Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Тарау Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
ойлау жүйесіндегі ұстаным ... ... ... ... 4
1.1 К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың
мынадай ұстанымы ... ... ... .. 9
1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным ережелері ... .. 12

ІІ. Тарау Теңбе.теңдік ұстаным модулі ... ... ... ... ... 14
2.1 Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуде тірек ететін ұстаным ... ... 16
2.2 Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылық жұмыстардың тәрбиелік ұстанымы.. ... ... ... ... ... . 19
2.3 Дидактикалық ғылыми ұстанымы және оның түрлері ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...27
Ана тілімізді өзге ұлт оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Дидактика оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды. Осыған байланысты Н. Оралбаева мен К. Жақсылықова былай дейді: «Дидактика – білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін, ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді. Демек, білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады».
Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алуға ұмтылған студенттердің таным жолындағы қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл оқытушы мен студенттердің мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында студенттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту екі жақты процесс, онда оқытушы мен студенттердің ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады.
1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін
оқыту әдістемесі». Алматы, 1996, /1, 24 бет/
2. Жақсылықова К. «Қазақ тілін модульмен оқытудың ғылыми-теориялық
негіздері». Докт.дисс, Алматы, 2001, /1, 24 бет/.
3. В.И. Андреев. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой
личности. К.Издательство Казанского Университета, 1988. -238 с.
А.Құнанбаев. Шығармалар жинағы. -Алматы: Жазушы, 1998. -335 б.
4. Х.Арғынов. Құрмалас сөйлемдер методикасы. -Алматы:
Мектеп, 1969.- 109 б
5. Қ.Жарықбаев. С.Қалиев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.
Алматы: Рауан. -1994.-352 б.
6. «Әлемдік білім кеңістігінеену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Семей,2006 ж.21-27 б.
7. Қазақ тілі по евростандарту. Мақала. «Жеті күн» 29 қазан 2006 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Тарау Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
ойлау жүйесіндегі
ұстаным ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1. К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың
мынадай
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 9
1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 12

ІІ. Тарау Теңбе-теңдік ұстаным
модулі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс
істеуде тірек ететін
ұстаным ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 16
2.2 Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылық жұмыстардың
тәрбиелік
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .. 19
2.3 Дидактикалық ғылыми ұстанымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... . 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

Кіріспе
Ана тілімізді өзге ұлт оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың теориясына
негізделеді. Дидактика оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру
ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру
мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды. Осыған
байланысты Н. Оралбаева мен К. Жақсылықова былай дейді: Дидактика – білім
мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін, ұйымдастыру формаларын, яғни
нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді. Демек, білім мазмұнын анықтау,
оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың тиімді әдістері мен
ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады.
Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен,
қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын
артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алуға ұмтылған студенттердің
таным жолындағы қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл оқытушы мен
студенттердің мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында
студенттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас
педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту екі жақты процесс, онда оқытушы мен студенттердің ынтымақтастық іс-
әрекеттері жүзеге асырылады.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны,
формалары мен әдістері, нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей
байланысты түрде іске асырылады.
Сонымен бірге, оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен
байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе
отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына
мүмкіндік туғызады.

І. Тарау Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
ойлау жүйесіндегі ұстаным
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту ойлау жүйесіне негізделеді.
Ойды жазбаша жеткізу – ауызша сөйлеу тіліне қарағанда өте күрделі, көп
салалы процесс. Психологтар тіл үйретуші тіл үйренушілерді үйреніп отырған
тілінде ойлай білуге үйренгенде ғана ауызша және жазбаша сөйлеуді
қиындықсыз меңгеретіндігін зерттеу еңбектерінде дәйектейді.
Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қабылдау процесінің орны ерекше.
Психологтар қабылдаудың көру, сезу және есту түрлеріне тоқтала отырып,
жазбаша сөйлеу тілін дамытуда көру және есту үрдістерін ерекше атап
көрсетеді. Жазба жұмыстарын меңгертудің алғашқы кезеңінде орындалатын
жаттығу жұмыстары көру үрдісіне бағытталады, оқушыларды оқулықтан немесе
тақтадан қатесіз көшіріп жазуға дағдыландырады. Екінші кезеңінде диктант
жұмысының өзі көру диктантынан басталады, содан соң сатылай күрделенеді.
Үшінші кезеңде мазмұндама, шығарма түрлері алдын-ала сұрыпталған
материалдар бойынша жеңілден күрделіге ұстанымы негізінде жүргізілді.
Жазылым әрекетінің сыртқы дыбыстық құрылымы мен байланысы жөнінде
психолог А.Р.Лурия: Жазудың психологиялық-физиологиялық очерктері
еңбегінде теориялық тұрғыдан зерттеп, жазу үдерісінің көру түсініктері мен
тиісті қозғалғыш факторлардың байланысынан ғана құралатын идеомоторлық
акт ретінде қарастырады. Осы үдерістің құрамына қозғалыс пен көру
салаларынан тыс мынадай компоненттер енетіндігін атап көрсетеді: міндеттің
туындауы (бастапқы ой), ойдың алдын-ала құрылуы, есте сақтау және оны ішкі
тілдің көмегімен жадыда сақтау, пайда болған ойды фразаның немесе біртұтас
мәтіннің тиісті құрылымына енгізу.
Ал соңғы ылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың,
Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ , профессор Ж.Қараевтың
оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделгенжаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясы мектептерде қолданып отыр. Егер осы
жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясыноқу- тәрбие
үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ ,
онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге оқыту сапасын
арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау
жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны
ақиқат. Мектептерде жүргізіліпжатқан қазіргі тәжірибелік жатқан қазіргі
тәжірибелік – сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық
технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков,
Д. Б. Элконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған Дамыта оқыту жүйесі бір-
бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады.
1. Жоғары деңгейдегі қиындықты оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқу материалын жетелдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
6. Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін- еркін сезінеді,
оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігініңдамуына жағдай
жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-
қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы
тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы
ретінде көрінеді.
Д. Б. Элконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның
субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық
мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан
танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы оқыту
әдістемесі деп отырғанымыз: оқушы- мұғалім ұстанымының өзара
тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және
оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға
деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі
мен қадір- қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі,
көбінесе , бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана
пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Бұл
үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін
жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай
талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен
білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек – ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория – Л. С. Выйготскийдің оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы
актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы туралы
теориясы. Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін
оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік
ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Бұлар -әнгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен
меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу –
мысылдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік
тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім
алу үрдісі басқаруға ыңғайсыз делініп, сыналып жүр. Сондағы айтантындары:
оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс- әрекеті, көбінесе, қате
болады дейді.
Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың
өздігінен жүргізетін танымдық іс- әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт
деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар
қызғылықтымазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа
технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де
оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара
бәсекелесе отрып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар
сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтлатыны даусыз. Бұл жерде
үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете
алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? деген сұрақ туады. Бұл
мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:
- барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгірмеушілерге
көмектеседі;
- сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде
мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты
болады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз- кем соған тоқталып өтейік .
Денгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат- сынып оқушыларын
қабілетті және қабілетсіз деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді
болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық
оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп
оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны
есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы
оқитындығына қарамастан оқушылық міндетті, яғни бірінші деңгейдің
жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен
қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.

1.1 К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың мынадай ұстанымы
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру
негізінде ғана игі әсер етеді. Егер студент оқуды өзімнің міндетім деп
санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы
ұйымдастыруға болмайды.
Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды.
Ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-
құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы қағидалар.
Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және
әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын алғышарт болып табылады.
Оқыту процесінде оқытушы оқыту ұстанымдарына сүйенуге міндетті.
Жалпы дидактикалық ұстанымдарға мыналар жатады: ғылымилық ұстанымы;
жүйелілік ұстанымы; тәжірибенің теориямен байланысы; саналылық пен
белсенділік ұстанымы; жекелік және ұжымдық біртұтастық ұстанымы; нақтылық
және абстрактылық бірлігі ұстанымы; түсініктілік ұстанымы; білімнің
беріктігі ұстанымы.
Қазір қазақ тілі әдістемесінде білім сапасын жоғарылату үшін әр түрлі
жаңа технологияларды тәжірибеге кіргізіп, жан-жақты қолданылуда. Сол жаңа
технологиялардың бірі қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы.
Қазақ тілін модуль арқылы оқыту – қоғам қажеттілігінен, өмір талабынан
туып отырған жаңа әдістемелік жүйе. Модуль арқылы оқыту – толық немесе
жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль арқылы оқыту – бұл ең
алдымен оқытушы мен студенттердің екі жақты біртұтас белсенді әрекетінен
тұратын және модуль арқылы оқыту тәжірибесінде қолданылған басқа оқыту
жүйелерімен тығыз байланысқан, оқытудың жаңа технологиясына бейімделген
оқытудың ұтымды аралас жүйесі. Оның негізгі құралы – оқытуда оқытушы мен
студенттердің арасындағы субъект-субъектілік қатынасты жүзеге асыруға
қажет, белгілі білім, білік көлемін өзіндік және белсенді түрде меңгеруге
мүмкіндік беретін модуль. Сол себепті модуль арқылы оқыту теориясы өзіне
ғана тән ұстанымдар жүйесіне негізделеді. Жалпы ұстанымдар жиынтығы өзара
әрекеттесе отырып, үрдістің барлық атаулы қайшылықтарын шешеді. Қазақ
тілін модуль арқылы оқыту ұстанымдары лингводидактика және онымен туыстас
психология, лингвистика, пәлсапа, әлеуметтану және тағы басқа ғылым
салаларының жалпы қағидаларына сүйенбек. Яғни, қазақ тілін модуль арқылы
оқыту ұстанымдары – тілдерді оқыту теориясының туындылары.
Зерттеу жұмысында ғалым К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы
оқытудың мынадай ұстанымдарын ұсынады:
1) модульділік ұстанымы;
2) оқыту мазмұнының жекелеген бөліктерден құрылуы;
3) қатысымдық бағыттылығы ұстанымы;
4) саралай оқыту және кірістіре оқыту ұстанымы;
5) оңтайлылығы ұстанымы;
6) екі жақты біртұтас белсенді әрекет ұстанымы;
7) мақсаттың нақтылығы ұстанымы;
8) әдістемелік кеңестің кешенділігі;
9) оралымдылығы, икемділігі;
10) әр жеке бөлік бойынша жұмыс әрекеті нәтижесін түйіндеу ұстанымы;
11) оқытушы мен оқушының кері байланысы ұстанымы;
12) оқытушы мен оқушы әрекетінің теңбе-теңдігі ұстанымы;
13) оқу тілінің ерекшелігін ескеру ұстанымы.
Ғалымның жоғарыдағы тұжырымына сүйене отырып, ақпараттық технологиялар
факультеті студенттеріне қазақша кәсіби тілін модуль арқылы оқытуда
төмендегі ұстанымдарды басшылыққа алдым.
1. Модуль арқылы оқыту ұстанымы.
2. Қатысымдық бағыттағы ұстанымы.
3. Оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымы.
4. Теңбе-теңдік ұстанымы.
Қазақ тілінің модуль ұстанымдары мен жалпы дидактикалық ұстанымдар
тығыз байланысты.
Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқытудағы маңызды ұстанымдардың бірі
– модульмен оқыту ұстанымы. Бұл өзіне ғана тән қазақ тілін модуль арқылы
оқытудың негізгі ұстанымы. Модуль арқылы оқыту ұстанымы белгілі әдістемелік
ережелер арқылы жүзеге асады.
Оқыту мазмұны құрылымдық бөліктерге, яғни мақсат, оқу материалы,
әдістемелік нұсқау, бақылау-тексеру бөліктерінен тұратын, аяқталған
бірлікке, модульге бөлінеді.
Модуль - дидактикалық жүйе. Мұнда оқыту мақсаты, мазмұны, әдісі,
құралдары, формалары және бақылау жүйесі біртұтас, динамикалық сипатқа ие.
Оқыту мазмұны толығымен дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.
Жалпы дидактикалық мақсаттың жемістілігі – модульмен оқыту бағдарламасының
мазмұнына, жеке мақсат – модуль мазмұнына, төл мақсат – оқу элементінің
мазмұнына сәйкес.

