Зейнетақы қорларының есебі


Зейнетақы қорларының есебі
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді ( заңға сілтеме )
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :
ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) ;
Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген .
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі ( жинақтаушы зейнетақы қоры ) ( Зейнетақымен қамтамасыздандыру бөліміне сілтеме / Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) .
Зейнеткерлік жасы
Зейнетақы жасы фиксациялы болады : еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58 жастан .
Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері
Ең кіші зейнетақы жыл сайын заңды түрде бекітіледі . Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындар саны Республикада 1645, 1 мыңға жуық .
Зейнетақының ең кіші мөлшері 2005 жылдың санағы бойынша 6200 теңгені құрады . Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005 жылға 9142 мың теңгені құрады . 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өзгерістерінің әрі - қарай тереңдетілу Бағдарламасына сәйкес, 2005 жылдың 1 маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік берген сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы - жас буынға әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу мемлекеттік негізін енгізілді .
2005 жылғы 1 шілдесінен негізгі зейнетақыны төлеу есебімен зейнетақы төлемдерірінің ең кіші мөлшері 9 200 теңгені құрады, негізгі зейнетақыны төлеу есебімен орта зейнетақының мөлшері 12142 теңгені құрады .
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%. инфляцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген .
Зейнетақы қорлары
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымындағы мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші « Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :
ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) ( Зейнетақымен қамтамасыздандыру / Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлеу бөліміне сілтеме ;
жинақтаушы зейнетақы жүйесі ( жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру ) .
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл - ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату
Зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамалары
1997 жылдың 20 маусымындағы « Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы » Қазақстан Республикасының Заңы
2001 жылдың 25 наурызындағы «Зейнетақыны тағайындау мен төлеу, еммлекеттік базалық зейнетақыны төлеу, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен Орталықтан мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру тәртиібі туралы Құрылымды бекіту туралы» ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің № 17-п Бұйрығы
Міндетті зейнетақы төлемдері есебінен құрылатын зейнетақы жинағынан төленетін зейнетақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын құру ережесі
Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлік есепьерінің әдісі
Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының тізімі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіның негізгі принциптері
Реформадан қазіргі кезеңге дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері мыналар:
зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі;
зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілетті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы;
азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі.
Жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу
Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10- пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады . Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады .
Салымшының хұқтары мен міндеттері
Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім - шартының бір ғана тарапы бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады .
Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы бар .
Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен зейнетақы қамтамысздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады . Сонымен қатар ерікті салымдардың салымшылары, алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады .
Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген .
Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық
Зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі өткізілген өзгерістер барысында, оның бөлімдерінің ең маңыздысы - зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды ( Орталық ) . Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады . Орталық, міндетті зейнетақы салымдарының адамдыфициялық есебін жүзеге асырады, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аударады және бюджет қаржысының есебінен зейнетақы қамтамасыздығына құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүргізеді .
Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жасаудағы мемлекеттік органдардың функциялары
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарын толық және уақтылы төлеуді және өсім пұл салуын республиканың салық органы жүзеге асырады .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, қаржы салымдарын басқару зейнетақы активтері ұйымдарының, кастодиан-банктерінің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеушілік және бақылаушылық жүйелерін атқарушы өкілетті орган, Қазақстан Республикасының нарық рыногын және қаржы ұйымдарын бақылаушы реттеуші Агенттік болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі халықты зейнетақымен қамтамасыздандыру саласында мемлекеттік саясатты құру жүйелерін жүзеге асырады.
Зейнетақы қорлары
Зейнетақы Қоры - зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады. Зейнетақы қоры мынадай арнаулы міндеттерді атқарады:
сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жұмыста жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен азаматтардан ақша өндіріп алады;
қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна тартады;
салық органдарының қатысуымен қорға міндетті сақтандыру жарналарының уақытылы және толық түсуін бақылайды;
сақтандыру жарналары бойынша барлық санаттағы төлемшілердің мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;
қор құзыретіне қатысты мәселелер бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты жолға қояды.
Зейнетақы қорының қаражаты:
жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;
жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;
әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т. б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;
ерікті жарналардан құралады.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға сәйкес елде міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинау міндеті жүктелген жинақтаушы Зейнетақы қорылары құрылды. Олар өз кезегінде мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорылары мен мемлекттік емес жинақтаушы Зейнетақы қорыларына ажыратылды. 2001 жылы аяғында елімізде 16 жинақтаушы Зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182, 4 млрд. теңге болды. Сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және қосымша зейнетақы төлеуге құзыретті жабық акционерлік қоғам тұрпатындағы мемлекеттік емес ерікті Зейнетақы қорылары да құрылып, жұмыс істей бастады. [2]
Соңғы кезде зейнетақы қорларына деген сенiм азайып барады. Оған бәлкiм, экономикалық қаржы дағдарысының салдарынан елiмiздегi белдi деген банктердiң тоқырауға ұшырағаны себеп болған шығар. Алайда, дер кезiнде әрекет еткен Үкiмет бiрқатар банк тiзгiнiн өз қарамағына алғанмен, бұл банктердiң зейнетақы қорларының жұмысына халықтың көңiлi толар емес.
Жақында Мемлекеттiк зейнетақы жинақтаушы қорының түсiмi азайып бара жатыр деп дабыл қақтық. Сорақысы сол, зейнетақы қорындағы мыңдаған адамның ақшасы бәзбiреулердiң табысына айналып жатқандығы белгiлi болды. Бұл аз десеңiз, қор төрағасының айлығы 1 млн. теңгенi құраса, орынбасарларының айлығы - 850 мың теңге екен. Халықтың табысымен осынша жалақы алып жүрген басшылардың бұл әрекетi шектен шыққандық емей немене? Әрине, мұны естiген жұрт бей-жай қарай алмай, бiраз дегбiрсiздендi де. Ендi ше? Еңбекақысының белгiлi бiр пайызы зейнетақы қорына құйылып отырғандықтан да, кез келген салымшының ертеңгi күнгi өмiрiне алаңдайтыны заңдылық. Үкiмет басшысының мемлекеттiк және жекелеген компания немесе мекеме басшыларының айлығы 700 мың теңгеден аспауы тиiс деп айтқаны да есте. Сонда билiк тарапынан айтылған бұйрыққа құлақ асып жатқандары осы ма?
Зейнетақы қорлары әрбiр салымшы үшiн қызмет етуi керек. Десек те, елiмiздегi зейнетақы қорлары бұл үдеден шығып жүр ме? Кейiнгi кездегi зейнетақы қорларына тағылып жатқан сын мен ескертулерден соң, Халық банкiнiң зейнетақы қоры өзiнiң атқарып жатқан шаруаларымен етене таныстырды. Оған тағы бiр себеп, аты айтып тұрғандай, Халық банкi халыққа бiртабан жақын, сондықтан да басқа банкке қарағанда салымшылары да едәуiр көп банк. Кез келген мемлекет зейнетақы қорларын басқа да тәуекелдi нарықтық капиталдардан қорғауда өзiндiк әдiс-тәсiлдердi қолданады. Есесiне, кiрiс көзi айтарлықтай көбейетiн көрiнедi. Халық банкiнiң зейнетақы қорының атқарушы директоры Майра Кичигинаның айтуынша, қазiргi кезде зейнетақы қоры салымшылардың көңiлiнен шығып келедi екен. Қор сондай-ақ, соңғы уақытта шетелдiк ғалымдардың ғылыми зерттеуi нәтижесiнде қолданысқа енiп жатқан “мультиқор” жүйесiн iске қоспақ. Бұл арқылы әр түрлi жастағы салымшылар тобы мен зейнетке дейiнгi және зейнет жасындағы азаматтардың қордағы қаржысы қорғалатын болады. Әлемнiң бiрқатар елдерiнде өзiнiң жемiсiн берiп үлгерген жүйе бiздiң елге 2012 жылдың қаңтарынан бастап енгiзiлмек.
Зейнетақы төлемдерi, оның мiндеттi жарнасы және ағымдағы инфляцияны есепке алғандағы зейнетақы төлемдерiне қол жеткiзудiң жай-жапсары 2003 жылдың қаңтарында қабылданған ҚР “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңда толық қамтылған. 2008 жылы дағдарысқа қарсы жасақталған мемлекеттiк бағдарлама аясында мемлекеттiк кепiлдеме бойынша ақша төлеудiң жүйесi реттелдi. Ал ағымдағы жылдың 15-мамырында ҚР Үкiметiнiң қаулысы бойынша жаңа мiндеттемелер белгiлендi. Клиенттермен жұмыс iстеу жөнiндегi басқарманың бас менеджерi Еркiн Тұрақбаевтың пiкiрiнше, Халық банкiнiң зейнетақы қоры әрбiр салымшыға “Зейнетақы қоры туралы” Заңның 6-бабына сәйкес, кепiлдiк бере алады. “ҚР Үкiметiнiң қаулысына байланысты әрбiр адам өзiнiң зейнетақы қорына күмәнмен қарайтын болса, өтiнiш бiлдiрiп, талап етуiне негiз бар. Салымшы зейнетақы қорындағы ақшаның аздығына алаңдаушылық бiлдiрсе, ақша инфляция бойынша берiледi” дейдi.
Жалпы, Халық банкiнiң зейнетақы қоры басшылары өткен жартыжылдықта атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта жоспарға iлiгiп отырған шаруаларды ойдағыдай бағындыратынына сенiмдi. Халық банкiнiң зейнетақы қоры басқарушы директоры Арман Жақамбаев: “Жасыратыны жоқ, кейбiр зейнетақы қорлары салымшы тарту үшiн өзiн жарнамалап жатады. Алайда, олардың көбiнiң сөзi iсiмен қабыса бермейдi. Және салымшылар да өз тарапынан күмән туғызып, қордың көрсетiп отырған қызметiне көңiлi тола бермейтiнi сондықтан” дегендi мақтана айтты. “Салымшы қорды таңдағанда әуелгi кезекте оның құрылтайшысына, активтерiне және инвестициялық портфелiне қарауы тиiс” дейдi олар. Бүгiнде Халық банкiнiң зейнетақы қорының сапалы қыз-метiн шамамен 2 млн. 100 мыңдай салымшы көрiп отыр. Ал қол жеткiзген активтер қоры 457 миллиард теңгенi құраған.
Десе де, Қазақстанның қаржы жүйесiнде он жылдан астам уақыт халыққа қызмет көрсетiп келе жатқан Халық банкi зейнетақы қоры басшыларының қазақтiлдi журналистер тарапынан қойылған сауалдарға мемлекеттiк тiлде жауап бере алмағандығы өкiнiштi-ақ. Өздерi төрден орын алып, “Бұл сұраққа мына кiсi жауап бередi” деп төменде отырған маманды иегiмен сiлтеген басшылардың бұл iс-әрекетi көңiлiмiздi жұбатып тастады. Қаны қазақ бола тұра, қазақ тiлiнде сөйлеудi ар санайтын қор мамандары мемлекеттiк тiлдi төрден босағаға ысырып тастаған сыңайлы. Кешегi кеңестiк кезеңнiң идеологиясын бойына сiңiрген аға буын өкiлдерi болса, кешiрiммен қарайтын ба едiк, кiм бiлсiн, ең өкiнiштiсi, бұл бас болып отырған мамандардың жас буын екендiгi. Басқа қорларға қарағанда, қарапайым халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстейтiн Халық банкiнiң зейнетақы қоры мемлекеттiк тiлге де мойын бұрса, құба-құп болар едi.
Болашақ зейнетақыңыз туралы неғұрлым ертерек қамдана бастасаңыз, өзіңіздің зейнетақы шотыңызға соғұрлым мол қаражат жинай аласыз. Ең алдымен, Сіз сенімді және мықты зейнетақы қорын таңдауыңыз қажет. Тек осындай қор ғана сіздің қарттығыңызға жинаған қаражатыңызды сақтап, оны көбейтеді.
Сізе бір сұрақ туындауы мүмкін: Қазақстанда он беске жуық зейнетақы қоры бар. Қорды қандай қасиеттері бойынша таңдаған дұрыс? Таңдауды өзіңіз жасауңыз керек, ал одан кейін Сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың бүтіндігіне сенімді болу үшін қордың ісін қадағалап отыруыңыз қажет.
Сіздерге пайдалана алатын бірнеше ереже бергіміз келеді. Дегенмен, кез-келген қордың аса жақсы сипаттамасы сол қордың қызметінің бір-ақ қырын көрсететінін ұмытпау керек, яғни бір сипаттама Сізді қателлікке әкеп соғуы мүмкін.
1-ші Ереже. Қордың құрылтайшыларының толық құрамын біліп алыңыз. Егер құрылтайшылар бұрыннан белгілі ірі және сенімді мекемелер болса, онда Қорға сенуге болады. Ос мекемелер мен олардың басшылары Қор сенімді болу үшін барлық күштерін салады және Қор толығымен аяқтан тұрғанша оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2-ші Ереже. Қордың филиалдары бар ма, қанша және олар қайда орналасқандығы туралы анықтама жасап алыңыз. Егер Сіз Орал, Шымкент, Қарағанды немесе одан басқа қаланың тұрғыны болсаңыз, Сізге сіздің аймағыңызда аймағыңызда тұрақты стационарлы нүктесі бар қор керек. Ол нүкте шын мәнінде жұмыс істейтінін, онда Сізге қызмет көрсететін адамның барлығын, жұмыс уақытында Сіз өзіңізге қажетті ақпаратты Қорға жеке өзіңіз барып, немесе телефон арқылы қоңырау шалып жасырын сөз бойынша жылдам ала алатыныңызды тексеріңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz