Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша
жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібі және қолма.қолсыз ақшалармен есеп айырысу қағидалары ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қолма.қолсыз ақшалармен есеп.айырысу формалары және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi ... ... ... .. 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның өз қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті коғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаның шығу себебі тауар өндірісі қайшылықтарының етек жайып, тереңдеуінде. Ақша жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше қызметті атқаратын тауар. Ақша да, тауар да қоғамдық еңбектің өнімдері. Бірақ өндіріс құрал-жабдықтрына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар нарықта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде болады, ал ақша - тікелей жеке еңбектің (жалпылама эквивалент) бейнесі ретінде болады. Ақша зат та емес, байлық та емес, өндірістік қатынас.

Қолданылған әдебиеттер
1. Райымқұлұлы С. «Экономика негіздері» Шымкент 2006.
2. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, «Экономика» 2005.
3. Мақыш Серік Биханұлы «Ақша айналысы және несие» Алматы, 2004.
4. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе, 2004.
5. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, «Экономика» 2000
6. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы 2000.
7. Сәниев М.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001.
8. Сахариев С.С. «Жаңа кезең экономикалық теориясы» Алматы, «Дәнекер» 2004.
9. ҚР Ұлттық валютасының сипаты //Халық кеңесі// 1993. 13 қараша
10. Есентүгелов А. «Теңге тәуелсіздік тірегі» //Егемен Қазақстан// 1996. 15 қараша
11. Әжиев Е. «Ұлттық валюта теңге күні туралы» Алматы 1997 .
12. Жандосов О. «Ұлттық банктің ақша және несие-валюта саясаты. //Ақиқат// 1993.№3
13. Домитов Қ. «Теңгенің тегеуріні». //Егемен Қазақстан//. 1998 13 қараша
14. «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңы 24.12.1996.
15. Экономикалық теория негіздері, Алматы «Санат», 1998.
16. «Қазақстанның ұлттық валютасына – 10 жыл», //Оңтүстік Қазақстан// 2003.30 қазан.
17. //Егемен Қазақстан// 2006.14 маусым.
18. Мақыш С. //Хабаршы// 2004.№4

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша
жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1.3 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
II. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының
тәртібін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібі және қолма-
қолсыз ақшалармен есеп айырысу қағидалары ... ... ... ... ... ... . ...
2.2. Қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу формалары және

... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi ... ... ... .. 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала
береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға
бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл,
оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша
табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және
таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ,
оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары
болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар
арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық
категория болып табылады.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның өз қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ
мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына
қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға
қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының
маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында
маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол
тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс
аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл
тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді
және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол
жеке меншік еңбекті коғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер
арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаның шығу себебі тауар өндірісі қайшылықтарының етек жайып,
тереңдеуінде. Ақша жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше
қызметті атқаратын тауар. Ақша да, тауар да қоғамдық еңбектің өнімдері.
Бірақ өндіріс құрал-жабдықтрына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар
нарықта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде болады, ал ақша - тікелей
жеке еңбектің (жалпылама эквивалент) бейнесі ретінде болады. Ақша зат та
емес, байлық та емес, өндірістік қатынас.
1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі. Ақша жүйесі
1.1 Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметтері
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ.
Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель
ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы
сапалы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері
ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде
қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміс
жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатысындағы
қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең
байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда
ғана оның жұмбақтығы да жойылады.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие
болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші
ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайласынан малшылар
тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал
екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық
негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей
сипатқа ие болды:
Т Т экв.
(1 қойға = 1 қап астық) экв.
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (I қап
астық) айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы кұн түрінде болғаны, ал бір
қап астық оның эквиваленті болып табылады яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттіліпен жүргізуге
алып келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері
қатысады. Құнның - толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасты.
Т → Т1 (1 қап астыққа) экв.
→ Т2 (1 балтаға) экв.
→ Т3 (5 кұмыраға) экв.
→ Т4 (2 гр. алтынға) экв.
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта деген
қоғамдық еңбек шығындарын куәландырады.
Құмның кеңейтілген түрінін пайда болуымен қатар, сондай-ақ айырбаста
қиындықтар туындады.
Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес,
оған балта қажет, ал балта иесіие қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп
түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды
алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды)
балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ
(жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол
жалпылама деп аталады.
Т1 (1 қап астыққа) = 1 қойға (экв)
Т2 (1 балтаға)
Т3 (5 құмыраға)
Т4 (2 гр. алтынға)
Кейініректе жалпылама зквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын,
күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды:
жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды
артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің
сіңірілгені болып табылады. Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Сурет 1
''Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
құн өлшемі және баға масштабы;
айналыс (айырбас) құралы;
төлем құралы;
қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ, та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдың қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдьіқ
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
(алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның, өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшгуге
қызмет ететін металдың, (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын керсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттың ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтың бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай аңшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) — А (ақша) — Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды
біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады.
Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден,
бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік
ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) — М
(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) — Т (тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдың рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде аңша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздың міндеттеме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен аңша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,
сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін акша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1)Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік)
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары
түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралың заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады.
Сурет 2
Сурет 3
1.2 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында
бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің
дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы) ақшалар және
құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар). .Алғашқы қағаз ақшалар б.э.
XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж.
Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс
жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде ақшалар
қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және
т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы
негізінде қағаз ақшалар , яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында
соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-92 жж. ақша
реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығы жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің
төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Сонымен, нағыз ақшалар – бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен
нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы металл
ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета
түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX
- X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар,
күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX
ғ.екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші
орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына
өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл
ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін
жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы арқасында толық бағалы ақшалар
барлық бес қызметті де бірдей атқарады.
Ал, алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған: Алтын өндірісі тауар өндірісі
артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық
өтей алмады.
Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымы
ынталандырмады.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері
болған:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын
төмендету барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте
қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен
олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды
шығаруы;
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
1. Биметаллизм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен
күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті
қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет
тарапынан белгіленген;
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды
төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс
монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға
ерік берілді.
Биметаллизм XVI—XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғ. дами
бастады. Бірақ та биметалдың ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму
қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар
пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде,
жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап
етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі
келді.
2. Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша
айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет
ететін ақша жүйесі.
1.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің
ерекшеліктері
Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері
өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын
тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық

Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және басқа масштабы;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы
мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға
болады:

дүниесіне мартеиал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық

елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне

атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық

айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай
процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды

келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).

өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы – бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның

ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген
нарықтық бағаға айналады. Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы
ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі
қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты
ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері:
қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз
ақшалар атқарады. Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың
болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі.
Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының
бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының
маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың

құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) – Т
(тауар).

анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;

• банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік және сот алдындағы және басқадай міндеттемелер.

ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды

жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.

1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай
қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,

материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс
өз еңбегінде: ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы
ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді -
деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет
етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс –
маркасы, ағылшын – фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы –
еуро, сол сияқты СДР атқарады.

тәртібін талдау
1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібі және қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысу қағидалары
Ақша айналысы – бұл шаруашылықтағы тауарларды өткізуге сондай-ақ
тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін
қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшаның қозғалысын
білдіреді. Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз ақша айналымын реттеу
және жалпы ақша айналысын қадағалау ҚР Ұлттық банкіне жүктеледі.
Әртүрлі төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы
мынадай сызбамен беріледі (3-сурет):
1
2
6 3
4
5
1 – тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2 – төлем тапсырмасын сатып
алушының банкіне беру; 3 – есеп айырысу құжаттары төлеушіге келісім беруі
үшін беріледі; 4 – төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке
қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5 –
жабдықтаушының банкіне қаражат аударылып, онда жабдықтаушының шотына есепке
алынады: 6 – жабдықтаушының шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайдыАқша
айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі
тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында
өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және
жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты
капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша,
капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы
мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз
формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған
капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Жалпы ақша айналысы: қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз
ақшалар айналысына бөлінеді:
Қолма-қол ақшалар айналысы - бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді.
Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық бидеттер) қызмет
етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне
тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – бұл қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысын білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшалар деп – чектер, несиелік карточкалар электрондық
аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған
ақшаларын (депозиттерін) айтуға болады.
Ақша айналымында сондай-ақ вексельдер, сертификаттар, кейбір елдерде –
басқа да міндеттемелер және талаптар қолданылады.
Нақты ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Яғни, оны ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші
біріне өтіп отыруынан байқауға болады. Айталық, нақты ақшалардың банктегі
депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал
банктен жалақы, жәрдемақы, степендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша
алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар нақты ақшаларға ауыс ақша,
шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан,
материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын
барлық мәмілелер ақшалай есеп айрысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың
өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып,
есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда
біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге
болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен
төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі есеп айырысу шоттарындағы жазбаша
түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге
байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу
әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға
сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни яғни жабдықтаушылардың
мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды
ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы
келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен
жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік
береді.
Бұл қағидалар, әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
• төлеу орыны – банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастырушы және бақылаушы болды;
• төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң
жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына
қатаң тиым салынды;
• төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;
• төлеу көзі – сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие,
яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану
аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі
айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Бұл аталған
қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын,
барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттелігінен байқауға
болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда
сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы
басқаруға ұқсас болып келеді.
Бірақ та аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және
несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп
айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы
кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айрысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай
қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. Мұнда
клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар
ашылады.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айыррысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әректеттері үшін материалдық жауапкершлігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айрысудың бірінші
қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін
ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз
ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек
заңды тұлғаларға ғана қатысы бар болғандағын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың екінші қағидасы
бойынша төлемдер шот иелерінің өніміне байланысты белгіленген төлемдер
кезегі бойынша, яғни шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуға тиіс.
Өндірістің құлдырауы мен инфляциялық прроцестер жағдайында
шаруашылықтағы төлем тәртібінің төмендеуіне байланысты, біздің елімізде,
клиенттердің есеп айырысу шоттарынан бірінші кезекте, бюджеттің барлық
деңгейіне, сондай-ақ зейнетақы қорларына төлеуге шешім қабылданған. Бұл
әкімшілік шара, ҚР Үкіметінің бүгінгі экономиканың даму кезеңінде бюджеттің
кіріс жағын нығайтуға және шығысы арқылы әлеуметтік саланы қаржымен
уақытылы қамтамасыз етіп отыру бағытталады.
Бұл қағидасы бойынша клиенттердің шарттарында қаражаттарының төлемдер
бойынша кезектілігін нарық субъектілерінің құқығы бекітіледі. Бұл
дегеніміз, шаруашылық субъектілерінің экономикалық дербестігіне жасалған
маңызды қадамды білдіреді. Сондай-ақ бұл қағиданың жасалуы, төлем көзіне
деген нұсқаудың жоқтығына көңіл бөлгізеді. Себебі, бұл да шот иесінің
айналымындағы қаражаттарды иеленудегі және төлем, қамтамасыз етуіндегі
жауапкершілігін қамтитын экономикалы дербестігін көздейді.
Бұл жерде банктің нарық субъектісіне, яғни клиентке қоятын талабы,
оның шотында бар қаражат қалдығы шегінде төлемді жүзеге асыру болып
табылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы нарық
субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы
еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында
бекітуді көздейді.
Бұл қағидасы меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелер болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрінеді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар туралы уақытша ережесінде
төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу
тенденциясы байқалады себебі, барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел
экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.
Жоғарыда айтылған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың үш қағидасы
да ҚР-ғы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар туралы уақытша ережеде
кездеседі.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың
мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімдік қағидасы – шаруашылық несиелік сақтандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында
көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыруды білдіреді.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының
төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген
мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері
төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып,
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген
қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық
төлем түрінде;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, біршама уақыттан кейін –
қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық
несие жағдайында.
Іс-жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік
немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық
өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші классты өтімділік
қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы
ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары
жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады
(оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді
кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар емеп айырысуға
қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта
түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың
біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің
банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық басқа да шоттарына көрсетілген.
Кез келген кәсіпорын мен ұйымның банкте басты бір шоты, яғни есеп
айырысу немесе ағымдық шоты болуға тиіс. Есеп айырысу шоттары барлық
кәсіпорындарға, яғни меншік түрлеріне байланысты, сондай-ақ коммерциялық
есеп айырысу қағидаларына жұмыс жасайтын барлық шаруашылық субъектілеріне
ашылады. Есеп айырысу шотының иесі шоттағы қаражатты иелік етуге толық
құқылы. Ондай клиенттердің дербес балансы болады. Сондай-ақ олар банктермен
жеке қарым-қатынас жасай алады. Сөйтіп, есеп айырысу шотының иесі толық
экономикалық және заңды тәуелсіздікке ие болады.
Ағымдық шоттар, қазіргі кезде коммерциялық қызметпен айналыспайтын
және заңды тұлға ретінде мәртебесі жоқ ұйымдар мен мекемелерге ашылады.
Бұрынғы кездері мұндай шоттар тек қана республикалық немесе жергілікті
бюджетте тұрған қоғамдық ұйымдар мен мекемелерге ашылған болатын. Ағымдық
шот иесінің есеп айырысу шотының иесіне қарағанда дербестігі шектеулі.
Ағымдағы шоттар бойынша жасалатын операциялар қатаң реттеліп отырады.
Коммерциялық банктің мекемелерінде есеп айырысу шотын ашу үшін мынадай
құжаттар тапсыруға тиіс:
• белгілі бір формадағы есеп айырысу шотын ашуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz