ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ


Аурудың бәрі - дұрыс тамақтанбаудан
Елбасымыз Жолдауында халықтың денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу, аурудың алдын алуға шындап кірісуіміз керек. Бірінші кезекте, олар балалар, жас-өспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер деп атап көрсетті. Кез-келген елдің болашағы оның ден-саулығына байланысты екендігі даусыз. Денсаулық- қоғамдық байлық. . Олай болса әр адам өзінің денсаулығын сақтауды азаматтық парызы деп түсінуі тиіс.
Өзім тұратын Бидайкөл елді мекенінде көп кездесетін әрі халық онша мән бермейтін аурудың бірі қаназдық (анемия) . Міне, осы тұрғыдан біз ертеректе өмір сүрген ата-әжелеріміздің қаназдық ауруымен аз ауруының себебін анықтап, аурудың алдын алудың қарапайым жолдарын насихат-тауды мақсат еттік. Халқымыздың тамақтануы мен түрлі ауруларға шалдығуының арасында бай-ланыс бары анық. . Ал қаназдық (анемия) ауруы- алаштың бір қатері. Анемиямен ауыратындардың көбі қазақтар. Көбі -әйелдер. Бізде іс жүзінде әрбір үшінші әйелде, ал кейбір өңірлерде әр екі бо-лашақ ананың біреуінде қан жетіспейді. Содан барып нәресте ана сүтінен ерте айырылады. /6, 16 бет/ Қаназдықтың не екендігін түсіну үшін қан жөнінде сөз қозғау керек. Ересек адамда 5 литр қан болады. Оның 55% плазмадан, ал 45% қан клеткаларынан эритроцит пен лейкоциттен және қан пластинкасынан тұрады. Қаназдық ауруының пайда болуы бірнеше жағдайларға байланысты. Бірінші жағдай - жілік майында эритроциттердің аз жасалып шығарылуы. Оның себебі эритро-циттер түзілу үшін қоректік заттар, дәрумендер, темір жетіспеуі және жілік майында түрлі улы қосылыстардың әсер етуі. Екінші жағдай - эритроциттер құрамында гемоглобиннің аз болуы. Гемоглобинде темір атомының аз болуы және В 12 дәруменінің жетіспеуі, оттегінің гемоглобинге қосылуын нашарлатады. Үшінші жағдай - адам көп қан жоғалтқанда және безгек ауруымен ауырғанда қаназдық ауруы пайда болады. Қаназдық деп эритроциттер санының азайып оның құрамындағы гемоглобиннің төмендеуін айтады.
Бұл сырқаттың алғашқы белгілері:
- Жалпы әлсіздік, кішкене ақыл-ой және денеге салмақ түсу барысында тез шаршау.
- Ентігу, жүректің жиі соғысы.
- Құлақтың шулауы, көздің қарауытуы.
- Бастың ауруы, ұйқысыздық.
- Тіл, ерін, шырышты қабақ, тырнақтың бозаруы.
- Дәмнің, тәбеттің болмауы.
- Ауыр түрінде аяқ, бет ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігі пайда болады.
. Өткен ғасырдың басында тамақ өнеркәсібінің оқымыстылары адам баласы сан ғасырлар бойы пайдаланып келген азық-түлік құрамындағы талшықтарды, кебектерді зиянды деп, минералдық элеметтерді қажетсіз деп санаған болатын. Сол жылдары құрылған тамақ өнеркәсәбі азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдейміз (ақтаймыз, аршимыз, ұнтақтаймыз) деп бізге қажетті пайдалы заттардың 80% жойып жіберіп отырғанын өздері де білмеді, осындай сорақылықтың кесірі осы күнге дейін жалғасуда. Олар бізге тек белок, май және көмірсутегі болса жеткілікті деп санайтын. Соңғы жылдары оқымыстыларымыздың дәрумен мен минаралсыз өмір сүруге болмайтынына көздері жетті. Тамақтану гигиенасы бойынша алғашқы кезде 20 шақты ғана микроэлемент жеткілікті десе, соңғы уақытта олардың саны 70-тен асып барады. Ағзаның қажет-тілігін тек біз тұтынып жүрген ақ ұнмен, картоппен, күрішпен қанағаттандыруға болмайды. Ағза-мызды қажетті барлық элементтермен қамтамасыз ету үшін 100-ден аса дақыл мен жабайы өсімдікті пайдалануымыз қажет екен. Ғылыми деректерге сүйенсек қара бидайда, арпада белок 10-12% болса, олардан жасалған нандарда 5-8% ғана. Көмірсулар бидайда 50-60% болса, оның нанында 33-45% қалады. Жаңа технологиямен бидайды ұнға айналдыру кезінде құрамындағы пайдалы заттың 80% шаң болып ұшып немесе кебегінде қалатыны дәлелденген. Қазіргі технология бойынша бидайды суға жуып, оны катоктармен қысып, ортасындағы ұлпасын ұн етіп береді. Барлық дәрумен мен пайдалы минералдар, оның ұрығы мен қабығында мол екені белгілі. Сөйтіп бұл технология бойынша оның барлық нәрін кебегінде қалдырып, малға беріп жүрміз. Бұрын тас диірменге қанша бидай тартсақ, сонша мөлшерде ұн алатынбыз. Қазір 30-35% кебекке кетуде. Зиян шегіп отырғанымыз - міне осы тұс. Өйткені ағзада қан түзілуі үшін оған қажетті пайдалы заттардан өзіміз қолдан айырылып, аурудың сан түріне душар болудамыз. Қан аздыққа шалдығудың басты себебі оның құрамына қажетті дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерде жетпеуінде. Әсіресе пайда-зиянын білмей, бидайдың орта бөлігінен алынған «манная» ботқасын сәбилерге береміз. Мұның бәрі баланы әлсіретіп келешекте оның денсаулығына кері әсер ететінін біле бермейміз. Ірі тартылған ұн тек қуат көзі ғана емес, адам ағзасындағы көптеген аурудың жолын кесетін қасиетке де ие. Әсіресе, иммунитет жүйесін күшейтіп, сырқатпен күресу қабілетін артырып, денсаулықты нығайтады . Қан қысымын реттеуге ықпал етеді. Ал ұн құрамында пайдалы заттар жетпегендіктен, оны басқамен ауыстыруға болмайды. Сондықтан бір қатар елде ірі тартылған ұнға сұраныстың артуы түсінікті. Қан қысымын көтеретін холестерин де бұл жағдайда азаяды. Енді тұрмысымызда көп пайдаланатын дақылдарға келейік (№1 кесте) . /5/
Дәнді дақылдардағы микроэлеметтер және витаминдер құрамы
№1 кесте
Энерге-
тикалық қуаты ккал/100г
Кестеде көрініп тұрғандай, біздің халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлігі ( күріш, тары, макарон, өңделген жарма, ақ ұн) олардан пісірілген нан тағамдарында қажетті заттардың аздығынан, кестенің соңында қалған.
Мысалы, Кәдімгі нанда кальций 62 мг ғана болса, кебекте 150 мг, яғни 3 есе көп. Калий ұнда 325 мг болса, кебекте 1260 мг, демек, 10 есе көп. Сол сияқты магний ұнда 114 мг, кебекте 448 мг, яғни 5 есе көп. Сондай- ақ басқа да биологиялық белсенді элементтердің кебекте көп екені, ал өнеркәсіптік жолмен дайындалған ақ ұнымызда, жармаларымызда адам ағзасының барлық мүшелерін физиологиялық жағынан азда болса қанағаттандыру үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтердің аз екені көрініп тұр.
Біздің кейбір мамандарымыздың кебекте ешнәрсе жоқ екені қашаннан белгілі деуі үлкен қателік. Шетел ғалымдарынң дәлелдеуі бойынша, жүрек- қан тамырлары, қан қысымы кеселдерінің алдын алу үшін күніне 30 грамм кебек жеу керек екен. Ол үшін 2-3 ас қасық кебекті ыдысқа салып, оған қайнаған су құйып 10-15 минут бұқтырып, содан кейін сүзіп, күнделікті пайдаланатын ботқаға қосып жеген дұрыс/5/. Сол сияқты қол ашытқымен 10-20 кебек қосып, нан пісіріп жесең дәмі өзгеріп сала береді. Пайдасынан зияны қөп макарон, вермишель, ақталған күріштен гөрі кебек қосып, кеспе жасаған дұрыс. Бұл әрі арзан, әрі денсаулыққа пайдалы.
Егер күнделікті тұтынатын тағамдарымызда витаминдер мен минералдар жетіспесе, адам ағзасында зат алмасу нашарлайды, нәтижесінде дене мүшелерінің өсіп дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, микроэлементтер калий, магний, кобальт жүректің жұмысын жақсартып, қан қысымын төмендетеді. Кальций нанда жетіспесе, сүйектің нашар жетілуі, темір жетіспеуі - кемтар баланың дүниеге келуіне, мырыштың аздығы бала бойының қысқалығына, жүйке жүйесінің дамуына кері әсер етеді. №2 кестеге назар аударсақ. . /5/
Бидай, асбұршақ құрамындағы микроэлементер
№ 2кесте
Кәдімгі
нан
Аршыл-
ғаны
Бидай ұнынан жасалған мақтаулы батонымызда темір 3 есе, йод 2 есе, кобальт 3 есе, марганец 5 есе, мыс 2, 5 есе, молибден 23 есе, фтор 3 есе, хром 1, 5 есе, цирконий 3, 5 есе азайған. Халқымыздың қасіреті болған қаназдықтың болуына басты себеп: бидай дәнінде темір 5, 4 мг болса, ұнда - 1, 86 мг, йод дәнінде 0, 0078 болса, ұнда 0, 0038 ғаға қалған, аса қауіпті ісікті болдырмайтын селен ұнда мүлдем жоқ . Ауыл тұрғындарының күнделікті тамағында ақ нанды көп пайдаланатынын ескерсек, болашақ ұрпақтың денсаулығын ойлаудың өзі қорқынышты. Қазіргі таңдағы 18 жасқа толған азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге жарамай жатқаны яғни біреуінің бойы қысқа, екіншісінің салмағы жетпейді, үшіншісінің денсаулығы жарамайтындығы бізді ойлантуы тиіс.
Ғылыми зерттеулерде дәрумендердің ағзада әрқайсысы өз алдына бөлек қызмет көрсете алмайтындығын тек бір-бірімен тізбекті байланыстағана әсер ететінін дәлелдеген. Ағзада «В» витамині жеткілікті болғанымен «С» витамині жетіспесе оның пайдалы әсерін төмен-детеді, «Р» витамині «С» витаминінің әсерін күшейтеді, магнийсіз -кальций сіңбейді. Олай болса көп пайдаланатын астық дақылдары мен жармаларды сіңіру үшін биокатализаторлар-ферменттер, белсенді элементтер, витаминдер қажет-ақ. Олар жеткіліксіз болса, қант пен крахмалдан алған бос қуаттың пайдасы аз. Дұрыс тамақтана білмеудің салдарынан қазіргі таңда ұлтымыздың негізгі бөлігі биологиялық аштықта өмір сүріп жатыр.
Ұлттық тағамдар - ұлт денсаулығының кепілі
Ол кезде ана мен бала өлімі сирек еді. Қаназдық (анемия) деген мүлдем жоқтын. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да ондай ауру болмаған (әжемнің айтқандарынан) .
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін ауыл тұрғындары бидайды қол диірменге тартып ірі ұнын тамаққа пайдаланып келгені белгілі. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ халқының дастархан мәзірінде сөк, талқан, қымыз, қымыран, ашыған көже, шұбат, айран, сүзбе, құрт, боза ата - бабаларымыздың сүйікті асы болатын. Бүгінде бұл тағамдардың бірі сирек көрінсе, көбісі қойылмайды да. Қазақ халқының тағамдары негізінен ашытылып дайындалған. Ал ашытылған көжелерімізде ферменттер көп болады да астық тез қорытылып, оңай сіңірілуін қамтамасыз етеді. Ашытылған тағам құрамында пайдалы заттардың мол екенін ескерсек, түрлі дәннен ашытылып жасалған көже мен ашытпаның, сондай-ақ талқанның қаншалықты пайдалы екенін айтудың өзі артық. . Ферменттері көп ашытылған тағамдар мен ашытпалардың, ана сүтінің көбеюіне де әсері зор екенін қазірде көзі-қарақты қарияларымыздан жиі естиміз. Ашытылған тағамды ішкендердің бүйрегінде тас, тұз болмайды. Ата-бабаларымызда бүйрек, бауыр, өт, несеп жолдары, қатерлі ісік, қаназдық кеселдерінің сирек кездесуі де ұлттық тағамдарымыздың пайдасы болған.
Бүгінгі медицинада әлсіреген бала мен анаға өндірілген бидай өскінін ботқаға қосып береді. Бидай, тары дәндерінен ашытып істеген тағамдардың асқазанның жоғарғы қышқылдығын қалпына келтіретін, ауру туғызатын микроағзаларды жоятын, қаназдықты емдейтін, несеп жолдарын тазартатын қасиеттері көптеген ғылыми әдебиеттерде жазылып жүр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz