Әлемнің кереметтері жайлы



Кіріспе
I.тарау. Әлемнің ұлы кереметтеріне жалпы теориялық сиипаттама
1.1. Әлемнің ұлы кереметтерінің орналасқан жерлері
1.2. Әлемнің ұлы кереметтерінің салынуы жайлы тарихи деректер
II.тарау. Әлемнің ұлы кереметтерінің адам қызықтырар ерекшеліктері
2.1. Әлемнің жеті кереметтері жайлы таңғаларлық фактілер
2.2. Әлемнің жеті кереметтерінің беймәлім құпиялары мен құлау тарихы
Қорытынды
Әлемнің кереметтері жайлы көп естиміз,бірақ олар жайлы қаншалықты білеміз? Жеті санына ертеден символдық мән берілген, бірақ неліктен көп кереметтердің ішінен жеті керемет қана таңдап алынған? Бұлар туралы алғаш рет біздің эрамыздың 5-ғасырында грек тарихшысы Геродот еске алып, Хеопс пирамидасы мен Семирамиданың аспалы бақтары енгізілген керемет ғимараттардың тізімін жасаған. Одан кейінгі тізімді б.э.д. 225 жылы математик Филон Византийский жасаған және бір тізімді грек жазушысы Антипатер Сидонский б.э.д. 130 жылы жасаған. Бұл тізімге кейіннен жасалынған Александрия маягының орнына Вавилон қамалы енген.
Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен көрген адамдардың естеліктері ғана қалған.
Кереметтерді жасау не үшін қажет? Ерте замандарда ұлы адамдар өздерінің шексіз биліктерін және мықты ықпалын көзге көрінерліктей дәлелдеу мақсатында айбынды ғимараттар мен мүсіндер жасатты. Бұл кереметтерді жасаушы шеберлердің өнеріне таңғалмау мүмкін емес еді, олар жергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімдерін тудырды. Бұл кереметтердің көпшілігі діни наным сенімдерден туындады, барлық жеті керемет те саяхатшыларды өте қызықтырды.
Әлемнің жеті кереметінің картасы
Грекияның тарихшылары әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады. Оларға мыналар жатады: Гизадағы Хеопстың ұлы пирамидасы, Олимпиядағы Зевстің статуясы, Галикарнастағы мавзолей (мазар), Вавилондағы Семирамиданың аспалы бақтары, Колосс Родосскийдің алып мүсіні, Александрия маягы және Эфестегі Артемида ғибадатханасы.
Қазіргі заман кереметтері
Адамзат өнертапқыштығы ерте замандығы құрылыс идеяларын дамытып, өркендетіп, толықтырып отыр. Біздің қазіргі заманымызда бұрынғы әлемнің жеті кереметін ойлап тапқан шеберлердің қиялдай да алмаған жаңа материалдарын, жаңа технологияларды пайдаланып, тамаша құрылыcтар салуда. Соның бірі – 1997 жылы көркем сурет галереясы болып ашылған Бильбаодағы (Испания) Гугенхайм мұражайы. 21-ғасырда көптеген әдемі де тамаша ғимараттар салынып, кереметтер тізімінен өз орындарын табады. Кереметтердің шегі болмақ емес!

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I-тарау. Әлемнің ұлы кереметтеріне жалпы теориялық сиипаттама

1.1. Әлемнің ұлы кереметтерінің орналасқан жерлері

1.2. Әлемнің ұлы кереметтерінің салынуы жайлы тарихи деректер

II-тарау. Әлемнің ұлы кереметтерінің адам қызықтырар ерекшеліктері

2.1. Әлемнің жеті кереметтері жайлы таңғаларлық фактілер

2.2. Әлемнің жеті кереметтерінің беймәлім құпиялары мен құлау тарихы

Қорытынды

Курстық жұмыс барысында қолданылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыс барысында қолданылған сайттар тізімі

Кіріспе

Әлемнің кереметтері жайлы көп естиміз,бірақ олар жайлы қаншалықты
білеміз? Жеті санына ертеден символдық мән берілген, бірақ неліктен көп
кереметтердің ішінен жеті керемет қана таңдап алынған? Бұлар туралы алғаш
рет біздің эрамыздың 5-ғасырында грек тарихшысы Геродот еске алып, Хеопс
пирамидасы мен Семирамиданың аспалы бақтары енгізілген керемет
ғимараттардың тізімін жасаған. Одан кейінгі тізімді б.э.д. 225 жылы
математик Филон Византийский жасаған және бір тізімді грек жазушысы
Антипатер Сидонский б.э.д. 130 жылы жасаған. Бұл тізімге кейіннен
жасалынған Александрия маягының орнына Вавилон қамалы енген.

Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені
Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен
көрген адамдардың естеліктері ғана қалған.

Кереметтерді жасау не үшін қажет? Ерте замандарда ұлы адамдар
өздерінің шексіз биліктерін және мықты ықпалын көзге көрінерліктей дәлелдеу
мақсатында айбынды ғимараттар мен мүсіндер жасатты. Бұл кереметтерді
жасаушы шеберлердің өнеріне таңғалмау мүмкін емес еді, олар жергілікті
тұрғындардың мақтаныш сезімдерін тудырды. Бұл кереметтердің көпшілігі діни
наным сенімдерден туындады, барлық жеті керемет те саяхатшыларды өте
қызықтырды.

Әлемнің жеті кереметінің картасы

Грекияның тарихшылары әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский
билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады. Оларға мыналар
жатады: Гизадағы Хеопстың ұлы пирамидасы, Олимпиядағы Зевстің статуясы,
Галикарнастағы мавзолей (мазар), Вавилондағы Семирамиданың аспалы бақтары,
Колосс Родосскийдің алып мүсіні, Александрия маягы және Эфестегі Артемида
ғибадатханасы.

Қазіргі заман кереметтері

Адамзат өнертапқыштығы ерте замандығы құрылыс идеяларын дамытып,
өркендетіп, толықтырып отыр. Біздің қазіргі заманымызда бұрынғы әлемнің
жеті кереметін ойлап тапқан шеберлердің қиялдай да алмаған жаңа
материалдарын, жаңа технологияларды пайдаланып, тамаша құрылыcтар салуда.
Соның бірі – 1997 жылы көркем сурет галереясы болып ашылған Бильбаодағы
(Испания) Гугенхайм мұражайы. 21-ғасырда көптеген әдемі де тамаша
ғимараттар салынып, кереметтер тізімінен өз орындарын табады. Кереметтердің
шегі болмақ емес!

I-бөлім. Әлемнің ұлы кереметтеріне жалпы теориялық сиипаттама

1.1. Әлемнің ұлы кереметтерінің орналасқан жерлері

Гизадағы Хеопс пирамидасы

Гизадағы Хеопс пирамидасы - ерте замандағы шеберлердің қолдарынан
шығып, бізге дейін жеткен жалғыз жәдігер. Төрт мың жыл бойы адамдарды
таңғалдырып келген әлемдегі биіктігі 147 метрге жететін ең биік ғимарат.
Сонымен қатар бұл барлық халықтар кезеңіндегі дәл құрастырылған ең ірі
тастан жасалған құрылыс еді. Пирамиданы Ніл өзенінің батыс жағалауына 4-
ші династияның екінші басқарушысы перғауын Хуфу салғызды. Хуфу Мысырды
шамамен біздің эрамызға дейінгі 2551-2528 жылдар аралығында басқарып,
пирамиданы өзінің моласы есебінде салғызған. Оның негізі ретінде Дашурдағы
әкесінің пирамидасының үлгісін алды, бірақ бұл ол пирамидадан әлдеқайда
үлкен болып шықты. Оған дейін де, одан кейін де бірнеше пирамидалар
салынған, бірақ бірде-біреуі Хеопс пирамидасы сияқты өзінің кереметтігімен
төрт мың жыл бойы адамзат санасын жаулап ала алмады.

Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының
орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі
Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр.
Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші
қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын
балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орынтағының арқасы мен аяғы
піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда
Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салынған екен. Балдақтың
төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген Никалар
бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін құрғап
кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы салыныпты. Мүсінді
көру үшін Грекияның түкпір-түкпірінен халық таңның атысы, күннің батысы
ағылып келіп жататын болған. Сол заман жазушыларының айтуына қарағанда,
Зевс мүсінін көрген жан жарасынан жазылып, дертіне шипа табады деген сенім
болған.
Зевс мүсіні ІV ғасыр шамасында Константинопольдағы орталық ипподромға
көшіріліп, үлкен бір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамал бар.

Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні –
Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары
Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қо-лымен теңіз
түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті
кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре
берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға
созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы
қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола
мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің ке- реметтігі
соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін
өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл өмір сүрген мүсін б.з.д. 220 жылы аралда
болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын
жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпеске сатып
жібереді.

Галикарнас кесенесі

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша
Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден
әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады.
Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен
гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады,
биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас,
Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр
алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен
алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша,
ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей
теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) салуға
пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа
дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Стамбулдың археологиялық
мұражайында сақтаулы.

Вавилонның аспалы бағы

Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды
таңқалдырып келді, бірақ оның өмірде болғаны жөнінде ешқандай дәлел жоқ.
Вавилонның (қазіргі Ирак) ежелгі тарихында бақ жөнінде мәліметтер жоқ,
археологтар ескі қаланың орнын қазған, бірақ қазірге дейін ешқандай із-тозы
жоқ.
Дәстүрге
байланысты бақ патша ІІ Навуходоносордың бұйрығымен салынған. Тарихи
деректерге қарағанда Навуходоносор б.э.д. 562-605 жылдар аралығында
патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын
шығарған. Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Аметис патшайымының
құрметіне салғызған.

Қала б.э.д. 539 жылы парсылар жаулап алғаннан кейін, қаңырап бос
қалған, бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған. Дегенмен
осындай бақтардың қалдықтары өте алыс емес жерден табылып, археологтар
мүмкін осылай болған болу керек деген болжаммен суретін салған.

Александрия маягы

Александрия маягы керемет көрініс болды. Ол түнде жарық шашып,
кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауынан сақтандырып тұратын
әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық
пайдасы да болды. Ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар
бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700
жыл бойы тұрған ол осы кезге дейінгі салынған маяктардың ең биігі болып
табылады. Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.э.д.332
жылы қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын. Оның
жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп
дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін
маяк тұрғызу қажеттілігі туған. Б.э.д.229 ж Александрдың мұрагері Птоломей
Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл жиырма
жыл мерзімге созылады. Ақырында Александрияны арабтар басып алып қала
құлдырап төмендеп кетті. Кеме тоқтайтын жерді батпақ басты - Фаростың енді
қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап
біртіндеп теңізге құлаған.

Артемида ғибадатханасы

Әйгілі әлемнің жеті кереметінің қатарына енген Артемида ғибадатханасы
Эфестегі бірінші ғибадатхана емес, бірақ басқаларынан әдемі. Қазіргі
Түркияның батыс жағалауындағы сол кезде Кіші Азия деп аталатын жердегі
ежелгі қала Эфес сол аймақтағы ең бір бай қаланың бірі болатын. Шындығында
ұлы ғибадатхана салынған уақытта Эфест 200 мын халқы бар құдайға құлышылық
ететін маңызды орталық болатын.

Қаладағы бірінші ғибадатхана б.э.д. 850 жылы Артемиданың алдында өткен
құнарлылық құдайы Кибелаға арнап салынды. Ол бірнеше рет қайта салынаған.
Ең әдемі ғидатханаларының бірі Лидий патшасы Крездің қаражатына салынды.
Бірақ б.э.д. 356 жылы Геростат атты ақыл есі кем адам ғибдатхананы түп
орынмен өртеп жіберген. Ол б.э.д. 4ғ. әлемнің жеті кереметінің қатарына
енгізілген, кейіннен оның орнына басқа ғибадатхана салынды. Шежірелерге
сүйенсек бұрын талай ғибадатханаларды көріп жүрген адамдар Артемида
ғибадатханасын көрген кезде, оның әдемілігі соншалық мүлде басқа күй
кешетіндіктері жөнінде айтылады. Кейіннен Рим шабуылынан ғибадатхана
қираған.

1.2. Әлемнің ұлы кереметтерінің салынуы жайлы тарихи деректер

Пирамиданың жоспар сұлбасы

Гизадағы пирамидалардың батысқа қарай салынған құс ұшар биіктіктен
көруге болады. Бұл алып құрылыстардың іргетасы (фундаменті) мықты болуы
үшін және құрылыс материалдарын өндіру мақсатында тегіс жер таңдап алынған.
Пирамидалар қаласы, храмдар және үйлер қатарларының өсуі бірнеше ұрпақтар
өміріне жетті.

Пирамиданың сыртқы пішіні ежелден сәулетшілерге рух беріп отырды. Бір
таңғаларлық жайт бұл адамдардың мәдени ортасына, бір-бірімен ешқашан қатысы
жоқтығына қарамайтын, мысалы, Солтүстік Африка және Орталық Америка
тұрғындарына ортақ құбылыс болды. Бес мың жылға созылған кезең ішінде
пирамидалар әр түрлі мақсатта: мазардан бастап діни жора өтетін орын
ретінде пайдаланылады. Олар көбінесе әр түрлі өркениет өкілдері салған ең
биік ғимараттар болды, олардың зор көлемдері адамдарды таңғалдырды.
Қарапайым да ұлы келбеті ғасырдың сәулетшілерін де таңдандырып келеді.
Қазіргі кезде кез келген офистен бастап қонақжай құрылыстарынан пирамидалар
стилін көруге болады.

Олимптегі Зевс мүсіні

Б.э.д. 433 ж мүсінші Фидий грегтердің ежелгі жоғарғы құдайы Зевстің
таңғаларлық мүсіні аяқтады. Олимптегі арнайы салынған шіркеудің ішіне
орнатылған бұл мүсін орасан зор. Оның биікігі қазіргі төрт қабатты үйден де
биік. Биіктігі 13 м болды. Мүсін құрылысына көп мөлшерде бағалы
материалдар: бір тонна піл сүйегі және одан да көп мөлшерде алтын жұмсалды.

Мүсіннің мөлшері және әрбір бөлшектерінің өте ұқыпты жасалуы
келушілерді таңқалдырды, ол мүсіннен гөрі қымбат бұйымды еске түсірді.
Фидий Зевсті тақта отырған кейіпте бейнеледі және оның бойына адамгершілік
қасиеттерді енгізу көптеген келушілерді нағыз тірі құдайды көргендей
сезімде қалдырды. Мүсін шіркеуде бірнеше ғасырлар бойы сақталды, бірақ Рим
империясының тұсында ұмытылып, күтімсіз қалды. Айтушылардың сөзіне
қарағанда мүсіннің кейбір фрагменттері б.э.д. 394 жылы Түркияның
Константинополь (қазіргі Стамбул) қаласына әкетіліп, кейіннен өрт кезінде
құрып кеткен.

Алыптың жасалуы

Родос аралының аты мүсіндерімен шыққан, Рим жазушысы Плинийдің
айтуынша, оның астанасында 3 мыңдай мүсіндер болған. Олардың кейбіреулері
тастан, кейбірі Алып сияқты қоладан құйылған. Қоладан құйылған ескерткіштер
барлық жерде жасалса да, мысалы, биіктігі 12 метр Парфенондағы (Афина)
Фидияның жұмысы Алып дүниеге келмес бұрын мұндай үлкен мүсін жасауға
ешкімнің батылы бармады.

Б.э.д. 2500 ж егер балқытылған мысқа қалайы қосса, қола алуға болады
деген жаңалық ашылды. Ол басқа қосындысыз алынған металдарға қарағанда
әлдеқайда қатты болды. Балқытылған қоланы қалыпқа құю жеңіл. Ежелгі гректер
мұндай қоспаларды қару-жарақ, сауыт-сайман және адамның бойымен бірдей
мүсіндер жасауға пайдаланған. Бірақ қоладан жасалатын алып мүсіндер бірнеше
бөлікке бөлініп жасалған. Дене бөлшектері қалыпқа жеке құйылып, соңынан
біріктірген, ал үлкен бөліктері темір қаңқадағы панельдерге бекітілген.

Үлкен жұмыс

Алыпты тұрғызушылар оның мәрмәр тұғырынан бастап, мүсінінің өзін
бөліп-бөліп жасаған. Дайын болған бөлшектері бір-бірімен біріктіріліп,
бекітіліген. Аяғының өзі басқа мүсіндердің бойларынан да биік болған. Ауыр
тас блоктар аяғының астыңғы негізгі тұғырын құраған, ал орасан зор темір
қаңқа айналасына салынып, оған жұқа темір тіліктері бекітілген. Бұл темір
тіліктерді орнатпастан бұрын, оны соғып, қажетті пішінге келтіріп алған.
Алыптың көлемі жұмысшылар оның бөлшектерін дайындап, жоғарыға көтеріп,
бекітулеріне байланысты өсе берді. Ең соңында жұмысшалар мүсіннің бетіндегі
қола күнге шағылысатындай деңгейге шейін жылтыратқан.

Галикарнастың жоба сұлбасы

Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала болатын.
Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне Марс шіркеуі және әйгілі көпшілік
ойын-сауықтар өткізетін амфитеатр,Мавсолдың отбасы және қызметшілері
тұратын сарай кірді. Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсолдың
маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің бойына базар
алаңының жанына салынды.

Вавилон қаласы орталығының жоспар сызбасы

Қала қорғанының алдыңғы жағындағы ор қосымша қорған ретінде болды.
Оған су резервуар арқылы жіберілетін болған. Вавилонның ең бай аудандарын
күзететін сарбаздар ордың арғы жағындағы көпірлердің үстерінде тұрған.

Тастарды дайындау

Вавилон тастан салынған қала ретінде белгілі болған. Алғашқы кірпіштер
күн көзіне қақталып, саз балшықтан б.э.д. 4000 ж жасалған. Жобамен осы
кезде Месопотамиядағы Ур қаласында кірпіштен жасалған алғашқы арка пайда
болған. Мұндай кірпіштермен құрылыс салу оңай болды, себебі олардың
көлемдері бірдей болатын. Қабырғаларды салған кезде оларды бір деңгейде
қабаттап қалауға болатын еді.

Александрия маягы

Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия
қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің
заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан
шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік
құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың
авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір
қабырғасына ол: Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты
теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым, - деп ойып жазған. Оның үстіне
саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді
келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты
белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап
тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі
қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа,
солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз
жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті
метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл
айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл
теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға
дейін сақталып келген.

Артемида ғибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д. VII-
VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы
сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған
болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы
ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда
Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі
356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн
ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі
бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған
түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта
тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа
құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу
болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған
бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр
тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат
салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана
ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті
орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа
барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген
гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем кереметтері
Айша бибі мазары
Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат
Домбыра құрылымы
Интернет жарнамасының түрлері
Сопылық ар-ілімі туралы ұлы тұлғалардың ой-пікірлері
Қазақ халқының мұсылмандық мәдени дәстүрі тарихында ақын хәкім Абайдың орны
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялық өзгерістер
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ЦИКЛДЕРІ
Ясауи шығармасы түріктердің рухани бастауы
Пәндер