Қазақ тілі сабағында көрнекі және техиикалық құралдарды пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілі сабағында көрнекі және техиикалық

құралдарды пайдалану

Дидактикалық принциптердің бірі - оқыту жүйкесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте қазақтілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді керсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникадық құралдарды (магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофилъм фрагменттері, радио, телевизия. кодоскоп, эпидиаскоп) пайдалану арқылы оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.

Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді.

Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдадану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарыңда қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.

Қазақ тілі сабағында жиі қолданатын көрнекілік - кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.

Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай; лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан - салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып бөлінеді.

Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының. сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмуны жағынан әр түрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілдек енген сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер) мен жаңа сөздер (неологизмдер), жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар.

Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және шығармашылық жұмыстарды кажет етеді. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:

Ұяңдыбыстар:

Ұяң

дыбыстар

Ұяңмен келген сөздер: Ұяңмен келген сөздер
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
Ұяңдыбыстар:

Б

в

д

3

ж

г

ғ

һ

Ұяңмен келген сөздер:

байлық

вагон

дала

зейін

Жаппар

Гүлсім

Ғұмар

Аһ, уһ

Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер:

Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.

Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.

Дала гүлге бөленді.

Айша сабақты зейін қойып тындады.

Жаппар ағасының сөзін тыңдады.

Гүлсім оқуға жүріп кетті.

Ғұмардың жолдасы Павел болатын.

Аһ, - деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық зандылықтарын, ерекшеліктерін (қатаң мен сонор дауыссыз дыбыстарға қарағанда) салыстырып байқайды.

Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында пайдаланынады дедік. Мысалы, сын есім. зат есім, сан есім. есімдік, етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас -сөйлемнің жасалу жолдарын менгеруге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.

Морфологияны оқытуға байланысты кесте.

Қосымша көптік

сөз тудырушы тәуелділік

Жұрнақ Жалғау

Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші

Ім ар

біл гіш айт қан

гір қыз

тық тау

бас қызық

шы ырақ

Мұндай құрылымдық схема-кесте арқылы оқушыларға қазақ тілінен негізгі синтаксйстік қурылымдарды таныту арқылы пунктуациялық білім негіздерін жан-жақты імеңгертуге болады.

Мұндай схемадармен түрлі практикалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде оқушылар қазақ тіліндегі тыныс белгілері қойылмайтын сөйлем құрылындары мен сөйлемдердің синтаксистік негізгі және қосымша желілерін, тьгныс белгілерін тудырушы түрлі синтаксистік байланыс түрлері мен тәсілдерін, сөйлем мүшелерін саналы менгеретін болады.

Қазақ тілі сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфограммаларды дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы, жалғау-жұрнақ жалғанғандағы өзгерістерді графикалық схема арқылы көрсетуге болады. Оқушыларға таныс тілдік материалдарды схема арқылы илюстрация жасап отыру да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестерінен жіберген қателерін түзетуге болады.

Кейбір грамматикалық тақырыптарды оқытуға байланысты динамикалық көріністі қолдану да пайдалы. Мысалы, сөз тудыру, синтаксистік синонимдер тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Ол мөлдір, жылтыр плеңкаға жазылады да, кодоскоп арқылы жылжытылып көрсетіледі. Мысалы, бас бас-шы, бас-тық, бас-қар-ма, бас-шы-лық. Сөзді осындай түбір арқылы өрбітіп жасалатын жылжымалы динамика арқылы көрсету мұғалімдерге үлкен жеңіддік жасайды.

Үлестірме карточка да көрнекіліктін бір түріне жатады. Бұл жеке оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкадарды «Лексика», «Сөз құрамы» тақырыпттарын оқытуға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикаяық мағынасын түсіндіру тиімді.

Берілетін материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды орфографиялық және пунктуациялық дағды беруге, тіл дамытуға байланысты, құрмалас сөйлем синтаксисін қайталау мақсатында қолдану керек.

Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады, Бұл көбіне оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат қойғызу, суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.

Қазақ тілі сабақтарынада кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа (тұтас қамтитындай) . немесе бір сыныптың тақырыбын тугел қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат есімнен жан-жақты мәлімет беруге байланысты кесте-альбом жасауға болады. Ал лото көрнекіліп оқушылардың орфографиялық және грамматикалық білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытуда жазба көрнекіліктерді пайдалану
Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
Сабақ процесінде сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану
Сынып сағатын ұйымдастыру
Музыкалық сауат
Көрнекі құралдар
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz