Несие ақшалар және олардың экономикалық маңызы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I НЕСИЕ АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ .
1. 1 Несие ақшалардың пайда болуы және оның ақша формасы ретінде маңызы мен мәні
1. 2 Несие ақшалардың түрлері және олардың сипаттамасы
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ
2. 1 Вексельдің несие ақшасы ретінде қолданысы мен айналысы
2. 2 Қазақстан Республикасында несие ақшалардың дамуы және олардың ақша айналысындағы үлес салмағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
КІРІСПЕ
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр - бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады. Несиелiк ақшалар - тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк жасау. Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Несие ақшалар және олардың сипаттамасы» деп алдым. Өз кезегінде несиелік ақшалардың негізгі түрлеріне вексель, чектер және банкноталар жатады. Бұл несиелік ақшалардың дамуы еліміз үшін маңызды болып отыр және олар осы жұмысты орындаудың өзектілін көрсетеді.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады. Ал осындай ақша айналысындағы тепе-теңдікті сақтау үшін несиелік ақшалардың маңызы ерекше болып табылады.
I НЕСИЕ АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1 Несие ақшалардың пайда болуы және оның ақша формасы ретінде маңызы мен мәні
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.
Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қоғлысының сатып алу-сатудан дербес сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қазір мәмілесін сатып алу-ату бір түрі деп ойлауға болмайды.
Құнның қозғалысы бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашыылқта қарыз көбіне ақшалай түрінде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінің естен шығаруға болмайды.
Несие ақшаның маңызы айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру . Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.
Ақша өзiнiң дамуы барысында екi түрге бөлiнедi: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар / 1 /.
Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетiн ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады. Металл ақшалар әр түрлi формада болады. Монета түрiндегi формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы - “аверс”, артқы жағы - “реверс” және жаны “грунт” деп аталады.
“Монета” сөзiнiң шығуын римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуден берiлген ақшалай қаражаттардың көмегiмен Римнiң эпир ханы пиррмен соғыста жеңiске жеткендiгi туралы аңыз бар.
Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б Ертедегi Қытайда және ертедегi Лидия мемлекетiнде пайда болды. Бастапқы кезде айналысты алтын монеталармен қатар күмiс монеталар да қоса жүрдi. /2, 7-8 б. /
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:
- алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетiн ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгiлерi - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгiлерi, ол екiге бөлiнедi: қағаз ақшалар жәненесиелiк ақшалар.
Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон - Вудс валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ -тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.
Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М. М. Сперанский (1771-1839 ж. ж. ) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi - ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.
Қағаз - несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т. б. пайда болды.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте - бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.
Монета - ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi. Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм - жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Монометализм - жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т. б. ) қолданылатын ақша жүйесi. /3, 108 б. /
Осылай, б. э. дейiн III - II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж. ж. аралығында - күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.
Ақша айналысының номиалистiк теориясы . Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың металдық құрамын белгiледi.
Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:
- Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен тауарлардың айырбас құны анықталады;
- Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;
Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам Смиттiң айтуынша, ақша - бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:
- Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
- Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне қағаз ақшалар жатады.
Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi. “Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк шарттылық”
Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория денег”, 1905 ж. ) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi төменгiдей құрылған:
- Ақша - құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
- Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
- Ақшаның негiзгi қызметi - төлем құралы.
1929 - 1933 жж. Кономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай дами түстi. Сөйтiп, Дж. М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.
1. 2 Несие ақшалардың түрлері және олардың сипаттамасы
Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы - вексель болып табылады. А. А. Фелдманның айтуынша: «вексель - мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д. М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель - бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды) .
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
- Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
- Екіншіден, оныңдаусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
- Үшіншіден, , яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Вексель - белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.
Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы вексель айналысы туралы” (28. 04. 97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:
Жай вексель (соло) - вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель. /7/
Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота . Банкнота ( ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) - орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.
Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:
- мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме болса, ал банкнота - мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
- кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.
Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай банкноталар.
Классикалық банкнота - бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.
Жай банкнота - бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz