Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі
Кіріспе
1 Басқару түсінігі..
1.1 Ұйым . басқару себебі ретінде. Ұйым анықтамалары
1.2 Басқарушылық үрдіс. Басқару қызметтері: жоспарлау,
жұмысты ұйымдастыру, мотивация, бақылау.
1.3 Басқарушылық кадрлармен жұмыс істеу.
2 Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
2.1 Аймақтық басқару . жалпы басқару саласы ретінде
2.2 Территориялық басқару жүйесі. «Жергілікті басқару»
және «жергілікті өзін.өзі басқару» категориялары
2.3 Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде.
3 Муниципалды басқарудың даму тарихы.
3.1 Антикалық әлемнің полистік демократиясы .
3.2 Ортағасырлық сословиялық мемлекеттің қалалық және
ауылдық қауымдары . буржуазылық муниципализмнен
туындаған. ХIХ ғасырдағы муниципалдық реформалар ... ... ...
3.3 Аймақтық басқарудың негізгі түрлері. Жергілікті
басқарудың англосаксондық түрі. Жергілікті
басқарудың француздық моделі. Аймақтық басқарудың
германдық түрі
4 Жергілікті биліктің өкілетті және атқарушылық
органдарының қарым.қатынасы
4.1 ҚР әкімшілік.территориялық бөлінуі..
4.2 ҚР.ғы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың жүйесі. Маслихат..
4.3 Жергілікті атқарушылық органдар. Әкімшілік
5 Үкіметтің және басқарудың өкілетті және атқарушы
органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық негіздері...
5.1 Маслихат қызметтің ұйымдастыру негіздері.
5.2 Әкімдік қызметінің ұйымдастырушылық негіздері ..
6 Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау ... .
6.1 Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі
6.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жоспарлау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.3 Жергілікті билік органдарындағы жоспарлау ...
Тест сұрақтары
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі ретінде нарықтық қатынастардағы дамудың қазіргі заманғы шарттарына мақсатталған, себебі, Қазақстан Республикасында жергілікті аймақтарда демократизм мен әрекеттерді басып тастайтын басқарудың командалық-әкімшілік жүйесі қалыптасып қалған.
Басқарудың жаңа түрі – муниципалды менеджмент өзінің алғашқы кезеңдерінде Қазақстан Республикасында заңнамалық актілердің бір қатарының жоқтығымен байланысты біршама қиындықтарға ұшырады. Басқарудың бұл жүйесінің мақсаттылығы әлемнің көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың құрылуымен және де экономикалық әсерлілігі мен пайдалылығымен дәлелденіп отыр.
Жоғары мектептің алдына мынадай мақсат қойылды, яғни болашақ мамандарға шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін үйретумен қатар өзіңдік табиғи-экономикалық, тарихи және ұлттық ерекшеліктері бар муниципалды құрылымдарда, нақтырақ айтсақ, қалаларда, аудандарда, ауыл аймақтары мен басқа тұрғылықты мекендердегі басқарудың жаңа әдістерінің қағидалары мен үлгілерін игеру болып отыр.
Осындай жағдайларда ғылыми білім салаларының ішінде муниципалды менеджменттің алар орны бөлек, болашақ мамандарда теориялық білімдер мен тәжірибелік біліктіліктерді қалыптастыру мақсатында басқару жүйесін түсіне білген дұрыс, бұл алынған білімдер нақты бір территориядағы экономикалық үрдістерді талдауға және жергілікті өзің-өзі басқарудың әр түрлі бағыттарында ғылыми зерттеулердің әдістерімен пайдалануға көмектеседі.
Оқу құралында муниципалды менеджменттің теориялық негіздері мен оның даму тарихы қарастырылған. Басқару мен биліктің атқарушылық және өкілетті органдарының негізгі ұйымдастырушылық қызметтеріне, олардың қарым-қатынастарына аса үлкен көңіл бөлінген. Жергілікті басқару органдарының қызметтерінде жоспарлаудың мағынасы толығымен ашылған.

1 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
2 2001 ж. 23 қантар, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі және мемлекеттік басқару туралы» Заңы, 2009 ж. 09 ақпанында өзгертіліп қосымшаланған
3 2009 ж. 08 маусым «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» ҚР Президентінің Жарғысы
4 Инициативы Главы государства в становлении и формировании модели стратегического управления. Сборник выступлений и статей / под общ. ред. А. С. Сагынгали, Б. М. Каиповой. – Алматы : Издательский дом «Таймас», 2008. – 264 б.
5 Румянцева З. П., Зотов В. Б. Новые реалии территориального управления // Вопросы управления для руководителей органов исполнительной власти. – 2005. – № 5. – Б. 35–38.
6 Королева-Конопляная Г. И., Салов О. А. Местное самоуправление на современном этапе (политико-правовой аспект) // Социально-гуманитарные знания. – 2006. – № 5. – Б. 146 – 157.
7 Гладышев А. Г., Иванов В. Н., Мельников С. Б., Патрушев В. И. Основы современного муниципального управления. – М., 2007. – 347 б.
8 Игнатов В. Г., Рудой В. В. Местное самоуправление. – изд. 3-е, перераб. и доп. – Ростов н/ Д. : Феникс, 2005. – 480 б.
9 Европейская Хартия местного самоуправления 1985 г.
10 Учебные программы для развития местного самоуправления в Казахстане. – Алматы : Изд-во «Искандер», 2003. – 129 б.
11 История муниципального менеджмента http://rusobschina.ru/
12 http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=00766&all=al
13 2009 ж. 23 маусым "Казахстанская правда"

муниципалды менеджмент
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Басқару 4
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ұйым – басқару себебі ретінде. Ұйым 4
анықтамалары ... ... ... ..
1.2 Басқарушылық үрдіс. Басқару қызметтері: жоспарлау,
жұмысты ұйымдастыру, мотивация, 5
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Басқарушылық кадрлармен жұмыс 7
істеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
2 Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде ... ... ... ... . 9
2.1 Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде 9
... ... ... ... .
2.2 Территориялық басқару жүйесі. Жергілікті басқару
және жергілікті өзін-өзі басқару 10
категориялары ... ... ... ... ... .
2.3 Муниципалды менеджмент ғылыми пән 13
ретінде ... ... ... ... ... ...
3 Муниципалды басқарудың даму 18
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Антикалық әлемнің полистік демократиясы 18
... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Ортағасырлық сословиялық мемлекеттің қалалық және
ауылдық қауымдары – буржуазылық муниципализмнен
туындаған. ХIХ ғасырдағы муниципалдық 21
реформалар ... ... ...
3.3 Аймақтық басқарудың негізгі түрлері. Жергілікті
басқарудың англосаксондық түрі. Жергілікті
басқарудың француздық моделі. Аймақтық басқарудың
германдық 27
түрі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
4 Жергілікті биліктің өкілетті және атқарушылық
органдарының 34
қарым-қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
4.1 ҚР әкімшілік-территориялық 34
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 ҚР-ғы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың жүйесі.
Маслихат ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .35
... ... ... ... ... ... .
4.3 Жергілікті атқарушылық органдар. 38
Әкімшілік ... ... ... ... ... ... . ..
5 Үкіметтің және басқарудың өкілетті және атқарушы
органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық негіздері... 42
5.1 Маслихат қызметтің ұйымдастыру 42
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... .
5.2 Әкімдік қызметінің ұйымдастырушылық негіздері 48
... ... ... ... ...
6 Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау ... .53
6.1 Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі 53
... ... ... ...
6.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жоспарлау 56
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
6.3 Жергілікті билік органдарындағы 61
жоспарлау ... ... ... ... ... ... . ...
Тест 64
сұрақтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Кіріспе
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі ретінде нарықтық
қатынастардағы дамудың қазіргі заманғы шарттарына мақсатталған, себебі,
Қазақстан Республикасында жергілікті аймақтарда демократизм мен әрекеттерді
басып тастайтын басқарудың командалық-әкімшілік жүйесі қалыптасып қалған.
Басқарудың жаңа түрі – муниципалды менеджмент өзінің алғашқы
кезеңдерінде Қазақстан Республикасында заңнамалық актілердің бір қатарының
жоқтығымен байланысты біршама қиындықтарға ұшырады. Басқарудың бұл
жүйесінің мақсаттылығы әлемнің көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың
құрылуымен және де экономикалық әсерлілігі мен пайдалылығымен дәлелденіп
отыр.
Жоғары мектептің алдына мынадай мақсат қойылды, яғни болашақ
мамандарға шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін үйретумен қатар өзіңдік
табиғи-экономикалық, тарихи және ұлттық ерекшеліктері бар муниципалды
құрылымдарда, нақтырақ айтсақ, қалаларда, аудандарда, ауыл аймақтары мен
басқа тұрғылықты мекендердегі басқарудың жаңа әдістерінің қағидалары мен
үлгілерін игеру болып отыр.
Осындай жағдайларда ғылыми білім салаларының ішінде муниципалды
менеджменттің алар орны бөлек, болашақ мамандарда теориялық білімдер мен
тәжірибелік біліктіліктерді қалыптастыру мақсатында басқару жүйесін түсіне
білген дұрыс, бұл алынған білімдер нақты бір территориядағы экономикалық
үрдістерді талдауға және жергілікті өзің-өзі басқарудың әр түрлі
бағыттарында ғылыми зерттеулердің әдістерімен пайдалануға көмектеседі.
Оқу құралында муниципалды менеджменттің теориялық негіздері мен оның
даму тарихы қарастырылған. Басқару мен биліктің атқарушылық және өкілетті
органдарының негізгі ұйымдастырушылық қызметтеріне, олардың қарым-
қатынастарына аса үлкен көңіл бөлінген. Жергілікті басқару органдарының
қызметтерінде жоспарлаудың мағынасы толығымен ашылған.
Бұл оқу құралы Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша
білім алып жүрген студенттерге арналған.
1 Басқару түсінігі
1.1 Ұйым – басқару себебі ретінде. Ұйым анықтамалары
Ұйым қызметінде негізгі рөлді менеджмент алады. Ұйым басқарушылықтың
болуының басты себебі болып табылады, яғни ол ұйымдардың ішкі үрдістерін
координациялау қажеттілігі, және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастарына
жауап ретінде пайда болған. Менеджменң ішкі ортасын қалыптастырады және
өзгетеді, ал ол өз кезегінде келесідей жайттардың үйлесімді жиынтығын
көрсетеді, яғни оның құрылымын, ұйым ішіндегі үрдістерді, технологиясын,
мамандарын, ұйым мәдениетін, сонымен қатар ұйымдарда жүретін қызметтік
үрдістерді басқаруды іске асырады.
Ұйым дегеніміз белгілі бір мақсаттар мен амалдарды шешу үшін оқшау
адамдардың бірігіп әсерлесуін айтады. Бұл көптеген өзара байланысқан
бөліктердін ортақ тұтас болып бірлескен ашық жүйе түрі. Ұйым қызметінің
барысында ортақ мақсат, ортақ белсенділік векторын құрайтын белгілі бір
қажеттіліктер мен қызығушылықтардың бар болуы заңды құбылыс.
Масштабы бойынша, өндірілетін өніміне байланысты, басқа мекемелермен
байланысына, олардың орның ұйымдастырудың әр түрлілігіне қарамастан, оны
әлеуметтік ортада түсінудің бір ортақ түрі бар, ол жүйелік болып табылады.
Ұйым түсінігінің жүйелік түрі — ол байланыстар мен қарым-қатынастарды
өз ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортамен де реттеуге беретін
әдістемелік қағидалардың бірі болып табылады.
Ұйымдық жүйе дегеніміз, оның құрамындағы элементтермен,
байланыстардың және қарым-қатынастардың бар болуымен сипатталады.
Ұйымдық жүйенің тұтастығы кандай да бір элементті ескермеудің,
көрмеудің, оны байқамаудың мүмкін еместігін көрсетеді, солай болмаған
жағдайда ол жүйе тұтас болмайды. Өйткені сол ескерілмей қалған элемент
немесе байланыс түрі, ұйым үшін қарым-қайшылықтар мен ойда жоқ
мәселелердің қайнар көзі болып кетуі мүмкін.
Егер де ұйым – жүйе болса, онда ортақ құрылым оған жататын
элементтердің ішкі байланыстарының тұтастығын көрсетеді, ал оларда өз
кезегінде қарама-қайшылықтар мен сәйкессіздіктерді көруге болады. Оларды
шешу үшін келесідей үрдістер жүргізіледі, яғни не бір материалды өзгертіп,
оны басқа жаңа өнімге айналдыратын, олар: материалдық, интеллектуальдық,
эмоциональдық.
Ұйымдарға қатысты жүйенің ішкі байланыстары жоғарғы тәртіпте болады,
сол байланыстар сыртқы болып саналады, ал олар өзінің ащық деңгейіне
байланысты ұйымның жағдайына әсер етеді.
Кез-келген ұйымның негізгі құраушылары болып ең алдымен, осы ұйымға
қызмет ететің адамдар саналады, екіншіден амалдар, яғни оларды шешу үшін
ұйым қызмет етеді, үшіншіден, басқару, ал ол өз кезегінде ұйымның алдында
шешілмей тұрған амалдарды қозғалысқа келтіріп, реттеуге көмектеседі.
Ұйымның негізгі ресурстары:
- адамдар (адам ресурстары);
- капитал;
- материалдар;
- технология;
- ақпарат.
Ұйымның түрлері мен формаларының әр түрлілігіне қарамастан, олардың
барлығына тән ортақ қасиеттері болады:
- ресурстардың қайта қалыптасуы;
- сыртқы ортаға тәуелділігі;
- еңбекті көлденең бөлу (бөлімдер);
- еңбекті тігінен бөлу (басқару).
Сыртқы ортамен байланысқанда ұйым ресурстары келіп түседі. Оларды
кіріс деп те атап жатады. Өзіндік шаруашылық, экономикалық, ғылыми
қызметтік мақсаттарына сәйкес ұйым бұл кірістерді қабылдайды, оларды
тауарға, қызметтер немесе жұмыстарға айналдырып отырады. Бұл өнім, жұмыс
немесе қызмет ұйым шығысы, яғни қоршаған ортаға шығарылатын қорытындысы
болып табылады.
Егер де басқару жүйесі әсерлі болса, онда қайта қалыптасу үрдісі
барысында кірістің қосалқы құны пайда болады. Кірістерден тура
қалыптасатындардан басқа қосымша басқа да шығыстар пайда болады: пайда,
өнімнің бәсекелестігінің жоғарылауы, осы өнімнің және өнеркісіптің жалпы
нарықтағы үлесі көтеріледі, сатылым көлемінің ұлғаюы, ұйымның өсуі
байқалады.
1.2 Басқарушылық үрдіс. Басқару қызметтері: жоспарлау, жұмысты
ұйымдастыру, мотивация, бақылау
Ұйымды басқару дегеніміз – қалыптасуы бойынша белгілі бір өзара
байланысқан іс-әрекет түрлерінің және алға қойған мақсаттарды іске асыру
үшін қажетті ресурстарды пайдалануды жүзеге асыру үрдісін айтамыз.
Менеджмент тек келесідей қызметтер мен әрекеттерді қамтиды, яғни олар
амалдарды қалыптастырумен байланысты болу керек, ұйым ішінде әсерлесуді
координациялау және бекітуге, сонымен қатар жұмыскерлердің қажетті
өндірістік және тағы да басқа қызмет түрлерін орындауға деген
қызығушылығының туындауымен сипатталады.
Басқарудың негізгі басты 4 қызметің атап көрсетуге болады:
1) жоспарлау – мақсаттар мен оларға қол жеткізеге арналған жоспарды
тандау;
2) ұйымдастыру – жекеленген бөлімдермен немесе жұмыскерлердің арасында
қызметтерді бөліп беру және олардың өзара қарым-қатынастарын
қалыптастыру;
3) мотивация – ұйымның алға қойған мақсаттарына қол жеткізу
барысындағы оның мүшелерінің іштей серпінуін қалыптастыру үрдісі;
4) бақылау – шынайы қол жеткізілген қорытындыларды жоспарланған
қорытындылармен салыстыру.
1-сурет – Басқарушылық үрдіс
Жоғарыда келтірілген басқарудың қызметтері екі ортақ сипатқа ие –
олардың бәрі шешімдерді қабылдау мен коммуникацияны талап етеді. Оларды
байланыстырушы үрдістер деп те жиі айтады. Себебі олар барлық басқарушылық
төрт қызметті ортақ үрдіске жинақтайды.
Шешімді қабылдау – яғни ол басқарудың ортақ қызметтерін қалай, не және
қандай тәсілдермен жоспарлап, ұйымдастырып, дәлелдеп және бақылауы керек
деген сөз.
Дұрыс шешімді қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу негізінде мәселенін
шыққан себебін анықтап, қалыптасқан жағдайға талдау жасау керек. Ақпаратты
алудың бірден-бір тәсілі болып коммуникация саналады.
Коммуникация – ақпарат алмасу үрдісі. Ұйымның әсерлі қызмет етуін
ұйымдастыру үшін оның бөлімдері мен басшыларының арасындағы сапалы
коммуникация қажет.
1.3 Басқарушылық кадрлармен жұмыс істеу
Г. Минцберг өзінің классикалық зерттеулерінде менеджердің қызметін
сипаттауда оның қызметтік мінездерінің шегіне шыққан болатын. Ол менеджер
күнде ойнауға тиісті үш түрлі категорияға бөлініп кеткен он рөлді
біріктіріп ойнау керек деп түсіндірді (2-сурет).
2-сурет – Әсерлі менеджердің он рөлі
Тұлға аралық рөлдер, әрине басқа адамдармен жұмыс істеу барысында
қолданылады. Оған міндетті салтанатты жиындарды ұйымдастырушылар мен оларға
қатысушылар (өкілдер), энтузиазмды оятып, басқа адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандырушылар (көшбасшы) және де маңызды адамдармен немесе топтармен
байланысты сақтап тұратындар (коммуникатор) жатады.
Ақпараттық рөлдер дегеніміз басқа адамдармен ақпарат алмасу дегенді
білдіреді. Оған іске қатысты ақпаратты іздеу (кеңесші), ұйым мүшелері
(таратушы) және басқа жат адамдар (баяндаушы) арасында ақпаратты тарату
жатады.
Келесі категорияға басқа адамдарға қатысы бар шешім қабылдаумен
байланысты рөлдер жатады. Оларға шешілуді қажет ететін мәселелерді іздеп
олардың зерттелуіне мүмкіндік жасайтындар (кәсіпкер), түсініспеушіліктер
пайда болғанда көмектесетіндер (татуластырушы), әр түрлі қажеттіліктерге
ресурстары бөліп берушілер (ресурс бөліп беруші) және басқа жақтармен
келіссөздер жүргізушілер (келісуші) жатады.
Тұлғалардың арасындағы жақсы қарым-қатынас менеджерлердің осы рөлдерді
жоғары деңгейде орындауға, жалпы оның бар қызметінің жақсы жүруінің негізгі
бір бөлігі болып саналады.
Менеджерлер мен топ жетекшілері ұйымның ішінде ғана емес, сонымен қоса
оның шектеулеріндегі үлкен көлемдегі әр түрлі адамдармен жұмыс істеп, жақсы
қарым-қатынасты сақтап отыру керек.
Олар басқа адамдармен мақсатты желілер шегінде жұмыс істей білу керек,
ол дегеніміз жұмыспен, карьералық желімен байланысқан спецификалық
байланыстарды қолдау, карьера мен берілген мүмкіндіктермен және достар мен
ұжымның ақталатын сенімінен тұратын әлеуметтік желілерге жетекшілік ету
керек деген сөз.
Менеджердің жұмыс уақытының ұзақтығы жоғары. Әдетте олардың бір
жұмалық жұмыс уақыты, стандартты 40 сағаттан асып кетеді, және де сол уақыт
ұйым басқару иерархиясының деңгейі бойынша қозғалуы заңды, сол себепті
олар бәрінен көп жұмыс істейді.
Менеджерлер — қолдары тым бос емес тұлғалар. Өте белсенді жұмыс істей
отыра олар, бір күн бойында әр түрлі жұмыстар орындайды. Менеджердің жұмыс
күні көңіл аударуды талап ететін жайттарды алмасуын сипаттайды, сондықтан
жайттардың саны көбейген сайын менеджердің деңгейі де жоғары болады.
Менеджерлер өз істерін жиі тоқтатуға шалдығады. Олардың қызметтері әр
қилы болып, үзікті сипатқа ие. Оларды жиі тоқтатып кедергі жасайды, соған
қарамастан олар көптеген тапсырмаларды өте жылдам орындауға тиіс.
Менеджерлер көп жағдайларда басқа адамдармен жұмыс істейді. Және
жалғыз жұмыс істеу оларға тән емес. Негізгі жұмыс уақытының көп бөлігін
ұйымдарда қызмет ететін басқа адамдармен, яғни басшылармен, ұжыммен,
олардың қарамағындағылармен өткізеді. Ал ұйымнан тыс олар клиенттермен,
тасымалдаушылармен және тағы да басқа бөтен адамдарға қызмет көрсетеді.
Менеджерлер коммуникатор түрінде де болады. Менеджерлер міндетті жеке
сөйлесулер барысында және байланыстың электрондық түрлерінің көмегімен
ақпаратты алуға, таратуға және қарастыруға көп уақыт кетіреді. Олар ресми
және ресми емес кездесулерге көп қатысады, жалпы менеджер деңгейі
қаншалықты жоғары болса, оның алдын-ала жоспарланып қойылған кездесуге
кететін уақыты да соншалықты көп болады.
Бақылау сұрақтары
1. Ұйымға анықтама беріңіз.
2. Ұйымдарға тән ортақ сипаттарды атаңыз.
3. Ұйымды басқарудың мағынасын ашып көрсетіңіз.
4. Басқарудың негізгі қызметтерін атаңыз.
2 Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде
Мемлекеттегі басқару үрдісін ұйымдастыруға қатысты мәселелер оның
территориялық құрылымымен тығыз байланысты, себебі билік органдарының
қызмет етуі мемлекет территориясы бөлінетін территориялық бірліктер шегінде
жүзеге асады.
Соңғы уақыттарда мемлекеттер жаңа қалыптасқан талаптарға сай
территориялық басқарудың қағидаларын, орны мен мағынасын өзгертуде. Шет ел
әдебиеттеріне сүйенетін болсақ, бұл құбылыс 70 жылдардың соңына қарай жақсы
дами бастады. Жүргізілетін реформалардың мағынасы, мемлекеттік билікті
қайта орталықтандырудың және территориялық басқару органдарының
жауапкершілігін жоғарылатудың, сонымен қатар оларға тиісілі аймақтардың
әлеуметтік және экономикалық дамуының қоғамдық басқарылуының негізгі
тенденцияларын көрсетеді.
Қалалар, ірі және күрделі әлеуметтік-экономикалық және территориялық
құрылыс болғаннан кейін, олар қалалық билік органдарынан көп жұмыс істеуді
талап етеді. Олардың бақылауында келесілер болады: инфра құрылым
объектілері, әлеуметтік қызмет көрсету орталары, тұрғын үй-коммуналдық және
жол шаруашылығы, мемлекеттік білім беру мекемелері, полиция (милиция), өрт
күзеті, сонымен қатар қоршаған ортанын ластануын, атмосфераның
радиологиялық жағдайын және қалдықтарды тастауды бақылап отыру орталары
және т.б. Сонымен қоса бұл объектілер басқа да территориялық құрылымдарға
тән, оларда басқару органдары әр түрлі амалдардың көп санын шешуге
тырысады. Осындай жағдайларда басқару қызметтерінің санының өсуі ғана емес
(американдық мамандардың деректеріне сүйенсек ХХ ғасырдың бірінші
жартысында ірі қалаларда ол екі есе өскен), сонымен олардың орындалу
қорытындыларына деген жауапкершіліктің жоғарылауына байланысты олардың
мағынасы да қиындай түсетіндігі байқалады.
Территориялық басқарудың жаңа мағынасы ойлаудың жаңа деңге\йі мен
масштабын талап етеді. Стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды жасау
барысында келесідей мамандардың қызметі маңызды, яғни оларға аймақ үшін
перспективті, профилді салалар мен кәсіпорындарды анықтайтындар, және осы
анықталған саланың өз территориясына қызықтыра ала алатындығы мен аймақтың
бәсекелестікке жарамдығын анықтайтын мамандар жатады. Сонымен қатар
шектеулі ресурстарды қандай бағыттарға шығындалатынын анықтау керек, ол
перспективтік салалардың жоғары санының негізінде аймақтын жақсы қырларын
аша түседі. Стратегиялық даму жоспарын жасау және оны әркез түзетіп
отырумен байланысты жұмыс өте ауқымды және қиын екендігін осы ретте айта
кеткен дұрыс.
Реформалау мәселелерімен оның әлеуметтік ортасын, қызметтегі
әлеуметтік стандарттардың қамтылуын, экологиялық нормативтерді тәжірибелік
тұрғыдан шешудің ауыртпалылық орталығы нақты осы жергілікті, аймақты
деңгейге көшірілген. Реформалау үрдістері мен экономиканың дамуының
қаншалықты жоғары болғандығы жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
өсуіне тікелей қатысты болады. Аймақтық және жергілікті өзін-өзі басқарудың
қалыптасуымен, орталықтан басқаруға деген бағытпен, байланысты
территориялық шаруашылық қазіргі уақытта өзінің толыққанды дамымағанын
көрсетті.
Территориялық басқару жүйесі. Жергілікті басқару және жергілікті өзін-
өзі басқару категориялары
Территориялық басқару жүйесі мынадый түсініктермен ұштасады, яғни
жергілікті басқару, жергілікті мемлекеттік басқару, муниципалды
менеджмент.
ҚР Конституциясына сәйкес, жергілікті басқару дегеніміз тұрғылықты
азаматтардың жергілікті мағынасы бар мәселелерді өздігімен шешуге
тырысуларын айтады. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті басқару
органдарын ауылдық, қалалық құрылымдарда, олардың тарихи, табиғи-
экономикалық, демографиялық шарттары мен ерекшеліктеріне, сонымен қоса
жергілікті дәстүрлерді ескере отыра ғана тұрғындармен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-
өзі басқару туралы заңына сәйкес (2001 жылдың 23 қантарынан бастап,
09.02.2009 ж. өзгертілді), жергілікті басқару дегеніміз, қоғаммен және
міндетті түрде жергілікті өзің-өзі басқару органдары мен маслихаттар арқылы
іске асатын қызмет түрі, ол жергілікті мағынаға ие мәселелерді
жауапкершілікке жүгініп өздігімен шешуге бағытталған.
Жергілікті өзің-өзі басқару демократияның алғашқы звеноларының бірі
бола тұра, билік органдарының халыққа жақындауына жағдай жасайды,
жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге жақсы үйренген басқарудың иілгіштік
жүйесін құрастырады, азаматтардың өзіндік дамуы мен инициативиясының
дамуына барынша жағдай жасайды.
Жергілікті өзің-өзі басқарудың 1985 жылғы Еуропалық Хартиясында
жергілікті өзің-өзі басқару былай түсіндіріледі, яғни, жергілікті билік
органдарының шынайы қабілеттіліктері мен құқығын, заңға сүйене отыра,
қоғамдық істердің маңызды бөлігін шектейді, және оны басқаруда жергілікті
тұрғындардың қажеттіліктерін өз жауапкершілігіне алады.
Дәстүрлі демократиясы бар мемлекеттер жергілікті өзің-өзі басқарудың
даусыз қадір-қасиеттерін мойындап, оған билік құрылымында ерекше орын
бөлген. Тұрғындармен аса тығыз байланысты болатын жергілікті өзің-өзі
басқару органдарына локалды сипаттағы жалпы барлық туындағын мәселелерді
шешу жүктелген болатын, яғни, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс,
қызмет ету орталарының дамуы, экология және т.б.
Қазақстандық эксперттердің айтуынша, Қазақстандағы жергілікті өзің-өзі
басқарудың құрылуы өте күрделі және көп аспекті үрдіс деп қарастыруға
болады, ол құқықтық, қаржылық-экономикалық және ұйымдастырушылық амалдармен
байланысқан іс-шаралардың кешенің деңгей-деңгейімен іске асуын талап етеді.
Сонымен, жергілікті өзің-өзі басқару дегеніміз, ол тұрғындар мен
жергілікті маңызды мәселелерді өздігімен шешуге үйлескен сол жерлердегі
биліктің ұйымдасуын айтады. Жалпы оның мағынасы мынада, жекеленген әр
азамат жергілікті биліктін ірге тасы болуға құқылы, ол өз өмірінде
жолығатын мәселерді өздігімен шешіп, оның қорытындысына өзі жауап береді.
Азаматтардың тұрғылықты өмір сүретін орындарында басқаруды
ұйымдастырудың альтернативтік кестелері бар.
Көптеген елдерде жергілікті ұжымдар мемлекет тарапынан қандай да бір
тікелей әсер етуге ұшырайды. Оларда жергілікті өзің-өзі басқару жүйесі
тіпті болмайды, немесе, керісінше, мемлекеттік құрылымдармен паралелді
түрде қызмет етіп, олардың бақылауына ұшырайды. Бұл жерде айтылып жатқаны:
жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік
басқару. Осы жергілікті өзің-өзі басқарудың қарама-қайшылығы. Дәл осы үлгі
жергілікті территориялық бірліктегі орталықтандырылған билік пен жоғарғы
территориялық деңгейлі әкімшілікпен басқарылатын басқарушылық қызметті
көрсетеді, ал олар жоғары билікпен бекітілетін әкімшілік органдары арқылы
өтеді. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқаруға қарағанда жергілікті
өзің-өзі басқару жергілікті территориялық бірліктегі тұрғындармен іске
асады, яғни жергілікті ұжымдармен немесе тандалған органдармен.

өзі басқару туралы ҚР заңына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару – бұл
белгіленген территорияда мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында
жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен іске асатын, оны дамытатын,
сонымен қатар, сйкес келмейтін территорияның жағдайына жауапкершілікті өз
мойнына жүктейтін қызмет түрі.
ҚР Конституциясының 89 бабына еңгізілген түзетулерге байланысты
Қазақстанда жергілікті өзің-өзі басқару маслихаттар арқылы жүзеге
асырылады. Осыдан мемлекеттік басқарудан жергілікті өзің-өзі басқаруды
қатаң түрде бөліп алып тастау қағидалары жойылған болатын. Ал оның орнына
хабарлаушы тамырлар қағидасы құрылған болатын, ол жергілікті өзің-өзі
басқаруды құқықтандыруға мүмкіндік жасайды.
Ең көп дискуссия тудыратын мәселелердің бірі қоғам мен мемлекетті
басқару жүйесіндегі жергілікті өзің-өзі басқарудың өзіндік еркіндігінде
болып отыр. Сондықтан, жергілікті өзің-өзі басқару институты барлық елдерде
өз бетінше дамитындығына қарамастан, оның мемлекеттен, мемлекеттік басқару
органдарының жүйесінен бөліп алу туралы айту, әсіресе, жаңа қалыптасқан
реформалардың бастапқы деңгейінде тиімсіз екені белгілі болады. Негізінен,
жергілікті өзің-өзі басқару, тіпті дамыған демократиялық қоғамдарда,
мемлекеттің тұтас атқарушылық бөлімдерінің қызметін атқарады, және оларға
анықталған жүктемелер көлемі бекітілген, сол жүктемелер үшін ол қоғамның
алдында ғана емес, мемлекеттің алдында да жауапты болады. Осыдан Президент
пен Үкіметтің тұтас атқарушылық бөлімдерге жергілікті өзің-өзі басқару
органдарын тіркеуге, әр түрлі деңгейлердегі биліктің қарым-қатынастарындағы
қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді алып тастауға деген талпыныс
түсінікті болады.
Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
Ғылым мен тәжірибеде жергілікті өзің-өзі басқару және мемлекеттік
жергілікті басқару түсініктерімен қатар муниципалды менеджмент (басқару)
термині қолданылады. Қолданыстағы Қазақстан заңнамасы берілген катерогияны
түсіндіре алмайды, сондықтан оны талқылауда біршама қиындықтар туындайды.
Көптеген ғалымдар муниципалдық (жергілікті) басқару мен жергілікті
деңгейдегі мемлекеттік басқару түсініктерін бір бірінен алшақтатады.
Басқалары муниципалды басқаруды муниципалды құрылымдардың атқарушылық-бөлу
органдарының қызметімен байланыстырады, яғни оны жергілікті өзің-өзі
басқару жүйесінің құраушы элементі түрінде қарастырады.
Толық анықтамаларды Ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде кездестіруге
болады (Гладышев А. Г., Иванов В. Н., Мельников С. Б., Патрушев В. И.)
Олардың айтуынша, кейбір муниципалды басқару- лар жергілікті өзің-өзі
басқаруларға қарағанда өз масштабы бойынша кең болады, және оларға
жататындар:
а) жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару, яғни мемлекеттік
биліктің федералдық және аймақтық органдары, олар қаржы, салық салу, жер
мәселелері және халықтың жұмыспен қамтылу сияқты тағы да басқа салаларда
мемлекеттік саясат қызметтердің ретін іске асырады;
б) жергілікті басқару халықтық билік үлгісі ретінде;
в) жергілікті өзің-өзі басқару органдары арасында, тұрғындар мен жеке
капитал арасында муниципалдық қалыптасудың әлеуметтік-экономикалық
дамулармен қамту мақсатында, әріптестік қатынастарды жақсарту бойынша
муниципалды менеджменттің қызметтер жүйесі ретінде.
Осындай көз қарастың негізінде, кез-келген мемлекеттің мемлекеттік
құрылымында нақты бір өзіңдік деңгейі бар муниципалдық басқарудың белгілі
бір түрлері болады деп тұжырымдауға болады. Жергілікті билік органдарының
қызметіндегі өзіңдік басқарудың деңгейі көп жағдайларда орталық
құрылымдардың жергілікті басқаруда жоғарыдан тағайындалатындығына
байланысты болады.
Қазақстанда муниципалды менеджмент термині жиірек қолданылады.
Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында
қалыптаса бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі
күнге дейін аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің ғылыми мектебі
тәжірибе қажеттіліктерінен шегінгенде қалыптасады, оның академиялық курсы
өте баяу және үздік-үздік болуда.
Муниципалды менеджменттің әдістемелік негізі келесідей:
1) ортақ ғылымдық білімдер — тарих, философия, дүние тану;
2) ортақ және арнайы менеджменттің теория, соның ішінде басқарудың
гуманизация және экологизация концепциялары, жиілілік, өсімділік, даму,
дағдарыс, тұрақты даму циклдері;
3) территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың арнайы теориялары,
соның ішінде экономикалық-географиялық мектептер, кенттену және қайта
кенттену концепциялары, территориялық кешенділік, адамдардың
бейімделушілігінің әлеуметтік теориялары, және т.б. бұл пәндер бір-бірін
толықтыра, ортақтай отыра қызмет етуде.
Муниципалдық менеджмент, біріншіден, тәжірибеде қолданылатын
спецификалық басқарудың аймағы ретінде болса, екіншіден, ғылыми бағыт
ретінде болады, ал үшіншіден, өзіндік оқу пәні ретінде қолданысқа түседі.
Муниципалдық менеджменттің ғылыми пән ретіндегі үлгісінде келесідей
бағыттар бойынша ғылыми білімнің бар болуын айтуға болады:
- тұрғындардың өздігімен ұйымдасуының қызметтері, қағидалары,
құрылымдары, сілтемелері, заңнамалары мен тенденциялары,әр қилы түрдегі
мемлекеттік жүйелер;
- мемлекеттің, аймақтардың, қалалар мен аудандардың территориалық
шаруашылық ұйымдасуы және оны оптимизациялаудың алғы шартары:
- жергілікті даму ресурстары, оларды көбейту стратегиясы, және оларды
әсерлі пайдалану тәсілдері;
- қалалардың, аудандардың және олардың жүйелерінің тұрақты және
қауіпсіз дамуының болжануы мен бағдарламалануының технологиялары;
- тұрғындардың, жергілікті биліктің және оларға жауаптылардың
экономикалық және әлеуметтік белсендігін сүйемелдеу;
- муниципалды менеджменттің мониторингі, маркетингі, кадрлық
сүйемелденуі және т.б.
Муниципалды менеджменте келесідей зерттеу әдістері пайдаланылады.
Нормативтік әдіс, ол жергілікті ерекшеліктерді ескеретін нормалар мен
нормативтердің жүйелерінің муниципалдық құрылымдарының әлеуметтік-
экономикалық дамуының болжамдары мен маңызды білімдерін негіздейді.
Баланстық әдіс территориялық құрылымдар мен ішкі аймақтық кешендерді
қосымшалайтын салалар арасындағы дұрыс қарым-қатынастарды тандауға
мүмкіндік береді. Баланстар тиімді ішкі аймақтық және сыртқы аймақтық
байланыстарды жасау үшін және де қаланың немесе ауылдық аймақтың
территориясында орналасқан жекеленген кәсіпорындарды экономикалық тұрғыдан
орналастыруға қызмет етеді,
Жүйелік талдау әдісі – деңгейлілік қағидасын пайдаланылатын жан-жақты
талдау түрі, яғни ол мақсаттардан, амалдардан, гипотезалардан басталып,
өндірісті орналастырудың оптимум нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты
зерттеумен жалғасады.
Өндіргіш күштерді орналастыру мен аймақтардың шаруашылығының дамуының
мәселелері өте қиындап кеткендіктен және салалық және территориялық
байланыстар қиын басқарылатын болғандықтан экономикалық-математикалық әдіс
қолданылады. Экономикалық-математикалық әдісті қолдану аз уақыт ішінде
үлкен көлемді мәліметтерді өндеп, қойылған мақсаттарға сай қолайлы шешімді
тандауға мүмкіндік береді.
Статистикалық әдісті индекстерді талқылап, корреляциялық талдаулар
жүргізілу үшін қолданылады.
Сонемен қатар, муниципалды менеджментте өзіңдік спецификалық басқару
әдістері қолданылады.
Ұйымдастырушылық әдістер – белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін
ұйымдастырушылық қарым-қатынастарға (бөліп қарайтын, тәртіптік) әсер ету
жүйесі.
Экономикалық әдістер – нақты экономикалық шарттарды құру жолдарына
әсер ету тәсілдері (қаржы тетіктері, болжамдары, экономикалық
қызығушылықтар мен шаруашылық есептер).
Әлеуметтік-психологиялық – психологиялық білімдеріне негізделген ,
қызмет етушінің өз мінезіне тәуелді болатын әсер ету тәсілдері.
Қалалар мен аудандарда қоғамда жиі кездесетін барлық негізгі
байланыстар мен қарым-қатынастар түрі территориялық ерекшеліктерге иеленіп,
нақтыланып келеді. Сондықтан да муниципалды менеджменттің қағидаларын
ғылыми негіздеу және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану бір ғана мағынада
болады.
Муниципалдық менеджменттің қағидалары әр қилы. Олардың жүйесінде ортақ
және специфиалық қағидаларды бөліп қарастыруға болады.
Қоғамдық ұйымдардың барлық орталарында, соның ішінде муниципалдық
менеджментте қызмет ететін ортақ қағидалардың ішінде жүйелілік, ғылымдылық,
тұрақты даму, әлеуметтік-экономикалық әсерлілік және т.б. айтуға болады.
Спецификалық (жеке) қағидалар муниципалды менеджменттің объектілері
мен субъектілерінің ерекшеліктеріне негізделген. Оларға келесілері жатады.
Демократизм қағидасы аймақтық масштабтағы шешімдерді қабылдауға
тұрғындардың белсенді қатысуын көздейді. Жүргізілетін іс-әрекеттер хандық
негізде болады, яғни қоғамды муниципалитеттің істеріне еліктіріп, қоғамдық
бірлестіктердің аймақ территориясында өмір сүруіне жауапкершіліктерді
жүктеп, басқарылатын аймақтарды бекіту болып саналады.
Субсидиарлық қағидасы билік органдарының арасындағы басқарушылық
қызметтерді бөліп беру үрдісімен сипатталады. Қағиданың қызметі билік
қызметтерін атқарудағы тұрақты реттілікті және осы органдардың халық
алдындағы жауапкершіліктерін бөліп беру тәртібін анықтайды.
Децентрализация қағидасы жекеленген территориялардың сәйкесінше осы
территорияларға қаржылық басқарылу қызметінің ретін көрсету тәртібін
білдіреді. Осы қағиданың арқасында территоиялардың құқықтары мен
міндеттерін кеңейту жолдарымен тұтастылық шарттарын қамтамасыз етіп
отырады.
Кешенділік қағидасы бұл қалалардың немесе аудандардың келесідей
өмершендік құрылуды көздейді, яғни ондай жағдайда тұрғындар тек қана өдіріс
факторы ретінде ғана емес, сонымен қатар, басты мақсат экономиканы дамыту
болғандықтан тәжірибелік менеджменттің технологиялары мен барлық
құрылымдарының әлеуметтік бағдаршысы ретінде болу керек.
Муниципалды менеджменттегі целеполагания қағидасы үрдістердің
қорытындыларға қарай дннамикалық түрде бағытталып, экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық және т.б. түрлерді құрайды.
Қағидалар тек формалары бойынша өзгеріссіз сияқты болып көрінеді. Ал
оның мағынасы динамикалық түрде болады, яғни мемлекеттің, оның аймақтарының
және де муниципалдық құрылымдарының даму шарттарына сәйкес келеді.
Муниципалды менеджмент келесідей қызметтер атқарады:
- қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының
болжамдарын, сценарийларын, бағдарламалары мен жоспарларын талдау, бағалау
және жасау;
- муниципалдық құрылымдар мен, олардың тылыми-техникалық және
интелектуалды орталарының еңбек потенциалын пайдалану және көбейту;
- әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың дамуы және қолдануы;
- тұрғындарға қызмет көрсету бойынша бәсекелестіктерді жою, соның
ішінде муниципалдық құрылымдармен;
- жергілікті бюджетті толтыру және оны тиімді пайдалану;
- бюджеттік емес ресурстарға қол жеткізу;
- муниципалды меншікті алу және оны меншіктеу, сонымен қатар оны
тиімді пайдалану;
- нарықты ортаның, оның инфрақұрылымдары мен кәсіпкерлікті дамытуға
жағдай жасау;
- муниципалдық құрылымдар мен экономикалық белсенді қоғамның
экономикасына демографиялық жүктелу мен жұмыспен қамтуды іске асыру, жаңа
жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- басқа қалалар және аудандармен экономикалық және өндірістік
байланыстарды жақсарту және бекіту;
- жергілікті биліктің коммерциялық банктермен, инвестиционерлермен,
сақтандыру және тағы да басқа құрылымдармен, соның ішінде басқа қалаларда
немесе шет елде орналасқандарымен әсерлесуі.
Қазіргі таңда Қазақстанда іске асырылатын экономикалық реформалар
басқарудың териториялық аспектісіне көңіл бөлуді күшейтуге объективті түрде
септігін тигізуде.
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі болғандықтан қазіргі
заман шарттарында өте маңызды болады, алайда біздің елімізде жергілікті
деңгейде басқарудың демократизмі мен белсенділігін басып тастайтын
басқарудың командалық - әкімшілік жүйесі әлі күнге дейін жүргізілуде.
Өзінің аяқ басып тік тұруындағы кезеңінде, басқарудың жаңа түрі -
муниципалды менеджмент — экономикалық дағдарысқа байланысты және Қазақстан
Республикасындағы заңнамалық актіледрің біршамасының жоқтығына байланысты
үлкен қиындықтарға ұшырауды. Бұл жүйенің мақсатты болуы әлемнің көптеген
елдеріндегі нарықтық экономиканың бекінуімен дәлелденеді.
Бақылау сұрақтары
1. Жергілікті өзің-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару
түсініктерін ашып көрсетіңіз
2. Муниципалды менеджмент түсінігіне сипаттама беріңіз
3. Муниципалды менеджментте қолданылатын қағидалар мен зерттеу
әдістерін атаңыз
3 Муниципалдық басқарудың даму тарихы
3.1 Антикалық әлемнің полистік демократиясы
Ең алғаш рет демократиялық құрылым б.э.д., VI ғасырда Эгейс аралы мен
Кіші Азияның Ионин полистерінде пайда болған. Алайда бұл басқару үлгісінің
түрі б.э.д., V ғасырда Афинада, 400 мың тұрғыны бар қала түріндегі
мемлекетте жандана түскен.
Байырғы Афинада саяси құқыққа ата-анасы Аттиканың тұрғындары болып,
жасы 20 толған ер азаматтар ғана ие болған. Ел азаматтары салық төлеп,
әскер қатарында боуға міндетті еді. Осындай шектеулі шеңбердің ішінде саяси
құқықтар тең болатын. Әр азамат исономияны иеленген, яғни ол дегеніміз заң
алдындағы құқықтарының теңдігі, ал исогория дегеніміз – Халықтық
жиындардағы құқықтардың теңдігі.
Өзің-өзі басқарудың жоғарғы органы – Экклессияда, яғни Халықтық жиын
жұмысына кез-келген азамат қатысуға құқылы бодды. Осы деңгейде еш қандай
өкілеттілік болған жоқ, сондықтан да афиналық демократия құқықтық тұрғыда
тура әрі тәуелсіз болып саналады. Жиындар агорада, Дионис немесе Пирей
театрларында айына төрт рет жүргізіліп отырған. Азаматтар ашық аспан
астында орындықтарға тізіліп отырған. Осындай жиын өте ерте күн шығыста
басталған.
Әдетте жиын жұмысына 2–3 мың адам қатысады. Жедел сессияларға арналған
Кворумдарда аса маңызды мәселелер қарастырылып, оларға 6 мыңға жуық адам
қатысқан.
Жаңа айдың алғаш сессиясында Халықтық жиындарда жаңа заң жобалары
ұсынылып отырған. Осы заңнамаларды ұсынған адам олардың әсерлілігіне деген
жауапкершіліқті өз мойнына алған. Жыл бойында оған қарсы заңсыздығы үшін іс
қозғалуы мүмкін. Кінә тағылған заңшыға айыппұл салынып, дауыс беру
мүмкіндігінен айырып, кейде іпті өлім жазасына да жетелейтін болған.
Перикл кезенінде заңнамалық жобаларды Без жүз кеңесі немесе соттардың
біреуі алғаш болып қарастыру керек.
Халықтық жиындарда сөз сөйлеймін деген азаматтар жас көрсеткштерінің
тәртібіне байланысты құқылы болады. Афина халқына сөз сөйлеу құқығынан кез-
келген азамат шектеуі керек, егер де оларға келесідей көрсеткіштер тиісілі
болса:
- жер меншігі болмаса;
- заңдық некеге тұрмағандар;
- балалық парызын мойындамаған жағдайда;
- қоғамдық адамгершілікке залал келтірсе;
- әскери міндеттерден бас тартса;
- ұрыста қалқанын тастағаны үшін;
- мемлекет алдында салықтық немесе басқа да қарыздары болса.
Халықтық жиындарда, әдетте, тек қана жақсы дайындалған ораторлар –
демагогтар сөйлеуге құқылы болды. Әр ораторға сөз сөйлеуге нақты уақыт
бөлінеді, сол уақытты су сағаттармен өлшеген. Халықтық жиын әр түрлі
мәселелерді қарастыруға құқылы болды:
- салықтарды алу;
- остракизм;
- соғысты жариялау;
- татуласу сияқтылар.
Шешім дауыстың көптігімен немесе консенсуммен қабылданып отырды.
Дауыс беру орнында отырып қол көтеру бойынша іске асқан, ал егер де іс тек
қана бір азаматқа қатысты болса, онда құпиялы түрде дауыс беру шешімі
қабылданған. Мысалға, диктаторлық өжеттілігі үшін күдіктенген азаматқа
остракизм соты саздан жасалынған ыдыстардың сыртына күдіктінің атын жазу
арқылы жазалаған, егер де он шешім қабылданған болса, онда күдіктінің
мүлігі конфескацияға ұшырап, 10 жылға Аттикадан кетуге мәжбүр болды.
Халықтық жиынның шешімі нақты болған, оны қайта қарауды немесе мүлдем алып
тастау туралы шешімдерді Халықтық жиынның жаңа отырысында ғана ұсынуға
мүмкіндік берілетін.
Бес жүздік кеңес (Буле) – бұл Халықтық жиынды өз рангі бойынша асып
түсетін, бірақ билік мүмкіндіктерімен төмен тұратын құрылым. Алғашында
Кеңес жиынның жоғарғы палатасын құраған болатын, ал Перикл кезеңінде
Экклессияның қарапайым заңнамалық комитеті болып қалды. Ең алдымен олар
заңнамалық жобалардың және басқа да мәселелердің алдын-ала қаралуына жауап
беріп, кейіннен Халықтық жиынның күн тәртібіне қосылып отырған. Сонымен
қатар Кеңес мүшелері тәртіпті қадағалайды, діни және әкімшілік
қызметшілердің есептерін тындайды, қалалық қаржылар мен құрылыс жұмыстарын
бағалайды, және де сыртқы экономикалық қызметпен айналысады. Олар
осылардың бәрі бойынша Халықтық жиында есеп береді. Бес жүздер кеңесінің
мүшелерін Аттиканың 10 филиаолының ішінен жребия арқылы 50 адамнан
тандалып алынады. Олардың билігінің мерзімі бір жылмен ғана шектелетін.
Бес жүздік кеңес 50 адамнан тұратын 10 пританиядан тұрады. Олардың әр
қайсысына Кеңесте және Халықтық жиындарда бір ай ішінде төрағалық етуге
мүмкіндік берілген. Төрағалық ететін притания әр күн сайын сол күнге арнап
Афина полисінің өзіндік президентін, яғни кеңес басшылығының өкілін тандап
отырады. Қызметтік тұлғалардың жедел ротациясы – міндетті демократияның
маңызды белгісі, Байырғы Афинаға тән құбылыс.
Бес жүз Кеңесінің мүшелеріне қатардағы афиналықтың жал ақысына тең
көлемдегі қолақы төленгендіктен, кедейлер де мемлекетті басқаруға құқылы
болған. Сондықтан да афиналық демократия азаматтық қауымдастық мүшелері
үшін саяси шектеулі болған емес. Жағдайлар жақсы жүрген мезгілдерде қала-
мемлекеттің кез-келген азаматы өз өмірінде минимум бір рет болсын үкіметтің
мүшесі бола алған. Сондықтан Байырғы Афинада басқарушылар мен
басқарылатындар арасындағы айырмашылық көрсеткіштері мүлдем болмаған.
Афинадағы әкімшілік жұмыстармен тек қана архонттар ғана емес, сонымен
қатар Халықтық жиналыстың, Бес жүздер Кеңесі мен соттардың бақылауындағы
және басшылығындағы комитеттер мен комиссиялардың қатары іске асырады.
Аристотель өз кезегінде осындай мекемелердің 25 түрін ашып көрсеткен,
оларда 700 жуық адам еңбек еткен. Олардың бәрі жребия бойынша бір жыл
мерзіміне тағайындалып отырған. Себебі Афинаның әр азаматы өз өмірінің бір
жылында ғана мемлекеттік қызметкер ретінде бола алады, және екі қайтара бір
қызметте жұмыс істей алмайды деген ереже болған. Басқа сөзбен айтқанда,
афина демосы мықты мамандардың басқару қағидасына сенген жоқ.
Бірақ бұл ережеден де ауытқулар болды. Ол негізінен стратегтердің
қызметіне тән құбылыс еді. 10 стратек немесе әскер басшылары бір жылдық
мерзімге тағайындалып, кез-келген уақытта тексеріске және орын ауыстыру
үрдістеріне ұшырайтындықтан, олар жребия бойынша емес, Халықтық жиындарда
ашық дауыс беру арқылы тағайындалып отырған. Осы қызметке бір адам қайта
тағайындала алатындай мүмкіндіктер болды. Оның мансабына, атағына қарай
емес, керісінше арнайы мамандандырылған қасиеттеріне байланысты болды.
Американдық тарихшы В. Дюранттың ойы бойынша, өзінің әлеуметтік базасы
бойынша афиналық демократия ең тар көлемді болып, ал мемлекеттік басқаруда
халықтың белсенді басқаруы бойынша ең кең көлемдісі болып саналады.
Хаотикалық және кәсіби емес өзің-өзі басқару адам тарихында ешқашан
болмаған адамдардың көрінбейтін шығармашылық белсенділіктерін оятады.
Демократия Халықтық жиындарда, соттарда, Бес жүздер кеңесінде және тағы да
басқа органдарда азаматтықтың мектебі болып қалыптасқан. Ол қызметтік
тұлғалардың азаматтар қауымдастығына шынайы есеп берулерді қамтамасыз етіп
отырған. Байырғы Афиналықтардың саяси қатарының жетістіктері мен
кемшіліктері барлық жер бетіндегі демократияның саяси теориясы мен
практикасының алдағы уақытта дамуына ауқымды әсер еткен болатын.
3.2 Ортағасырлық сословиялық мемлекеттің қалалық және ауылдық
қауымдары – буржуазылық муниципализмнен туындаған. Х1Х ғасырдағы
муниципалдық реформалар
Көптеген еуропалық мемлекеттердің, сонымен қатар АҚШ, Жапония және
тағы да басқа мемлекеттер қазіргі заманғы муниципалды жүйелердің негізі Х1Х
ғасырда жүргізілген муниципалды реформалардың жүру барысында құрылған
болатын, алайда қоғамдық, қалалық өзің-өзі басқару дәстүрлері өз тамырының
жайылуына байланысты ғасырларды тереңдеп, қоғамның алғашқы даму кезендеріне
сүйенеді: антикалық әлемнің полистік демократиясы; ортағасырлық сословиялық
мемлекеттің қалалық және ауылдық қауымдары.
XIX ғасырдағы муниципалдық реформалар орта ғасырларда қалыптасқан ірге
тасқа негізделген болатын.
Әкімшіліктік, қаржылық және соттық басқару жүйелері бар, сатылынып
алынған немесе феодалдық басшылармен жаулап алынған орта ғасырлық қалаларда
сословиялық қалалық өзің-өзі басқарумен бірге буржуазиялық муниципализмді
де дүниеге алып келді. Еуропалық елдерде Ұлы франция көтерілісінің
салдарынан туындаған конституциялық қозғалыстар жоғары мемлекеттік
басқарудың аймағында билікті басқарудың жаңа үлгілеріне әкеп қана қойған
жоқ, сонымен қатар биліктің орталық органдарының мықты бюрократиялық
қамқорына бағынышты емес жергілікті басқаруды қалыптастыру мәселесін
құрған болатын. Жергілікті басқарудың алғы шарттарын рет-ретімен іске
асыруда конституциялық, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларынан
логикалық қорытынды жасаумен сипатталады, олар өз кезегінде полициялық,
бюрократиялық мемлекеттің абсолютизм дәуірінің орның басып отырады.
Демократиялық, құқықтық мемлекеттердегі тұлға мен мемлекет, жергілікті
қауымдастықтар мен биліктің орталықтандырылған органдарының арасындағы
қарым-қатынас, абсолюттік мемлекетке қарағанда мүлдем басқа, оларды Кант
құлдырау мемлекеттері деп атаған. Осыдан келесідей ой түйіндеуге болады,
яғни мемлекеттік билік жүйесінде негізделген мүмкін болатын белгілі
автономиядағы жергілікті өзің-өзі басқару XIX ғасырдың құқықтық
реформаларында және саяси қозғалыстарда лозунг түрінде айқындалған.
Еуропалық мемлекеттерде жергілікті өзің-өзі басқару идеясын таратуда
маңызды рөлді 1831 жылы құрылған Бельгия Конституциясы алды. Онда қоғамдық
басқаруға арналған арнайы бап болатын, заңнамалық, атқарушылық және сот
биліктерімен қатар қоғамдық басқаруға арналған төртінші бір биліктің түрі –
муниципалды билік пайда болды.
Ертеректе 1790 жылы Францияда өткен Ұлттық жиында жергілікті басқару
реформасы туралы заңнамалық жоба бойынша баяндамасында француздық Турэ
қоғамдық басқаруды ұйымдастыру идеясын қозғаған болатын. Турэ жергілікті
өзің-өзі басқарудың екі негізгі мәселесін құрастырды, олар кейіннен
жергілікті өзің-өзі басқарудың әр түрлі теорияларында дами бастады:
1) табиғаты бойынша муниципалды басқаруға тән меншіктік қоғамдық істер
туралы түсінік;
2) мемлекеттік істер туралы түсінік, оларды жүргізу жергілікті өзің-
өзі басқарудың мемлекеттік органдарымен іске асырылады.
Жергілікті өзің-өзі басқару мәселелеріне ең алғашқылардың бірі болып
көңіл бөлген француз мемлекеттік қызметкері, тарихшы және әдебиетші А.
Токвиль болатын.
Тәртіптің консервативтік Партиясының көшбасшысы бола тұра Ұлы француз
көтерілісінің қажеттілігін жоққа шығарып, басқарудың бейбітшілік сипатын
алға ұстаған. 1835 жылғы Америкадағы Демократия атты еңбегінде былай деп
жазды: "Тәуелсіздікті бекіту үшін қоғамдық институттар ғылымға негізделген
бастауыш мектептердің қызметін бірдей атқарады, яғни олар халыққа
еркіндікке деген жолды ашады, осы еркіндікпен пайдалануға үйретеді, және
оның бейбіт сипатымен толыққанды рахаттануға мүмкіндік береді. Қоғамдық
институттарсыз ұлт еркін үкімет құра алады, алайда ол толығымен еркіндікке
ие бола алмайды. Тез ауыспалы құштарлықтар, бір мезеттік қызығушылықтар,
кездейсоқ міндеттер тәуелсіздіктің беткі қабатын ғана көрсетеді, алайда
қоғамдық ағзаның ішіне сініп кеткен деспотизм ерте ма кеш па бәрібір қайта
үстіне көтеріліп шығады".
Жергілікті өзің-өзі басқару теориясын жасауға маңызды үлес қосқан
германиялық заң мектебі болатын.
Негізгі теориялық концепцияларды қарастырайық. Жергілікті өзің-өзі
басқару теориясы эволюциялық сипатқа ие, яғни соңғылары алдында жасалынған
негізгі жайттарды ескеріп отырады.
Алғашқыда неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық өзің-өзі басқарудың
пайда болуы мен табиғатының сипаттай отыра қоғамның еркіндік теориясын
жасаған болатын (қауымның табиғи құқықтарының теориясы).
XIX ғасырдың басында қауымдық істермен, қауымдық мүлікпен қазыналық,
мемлекеттік шенеуниктер айналысатын. Бұл жүйе қауымдық шаруашылықты
құлдыратып жіберді. Сондықтан да бюрократиялық орталықтың шаруашылықты
жүргізудің ортақтандырылған жүйесіне араластыруды шектеу қажеттілігін
ғылыми негіздеу талап етілді. Осындай амалдарды қоғамның еркіндік теориясы
шешу керек болатын, олардың негізгі бастауларын неміс ғалымдары осы аймақ
төңірегіндегі француз және бельгия құқықтарынан алған еді.
Қауымдық еркіндік теориясы қоғамның өз істерімен басқару құқықтарының
адамдардың құқықтары мен еркіндігі сияқты табиғи және ажырамайтын сипатқа
ие, себебі қоғам тарихи деректерге қарағанда мемлекеттен бұрын пайда
болады, және мемлекет қауымдық басқарудың еркіндігін силау керек. Сонымен
бұл теория табиғи құқық идеясына сүйенетінін байқауға болады. Ол мемлекетке
тәуелді емес органикалық корпорациялардың табиғи құрылуын қауыммен
мойындауына бағынышты болады. Қауымның өзіндік басқаруға деген құқығы
априорлық жолмен қоғамнан бөлектеніп шығып отырды. Осы теория қауымның
еркіндігі мен тәуелсіздігін растай отыра, ортағасырлық қауымдар, яғни
еркін қалалардың тарихына, олардың феодалдық мемлекеттерге қарсы
тәуелсіздік үшін күресіне көңіл аударған болатын.
Еркін қауым теориясы жергілікті өзің-өзі басқаруды ұйымдастыруға
келесідей негіз болатын бастауларды келтірген болатын:
1) қауым мүшелерімен жергілікті өзің-өзі басқару органдарынын
сайлануы;
2) істерді бөлу бойынша нұсқаулық, олардың көмегімен қауым өз істері
мен мемлекет жүктеген істерді ажыратады;
3) жергілікті өзің-өзі басқару – бұл өзінің табиғаты бойынша
мемлекеттік істерден айырмашылығы бар қоғамның өзінің меншікті істерін
басқару;
4) жергілікті өзің-өзі басқару органдары – мемлекеттің емес, қауым
органдары;
5) мемлекеттік органдар қауымдық меншіктік компетенциясына араласуға
құқылы емес. Олар тек қауымның өз компетенциясының шегінен шығып кетпейін
қадағалап отыру керек.
Алайда тәжірибеде бұл әдіс келесідей себептер бойынша жетістікті
болмады.
Қауымның еркіндік теориясының шегінде жергілікті өзің-өзі басқару
объектісі нақты анықтамасын таба алмайды. Сонымен, алғашқы өзің-өзі
басқарушы бірліктер – ауылдық және қалалық қауымдар, олар өз істерін
басқаруды өз бетінше пайдаланады. Адамдар шағын территорияның шегінде өз
тағдырын өзі басқарады. Олар өз қажеттіліктерін өздері қанағаттандырып,
сырттан төнетін қатерлердің өз күштерімен қорғанатын болған. Өзіндік
басқарылатын бірліктерге аса ірі территориялық аймақтарды еңгізу
мемлекеттік биліктің ісі екендігі анық көрініп тұр. Қалыптасқан жағдайларды
осындай өздігімен басқарылатын бірліктердің, табиғи сипатына сүйене отыра,
және де кішігірім ауылдық және қалалық қоғамдардан басқа өзіндік басқару
түрлерінің өзіндігін дәлелдеу логикаға жат нәрсе, ол заттардың шынайы
орналасуына сәйкес келмеді.
Қоғамдағы мемлекеттің бар болуы қауымның толығымен еркін бола
алмайтының көрсетеді. Қауым мемлекетті қажет етеді, сондықтан да оны құру
үшін сыртан төнетін қатерге қорғаныш жасайды, экономикалық байланыстарын
дамытады және т.б.
Қауымның еркіндік теориясының орнына қоғамдық өзің-өзі басқару
теориясы келеді (немесе өзің-өзі басқарудың қоғамдық-шаруашылық теориясы).
Алдындағы теория сияқты, бұл тұжырым да мемлекет пен қоғамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz