Қазақстандағы грек диаспорасы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гректердің Қазақстанға келу тарихы
2. Қазақстандағы грек диаспорасының этнографиясы
3. Грек диаспорасының мемлекетпен өзара қарым . қатынасы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Гректердің Қазақстанға келу тарихы Сталин репрессиясы кезінде күштеп жер аударылуға тап болған басқа да көптеген халықтардың тарихы тәрізді қасіретті. Құбылмалы тағдырдан сенімді қорған табу үшін грек босқындары әр жылдарда Түркиядан Ресейге көшіп отырған. Олардың соңғы легі ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Түркиядан қашып келген. Үй жайын, дүние мүлкін, малы мен жерін, ата-бабалары мен туыс-туғандарының моласын тастап олар негізінен Ресейдің оңтүстік аймақтарына қоныстанды (Солтүстік Кавказ, Қырым, Грузия, Армения, Краснодар өлкесі т. б). Аяқтарынан тік тұрып, қайтадан қалпына келу үшін оларға небары 20 жылдан сәл астам ғана уақыт қажет болды. Әуелде әлдеқалай болар екен деп, күдіктене келген елді бұлар шынайы жақсы көріп кетті. Бірақ, қатты өкінішке орай, қайта дәуірлеген халықтың кеудесіндегі үміт оты кенеттен өрт сөндіргендей сеп болды. 1941 жылы қас қағым сәтте олардың оңала бастаған тірлігі тып-типыл болып, жылы қоныстарынан ондаған жылдар бойына жер аударылған қатаң сүргін басталды. Сөйтіп Ресейде бұлардың көрген күні Түркиядағыдан да бетер қараң болды. Жиналуға екі-үш сағат қана уақыт беріп, қайда баратынын, не себептен жер ауларылатынын айтпастан адамдарды жүк таситын вагондарға тиеп, белгісіз бағытқа жөнелтіп қоя берді. Олардың көбі Қазақстан, Орта Азия және Сібірге жер аударылды.
Осылайша гректер кейіннен олардың Отанына айналған Қазақстанның кең байтақ қиян даласына тап болды. Көптеген отбасыларға жер аудару сұмдық трагедия болды, олардың көбі әйелдер мен балалар, жасы жеткен қариялар болғандықтан жол бойында ауырып, ажал құшты. Егерде осы оқиғаға гректердің еркек кіндікті тұрғындарының бәрін жаппай абақтыға жапқан 1937 жылдың лаңын қоссаңыз, бұл халықтың ерлігі мен қайсарлығына қайран қаласыз.
1. http://kk.wikipedia.org
2. WWW.Google.ru
3. WWW. Ya.ru

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Гректердің Қазақстанға келу тарихы
Қазақстандағы грек диаспорасының этнографиясы
Грек диаспорасының мемлекетпен өзара қарым – қатынасы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер




















Қазақстандағы грек диаспорасы
Гректердің Қазақстанға келу тарихы Сталин репрессиясы кезінде күштеп жер
аударылуға тап болған басқа да көптеген халықтардың тарихы тәрізді
қасіретті. Құбылмалы тағдырдан сенімді қорған табу үшін грек босқындары
әр жылдарда Түркиядан Ресейге көшіп отырған. Олардың соңғы легі ХХ
ғасырдың алғашқы ширегінде Түркиядан қашып келген. Үй жайын, дүние
мүлкін, малы мен жерін, ата-бабалары мен туыс-туғандарының моласын тастап
олар негізінен Ресейдің оңтүстік аймақтарына қоныстанды (Солтүстік
Кавказ, Қырым, Грузия, Армения, Краснодар өлкесі т. б). Аяқтарынан тік
тұрып, қайтадан қалпына келу үшін оларға небары 20 жылдан сәл астам ғана
уақыт қажет болды. Әуелде әлдеқалай болар екен деп, күдіктене келген елді
бұлар шынайы жақсы көріп кетті. Бірақ, қатты өкінішке орай, қайта
дәуірлеген халықтың кеудесіндегі үміт оты кенеттен өрт сөндіргендей сеп
болды. 1941 жылы қас қағым сәтте олардың оңала бастаған тірлігі тып-типыл
болып, жылы қоныстарынан ондаған жылдар бойына жер аударылған қатаң
сүргін басталды. Сөйтіп Ресейде бұлардың көрген күні Түркиядағыдан да
бетер қараң болды. Жиналуға екі-үш сағат қана уақыт беріп, қайда
баратынын, не себептен жер ауларылатынын айтпастан адамдарды жүк таситын
вагондарға тиеп, белгісіз бағытқа жөнелтіп қоя берді. Олардың көбі
Қазақстан, Орта Азия және Сібірге жер аударылды.
Осылайша гректер кейіннен олардың Отанына айналған Қазақстанның кең
байтақ қиян даласына тап болды. Көптеген отбасыларға жер аудару сұмдық
трагедия болды, олардың көбі әйелдер мен балалар, жасы жеткен қариялар
болғандықтан жол бойында ауырып, ажал құшты. Егерде осы оқиғаға
гректердің еркек кіндікті тұрғындарының бәрін жаппай абақтыға жапқан 1937
жылдың лаңын қоссаңыз, бұл халықтың ерлігі мен қайсарлығына қайран
қаласыз.
Қақаған қыстың ішінде жер аударылған жаңа қоныстарына келген бетте
гректер мұндағы ауа райының өздері өмірі естіп білмеген, үйренбеген қатаң
жағдайына – қыстың аязы мен жаздың аңызағына көндіге жүріп, жаңа жұртты
жерсіне бастады.
Гректер мұнда қазақ тілін үйрену жөнінен көп қысылған жоқ, себебі аталары
Түркиядан жер ауып келген гректердің басым көпшілігі түрік тілін жақсы
білетін-ді. Осының өзі соғыстың сұрапыл жылдарында олардың
өмір-тірлігінің бір қалыпқа түсуіне жол ашып, жағдай жасағандай болды.
Мұндай жамандық, сұрапыл сұмдық енді қайталанбайтындай көрінді. Алайда
олардың маңдайына жазылған тағдырдың тәлкегі мұнымен ған біткен жоқ. Енді
қуғын-сүргіннің екінші кезеңі басталды. Жер ауып келген гректер қатаң
тіркеме, қара тізімге алынып, апта сайын комендатураға шақырылып тұрды,
онда оларға өздері қоныстанған зонадан 25 шақырым қашыққа шығуға тиым
салынғаны жөнінде ұдайы ескертіліп отырды. Бұл тәртіпті бұзған адам
Сібірге, жиырма жылдық қара жұмысқа айдалатын болды. Жастарды жоғары оқу
орындарына қабылдамады, мамандар өз кәсібі бойынша қажетті қызметке
орналаса алмады.
Міне, олардың осындай төтенше жағдайда тірлік етіп, аман қалуына тура
келді. Бірақ мұның бәрі гректердің рухын түсіре алмады. Басқа түскен
қаншама қиындықтарға қарамастан гректер тек тірі қалып қана қоймай, елдің
экономикалық қуатын арттыру жөніндегі республика қабылдаған жоспарларды
орындауға белсене атсалысты.
Сол сұрапыл жылдарда жергілікті тұрғындар гректерге қол ұшын беріп, көп
көмек жасады. Тап қазір Қазақстанда тұратын гректердің арасынан сол
кездерде қазақтардың қонақжайлығы мен қамқорлығын көрмеген бір де бір
грек табылмайтын шығар. Адамгершіл эллиндер бұл жақсылықты ешқашан
ұмытпайды.
Гректердің қолымен Қазақстанда темекінің, жүзім мен бұршақтың, тағы басқа
да ауылшаруашылығы дақылдарының таңдаулы сорттары өсірілді. Гректердің
қолымен республиканың ең жас, өркенді қалаларының бірі Кентау шаһары
тұрғызылды. Бұл әрине, гректердің қолымен жасаған игіліктердің бір ұшқыны
ғана. Өйткені республиканың халық шаруашылығында гректер атсалыспаған бір
де бір сала жоқ шығар. Ал гректердің гүлденіп, толық өркен жайған шағы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, өз алдына жеке мемлекет
болған кезі. Ондағы болған оң процестердің барлығы толығынан гректерге де
қатысты.
Ақыр соңында гректер Қазақстанның барлық халықтары тәрізді өздерінің
тілін үйреніп, дәстүрін біліп, мәдениетін дамытуға тұңғыш рет мүмкіндік
алды.
Кіші-гірім барлық қауымдастықтардың басын біріктіріп, жұмысын жандандыру
үшін 2003 жылы Гректердің Алматы облыстық Элефтерия Қоғамы тіркелді.
Бұл қоғамның төрағасы Георгий Константинович Иорданиди.
Гректердің тығыз орналасқан жерінде олардың ұлттық мәдени орталықтары
құрылды. Жыл сайын Грецияның тәуелсіздік күні, Рождество, көне стиль
бойынша белгіленген жаңа жыл мерекеленіп, оған қоса Панагия, Охи күні
сияқты діни мейрамдар да аталып өтеді.
Ұлттық мәдени орталықтардың қолдауымен грек тілін, тарихын және көне
Грекия мен қазіргі таңдағы Грецияның мәдениетін оқыту ұйымдастырылды.
Оның оқулықтарын Қазақстандағы Греция елшілігі ұсынды.
Афродита атты грек ансамблінің ұйымдастырылуы мен қалыптасуына үш
бірдей елдің гректері атсалысты, олар мысалы Кипрдан Стелиос Эргатидис,
Грециядан Георгия Драгудаки және Қазақстаннан Елена Якупиди. Содан біраз
уақыт өткеннен кейін Томаровский атындағы елді мекенде понти биінің
Македония атты ансамблі ұйымдастырылды. Нина Павловна Феодоридидің күш
салуымен грек жастары арасындағы әншілердің басын қосқан Эльпида
вокалдық тобы дүниеге келді.
2002 жылы Достық бағдарламасы бойынша Қазақстан ұлттық арнасынан
Томаровский атындағы совхозда тұратын ұлт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы туралы
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы
Күрділердің мәдени орталықтары
Қазақстандағы өзбек диаспорасы
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Lиаспора сөзінің хатқа түсу тарихы мен диаспора, этнос терминдерін қолдану аясы
ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Пәндер