1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным ережелері
Модуль – модуль арқылы оқытудың негізгі құралы, бірлігі. Ол мәліметтің
аяқталған блогынан тұрады. Оның құрамына дидактикалық мақсатқа жетуді
қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқау мен әрекеттің мақсатты бағдарламасы
кіреді.
Қатысымдық бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруда келесі ережелерді
басшылыққа алған жөн:
- Кез-келген сөз, сөз тіркесін, грамматикалық құбылысты ала отырып,
олардың тілдесімдегі қызметін, орнын студенттерге ашып көрсететіндей
белгілі бір жағдай ұсыну қажет. Себебі студенттер берілген тілдік
тұлғалардың тілдесім актінде қолданылуын алғашқы сәттен-ақ көруі тиіс.
Егер тілдік тұлғалар жағдайдан тысқары берілсе және олардың сыртқы
формасы мен мағынасына ғана назар аударылса, алғашқы сәттен-ақ студенттер
бұлардың не үшін беріліп отырғанын түсінбейді де, қатысымдық ұстаным жүзеге
аспайды.
- Материалдың меңгерілуі оның бірнеше рет қайталануына байланысты. Олай
болса, ұсынып отырған жағдайға әрдайым жаңалық енгізе отырып, материалдың
бірнеше рет қайталануын қамтамасыз ету қажет. Мүмкіндігінше, берілетін
жаттығулардың барлығы қатысымдық бағытта болғаны жөн.
- Меңгерілген материал негізінде студенттердің тілдесім жағдайын
ұйымдастыра отырып, олар бір-бірімен еркін тілдесіп үйренуге неғұрлым
қолайлы жағдай, жағымды психологиялық атмосфера жасалғаны жөн. Сонымен
бірге студенттердің өзара жеке қарым-қатынасын да ескеру қажет. Сонда ғана
олар қазақша кез-келген материалды бар ынта-жігерімен, ықыласымен
тыңдайтын, айтатын, оқитын болады.
- Тілдесім тек ауызша түрде ғана емес, оқылым арқылы да жүзеге асады.
Сондықтан студент мәтінді оқыған кезде, оның негізгі назарын мәтіннің
мағыналық-мәндік жағына аудару керек. Ол үшін сол мәтін бойынша қатысымдық
бағыттағы тапсырмаларды кеңінен қолданған дұрыс.
Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқытуда оқытушы мен студент
әрекетінің кері байланыс ұстанымы. Қазақ тілін модуль арқылы оқыту
барысында студент әрқашан бақылауда болады: әр кезекті қадамы артқысының
дұрыс екендігін тексергеннен кейін барып жасалады. Тілді меңгеру әрекеті
барысы туралы мәлімет – кері байланыс – оқытушыға (сыртқы кері байланыс)
және оқушыға (ішкі кері байланыс) түсіп отыруы мүмкін. Кері байланыс
қызметі мынадан тұрады:
- Тілді оқытып үйретудегі қолма-қол бақылау мен өзін-өзі бақылау.
Басқару циклында ұйымдастырудың осал жақтары және орындау тәртібінің
сапасы байқалады. Соның арқасында осы көрсеткіштерге өз уақытында көмек
көрсетіледі. Осыдан келіп тілді оқытып үйрету әрекетін реттеу және түзеу
мүмкіншіліктері туады. Сонымен бірге, оқытушы, өзінің оқыту әрекеті
әсерлілігінің қаншалықты шынайы екенін түсінеді. Ал оқушы болса, қалай және
неге үйренгені туралы, өзінің оқу әрекетінің дұрыстығы туралы хабардар
болады. Бұл өте маңызды, себебі студент материалды қаншалықты дұрыс
меңгеріп жатқаны туралы мәліметті дер кезінде алып отырса, ол аз қате
жібереді, танып-білуде ең ықшамдалған жолмен жүреді, білімі біршама
ұғынылған болады.
- Кері байланыс ұстанымы білімді бекіту ролін атқарады. Бұл ұстанымның
маңыздылығы да осында.
- Кері байланыстың уәждендіретін қызметі, студенттің алдағы
жетістіктерін алдын ала білуінен және оларға сүйене отырып,
ынталануынан, одан әрі жылжуға қызығушылық тууынан тұрады.
Модуль арқылы оқытуда кері байланыс ұстанымын жүзеге асыру үшін келесі
ережелерді басшылыққа алған жөн.
- Кері байланыс мазмұнын анықтау.
- Кері байланыс жиілігін айқындау.

ІІ. Тарау Теңбе-теңдік ұстаным модулі
Теңбе-теңдік ұстанымы модуль арқылы оқытуда оқытушы мен студенттің
субъект – субъектілік өзара әрекетін талап етеді. Қазіргі кезде оқу
үрдісінде студенттің белсенділігіне, өзін-өзі басқаруға көп уақыт, көңіл
бөлінуде.
Соңғы жылдары көптеген ғалымдардың пайымдауынша, оқу үрдісінде студент
жоғары белсенділік көрсетіп, ал оқытушы тек бағыт-бағдар, кеңес беруші
қызметін атқарған жағдайда ғана оқытып үйрету біршама тиімді болады. Бірақ
ол үшін студентті оқудың тиімді құралдарымен, мысалы, модульмен қамтамасыз
ету керек. Осы тиімді ақпараттық құралды пайдалана отырып, оқушы жаңа
материалды меңгеруді өзі ұйымдастыра алады, сөйтіп оқытушы – студент –
субъект – субъектілік өзара әрекетке дайын болады.
Сонымен, қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту негізінде, модуль
арқылы оқыту бағдарламасын (МБ) қосқанда, оқытушы (С1) мен студенттің (С2)
субъект-субъектілік тепе-тең өзара әрекеті жүзеге асады.
Модуль арқылы оқытудың тепе-теңдік ұстанымы мынадай әдістемелік
ережелерді сақтауды талап етеді:
- модуль арқылы оқыту бағдарламасының ішіндегі модульдер белгілі
деңгейге дейін студенттерге білімді өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік жасауы
керек;
- модуль арқылы оқыту бағдарламасы оқытушыны таза ақпарат беруші
қызметінен босатып, оның кеңес, бағыт-бағдар беруші қызметінің анық көрінуі
үшін жағдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Ақыл - ойы кем балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Пәндер