Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)


ӘОЖ 338. 45:622. 323 (574) Қолжазба құқығында
ЕГИЗБАЕВА ЖАЙНА ТАЛКЫБАЕВНА
Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау
(«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)
08. 00. 05- Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет саласы мен ортасы бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Диссертациялық жұмыс Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалды.
экономика ғылымдарыны докторы
Д. М. Турекулова
экономика ғылымдарының докторы
М. Р. Сихимбаев
экономика ғылымдарының кандидаты
Б. Қ. Елеусизова
Диссертация 2010 жылдың «24» желтоқсанында сағат 14. 30-да Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінің жанындағы БД 14. 08. 01 біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Жұбанов көшесі 7, мәжіліс залы.
Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы «23» қараша таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, экономика
ғылымдарының докторы Исмаилова Р. А.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез келген елдің тұрақты және үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру үшін бастан қажетті жағдай оның ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттілігін сақтау болып табылады. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі - экономикалық қауіпсіздікке де қатысты. Соңғы уақытта ұлттық қауіпсіздік жүйесінде экономикалық қауіпсіздік рөлінің артуы қаржылық және басқа да нарықтардың жаһандану процестерінің кеңеюімен және тереңдеуімен байланысты. Бұл өз кезегінде ұлттық экономикалық жүйенің қалыптасуында белгісіздік пен тәуекел факторларын күшейтеді. Ұлттық қауіпсіздікті, ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамның нығаюын қамтамасыз етуді елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарының бірі екенін атап көрсеткен.
Әлемдік экономикаға Қазақстанның қатысуы, интеграциялық процестердің күшеюі және тұрақты дамуға жаңа серпілістің пайда болуы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін өзекті етеді.
Экономикалық қауіпсіздік салалардың, кәсіпорындардың, компаниялардың экономикалық қауіпсіздігінің жиынтығынан тұрады. Қазіргі таңда мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі егеменді Қазақстан үшін ерекше маңыздылыққа ие. Мұнай саласы елдің экономикалық дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ол отандық экономиканың басқа салаларын дамытуды қамтамасыз етудің, елдің индустриальды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізі болып табылады. Сондықтан, мұнайгаз саласының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді зерттеу және өңдеу механизмдерін жүзеге асыру мен жетілдіру бүгінгі күні өте маңызды бағыттардың бірі.
Мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуы түрлі кезеңдерді басынан өткізді. Дағдарысқа қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің озық тәжірибелерін, экономикалық қауіпсіздік шарттары мен параметрлерін, жаһандану жағдайындағы мұнай өнеркәсібінің маңыздылығын ескере отырып, мұнай саласында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жасау қажеттілігі туады.
Мұнай саласындағы кәсіпорындардың экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптамалар, экономикалық қатерлерді талдау, жаһандану жағдайындағы қолдау ғылыми негіздеудің қажеттілігін көрсетіп, зерттеу тақырыбының өзектілігін және ғылыми-тәжірибелік құндылығын айқындайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Посткеңестік кеңістікте теориялық зерттеу мәселелері шамамен жақында, яғни алдыңғы ғасырдың 80-ші жылдарында басталды. Бұл оның ғылыми зерттелу деңгейінің жеткіліксіздігінің дәлелі. Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық-әдістемелік және тәжірибелік мәселелерін зерттеуге ресей ғалымдары көп үлес қосты: Абалкин Л. И., А. Архипов, Белов П. Г., Глазьев С. Ю., Городецкий А., Илларионов А., Коржов Г. В., Олейников Е. А., Савин В. А., Сенчаков В., Тамбовцев В. және т. б. Сондай-ақ, бұл мәселелердің түрлі аспектілері қазақстан ғалымдарының еңбектерінде де көрініс тапты: Аубакирова Я., Ахметжанова С. Б., Байзақов С. Б., Баймуратова У. Б., Егоров О. И., Есентугелов А. Е., Доғалова Г. Н., Карибджанов Е. С., Кенжегузин М. Б., Киинов Л. К., Қажымұрат К., Қошанов К. К., Садықов А., Сапарбаев Б., Сатова Р. К., Сатқалиева Т. С., Турекулова Д. М., Туркебаева Э. А., Шалболова У. Ж., Яновская О. А. және т. б.
Жаһандану жағдайында барлық процестер тез тозады және сонымен бірге жаңарады да, яғни уақыттың сапалы сығылуы жүреді. 90-шы жылдар аяғында өзекті болған «көне» қауіптердің орнына «жаңасы» шапшаң келеді. Бұл экономикалық қауіпсіздік мәселелерін нақты орын мен уақыт жағдайына қатысты қарау қажеттілігін көрсетеді. Бұның барлығы объективті ғылыми мәселенің барлығын айқындайды - экономиканың тұрақты дамуын қауіптердің алдын алу құралы ретінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері теориясын, әдістемесін және тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар, экономикалық қауіптерді болдырмаудың тиімді жолдарын анықтау.
Сондай-ақ, республика мен аймақтардың қазіргі даму жағдайында мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы, қызмет етуі және дамуы бойынша әдістемелік аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Осы тұрғыдан, экономикалық, қаржылық, инвестициялық, әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге, ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің мүмкін қауіптеріне жүйелі әсер ету қажеттілігі туындайды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсер ету бағыттарын анықтау мен оларды қолдану бойынша шаралар кешенін даярлаудан тұрады.
Зерттеудің міндеттері. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін диссертациялық зерттеуде келесі міндеттер қойылды және шешілді :
- экономикалық қауіпсіздіктің мәні және оның негізгі ғылыми тұжырымдамаларын зерттеу;
- экономикалық қауіпсіздікті бағалау әдістері, оны қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының және Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
- «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның өндірістік-қаржылық қызметін экономикалық бағалау;
- экономикалық қауіпсіздікке әсер етуші факторларды айқындау және қауіптерді бағалау;
- экономикалық қауіпсіздік деңгейін реттеу механизмдері мен стратегиясын негіздеу.
Зерттеу пәні - мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін жетілдіру мақсатында теориялық және тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру.
Зерттеу объектісі - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі экономика саласындағы оқымысты-ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген экономикалық қауіпсіздік тұжырымдамалары; отандық және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері; аталған мәселе бойынша нормативті-әдістемелік материалдар мен құжаттар; халықаралық, қазақстандық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, мұнайгаз саласын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мен Қызылорда облысының статистика басқармасының, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің мәліметтері, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның жылдық есептері болып табылады.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында зерттеудің келесідей әдістері қолданылды: монографиялық, экономикалық-статистикалық, экономикалық модельдеу, сараптама, есептік-конструктивтік және баланстық.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтаушы негізгі нәтижелер келесідей:
- экономикалық қауіпсіздік түсінігі тереңдетілген және теориялық тәсілдемелерді жүйелеу негізінде авторлық тұжырымдама берілген;
- кешенді талдау негізінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тенденциялары және оның индикаторларының шекті параметрлері анықталған;
- әртүрлі критерийлер бойынша экономикалық қауіпсіздіктің қатерлерін бағалау әдістемесі берілген;
- мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсер ету деңгейі айқындалған;
- мұнай компанияларының қызметін нығайту арқылы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы ұсынылған.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
- экономикалық қауіпсіздік түсінігі бойынша автордың көзқарасы және оның туыстық түсініктермен өзара байланысы: ұлттық қауіпсіздік, қауіптер, мүдделер, шекті мәндер және т. б. ;
- экономикалық қауіпсіздікті жүйелі кешенді талдау және оның даму тенденциясының индикаторлары;
- мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсер ету факторлары;
- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмі.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мағыналылығы. Диссертациялық жұмыстың теориялық мәні және оның нәтижелері экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру бойынша теориялық және әдістемелік базаны кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды мұнай компанияларының қызметтерінің негізгі бағыттарын анықтауда және оқу процесінде профильді-элективті курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Диссертациялық жұмыстың алынған нәтижелері Қазақстан экономикасының стратегиялық дамуына бағытталған. Автормен берілген әдістемелік ережелер мұнай компаниялары мысалында нақты есептермен негізделген.
Зерттеудің нәтижелерін мақұлдау. Зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, сонымен қатар ғылыми басылымдарда жарияланды: ХҒТК «Современные проблемы экономического роста национального экономики. Государственный, региональный и отраслевой аспекты в условиях глобализации и модернизации» (Қарағанды, 2004 ж. ) ; «Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу жағдайының өзекті мәселелері» ХҒТК (Астана, 2007 ж. ) ; «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы мен инновациялық жүйенің қалыптасу мәселелері» ХҒТК (Қарағанды, 2009 ж. ) ; «ХХI ғасырдағы әлемдік және Қазақстан экономикасының даму барысы мен басым бағыттары» ХҒТК (Астана, 2010 ж. ) ; Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. (Астана, 2005 ж. №4) ; С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым Жаршысы (Астана, 2009 ж. №3, №4) ; «ХХI ғасырдағы әлемдік және Қазақстан экономикасының даму барысы мен басым бағыттары» ХҒТК (Астана, 2010 ж. ) .
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-негізделген ұсыныстары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу процесінде қолданылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша басылымдар . Диссертация тақырыбы бойынша 8 жұмыс жарияланды, негізгі көлемі 3, 02 б. б.
Жұмыс құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері. Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті мақсатқа сай және жүйелі қорғаушы ұйымдық жүйе ретінде тек ХХғ. құрыла бастады. Бірақ, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қорғау мәселелерінің теориялық түсінігі Рузвельттік Федералдық Комитеттің құрылуына дейінгі жүз жылдықта пайда болды. Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық концепциялары - бұл ұлттық мемлекеттің тиімді экономикалық саясатының пайда болуына арналған барлық базалық экономикалық концепциялар.
Соңғы жарты жүз жылдықта ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлерін қалай есептеу керек және онымен қалай күресу керектігі бойынша экономист-теоретиктердің үш негізгі тәсілі құрылды (1- кесте) :
- сыртқы экономикалық қауіпсіздікті қорғаудың камералисттік концепциясы
( ХIХғ. ортасынан бастап ) ;
- ішкі макроэкономикалық қауіп-қатерлерден қорғаудың кейнсшілдік концепциясы ( ХХғ. II жарты жылдығынан бастап) ;
- әкімшілік тосқауылдардан қорғаудың институтционалдық концепциясы
( ХХғ. аяғынан бастап ) .
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің камералисттік түсінігі осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күрестің негізгі ауыртпалығы импортты шектеу бойынша заңдарды бастаушы орталық үкіметке, сонымен қатар шетел тауарларының контрабандасымен күресті жүргізетін кеден және шекара қызметкерлеріне түседі деп болжайды.
Кесте 1- Ұлттық экономикалық қауіпсіздік түсінігі парадигмаларының эволюциясы
Кейнсшілдер ұлттық экономика үшін негізгі қауіптер шетел тауарларының бәсекелесі емес, жұмыссыздық және экономикалық тоқырау болып саналды. Осы қауіптермен күресу үшін үкіметке шаруашылық қызметін белсенді реттеуді тек субсидия мен мемлекеттік тапсырыстарды үлестіріп беру арқылы ғана емес, сонымен қатар бәсекелестікті тікелей әкімшілдік бақылау орнату арқылы жүзеге асыруды ұсынды.
ХХғғ. екінші жартысында кейнсшілдердің әсері азайып, неоклассикалық экономикалық теорияның приоритетті әсері пайда болды. Егер кейнсшілдер мемлекеттік реттеуді дұрыс деп үміттенсе, ХХғғ. екінші жартысындағы неоклассиктер оның шектеулілігін алға тартты.
Дегенмен, неоклассиктер ұлттық экономикалық мүддеге қауіптермен күресу әдісін ұсынды. Олар осынысымен кейнсшілдерден ерекшеленді. Бірақ, олар сол мүдделерді түсінуге кейнсшілдермен ұсынылған тәсілді қабылдады. ХХғғ. екінші жартысында неоклассиктер декларация деңгейінде жалғыз экономикалық субъект индивид деп сендіруді жалғастырды.
Э. де Сотоның институтционалдық нұсқасына сәйкес ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері әкімшілік тосқауылдар табылады - «жаман» заңдар немесе «жақсы» заңдардың нашар орындалуы. Сәйкесінше, мазмұны экономикалық демократияның нормаларына сай келетін және осы заңдардың орындалуын бақылайтын жаңа заңдардың қабылдануы осы қауіп-қатерлерді тоқтату шаралары болуы тиіс.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің үш негізгі парадигмалары - камералисттік, кейнсиандық және институтционалдық - бір-бірін өзара толықтырады. Әрбір елдің ұлттық экономикасына нақты немесе потенциалды қауіп-қатерлер шетелдік бәсекелестерден де (Ф. Лист осыған көңіл бөлген), «нарық құлдырауымен» де (Дж. М. Кейнс осы туралы жазған), және «мемлекет құлдырауымен» де (Э. де Сотоның ойы бойынша) болуы мүмкін. Ұлттық саясаттың мақсаты - барлық қауіп-қатерларге қарсы әсер ету үшін шектелген ресурстарды үнемді пайдалана отырып, неғұрлым қауіпті қатерлерді объективті түрде сипаттау.
«Экономикалық қауіпсіздік» түсінігінің дәстүрлі теориялық-тұжырымдамалық әзірлемесі жетекші ғылыми шетелдік мектептер аясында жүзеге асырылған. Осы тақырып бойынша отандық зерттеулердің жеткіліксіздігі және іс жүзінде жоқтығы мына жайтпен түсіндіріледі, яғни ұлттық қауіпсіздіктің тарихи мәселесі ұлттық, соның ішінде экономикалық мүдделердің қалыптасуы мен әзірленуі жүзеге асырылатын тәуелсіздікке қол жеткізу мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдерінде туындайды.
«Экономикалық қауіпсіздік» мазмұны, оны құраушы элементтер, сондай-ақ қамтамасыз ету механизмдері әр түрлі интерпретацияланады, ол әр алуан теориялық-әдістемелік тәсілдемелер аясында мәселені зерттеумен байланысқан. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ұлттық экономикалық қауіпсіздік - бұл экономиканың және билік институттарының жай-күйі, ол ішкі және сыртқы процестердің дамуының өте қолайсыз нұсқалары кезінде де ұлттық мүдделердің кепілдікті қорғанысын, елдің үйлесімділігін, әлеуметтік бағытта дамуын қаматамасыз етеді.
Ғылыми әдебиеттерде экономикалық қауіпсіздік келесі ретте қарастырылады:
1. Ұлттық қауіпсіздіктің біртұтас, бөлінбейтін қатаңдығы.
2. Ұлттық қауіпсіздік аясында дербес, автономды жүйе. Осы орайда бұл мәселе екі аспектіде қарастырылады:
- экономикалық қауіпсіздік экономиканың әр түрлі факторлар мен қауіптерден қорғалуы ретінде. Қауіпсіздік экономика саласындағы мемлекеттік-ұлттық мүдделердің барлық қажетті құралдармен және мүдделермен сенімді қорғалуын, яғни ішкі және сыртқы қауіптерден, экономикалық және материалдық залалдардан қорғалуын түсіндіреді;
- жай-күй ретіндегі экономикалық қауіпсіздік жағдайында оның белгіленген шекті мәндері сақталады. «Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз -қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын және заң талаптарын орындайтын қоғамның әрбір мүшесінің экономикалық және құқықтық жағдайын қамтамасыз етуге экономиканың дайындығы мен мүмкіндік жағдайы».
Экономикалық қауіпсіздіктің әр алуан зерттеушілік тәсілдемелерін талдау негізінде, біздің пікірімізше, экономикалық жүйенің тұрақты дамуы сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуды әрі шоғырлануды қамтамасыз етеді, ал мұндай жағдай қоғамдық-мемлекеттік дамуға арналған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен, жүйелік білім ретіндегі экономикалық қауіпсіздік төмендегі негізгі компоненттерден тұрады: технологиялық, азық-түлік, қаржы-несиелік, өнеркәсіптік, сыртқы экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-коммуникациялық, әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) .
Экономикалық қауіпсіздіктің мәні индикатор-көрсеткіштер жүйесінде жүзеге асырылады. Экономикалық қауіпсіздіктің индикатор-көрсеткіштерінің жиынтығы - бұл экономикалық қауіпсіздіктің мәнін айқындайтын маңызды процестер тұрғысынан экономиканың жай-күйін бағалау. Индикатор-көрсеткіштер жүйесі төніп тұрған қауіп жөнінде алдын-ала ескертіп, оны болдырмау шараларын қабылдауға м. мкіндік береді.
Осылайша, әлемдік экономикалық ілімде экономикалық қауіпсіздік дәстүрлі түрде экономикалық жүйенің маңызды сапалық сипаттамасы ретінде қарастырлады және ол оның қабілетін анықтайды:
- халықтың қалыпты өмір сүру жағдайын қолдау;
- халық шаруашылығының дамуын тұрақты түрде ресурстармен қамтамасыз ету;
- ақырындап ұлттық-мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру.
Экономикалық қауіпсіздікті ақырғы және тиісті түрде бағалау үшін көрсеткіштердің өзі емес, шекті шамаларды көрсететін олардың шекті мәндері маңызды болады.
Экономикалық қауіпсіздік - бұл экономиканың ұлттық және халықаралық деңгейлердегі қоғамдық сұраныстарды тиімді қанағаттандыру қабілеті. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - ұлттық экономиканың тиімді қарқынды дамуына қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру қабілетіне қолайлы жағдай жасайтын, әр түрлі қауіптер мен шығындардан кепілдендіретін ішкі және сыртқы талаптар жиынтығы. Одан екі қорытындыны шығаруға болады:
Бірінші. Елдің экономикалық қауіпсіздігі, ең алдымен экономиканың өзінің тиімділігімен қамтамасыз етілуі тиіс, яғни мемлекет жүзеге асыратын қорғаныс шараларымен қатар, ол еңбектің жоғары өнімділігі мен өнімнің сапасы негізінде өзін-өзі қорғауы тиіс және т. б.
Екінші. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қандай да бір жалғыз ғана мемлекеттік ведомствоның, қызметтің басымдығы болып табылмайды. Оны мемлекеттік органдардың бүкіл жүйесі, экономиканың бүкіл звенолары және құрылымдары қолдауы тиіс.
Алғашқы басталуы кезіндегі экономикалық қауіпсіздікті сандық бағалаудың екі аспектісі бар: 1) масштабты өлшеу; 2) экономикалық бағалау.
Әр алуан әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің салыстырмалы көрсеткіштерін салыстыруға болады, ал қажетті жағдайда оларды қосуға да болады. Мұндай жағдайда индексті әдісі пайдаланылады.
Тиімділігі тұрғысынан қауіп индикаторларын саралау үшін сараптамалық бағалаулардың танымал әдістері (сауалнама, «Дельфи» әдісі және т. б) қолданылады.
Салыстырмалы әдіс, ол шекті көрсеткіштерді іс жүзіндегі көрсеткіштермен салыстыруды жүзеге асырады және шекті көрсеткіштер мен қолданыстағы көрсеткіштердің айырмасын ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікке бағалау жасалады.
Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерін іс жүзінде пайдалану аймақ атауын бөлетін шекаралық нүктелерді есептеу мен бағалауға негізделеді.
Өз қауіпсіздігін ішкі және сыртқы саясаттың шешуші звеносы ретінде қарастыратын көптеген елдерде ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттар қолданылады.
Қазақстан тәжірибесіне қарай отырып, экономикалық реформалардың тізбекті қадамдарын жасауды атап өтуге болады. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі қазіргі таңда ұзақ мерзімді дамудың мемлекеттік стратегияларының механизмдері, сондай-ақ салалық бағдарламалар, тұжырымдамалар мен стратегиялар аясында қамтамасыз етілген.
Бірақ та, біздің пікірімізше, ел экономикасын, сәйкесінше оның экономикалық өсуін өндіру өнеркәсібіне «бекіту» болашақта мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін төмендетеді. Қазіргі таңда экономиканың әртараптандырылуы, сондай-ақ аймақтық дамудың біркелкі болмау мәселесі өткір болып тұр. Көршілес елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді, ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығы, жоғары әлеуметтік жікке бөліну, айқын көрініс тапқан аймақтық әртараптандыру саяси шиеленістің ғана емес, сондай-ақ күштер қақтығысы ошағының себептері болды.
Осылайша, әлемдік тәжірибені және Қазақстан экономикасының әрекет ету ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікті айқындайтын келесі компоненттерді атап көрсету тиімді болады: 1. Құрылымдық. 2. Техно-логиялық. 3. Институционалды. 4. Қаржылық.
Мұнай компанияларының Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бағалау. Зерттелген ғылыми жұмыста Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету жүйесінің схемасы берілген. Онда экономикалық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері немесе елдің экономикалық қауіпсіздігі бағаланатын субъектілер, объектілер, нормативті-құқықтық база, қауіптер мен көрсеткіштер суреттелген (сурет 1) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz