Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу


Мазмұны
Кіріспе3
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары6
1. 1 Соғыстың шығу себептері6
1. 2 Соғыстың сипаты10
2-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысы11
2. 1 Соғыстың басталуы және жікке бөлінген әлем11
2. 2. Соғыстың аяқталу фазасы18
3-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары22
3. 1 Компьен бітімі және соғыс зардаптары22
Қорытынды27
Пайдаланылған әдебиеттер30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Міне бірінші дүниежүзілік соғыстың адамзат қауымдастығын өз отымен шарпып, артында «жоғалған ұрпақты1» мирас етіп қалдырғанына да бір ғасырға жуық уақыт болып қалды. Сірә әлем тұңғыш рет өзінің кішкентайлығын сезінген де болса керек. Өйткені осы соғыстан соң саясаткерлер алғаш рет қауіпсіздік туралы ой толғап, қарусыздандыру мәселесін алға тартып, тіпті көптеген қақтығыстарды бейбіт реттеу үшін Ұлттар Лигасын құрған да болатын. Сонымен қатар бұл соғыс адамзат тарихындағы соғыстардың ең үлкені, әлемнің ірі мемлекеттерін қамтыған және дүние жүзілік соғыстарға негіз салып берген қанқұйлы соғыстардың бірі болды. Соғыс аждаһасының басты мақсаты әлемдік тәртіпті қайта қарау, алпауыт мемлекеттердің ықпал ету аймағын кеңейту болатын. Міне қазіргі кезде де әлемдегі ірі мемлекеттер арасында сан алуан кикілжіңдер мен текетірестер орын алып отыр. Кейде олар шарықтау шегіне жетіп (Кариб дағдарысы және т. б. ), ал кейде бәсеңдеп, адамзат азда болса ойланғандай күй кешуде. Бірақ келесі бүкіләлемдік соғысты болдырмау Жер басып жүрген кез келген пенденің негізгі мақсатына айналуы тиісті деп ойлаймын. Өйткені ол соғыс «ядролық қысты» туындатып, адамзат баласы ғана емес бүкіл тіршіліктің жұмыр Жерде жойылу қауіпін туғызуы мүмкін. Құдай оны басқа сала көрмесін!
Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ бірінші дүниежүзілік соғысты туғызған себептерді түсінуге ұмтылып, тарихтан сабақ алуды ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз абзал. Осы орайда біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі де байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу болып табылады.
Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері мыналарды қамтиды:
Деректік шолу. Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми зерттеулер жетерлік. Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай жазылды. СССР ыдырағаннан кейін бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, әлемдік тәртіпті қайта құру, т. б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері соғыс басталған 1914 жылдан бастап соғыстың соңы 1918 жылды толығымен қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
1. 1 Соғыстың шығу себептері
Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-18) - Австрия, Германия блогы және Англия, Франция, Россия коалициясы арасында Еуропада басталған империалистік, әділетсіз соғыс. Кейін соғысқа дүние жүзінің көптеген мемлекеттері қатысты. Бірінші дүниежүзілік соғыс капиталистік жүйедегі дүние жүзілік шаруашылықтың жалпы дағдарысы салдарынан туды.
Капиталистік мемлекеттердің отарларды жедел басып алуы нәтижесінде 19 ғасырдың аяғына таман дүние жүзін бөліске салу аяқталды. Отарлардың денін Англия мен Франция иемденіп, Германия, АҚШ және Жапонияға үлес аз тиді. Осыдан келіп отарларды қайта бөлісу және өз ықпалын арттыру жолындағы бәсеке күшейді. 1879 ж. Германия отарларды қайта бөлісу үшін соғыс блогын топтастыра бастады да, Австрия Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 ж. Италия қосылып, Франция мен Россияға қарсы Германия бастаған Үштік одақ құрылды. Оған қарсы 1907 ж. Англия, Франция және Россияның соғыс коалициясы - Антанта құрылды.
Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер олардың арасындағы келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер қатарына - Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Япония - "бірінші класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес" - екінші топқа жатты, 3-топқа Австро-Венгрия жатты. Ал бұл соғысты тудыратын қайшылық ағылшын-герман қайшылығы, ол - қайшылық отар иемдену туралы қайшылық. Англияда отар өте көп, Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді, Англия оны өз есебінен бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық жоғарыда да атап көрсеткеніміздей, екі үлкен соғыс одақтары - Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мүдделері қандай болды?
Герман империалистері жаулап алу бағдарламасында Ресейден көп жер басып алуды армандады. Ресейдің құнарлы жер мен қазба байлықтарына толы жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті Бельгияны аннекциялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және Брис бассейіндерін аннекциялау, француз колонияларын басып алу, Англияның теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни "Ұлы Германияға" он жылдар бойына сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауды жүзеге асырмақ болды.
Австро-Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балканда австро-венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды алуды көздеді. Австро-Венгрияның бұл бағдарламасын Германия қолдады. Себебі Германия Австриямен капитал жөнінен байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан елдеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.
Патшалық Ресейдің империалистері, помещиктері, ірі буржуазиясы біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның ұлылығын жоюды, Ресейге Галицияны қосып алуды, Константинополь мен бұғаздарды алуды ойлады.
Ағылшын буржуазиясы өте күшті қарқынмен дамып келе жатқан Германияның экономикалық қаржыландыру күшін әлсіретуді, Германияның әскери, сауда флотын жоюды, Месопотамия мен Арабия жарты аралын оның мұнай көздерімен қоса алуды, сондай-ақ колонияларын тартып алуды арман етті.
Францияның империалистері де жоғарғылар сияқты Германияның әскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар 1871 жылы тартып алынған Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ, одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны алуды, Палестинаны, тағы басқа араб территориясын, Германия колонияларын тартып алуды көздеді.
Енді соғыстың басталуына ұйытқы болған Германияға жеке тоқталып өтелік.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германияда жұмысшы қозғалысы жаңадан өрлей түсті (1910-13 ж. жыл сайын орта есеппен 300-400 мың жұмысшы ереуіл жасады) . 1910 ж. 6 мартта Берлинде жалпыға бірдей сайлау правосын беруді талап еткен жұмысшы демонстрациясы болып, оны полиция қуып таратты. 1910 ж. қыркүйек-қазанда Берлиннің пролетарлар ауданы - Моабитте ереуілшілердің полицияға қарсы баррикада ұрыстары болды; 1912 ж. мартта Рур кеншілерінің ереуілі басталды; 1913 ж. жазда Гамбургте, Кильде, Штеттинде, Бременде ірі ереуілдер болды. Алайда реформашыл социал-демократиялық партия жұмысшы табын империализмге, соғыс қаупіне қарсы пәрменді күреске жұмылдыра алмады.
Соғысқа дайындала отырып, герман үкіметі француз-орыс одағын бұзып, Францияны жалғыз қалдыруға, сондай-ақ 1904 жылғы ағылшын-француз көлісімін бұзуға тырысты; бірақ Германияның бұл әрекеттерінен ештеңе шықпады. 1907 ж. Франция, Россия және ¥лыбритания бірігіп, Антанта одағын құрды.
Жоғарыда айтқанымыздай, бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі себебі шаруашылық дағдарыс, әлемді қайта бөліске салу мәселелерінің алға шығуына байланысты болды. Мұны соғысқа дайындалып жатқан елдердің соғыс қарсаңындағы экономикалық көрсеткішінен де көруге болады. Басты елдердің экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. 1913 жылғы басты капиталистік елдердің экономикалық көрсеткіштері, млн. т.
Барлығы
Антанта
Барлығы
Негізгі державалар
* М. Б. Вольф и В. С. Клупт. Статистический справочник по экономической географии капиталистического мира. Изд. 3-е, стр. 77, 87, 101, 138, 337, табл. 47, 57, 69, 110, 341; Изд. 4-е, стр. 74, 85, 105, 109, 110, 158, табл. 34, 42, 54, 58, 59, 97; “Мировое хозяйство”, стр. 6 - 7, 8 - 9, табл. 2, 3.
1. 2 Соғыстың сипаты
Бірінші дүниежүзілік соғыс мүлде болмашы жайттан бастау алғанымен оның басталуының қайнар көзі алпауыт мемлекеттердің экономикасының дамуына жаңа нарықтар мен шикізат көздерін өздеріне қарату жатқан болатын. Мейлі қандай да бір соғыс болмасын ол негізінен жаулап алу мақсатында жүргізіледі.
2-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысы
2. 1 Соғыстың басталуы және жікке бөлінген әлем
1914 ж. 15 (28) июньде Сараевода серб ұлтшылдары Австрия Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинандты өлтірді. Осы оқиға соғыстың басталуына сылтау болды. Германияның итермелеуімен Австрия Венгрия Сербияға қасақана талап қойды да, қанағаттанарлық жауап ала алмағаннан кейін, 15 (28) июльде Сербияға соғыс жариялады. Германия 19 июльде (1 авг. ) Россияға, 21 июльде (3 авг. ) Францияға соғыс жариялады. Англия 22 июльде (4 авг. ) Германияға соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары - Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және Оңт. Африка Одағы соғыс ашты. Аз уақыттың ішінде соғысқа барлық құрлықтың 33 мемлекеті тартылды.
1914 ж. 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады. Октябрьде жапон флоты Германиядан Маршал, Мариан, Каролин аралдарын тартып алды; ноябрьде жапон әскерлері Германияның Қытайдан жалға алған Шаньдун провинциясын түгелдей дерлік оккупациялады. Сонымен бірге, Жапония өзінің Қытайдағы соғыс позицияларын мықтап нығайтты.
Бірінші дүние жүзілік соғыс (1914-18) соғысушы екі жақ тарапынан да империалистік сипатта болды. Герман империализмі Еуропада өз үстемдігін орнатуды, Орталық Африкада үлкен отарлық империя құруды, герман буржуазиясының дүние жүзілік рыноктарда үстемдік етуін көздеді. Соғыс Германия еңбекшілерінің жағдайын бұрынғыдан бетер нашарлата түсті, ал капититалистік монополиялардың табыстары қисапсыз өсті. Соғыс басталысымен с. д. партияның басшылары социал-шовинистік бағыт ұстады (соғыс кредиттерін жақтап дауыс берді, «отанды қорғауға», «таптық ынтымаққа» шақырды) . Солшыл социалдемократтар тобы - К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг, К. Цеткин, В. Пик т. б. пролетарлық, интернационализм принципіне адал болып қала берді.
Герман үкіметі соғысты тез бітіреміз деп дәмеленді. Бірақ герман әскерлерінің Франциядағы Марна өзенінің жағасында жеңілуі (1914 ж. сент. ) жағдайды өзгертіп жіберді. Г. одақтасы Австрия-Венгрияның Галицияда жеңіліске ұшырауы (1914 ж. сент. ) және оның екінші бір одақтасы Италияның 1915 ж. майда Антанта жағына шығуы Германияның жағдайын одан сайын қиындата түсті. Неміс қолбасшылығының Верден операциясыныц барысында (1916 ж. февральда басталып, 10 айға созылған) француз-ағылшын армиясының негізгі күштерін талқандамақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырады.
Жалпы Антанта елдерінің материалдық-техникалық соғыс базасы 1916 жылы орталық блок елдерінің базасынан артық болды.
2-кесте. 1915 жылғы қарулану өндірісі *
* “Мировая война в цифрах” стр. 39 - 41; А. А. Маниковский. Боевое снабжение русской армии в войну 1914-1918 гг., изд. 3-е, стр. 404.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жаяу әскердің негізгі қаруы - винтовкамен бірге автомат қаруы да кең қолданылды. ХХ ғасырдың басында қол пулеметтары да пайда болды. Алғаш рет ол орыс-жапон соғысында пайдаланылды.
Батыс Еуропа мемлекеттері әскерінің жарақтары
1916 жылы Германия қайтадан батысқа бар күшін жұмылдырды. Басты соққыны Францияға Верден ауданында бермек болып ұйғарды. Қаншалықты күш салғанына қарамастан, герман әскерлері қоршауды бұзып өте алмады. Бұған орыс әскерінің Галициядағы Оңтүстік батыс фронтқа басып кіруі әсер етті. Герман-австрия әскері Батыс және Итальян майданын тастап, Шығыс майданға өтуге мәжбүр болды. Сомма өзеніндегі ағылшын-француз әскерінің де шабуылы сәтсіз болды. Одақтастар ұрыс барысында танктерді пайдаланса да олар қарсыласының қорғанысын бұзып өте алмады. Олар 800 мың адамынан айрылды. 27 тамызда Антанта тарапынан соғысқа Румыния кірді. Алайда шабуыл соңында румын әскері жеңіліс тапты. Таяу шығыста орыс әскерлері жеңіске жетті. Орыс әскерлері Түркияға қарай жылжып, Эрзурум, Трапезунд және Эрзинджан қалаларын басып алды. Мұнда ағылшындар 14 кораблінен, 7 мыңға жуық адамынан айрылды. 1916 жылы немістердің шығыны 11 корабль, 3 мыңнан астам адамға жетті. Соғыс барысында герман-австрия блогы стратегиялық бастамашылдығын жоғалтты. Германия бүкіл фронтта қорғануға көшуге мәжбүр болды.
1916 жылдың басында Антанта Орталық державалардан басымдық иеленді. Қару-жарақ жағынан болсын, әскер жағынан болсын едәуір басым түсті. 1916 жылдың басында Антантада 365, ал орталық блок елдерінде - 286 дивизия болды. Антанта армиясының жалпы саны 18 млн. адам, ал орталық блок елдері - 9 млн. адам болды. Ол мына кестеден де айқын көрінеді.
1916 ж. июньде орыс әскерлері Австрия-герман майданын бұзып өтіп, дұшпанның онсыз да ауыр жағдайын асқындырып жіберді.
2 Интернационалдың партияларының реакцияшыл басшылары жұмысшы табына сатқындық жасап, өздерінің буржуазиялық отанын жақтаған шовинистік бағыт ұстады. Тек Россиядағы большевиктер партиясы ғана империалистік соғысқа қарсы үн көтеріп, барлық соғысушы елдердің ецбекші бұқарасын осы соғыста өз үкіметінің кеңілуі үшін күресуге, империалистік соғысты азамат соғысына айналдыруға шақырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Еуропада үстемдік aлy мақсатымен басты бәсекелесі Англияны талқандап, оны отарларынан айыруға, Францияны, Бельгияны және Голландияны жеңіп, отарларын өзі басып алуға ұмтылды, ал Россиядан Польшаны, Украинаны және Балтық жағалауын тартып алып, оны әлсіретуді көздеді. Австрия-Венгрия болса Сербия мен Черногорияны басып алуға, Түркия орыс Закавказьесін бағындыруға ниеттенді. Англия өзінің отарлық үстемдігін сақтап қалу үшін дүние жүзілік рыноктағы қауіпті бәсекелесі Германияны күйрете жеңіп, Түркиядан Месопотамия мен Палестинаны тартып алуды, Египетте өз жағдайын нығайтуды мақсат етті; Франция 1871 ж. Германия тартып алған көмір мен темірге бай Эльзас - Лотарингияны қайтарып, Саар алабын басып алуды көздеді; Россия Галицияны, Туркияның бір бөлігін, Константинополь мен Қара теңіз бұғаздарын иемденуге тырысты. Бірінші дүниежүзілік соғысты соғысқа қатысушы әрбір мемлекет қайткенде өз пайдасына шешуге жанталасып, өз елдеріндегі жұмысшы табының революциялық қозғалысын және отар елдердегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын тұншықтыруды көздеді.
1916 жылдың аяғыңдағы кезеңдерде соғысқа барлық дамыған капиталистік елдер түгелге дерлік қатысты. Бұл уақытқа дейін барлық майданда 50 млн. солдат соғысты. Ал қалған еңбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мұқтажын өтеу үшін шахталар мен өндірістерде жұмыс жасап жатты. Адамзат баласы жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға да өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.
Майданда да, тылда да соғысқа қарсы пиғылдар күшейді. Соғыстағы сәтсіздіктер, Германияның экономикалық қорларының сарқылуы, жұмысшы қозғалысының өрістеуі герман үкіметін 1916 ж. күзде Россиямен сепараттық бітім жасаудың жолын іздеуге мәжбүр етті, бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе өнбеді.
1917 жылға қарай соғыс қарсы соғысушы тараптардың экономикасын едәуір әлсіретті. Германия коалициясы енді ірі жаулау соғыстарын жүргізе алмады. Германия бар күшін судағы соғысқа жұмылдырды. Антантаның жоспары күш қуатын барынша пайдалануға ойысты. Бұл басымдық 1917 жылғы 6 сәуірде АҚШ-тың Антанта жағынан соғысқа араласуына орай тіпті салмақтана түсті. Жоғары қолбасшылар Германия мен Австрия-Венгрияны күйрету үшін Батыс және Шығыс майданда жалпы келісілген жойқын соққыны ұйымдастырмақ болды. Алайда сәуірдегі ағылшын-француз әскерлерінің шабуылы бұл жоспарды болдырмады. Негізгі ахуал өзгеріссіз қалды. 1917 жылғы орыс әскерлерінің шабуылы да сәтсіз аяқталды. Осы операциялар бойынша Шығыс майдандағы адам шығыны 150 мың адамнан асты. 3 қыркүйекте Риганың қорғаныс операциясы нәтижесінде орыс әскері Риганы тастап шықты. 1917 жылы күзде Балтық флотының моряктары Герман әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. Үлкен шығынға батуына байланысты герман әскерлері Фин бұғазына басып кіруден бас тартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz