Дүниетану пәнінен дәріс кешені



1.тақырып. Дүниетану пәні және міндеттері. Кіріспе
2.тақырып. Бастаүыш мектепте табиғаттанудан сабақ беруді даму тарихынан
3.тақырып. ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесінің тарихы 4.тақырып. Дүниетануды оқытуда қолданатын негізгі тұсініктер, ұғымдар
5.6.тақырып. Табиғаттану пәнінің тәрбие міндеттері. Тәрбие түрлері
7.8 тақырып Дүниетануды оқытудын материалдық базасынын ерекшелігі
9.тақырып. Оқыту әдістері мен тәсілдері
10.тақырып. . Оқытудың ұйымдастыру формалары
11.тақырып. Топсеруен, түрлері, ұйымдастыру әдісі
12.тақырып. Оқу тәжірибе учаскесіндегі, табиғат бұрышында, географиялық алаңдағы, жұмыс түрлері.
13.тақырып. Сабақтан, сыныптан тыс жұмыстар
14.тақырып. Оқушылардың білімін бағалау
15.тақырып. Шағын комплекті мектептерде оқыту ерекшелігі
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттеріДүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интеративті пән болғандықтан, оны оқып – үйренудің негізгі мақсаты – адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:
- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру; өзінің көңіл-күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;
- табиғат объектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғат объектілері мен облыстары арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістіктің өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;
- оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр сынып бойынша талдау кіреді, әдістеменің міндеті – балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді.дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.
Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мқғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.
Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай пайдаланатынын білуі қажет

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ

1-БӨЛІМ.
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Оқыту түрі- оқыту және оқу қызметінің ерекшеліктерін белгілейтін оқыту
жүйесінің жалпыланған сипаттамасы.
Тәрбие- педагогикалық мағынада-педагогтермен тұлғаны қалыптастыру
бойынша іске асырылатын мақсаты бағытталған үрдіс.
Білім беру- адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін
қанағаттандыруға бағытталған,мемлекетпен белгіленген білімдік
деңгейлерге азаматтың жету айқындылығымен сүйемелденетін, тәрбиелеу мен
оқытудың мақсатты бағытталған үрдісі.
Оқыту- оқытушылар мен үйренушілердің арасындағы өзара әрекеттесудің
мақсаты бағытталған үрдісі, оның барысында соңғыларға білім беру,
тәрбиелеу және дамыту іс- әрекеттері жүзеге асады.
Конспектілеу - оқылғанды қысқаша баяндау, жазу.
1-тақырып. Дүниетану пәні және міндеттері. Кіріспе
Дәріс мақсаты: Дүниетану пәні , негізгі міндеттерімен таныстыру.
1. Дүниетану пәні және міндеттері.
2. Дүниетануды беру әдістеменін методологиялық негізі.
3. Дүниетану оқыту әдістемесінің баска пәндермен байланысы.
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттеріДүниетану - оқу
жоспарындағы жаңа пән, Адам, Қоғам, Табиғат білім блоктарын
біріктіреді. Интеративті пән болғандықтан, оны оқып – үйренудің негізгі
мақсаты – адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі құрамдас бөлігі
туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас
дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу Пәнді оқыту мынадай
нақтылы міндеттерді шешеді:
- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері,
қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру; өзінің көңіл-
күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-
әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;
- табиғат объектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың
қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғат объектілері
мен облыстары арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың
және кеңістіктің өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың
экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;
- оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең
алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін,
эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне
және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр сынып бойынша
талдау кіреді, әдістеменің міндеті – балаларға курстың мазмұнын қайткенде
де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді.дүниетану
әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің
психологиялық заңдылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы
мазмұнына сүйенеді.
Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады.
Болашақ мқғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын,
балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін
білуі керек.
Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән
мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу
ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай
пайдаланатынын білуі қажет.
Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру
саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін дүниетану
стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін
жақсы білуі тиіс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дүниетануды оқыту әдістемесі нені зерттейді?
2. Дүниетануды беру әдістеменін методологиялық негізі?
3. Дүниетану оқыту әдістемесінің баска пәндермен байланысы?
Негізгі әдебиеттер 1,2,3,4,5

2-тақырып. Бастаүыш мектепте табиғаттанудан сабақ беруді даму тарихынан
Дәріс мақсаты: ХIХ – ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесінің тарихымен
таныстыру.
1. ХIХ – ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесі (Зуев В.Ф., Ушинский К.Д.,
Гердтін А.Я., Вахтеров В.П., Семенов Л.Д., Завитаев Л.А. т.б.)
ХIХ – ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесінің тарихы ( Зуев В.Ф.,
Ушинский К.Д., Гердтін А.Я., Вахтеров В.П., Семенов Л.Д., Завитаев Л.А.
т.б.) Төңкеріске дейін қазақ бастауыш мектептеріне арналған оқулықтар мен
оқу құралының болмауынан орыс афторларының (А.Герд, Н.И.Берлин, В.Ф.Зуев,
К.Д.Ушинский, К.П.Годовский) оқулықтары мен әдістемелік нұсқаулары қазақ
тіліне аударылып, пайдаланыолды. Мәселен, 1886 жылдың өзінде-ақ В. Ф.
Зуевтың орта мектепке арналған әдістемелік нұсқау берілді. Оқулық үш
бөлімнен тұрады: өлі табиғат (ископаемое царство); өсімдік (прозяваемое
царство); жануар (животное царство). Мұнда өсімдіктердің жануарлардың
тіршілік ерекшелігі және олардың адам баласына пайдасы туралы мағлұматтар
берілді. Автор оқулықта өсімдіктің 148, омыртқалы жануардың 157 түрінің
тіршілігі жайында баяндалып, оларды оқыту әдістемесіне тоқталды. Әдістемеде
көрнекілік әдісіне баса көңіл бөлііп, кез келген зат жайында оқытқанда оның
табиғи қалпын, не соны суреттейтін бейнені көрсетудің тиімділігін айтып
нұсқайды. Оқыту әдісін жетілдіру мақсатымен қосымша пайдаланатын
материалдар ұсынады (193 суреттен тұратын 57 кесте берілген). Әдістеме
дидактикалық принциптерді: ғылымилық, жүйелілік, түсініктілік, білімді
оқушыларға саналы меңгерту жолдарын талдайды. В.Ф.Зуев - орыс мектептерімен
қатар қазақ мектептері үшін де жаратылыстану пәнінің жүйесі мен
әдістемесінің негізін алғаш салған ғалым.
Ушинский К.Д.-Бастауыш білім беру саласындағы аса ірі әдіскер және педагог.
Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш
мектептерде жаратылыстану мен географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол
баларды оқыту сөзге негізделмей, оларды тікелей қоршаған әлемнен алған
әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді. Негізгі еңбектері: Ана тілі,
Балалар әлемі.
Төңкеріске дейін қазақ бастауыш мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу
құралының болмауынан орыс афторларының (А.Герд, Н.И.Берлин, В.Ф.Зуев,
К.Д.Ушинский, К.П.Годовский) оқулықтары мен әдістемелік нұсқаулары қазақ
тіліне аударылып, пайдаланыолды. Мәселен, 1886 жылдың өзінде-ақ В. Ф.
Зуевтың орта мектепке арналған әдістемелік нұсқау берілді. Оқулық үш
бөлімнен тұрады: өлі табиғат (ископаемое царство); өсімдік (прозяваемое
царство); жануар (животное царство). Мұнда өсімдіктердің жануарлардың
тіршілік ерекшелігі және олардың адам баласына пайдасы туралы мағлұматтар
берілді. Автор оқулықта өсімдіктің 148, омыртқалы жануардың 157 түрінің
тіршілігі жайында баяндалып, оларды оқыту әдістемесіне тоқталды. Әдістемеде
көрнекілік әдісіне баса көңіл бөлііп, кез келген зат жайында оқытқанда оның
табиғи қалпын, не соны суреттейтін бейнені көрсетудің тиімділігін айтып
нұсқайды. Оқыту әдісін жетілдіру мақсатымен қосымша пайдаланатын
материалдар ұсынады (193 суреттен тұратын 57 кесте берілген). Әдістеме
дидактикалық принциптерді: ғылымилық, жүйелілік, түсініктілік, білімді
оқушыларға саналы меңгерту жолдарын талдайды. В.Ф.Зуев - орыс мектептерімен
қатар қазақ мектептері үшін де жаратылыстану пәнінің жүйесі мен
әдістемесінің негізін алғаш салған ғалым.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. ХIХ – ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесінің тарихы туралы не білесің?
2. Табиғаттану әдістемесінің негізгі қалаушылары және олардың еңбектеріне
сипаттама бер.?
Негізгі әдебиеттер: 1-5.
Қосымша әдебиеттер: 18.

3-тақырып. ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесінің тарихы

Дәріс мақсаты: ХХ ғасырдың табиғаттану әдістемесінің тарихымен
таныстыру.
1 Совет үкіметі тусындағы жаратылыстануды оқыту және онын негізін салушы
педагогтар.
2. 60 – 70 жылдардағы бастауыш мектептерді қайта құру.
3. 80 – 90 жылдары қазіргі кездегі дамуы
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі халық ағарту ісінің жай-күйін
зерттеуге арналған еңбектерде (Т.Т.Тәжібаев, Ә.І.Сембаев, Қ.Бержанов,
Ә.С.Сыдықов) қазақ мектептерінде орыс тіліндегі бағдарламалар мен
оқулықтардың аударма нұсқалары пайдаланылып келгендігі атап көрсетіледі.

Соның бірі ретінде 1921 жылғы Петроград қаласындағы әдіскерлік
бірлестігі дайындаған бастауыш сыныптың оқу бағдарламасын айтуға болады.
Бағдарлама мазмұнына Дүниетану бөлімі еңгізіліп, оқушыларға табиғаттан,
қоғамнан білім беру қарастырылған. Бұл құжаттың Түсінік хатында
бағдарлама мазмұнын әр аймақтың өз жерінің жағдайына қарай икемдеуіне
мүмкіндік беріледі деп көрсетілген. Бірақ, дәл сол кезеңде бағдарлама
мазмұнын жергілікті жағдайға икемдеп, өзгертіп пайдалануға дайын тәжірибелі
әдіскерлер аз болғандықтан, бұл талап өз мәнінде жүзеге аспай отырған.

Кейбір аймақтарда бұл талаптарды орындауға жасалған талпыныстар
салдарынан бағдарлама мазмұнының бұзылып, берілетін білім деңгейінің мұлдем
төмендеп кетуіне әкеліп соққандығын Ә. І. Сембаев атап көрсетеді.1922 жылы
Оқу халық комессариаты жеті жылдық мектепке отантану ( родиноведение),
жаратылыстану (естествознание), география, дүниетану (мироведение) бастауыш
сыныптарда жеке пән ретінде оқытылатын болды. Сөйтіп, бастауыш сыныптарда
оқушыларға табиғаттан, қоғамнан білім беру, олардың дүниетанымын кеңейту
мәселесі жаңа етек алып ашыла бастаған қазақ мектептеріне енді. Бұл
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің оқу бағдарламаларынан
тұрақты орын алып, нығая бастауының басы болды.

1924 жылы жарық көрген Мемлекеттік ғылыми Кеңестің (ГУС) бекіткен
бағдарламасының мазмұны осының айғағы болатын. Бағдарламада оқушыларға
табиғаттан, қоғамнан білім беріп, оны саясатпен, жаңа қоғам құрушы
еңбекшілер күресімен тығыз байланыстыру жағы қаралды. Әрине, бұл кезеңдегі
оқу бағдарламаларының ең негізгі талабы пәнді оқытуды саясаттандыру
екендігі жайында Қ. Бержановтың еңбегінде айқын айтылған. Автор осы
еңбегінде ГУС бағдарламасының талаптарын мектептерде жүзеге асыруда
кездескен қиындықтарды да талдап көрсетті:

1. Пән мазмұнын өз өлкесімен байланыстырып оқытуға жағдай жасайтын
оқулықтар мен оқу құралдары болмады;

2. Көрнекі құралдар мен өлкетану материалдарын қолдануды көрсететін
әдістемелер жеткіліксіз еді;

3. Жоғары білімді, жан-жақты дамыған өз ісінің шебері деп
атайтындай тәжірибелі мұғалімдер аз болды.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің салдарынан ГУС бағдарламасының
талаптары мен мазмұны мектеп өмірінде кең етек алып кете алған жоқ.
Қоршаған дүниеден берілетін білім мазмұнының кеңеюіне 1927 жылғы 1-2
сыныптарға арналып қабылданған кешенді бағдарлама үлкен әсерін тигізді.
Мұнда жеке пәндер ретінде емес, тек құбылыстар мен істердің маталуын,
байланысын қарастыру көзделді.
Кешенді бағдарлама мазмұны кез келген пәнді өлкетану материалдарына
(есеп болса, сол жердің шаруашылық түрлерімен, өсімдік-жануарлар туралы
болса , табиғатымен, еңбек жайында болса, жергілікті адамдар еңбегімен)
байланыстыра оқытуды талап етті. Бастауыш сынып оқушыларына адам, қоғам,
табиғат туралы білім беру арқылы жоғарыда аталған талаптар жүзеге асты.
Республикамыздағы жастарға білім беру ісінің даму жолына көз жүгіртсек,
қилы-қилы кезеңнен өткенін көру қиын емес. Кеңес өкіметі саясатының
өзгеруімен бірге халық ағарту ісінің мақсаты мен мазмұны да өзгеріп отырды.
1930 жылғы Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу , 1931 жылғы Бастауыш
және орта мектеп туралықаулылары бойынша оқушыларға политехникалық білім
беру мәселесі қолға алынды. Политехникалық білімді жүзеге асыру үшін
бағдарлама мазмұнына тағы да өзгерістер еніп, өмір тынысымен, қоршаған
ортамен танысуды сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар барысында жүзеге
асыру көзделді. Осы кездегі оқу ісінің жайы туралы айта келіп, Ә. І.
Сембаев Мектеп оқуының алғашқы екі жылы үшін ана тілі, математика,
қоғамтану, география, табиғаттану және т.б.жеке пән бағдарламалары берілді-
деп көрсетті. Осы оқу бағдарламалары бойынша 1-2 сыныпта табиғаттан білім
беру көзделіп, ол тақырыптардың мазмұны жыл мезгілдеріне қарай
топтастырылған.
Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі жыл мезгілдеріндегі ауа райының
өзгерісімен байланысты қарастырылған. Сонымен қатар 3-4 сыныптарда
жаратылыстану пәнін оқыту жоспарланып, 3-сыныпта өлі табиғат, 4-сыныпта
тірі табиғат оқылатын болған. Бастауыш сыныпта білім берудің осы мазмұны
1946-1947 оқу жылдарына дейін сақталды.
1946-1947 оқу жылында Ресейде бастауыш мектептердің оқу тәрбие жұмысын
тексеру қолға алынды. Тексеру нәтижесінде бастауыш сыныптардағы оқыту
мәселесіне байланысты көптеген кемшіліктердің беті ашылды. Әсіресе,
жаратылыстану, қоғамтану пәндерінің өте төмен дәрежеде оқылатыны анықталды.
Бұған білімді мұғалім кадрлардың жетіспеуі, сабақ барысында пайдаланылатын
көрнекі құралдардың аздығы, сабақ берудің тиімді әдістері зерттеліп,
қорытылып көпшілік мұғалімдер тәжірибесінің арқауына айналмауы себеп болды.
Мұндай кемшіліктерді жоюдың жолдарын іздестіру барысында бастауыш сыныпта
оқытылатын бірқатар пәндер мүлдем қысқартылып, кейбір пәндердің мазмұны
қайта қаралды, сөйтіп, 1947-48 оқу жылынан бастап қоғамнан, табиғаттан
ұғым беретін материалдар ана тілі пәнінің мазмұнына енді. Тек 4-сыныпта
ғана Өлі табиғат жеке пән ретінде оқытылатын болды.
1958 жылы Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-да халыққа
білім беру жүйесін онан әрі дамыту Заңы қабылданды. Мұнда мектептегі
...оқудың белгілі дәрежеде өмірден қол үзгендігі көрсетіліп, алдағы
кездегі негізгі мақсат ретінде оқушыларды еңбекке баулу, политехникалық
білім беруді жүзеге асыру қажеттілігі белгіленді. Осыған байланысты
бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер жүйесі тағы да елеулі өзгерістерге
ұшырады. Бұрыңғы 4-сыныпта оқытылатын Өлі табиғаттың орнына Табиғаттану
пәні оқытылып, оның мазмұнына өлі табиғаттан да білім беретін материалдар
енді. Оқу бағдарламасының өлкетанулық мазмұны күшейтіліп, балалардың
өздеріне жақын да таныс образдар мен фактілерге сүйене отырып, оларды
айналадағы табиғатпен, адамдардың еңбек саласындағы тіршілігімен үнемі
таныстырып отыру керек екенін көрсетіп отыр.
Жоғарыда аталған бағдарлама талаптары сол кезде жарық көрген оқулықтар
мен әдістемелерде әртүрлі шешімін тапты. Бастауыш сыныпта жаратылыстануды
оқытудың әдіскері және политехникалық оқудың негізін қалаушылардың бірі
ретінде орын алған М.Н.Скаткиннің 3-4 сыныптарға арналған оқулықтары
(Табиғаттану) соңғы кезге дейін бүкіл одақтас республикалар мектептерінде
пайдаланылып келді. Әдіскер М. Н. Скаткиннің теориялық, әдістемелік
еңбектерінің мұғалімдер қауымына өте зор көмегін тигізді. Ол
табиғаттануды оқыту әдістемесіне баса көңіл бөлді. Әсіресе , топсаяхат
ұйымдастыру, табиғат және еңбек күнтізбесін жазу, табиғатқа күнделікті
бақылау жүргізу арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, сыныптан
тыс жұмыстар түрлерін жандандыру мәселелерін зерттеді. Оқулықтар мазмұнының
өзгеріп, бағдарлама талаптарының күрделене бастауына байланысты 1930-40-
жылдар аралығында қазақ тілінде де әдістемелік еңбектер жарық көре бастады.
Оқудың сапасын көтеруге арналған ең алғашқы әдістемелік еңбек В. Г. Логинов
пен О. Сарбатырұлының авторлығымен Бастауыш мектептегі жаңа бағдарлама
бойынша оқыту үшін әдіс хат жарық көрді. Мұғалімдердің білім деңгейін
көтеру мақсатымен орысша ғылыми еңбектер қазақ тіліне аударылды. Соның бірі
— академик В.А. Келлердің Тіршіліктің түрлі ерекшелігі" атты кітапшалар
жинағы аударылып, мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Совет үкіметі тусындағы жаратылыстануды оқыту және онын негізін салушы
педагогтар туралы айтып бер.
2. 60 – 70 жылдардағы бастауыш мектептерді қайта құру, сол кездегі
табиғаттану пәне, негізіг әдіскерлер?
3. Табиғатануды әдістемесінің 80 – 90 жылдары, қазіргі кездегі дамуы
Негізгі әдебиеттер: 1-2.
Қосымша әдебиеттер: 16 әдебиет.

4-тақырып. Дүниетануды оқытуда қолданатын негізгі тұсініктер, ұғымдар
Дәріс мақсаты: Дүниетану оқытуда қолданатын негізгі тұсініктер,
ұғымдар туралы жалпы түсінік беру.
1. Табиғаттануды оқытуда қолданатын негізгі тұсініктер, ұғымдар.
2. Оқушылардың табиғаттану тусініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және
дамыту
Адам. Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары.
Адамның әрекеті. Оқу біліктері. Өзін-өзі бақылау және бағалау. Оқу
кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері. Қоғам. Адам және басқа адамдар.
Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер. Табиғат.
Табиғи және жасанды денелер, заттар. Табиғи құбылыстар. Әртүрлі заттар мен
денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер. Планета. Күн.
Жұлдыз. Глобус. Карта. Өсімдік және жануар – тірі ағза. Қылқан жапырақты,
жапырақты өсімдіктер. Шөл, дала, орман, тау өсімдіктері. Өсімдіктердің
өсуі, көбеюі, дамуы.
Бунақденелілер. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Құстар.
Сүтқоректілер. Олардың тіршілік ортасы, өсу және даму жағдайлары. Адам және
табиғат. Табиғатты қорғау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Табиғаттануды оқытуда қолданатын негізгі тұсініктер мен ұғымдарды
қалай жіктейміз?
2. Оқушылардың табиғаттану тусініктері мен ұғымдарын қалыптастырудың
тиімді әдіс-тәсілдері?

Негізгі әдебиеттер: 1,2.
Қосымша әдебиеттер: 3 -8 әдебиеттер.

5-6-тақырып. Табиғаттану пәнінің тәрбие міндеттері. Тәрбие түрлері
Дәріс мақсаты: Табиғаттану пәнінің тәрбие міндеттерімен таныстыру
1. Тәрбие процесі
2. Табиғаттану пәнінің тәрбие міндеттері
3.Тәрбие түрлері.
Оның Енді осы өрекетті қалай атауға болатынын ойластыруға болады.
Дәстүр бойынша оны тәрбие терминімен белгілеуге болар еді. Терминнің бір
мағыналы болмауы қиындықтар тудыруда. Кем дегенде оның төрт мағынасы
ажыратылып көрсетіледі (Қараңыз: ПедагогикаПод ред. Ю.К.Бабанского. -М.,
1983. С.7-8.). Тәрбиенің түсінілуі: кең өлеуметтік мағынада - тәрбиені
адамға бүкіл қоршаған болмыстың әсері деп айтады; кең педагогикалық
магынада - бүкіл оқу-тәрбие үрдісін қамтитын мақсатты бағытталган әрекетті
тәрбие деп қарастырады; тар педагогикалық мағынада - тәрбие дегеніміз
-арнайы тәрбие жүмысы; бұдан да тар мағынада – тәрбие белгілі бір
міндетпен, мысалы, адамгершілік қасиеттердің (адамгершілік тәрбиесі),
эстетикалық түсініктер мен талғамдардың (эстетикалық тәрбие) қалыптасуымен
байла-нысты қарастырылады. Бұл ретге тәрбие термині тәрбиелік күш-жігерді
белгілі бір аймақтың бөлігіне қолдану деп түсініледі.
Айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу,
еңбек адамдарын қадірлеу, табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып
қоймай, ой қорыту, қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын
дамыту көзделді. Табиғатқа адам да жатшынын түсіндіріліп, жекебас
гигиенасына да көңіл бөлінді. Қалалы жерлерде оқушыларды айналамен
таныстыру үшін мектеп маңындағы алаңға, саябаққа, баққа апаратын болса,
ауылды жерлерде бақшаға, шалғынға, орманға апарып таныстыру жүктелді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие дегеніміз не?
2.Қандай тәрбие түрлерін білесіңдер, ата.
3. Дүниетану сабақтарында қандай тәрбиенің түрлерін беруге болады?
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4
Қосымша әдебиеттер: 16 әдебиеттер.

7-8 тақырып Дүниетануды оқытудын материалдық базасынын ерекшелігі
Дәріс мақсаты: Дүниетануды оқытудын материалдық базасы,оның ерекшелігімен
таныстыру
1. Дүниетануды оқытудын материалдық базасы,
Дүниетанудан оқыту-әдістемелік комплект. Дүниетану (оқулықтар). 1,2,3,4
сыныптар. Бақылау күнделегі (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар. Хрестоматия
(оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар, Дүниетану пәнін оқыту (әдістемелік
нұсқау). Дидактикалық материалдар. 1,2,3,4 сыныптар. Оқу кестелері. 1,2,3,4
сыныптар. Альбом (көрнекі құралдар) 1,2,3,4 сыныптар. Аудиовизуальды
құралдар (оқу кинофильмдері, слайдар, диафильмдер, жануарлардың дыбыстары
жазылған үнтаспалар, т.б.) 1,2,3,4 сыныптар. Өсімдік кеппе шөптерінің
жинақтамалары. 1,2,3,4 сыныптар. Жануарлардың қатырылған жинақтамалары,
ылғалды препараттар, тұлыптары. 1,2,3,4 сыныптар. Тау жыныстары, қазба
байлықтар үлгілерінің жинақтамалары. Киіз үй, ер-тұрман, қазақтың ою -
өрнектері, үй жихаздарының кішкентай көлемді макеттері. Қазақстанның
физикалық, экономикалық карталары. Глобустар. Қазақстанның түрлі жер
бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалы құм, орман, суқойма, т.б.)
үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбалар. Қазақстанның көрнекті мемлекет,
қоғам әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерінің портреттері.
Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып,
оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен
жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын
қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір
тәжірибесінде кәдеге асады. Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған
жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин,
бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония,
традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге
орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею
жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі
Экология ғылымының зерттеу объектісі - адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі білім
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
Пәндер