Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы


Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы
Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес.
Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында - 7, 8 пайызға, Қарағанды облысында - 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында - 6, 4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0, 7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0, 9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
Ұлттық инновациялық жүйе жасалуда, даму институттары қайта құрылуда, «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының негізінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылуда.
«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді.
Ғылыми-технологиялық даму және форсайт жүйесі салааралық жоспарының негізінде жүйелі болжау және технологиялық басымдықтарды жоспарлау қарастырылуда. Дегенмен, заң жобасының қабылдануын күтпестен, қолданыстағы нормативтік базаның негізінде инновацияларды қолдау тетіктерінің тұтас кешені іске қосылып отыр. Инновациялық гранттар берілуде. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа бюджеттен 7, 3 миллиард теңге бөлінді. Ал берілген өтініштердің саны 700-ге жуықтады, жалпы сомасы - 55 миллиардтан астам теңгені құрады. Яғни, екі есе көп өтініш түсті және былтырғыдан 4 есеге көп қаржы керек. Технологиялық бизнес-инкубациялау жүйесі іске қосылды және олардың қызметіне 105 тұлға өтініш білдірді. 3 конструкторлық бюро, 2 халықаралық технологиялық ынтымақтастық орталығы (Франция, Корея) құрылды.
Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы толық қайта іске қосылды. Парктің жаңа тұжырымдамасы әзірленді, басқару жүйесі өзгертілді және оны ифрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұрындары бос тұрған әкімшілік аудандардың барлығы берлік компаниялармен толықты, өндірістік модульдердің 2/3 бөлігіне арендаторлар жайғасты. Жылдың аяғына дейін бос орын қалмайды.
Инвесторлар тарапынан ықылас болса, сәйкес инфрақұрылымдар тартылғаннан кейін парктің барлық аумағына - 160 гектардай жерге - өндірістік, зерттеу және білім беру нысандары салынбақ. Жұмыс қызу жүріп жатыр. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары ерекше белсенділік танытуда.
Дейтұрғанмен, әлі де көп жүйелі және жедел проблемаларды шешу керек.
Олардың қатарына өңірлік инновациялық жүйелер құру жұмыстарын жатқызуға болады. Өкінішке орай, әзірге бірде-бір өңірде тиімді өңірлік инновациялық жүйе құрылған емес. Бірақ та, оның жекелеген элементтері - технопарктер, Кеңестер баршылық.
Ұлттық компаниялар, әсіресе «Самұрық-Қазына» инновация саласында белсенді жұмыс істей бастады. Және жоғарыда аталғаннан басқа біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - 2030 жылға дейінгі Инновациялық даму жоспарын әзірлеу. Мемлекет басшысы оны қысқа мерзімнің ішінде әзірлеуді тапсырды
«Қазфосфатты» мысалға алар болсақ, Өндірісті жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі өзінің кешенді жоспарына сәйкес компания жалпы сомасы 120 миллиардтан астам теңгенің инвестициялық жобаларын жүзеге асырмақ.
Кәсіпорынды жаңғырту жоғары үлесті химиялық өнімдердің ондаған жаңа түрінің (сульфоаммофос, күрделі минералдық тыңайтқыштар, гексаметофосфат және азықтық фосфаттар, үшхлорлы және бескүкіртті фосфор өндіру жобалары) өндірістерін жолға қоюға мүмкіндік береді .
2015 жылға қарай жаңғыртудың нәтижесінде еңбек өнімділігі 1, 5 есеге артады, штат бірлігі 6 мың адамға дейін жетеді, энергия қамтымы 2 есеге азаяды, табиғи газдың жылдық тұтынымы 100 миллион текше метрден 16 миллион текше метрге дейін қысқарады деп күтілуде. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, жалпы алғанда, оң нәтиже беріп отыр. Табысты индустрияландыру үрдісі үшін жүйелі негіз қаланды. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының барлық дерлік тармағының орындалуы осының дәлелі.
Мемлекет басшысы бұған дейін бірнеше рет айтып өткендей, ендігі міндет - сандық көрсеткіштен сапалық өсуге ауысу. Мемлекеттік экономикалық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі алдағы 3 жылдағы жұмысты жоспарланып отыр. Ол үшін:
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар басқа заң жобаларына өзгертулер енгізу туралы заң жобаларын басымдықты негізде қабылдау керек. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны әрі қарай жүзеге асыру үшін - бұл маңызды заңдар.
Салалық және өңірлік даму бағдарламаларының сапасын арттыру, оның ішінде олардың мақсатты көрсеткіштерін жүйелеу керек. Бұл жұмыс тере құзырлықты қажет етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстандық индустрияны дамыту институтының базасында біз өңдеуші салалар бойынша қуатты құзырлық орталығын құрғалы отырмыз, ол орталық басымдық тауарлар мен қызмет көрсетулердің картасын жасайды, ірі жобалардың сараптамасына қатысатын болады.
Президенттің Жарлығы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры қаржылық даму институттарын ндустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басқаруына береді. Сондықтан да ҮИИД бағдарламасындағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаулың барлық қаржылық шараларын жинақтау және оңтайландыру керек. Олар - үлестік, заемдық қаржыландыру, кепілдемелер, субсидиялар, шикізатқа қолжетімділік, инфрақұрылым тарту сияқты шаралар. Бұл бастама жобаларға біртұтас қолдау көрсетуге, бюрократиялық амалдарды қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаға, оның техникалық және қаржылық қамтымына деген сапалық талаптар күшейеді, жобалық сараптама жақсарады.
Жоғары білікті еңбек ресурстарының тапшылығы проблемасы сияқты маңызды мәселелерді шешуді жалғастыру керек. Бұл міндеттің аясы жұмыспен қамту проблемасынан кеңдеу және ол кадрлардың сапасын жетілдіруге көбірек бағытталған. Бәсекелестікті, тарифтік саясатты әрі қарай дамыту, бизнес-климатты жақсарту және т. б. көптеген мәселелер өткір тұр.
Өнеркәсіпті жаңғыртуды жеделдету үшін тоқырап тұрған өндірістік қуаттарды пайдалануды ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу керек. Жеке меншік иелері үшін өз активтерін шаруашылық айналымға салу немесе оларды баланста ұстағаннан гөрі, ағымдағы құнына сату тиімдірек болуы керек.
Бағдарламаны жүзеге асырудың мазмұны Орталықтан өңірлерге ойысуы керек.
Ұлттық компаниялар мен әкімдіктер жұмысқа белсенді атсалыса бастады, әсіресе инвестициялық жобаларды атаулы қолдау мәселесінде.
Экономикалық идустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айқындап алу өте маңызды.
Үкімет әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тартып, еліміздің артықшылықтарына қажетті талдау жасау арқылы жылдың соңына дейін накты ұсыныстар тұжырымдауға тиіс. Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз кажет.
Соның бір мысалы, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.
Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлык қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы) айқындап алуымыз кажет. Даму институттары болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы керек.
Инновациялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту үшін Алатау кентіндегі Ақпараттық технологиялар паркін іске қосып, Орал мен Степногор калаларында технопарктер құруымыз қажет.
Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін отандык әлеуетімізді кеңінен пайдалануымыз керек.
"Байкоңыр" кешенін жалға беруден түсетін бір сәттік пайда табудан гөрі ғарыш айлағын жалға беруді ұзарту жөніндегі келісімде көзделген Ресеймен бірлескен ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қарай ойысқанымыз өте-мөте маңызды. Мұның өзі біздің ғарыш жөніндегі ғылымымыз бен жаңа технологиялардың дамуына жәрдемдесер еді.
"Ангара" ғарыштық зымыран кешенін құру осындай бірінші жоба болуға тиіс. Біз қазірдің өзінде 2006 жылы өзіміздің тұңғыш ғарыштық жер серігін ұшыру жөніндегі жұмысы қолға алынды.
Перспективалы бағыт - шетелдің жетекші банкілері және компанияларымен бірлескен жобалар.
Осы бағытта Даму банкі Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып "Солтүстік-Оңтүстік" электр желісі магистралінің құрылысын қаржыландыруға кірісіп жатыр. Жобаның құны - 280 миллион долларды құрайды.
Осы жылы "Қазакстан-Инжиниринг" ұлттық компаниясы біздің ірі машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында "Сингапур Технолоджизбен" бірлескен мекеме құрады.
Біз ауылшаруашылық және көліктік машина жасауды дамытуға ұмтылуымыз қажет.
Атап айтқанда, Қостанайдағы дизель зауытының өнімділігін арттырып, "Азия-Авто" зауытынан "Нива" автомобильдерін құрастырудан "Шкода" автомобилін кұрастыруға ауысу мәселесін ойластыру керек.
Сондай-ақ, "Қазақстан-КамАЗ" концерні зауытында жүк автомобильдерін құрастыруды арттыра түскен жөн.
Еліміздің экспорт әлеуетінің өсуіне индустрияның базалық салаларын, бірінші кезекте металлургия мен металл өндеу саласын одан әрі дамыту оң ықпал етуі тиіс.
"Испат-Кармет" құрышты үздіксіз құю жөніндегі жобаны, сондай-ақ, мұнайгаз секторы үшін құбырлар шығаруды іске асыруды жоспарлап отыр, "Қазақстан алюминийі" құны 800 миллион доллар шамасында болатын электролиз зауытын салу секілді үлкен жобаны жүзеге асыруға дайындалуда.
Химия және мұнай химиясы өнеркәсібін дамыту басым бағытқа ие болуы керек.
Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында жобалық құны миллиард доллардан асатын газ өндеу зауытын салу құрылысын бастау қолға алынды.
Атырау мұнай өңдеу зауытын кайта құру жобасын жүзеге асыруды жеделдету қажет.
Жамбыл облысында кальциймен байытылған сода өндіретін, Павлодар облысында хлорлы түйіршіктер шығаратын зауыттардың құрылыстарын бастау ойластырылуда.
Астанада даму институттарының қатысуымен үй құрылысында ұялық бетон өнімдерін, шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыттар салу, Ақтөбе қаласында шыны талшықты полиэфирмен беріктендірілген құбырлар мен фитингілер шығаратын зауыт тұрғызу, Алматы облысының Абай кентінде "Қазақстан қағазы" ЖАҚ тамақ өнеркәсібі үшін кағаз, гофрокартон және қағаз-картон өнімдерін өңдіретін зауыт салу, Шымкентте "Ютекс" ЖШС мақта талшығы шүйкелерін шығаратын зауыт құрылысы аяқталғалы жатыр.
Бұл жетістіктер индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудағы оның бірінші жылының қорытындыларының бір бөлігі ғана.
Бұдан басқа, бізге инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін қажетті шараларды қолға алу керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz