Алтын Орданың құрылуы және нығаюы (XIII—XV ғ.)



І. Кіріспе
Алтын Орданың құрлуы және нығаюы.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы
саясаттағы жеңістері (1227.1359ж.).
2. Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1382 жылғы
Мәскеуге шабылуы және оның қорытындысы.
3. Едіге мырзаның билігіндегі Алтын Орда (1396.1411ж.).

ІІІ. Қорытынды
Ахмет хан тұсындағы Алтын Орда және оның құлауы (1447.1480ж.).
Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс хан негізін қалаған Монғол империясыңың батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханыңа тәуелді болып келіп, кейіннен дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастауының басы болды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы — Шағатайдың ұлысына Орта Азиядағы Жетісу мен Мауараннаһр жерлері енді. Қазіргі Түрікменияның, Иранның, Закавказье мен Евфратқа дейінгі Таяу Шығыс аймақтары Шыңғыс ханның немересі Хулагудың ұлысы 1265 жылы дербес мемлекет болып бөлініп шықты.
Монғолдардың батыстағы ең үлкен ұлысы Жошы (Шыңғыс ханның үлкен ұлы) ұрпақтарының ұлысы болды. Оның құрамына Батыс Сібір (Ертістен бастап), Орта Азиядағы Солтүстік Хорезм, Жайық бойы, Орта және Теменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Қырым, Ертістен бастап Дунайдың сағасына дейінгі далалық кеңістіктердегі қыпшақтардың және басқа да кешпелі түркі халықтарының жерлері енді. Жошы ұлысының шығыс жақ белігі (Батыс Сібір) Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің Ордасына (үлесіне) айналып, кейіннен ол Көк Орда атанды. Ұлыстың батыс жақ белігі Жошының екінші ұлы Батыйдың үлесіне тиді, ол орыстың жылнамаларында Алтын Орда деген атпен мәлім.
Бұл мемлекеттердің негізгі жерлері монғолдар жаулап алған, табиғаты көшпелі мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы, Каспий және Солтүстік Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылықта дамыған егін шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығымен алмастырыла бастады, сонымен бірге мұндагы елдің қоғамдық-саяси және мемлекеттік құрылысы анағұрлым кене формаларға қайта оралды.
Алтын Орда Батый Еуропага жорық жасап қайтқаннан кейін — 1241, жылы құрылды. Оның алғашқы астанасы 1254 жылы Еділ бойында салынған Сарай-Батый қаласы болды. Алтын Орданың дербес мемлекетке айналуы үшінші хан Мөңке-Темірдің түсында (1266—1282 ж.) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы орнықты. Ол өлгеннен кейін Алтын Ордада ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып, көшпелі аристркратия өкілдерінің бірі — Ноғай алға шықты. Осы феодалдық соғыстың нәтижесінде алтын ордалық аристократияның ислам дінін үстанған және қаланың сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті. Олар Мөңке-Темірдің немересі Өзбекті таққа отыргызды (1312-1342 ж).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Алтын Орданың құрылуы және нығаюы (XIII—XV ғ.)
Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс хан негізін қалаған Монғол
империясыңың батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз
уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханыңа тәуелді болып келіп, кейіннен
дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының
құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастауының басы болды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы — Шағатайдың ұлысына Орта Азиядағы Жетісу мен
Мауараннаһр жерлері енді. Қазіргі Түрікменияның, Иранның, Закавказье мен
Евфратқа дейінгі Таяу Шығыс аймақтары Шыңғыс ханның немересі Хулагудың
ұлысы 1265 жылы дербес мемлекет болып бөлініп шықты.
Монғолдардың батыстағы ең үлкен ұлысы Жошы (Шыңғыс ханның үлкен ұлы)
ұрпақтарының ұлысы болды. Оның құрамына Батыс Сібір (Ертістен бастап), Орта
Азиядағы Солтүстік Хорезм, Жайық бойы, Орта және Теменгі Еділ бойы,
Солтүстік Кавказ, Қырым, Ертістен бастап Дунайдың сағасына дейінгі далалық
кеңістіктердегі қыпшақтардың және басқа да кешпелі түркі
халықтарының жерлері енді. Жошы ұлысының шығыс жақ белігі (Батыс Сібір)
Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің Ордасына (үлесіне) айналып, кейіннен ол Көк
Орда атанды. Ұлыстың батыс жақ белігі Жошының екінші ұлы Батыйдың үлесіне
тиді, ол орыстың жылнамаларында Алтын Орда деген атпен мәлім.
Бұл мемлекеттердің негізгі жерлері монғолдар жаулап алған, табиғаты
көшпелі мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы, Каспий және
Солтүстік Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылықта дамыған егін
шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығымен алмастырыла бастады, сонымен бірге
мұндагы елдің қоғамдық-саяси және мемлекеттік құрылысы анағұрлым кене
формаларға қайта оралды.
Алтын Орда Батый Еуропага жорық жасап қайтқаннан кейін — 1241, жылы
құрылды. Оның алғашқы астанасы 1254 жылы Еділ бойында салынған Сарай-Батый
қаласы болды. Алтын Орданың дербес мемлекетке айналуы үшінші хан Мөңке-
Темірдің түсында (1266—1282 ж.) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы
орнықты. Ол өлгеннен кейін Алтын Ордада ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып,
көшпелі аристркратия өкілдерінің бірі — Ноғай алға шықты. Осы феодалдық
соғыстың нәтижесінде алтын ордалық аристократияның ислам дінін үстанған
және қаланың сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті. Олар
Мөңке-Темірдің немересі Өзбекті таққа отыргызды (1312-1342 ж).
Өзбектің түсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің
біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз
қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз
басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыс-тарындағы ханзадалар,
оның ішінде Көк Орданың билушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай
орындап жүрді. Өзбектің қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. XIV
ғасырдың 20 жылдарында Алтын Ордалықтардың Литвага жасаған бірнеше
шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып
тастады. Өзбектің түсында Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бүрынғыдан
да күшейе түсті.
Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым
еді. Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулеттердің өкілдері
басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан
әкімшілігімен байланысы тым әлсіз болған еді. Кейіндеп Алтын Орданың
тұтастығы аяусыз жазалауға негізделді. Басқыншылардың негізгі ұйтқысы
болғаң монголдар көп кешікпей өздері жаулап алган түркі тілдес халықтардың,
ең алдымен қыпшақтардың қалың ортасында қалды. XIII ғасырдың аяғына қарай
монғолдардың қатардагы қалың бұқарасын былай қойғанда олардың көшпелі
ақсүйектерінің түркіленгеңдігі сонша, тіпті қыпшақ тілі монғол тілін ресми
қүжаттардың өзінен ығыстырып шығарды.
Мемлекетті басқару терт әмірден құрылған Диванның қолында болды. Жергілікті
жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің қолына
берілді.
Алтын Ордаға қарасты елдерден Русьтің бір айырмашылығы — ол өзінің
мемлекеттігін сақтап қалды. Русьтің Алтын Орда хандарына тәуелділігі ең
алдымен орыс халқының басқыншыларға беріп тұруға мәжбүр етілген ауыр алымда
еді.
Русьтің әскери мүмкіндіктеріне және орыс халқының өз ұлттық
мемлекеттігін қорғап қалуға әзір екеніне көзі жеткен монғол-татарлар Русьті
тікелей Алтын Орданың құрамына қосудан және орыс жерлерінде өз әкімшілігін
жүргізуден бас тартты.
1243 жылы Батыйдың ордасына Сить өзенінде қаза болған Владимирдің ұлы
князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақыртылып, ол Ордаға бағынышты
екенін ресми түрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-Шығыс Русьтің "ең
үлкен" князы деп танып, оған Владимирде ұлы князьдық құруға жарлық
(грамота) береді. Ярославтің ізінше басқа да орыс князьдары Ордаға келіп,
ханға бағынышты екенін тайға таңба басқандай етіп көрсететін жарлықтар алып
қайтты.
Өз князьдықтарында билік жүргізуді князьдардың өз қолдарына беріп,
олардың бағыныштылық сипаттағы іс-әрекеттерін бақылап отыруға екілдер
жіберумен шектелді, Өкілдердің міндеті қнязьдардың іс-әрекеттеріне қатаң
бақылау жасау болды. Өкілдердің жеткізуі бойынша бір нәрседен "жазықты"
болған князьдар Ордаға шақырылатын немесе олардың жерлеріне жазалауыды
әскер жіберілетін. Қалай болғанда да Русь еа мемлекеттігін сақтап қалды,
орыс халқьша монғол-татарлар жағынан ассимиляция қаупі төнбеді. Монголдар
орыс халқына өзінің тілі мен мәдениетін тана алмады.

Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы
саясаттағы жеңістері (1227—1359 ж.)
Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан түсында монғолдар
орыс елінің көп жерін басып алды (1236—41 ж.). Полынаны, Венгрияны,
Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Казказдың басқа да кейбір халықтарын
бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс
Еуропада оған Еділ булғарларның жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербентке
дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш
қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ
түгел қарады.
(Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей
ол Азииядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына
айналды.
Алтын Орда XIII—XIV ғасырларда күшті мемлекет болып түрды. Бұл тұста
оның мемлекет ретіндегі беделі өсіп, керші елдермен қарым-қатынасы нығайды,
шаруашылығы, мәдениеті еркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Орданың қол
астындагы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш,
Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қоленер, ғылым, әдебиет салалары есті.
Оған, біріншіден, түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті, Әл-
Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бйруни, Ас-Сығанақи, бин Исқақ, Фирдауси,
Низами, Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың
мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден, көрші
елдер мәдениетінен үйренудің ізгі ықпалы болды.
Алтын Орда хандары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257—66 ж), Мөңке-
Темір (1266—80 ж.), Туда-Мөңке (1280—87 ж.); Төле-Бүқа (1287—91 ж), Тоқты
(1291— 1312 ж.), Өзбек (1312—42ж.), Жәнібек (1342—57 •лс..); хандар түсында
Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен
Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден
бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс
Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы
өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке түсында Алтын
Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек түсында ол үстем дінге айналды. Саяси
өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған
әскери феодалдық алпауыт-бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекеттік
құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі.
Қарулы күштер оң қол, сол қолға белініп, оларды ханзада-оғландар:
түменбасы, мыңбасы, жұзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік
қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары — оғландар, әмірлер, даруға-
бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың
көмекшілері — бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, мүфти, дуан бітікшілері,
талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін
губернаторлар — жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі
міндеті жергілікті халықты бұғауда үстау, әскер күшімен алым-салық жинау
еді. Алтын Орда халқының қоғамдың және мәдени даму дәрежесі әр келкі болды.
Көшпелі халықтарда (қыпшақ, монғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық,
жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше
ауыр болды — олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі
алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына
түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық
үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты
шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші
шаруалар өңделген жерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар
феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол,
көпір, көлік, арық, жүзім т. б. салықтары болды. Жеке меншікті қорғау үшін
мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев
Гумилев "Мені Евразиялық деп атайды" атты еңбегінде: "Жошы ұлысына қарайтын
бүкіл елге — Еділдегі Алтын Ордадан, Тюменьдегі Кек Орда мен Ертістегі Ақ
Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілді"2,— дейді.
Аңғал да ақкеңіл көшпенділер өздерінің хандарына қалтқысыз сеңді, ал
хандар болса, ақылды әмірлерге зәру еді. Әмірлер сауда орталығы болған
қалалардың түрғындарымен тығыз байланыста болып, жүз жыл ішінде шынайы
мұсылманға айналып шыға келді. Ал бұл Шыңғыс тұқымының жауына айналды деген
сез еді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы
аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер,
ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді
негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын,
найман, қоңырат, керей, уақ, т. б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ аймағы
мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар мүлде аз болды.
Монғолдар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын
Орданың орталық аймағы — Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханға дейін),
басты астанасы — Берке сарайы (немесе Сарай-әл-Хадид), негізгі әскери-
феодалдық күші қыпшақ тайпалары болды.
Алтын Ордада 132 жыл үстемдік еткен Батый династиясы (1227—1359 ж.)
(Берке ханның 9 жыл жүргізген билігій қосқанда) сыртқы қақтығыстағы
жеңістері мен династия ішіндегі тыныштықты сақтауда ездерін Алтын ррда
хандығының ішіндегі ең белсендісі екенін көрсетті. Сарай тағыңдағы Батый
ұрпағының соңғы мұрагері елгеннен кейін Жошы ұлдары Орда-Ежен, Шайбан
(Шайбани) және Тоқа-Темір арасында таққа отыруға деген ұмтылыс өріс алды.
Осындай қат-қабат қайшылықтар ең алдымен Ақ Ордада басталды.

Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1382 жылғы Мәскеуге

шабуылы және оның
қорытындысы
Тоқтамыс 1381 жылы Алтын Орданың ханы болғаны белгілі. Алтын Орданың
салты бойынша орыс князьдары ханмен көрісу үшін Сарайға келуі тиіс еді,
бірақ олар келмейді. Сол салт-рәсімді орындату үшін Тоқтамыс жеті жүз
қыпшақ әскерін бастатып Аққожа деген төресін Мәскеуге
— ұлы князьға аттандырады. Мұны естіген орыстарды қайтадан қорқыныш
билеп: "Біз Дон бойында татарларды жуықта ғана жеңдік және ол жерде
көптеген христиандардың қаны тегілді",— дей отырып, князь
Дмитрийге Аққожага қарсы қатаң жауап қайтаруды өтінді. Дмитрийдің өзі
де осы пікірде еді. Дмитрий Нижгород қаласында Аққожаға: "Егер сіз
Мәскеуге келіп халық тарапынан жәбір көріп қалсаңыз, ол үшін мен жауапты
болмаймын",деп хабар жібереді. Мұны естіген Аққожа қыпшақ әскерлерін
Мәскеу түбінде қалдырып, өзі сарайға
— хан ғүзырына қайтып кетеді. Тоқтамыс Аққожаның бұл қорқынышынан
Куликово соғысында қыпшақ әскерінің жеңілуінен кейін орыстардың көңілі
тасып тұрғандығын сезеді.
Аққожаның кері қайтып кеткенін естіген Мәскеудегі ұлы князь Дмитрий
мәз-мейрам болады. Мұны ол Орда күшінің әлсіреуі деп ұғып, езінің ішкі
істерін ретке келтіруге құлшына кіріседі.
Тоқтамыс хан енді тез арада езі барып, ұлы князь Дмитрийді тәртіпке
шакырып, тәубесіне келтіріп қоюға шешім қабылдайды. Сөйтіп 1382 жылы
әскерін алып, Мәскеуге аттанады.
Бұл хабарды ести сала Нижгород князы жақсы көріну үшін және ез
князьдығын сақтап қалу мақсатымен өз ұлдары Василий мен Семевды тарту-
таралғысымен Тоқтамыс ханды күтіп алуға жібереді. Рязань князы Олег те осы
мақсатпен Ока өзені бойыңда Тоқтамыс ханның алдынан шығып, өткел көрсетіп,
жол сілтейді.
Куликово шайқасыңда жеңіске жеткенімен, Дмитрий көп байлығынан, орасан
мол әскерінен айырылған болатын, дәл қазір Тоқтамыс ханға қарсы тұрар күші
жоқ еді. Сол себепті Тоқтамыс ханның келе жатқанын ести сала әскер жию
сылтауымен Кострома және Ярославль қалаларына жүріп кетеді. Шын мәнісінде
бүкіл отбасын ертіп қашып бара жатады. Бұл түста Мәскеуге көмектесу үшін
Литва князы Ауст келмекші болады.
Тоқтамыс хан Серпухов қаласын алғаннан кейін, Мәскеуде: "Қаланы тастап
қашамыз ба, әлде бекініс құрып қаламыз ба?" деген қарама-қайшы пікірлер
туындайды (Брокгауз). Ақырында кейбіреулер қалып, кейбірі қаланы тастап
қашады. Митрополит Копрян Качав Тверь каласына кетеді. Осы кезде Мәскеуде
аштық басталып, ұры-қарылық, кісі тонау секілді жағдайлар еріс алады.
1382 жылғы тамыздың 23-інде Орда әскерлері Мәскеуге кіреді. Кремльдің
қасына келіп мұүсылман төрелері: "Ұлы князь Дмитрий осында ма?"— деп айқай
салады. Содан соң қаланы жаулап алуға кіріседі. Соғысуға қолайлы орындарды
белгілеп, ертесі қалаға Тоқтамыстың өзі келісімен соғыс басталады. Дешті
Қыпшақ әскерлері бекіністі атқылауға кіріседі. Сатымен көтерілген олар
бекіністің үстінде ұрыс жүргізеді. Орыстар да ыстық су шашып, тас лақтырып,
беренелерді құлатып қарсыласып бағады.
Соғыстың тертінші күні дегенде Тоқтамыс ханның көп әскері қойма жанына
келіп: "Хан қазіреттері Дмитрийді тәртіпке шақыру үшін келмекші, сіздерді
өзінін жақтастары деп біледі. Ешқандай қинау ниеті жоқ. Егер кімде-кім адал
ниетімен қарсы алса, хан оның кінәсін кешіреді. Қайтып кетеді",— дейді.
Осыдан соң Нижгород князы Дмитрийдің ұлдары және Мәскеу князы — Дмитрийдің
қайындары — Василий мен Семен Кремль қақпасына келіп: "Соғыспаңыздар!
Қақпадан шығып, ханды қарсы алыңыздар!"— деп үгіттейді. Мәскеу халқы
қақпаны ашады.
Тоқтамыс хан Мәскеуді басып алған соң әскерінің бір белігін Владимир
мен Перяславль қалаларыға жібереді. Енді бір белігі Юрьев пен Кир қалаларын
бағындырады. Тверь князы Михаил ханға көп сыйлықтарымен елші жібереді. Бұл
ниетін қабыл алған хан Михаилді сонда князь етіп тағайындау туралы жарлық
береді. Бұдан соң Тоқтамыс хан бүкіл әскерімен Ордаға қайтып кетеді.
Дешті Қыпшақ әскері кеткен соң, қашып кеткен князь Дмитрий Мәскеуге
қайтып оралады. Қаланың көп жері қираған, өртелген, тек Кремль мен оның
мұнарасы ғана аман қалған. Мұны көрген Дмитрий қатты қайғырады. Өліктерді
көмдіріп, қаланы тазартуға кіріседі. Әрбір сексен елікті көмуге бір сом
береді. Осы бойынша есептегенде жиырма төрт мың өлік көмілгені белгілі
болады. Кернекті орыс тарихшылары Соловьев пен Карамзин осылай жазады.
Бірақ өліктің бәрі орыстікі емес еді. Әрине, оның ішінде хан әскерлері де
бар екені анық. Мәскеуде берекесіздік басталғанда басшысыз қалған қала
халқы ішкілікке салынып, жүгенсіздік танытады. Тоқтамыс әскері қаланы
қоршау кезінде Мәскеу халқы шетінен мас болып жүрген. Ішкілік таусылған соң
да Мәскеуліктер ханға қарсы соғысуға күш біріктіре алмай, қала қақпасын
ашады. Ішке бірінші болып елшілер, одан кейін татарлардың бүкіл әскері
кіреді. Сәлден соң-ақ қала көшелерінде 20 мың адамның өлігі жатады. Бұл
жайттардың бәрі жылнамаларда баяндалған. Осыншама кісі өліміне Тоқтамыс
қана кінәлі деуге болмайды. Шын мәнінде оны жасаған — Суздаль князьдары
Василий Кирдяпа мен Семен Дмитриевич. Олар өз алааяқтығымен халықты
қырғынға үшыратты4.
Ендігі жерде орыс княздары Мамайға төлемеген салықты Тоқтамыс ханға өздері
апарып беріп тұрды. Мәскеу қаласы қиратылып, әскерлерінің сағы сынды.
Мәскеу оқиғасынан кейін орыстар бүтіндей Алтьш Орданың қол астына кірді.
Мәскеу князының мүлде кіріптар халге түскенін керген Тверь князы
Михаил Владимир мен Нижгород княздары ханға өз етініштерін жеткізу үшін
өзінің ұлы Александрды тарту-таралғымен Еділ жолы арқылы Ордаға жібереді.
Мұны естіген ұлы князь Дмитрий де бірнеше боярға өз ұлы Василийді қосып көп
сыйлықпен Ордаға аттандырады. Бұл 1383 жылдың жазы еді.
Тоқтамыс хан Дмитрий тарапынан төленуге тиіс сегіз мың сом Сарайға
келгенге дейін Василийді Мәскеуге қайтармайтынын хабарлайды. Бірақ Василий
1385 жылдың соңына қарай ыңғайын тауып Сарайдан қашып шығып, Мәскеуге
қайтып кетеді. Бүдан соң Мәскеу князы Дмитрий мен Тоқтамыс хан арасындағы
қарым-қатынас сипатын білдіретіндей жазба дерек жоқ.
1383 жылы Нижгород князы Дмитрий қайтыс болғаннан кейін, Тоқтамыс хан
оның інісі Бористі орнына қоюға жарлық береді.
Мәскеу князы Дмитрий 39 жасында 1389 жылы қайтыс болып, орныға ұлы
Василий отырады. Василий салт бойынша Ордаға келіп, хан қазіреттерініқ
ғұзырында болып, княздығын бекіттіріп, княздық көлемін кеңейтуге, күш
жинауға рұқсат алып, Мәскеуге қайтып оралады. Бұл хабарды естіген Мәскеу
халқы қатты қуанады.
1385 жылы Тоқтамыс хан Бекболат, Дәуітбек, Ғалибек, Қарашбек, Ғайсабек
есімді төрелерін қолбасшы етіп, Тебриз сүлтаны Ахмед ибн сүлтан Уәйіс
Жалайырига қарсы жүз мыңдай әскер аттандырады. Тоқтамыс хан әскері
Тебризден жеңіспен оралады. Тек қана сүлтан Ахмед Бағдат қаласына қашып
кеткен еді. Өздерімен бірге Тебриз қаласының ғалымдарынан Шейх Камал-ад-Дин
Аланжиді Сарайға ала қайтады. Бұл іске өзінің ешқандай қатысы
болмағандықтан, Темірлан (Темір) Тебриз оқиғасын сылтау етіп Тоқтамыс ханға
қарсы әрекет жасауға кіріседі. Бұл ақыры, екеуінің арасында түк болмаса да,
қырғын соғыстың шығуына әкеп соқты.

Едіге мырзаның билігіндегі Алтын Орда (1396-1411 ж.)
Едіге өз кезінде Алтын Ордадағы ең айлакер, саясатшыл, батыр да батыл
билеушілерінін бірі болды. Оның бірге туған қарындасын Темір-Құтлық хан
алған болатын. Алғашында Едігені Тоқтамыс хан өзіне нөкер етіп ерітті.
Кейін бір себептермен Тоқтамыс хаңның қаһарына үшыра-ды. Өлтірілетінін
сезіп, Самарқан қаласына — Темірдің қол астына қашты. Онда барға соң
Темірді желіктіріп, 1391 жылы Тоқтамыс ханға қарсы шабуылға шығарды.
Тоқтамыс ханның көп санды әскері Едігенің руластары еді. Едіге
жансыздарын жіберіп, соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Кавказдағы түркі халықтары
Түркі халықатырының түп тамыры
«Түрік» этносы және этнонимі
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА
Пәндер