Халықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Халықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам»

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І-Тарау. Халықаралық валюталық қатынастар . . . 4-20

1. 1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы . . . 4-9

1. 2. Валюталық нарықтар . . . 10-13

1. 3. Валюталық бағам және валюталық “қоржын” . . . 14-20

ІІ -Тарау. Халықаралық валюта-несиелік институттары . . . 21-30

2. 1. Халықаралық валюталық қор . . . 21-23

2. 2. Дүниежүзілік банк . . . 24-25

2. 3. Еуропа қайта құру және даму банкісі . . . 26-27

2. 4. Азия және Ислам даму банкісі . . . 28-30

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында халықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай- ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық жүйенің басты элементі - бұл валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген. Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді. Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жылдық жолдауында Қазақстан Республикасының экономикасын дамына өзінің үлкен үлесін қосқанын айтқым келеді. Ол осы өзінің Жолдауында өте үлкен экономикалық, саяси және әлеуметтік даму стратегиясын халықына ұсынып отыр.

1. Тарау. Халықаралық валюталық қатынастар.

  1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай- ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда- бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -белгілі бір қоғамдық- экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда- бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы- дұниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элеметтерінен байқалады. (1-кесте)

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері. (1-кесте)

Ұлттық валюталық жүйе: Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзілік валюталық жүйе: Дүниежүзілік валюталық жүйе
Ұлттық валюталық жүйе:

1. Ұлттық валюта.

2. Ұлттық валютаның айналым

дәрежесі.

3. Ұлттық валютанын паритеті.

4. Ұлттық валюта бағамының

тәртібі.

5. Халықаралық валюталық

өтімділік.

6. Валюталық шектеудің болуы

немесе болмауы.

7. Халықаралық несиелік

айналыс құралдары, оларды

пайдалану ережелерінің

регламентациясы.

8. Елдің халықаралық есеп

айырысу регламентациясы.

9. Ұлттық валюталық нарық пен

алтын нарығының режимі.

10. Елдің валюталық

қатынастарын реттеуші және

қызмет көрсетуші ұлттық

органдар.

Дүниежүзілік валюталық жүйе:
  1. Халықаралық есептесу бірлігі, резевтік валюталар.
  2. Валюталардың өзара айналымдылығының шарты.
  3. Валюталық паритеттердің біртұтас режимі.
  4. Валюталық бағамдардың режимдерінің регламентациясы.
  5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу.
  6. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу.
  7. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың біртұтас ережесі.
  8. Халықаралық есеп айырысулардың негізгі формаларының біртұтастығы.
  9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтарының режимі.
  10. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға- елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің

билік ету позициясы;

- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекмелердің дамыған

торабы;

- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық

айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің

болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу.

Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР ( арнайы қарыз алу құқығы ) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп афырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ - Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олдардың шартты құны валюталық “қоржынға” кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық “қоржын” 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық “қоржын ” бес вадютадан тұрады (1. 01. 1991 ж. Жағдай бойынша ) : АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

  • “еркін пайдаланылатын валюта”, яғни халықаралық есеп айырысуларда

және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен

қолданылатын;

  • валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің

валюталары;

  • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын

валюталары.

Валюталық паритет -бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу обьектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930 ж. ) сәйкес жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - бұл валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүе, 1979 ж. наурыз) .

Валюталық жүйнің даму кезендері өндірістің, дүниежүзілік нарықтын, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарады.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезендерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1994 ж. Бреттон-Вудстағы (АҚШ ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

- алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт стерлингке )

негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленді.

Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда сақталып, ал

Ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31, 10352 г (1934 ж. ) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

- валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім-шарттарға

бағынды;

- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,

паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсаиымен

іске асты;

- валюталық бағамдардық режимі белгіленді (-0, 75% немесе +0, 75%

паритеттен ауытқуға болды) .

60- жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады.

Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:

  • СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырсуларды көбірек пайдаланды (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі -40%, ресми валюталық резервтерде - 60 %-ға жуық) . Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негізінде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;
  • Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
  • валюталық бағамдар режимін тандауға құқық берілді (1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді) ;
  • ХВҚ арқылы мемлектаралық реттеу күшейді.

Сонымен айтқанда, дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады: 1) жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. ЭКЮ -дің нарықтық құнының есебі 2- кестеде берілген.

Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Валюталық бағамдардың режимдері бойынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негізінде өзара ауытқу шегінде бнлгіленген, жаңа мүшелер үшін -6% немесе +6% және басқа жағдайларда -2, 25% немесе +2, 25%. Еуропаның орталық банктері белгіленген ауытқулар шнгінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргинальдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылады.

ЭКЮ-дің нарықтық құны. (2-кесте)

Валюталар: Валюталар
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы:

Валюталар қоржын-

Ындағы валюталардың үлес салмағы

АҚШ долларының бағамы: АҚШ долларының бағамы
USD/ЭКЮ бағамы: USD/ЭКЮ бағамы
Валюталар: DEM-DM
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 6242
АҚШ долларының бағамы: 1, 6798
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 371592
Валюталар: GBP
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 08784
АҚШ долларының бағамы: 1, 6798
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 371592
Валюталар: FRF-FF
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 1, 332
АҚШ долларының бағамы: 5, 6450
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 235961
Валюталар: ITL-Lit
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 151, 8
АҚШ долларының бағамы: 1234,
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 123015
Валюталар: NLG-hfl
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 2198
АҚШ долларының бағамы: 1, 8915
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 116204
Валюталар: BEF-bfr
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 3, 301
АҚШ долларының бағамы: 34, 7750
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 094925
Валюталар: LUX-lfr
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 130
АҚШ долларының бағамы: 34, 7750
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 003738
Валюталар: DKK-Ir
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 0, 008552
АҚШ долларының бағамы: 1, 5961
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 013650
Валюталар: GRD-Dr
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 1, 440
АҚШ долларының бағамы: 163, 30
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 008818
Валюталар: ESB-Pta
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 6, 885
АҚШ долларының бағамы: 106, 52
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 064636
Валюталар: PTS-Esc
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы: 1, 393
АҚШ долларының бағамы: 148, 974
USD/ЭКЮ бағамы: 0, 009351
Валюталар:
Валюталар қоржын-Ындағы валюталардың үлес салмағы:
АҚШ долларының бағамы:
USD/ЭКЮ бағамы: 1, 216364

Одақты құрудың мақсаты - ЕО шегінде тауаллар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:

- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің

1, 5%- нан аспауы тиіс;

- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;

- ЕВО - ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және

девальвациялануға ұшырамауы тиіс,

- ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейіні 2%нан

аспауға тиіс.

Сонымен қысқаша айтқанда, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

  1. Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуеклдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алынған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т. б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық

нарықтардың интернационалдануының күшеюі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық бағамның экономикадағы орны және оны экономикалық реттеу
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Валюталық қатынас және валюта жүйесі
Валюталық жүйелер
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Валюталық жүйе және оның түрлері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz