Қазақ халқының рухани мәдениеті пәнінен дәрістер кешені


14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Бірінші лекция тақырыбы: Кіріспе
Жоспары:
- Пәннің зерттеу обьектісі
- Рухани мәдениет функциялары
- Қазақ халқының рухани мәдениетін зерттеудегі деректер
Лекция мәтіні:
"Қазақ халқының рухани мәдениеті" - қазақ этносының біртұтас бірлігі негізінде мәдениетін зерттеу, "Археология және этнология" мамандығы студенттерінің қазақ халқы рухани мәдениетінің құрамдас элементтері арқылы берілген рухани мәдениетін дәстүрлі құндылықтар жүйесі ретінде қабылдауы болып табылады.
Пән міндеттеріне қазақ халқының рухани мәдениетінің салалас пәндері (фольклористика, этномузыка, мәдениеттану, философия, тарих, дінтану, өнертану, археология және т. б. ) материалдарын пайдалана отырып, комплексті, ғылыми-интегративтік түрде зерттеулер кіреді.
Аталған пәнді оқыту мамандарды даярлауда маңызы зор, өйткені қазақ халқының рухани мәдениетінің даму жолдарын, негізгі кезеңдерін, мәдениеттің этникалық нақыштарын айқындауға рухани мәдениеттің алатын орны зор.
Қазақ халқының рухани мәдениеті пәнінің зерттеу объектісі: этникалық мәдениетті "материалдық", және "рухани" мәдениетке дәстүрлі бөлудің шарттылығы. Рухани мәдениетті білімдер және қоғамдық нормалар системасы ретінде дәстурлі түсіну.
Мәдениетті материалдық және рухани негіздеріне классификациялаудың функционалдық негіздеу (Маркарян Э. С. и др. Культура жизнеобеспечения и этнос. М., 1983) .
Рухани мәдениет функциялары - адамдардың рухани әлеміне, олардың ақыл-ойы мен психикасына бағытталады. Адамдардың және қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету - интеграциалдық процесс.
Қазақ халқының рухани мәдениетін зерттеудегі деректер: Ауызша сакральдық мәліметтер (мифология, дін, әдет-ғұрып) . Ауызша этикалық мәліметтер (батырлар және лирикалық эпос, жыраулар поэзиасы) . Далалық ауызша тарихнама (аңыздар, шежірелер) . Тарихи жазба деректер (жылнамалар жинағы) . Заттай деректер (музей коллекциялары) . Көркемөнер деректері. Орнамент.
Зерттеу әдістері. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Рухани мәдениетті зерттеудің синхронды және диахронды әдістері. Рухани мәдениеттің түсініктері және терминдері.
Бақылау сұрақтары:
- Рухани мәдениет түсінігі
- Рухани мәдениет пәнінің зерттеу тәсілдері мен әдістері
- Рухани мәдениетті зерттеудегі деректер
Екінші лекция тақырыбы: Этникалық мәдениет теориясы
Жоспары:
- Мәдениет және оның этникалық функциясы
- Архаикалық мәдениет
- Дәстүрлі мәдениеттегі ерекшеліктер
Лекция мәтіні:
Қоғам өмірінің әр түрлі құрылымдық бөлігін анықтай отырып, кейбір салаларына ғана рухани құбылыс ретінде ден қоямыз. Сонан соң әрбір әлеуметтік құбылыстың қызмет ету мәнін саралау арқылы мәдениеттің анықтамасын береді. Мәселен, Э. Тайлор тұжырымы бойынша: «адам қабілеті игерген білімнің жиынтығы, діни сенім, өнер, парасаттылық, заң, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т. б. мәдениеттің аясына жатады». (Э. Тайлор. Первобытная культура. М., 1989. ) . Ал ағылшын ғалымы А. Редклифф Браун «тілді, діни сенімді, эстетикалық талғамды, кәсіби шеберлікті, салт-дәстүрді» мәдениет типтеріне жатқызады.
60-шы жылдары «мәдениет» ұғымын жинақтап тұжырымдаушылар ішінде Г. Г. Карпов, А. А. Зворыкин, Г. П. Францев сияқты авторлар болды. Бұл тұжырымға ден қоюшылар - әр түрлі идеяларды, жаңалық атаулыны, қолөнер мен көркем өһнерді, нысандар мен бағалы зататрды, наным-сенімдерді, өнер туындыларын, ауыз әдебиетін, барлық экономикалық жүйелерді, әлеуметтік құрылымдар мен салт-дәстүрлерді, кісілік пен парасат үлгілерін, идеологияны, далалық нормалар мен этикетті, қысқасы адамның ақыл ойы мен қолынан шыққан туындының бәрін мәдениеттің жемісі деп таныды.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында мәдениетке, соның ішінде этникалық мәдениетке қатысты мәдениеттанушылар мен этнографтар (Ю. В. Бромлей, Н. Н. Чебоксаров, С. А. Токарев, Э. С. Маркарян, С. А. Арутюнов, Ю. М. Мкрутумян, В. И. Козлов сияқты ғалымдар зерттеулер жүргізді. Бұлардың зерттеулері мәдениеттің әр түрлі аспектісін қарастырып, өзіндік тұжырымдар жасады. Сондай-ақ олардың теориялық мәселелері бір-бірінен алшақ емес. Осы орайда мәдениет туралы адамның биологиялық жолмен жасалмаған, ұрпақтан қрпаққа ауысып отырған өзіндік ерекшелігі бар қызмет тәсілі мен сол қызметтің нәтижесі деген тұжырымында Э. С. Маркарян «қоғам» мен «мәдениет», «этнос мәдениеті» мен «этникалық мәдениет» ұғымдарының өзіндік мән мағынасын саарлайды.
Этнос мәдениеті деп әлеуметтік организм ретінде этностың дамуын қамтамасыз ететін институттанған адам қызметі мен адам қызметінің тәсілін атаса, этникалық мәдениет барша этнос атаулыға немесе кейбір этностарға ортақ мәдениет айғақтарын пайымдайды.
Қазақтың мәдениет туралы дәстүрлі түсініктерінде көне негіздермен қоса мұсылмандық қағидалар қатарлана келеді. Дәстүрлі дүниетанымда қиял ғажайып кейіпкерлерді, алғашқы тотемдік бейнелерді ислам өркениетіне жалпы тән Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Жеті кәміл пірлер, Арыстанбаб, Қыдыр, мұсылмандырылған Түкті Баба Шашты Әзіз тәрізді қуатты әулиелер ауыстырған. Бұл мәселені А. Байтұрсынов өзінің «Қобыланды жырындағы әйел бейнесі» атты мақаласында жақсы көрсеткен. Қалмақтармен күрескен қазақтардың салт дәстүрлері әлі де ескі сенім наымдардан исламға өту дәуірін бейнелейді. Мысалы, Қобыландының әйелі Құртқа бойына мұсылмандық әдет ғұрып жүйесін жинақтаса, оның шешесі Көктен кемпір мифологиялық жан.
Бақылау сұрақтары:
- Мәдениеттің этникалық функциясын қалай түсіндіресіз?
- Дәстүрлі мәдениет деген не?
- Дәстүрлі мәдениеттің компоненттеріне не жатады?
- Үшінші лекция тақырыбы:Ауызша сакральды мәліметтерЖоспары:
- Мифологиялық түсініктер
- Тотемизм, фетишизм түсініктері
- Этникалық ерекшеліктердегі фольклордың орны
Лекция мәтіні:
Қазақстанның оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы (Жетісу) қалаларға жүргізілген зерттеу жұмыстарының археологиялық деректеріне қарағанда, қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-сенімдердің болғандығы байқалады. Мысалы, Сырдария бойындағы орта ғасыр қалаларын қазғанда қақпақ тұтқасы қошқармүйізіне, құс айдарына ұқсас жасалған қыш құмыралар табылды. Осы тектес қыш ыдыс қақпақтары Отырар, Құйрықтөбе калаларынан жиі кездеседі.
Жазба деректерге карағанда, Сырдария аймағында койға табыну салты өріс алғандығы аңғарылады. Мұндай бейнелер зооастралық фарнға байланысты туған. Фарн түрлі халықтарда соңғы кезге дейін береке-байлық, бақыт, денсаулық, қаскөй күштерден үй ішін қорғаушы және қолдаушы рөлін атқарып келгені мәлім. Ал оғыздар мен түрікмендерде қойға табыну кең тараған. Оғыздар өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушысы ретінде оған табынатын болған.
Тәңірге жалбарынудың белгісі ретінде қабір үстіне қойтастар орнатқан. Сондай-ақ діни нанымдардан шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын тотемге табыну белгілерін де кезіктіруге болады.
Ортағасырлык қалаларда отқа табыну әдеті де кең таралды. Мысалы, Құйрықтөбе және Отырар қалаларын қазған кезде ХІ-ХІІ ғасырлардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілгені байқалған. Ғалымдар бұл көріністі отқа табынудың белгісі деп тұжырым жасайды. Отқа табыну түрік тілдес халықтарда кең тарағанын біз ерте орта ғасырлардан білеміз. Қырғыз халқында отқа табынуды "қасиетті Ұмай анамен" байланыстыру бар. Ал қазақ халкында отқа касиетті дүние ретінде табынады. Оған байланысты "отқа түкірмеу", "от жанған жерді баспау", "отты аттамау", "түнде от жарқылдатпау" сиякты әр түрлі ырымдар бар. Жас келін түскенде отқа май тамызу рәсімі жасалған. Мұның бәрі сол бұрыннан калыптасып келе жатқан әдет-ғұрыптар.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ертедегі діни наным дәстүрлері Жетісу аймағында кең тараған. Бүл жерде исламның таралуына қарамастан, зороастризм, несториандык түсініктегі христиан діні, буддизм сияқты діндердің салт-дәстүрлері де сақталған. Мысалы, Ақтөбе қала жұртын қазғанда шарап ашытатын орыннан табылған кірпіштерде христиандық крестің таңбасы салынған.
Тотемдік сенімдер тас ғасырындағы құралдарды пайдалану кезеңінде-ақ қалыптасқан. Тотемдік мифтер төңірегінде ертегі, өлең, эпостық жырлар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер пайда болған. Археологиялық қазбалар кезінде тастан жасалған құралдардың өзендер мен көлдердің жағасындағы от жағылған жер ошақтардың айналасынан табылған /1. С. Жолдасбайұлы/. Оның өзі от төңірегінде отырып ертеңгі болар аңшылықтың сәтті аяқталуы үшін оның иелеріне сыйынып, аңдардың қимылдарына салып би билеген. Сондықтан аңға шығар алдында тотем иелері өздерін танып қойса жамандық жібереді деген қорқыныштан, беттерін басқа аңдардың келбетіне келтіріп тас қыналарымен бояған. Мұндай көрініс сақтар мен ғұндар және массагеттерде де болған. Сол кезден қалған мұраның бірі балбал тастар түркі дәуірінен белгілі. Оған сыйыну ата-баба аруақтарына сыйыну түсінігінде болды. Әдетте, тас тотем ретінде танылған. Мәселен, Орталық Австралияда да бұл сенімнің сақталғандығын мынадай рәсіммен білдіреді. Нәресте өмірге келісімен жаны осында деп ағаштан немесе тастан бейнесін жасап, жәшікке салып үйлерінде сақтаған, бір үйде қанша аадм болса сонша жәшік болған. Мұның адам жерленген зираттан ешқандай да айырмашылығы жоқ. Себебі, жас балаларға зиратқа қарап қолыңды шошайтпа, зират маңына ойнама секілді тыйымдар «Онда бабаң отыр», - деген сияқты теңеумен бір жағынан үлкенді сыйлауға да тәрбиеледі. «Әруақтар үйіндегі» адамдар өздерін силамай, саусақ шошайтып көрсеткенін сезсе, онда жамандық жібереді деп сақтанған.
Тас дәуірінде-ақ өздері мекен еткен үңгірлердің аузын таспен жауып бекітіп, өмірлерін сақтаған. Онда магиялық күш бар деп сенген. Содан болса керек, жас нәрестенің киіміне, бойына тіл-көзден сақтау үшін жеті қара тасты тұмар ретінде іліп қоятынымыз.
Қиындыққа төзімді адамдарды жаны тастан жаралған екен дейміз.
Тотемдік түсінікте аққу киелі құс деп саналған. Дегенмен де аққу шамандық діннің ықпалынан бақсылар пайдаланған. Мысалы, Сібірдегі түркі тектес халықтардың шамандары, қказақтардың бақсылары тәрізді зікір салып, қобызбен ойнау кезінде, бастарына аққудың терісін киіп, көрермендерін қимылсыз сиқырлап тастаймыз деген. Сол арқылы өздерінің неден болса қорықпайтындықтарын, сол арқылы бақсылықты «әулиелік» деп түсіндірген. Моңғолия қазақтарының арасындағы бақсылардың аққу терісінен кеудеше киіп, ойын көрсететіні, бір жағынан аққу киімді бақсыны «диуана» деп атаған. Сондай-ақ аққу терісінен үшкір төбелі тымағы бар адамдарға бала емдедетін де болған /94/.
Атақты қобызшылар да қобызының басына аққудың терісін қаптап, болмаса қобыз ойнау кезінде үстіне жамылып отыру сырлары осыдан болса керек, бақсы сарыны айтылып, қобыз ойналған кезде, қобыз үні науқастың жанына жиналған қара күш иелерін жан-жаққа қуалап тастайды деген түсініктерді қалыптастырған. Жалпы, ұлттық ұғымда аққу терісінен киім киюге болмайды. Десек те, Ш. Уәлихановтың қарындасының аққудың терісінен тігілген ішігінің бүгінде Мемлекеттік музейде сақталғандығы бізге мәлім. Оның себебі, уәлихановтар әулетіне қастандық жасаушылардың көп болғандығымен, сондай-ақ жалғыз қарындасына аққу тонын кидіру арқылы жамандық жасау сияқты қара ниеттен туындаған.
Қазақтар арасында бүркіт киелі тотемдік қызмет атқарған. Қазақтар бүркітті «қасиетті құс», «көк тәңірісі», «қанаттылар ханы» деп құрметтеген.
Көк бөріге қатысты тотемдік сенім киелілік мәнге ие болған. Сондықтан қасқырдың жүнінде кие бар деп сеніп, жаңа туған нәрестені емізбес бұрын, қайнатылған таза суға қасқырдың жүнін салып ауыздандырған. Бұл тотемдік сенімге сиқырлау магиясының араласып келуі қасқырдың жүнін жас нәрестенің аузына тигізу арқылы бөрідей айбатты, жауына алдырмас күшті, әрі айлакер болсын деп ырымдаған. Екінші жағынан қасқырдың жүнін жадылау магиясында да қолданған. Ол бойынша қасқырдың жүнін қыздар мен жігіттердің қалтасына салса, болмаса бір біріне жақындатса, онда бір-біріне деген сезімі оянады деп сенген. Балалар сүзекпен ауырмас үшін қасқырдың баласын ұстап әкеліп үстінен аттаттырған. Терісін тіл-көзден сақтау үшін үйдің төріне іліп қоятын болған, укейде оның терісінен ішік те тіккен. Ал тісін балалардың мойнына іліп, сұқ көзден сақтайды деп сендірген.
XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда, фольклор түрінде дамыды.
Фольклорға ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, эпостық жырлар жатады. Фольклорлық шығармалардың тақырыптары алуан түрлі болып келеді.
Ауыз әдебиеті сонау түрік дәуірінен бастау алған. Мәселен, түріктер кезіндегі "өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болған жақсы" деген мәтелді қазақтар "ортақ өгізден, оңаша бұзау артық" дейді.
Фольклордың ертедегі үлгілері түрлі мифологиялық сюжеттерден тұрады. Мәселен, Ғарыш пен Жердің ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. Мысалы, "Күннің баяны", "Темірқазық пен Жетіқарақшы" жұлдыздары, т. б. туралы аңыздар. Алғашқы адамдар мен жануарлардың, таулар мен өзен, көлдердің қалай жаралғандығы туралы аңыздар да бар.
Ауыз әдебиетіндегі кең тараған жанрлардың бірі - ертегілер. "Құламерген", "Жоямерген", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ертөстік", "Керқұла атты Кендебай" сияқты батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің әлі күнге дейін тәрбиелік мәні өте зор.
Ауыз әдебиетінің ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі - эпостық жырлар. VI-VIII ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністермен толықтырылып, XIV-XV ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. Мәселен, қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін "Қобыланды батыр" жыры. Кеңейтіліп, жаңару барысында бұл жырда Алтын Орда дәуіріндегі Алшағыр, Қазан, Қараман, Айбақ сияқты тарихи адамдардың есімдері де орын алды. Ал Алтын Орда ыдыраған кезде «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай», «Ер Қосай» сияқты тарихи батырлар жырлары пайда болған. Жырлардағы елін, жерін жаудан қорғаған батырлар бейнесі халықтың ерекше құрмет тұтатын тұлғаларына айналған.
XIII-XV ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері де дами бастайды. Оның өкілдері: аттары бізге аңыз болып жеткен Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. Олардың өмірбаяндары белгісіз болғанымен ауызша сақталып, бізге жеткен шығармалары, халықтың бірлігі мен тірлігі туралы айтқандары бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәні жағынан өте құнды еңбектер болып табылады. Бұлар тек жыраулық өнермен ғана шектелмеген. Олар ел арасындағы жер, жесір дауы сияқты даулы мәселелерге әділ төрелік айта білген шешен, білгір адамдар болған. Сол себептен де олардың аты аңызға айналып, ұрпақтан ұрпақка жеткен. Мәселен, Кетбұғаның Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаты немесе Қотан ақынның баласы Ақжол би қаза болғандағы жоқтау өлеңі-мағынасы мен сюжеті, көркемдік шеберлігі жағынан қайталанбас туындылар.
XIV-XV ғасырлар аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастаған. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Мәселен, "Кодекс куманикус", "Оғызнама" сондай туындыларға жатады. Бұл ғасырларда өзбек ақыны Хорезмидің "Мухаббатнамасы", қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың "Хұсрау мен Шырын", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха" сияқты әдеби шығармалары белгілі болған.
Бақылау сұрақтары:
- Сакральды мәліметтер дегеніміз не?
- Тотемизм түсінігін түсіндіріңіз
- Анимизм мағынасы және оның мәні
- Аталған діни наным сенімдердің бүгінгі өмірлік тәжірибиеде қолданылуы
Төртінші лекция тақырыбы : Ауызша этикалық мәлімет
Жоспары:
- Батырлар эпосы
- Лирикалық эпостар
- Жыраулар поэзиясы
Лекция мәтіні:
Ауыз әдебиетінің ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі - эпостық жырлар. VI-VIII ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністермен толықтырылып, XIV-XV ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. Мәселен, қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін "Қобыланды батыр" жыры. Кеңейтіліп, жаңару барысында бұл жырда Алтын Орда дәуіріндегі Алшағыр, Қазан, Қараман, Айбақ сияқты тарихи адамдардың есімдері де орын алды. Ал Алтын Орда ыдыраған кезде «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай», «Ер Қосай» сияқты тарихи батырлар жырлары пайда болған. Жырлардағы елін, жерін жаудан қорғаған батырлар бейнесі халықтың ерекше құрмет тұтатын тұлғаларына айналған.
Халқымыздың ауыз әдебиеті оның рухани дүниесінің аса бір мол саласы. Халықтың ой санасының дамуын оның ауыз әдебиетінен байқауға болады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда дүние жүзінде қазақ халқындай ауыз әдебиеті дамыған бірде бір ел жоқ екен. Оның аңыз-әңгімелері, батырлық жырлары, ғашықтық жырлары, мақал-мәтелдері, жұмбақтары т. б. халықтың жан дүниесін білдіретін бірден бір рухани байлығы болған. Қазақ халқы өздерінің ауыз әдебиетінде келешекке деген ой арманын дүниеге деген көзқарасын, оз басына деген жақсылық сезімін тілегін халқымыз өздерінің өмірдегі қуанышын да, ренішін де өлең жырларында білдірген. Мәселен дүниеге сәби келсе де, қыз ұзатып, не келін түсіріп, той жасаса, жар-жар, беташар, сыңсу, қоштасу, айтыс сияқты өлеңдер айтса, ал адам қайтыс болса жоқтау айтылған. Сонымен қатар, төрт түлік мал туралы да, жарапазан, шариғат туралы, бақсы балгерлік те қиссалар айтылатын. Мұндай өлеңдерде халық қуаныштарын да, реніштерін де, жан дүниесіндегі сезімдерін сыртқа шығаратын. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі басты бір саласы тіл және жазудың дамуы. Қазақ тілі Қазақстан жерін мекен еткен, тегі жағынан бір-біріне жақын қаңлы, үйсін, қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын т. б. тайпалардың тілдері негізінде қалыптасқан. Бұл кездегі тайпалардың ауызекі сөйлеу тілімен қатар әдеби жазба тілі де болған. Қазақтың тілі қоғамдық өмірге байланысты туған жаңа сөздердің есебінен байи түсті. XV ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды. Тіл ғылымын зерттеушілердің айтуына қарағанда, "Едіге", "Ер Сайын" жырлары қазақ халқының арасына алшындар арқылы, "Ер Көкше", "Базар батыр" поэмалары керейлер тілінде тараса, "Талас ескерткіштері" дулат-үйсін тілінде, ал "Наһжи әл Фара-дис" кердері тілінде, "Кодекс куманикус" қыпшақ тілінде жазылып, тарапты. Осылардың ішінде басты рөл атқарғаны "көне қыпшақ тілі" (көне қазақ тілі) болды. ХV-ХVІІ ғасырларда -Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде көне қыпшақ тілі ресми әдеби тіл ретінде қолданылды.
XIII-XV ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері де дами бастайды. Оның өкілдері: аттары бізге аңыз болып жеткен Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. Олардың өмірбаяндары белгісіз болғанымен ауызша сақталып, бізге жеткен шығармалары, халықтың бірлігі мен тірлігі туралы айтқандары бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәні жағынан өте құнды еңбектер болып табылады. Бұлар тек жыраулық өнермен ғана шектелмеген. Олар ел арасындағы жер, жесір дауы сияқты даулы мәселелерге әділ төрелік айта білген шешен, білгір адамдар болған. Сол себептен де олардың аты аңызға айналып, ұрпақтан ұрпақка жеткен. Мәселен, Кетбұғаның Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаты немесе Қотан ақынның баласы Ақжол би қаза болғандағы жоқтау өлеңі-мағынасы мен сюжеті, көркемдік шеберлігі жағынан қайталанбас туындылар.
Бақылау сұрақтары:
- Этикалық мәліметтер дегеніміз не?
- Эпостық және лиро эпостық жырлардың қазақ фольклорындағы орны
- Этикалық мәліметтердің қазақ этнографиясындағы орнын түсіндіріңіз
Бесінші лекция тақырыбы: Далалық ауызша тарихнама
Жоспары:
- Тарихи әндер
- Тарихи күйлер
- Генеалогиялық аңыздар
ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады. Жазба әдебиет мұрасы - "Жами ат-тауарих" (шежірелер жинағы) атты кітаптың авторы Қадырғали Жалаири еді. Бұл кітап - ХVІ-ХVІІ ғасырлардың тарихи шежіресі, әдебиет пен тіл ескерткіші, әрі Ораз Мұхаммедтің даңқын жырлаған туынды. Кітап араб әліпбиімен жазылған.
"Тарих-и Рашиди". Мухаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкентте туып, 1551 жылы Кашмир қаласында қаза болған. Ғалымның шыққан тегі дулат тайпасы. Бұл тайпа Шағатай ханның кезінде оның қол астында болған. Хайдар Дулатидің бабалары ханға жақсы қызмет істегендері үшін Маңғылай Сүбе деген осы күнгі Қашқар жерін сыйға берген (икта) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz