Алгоритмдерді құрылымын негізге ала отырып құрастыру



1. Кіріспе
2. Ішкі бағдарламалар.
2.1. Процедуралар.
2.2. Функциялар.
3. Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері. Ассемблер
4. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері.
4.1. Фортран
4.2. Кобол
4.3. Алгол
4.4. Бейсик
4.7. Си
4.8. Ява
5. Жүйелік бағдарламалау. Паскаль тілінде бағдарламалау.
6. Объектіге бағытталған бағдарламалау.
6.1. Visual Basic
6.2. Си++
7. Қорытынды.
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті програмаларды програмалаушы адам жасайды.
Пргораммалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең бір тапшы мамандықтардың бірі.
Программалау мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді.
Оқып шығып бірден программалаушы бола салатын ешқандай оқу құралы жоқ.
Прграммалаушының дайындығы негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және қарапайым прграммалау тәсілдерін меңгеруден басталады.
Компьютер командаларға бағынып жұмыс істейді. Біздер бұл командаларды пернетақтаның көмегімен жазу машинкасында жазу жазғандай теріп ендіреміз.
Бірінші команданы ендірдік, компьютер оны қалай орындайды, қарап шықтық, екінші команданы ендірдік, нәтижесін бағаладық,үшінші команданы ендірдік. Осылайша, ендірілетін командалар көп әрі біртектес болған сайын оларды ендіру адамның шыдамын тауысып жалықтырып жібереді. Төрт-бес команданы есте сақтай отырып ендіруге, ал он команданы ендіру үшін қағазға жазып алуға болады.Жүзден астам командаларды ендіру үшін өте жоғары шыдамдалық қажет.
Ал егер жиі қайталанатын командалар тізбегін компьютерде файл түрінде қатаң немесе иілгіш магниттік дискіге жазып сақтап қойып, командаларды біздің пернетақтадан ендіруімізді күтпей-ақ сол дискідегі файлдан енгізуді компьютердің өзіне жүктесек, қалай болған болар еді? Әрине, қолмен қайта-қайта теріп отырғаннан горі ыңғайлы болар еді. Программаларды жасау осылайша басталады, жоғарыда айтылғандай дискіге жазылған командалардан тұратын файл нағыз прграмманың өзі болып табылады. Сонымен, прграмма дегеніміз командалардың реттелген тізімі. Программа үшін оған қандай командалардың кіретіндігі ғана емес, сонымен бірге олардың қандай ретпен берілетіндігі де маңызды.
Прграмманы арнайы дайындықпен өткен адамдар жасайды. Оларды программалаушылар деп атайды. Программаны қалай жасайды? – деген сұраққа жауап беру қиын. Программалаушыллардың шеберлігінің көптеген құпиялары бар, бірақ олардың бәрі мына төмендегідей екі нәрсені пайдаланады:
• программалау саймандары
• программалар кітапханасы
1. Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, Л. Н. Кафтункина – Информатика-9, 2005 ж.
2. С. В. Симонович – Информатика. Базовый курс., 2001 ж.
3. В. В. Егоров, В. А. Криворучко, Н. Н. Шпигарь – Visual Basic для студентов и школьников., 2007 ж.
4. М. Мансұрова – Компьютерлік орта., 2004 ж

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесінің тиімді
шешілмеуі.

2. Реттеуші экологиялық заңдар мен тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнынын,
сәйкессіздігінің нәтижесінде құқық нормаларының декла-рациялық сипат
алуы.
3. Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң
нәтижесі.

Экологиялық қауіпсіздікті нығайтудың құқықтық негіздері

Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ әрі күрделі тарихы
бар. Қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаларды қамтитын кешенді ұғым. Жалпы
қабылданған тұжырым бойынша, қауіпсіздік - белгілі бір нысанның сыртқы және
ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ал ол қатер бірнеше сипатта 3
болуы мүмкін. Солардың бірі экологиялық сипаттағы қатер.
Елбасымыздың тікелей қолдауымен бұл бағыттағы проблемаларды шешуге аса
көңіл 5 бөлінуде. Соның арқасында Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қазақстан
мемлекеті бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қойған,
экологиялық проблемаларды шешудің халықаралық деңгейдегі ұсыныстарына ие
субъекті. Мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеуге қабілеттілік таныта
алатын құқықтық қоры белгілі деңгейде қалыптасқан. Әсіресе, солардың ішінде
"Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ұлттық қауіпсіздік туралы", "Халықтың
радиациялық қауіпсіздігі туралы" және басқа да бірқатар заңдардың мәні зор.

Қоршаған ортаның қауіпсіздігі - ол тиісті ортаның антропогендік және басқа
да факторлардың қатерлі әсерінен қорғалуының жай-күйі. Демек, қоршаған
ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік - та-биғатты
тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу
нәтижесін құрайды. Дұрыс нәтижеге жету немесе адам баласының талабын
қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң
нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты.
Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген
мемлекеттің қатардағы адамдарының әл-ауқаты, ең алдымен оларды қоршаған
табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп
отыр. Бұл орайда ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында атап
айтылғандай, осынау қарапайым шындықты әр адамның түсінуі аса маңызды.
XX ғасыр ел қауіпсіздігінің ішінде әскери қауіпсіздіктің ба-сымдығымен
сипатталды. Ал, жаңа ғасырда ұлттық қауіпсіздік әскери емес факторлардың
әсерінің басымдығымен байқалуда. Солардың ішінде экологиялық фактордың
орны, әрине, ерекше.
Ұлттық қауіпсіздік еліміздің даму бағытындағы басым бағыттардың бірі.
Экологиялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық негізгі құрам
бөлігі.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1996 жылы 30 сәуірде Президенттің
Өкімімен "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы"
мақұлданды. Бұл экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйіне бағытталған алғашқы
арнайы құқықтық құжат болды. Бұл тұжырымдама экологиялық ахуалды жақсарту
үшін атқарылатын шаралардың басымдықтарын, шарттарын, негіздерін,
ерекшеліктерін, принциптерін, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді
белгілеп берді. Тұжырымдама аясында бірқатар құқықтық шаралар іске
асырылды. Дегенмен де аталған тұжырымдамада көрсетілген бірқатар құқықтық
шарапар іске асырылмай отыр:
1. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесінің
тиімді шешілмеуі. Дәлірек айтқанда, қоршаған ортаны қорғау органдарының
жергілікті атқару немесе басқа да органдардан тәуелсіздік мәселесі
шешілмейінше, бұл бағыттағы қандай да бір өзгеріс өз нәтижесін бермейді.
Жергілікті және орталық атқару органдары үшін экологиялық мүддеден
экономикалық мүдде басымдығы жоғары болып отыр. Бұған біздің заңдарымыз да
мүмкіндік береді. Заң ешқашанда өздігінен жүзеге аспайды. Заңның орындалуы
оны талап етуші субъектінің әрекетіне байланысты. Сон-дықтан қоршаған
ортаны қорғаудың құқықтық негіздерінің тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнына
сай орындалуы, оған күштеуші негіз болатын мемлекеттік басқару
органдарынын, сәйкестілік жүйесінің қалыптасуына тікелей байланысты.
Бұл мәселелерді оңтайлы шешудің тиімді ұсыныстары мен теориялық қағидалары
профессор Д. Байделдиновтың еңбегінде ("Правовой механизм государственного
управления в области экологии". Алматы, 1998) өте жан-жақты тұжырымдалған.
2. Реттеуші экологиялық заңдар мен тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнынын,
сәйкессіздігінің нәтижесінде құқық нормаларының декла-рациялық сипат алуы.
Қандай да бір қоғамды заңға негіздеп құру, дамыту мүмкін емес. Керісінше
заң қоғам ерекшелігіне негізделіп, оның дамуына ықпал жасап отыруы қажет.
Бұл жерде сапа көрсеткіші тиісті қоғамдық қатынастардың реттелу нәтижесімен
бейнеленеді.
Заңның тиісті қатынастар ерекшелігімен үндесуі ғана тиімді нәтижеге қол
жеткізетіндігі ғалымдар тарабынан нақты тұжырымдалған. (Мухитдинов Н.Б.
Проблемы совершенствования природо-охранительного законодатель-ства и
правотворческий процесс. Алматы, 1997).
Әрқашанда тиімді заңдар болуы үшін, ол заң тиісті қоғамдық қатынастардың
ерекшеліктеріне сай мазмұнда болуы қажет. Сонда ғана құқықтық реттеу өз
нәтижесін береді, заңдар тиісті заңдық күшке ие болады.
3. Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң
нәтижесі. Бұл нәтижеге қол жеткізуде 4 экологиялық жауапкершілік
институтының алар орны ерекше.
Біздің құқықтық жүйеде экологиялық жауапкершіліктің көптеген жетілмеген
теориялық және практикалық мәселелері көп. Тиісті жауапкершілік көрсетілген
нормативтік актілердің өзі бағытталған құқық бұзушылардың мазмұнымен мүлдем
сәйкессіз. Әкімшілік жауапкершілік санкциялары өте жұмсақ тұрғыда
қарастырылған. Материалдық жауапкершіліктің тетіктері жетілдірілмеген.
Мұндай құқықтық база елдің экологиялық қауіпсіздігі мәселелерің шеше
алмайды.
Жауапкершілік нормалары басқа нормалардың іс жүзіндегі орындалу
мүмкіндігінің негізгі тетігі. Экологиялық заңдарды бұзудың салдарынан
келтірілген материалдық жауапкершілікті өтеудің басқа да заң бұзушылықтан
келтірілген материалдық жауапкершіліктен өзіндік ерекшелігі бар. Аталмыш
бағытта да соңғы кездері нәтижелі табыстарға жеткен теориялық зерттеулер
бар (Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот
арқылы өтелуі. Алматы, 2001).
Елдің экологиялық қауіпсіздігі, азаматтардың бұл құқықтарының сақталуы
-өркениеттіліктің ажырамас белгісі. Осыған орай жауапкершілік институтын
жетілдіру туралы бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, маңызды тұжырымдар
жасалған. Осы тұжырымдарды іс жүзіне асыру, заң шығару ба-рысында оны
пайдалану, яғни жоғарыда көрсетілген үш мәселенің құқықтық тұрғыдағы
міндеттерін шешу экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң
жетістіктері болар еді.

ХХІ ҒАСЫР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

Қоршаған органың тазалығы жалпыға ортақ проблема. Сондықтан да дүниежүзілік
қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге жалпы көпшілік ерекше деп қояды.
Өткен сенбі күні Шымкент қасындағы орталық саябақта осы мерекеге арналған
салтанат болып өтті. Салтанатта ауа, су тазалығы, жалпы қоршаған ортаны
қорғау проблемалары жайлы көптеген әңгімелер айтылды. Мұнда сондай-ақ
қаладағы түрлі мектептер, басқа да мекемелер өздерінде ұйымдастырылған
табиғи орталықтарда өсірген өсімдіктерінің үлгілерін әкеліп, көрме
ұйымдастырды. Басқа да мерекелік шаралар өтті. Халық аса көп жиналған
орталық саябақ сол күні ән-күйге бөленіп тұрды.
Алғашқы экология терминін -1886 жылы Австрия ғалымы, өсімдіктану және
жануартану ғылымдарымен терең айналысқан талантты биолог әрі дәрігер
Э.Геккель ағзалар мен оны қоршаған ортаның, яғни мекен-жайы немесе "тұрағы
Экос деп аталатындықтан бұл байланыстылықты зерттейтін ғылымды экология
деп атауды ұсынды. Сонымен, Экология дегеніміз тірі ағзалардың бір-бірімен
байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, табиғатты тепе-
теңдік заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп тұжырымдалды.
Дегенмен XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас жағында жаңадан биологиядан
өз еншісін алып шыққан экология ғылымы даңғыл, дара жолмен жүріп дамып кете
алмады. Бұл ғылымның қайта көтерілуі, оның қажеттілігі XX ғасырдың екінші
жартысынан басталған еді. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдарыстар мен
экологиялық алаттар жане онан туындаған экологиялык зардаптарға байланысты
экология ғылымының қажеттіліп-анық айқындала бастады. Түсініктірек болу
үшін тепе-теңдік зандылықтарын талқылап көрейік, Мысалы, сіз байқамай
аяғы.ңызбен бір жәндікті таптап тастасаңыз, онда сіз тепе-теңдік
заңдылығына зардап келтірдім, жер экологиисына жарә салдым, тіршілік
экологиясына өшпейтін тыртық танба қалдырдым деп түсінуіңіз керек. Себебі,
сіздің жаншып кеткен жәндігіңіз кейбір өсімдікгерді ұрықтандыратын болса,
онда олар ұрықтанбайды, өспейді. Болашақта жойылып, жоғалып кетуі мүмкін.
Олай болса сол өсімдікті азыққа айналдырған бір жануарлар түрі мен тобы
жоне олармен қоректенетін жыртқыштр тобы жойылады. Осылай экологиялық
зардаптың әсерінен қоректік тізбектік төменгі сатысынан бастап
продуценттер, консументтер және редуценттердің белгілі бір тобы жойылып,
жер бетінен жоғалады. Бұл жай түсінікті болу үшін келтірілген мысал, ал іс
жүзінде мұндай қасіретті тағдырлар күнделікті өмірде өте көп кездесіп,
тіршілігімізде кеңінен тарап отыр. Атап айтқанда, қазақтың киелі аңы
-киіктің адам өмірінде өте үлкен маңызы бар. Оның еті аса сіңімді, өте
жеңіл шипалы тағамға жатады. Терісі құнды шикізат. Киік мүйізінен адам
ағзасына күш пен қуат беретін, жандандыратын, көптеген ауруларға ем болатын
керемет дәрі - пантокрин алынады. Тіпті киіктің тұяғын отқа жағып, оның
күлін денеге жақса, теміреткі т.б. тері аурулары жазылып кетеді екен.
Осындай бағалы байлық, киелі киік бүгінгі күні құрып кету қаупінде тұр.
Оның жойылуына ықпал етіп отырған үлкен себеп, негізгі зардап - экологиялық
сауатсыздықтан туындауда. Кейінгі кезде жыртқыштармен күрестің мүлдем
жойылуына байланысты қасқырлардың шектен тыс көбейіп кетуіне жағдай
жасалынған. Қазіргі кезде елімізде қасқырлар саны 100 мыңнан астам екендігі
анықталды. Осыған байланысты жыртқыш пен оның жемтігі арасындағы қоректік
қарым-қатынас өзгеріп, экологиялық заңдылық бұзылған. Киік санының кемуінің
тағы бір себебі тұз қасқырларымен бірге адам қасқырларының қастандығы болып
отыр. Себебі киік мүйізі шетелге сатылып жатыр. Баюды көздеген экологиялық
сауатсыз саудагерлер оның мүйізін алу үшін еркек текелерін атып, олардың
санын күрт кемітіп жіберген. Бұл күнде киіктің әрбір 1000 ешкісіне 1-2
текеден ғана келеді екен. Экологиялық зандылыққа байланысты мұндай
қатынаста киік саны кемімесе, көбеймейді, жойылмаса, жоғарыламайды. Атап
айтқанда 1998-2001 жылдары киіктердің кем лақтағаны анықталды.
1999 жылы Табиғи росурстар және қоршаған ортаны қорғау мииистрлігінің
ұсынысымен киіктерді қорғау жөнінде Үкімет арнаулы қаулы қабылдады. Осы
қаулыны іс жүзіне асыру адамдардың саналылығы мен экологиялық сауаттылығына
байланысты жүргізіледі.
Қазақстан өзінің экологияльіқ проблемаларының күрделілігі жағынан ТМД
елдері мен Шыгыс Еуропзда алдыңғы орындарда. Негізгі қауіп-қатерлерге
қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфераның, жер бетіндегі және жер
астындағы сулардың, қоршаған ортаның өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарынан
шыққан қатты заттармен, химиялық және радиациялық улы заттармен ластануы
жатады.
Республика үшін ең қатерлі қауіп -қоршаған ортаның радиоактивті
элементтермен ластануы болып отыр. Бұрынғы КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік
кешендерінің Қазақстандағы 40 жыл бойғы бүлдіру іс-әрекетінің барысында
жүргізілген 470 ядролық жарылыс 19 млн. гектардан астам жерді шаруашылық
айналымнан шығарды. Бүгінгі күндері Атырау, Маңғыстау т.б. жерлермен қатар
Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандары радиоактивтермен ластанудың
жекелеген ошақтарына айналғаны белгілі.
Соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануына байланысты көптеген ауру түрі
пайда болды. Соның ішінде бұрыннан белгілі рак пен аллергия секілді
дерттермен қоса адам ағзасының иммунитетінің әлсіреуі, сондай-ақ бұрын
белгісіз сырқат түрлері өтек алды. Әсірсе әйелдердің кемтар бала тууы
жиілей түсті.
Адам құрлық бетінің 55% ланшафтын өзгеріп жіберді. Осының салдарынан кен
қазылған жерлерді өндіріс қалдықтары басыптың далалар эрозияланып көптеген
жерлер сортандалып, батпақталып барады. Алғашқы қауымдық құрылыста
биосфераға шамамен 10 млн-дай адамның ант-ропогендік факторы әсер еткен
болса, бүл күнде 6 миллиардтан астам адам антропогеңдік факторды құрап
олардың әсері 500-600 есе артып отыр. Сондықтан экологиянын биотикалық
факторларының, оның ішінде айрықша айқындалып тұрған антропогендік
факторлардың маңызын терең түсінуіміз керек. Түсінбеген немесе
немқұрайлылық жасаған жағдайда экологиялық заңдылықтар бұзылады. Онымен
санаспау орны толмас олқылықтар туғызуы мүмкін.
XXI ғасырға алғашқы қадам басқан кезеңде мемлекетіміз ұсынып отырған жаңа
экологиялық білім бағдарламасы қоғамның барлық құрылымынан қолдау тауып
отыру керек. Экологияны жақтамау, экологиялық біліы бағдарламасын қолдамау
бұл болашағымызды болымсыздыққа, келешегімізді келеңсіздікке тартқылау
табиғат тағдырын тәлкек ету болып саналатыны сөзсіз. Сондықтан қоршаған
ортаны қорғайтын, табиғатты аялайтын экологиялык салауатты саналы
азамттарды тәрбиелеу әрбір жоғарғы оқу орындарының басты және негізгі
міндеті болып табылуы тиіс.

"Измаш, "Металлист", "Гаярия" тәрізді автомобиль жөндеу шеберханалары
ақаулы көліктерді жөндеп шығарарда олардың айналадағы қоршаған ортаны
ластамауын, табиғат қорғау зяңдылықтарын сақтауды да назарларына алулары
тиіс. Өкінішке орай автомашина жөндейтін шеберханалар бұл меселеге жете
көңіл бөлмей жүр. Көп ретте олар автомашиналарды тезірек жөндеп шығаруға
көңіл бөлгенде, ең маңыздысын, двигательдердің улағыш заттарды қаншалықты
мөлшерде шығаратындығын зерттей бермейді. Шеберхана басшылары жөнделген
машиналарды шығарарда осы мәселелерге назар аударғандары жөн.
Қала ішінде және оған кіріп-шығатын жолдарда таңертеңгілік және кешкі
уақыттарда көліктердің көбейетіндігі белгілі. Біз қала ішіндегі және сырт
жолдарындағы жекеменшік жеңіл автомашиналарды тоқтатып, тексеріп көрдік.
Тексерілген 258 автомобильдің 76-сы соңына қою түтін тастап сырғып бара
жатқан жерінен, яғнн ауаны ластап жүргені үшін тоқтатылып, иелеріне айып
салынды, ескертулер жасалынды.

Қоршаған ортаны сауықтыру бағытында тек қаланың өзінде жүргізілетін жұмыс
көп. Бір кездері жаппай қолға алынған автомобильдерді газбен жұмыс істеуге
көшіру мәселесі кейінгі кезде мүлдем тоқтап қалғандығы өкінтеді. Мұржасынан
от бүркіп тұратын зауыттарды қаладан жырақ салу кезінде бізде ескерілмей
қалған, "Қазір нарық қыспағынан бірқатар лауыт, кәсіпорын тоқтап тұр,
экологкялық ахуалымыз тәуір" дейміз. Бұл мәселенің бергі жағы ғана. Шын
мәнісінде қаламыз экологиялық жағынан толық сауығып кете қойған жоқ. Әлі де
болса қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындар көп. Бұл көктемде, күзде қаланы
тазарту, көгалдандыру кезінде декеріліс береді. Мекеме, кәсіпорындар кеңсе
маңайын ағаштан түскен жапырақтардан, қоқыстан тазартарда кез-келген жерге
үйіп, өртеп жатады. Кейде тіпті, түтіннен көз ашпайсыз. Бұған біз айтқан
автомобильдердің улы түтінін қосыңыз. Сонда қаламыздың көріктілігі,
тазалығы қайда қалмақ? Қазір қыс қаһарына мініп тұр. Көше жолдары бірде
ашық, мұзды, тайғақ. Соған қарамастан көшеде әрі-бері зулаған неше түрлі
автомобильдерден көз сүрінеді. Олардың ішінде соңына қою, қара улы түтінді
аямай-ақ қалдырып бара жатқандары қаншама. Әрине, солардың барлығы жинала
келе атмосфераны уландыруға едеуір себепші болары анық. Ал мұны болдырмау
үшін жекемеменшік, мейлі, кәсіпорындыкі болсын, автомобильдердің улағыш
түтін шығармауына көңіл бөлуіміз керек. Бұл — ортақ міндет.

Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары
Қоршаған ортаны қорғау келесі екі ережеден тұрады:
• ғылыми экологиялық принциптерді тұжырымдайтын орындалуға міндетті
заңдар түрінде құқықтық қорғау;
• табиғатты қорғау қызметін экономикалық тиімді жасауға тырысатыны үшін
өнеркәсіптерді материалдық ынталандыру.
Экологиялық құқық ұғымы — бұл қоғам мен табиғат арасындағы қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Экологиялық қатынастар тек
экономикалық құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да,
мысалы, жер, су, орман және т.б. салаларымен реттеледі.
Экологиялық құқық ұғымы заң ғылымдарының саласы ретінде XX ғасырдың 80-ші
жылдарында пайда болды. Қазіргі кезде бұл негізгі үш бөліктен тұрады:
1. Экологиялық құқық үшін маңызды, институттар мен ережелерге қатысты
жалпы бөлім; экологиялық құқық пәні, әдістері, экологиялық құқықтық
қатынастар, табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғатты пайдалану және
оны реттеу құқығы, экологиялық сараптама, экологиялық құқық бұзу үшін
заң бойынша жауапкершілік.
2. Жерді, атмосфералық ауаны, жер қойнауын, ормандарды, жануарлар әлемін,
ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу
сияқты бөлімдерден тұратын негізгі бөлім.
3. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық құқықтары мәселелері
туралы арнайы бөлім.
Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшелігі - әкімшілік-құқықтық
әдіспен әсер етудің басымдығы.
Олай дейтініміз, екі жақтың (азаматтық-құқықтық әдіске тән) заңды түрде тең
еместігі, билік пен бағынушылықтың қатынасы. Мұндайда осы қызметті заң
талаптарына сәйкес жүргізуі керек және қоғам мен азаматтардың мүддесін
білдіруі қажет табиғат қорғау органдары билікке ие болып шығады. Соңғы
кезде экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу саласында, экономикалық
немесе қаржылық механизм арқылы әсер етудің ролі арта бастады.
Қазақстан Республикасының конституциясы - экологиялық құқықтың негізгі
көзі. ҚР конституциясына сәйкес, әрбір адам жанға жайлы қоршаған ортаға,
сондай-ақ экологиялық құқық бұзу арқылы адамның денсаулығына немесе дүние
мүлкіне әкелетін зардаптар, қоршаған ортаның жағдайы және шығынды өтеуі
туралы анық ақпараттар алуға құқылы.
Қазақстан Республикасында жер және басқа да табиғи ресурстар сол
территорияда өмір сүретін халыктардың тіршілік негізі. Егер де қоршаған
ортаға зиян әкелмейтін болса және басқа адамдардың құқықтары мен заңды
мүддесі бұзылмайтын болса, онда жерді немесе басқа да табиғи ресурстарды
пайдалану олардың меншік иелерімен еркін жүргізіледі.
ҚР Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңы табиғатты қорғау заңдарының
міндеттерін анықтайды - табиғи байлықтарды және адамның табиғи тіршілік
ортасын сақтай отырып, қоғам мен табиғат арақатынастарын реттеу, адамның
шаруашылық тіршілігі барысында экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау,
қоршаған орта сапасының жақсаруы, қазіргі және болашақ ұрпақтар мүддесі
үшін құқық тәртібін сақтау және заңдылығын нығайту.
Әрбір азамат қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен - антропогендік әсерден,
авария, зілзала, табиғи апаттан өз денсаулығын қорғауға құқылы. Осы
құқықпен қамтамасыз ету механизміне - қоршаған ортаның сапасын жобалау және
нормалау, экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау, авария, катастрофа,
табиғи апаттарды ескерту және салдарларын жою жатады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында ведомствалық
санақты:
• жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау бөлімі бойынша - Энергетика
және минералдық ресурстар Министрлігінің геология және жер қойнауын
қорғау Комитеті;
• жерді пайдалану, құнарлығын қалпына келтіру және қорғау бөлімі бойынша
- Жер ресурстарын басқару Агенттігі ;
• су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, өзендер, көлдер, су
қоймаларын және басқа да жер үсті су көздерін сақтау және жақсарту
бөлімі бойынша - Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау
Министрлігінің су ресурстары бойынша Комитеті;
• автокөліктерден атмосфераға зиянды заттарды бөлуді қадағалау,
экологиялық полиция жұмысын ұйымдастыру бойынша - ішкі істер
Министрлігі;
• қоршаған табиғи ортаның санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтауды
қадағалау бойынша - Денсаулық сақтау Агенттігі жүргізеді.
Экологиялық жағдайды талдау үшін атмосфералық ауа мен су ресурстарының
сапалық құрамы туралы мәліметтер де пайдаланылады. Бұл мәліметтерді
Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау Министрлігінің Казгидромет
РМК-нің арнайы қызметі дайындайтын бақылаулары (мониторингі) нәтижесінде
алынады. Ауа мен су ресурстарындағы зиянды заттардың мөлшері жөнінде
алынған мәліметтер бойынша атмосфераның ластану индексі (АЛИ) және судың
ластану индексі (СЛИ) есептелінеді.

Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдар
Ресурстар мен обьектілер Заңдар:
Жер Жер туралы
Жер қойнауы Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану, Мұнай туралы
Су Су кодексі
Жердің озон қабаты, атмосфералық Атмосфералық ауаны қорғау туралы
ауа және климат
Ормандар Орман кодексі
Жануарлар әлемі Жануарлар әлемін пайдалану, қайта
өндіру және қорғау
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарЕрекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды заңды түрде
реттеуді талап ететін мемлекеттік басқару мәселелері
Мемлекеттік басқару мәселелері Заңдар:
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Азаматтар денсаулығын
қорғау туралы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи Қылмыстық кодекс,
ресурстарды пайдалану саласында бақылаулар Әкімшілік кодекс
Азаматтық кодекс, Кедендік кодекс туралы,Экологиялық сараптама,
Мемлекеттік шекара туралы Экологиялық сараптама
туралы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты Лицензиялау туралы
пайдалану саласы бойынша жұмыстарды
лицензиялау
Экологиялық білім және тәрбие, Басқару Білім беру туралы,
орғандары мен халықты нақты, анық экологиялықМемлекеттік статистика
ақпараттармен қамтамасыз ету туралы
Төтенше экологиялық жағдай Табиғи және техногенді
сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы

[1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

1. ↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

ҚОЛАЙСЫЗ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН ЗИЯННЫҢ ОРНЫН
ТОЛТЫРУ







Орналастырған: admin Уақыты: 15.12.2008 Оқылуы: 7400
Конституциямыздың 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырды, оның ең қьмбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары. Адамның ең қымбат құқықтарының бірі - қолайлы қоршаған
ортаға құқық, оны Конституцияның 2-бабынан көруге болады: Мемлекет адамның
өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп
қояды.1 Негізгі заңымыздың бұл нормасы, мүлдем сақталмайды деп айтуға
болады. Европада өткен БҰҰ-ң сессиясында, Қазақстанның демократиялық елдер
қатарына жатпайтындығы туралы қорытынды берілген болатын, оның басты
себебі. адам кұқықтарының сақталмайтындығымен байланыстырады.

Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен
сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және
пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті.
Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды
ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқықбұзушылық үшін
жауапкершіліктің болмауы. және т.б.
Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен
кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды
қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ
алаңдарын, Байқоңыр ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш,
Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік
кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан
территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің
территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып
жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай
жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. 2 Мысалы: Атырау облысын алатын
болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті.
Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде қоршаған орта мен адамдарға қауіпті жаңа
фактор қалыптасты, ол электромагниттік толқындар. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп
тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Элекетроманшеттік өрістер барлық
тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам
организміне өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық
зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв
жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары
анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп
өткізілген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің
әсерінен жүздеген аурулар түрлерінің жаппай таралуы анықталған және
қалаларда өзін-өзі өлтіру фактілері көптеп тіркеле бастаған. Себебі,
электромагниттік өрістер адамның ми құрылысша өте қатты әсер ете отырып
дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік
өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде
қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі
қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан. Су объектілеріне
антропогендік салмақ пен оларды қалпына келу қабілетінің арасындағы
теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде барлық ірі өзен
бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті
қаржыландырмау су объектілерінің барынша ластануына әкелді. Қазақстан
халқының 70% санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін суды
пайдаланып отыр, ол судың көп бөлігі тіпті шаруашылық мақсаттар ішін
пайдалануға келмейді. Суға тасталатын өндірістік қалдықтардың мөлшері аса
үлкен масштабтарға жетті. Оған Ертіс өзені мысал бола алады, ондағы кейбір
улы заттардың мөлшері нормадан 100-150 есе артық. Қазіргі кезде Қазақстан
халқының біраз бөлгі тіпті жануарлар ішпейтін суды ауыз-су ретінде
пайдаланып отыр. Қанша десек те сол суларды ластап отырған өндіріс
орыңдарының саны азаюдың орнына,
керісінше, одан әрі өсіп келе жатыр. Оның себебін жауапкершіліктің жоқ
болуымен сипаттауға болады, олардың көбісі аз мөлшердегі айыпты төлеу
арқылы және басқа да жолдармен кұтылып жатады. Экологиялық қауіпсіздік -
жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған
ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден
корғалуының жай-күйі. Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің жай-
күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды,
ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін,
табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін
орта. Қоршаған орта саласында адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық
құқықтық актілер ретінде шарттар, конвенциялар, халықаралық ұйымдардың
келісімдері, декларациялар және т.б. болып табылады. Жалпы алғанда,
Қазақстан олардың жиырма шақтысына қол қойды, бірақ олардың әрекет етіп
жатқанын көре алмай отырмыз. Қоршаган ортаға байланысты Рио-де-Жанейро
декларациясында экологиялық сұрақтарды барлық мүдделі адамдардың қатысуымен
қарау керектігі айтылған сондай-ақ адамдарға келтірілген зиянның орны
міндетті түрде толтырылуы керектігіне ерекше көңіл аударылған. Осы
декларацияның 13-қағидасында: Мемлекет экологиялық зиян қызмет нәтижесінде
және басқа да ластаудың салдарынан келтірілген зардаптардың алдан алу үшін
компенсация көзделетін заңдар дайындау керек, - делінген.3 Алайда, қазіргі
таңда елімізде аталған қатынастарды нақты реттейтін заңның жоқтың қасы, тек
жекелеген қысқа нормалар ғана бар, Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексінін 9-бабында:
Азаматтардың келтірілген зиянның толығымен өтілуіне құқықтары бар. –
деген норма бекітілген, бірақ бұл нормаға тек ақшалай түрде бағалауға
жататын бөліктер ғана кіреді. Ал сонымен қатар ақшамен бағалау мүмкін емес
зиянның бар екені белгілі, мысалы, гендік сипаттағы зардаптар, мүгедектік,
денсаулығынан айырылу моральдық зардаптар, адам психикасында көрініс
табатын факторлар және т.б Сондықтан. материалдық орнын толтыруға жатпайтын
зияндарды да құқықтық реттейтін нақты механизм қажет.
Қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттың дұрыс көлемде берілмеуі құпияда
ұсталынуы, адамдарға келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға кедергі
келтіріп отыр.
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу
туралы Орхус конвенциясының 4-бабында: қазіргі және болашақ ұрпақтардың
әрбір адамның, оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы қоршаған ортада
өмір сүру құқығын қорғауға жәрдемдесу үшін қолайлы қоршаған ортада өмір
сүру құқығын қорғауға, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың
шешімдерін қабылдау процесіне қатысуы, қоршаған ортаға қатысты мәселелер
бойынша сот әділдігіне қол жеткізу құқығына кепілдік береді, - деген норма
бекітілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына көрсетілгендей.
адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен
жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп
соғады. Мұндай құқық бұзушылық үшін 2003 жылы қылмыстық іс қозғалған жоқ
деп айтса да болады. Бұл нені көрсетеді? Әрине құқық қорғау органдарының
әрекетсіздігі мен парақорлығы. Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс
істейтін мамандардың айтуынша, Қазақстанда бұл салада парақорлық ерекше
дамыған. Бұл жерде зардап шегетін кім? Тағы да қарапайым халық. Пайда
табатын кім? Қазақстанның бетке ұстар мемлекеттік қызметкерлері.
Еліміздегі қоршаған ортаны қорғау - өткір мәселелердің бірі және ол дереу
шешімді талап етеді. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы тіпті
күннен күнге нашарлауда және ол ең алдымен халықтың денсаулығы мен өміріне
өте үлкен залалдар әкелуде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жыл сайын беретін қорытындысына
сүйенсек, дүниежүзінде тек ауаның ластануынан қайтыс болатын адамдардың
саны, автомобиль апатынан қаза болатын адамдардың санынан асып отыр.
Атмосфералық ауаға тасталатын зиянды газдардың үштен бір бөлігін тасымалдау
көліктерінен шығатын газдар құрайды. Әрбір жеңіл көлік жылына ауаға 12-13
тонна улы заттар тастайды. Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық өндірістік
компаниялар, елдегі атмосфералық ауа мәселесін одан әрі өршіте түсті.
Мысалы, Қазақмыс, Испат-Кармет ірі компаниялары Қазақстан бойынша
ластаушы ошақтарды құрайды.4 Ауаға тасталатын улы заттардың мөлшері апаттық
жағдайға әкеліп отыр. Жезқазған қаласының әрбір тұрғынына 6 тонна, Балхаш
қаласында 7-8 тонна, Қарағанды қаласында ол көрсеткіш 5 тоннаны құрайды
екен. Соған қарамастан бұл компаниялар экологиялық салықтардан жиі
босатылады және өте аз мөлшерде айып салынады екен. Осы факторлардын әсер
етуінен өндірістік қалаларда аурулардың белгісіз түрлері тараған.
Адамдардың өмір сүруінің орта жасы бірден төмендей бастаған, сонымен қатар
өлім саны да кенеттен өсіп кеткен. Мамандардың дәлелдеріне сүйенсек,
қазіргі кезде халық шегіп отырған зардаптар болашақта бірнеше ұрпактарға
үлкен кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның денсаулық сактау ұйымының хабарлауынша республикамызда әртүрлі
улы ғаздардан зиян шеккен адамдарды емдеп, денсаулықтарын калпына келтіру
үшін бірнеше миллиард тенге қаражат керек, дегенмен, бұзылған денсаулықты
қайтадан бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес.
Қолайсыз қоршағаң ортамен келтірілген зиянның орнын толтыруға негізделген
нормаларды бірнеше заңнан көруге болады, олардың әрқайсысына жеке тоқталып
өтсек, Халыктың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы 2001
жылы 4-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес (1 -
бабы), адамның тіршілік етуіне қолайлы жагдайлар деп - тіршілік ету ортасы
факторларының адамға зияңды ықпалы жоқ кездегі жай-күйді айтқан. Сонымен
қатар, азаматтардың денсаулығын сақтауға, тіршілік етудің қолайлы
жағдайларына және санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары
мен міндеттерін іске асыру, тіршілік ету ортасы факторларының халық
денсаулығына зиянды әсер етуінің алдын алу мақсаты көрініс тапқан. Осы
заңның 18-бабында адамның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыгы
саласында құқықтары бекітілген:
- адамның және оның келешек ұрпағының денсаулық жағдайына теріс әсер
етпейтің факторлары бар қолайлы тіршілік ортасына;
-халықтың сантирлық – эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан
Республикасының заңдарын бұзу салдарынан басқа жеке адамдардын жеке
кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың кінәсінен олардың денсаулығына немесе
мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға құқықтары бар.5
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтары 20 млрд. тоннадан асып
кетті, оның ішінде 7 млрд. тоннасы улы заттарды құрайды, әрі олардың ұлғаю
үрдісі байқалуда. Мамандардың зерттеу жұмыстарынын қорытындысы бойынша,
Қазақстан территориясының радиоактивтік ластану дәрежесі, Чернобыль АЭС-да
болған апатының салдарынан территорияның радиоактивтік ластанған
дәрежесінен 1,5-2 есе артық. Бұл мәселе қолайлы қоршаган ортаны қамтамасыз
ету жұмысын одан әрі шиеленісе түсуіне себепші болып отыр.
Экологиялық сараптама туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылы 18 –
наурызда қабылданған заңының 3-бабында, жоспарланып отырған басқарушылық,
шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына әсерін жан-жақты ғылыми негізделген талдау және бағалау
міндеті көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республиқасының 1997 жылы 15
шілде қабылданған заңына сәйкес адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың
басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны
сақтау және қалпына келтіру қағидасы бекітілген. Ал 5-бабында: Әрбір
азаматтың және Қазазақстан Республикасының аумағында туратын азаматтығы жоқ
адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өмірі мен денсаулығына қолайлы
қоршаған ортаға, оның жай күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны
қорғау туралы заңдарың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне
келтірілген залалды өтеуіне құқығы бар, - делінген.7
Экологиялық қауіпсіздік - мемлекеттің стратегиялық компоненті және
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.Экологиялық
қауіпсіздік ең аллымен тұлғаның қоршаған ортаға антропогендік әсер етуден,
оның зарлаптарынан, апаттардан қорғалғандығымен анықталады.
Мемлекет бізді қаншалықты қорғайды? Бізді қоршаған орта қаншалықты
қауіпсіз?
Нарықтық қатынастарға араласа алатын дамушы мемлекет ретінде, елдегі
өнеркәсіп пен өндірісті дамытуда мақсат етіп қоя тұра, халыктың өмір
сүруіне қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету керектігін ұмытпаган жөн.
Бізден кейінгі ұрпақтардың бар екенін және олардың лайықты, таза табиғи
ортада өмір сүруіне жағдай жасау әр азаматтың міндеті және азаматтық
борышы. Дүние жүзі мамандарының пайымдауынша, Қазақстанда шоғырланған
табиғи ресурстар елдің дамуын керісінше тежеуде және оларды пайдаланғаннан
пайдаланбаған артық, әрі қауіпсіз.
Сонымен, жоғарыда қарастырылған өзекті мәселелерді қарастыра келе
адамдардың денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін төмендегідей
негіздер бар деп тұжырымдауға болады:
- белгілі бір аумақтағы қоршаған ортаның ластануы туралы акт құрастырылып,
онда судағы, топырақтағы, ауадағы және т.б. жердегі зиянды заттардың
концентрациялық мөлшері көрсетілуі тиіс;
- медициналық растау құжаты, онда денсаулыққа келтірілген зардаптың
дәрежесі, мөлшері және басқа да көрсеткіштерді айқындау қажет;
- медициналық-әлеуметтік сараптама қорытыңдысы, онда зардап келтірген ошақ
пен зиян шеккен адамның арасындағы себептік байланыс көрініс табады.
- экологиялық құқықбұзушылық нәтижесінде келтірілген залалдардың көлемін
материалдық есептеу үшін зардап шеккеннің еңбек қабілеттелігін жоғалту
дәрежесі, емделу және денсаулыққа келтірілген шығынның көлемі, лажсыз
жіберілген уакыты, мекен-жайының немесе өмір сүру жағдайының өзгеруіне
байланысты туындаған қолайсыздықтар, мамандықтың өзгеруі, моральдық және
т.б. залалдардың келтірілуі міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
Сондай-ақ қазіргі кезде колайсыз қоршаған ортамен келтірілген зиянның орнын
толтыру туралы келіп түсетін талаптардың саны практикада аз байқалады, олар
бойынша соттардың шешім шығару фактісі де өте аз кездеседі. Қазақстанда
осындай жағдайдың қалыптасуына бірнеше себептер бар:
- бұл саладағы істер бойынша дәлелдер жинау қиын, сондықтан, соттар
талаптарды қараған уақытта оларға сескенушілікпен қарайды. Себебі,
Қазақстанның көп жерлері кешенді ластауға ұшыраған, ондай жағдайда нақты
зиян келтірген қайнар көзді анықтау мүмкін емес деп айтса да болады;
- бұл салаға қатысты талаптарды қарастыруда, шешімдер шығаруда тәжірибенін
жоқтығы.
- экологиялық зардаптар бойынша экологиялық құқық бұзушылықтардың құрамын
толық ашу қиынға соғып отыр. Өйткені, орын алған құқық бұзушылық әрекет пен
оның зиянды салдары арасындағы себепші байланысты анықтау мүмкін емес.
- азаматтарда экология саласындағы құқықтық сананын қалыптаспауы.
- Қазақстаңда адамдардың экологиялық құкықтарын қорғаудың
қаржыландырылмайтындығы. Мысалы, экологиялық, медициналық, санитарлық –
эпидемиологиялық сараптамаларды толық түрде жүрізу үшін көп мөлшерде
қаржылар талап етіледі.
Аталған факторлардың әсерінен Қазақстан Республиқасында қолайсыз қоршаған
ортамен келтірілген зиянның орнын толтыру үшін көзделетін компенсацияларды
төлеу әлі күнге дейін қалыпты дәрежеде жүзеге аспай отыр.
Тек қана қоршаған ортанын қалыпты дамуын құқықтық деңгейде қамтамасыз ету
арқылы адамдарға лайықты қоршаған орта тудыра аламыз. Елімізде қоршаған
орта саласында заңдардың жетілмегендігі халықтың денсаулығы мен өмірінде
теріс көрініс табуда. Адамдар қорғаусыз қалғандықтан мемлекетке ешқандай
сенім білдірмейді, яғни болашақтан үміт үзеді. Сондықтан да осы мәселелерді
шешу мақсатында денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толық көлемде толтыру
үшін арнайы заңдар қабылдау қажет, моральдық зиянның орнын толтырудың
құкықтық механизмі ретке келтірілуі тиіс. Ал, экология саласында жасалған
қылмыстар міндетті түрде қатаң жазалануы керек және онын нәтижесінде зардап
шеккен адамдарға компенсация төленетін болса, жағдайдың өзгеретіні сөзсіз.
Демек, қоршаған ортаға құкықтың сақталуы, халықтың, ұлттың, жалпы
мемлекеттің өркендеуіне шексіз мүмкіндік ашады.

Атырау облысының мамндандырылған ауданаралық экономикалық сотының
бас маманы Лаура Ахметова

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы.2000 ж.
2. Садыкова А. Конституционное право гражданина на благоприятную окружаюшую
среду. ҚазМҰУ - ң хабаршысы - 2002 - №3 -112- бет.
3. Декларация по окружающей среде и развитию. Рио-де-Жанейро, 14-маусым
1992жыл.
4. Галямова З. Право человека на благоприятную окружаюшую среду (право на
возмещение ущерба причиненного здоровью неблагоприятной окружающей средой
Сборник статей слушателей юридического университета-1998 жыл -27-28 бет.
5. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан
Республикасының заңы, 4-желтоқсан 2002 жыл.
6. Куратов С. Права человека и радиоактивные отходы Правовая реформа в
Казахстане - 2002 №1 -54-бет.
7. Қоршағаң ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы, 15-шілде
1997 жыл.

“Алгоритм” ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 3 Октябрь 2011 – 16:46Пікір жоқ
Бұл мақала 160 рет оқылды, 4 рет бүгін

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы Байқадам атындағы орта мектебі
Математика, информатика пән мұғалімі Сейтқазиев Жанат Тұрарұлы.

Сабақтың мақсаты:
білімділік: – Оқушылардың “алгоритм” ұғымын талдау
және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын
қалыптастыру.
- Алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок схема құру.
дамытушылық: – Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылықтарын
арттыру, шығармашылыққа баулу.
- Оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру.
тәрбиелік: – Оқушыларды жүйелілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Адамдармен қарым-қатынас жасау
қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, блок схема көрсетілген
плакат.
Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы.
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, демонстрациялап түсіндіру, есеп шығарып,
жауабын алу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Сынып тазалығына назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпқа сұрақ:
• “Алгоритм” ұғымы.
• Алгоритмдерге мысал келтіру.
• Алгоритмнің қасиеттері.
• Алгоритм түрлері.
• Алгоритмді өрнектеудің тәсілдері.
• Блок схема туралы не білеміз.
ІІІ. Алгоритм құруға есептер шығару.
Балалар, біз өткен тақырыптар бойынша біраз нәрсені еске түсірдік енді
сабағымыздың негізгі бөліміне келейік. Сендерге 6 сыныптан математика
пәнінен Пропорция тақырыбы таныс. Кәне, пропорция дегеніміз не ?
Жауап:  Пропорция деп екі тең қатынасты айтамыз.
Енді балалар осыған алгоритм құрып көрелік.
Бір оқушы тақтаға орындайды, қалғандары дәптерге жазады.
алг Пропорция
басы
егер екі қатынас тең болса
онда пропорция деп аталады
әйтпесе аталмайды
бітті
соңы
Балалар осы есептің блок схемасы қалай болар екен. (Бір оқушы тақтаға
орындайды)

Бір оқушы есепті Паскаль тілінде осы есепті орындайды.
Жауабы: (114)(32-25)+(34+56)(196) :
Бұл мысалдарда алгоритм, аргумент (арг) пен нәтиже (нәт) ескерілмей
(күрделенбеу үшін) жазылып тұр. Бірақ меншіктеу командасын, аралық
шамаларды пайдаланып тұрмыз .
Бұл шаманы жүзеге асыруда блок-схеманың көп көмегі бар деп есептеймін.
Жалпы геометрия курсын оқытуды көрнекіліксіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Мысалы, 8-ші сынып геометриясындағы Төртбұрыштар тақырыбын алайық. Осы
тақырыпты схема түрінде салсақ оқушыларға ұғынуға жеңіл екені түсінікті .
Бір оқушы есепті Паскаль тілінде осы есепті орындайды.
Жауабы: (114)(32-25)+(34+56)(196) :
Бұл мысалдарда алгоритм, аргумент (арг) пен нәтиже (нәт) ескерілмей
(күрделенбеу үшін) жазылып тұр. Бірақ меншіктеу командасын, аралық
шамаларды пайдаланып тұрмыз .
Бұл шаманы жүзеге асыруда блок-схеманың көп көмегі бар деп есептеймін.
Жалпы геометрия курсын оқытуды көрнекіліксіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Мысалы, 8-ші сынып геометриясындағы Төртбұрыштар тақырыбын алайық. Осы
тақырыпты схема түрінде салсақ оқушыларға ұғынуға жеңіл екені түсінікті .

Бұл схеманың өзі блок-схема жазуға сұранып тұрғанын көреміз. Ал әрқайсысын
бір көмекші алгоритм түрінде жазуға болады.
Мысалы:
алг Ромб
басы
егер параллелограмның  барлық қабырғалары тең болса
онда Ромб деп аталады
әйтпесе аталмайды
бітті
соңы
алг Квадрат
басы
егер тік төртбұрыштың барлық қабырғалары тең болса
онда Квадрат деп аталады
әйтпесе аталмайды
бітті
соңы
Үшіншіден, жоғары сыныптарда (10-11) көптеген есептерді бірден алгоритм
тілінде шығарып, қосымша ЭЕМ-ге есептеу үшін Бейсик тілінде программа
(бағдарлама) жазып кетуге болады.

Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олай болса заман талабына орай
математика мен информатика оқулығын біріктіріп жазу керектігі қажет
екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.

Ұқсас тақырыптар:

• VST – жоба жасау.
• И-11. сж. Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы.
• VB. Меню құру және бағдарламалау
• Ұстаздар шығармашылығы: Оқу процесін ұйымдастыруда әрекеттілікті
жүзеге асыру – оқушылардың өздігінен білім алуын қалыптастырудың
маңызды жағдайы.
• Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі
• Corel Draw векторлық графика. Авторлық бағдарлама.
• Информатика 9 класс. Календарно-тематический план (блочный вариант).
• 2-сабақ Алгоритмді график түрінде кескіндеу. Орындаушы ұғымы.
Орындаушының командалар жүйесі.
• Информатика 7-сынып. Айлық тест (жауаптарымен).
• Pascal тілінде программалау таңдау пәні бойынша авторлық бағдарлама

Оставьте комментарий

Click here to cancel reply
Начало формы
Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете
также подписаться на эти комментарии по RSS.
Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.
Аты-жөні (міндетті)
E-mail (көрсетілмейді) (міндетті)
Сайт (опция)
Алгоритм және оның қасиеттері

Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде
программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз
керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм
сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып
оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша
жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада
ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорианың объектісі ретінде
кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында
зерттеле бастады.
Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және
қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа
жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әректтер
жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені
алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін
анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі бір реттіліепен
бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритм және алгоритмнің қасиеттері
Алгоритм және оның қасиеттері туралы
Алгоритм және оның қасиеттері. Программаның көрінісі
Си тіліндегі циклдік алгоритм және циклдік алгоритмді бағдарламау
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Алгоритмдік тілдердің құрылымы
АЛГОРИТМНІҢ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІНДЕГІ РОЛІ
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Қазіргі информатика курсы дүние жүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс
Алгоритмдердің түрлері
Пәндер