ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНДА Ә. ЕРМЕКОВТЫҢ РОЛІ



1 Қазақтың тұңғыш профессоры Ә. Ермековтың математика ғылымына қосқан үлесі
2 Қазақ республикасының территориялық шекарасын белгілеуде Әлиағаның жасаған еңбегі
Биылғы жыл барлық математиктер үшін мәртебелі белес болып отыр. Мұны 2009 жылы 15 қыркүйекте ҚР Ғылым және Білім министрлігі бекіткен №432 бұйрығы бойынша «Қазақстан математика пәнінен 51-ші Халықаралық олимпиаданы қабылдайды» онкүндігін өткізуді жариялауымен байланыстырамыз.
Бұл талаптарды орындау мақсатында Үштөбе орта мектебінде «Қазақ математиктер жолы – бізге үлгі» атты математикалық онкүндігі ұйымдастырылып өткізілді. Осындай игі істер ұйымдастырылып және шаралар жүргізіліп жатқанда Ә. Ермековтың есімін атап, ұлы ғалым жайлы сөз қозғамау үлкен қателік болар еді. Өйткені, қазақтың тұңғыш профессоры Ә. Ермековтың математика ғылымына қосқан үлесін барша қазақ жұрты аса бағалап, мақтан етеді.
Әлімхан Әбеу ұлы Ермеков 1891 жылы осы күнгі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай совхозы Бөріктас деген жерде дүниеге келген.
Ә.Ермеков 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түскен. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр екенін байқатқан. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. 1912 жылы Әлімхан Семей гимназиясын алтын медальмен бітіріп шығады. Сол жылы Томск технология институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады.
Өзінің студенттік кезеңі туралы Әлімхан Әбеуұлы былай деп еске алған еді: «Сол жылдары Томскіде орыстың озық ойлы тамаша адамдары тұратын еді. Мен солармен таныса бастадым. Орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқан Уалихановтың досы Григорий Николаевич Потанинмен, сол арқылы орыстың жазушысы В.Я. Шишковпен, В.М.Бахметьевпен, революционер марксист-философ Дволейский, революционер Бауэрмен танысып, олардың жасырын үйірмелеріне қатыса бастадым. Бірде Григорий Николаевич Потанинді, қарындасы биолог ғалым және суретші Клара Уткинаны туған ауылым Қызыларайға ертіп келдім. Потанин ауылға келісімен Аяпберген деген ертекші, әнгімеші қартпен достасып алып, күндіз-түні соның жанынан шықпай қойды».
1. Мысалы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Қазақстан мұғалімі. – 20 қаңтар, 2004. – Б.2-
2. Қ.Мәкенбаев, Қ.Сәдуақасов. Әлімхан Ермеков. – Ж., 1992. – 44 б.
3. М.А.Ермеков, Ю.Г.Попов. Алимхан Ермеков – страницы жизни. К., 2000.
4. Қ.С.Өскембаев. Ә.Ә.Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі (1891-1970 ж.ж.). –Қ., 2003.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНДА Ә. ЕРМЕКОВТЫҢ РОЛІ

Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы,
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы...
Ақтамберді жырау, 1700 ж.

Биылғы жыл барлық математиктер үшін мәртебелі белес болып отыр. Мұны
2009 жылы 15 қыркүйекте ҚР Ғылым және Білім министрлігі бекіткен №432
бұйрығы бойынша Қазақстан математика пәнінен 51-ші Халықаралық олимпиаданы
қабылдайды онкүндігін өткізуді жариялауымен байланыстырамыз.
Бұл талаптарды орындау мақсатында Үштөбе орта мектебінде Қазақ
математиктер жолы – бізге үлгі атты математикалық онкүндігі
ұйымдастырылып өткізілді. Осындай игі істер ұйымдастырылып және шаралар
жүргізіліп жатқанда Ә. Ермековтың есімін атап, ұлы ғалым жайлы сөз қозғамау
үлкен қателік болар еді. Өйткені, қазақтың тұңғыш профессоры Ә. Ермековтың
математика ғылымына қосқан үлесін барша қазақ жұрты аса бағалап, мақтан
етеді.
Әлімхан Әбеу ұлы Ермеков 1891 жылы осы күнгі Жезқазған облысы, Ақтоғай
ауданы, Қызыларай совхозы Бөріктас деген жерде дүниеге келген.
Ә.Ермеков 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түскен.
Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр екенін байқатқан. Мектепті үздік
бітірген Әлімханды әкесі 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп
түсіреді. 1912 жылы Әлімхан Семей гимназиясын алтын медальмен бітіріп
шығады. Сол жылы Томск технология институтының тау-кен факультетіне
конкурссыз қабылданады.
Өзінің студенттік кезеңі туралы Әлімхан Әбеуұлы былай деп еске алған
еді: Сол жылдары Томскіде орыстың озық ойлы тамаша адамдары тұратын еді.
Мен солармен таныса бастадым. Орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқан
Уалихановтың досы Григорий Николаевич Потанинмен, сол арқылы орыстың
жазушысы В.Я. Шишковпен, В.М.Бахметьевпен, революционер марксист-философ
Дволейский, революционер Бауэрмен танысып, олардың жасырын үйірмелеріне
қатыса бастадым. Бірде Григорий Николаевич Потанинді, қарындасы биолог
ғалым және суретші Клара Уткинаны туған ауылым Қызыларайға ертіп келдім.
Потанин ауылға келісімен Аяпберген деген ертекші, әнгімеші қартпен достасып
алып, күндіз-түні соның жанынан шықпай қойды.
Өз халқын жан-тәнімен шексіз сүйіп, бостандық дабылын естісімен, қалайда
қазақ халқын езгіден құтқарып, теңдік әперуін мақсат етеді.
Терең білімді, алғыр ойлы, таза жанды жас Әлімхан 1920 жылы мамыр айында
Семей губревкомының атынан Кирвоенревком орталығы Орынборға жіберіледі.
Кирвоенревкомның 1920 жылы 18 майдағы қаулысы бойынша Әлімхан Ермековке
№2043 мандат беріп, Қазақ өлкесінің жағдайы мен оның шекарасын белгілеу
жөнінде - баяндама жасау үшін Мәскеуге арнайы жіберіледі.
Баяндамамның соныңда қазақтарға иеленіп келген жерлері өздеріне
қайтарылып және жергілікті қазақ пен отырықшылданған орыс тұрғындары
орнығып біткенше Россиядан қоныс аударуды тоқтатқан жөн деген ұсыныс
жасаған. Осы мәжілістен кейін бір жеті өткен соң В.И.Ленин Қазақ АССР-ін
құру жөніндегі декретке қол қояды.
Бұл 29 жасар талантты Ермеков Әлімханның үлкен жеңісі, әрі көп ұлтты
Қазақстан алдында сіңірген аса зор тарихи еңбегінің жемісі еді. Қазақ
республикасының территориялық шекарасын белгілеуде Әлиағаның жасаған еңбегі
тарих алдындағы, қазақ халқының алдындағы перзенттік парызы абыроймен
ақтағанының айғағы.
1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға екі басқышты мектеп ашады.
Қарқаралы – Ұлытау – Баян өлкесінің жастарын өнер-білім алуына ұйтқы
болады. Осы оқу орнына Сібірден жер аударылған Петроград – Мәскеу
қалаларының білікті ғалымдарын шақырады. Бірінші қабаты қызыл кірпіш,
екіншісін ағаштан өргізіп жаңа оқу орнын іске қосады. Соңынан Қарқаралы
педагогикалық училищесі осы мекенжайда ашылды. Осы жылдары Әлиаға Қызыларай
өңірінде бастауыш мектеп ашып үлкен еңбек сіңіріп, жастардың білім алуына
жағдай жасайды. Бұл оқу орнын бітірген көптеген жастар осы өңірде,
республика көлемінде халық арасында өнер білім таратып, жауапты қызметтерде
болды, олардың қазір көзі тірілері де бар.
Ермеков Әлімханды Ташкентте 1926 жылы тұңғыш ашылған оқу орны – Қазақ
педагогикалық институтына арнайы шақырылып, 1927-1928 жылдары сонда
математика пәнінен сабақ береді. Институт ректоры Т.Жүргеновпен Әлиаға өте
жақын арласады.
1930 жылы Қазақ Мемлекеттік зоотехникалық – малдәрігерлік институты
болып қайта құрылғанда Әлімхан Ермеков жаңа институтта профессор міндетін
атқарып, кафедра басқарады. Осы кезде жоғары оқу орындары үшін Ұлы
математика курсы атты іргелі еңбегін жазады.
Осыдан кейін Әлиаға қоныс аударып Қарағанды қаласында тұрақтады.
Қарағанды тау-кен институтына мұғалімдікке орналасты.
Ә. Ермеков өзінің табиғи қабілетін, алған білімін, туған халқының
игілігіне арнаған ірі тұлғалардың бірі. Ол өмірінің соңына дейін осы
мақсаттан ешқашан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия ғалымдарының математикаға қосқан үлесі
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Томдағы инженерлік сабағында, Жетеді біл жылдан соң тамамына
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Алаш партиясы программасының жобасы
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ МАТЕМАТИГІ Ә. Ә. ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Пәндер