Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

. 1. Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны
1. 2. Менеджерге қойылатын талаптар
1. 3. Менеджменттің негізгі мектептері
1. 1 . Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны
Бұған дейін біз бизнесті тек “өзінің қара басына пайда табушылар», ал маркетингті - «жеке өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар өткізу жүйесі» деп есептеп келдік.
Бұрын «менеджмент» және «менеджер» ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайы қызмет түріне жататындығын бейнелейді.
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, бөлігі.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше - жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалы ретінде үкіметті, алуан турлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді».
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар топтарының алуан түріне түрліше қолданылғанымен оның түп негізі, мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:
1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.
Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясына менеджментпен қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді. Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылғандардың алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.

Менеджмент (ағылшынша мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. [1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “ басқару ” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау , ұйымдастыру , үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 -1915) . Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған. [2] [3]

Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне - менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А. Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау:

Мазмұны[жасыру]1 Жоспарлау2 Ұйымдастыру3 Мотивациялау4 Бақылау5 Менеджмент құрылымы6 Менеджменттің жалпы сапасы7 Педагогикалық менеджмент8 Mаман-аудиторлар9 Пайдаланылған әдебиеттер:

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Жоспарлау
  • 2 Ұйымдастыру
  • 3 Мотивациялау
  • 4 Бақылау
  • 5 Менеджмент құрылымы
  • 6 Менеджменттің жалпы сапасы
  • 7 Педагогикалық менеджмент
  • 8 Mаман-аудиторлар
  • 9 Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу] Жоспарлау

Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар - жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты - басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

  • нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
  • өнімдік стратегия;
  • өндірістік стратегия;
  • фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
  • қаржылық (экономикалық) стратегия.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Менеджмент, менеджмент проблемалары
Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны
«Альмурат - К» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Менеджменттің қағидалары
Жергілікті өзін-өзі басқару жайлы
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz