Мұғалім шеберлігін күшейту арқылы оқу-тәрбие процесін басқаруда мотивацияның рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары және Орта оқу орындарында оқу тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі таңдаған мотивацияны күшейту

Көп жылдар тәрбиелеудің жұмысына зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Мұғалім әң алдымен, жоғары дәрежедегі тұрақты моральдык және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі оқушылардың оны мен жүрегіне жол тапқан, педагогикалық шеберліктің қыр сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:

  1. Білім дәрежесі
  2. Озық әдістемені меңгеру
  3. Мақсат бағыттылығы
  4. Ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі

Я. Коменский алғашқылардың бірі болып ұстаз қызметін мәртебелі деп бағалады. К. Ушинский мұғалімнің жеке басы жастар үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры, тәрбиешінің жеке басы бүкіл тәтбие ісі деп атап көрсетті. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші орында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушылардан іріктеп алудан бас тартып, олардыоқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, яғни оған дәм беру, себепші болу. Егер оқуға өздігі-мен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе-онда алдымызда бір-ақ жол бар:біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Мұндай сенімнің болуы педагогті оқушының дамып жетілуіндегі қандай да болсын ауытқудың орын алу себебін іздеуге мәжбүр етеді, сондай-ақ мектеп оқушыларының одан әрі жан-жақты дамуына әсерін тигізеді.

Уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілетін, ақыл-ой белсенділігін дамыту міндетін қойып отыр. Бұл оқытудың әдістерін жетілдіруді, кемелдендіруді көздейді. Әйтпесе балаларды оқытуға

өзгеріп отыратын жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған әректтердің жүйесі. Педагогтік біліктіліктің қызмет етуі білімдер мен дағдылар күйінде берілген тәжірибені қарқынды және мақсатқа бағыттай пайдалануға сүйенеді. Дағдылармен салыстырғанда біліктер өте өзгергіш және әрекеттерді саналы орындау, жасампаздыққа өту мүмкіндігін сақтау сипатында болады. Кез-келген басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалімге өз білімі мен жұмыс әрекетін жиі өзгертуге тура келеді. Сондықтан ол тек қана орындау жолдарымен ғана емес, педагогтік әрекеттердіжүзеге асыру әдістемесін қарулануы керек. Қазіргі мектеп мұғаліміне өз бетімен ойлай білу, өзгермелі күрделі жағдайларда жасампаз шешім қабылдау тән нәрсе. Бүгінгі таңда мұғалімнің қызметі оқушыларға білім беріп, тар шеңберде оларды бір нәрсеге үйретіп қою емес, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан санасын рухани құндылықтармен байыту, балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қажеттігін ояту, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ол үшін мұғалім оқушылар бойына сіңдіретін сапаларын өз бойына да қалыптасуы шаршап-шалдықпайтын және самарқаулықтан аулақ, ісін сүйетін, өзінің жасампаздық күш-қуатын үнемі арттыратын болуы керек.

Үздіксіз іздену-мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен байланысты. Демек сапалы, тиімді әрі нәтижелі жүргізген әрбір сабақ-ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Мұғалім өзінің кәсіптік даярлығында пәндерді оқыту барысында оқушылардың ой-өрісін дамытуға баса назар аударады. Сабаққа материал жинақталған кезде бұл жағдай әдістеме мәселесімен байланыстырылады. Мұның өзі оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына, ғылыми ұғымдар жүйесінің, заңдылықтар мен ғылыми дүниетанымның қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің табысты болуы мектеп ұжымының еңбек пен қоғамдық өміріне қаншалықты тез араласып кетуіне және еңбек іс-әрекетінде өздерінің кәсіби қызметтерін қаншалықты нәтижелі орындай алуына байланысты. Өйткені қазіргі өмірде болып жатқан өзгерістер оқу орындарындағы қызметке жаңаша қарауды талап етеді. Ол өз кезегінде сапалы, білімді, дарынды, белсенді, мәдениетті болуды және қандай қиындық болсын төзіп жұмыс істей алатын кадрларды қажет етеді.

Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күш ретінде, барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелілігіне үлкен әсерін тигізді. Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстарға арналған.

Мотивацияға байланысты ғылыми зерттеулер бір-біріне қарама-қарсы теориялық концепциялармен, әр түрлі әдістемелік бағыттармен, зерттелетін құбылыстардың көп мағыналығымен сипатталады. Кез-келген іс-әрекет белгілі бір дәрежелер, талаптар негізінде жүзеге асады. Оның нақты жүйесі, құрылымы, негізгі және қосымша элементтері болады және ол белгі бағытта ұйымдастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мәртебесін арттыруда оқу-тәрбие процесін ізгілендірудің рөлі
Мектепті басқару және оқу-тәрбие процесін жоспарлау жолдары
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқарудың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Мектептің оқу-тәрбие процесін жоспарлаудың кезеңдері мен ұйымдастыру негіздері
Шағын мектептерде сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқу-тәрбие үрдісін біріктіру және эстетикалық-танымдық тәрбиені күшейту
Мұғалім мамандығы: міндеттері мен оқу-тәрбиe процесінің педагогикалық-психологиялық негіздері
Шағын жинақталған бастауыш мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру: оқу-әдістемелік кешен
Мектептің оқу-тәрбие процесін басқару: қағидалар, басшылық талаптары және ұйымдастыру
Мұғалім мен сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі ұстанымдары мен міндеттері
Мұғалім бейнесі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыру: жаңа формация және педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz