Қадырғали би Жалайыри



1 Қазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттар
2 Бабамыз Қадырғали би Қосымұлы Жалайырдың жерленген орны
3 Қадырғали Жалаиырдың «Жами ат.тауарих», яғни «Шежірелер жинағы» атты еңбегі
4 Қ.Жалаиыр кітабында қазақ халқының фольклоры
5 Қасымов патшалығының пайда болуы
6 Қасым тағын иеленген оның ұлы Данияр
7 Қазақ ханзадасы Ораз Мұхаммед
Қазақтардың өзімен өзі болып, өзін танып болудағы ерекше орын алатын тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі егемендігін алған Қазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Тарихи жад қайталанбас мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау және оны көбейту түрлі өркен ұрпақтарын біріктіретін байланыстырушы жіп болып саналады. Ол мәдени мұраның ең бір маңызды құрамдас бөлігінің бірі ретінде қажетті әлеуметтік функция атқарады, ұлтжандылық сезімін, идеялық-ізгіліктік және эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың, ғылымның, білім мен мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын одан әрі іске асыру қажеттілігі туралы міндет қойылған. Бұл бағдарламаның іске асырылуы өткенді саралап санаға сіңдіру арқылы бүгінгі мәдениетті дамытуға, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама шеңберінде құнды құжаттар мен қолжазбаларды ғана емес, сонымен қатар олардың мұражайлық экспонаттарын, мұрағаттық материалдар мен ескерткіштерді тауып, ұрпақтарға қайтаруға үлкен мән берілген. Осы тұрғыда ұлттық кітапханалық раритеттерді іздеп табу, оларды танып білу, сондай-ақ басқа елдер аумағында жатқан кітаптар мен көне қолжазбаларды зегттеу жөнінде Орталық құру болашақ ұрпақ үшін ежелгі қолжазбаларды, кітаптар мен басқа да құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді. Одан басқа түркітілдес халықтардың көркем, ғылыми және танымдық әдебиеттерінің ортақ бірыңғай қорын құру да күн тәртібінде тұрған мәселе. Оны іске асыру арқылы түрік әлемінің ашылмаған ақтаңдақтарын ашамыз. Осы тұрғыдан алғанда Махмуд Қашғаридің «Диван лұғат әт-түрік» трактатының тұңғыш рет орыс тіліне аударылған аудармасының 2006 жылы Мұхтар Әуезов мұражайында өткен тұсаукесері бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі түріктілдес халықтар үшін теңдесі жоқ маңызды оқиға болып отырғандығын атап өтуге болады.
Жоғарыда аталған Бағдарлама шеңберінде Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғын, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат, Қадырғали бек Жалаиыр, Хисамуддин мұраларын іздеп, табу үшін Дели, Сринагар, Каир, Мәскеу, Қазан, Рязан, Ташкент, Дамаск және басқа қалалардағы кітапханалар мен мұрағаттарға ғылыми-зерттеу экспедицияларын аттандыру қарастырылған.
1. Қадырғали Жалаиыр, «Шежірелер жинағы», Алматы, «Қазақстан», 1997
2. «В.В.Акимов, Касимовские татары», Москва, «Вече», 2004.
3. Беляков А.В. «Город Касымов XV-XVII вв. как сакральный центр Чингисидов в России», Верхнее Подонье: Природа, Археология, история. Т.2. Тула, 2004.
4. «Ислам әлемі» қоғамдық діни мәдени журнал №10 (46) 2005.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬Қадырғали би Жалайыри және Қасым хандығы‭

Қазақтардың өзімен өзі болып,‭ ‬өзін танып болудағы ерекше орын алатын тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі егемендігін алған‭ ‬Қазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттардың бірі болып‭ ‬табылады.
Тарихи жад‭ ‬қайталанбас мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау және оны көбейту‭ ‬түрлі‭ ‬өркен ұрпақтарын‭ ‬біріктіретін‭ ‬байланыстырушы жіп‭ ‬болып саналады.‭ ‬Ол‭ ‬мәдени мұраның‭ ‬ең бір‭ ‬маңызды құрамдас бөлігінің бірі ретінде‭ ‬қажетті әлеуметтік функция атқарады,‭ ‬ұлтжандылық сезімін,‭ ‬идеялық-ізгіліктік‭ ‬және эстетикалық тәрбиені‭ ‬ қалыптастырудың,‭ ‬ғылымның,‭ ‬білім мен мәдениеттің‭ ‬даму мақсаттарына қызмет етеді.
Қазақстан Президенті‭ ‬Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында‭ ‬Мәдени мұра‭ ‬бағдарламасын одан әрі іске асыру қажеттілігі туралы міндет қойылған.‭ ‬Бұл бағдарламаның іске асырылуы‭ ‬өткенді саралап санаға сіңдіру‭ ‬арқылы бүгінгі мәдениетті дамытуға,‭ ‬қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.‭ ‬Бағдарлама шеңберінде құнды құжаттар мен қолжазбаларды ғана емес,‭ ‬сонымен қатар‭ ‬олардың мұражайлық экспонаттарын,‭ ‬мұрағаттық материалдар мен ескерткіштерді‭ ‬тауып,‭ ‬ұрпақтарға қайтаруға үлкен мән берілген.‭ ‬Осы тұрғыда‭ ‬ұлттық кітапханалық раритеттерді‭ ‬іздеп табу,‭ ‬оларды‭ ‬танып білу,‭ ‬сондай-ақ‭ ‬басқа елдер аумағында жатқан‭ ‬кітаптар мен‭ ‬көне қолжазбаларды‭ ‬зегттеу жөнінде Орталық құру болашақ‭ ‬ұрпақ үшін ежелгі қолжазбаларды,‭ ‬кітаптар мен басқа да құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді.‭ ‬Одан басқа түркітілдес халықтардың көркем,‭ ‬ғылыми және танымдық әдебиеттерінің ортақ бірыңғай қорын құру да күн тәртібінде тұрған мәселе.‭ ‬Оны іске асыру арқылы түрік әлемінің ашылмаған ақтаңдақтарын‭ ‬ашамыз.‭ ‬Осы‭ ‬тұрғыдан алғанда Махмуд Қашғаридің‭ ‬Диван лұғат әт-түрік‭ ‬трактатының тұңғыш рет орыс тіліне аударылған аудармасының‭ ‬2006‭ ‬жылы Мұхтар Әуезов мұражайында өткен тұсаукесері‭ ‬бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі‭ ‬түріктілдес халықтар үшін теңдесі жоқ маңызды оқиға болып отырғандығын атап өтуге болады.‭
Жоғарыда аталған‭ ‬Бағдарлама шеңберінде Әл-Фараби,‭ ‬Жүсіп Баласұғын,‭ ‬Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат,‭ ‬Қадырғали бек Жалаиыр,‭ ‬Хисамуддин мұраларын‭ ‬іздеп,‭ ‬табу үшін‭ ‬Дели,‭ ‬Сринагар,‭ ‬Каир,‭ ‬Мәскеу,‭ ‬Қазан,‭ ‬Рязан,‭ ‬Ташкент,‭ ‬Дамаск және басқа қалалардағы кітапханалар мен мұрағаттарға‭ ‬ғылыми-зерттеу экспедицияларын аттандыру қарастырылған.
Атап айтсақ,‭ ‬1999‭ ‬жылы‭ ‬22-30‭ ‬мамырда‭ ‬қазақ делегациясы‭ ‬Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың жерленген жері Үндістандағы Кашмир штатының астанасы Сринагарға сапар шегіп,‭ ‬оның‭ ‬Мазари-и Салатин‭‬ (Патшалар зираты‭)‬ деп аталатын қорымының басына барып,‭ ‬тәу етіп қайтты.‭ ‬Ол жердің топырағын әкеліп,‭ ‬Қазақстанның Тараз қаласындағы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатқа арнап ашылған ескерткіш түбіне қойды.‭ ‬Мырза‭ ‬Мұхамед‭ ‬Хайдар Дулатқа‭ ‬арнап‭ ‬1551‭ ‬жылы орнатылған құлыптастан бөлек‭ ‬1822‭ ‬жылы ағылшын дәрігері У.Моркрофтың‭ (‬1770-1822‭) ‬бұйрығымен қойылған екінші құлпытаста парсы тілінде‭ ‬жазылған он сегіз жол жазу бар.‭ ‬Кашмирліктер зиратқа ұқыппен қарайтындықтарын көрсете білді.‭ ‬М.М.Хайдар Дулаттың‭ ‬парсы тілінде‭ ‬жазған‭ ‬Тарих-и Рашиди‭ ‬атты‭ ‬еңбегі‭ ‬1895‭ ‬жылы Лондонда Д.Росстың аудармасымен ағылшын тілінде жарияланған.‭ ‬Кейін ол араб және орыс тілдеріне аударылған.‭ ‬Қазақ тіліне тұңғыш рет‭ ‬2004‭ ‬жылы аударылып кітап болып шықты.‭ ‬Сонымен қатар М.М.Хайдар Дулаттың шағатай тілінде жазған‭ ‬Жаһаннама‭ ‬поэмасы қазақ тіліне аударылуда.‭ ‬Бұл жерде айта кеткен жөн,‭ ‬ағылшын тілінде Мырза Мұхаммед‭ ‬Хайдардың Дулат есіміндегі соңғы сөз‭ ‬Дулат‭ ‬деп берілгенмен бүгінде Қазақстанда көпшілік оны парсылар әдетімен‭ ‬Дулати‭‬ деп атап жүр.‭ ‬Дәл осылай Қадырғали Жалаиырды да Қазақстанда көпшілік Қадырғали Жалаири деп атап келеді.‭ ‬Бабалар аты жөндерін‭ ‬осылай‭ ‬әртүрлі жолдармен атау кейінгі‭ ‬100-500‭ ‬жылдардан кейінгі ұрпақты шатастыруға өз септігін тигізетінін‭ ‬ескерген жөн.
Тағы бір қуанарлық жайт,‭ ‬Түркістандағы Сығанақ қаласында өз заманында‭ ‬ас-Сығанақи‭ ‬атпен танымал болған,‭ ‬711-шы Һиджра жылы дүниеден өткен‭ ‬Әл-Хусейн бин Әли бин Хажжах бин Әлидің,‭ ‬лақап атымен айтсақ Хисамиддиннің‭ (‬Діннің қылышы‭)‬ Мысырдың ұлттық мұражайынан‭ ‬Ан Нихая фи шархи-л-һидая‭ (‬дұрыс жолмен жүруді түсіндірудің соңы,‭ ‬6‭ ‬том‭ –‬бет‭)‬; Ат-Тәсдид шарх ат-тәмхидм‭ (‬кіріспені түсіндіруді дұрыс жолға салу-‭ ‬133‭ ‬бет‭)‬; Әл Кафи шарх усул әл-Имам Фарх әл Ислам Әли бин Мұхаммад әл-Бәздауи‭ (‬ілімдерді жеткілікті түсіндіру‭ –‬бет‭)‬; Әл-Уафи шарх әл-мунтахаб фи усули-л-мәзхәб‭ (‬діни ағымдағы таңдамалы ілімдерді толық түсіндіру‭ –‬бет‭)‬ қолжазбалар табылса,‭ ‬Ан-Нажах фи-тасриф‭ (‬грамматика,‭ ‬морфологияға байланысты‭)‬; Манакби Ахмед-и Ясаи‭ (‬Қожа Ахмет Ясауидің өмірі туралы‭)‬ еңбектері Түркиядан табылды.‭ ‬Оның еңбектері Ресейдің,‭ ‬Өзбекстанның,‭ ‬Үндістанның,‭ ‬Ливанның және Иранның‭ ‬ірі кітапхана қорларында кітаптары бар екендігі жөнінде мәлімет‭ ‬алынып отыр.‭ ‬
Қазақстан Каирдегі‭ ‬(Египет‭) ‬Сұлтан Бейбарс мешітін қалпына келтіру мен Дамаскі‭ ‬(Сирия‭) ‬қаласындағы Әл-Фараби этномәдени‭ ‬орталығын салуға кіріскендігін мақтанышпен айтуға болады.‭ ‬Каирдегі қалыпқа келтірілетін кешенге Сұлтан Захир Бейбарстың және оның баласы Сұлтан Берке-ханның бейіттері‭ ‬200‭ ‬мың кітап пен қолжазба сақталынатын‭ ‬кітап қоры бар‭ ‬мектеп-кітапхана кіреді.‭ ‬Египет мешітті қалыпқа келтірудің‭ ‬2‭ ‬кезеңін аяқтады.‭ ‬Енді күмбез,‭ ‬интерьер,‭ ‬іргетас,‭ ‬колонна,‭ ‬балкалар,‭ ‬айван және төбе шатырларын қалыпқа келтіретін‭ ‬3-ші кезеңді Қазақстан‭ ‬іске асырады.
Осы орайда Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінің көмегіне сүйеніп,‭ ‬2005‭ ‬жылдың‭ ‬16‭ ‬-‭ ‬20‭ ‬қазанында Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласына‭ ‬Қадырғали би Жалаиыр атындағы қордың‭ ‬ұйымдастыруымен‭ ‬ұйымдастырылған‭ ‬ғылыми-зерттеу экспедицияның сапары нәтижелі болып,‭ ‬айтулы тарихи оқиғаға ұласқанын атап өткіміз келеді.‭ ‬Құрамында ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сайлау‭ ‬Батыршаұлы,‭ ‬Д.Қонаев атындағы Университет ректоры Өмірәлі‭ ‬Қопабаев,‭ ‬ҚР‭ ‬Шығыстану институтының‭ ‬ғылыми‭ ‬қызметкері Мақсұт‭ ‬Шафиғи бар экспедицияны‭ ‬ҚР-ның Мәскеудегі Елшілігінің‭ ‬бірінші хатшысы‭ ‬ретінде мен алып жүрдім.‭ ‬XVI‭ ‬ғасырда өмір сүріп,‭ ‬түркі халықтарының,‭ ‬оның ішінде қазақ халқының сол дәуірдегі ата тарихын хатқа түсіріп,‭ ‬артына өшпестей жазба мұра қалдырған тарихшы,‭ ‬ғұлама бабамыз Қадырғали би Қосымұлы Жалайырдың жерленген орнын тауып,‭ ‬анықтау,‭ ‬сондай-ақ‭ ‬архив қорларынан оның өмір жолдарына қатысты деректер мен мағлұматтар іздеп табу экспедицияның басты‭ ‬мақсаты‭ ‬болды.‭ ‬Бұл орайда айта кету қажет,‭ ‬2001‭ ‬жылы желтоқсан айында осы мақсатпен Қадырғали‭ ‬Жалаиыр қорының бір топ белсенділері Қасымов қаласына барып‭ ‬ жергілікті ғалымдармен,‭ ‬тұрғылықты татар мұсылмандармен байланыс құрып‭ ‬қайтқан болатын.‭ ‬Бірақ,‭ ‬өкінішке қарай нақты деректер таба алмай қайтқан екен.‭
Бұл жолы аталған экспедиция мақсаттарының‭ ‬нәтижелі‭ ‬іске асуына Рязан облысының губернаторы Георгий Иванович‭ ‬Шипконың тапсырмасымен Рязан үкімет хатшылығының басшысы Григорий Николаевич‭ ‬Дедиков,‭ ‬Облыс экономикалық даму және сауда басқармасының бастығы Александр Григорьевич‭ ‬Соловьев және Қасымов қаласының басшысы Федор Иванович‭ ‬Проваторов жәрдемдесіп,‭ ‬одан басқа Рязан облысының Мәдениет және бұқаралық коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Александрович‭ ‬Беляковтың,‭ ‬Мәдени мұра объектілерін сақтау орталығының бастығы Василий Василевич‭ ‬Судаковтың,‭ ‬Рязан облысының Мемлекеттік мұрағатының директоры Татьяна Петровна‭ ‬Синельникованың көп көмектері тигендігін атап‭ ‬өткен жөн.‭ ‬Сапар барысында экспедиция мүшелері Рязанның мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарды зерттеп,‭ ‬Шыңғысхан әулеттері жөнінде зерттеуші тарих ғалымдарымен,‭ ‬Қасымовтағы жергілікті өлке тану мұражай қызметкерлерімен,‭ ‬көнекөз татар ақсақалдарымен,‭ ‬мешіт имамдарымен кездесіп,‭ ‬сұхбаттасып,‭ ‬Қадырғали Жалаиыр‭ ‬жөнінде,‭ ‬оның жерленген жері туралы мәліметтер жинады.‭ ‬Тарих зерттеушілерінің еңбектеріндегі деректерге сүйене отырып,‭ ‬Қасымовтағы мұсылман‭ ‬қорымы‭ (‬зираты‭)‬ Шыңғысхан әулетінің атақты ұрпақтарын жерлейтін Сарайшықтан‭ ‬(Қазақстан жерінде‭) ‬кейінгі екінші қасиетті орын болып табылатындығына көз жетті.‭ ‬Ол жөнінде Қадырғали Жалаиыр өмір сүрген кезеңді зерттеп жүрген‭ ‬бірден-бір сирек‭ ‬зерттеуші ғалым,‭ ‬Рязань университетінің тарихшы профессоры Андрей Васильевич Беляков ғылыми негізде дәйекті ақпарат берді.‭ ‬Экспедиция мүшелері белгілі бір деректерге сәйкес Қадырғали Жалаиырдың қайтқанына‭ ‬400‭ ‬толатындығын ескере отырып,‭ ‬Қасымов қаласы әкімдігінің қолдауымен‭ ‬Старопосадтағы‭ ‬Мұсылман зиратына Қадырғали‭ ‬Жалаиыр қоры қаражаты‭ ‬есебінен Қ.Жалаиырға арнап салмағы жарты тонна келетін‭ ‬бозғылт түсті ақ тастан‭ ‬құлпытас‭ ‬қойды.‭ ‬Құлпытас бетіне‭ ‬Құран Кәрімнен‭ ‬Бисмиллахи Ар-Рахмани Ар-Рахим‭ ‬деген‭ ‬арабша жазылып,‭ ‬одан төменірек араб әрпімен және қазақша‭ ‬ Қадырғали би Қосымұлы Жалаири,‭ ‬1530-1605.‭ ‬Құлпытасты қойған‭ ‬ Қадырғали Жалаири қоры.‭ ‬Қазақстан.‭ ‬20.10.2005‭‬ деген‭ ‬жазу жазылды.‭ ‬Құлпытас көптен бері қаралмай,‭ ‬иесіз қалған зират басында‭ ‬1648‭ ‬жылы салынып,‭ ‬бүгінге дейін қирамай жетіп,‭ ‬жалғыз тұрған Ауған Мұхаммед‭ ‬Сұлтан кесенесінің ішіне қойылды.‭ ‬ жылы салынған Ауған Мұхаммед Сұлтан текиесінің ішінде оның әйелінің және туыстарының‭ ‬құлпытастары қойылған.‭ ‬Бұл кесенені еріне арнап кезінде Ауған Мұхаммед‭ ‬Сұлтанның жары Алтын ханым орнатқан екен.‭ ‬Ауған Мұхаммед Сұлтан XVII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Хиуа ханы Араб Мұхаммед ханның баласы.‭ ‬Бір дерекке қарасаң,‭ ‬1621‭ ‬жылдары Хиуада таққа таласу тартысында араб Мұхаммед хан жеңіліп,‭ ‬басына ауыр күн туады.‭ ‬11‭ ‬жасар Ауған Сұлтанды орыс елшісіне аманатқа береді.‭ ‬Екінші бір деректе әкесінің орны,‭ ‬таққа талас басталғанда ағасы тарапынан оның көзін жою қаупі төнгендігін пайдаланған орыстар жасырын алып кетіп,‭ ‬Касымовқа әкеледі.‭
Жергілікті жердің татарлары‭ ‬Ауған Мұхаммед Сұлтанның кесенесін‭ ‬текие‭ ‬деп атайды,‭ ‬бірақ оның этимологиялық шығу тегін‭ ‬олар‭ ‬түсіндіре алмады.‭ ‬Кесененің ішіне кіріп,‭ ‬жоғары қарағанымызда ол Орта Азиялықтардың‭ ‬бүгінге дейін киетін‭ ‬тақиясына‭‬ ұқсайтынын көрдік.‭ ‬Экспедиция мүшелерін мұндай шешім қабылдауға итермелеген көне зираттың ұзақ жылдар‭ ‬бойы‭ ‬қараусыз қалып,‭ ‬бейшара хәлі‭ ‬болды.‭ ‬Ондағы құлыптастың көбі жоғалған.‭ ‬Жергілікті ғалымдардың айтуынша Кеңес Одағы уақытында дінмен күрес науқанының кесірінен мешіт пен кесенелер қиратылып,‭ ‬құлпытастар үй салу мақсатымен іргетас қалауға тасып әкетілген көрінеді.‭ ‬Жалғыз тұрған‭ ‬Ауған Мұхаммед Сұлтан кесенесінің де есігі ашық тесік,‭ ‬айналасында мал өріп жүр.‭ ‬Кесененің‭ ‬ішіндегі құлпытастар‭ ‬мүжілген,‭ ‬бұрыштары‭ ‬сындырылған.‭ ‬
Құлпытасты дайындап,‭ ‬тез арада ойлаған жерге қоюда‭ ‬Қазақстан экспедициясымен‭ ‬3-4‭ ‬күн бірге болып,‭ ‬көп‭ ‬қолғабыс тигізген Қасымов қаласының депутаты Сергей Владимирович‭ ‬Васиннің,‭ ‬Қасымов қаласындағы Бас мешіттің имамы Мұхаддас Сафиуллаұлы‭ ‬Ахуновтың және‭ ‬Ритуал‭ ‬мекемесінің директоры Марина Ивановна‭ ‬Киселеваның‭ ‬көрсеткен‭ ‬көмектерін үлкен ризашылықпен атап өткен‭ ‬жөн.
Кесенеге қоршау жүргізіп,‭ ‬оны қарауға алуды жергілікті билік мойнына алды.‭ ‬100‭ ‬жылдық тарихы бар Қасымовтағы‭ ‬Бас мешіттің имамы Мұхаддас Сейфоллаұлы‭ ‬Ахуновтың қолдау көрсетуімен мұсылмандық рәсім жасаланып,‭ ‬мал шалынды,‭ ‬ ас беріліп,‭ ‬құран оқылды.‭ ‬Келешекте көне зират қоршалып,‭ ‬Ресей үкіметі мен Қазақстан үкіметі тарапынан қамқорлыққа алынатын болса Қадырғали Жалаиырдың құлыптасы‭ ‬Ауған Мұхаммед Сұлтанның кесенесінің сыртына шығарылып,‭ ‬жеке қойылып,‭ ‬мүмкін оған арнап кесене немесе ескерткіш орнатылар деген үміт те жоқ емес.‭

Бүгінгі таңда ол кезеңдер жөнінде білетініміз әрине аз.‭ ‬Бұқаралық Ақпарат құралдарының ақпаратына сүйенсек‭ ‬1585‭ ‬жылы Сібірге И.Мансұров бастаған орыс отряды келеді.‭ ‬Бір жыл өткенде Шымға-Тұрға жақын жерден орыстар Төмен бекінісін салады.‭ ‬1587‭ ‬жылы‭ ‬тағы бір бекініс‭ –‬болашақ Тобыл қалана бастады.‭ ‬Ораз Мұхаммед және Қадырғали би алдау жолымен‭ ‬тұтқындалынып,‭ ‬Мәскеуге жіберіледі.‭ ‬Сол кезеңнен бастап қазақтар Тобыл‭ ‬алқабына иек артуан бас тарта батайды.‭ ‬Көшім солтүстік‭

Қадырғали Жалаиырдың‭ ‬Жами ат-тауарих‭‬,‭ ‬яғни‭ ‬Шежірелер жинағы‭ ‬атты еңбегінің‭ ‬түркі жұртының,‭ ‬соның ішінде‭ ‬қазақ халқының мәдени және рухани тарихында алар орны ерекше.‭ ‬Атақты орыс ғалымы И.Н.Березин‭ ‬1854‭ ‬жылы‭ ‬Қазанда,‭ ‬Шығыс тарихшылары кітапханасы басылымдары‭ ‬қатарында алғаш рет жариялап,‭ ‬қазақтың ұлы ғалымы Шоқан‭ ‬Уәлиханов‭ ‬бірінші болып зерттеп,‭ ‬ғылыми бағасын берген бұл әйгілі еңбек кеңес жылдарында татар оқымыстылары тарапынан‭ ‬біршама зерттелініп,‭ ‬баспа бетін көрген.‭ ‬Қазақстанда ол түпнұсқа күйінде белгілі ғалым Р.Сыздықованың дайындауымен‭ ‬1989‭ ‬жылы‭ ‬Ғалым‭ ‬баспасынан жарық көрді.‭ ‬1991‭ ‬жылы‭ ‬Қазақ университеті‭ ‬баспасынан Р.Сыздықова мен Қ.Қойгелдиевтің әзірлеуімен түпнұсқа күйінде басылып шықты.‭ ‬1997‭ ‬жылы‭ ‬Қазақстан‭ ‬баспасы осы құнды еңбекті алғаш рет толық аудармасымен қазақ жұртшлығына ұсынды.‭ ‬Оған себеп XVI ғасырдағы қазақ жазба тілінен бұл күнгі қазақ тілінің арасында едәуір айырмашылық бар болатын.‭ ‬Оның үстіне Қ.Жалаиырдың өз қолымен‭ ‬1602‭ ‬жылы жазған қолжазбасы біздің заманымызға жеткен жоқ.‭ ‬Тек оның екі көшірмесінің бірі‭ (‬1641-1642‭ ‬жылдары көшірілген‭)‬ -‭ ‬Санкт-Петербургте сақталынып,‭ ‬екіншісі‭ ‬– Қазан университетінде‭ (№‬5028‭ ‬т.40‭) ‬сақталынған.‭ ‬
Бұл тарихи құнды еңбек өз заманындағы Орта‭ ‬азиялық жазба дәстүрінде жазылған.‭ ‬Мағынасы мен желісі,‭ ‬сондай-ақ құрылымы жағынан‭ ‬Тауарих ғузида-и нусрат-наме‭ (‬XVI ғ.‭)‬,‭ ‬Әбілғазының‭ ‬Түрік шежіресі‭ (‬XVII ғ.‭) ‬және басқа да еңбектерге ұқсас.
‭ ‬Қадырғалидың‭ ‬Шежірелер жинағын‭ ‬мазмұны,‭ ‬құрылымы жағынан алып қарағанда,‭ ‬шартты түрде үш бөлімге бөлуге болады,‭ ‬яғни:
Орыс патшасы Борис Годуновқа арналған арнау‭;
Жами ат-тауарих‭ ‬атты Рашид-ад-диннің еңбегі негізінде жазылған тарих‭;
Ұрұсханның Ораз-Мұхаммед сұлтанға дейінгі Шыңғыс әулеті ұрпақтарының шежіресі.
‭ ‬Қадырғали Жалаиыр еңбегінің негізгі желісі Ораз-Мұхаммедтің тарихы‭ ‬болып келеді.‭ ‬Ораз-Мұхаммед хан атақты Тәуекел ханның‭ (‬1586-1598‭) ‬інісі Ондан сұлтанның‭ ‬ұлы болатын.‭ ‬Оның аталары Ұрұс хан,‭ ‬Барақ хан,‭ ‬Жәнібек хан,‭ ‬Шығай хандар Алтын Орда,‭ ‬Ақ Орда және қазақ хандығындағы белгілі тарихи тұлғаларға жатады.‭
Қадырғали Жалаиырдың шыққан тегі мен өмір жолы жөнінде‭ ‬біршама‭ ‬деректі‭ ‬осы шежіреден‭ ‬алуға болады.‭ ‬Оның шыққан елі‭ ‬-‭ ‬жалаиыр.‭ ‬Жалпы Жалайыр тайпасының аты ежелгі тарихи еңбектерде өте жиі ұшырасады.‭ ‬Бұл еңбегінде Қ.Жалаиыр‭ ‬қысқаша баяндай отырып,‭ ‬Шыңғыс хан заманынан бері қарай ата-бабасының шежіресін таратып береді.‭ ‬Қадырғали өз заманының араб,‭ ‬парсы тіліндегі көптеген тарихи кітаптармен таныс болған.‭ ‬Әрине,‭ ‬қазақ хандығына дейінгі тарихты жазу үшін Рашид-ад-диннің‭ ‬Жами ат-тауарихын‭‬ пайдаланған және қысқа күйінде шежірелерді баяндаған.‭ ‬Бірақ Қ.Жалаиыр‭ ‬оның аудармасын жазуды ойламаған.‭ ‬И.Березин болса Қ.Жалаиыр кітабының алғашқы беттері‭ ‬жоғалып кеткендіктен‭ ‬бұл еңбекті Рашид-ад-диннің‭ ‬Жами ат-тауарих‭ ‬атты кітабының түрікше аудармасы деп‭ ‬түсініп,‭ ‬жаңа кітаптың атын да солай атаған.‭ ‬Шын мәнісінде Қ.Жалаиырдың еңбегіне‭ ‬өзі қойған аты‭ ‬әлі күнге дейін белгісіз.‭ ‬Егер Қ.Жалаиыр‭ ‬Жами ат-тауарихты‭ ‬аударатын болса оның кітабының көлемі бұдан бірнеше есе үлкен болып шығар еді.‭ ‬Осы жайттар ескеріліп,‭ ‬қазақ басылымында‭ ‬бұл еңбек‭ ‬Березинше‭ ‬Жами ат-тауарих‭ ‬немесе‭ ‬Жылнамалар жинағы‭ ‬деп атамай,‭ ‬Шежірелер жинағы‭ ‬деген‭ ‬атпен қабыл алынды.‭ ‬Шындап келгенде Қ.Жалаиырдың бұл еңбегін бұрыңғы тарих пен қазақ хандығының‭ ‬ ... ..‭
ғасырдың аяғына дейінгі шежіресі деуге болады.
‭ ‬Қазақстан тарихы үшін аса маңызды бөлігі‭ ‬болып саналатын‭ ‬3-ші,‭ ‬яғни бұрын-соңды көріп,‭ ‬естімеген тың тарихи мәліметтер берілген соңғы бөлім‭ ‬9‭ ‬дастаннан тұрады.‭ ‬Олардың сегізі Шыңғыс хан ұрпақтарының ішінде Қазақстан тарихына қатысы бар Ұрұсхан,‭ ‬Тоқтамыс,‭ ‬Темір-Құтлық,‭ ‬Ұрұсхан ұлы,‭ ‬Қажы-Керей,‭ ‬Қажы-Мұхаммед,‭ ‬Әбілхайыр,‭ ‬Жәдігер,‭ ‬Ораз-Мұхаммед және басқаларға арналса,‭ ‬бір дастан Алтын Орда тарихындағы ірі тұлға Едіге би жайында.‭ ‬Мұны алғашқы зерттеушілер түпнұсқа бөлім деп атаған болатын.‭ ‬
Қ.Жалаиырдың Ораз-Мұхаммедпен бірге‭ ‬Керман‭ (‬бүгінгі‭ ‬Қасымов‭)‬ қаласына‭ ‬ келгенге дейінгі өмір жолынан ешқандай дерек те,‭ ‬мәлімет те жоқ.‭ ‬Өз еңбегінде Қадырғали ата-бабаларынан бері Ораз-Мұхаммед ханның әулетіне қызмет жасап келе жатқандығын атап өтетіндігіне қарап,‭ ‬оның Тәуекел ханның ордасында жас кезінен қызмет еткен деген жорамал жасауға болады.‭ ‬
Бір дерекке қарағанда,‭ ‬Ораз-Мұхаммед‭ ‬1588‭ ‬жылы‭ ‬16‭ ‬жасында тұтқынға түскен,‭ ‬яғни ол нөкерлерімен,‭ ‬соның ішінде‭ ‬қарашы‭ (‬кеңесші нөкер‭) ‬Қ.Жалаиыр да бар,‭ ‬Тобыл қаласына жақын маңайда аң аулап саятшылық құрып жүргенде воевода Данил Чулков‭ ‬оларды‭ ‬алдап,‭ ‬арнайы қонаққа шақырады да,‭ ‬тұтқындап,‭ ‬Мәскеуге жібереді.‭ ‬Кейін Ораз-Мұхаммед әскери қызметте‭ ‬ерекше‭ ‬көзге түседі,‭ ‬сөйтіп патшаның‭ ‬ықыласына бөленеді.‭ ‬ 1600‭ ‬жылы патша Борис Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым патшалығына хан етіп тағайындап,‭ ‬таққа отырғызады.‭ ‬Жат елде жиырма екі жыл тұрып,‭ ‬оның‭ ‬он жылын Қасым патшалығын басқаруға кетірген Ораз-Мұхаммед өз қарауындағы халыққа‭ ‬адал қызмет етіп,‭ ‬талай тарихи оқиғаның белді куәсі болған.‭ ‬Бірақ‭ ‬1605‭ ‬жылы патша Борис Годунов өлгеннен кейін Ресей елінің басына төнген‭ ‬аласапыранда‭‬ өзіне қазылған орды сезбей қалады.‭ ‬Лжедмитридің‭ ‬қастандығынан қапыда‭ ‬1610‭ ‬жылдың қараша айында‭ ‬38‭ ‬жасында‭ ‬қаза таубады.‭ ‬Мәйіті Ока өзеніне тасталады да,‭ ‬өлімінің себебі сан-саққа жорытылып,‭ ‬ол жөнінде арнайы‭ ‬өсек-аяң таратылады.‭ ‬Едіге бидің ұрпағы,‭ ‬асылдың сынығы Петр Урусов қандыкөйлек досы Ораз-Мұхаммедтің денесін өзен түбінен тауып‭ ‬алып,‭ ‬арулап Қасымов қаласындағы хандар қорымына жерлейді.‭ ‬Және Ораз-Мұхаммедті өлтірген Лжедмитридің‭ ‬жанын жаһаннамға жіберіп,‭ ‬бір жағынан досының кегін алса,‭ ‬екінші жағынан Ресей тағын қорғап,‭ ‬орыс елінің шетелдік басқыншылардан құтылуына‭ ‬жәрдемін тигізеді.
‭ ‬Қадырғали шежіресінде Алтын Орданың ыдырауына байланысты аса қажетті деректер берілген.‭ ‬Қазақ хандығының құрылар кезіндегі алғышарттарына қатысты,‭ ‬яғни Ұрұсхан мен оның ұрпақтарына байланысты өте құнды материалдар бар.‭
Қ.Жалаиыр кітабында қазақ халқының фольклоры,‭ ‬әсіресе Едіге жыры кеңінен пайдаланылған.‭ ‬Оның Едіге мен Тоқтамыс туралы жазғандарында халқымыздың асыл мұраларының,‭ ‬жырларының тілі мен желісінің ізі бар.‭ ‬Қадырғали Жалаиыр өзі туралы:‭ ‬Дүниеде көп елдерде болдым,‭ ‬көп оқыдым‭‬ -‭ ‬деп жазғанына қарағанда‭ ‬ол Қазақстан,‭ ‬Ресей ғана емес басқа да мемлекеттерде болғанын түсінуге болады.‭ ‬Алайда ол жөнінде‭ ‬мәлімет жоқ.
‭ ‬Ресейдің Сібірді,‭ ‬Еділ бойын,‭ ‬Қазақстан және‭ ‬Орта Азияны бағындыруға арналған‭ ‬экспанциялық саясатын іске асыруда Қасымов патшалығының,‭ ‬соның ішінде асыл тұқымды ханзадалардың тағдырлары қандай рөлдер ойнап,‭ ‬қаншалықты тарихи міндеттер атқарғанын білу үшін Қасымов қаласының тарихын‭ ‬зерттеп білу қажет.

‭ ‬Тарихи ғылымда Қасым хандығының мәртебесі жөнінде сұрақ әлі күнге талас тудыруда.‭ ‬Бастапқыда ол Алтын Ордаға тікелей‭ ‬тәуелді‭ ‬хандыққа жақын мемлекеттік құрылым болып табылатын Мещер жұрты болған.‭ ‬Оның әкімшілік және саяси бөлінуі оған‭ ‬ куә бола алады.‭ ‬Мещер жұрты Беклиребектер,‭ ‬Барындар,‭ ‬Арғындар,‭ ‬Қыпшақтар және Маңғыттар ендігіне бөліну анық байқалады.‭ ‬Қасым татарлары‭ ‬Ресей мемлекетінің дәл ортасында‭ ‬тұратын Мещер тұрғындары:‭ ‬мещеряктар,‭ ‬мордвалар,‭ ‬муромдар,‭ ‬марилер,‭ ‬қырымдықтар,‭ ‬половтықтар,‭ ‬астрахандықтар,‭ ‬қазандықтар және орал татарлары,‭ ‬сондай ақ қазақтар мен ноғайлардың‭ ‬өзіндік болмыстағы араласуынан шыққан субэтникалық топты атаймыз.‭ ‬Басқаша тілде айтқанда түік угр фин Вавилоны десе де болады.‭ ‬Татар халқы басқа халықтардың өкілдерін өзіне сіңіріп алды.‭ ‬Мордвалар,‭ ‬мещеряктар және марилердің бір бөлігі пұтқа табынса екінші бөлігі татарлармен тығыз қарым қатынастың арқасында мұсылман болды.‭
Алтын Орда мен Русьтің қатынасы әрқашан‭ ‬жеткілікті деңгейде күрделі болатын.‭ ‬Аралас үйлену арқасында‭ ‬ ге тарта дворяндар ата тектердің татарлық‭ ‬түбірі бар.‭ ‬Оларға Карамзин,‭ ‬Рахманионов,‭ ‬Куприн,‭ ‬Юсуповтар,‭ ‬Ушаковтар,‭ ‬Кутузовтар,‭ ‬Суворовтар жатады.
Бүгінде Қасымов‭ ‬37‭ ‬мың тұрғыны бар Ресейдің Рязань облысына кіретін қала.‭ ‬Ол Рязаньнан‭ ‬163‭ ‬км,‭ ‬Мәскеуден‭ ‬277‭ ‬км қашықтықта жатыр.‭ ‬Бүгінде Қасымовта және Касымов ауданынада‭ ‬2500‭ ‬татар тұрады.‭ ‬Олардың арасында ата бабалары Ресей баяндылығы үшін еңбек етіп,‭ ‬күш-жігерін жұмсаған ежелгі қасымовтық рулардың өкілдері аз емес.‭ ‬Олар Ақжігітовтер,‭ ‬Тереғұловтар,‭ ‬Рахмаевтар,‭ ‬Төгеевтер,‭ ‬Қарамышевтер,‭ ‬Симаковтар,‭ ‬Верғазовтар,‭ ‬Ақболатовтар,‭ ‬Бекболатовтар,‭ ‬Дервишевтер,‭ ‬Ақшуриндер,‭ ‬Мақсұтовтар,‭ ‬Шақұловтар және тағы басқалар.‭

Қасымов патшалығының пайда болуы жөнінде әртүрлі‭ ‬нұсқалар‭ ‬бар.‭ ‬Никоновтың жылнамасына сәйкес‭ ‬1447‭ ‬жылы Мәскеуге Қасым мен Жақып ордасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадырғали Жалайыри
Қадырғали Жалайыри зираты
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605)
Қадырғали Жалайыр
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Қазақ хандығы құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Қ.Жалаири, М.Х.Дулати, Өтеміш қажы – алғашқы қазақ тарихшылары
Ежелгі ғасырлардағы қазақ ғұламалары
Пәндер