
қарыннан кейін шажырқайда болады. Көкбауырда эритроциттер, лейкоциттер және
тромбоциттер құралады және өлі эритроциттер ыдырайды. Бұлардан басқа,
көкбауыр қорғаныштық қызметін атқарады (лейкоциттердің фагоцитозы) және
қанды сақтайтын орын.
Тимус (алқым безі) желбезек қуысында орналасқан. Бұның сыртқы, қатты
және ми қабаттарын ажыратады. Бұнда лимфоциттер құралады. Сонымен қатар,
тимус басқа органдарда лимфоциттердің құралуына дем береді. Тимус
лимфоциттері иммунитет тудыруға қатысатын антител өндіруге қабілетті. Ол
сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне өте сезімтал, оған өзінің көлемін
үлкейту, не кішірейту арқылы жауап береді. Тимус организмнің өзгеше сақшысы
- қолайсыз жағдайда барлық қорғаныштық күштерді жұмылдырады, Бұның ең асқан
дамитын мезгілі жас топтағы балықтарда, олар кәмелетке жеткеннен кейін оның
көлемі айтарлықтай кішірейеді.
Қанайналу жүйесі. Балықтардың жүрегі желбезекке жақын орналасқан,
әрі жүрек маңы қуыста болады, ал миногаларда - шеміршекті капсулада.
Балықтардың жүрегі екі камералы - жұқа қабырғалы құлақша (жүрекше) және
қалың етті қабырғалы қарынша. Бұған қоса балықтарда екі қосымша бөлімдері
болады: веноздық синус, немесе веноз қолтығы және артериальді конус
(шеміршекті балықтарда) немесе құрсақ қолқасының пиязшығы (нағыз сүйекті
балықтарда).
Веноздық синус, вена қаны жиналатын, жұқа қабырғалы шағын қапшық.
Веноздық синустан қан құлақшаға, онан қарыншаға барады. Жүректің барлық
белімдерінің тесіктерінде клапан болады, олар қанның кері ағуына мүмкіндік
бермейді.
Барлық балықтарда, нағыз сүйектілерден басқа, қарыншаға артериальді
конус жалғасқан. Оның қабырғасы да жүрек етінен құралған, ал ішкі бетінде
клапандар жүйесі болады. Бұл орган жүрекке тәуелсіз қызмет істей алады.
Нағыз сүйекті балықтарда артериальді конустың орнында қолқа пиязшығы
болады - шағын ақ түсті зат, құрсақ қолқасының алдыңғы кеңейген бөлігі,
Құрсақ қолқасының пиязшығының артериальді конустан айырмашылығы - бірыңғай
салалы еттен тұрады және клапандары болмайды (39 сур,).
Қостынысты балықтардың өкпемен тыныс алуы дамығандықтан жүрегінің
құрылысы күрделенген. Құлақшасы түгелге жақын жоғарыдан салбырап туратын
пердемен екіге бөлінген, перде қатпаршақ түрінде қарыншаға және
артериальдік конусқа созылған, Жүректің сол жағына өкпеден артериальдІ қан
келеді, оң жағына - веноз қолтыгынан веноздық қан құйылады, сондықтан
жүректің сол жағында артериальдік, оң жағында веноздық қан басым болады.
Балықтың жүрегі кішкентай. Оның салмағы әрбір түрде бірдей емес
-дене салмағының 0,1-нен (тұқы) 2,5% дейін (ұшатын балық).

5 - сурет. Акулалардың қанайналу жүйесі мен олардың (I) және нағыз сүйекті
балықтардың жүрегінің құрылысьшың үлгісі:

1 -құлақша; 2 - қарынша; 3 - артериальді конус; 4 - кұрсақ колкасы; 5 -
желбезекке алып келетін артерия; 6 - желбезектен алып шығатын артерия; 7 -
ұйқы артериясы; 8 -арқа қолқасы; 9 - бүйрек артериясы; 10 – бұғана асты
артерия; 11 - құйрық артериясы; 12 - веноздың синус; 13 - Кювье өзегі; 14 -
алдыңғы кардинальдік вена; 15 - құйрық венасы; 16 - бүйрек қақпа жүйесі; 17
- артқы кардинальдік вена; 18 - бүйір венасы; 19-ішекасты вена; 20 - бауыр
қақпа венасы; 21 - бауыр венасы; 22 – бұғана асты вена; 23 - қолқа
пиязшығы.

Дөңгелекауыздылар мен балықтардың жүрегінде (қостыныстылардан
басқалары) тек веноздық қан болады. Жүректің соғуы әрбір түр үшін өзгеше,
әрі балықтын жасына, физиологиялық жағдайына, судың температурасына
байланысты - шамамен тынысалу қозғалысына тең. Ересек балықтардың жүрегі
сирек - минутына 20-35 рет, шабақтарда әлде қайда жиі - мысалы, бекіренің
шабағының жүрегі минутына 142 дейін соғады. Су температурасы көтерілгенде
жүректің соғуы артады, ол төмендегенде баяулайды. Көптеген балықтардың
қыстау мезгілінде (тыран, сазан) жүрек минутына тек 1-2 рет соғады.

Балықтардың қанайналу жүйесі тұйық. Қанды жүректен қашықтататын
қантамырлары артерия деп аталады, дегенмен олардың кейбіреуінде (құрсақ
қолқасы, желбезекке алып келетін артериялар) вена қаны болады, қанды
жүрекке жақындататындары - вена. Балықтарда (қостыныстылардан басқасы) тек
бір қанайналу шеңбері болады.

Нағыз сүйекті балықтардың венозды қаны жүректен қолқа пиязшығы
арқылы құрсақ қолқасына, онан желбезекке алып келетін артериялар арқылы
желбезектерге барады. Желбезекте қан тотығады. Нағыз сүйекті балықтарға
төрт жұп желбезекке алып келетін және сонша алып шығатын артериялар тән.
Артериальді қан желбезектен алып шығатын артериялармен жұп арқа қолқасының
түбіріне құяды, бұлар алдыңғы ұштарымен бас шеңберін құрай тұтасады және
онан жұп ұйқы артериялары, олардан бастың әрбір бөлімдеріне қантамырлары
басталады. Соңғы желбезек деңгейінде арқа қолқасының түбірлері бірігіп арқа
қолқасын құрайды, ол кеуде бөлімінде омыртқаның астымен созылған, ал
құйрықта омыртқаның гемаль өзегінде болады және құйрық артериясы деп
аталады. Арқа қолқасынан ішкі органдарды, бұлшық етті, теріні артериальдік
қанмен қамтамасыз ететін артериялар бөлінеді. Барлық артериялар капиллярлар
торына бөлінеді, олардың қабырғасы арқылы қан мен тқаньдар арасында зат
алмасу жүреді. Капиллярлардан қан веналарға жиналады (40сур.).

6- сурет. Нағыз сүйекті балықтардың қанайяалу жүйесінің үлгісі:

1- құрсақ қолқасы; 2 - ұйқы артериясы; 3 – желбезек артериялары; 4 -
бұғанаасты артерия; 5 - бұғанаасты вена; 6 -арқа қолқасы; 7 - артқы
кардииальді вена; 8 – бүйректін қантамырлары; 9 - құйрық венасы; 10 -
бүйрек қақпа жүйесі; 11- ішектің қантамырлары; 12 - бауыр қақпа жүйесі; 13
- бауырдың қантамырлары; 14 - бауырдың веналары; 15 - веноздық синус
(қолтығы); 16 - Кювье өзегі; 17 – алдыңғы кардинальдік вена.

Негізгі веноздық қантамырлары алдыңғы және артқы кардинальдік
веналар, бұлар жүректің деңгейінде қосылып, жүректің веноздық синусына
көлденең барьга құятын Кювье өзектерін құрайды. Алдыңғы кардинальдік
веналар қанды бастың жоғарғы бөлігінен алып келеді. Бастың төменгі
бөлігінен, негізінен висцеральді аппараттан, қан тақ яремдік (югулярлі -
тамақтық) венаға жиналады, бұл қантамыры құрсақ қолқасының астымен
созылады, жүректің маңында екіге жарылып әрқайсысы Кювье өзектеріне жеке
құйынады.
Құйрық бөлімінің веноздық қаны гемаль өзегінде құйрық артериясының
астында орналасқан құйрық венасына жиналады. Құрсақ қуысында бүйректің
артқы деңгейінде ол екіге жарылып бүйрек қақпа венасына айналады. Бұл
веналар шамалы жер бүйректің дорсальді бетімен созылады да, бүйректе
капиллярларға дейін таралып бүйрек қакпа жүйесін құрайды. Қайтадан бірігіп
бүйректің астыңғы жағынан шыққан вена артқы кардинальдік вена деген атпен
жүрекке қарай созылады, ол жолай көбею органдарынан, кеуде қабырғаларынан
веноздық қанды жинайды. Жүректің артқы ұшының деңгейінде артқы кардинальдік
веналар алдыңғыларымен бірігіп веноздық синусқа қан апаратын Кювье өзегін
құрайды.
Асқорыту жолы, асқорыту безі, көкбауыр, торсылдақтан веноздық қан
ішекасты венасына жиналады, бұл бауыр қақпа венасына айналады. Бауыр қақпа
венасы бауырға еніп онда капиллярларға таралып бауыр қақпа жүйесін құрайды.
Бұдан шыққан вена қаны бауыр венасымен веноздық синусқа құяды.
Кейбір балықтарда құрсақ қуысында екіге жарылған құйрық венасы
тікелей артқы кардинальдік веналарға айналады. Salmo-да құйрық венасы екіге
жарылмай артқы оң жақ кардинальдік венаға айналады. Соңғы екі жағдайларда
бүйрек кақпа жүйесі сегменталъді және генитальді веналардан дамиды.
Сонымен, балықтарда екі қақпа жүйесі бар - бүйрек және бауыр. Бірақ
бүйрек қақпа жүйесі мен артқы кардинальдік веналардың құрылысы нағыз
сүйекті балықтарда бірдей емес. Екі артқы кардинальдік веналардың бірдей
дамуы сирек жағдай, әдетте оң жақтағысы жақсырақ дамиды (бекірелерде
керісінше).
Әртүрлі балық топтарының құрылысының әртүрлілігі және олардың
тіршілік ортасының айырмашылықтарынан жоғарыда келтірілген қан айналу
жүйесінің үлгісінен едәуір айырмашылықтардың болуы тән нәрсе.
Дөңгелекауыздыларда 8 жұп желбезекке алып келетін және сонша алып
шығатын артериялар болады. Желбезекүсті қантамыры тақ, қолқа түбірлері жоқ.
Бүйрек қақпа жүйесі және Кювье өзектері болмайды. Бауыр венасы біреу.
Яремдық вена жоқ.
Шеміршекті балықтардың желбезекке алып келетін және желбезектен алып
шығатын артериялар бес жұптан. Кеуде қанаттары мен нық белдеуін қанмен
қамтамасыз ететін буғанаасты артерия мен вена болады. Құрсақ қанаттарынан
басталатын бүйір веналары бар. Олар құрсақ куысының бүйір қабырғаларымен
созылып бұғанаасты веналармен қосылады. Артқы кардинальдік веналар кеуде
қанаттарының деңгейінде кеңейеді -кардинальдік синустар түзейді.
Қостынысты балықтардың жүрегінің сол жағындағы артериялық қанға
қанығырағы желбезек артерияларының алдыңғы екеуіне құйылады, олардан басқа
және арқа қолкасына бағытталады. Жүректің оң жағындағы веноздық қанға
қанығырағы артқы екі желбезек артериясына, онан өкпеге барады. Ауамен тыныс
алғанда өкпедегі қан оттегіге байиды, сосын өкпе венасы арқылы жүректің сол
жақ бөлігіне құйылады. (41 сур.).

7 - сурет. Қостынысты балықтардың қанының айналуының
үлгісі:
1-4 - желбезек артериялары; 5 - арқа қолқасы; 6 - құрсақ қолқасы; 7
- өкпе артериясы; 8 - өкпе венасы.

Қостынысты балықтардың өкпе веналарынан басқа құрсақ және үлкен тері
веналары болады, ал артқы оң жақ кардинальдік венаның орнында артқы қуыс
вена қалыптасады.

Балықтардың асқорыту жүйесі асқорыту жолынан және
асқорыту бездерінен (бауыр мен ұйқы безі) тұрады.
Асқорыту жолы. Ауыз тесігінен басталады және ауыз қуысы, жұқыншақ,
өңеш, қарын, ішек және аналь тесігі немесе клоака. Балықтардың қоректену
сипатына сәйкес бұл бөлімдердің құрылысында айырмашылықтар болады.
Дөңгелекауыздылардың ауыз аппараты сорғыш типті, ол жиегі майда
бүршіктермен қоршалған сорғыш воронкадан басталады. Ауыз тесігі воронқаның
түбінде. Жақтары жоқ, ал воронқаның ішкі бетінде мүйізді тістері
орналасқан. Ауыз куысында, тісті, жақсы жетілген тілі бар, тілдің қанкасы
негізінен тіласты шеміршектен тұрады. Дөңгелекауыздылар воронқаның
көмегімен өзінің жемтігіне сүлікше жабысады, ал тісті тілімен оның денесін
теседі. Сосын жараға белоктарды ыдырататын антикаогулянттар мен ферменттер
бөледі, жартылай қорытылған тамақты ауыз қуысына сорады.
Балықтардың ауыз тесігі қоректену әдісі мен қоректің сипатына сәйкес
әрқалай пішінді және әртүрлі орналасқан.
Жыртқыш балықтарда - үлкен тісті ұстайтын ауыз. Көптеген
бентофагтарда сорғыш түтіктектес, кейде созылмалы, әдетте тіссіз (түкылар,
теңіз тебені, т.б.). Күшті дамыған пластинка және тікенек тәрізді тістері
бар тісті-балықтың (зубатка) аузы - уатушы ауыз. Планктофагтардың аузы
үлкен немесе орташа көлемді. Тістері майда немесе жоқ (майшабақтар,
анчоустар, аксахалар, т.б.). Перифитон қоректі түрлердің аузы басының
астында саңылау тектес, ал төменгі ернінде мүйізді тыс-қабыршақ болады
(қызылкөз, храмуля, қарабалықтар мен көкбастардың кейбір өкілдерінде,
т.б.).
Көпшілік балықтардың ауыз қуысындағы жақтарында тістері болады
-іріленген және пішінін өзгерткен плакоидты қабыршақтар. Тістің сыртын
эмалтектес - витродентин қаптаған, оның астында дентин (сүйектен де берік)
орналасқан. Тістің ішкі қуысы жүйкесі және қан тамырлары бар дәнекертқаньді
қоймалжың затқа толы. Әдетте тістердің түбі болмайды, сондықтан
тозғандарының орнын жаңалары басады. Бүтінбастылар мен қостыныстылардың
тістері үздіксіз өседі. Көптеген момын балықтардың, мысалы түқылар, ауыз
қуысында тіс болмайды. Жыртқыштардың істік, ішке қарай иілген тістері жемін
ұстауға бейімделген.
Тістер тек жақ сүйектерінде ғана емес, ауыз қуысындағы басқа
органдарда да (таңдай, ере, тіл, т.б.) болады. Көптеген скаттардың тісі
жалпақ. Тісті-балықтардың алдыңғы конусты тістері жемін ұстауға, ал жалпақ
бүйір және артқы тістері - моллюскілерді, терітікенектілерді, теңіз
жұлдыздарын уатады.Тебен құрсақ тәрізділердің алдыңғы тістері өзіне тән
тұмсыққа айналған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрлерді қорғау. Табиғатта кез келген түрдің өз орны бар
Қазақстандағы ауа кеңістігі, су және топырақтың экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Тауарлы бекірені өсіру
Жайық өзені туралы
Қазақстан қызыл кітабы беттерінен омыртқалы жануарлар
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Қазақстанның ірі өзендері
Пәндер