Мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту


Мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту
Добавить комментарий
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің
дефектологі Иманғалиева Гүлмира Ерболатқызы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жазу техникасын меңгерудегі қиындықтарының бірі- қолдың моторлы аймағының бұзылысы, саусақ бұлшықеттерінің дамымауы, қолының барлық білезіктеріндегі ұсақ бұлшық еттерінің қимылының жетіспеушілігі немесе бұзылуы болып табылады
Саусақ ұшында көптеген акупунктурлық нүктелер болады, осы нүктелерге массаж жасау арқылы, адамның ішкі құрылысына да әсер етуге болатынын мамандар анықтап отыр. Батыс дәрігерлерінің зерттеулері бойынша, бас бармақ - бас ми қызметін арттырады, «балаң үйрек»- асқазан жағдайының жақсаруына, «ортан терек»- ішек құрылысына, «шылдыр шүмек»- бауыр мен бүйрек қызметіне, «кішкентай бөбек»- жүрек қан тамырларының және ас қорыту жүйесінің реттелуіне оң әсерін тигізеді.
Баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау - баланың көңілін ғана аулап қоймай, балалардың бірлесіп қайталауына, дыбыстарды дұрыс айтуына, айтылған жырды есте сақтауына, психикалық демалуына таптырмайтын әдіс
Әр саусақтың қарапайым қимылын жасату арқылы баланың дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалап, мәнерлеп сөйлеуін дамытып, сөздік қорын байытамыз, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеміз.
Өзім жұмыс жасайтын мектепте саусаққа арналған жаттығуларды кеңінен қолданамын. Балалар жаттығуларды аса қызығушылықпен орындайды.
Ұсақ қол маторикасын дамыту мақсатындағы жұмысты үзбей, күніне 5-10 минут уақыт бөле отырып жүргізу қажет. Осы мақсатта әртүрлі ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады.
Қол саусақтарын қимылдатуға арналған жаттығуларды үздіксіз жасау баланың тілінің дамуына да үлкен әсер етеді.
Саусақ қимылдарын жақсарту үшін таяқшалармен ойналатын ойындар қолданылады. Ойынмен бірге әртүрлі тақпақтар айтылады. Мысалы: «Қай қолымыз күштірек…»
Кай қолымыз күштірек
Қолды қысып жұмайық
Алақанды ашып ап
Шапалаққа ұрайық
Бір, екі,
Бір, екі
Қолға қалам алайық
«Бұл сенің отбасың?»
Мынау саусақ- атам
Мынау саусақ -әжем
Мынау саусақ - әкем
Мынау саусақ -анам
Мынау саусақ - мен
ал мынау менің отбасым
Ересек адам мен бала сол қолдың көмегімен оң қол саусақтарын кезек-кезек бүгеді. Осындай ойындармен тақпақ айтпай-ақ әртүрлі жаттығулар жасауға болады.
«Саусақтар сәлемдеседі»
Екі қолдың саусақтарын үйшік қылып біріктіріп, әр саусақтың ұшын екіншісімен соғыстыру керек. Бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және тағы солай
«Сона»
Оң қолдың сұқ саусағын тік ұстап айналдыру керек; сол қолды да солай
«Көзілдірік»
Қолдың басбармағы мен сұқ саусағынан шеңбер жасап, оларды біріктіру.
«Саусақтарды бүгу және ажырату»
Оң қолдың саусақтарын бас бармақтан бастап кезек-кезек бүгу; осы жаттығуды кішкентай саусақтан (кішкене бөбек) бастап қайталау, Осы жаттығуларды сол қолға да қайталау;
Содан соң саусақтарды жұдырыққа жұмылдырып бас бармақтан бастап ашу; осы жаттығуды кішкене саусақтан бастап қайталау. Жаттығу екі қолға да жасалады.
«Жұдырық- қыр- алақан»
Үстелдің тегіс бетіне қолды осы үш жағдайда жүйелі түрде қою. Оң қолмен 8-10 рет жасалады, содан соң сол қолмен, одан кейін екі қолмен қайталау.
Қол маторикасының дамуына үлкен әсер ететін жағдайлар:
* Ермексазбен, сазбен, тұздалған қамырмен, уақ құрылыс заттарымен, құрастырмалармен жұмыс.
* Моншақ жасау, бисермен жұмыс
* Сіріңкеден суреттер, әріптер құрау
* Сол және оң қолмен бір мезгілде қорапқа ілгектерді салу
* Трафаретпен әріптер, геометриялық бейнелер, сызықтар салу
* Қолды уқалау (массаж)
Осындай ойындармен жаттығулар саусақ қозғалысының жақсаруын қамтамасыз етеді, саусақ қозғалысының нақты дамуына әкеледі. Ұсақ қол маторикасы шектелген балаларға осындай жаттығулар мен ойындарды дефектолог пен ата-аналардың бірлесе отырып үзбей орындатуы олардың жағдайын жақсартуға көмектеседі
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дефектологі Иманғалиева Гүлмира Ерболатқызы
Запись опубликована 08. 02. 2013 автором 45minut. kz редакция в рубрике Өзін-өзі тану пәні.
Навигация по записям
← Формирование знаний о прилагательныхХод собрания →
Добавить комментарий
Начало формы
Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *
Имя *
E-mail *
Сайт
Комментарий
Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Конец формы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz