«Қазақстан тарихы» бітіруші курс «тарих» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

Ќ. А. ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жолсеитова М. А.

Сандыбаева А. Д.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Түркістан-2008

Пікір жазған: т. ғ. д., профессор М. Абилтайн

«Қазақстан тарихы» бітіруші курс «тарих» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «11. 05. 2005 ж. » № 289 бұйрығымен бекітілген және пайдалануға рұхсат етілген типтік оқу бағдарламасы мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалып, ХҚТУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінің 15. 11. 2008ж. күнгі №2 хаттамасымен қаралып, бекітілген.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

Ерте замандаѓы Ќазаќстан. Ќазаќстанныњ ежелгі тарихы . . . . . . 5

Саќ және үйсін дәуіріндегі Түркістан . . . 9

Ерте орта ѓасырлардаѓы (VІ-Хѓѓ) жєне дамыѓан ортаѓасырлардаѓы мемлекеттер

(Х-ХІІІ ѓѓ) . . . 13

Ќазаќстан монѓол жаулаушылыѓы дєуірінде (ХІІІѓ. ) . . . 20

ХІV-ХV ѓ. ѓ. ортаѓасырлыќ мемлекеттер . . . 23

Ќазаќ халќыныњ ќ±ралуы . . . 26

ХV-ХVІѓѓ. Ќазаќ хандыѓы . . . 28

Қазақ хандығының 16-18 ғғ. саяси жағдайы. Тәуке хан билігі және жоңғар шапќыншылығы тұсындағы Ќазаќстан . . . 31

Жања замандаѓы Ќазаќстан (ХVІІІ-ХХѓ. ѓ. ) . . . 33

Ќазаќ халќыныњ ±лт-азаттыќ ќозѓалысыныњ бірінші кезењі (1731-1837ж. ж. ) . . .

Ќазаќ халќыныњ ±лт-азаттыќ ќозѓалысыныњ екінші (1837-1870жж. ) кезењі . . .

Ќазаќстанныњ Ресей империясына біржола баѓынуы . . .

Ќазаќстандаѓы ±лт-азаттыќ ќозѓалысыныњ ‰шінші кезењі

(ХІХѓ. соњѓы ширегі-ХХѓ. басы) . . .

1917 жылѓы Ќазаќстан . . .

Қазақстан кењестік тоталитарлыќ ж‰йеніњ ќалыптасу кезењінде (1920-1939ж. ж. ) . . .

Ќазаќстан 1941-1945жж. ¦лы Отан соѓысы дєуірінде . . .

1946-1960 жылдардаѓы Ќазаќстан . . .

Ќазаќстан 1960ж. ІІ жартысы-1991ж . . .

Тєуелсіз Ќазаќстан . . .

ЌР нарыќ жолында . . .

ЌР ќоѓамдыќ саяси даму жєне сыртќы саясаты . . .

Ерте замандағы Қазақстан. Қазақстанның ежелгі тарихы.

Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, оның кезеңдері

Адамзат тарихы археологиялық дәуірлеу бойынша маңызды үш дәуірге бөлінеді: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Адамның пайдаланған еңбек құралдарының материалы бойынша аталған. Оның ішінде ең ұзаққа созылған тас дәуірі. Ғылыми таным тас дәуірін өз ішінде үш кезеңге бөліп қарайды.

1. Палеолит (б. э. д. 2, 6 млн-12-10 мың. ж. )

2. Мезолит (б. э. д. 12 мың-5 мың. ж. )

  1. Неолит (б. э. д. 5 мың-3 мың. ж)

Палеолит ерте, орта және кейінгі болып бөлінеді. Ерте палеолит - б. э. д. 2, 6 млн - 140 мың. ж. қамтиды. Орта палеолит кезеңі (б. э. д. 140-40 мыңж. ) ғылымда мустье деп аталады. Мустье кезеңінде адам от пайдануды үйренді . Орта палеолиттің мустьер дәуірінде жаңа адамдар типі - неандертальдықтар қалыптасты. Кейінгі палеолит кезеңінде (б. э. д. 40-12 мыңж. ) өнер және рулық қауым пайда болды. Рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес жағынан топтасты.

Мезолит (орта тас дәуірі) - палеолит пен неолит арасындағы өтпелі дәуір б. э. д. 12 -5 мыңж. қамтиды. Кезеңнің ерекшеліктері - климат жылынып, мұз ери бастады, ірі жануарлар азайып, ұсаќ аң-ќұстар пайда болды , садаќ пен жебе жєне бумеранг, қайық, балық аулау құралдардың пайда болуы.

Жаңа тас дәуірі - неолит б. э. д. 5-3 мыңж. аралығы. Неолит дєуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына келген өндіруші шаруашылыќќа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Ќыш ќұмыра ісі (керамика), тоќымашылыќ дамыды.

2. Қазақстан террториясындағы палеолит кезеңіндегі археологиялық ескерткіштер

Бірінші кезең - палеолит (көне тас ғасыры) - ең ежелгі кезең. Көне тас ғасыры ежелгi, орта және соңғы палеолит болып бөлiнедi. Палеолит дәуiрiнiң еңбек құралдары Оңтүстiк өңiрде (Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының солтүстiк-шығысында), Талас ауданы орналасқан жерде Бөрiқазған және Тәңiрқазған деген тұрақтардан және Оңтүстiк Қазақстан облысының территориясында Қошқорған, Шоқтас, Қозыбай деген тұрақтардан табылған. Бұл жерлерден табылған көне тас дәуiрiнiң еңбек құралдары тастан жасалған екi қырлы және бiр қырлы тас шапқылар, ауыр тас сынықтары, iрi ура тастар-нуклеустар болып бөлiнедi. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстандағы экспедиция кезінде Ш. Уәлиханов атындағы палеолит дәуіріне жататын тұрақты Х. Алпысбаев ашты.

Ол кездің адамдары тастың ќасиеттерін жаќсы білген. Материал таңдау көбінесе ќұралдың ќолданылатын маќсатына байланысты болды. Ќұралдардың мынадай түрлері: шапќылар, ќырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышаќтар, тескіштер жєне т. б. бөлініп шыќќан. Ауыр салмаќты, тік бұрышты ұсаќ шаќпаќ тастар ең ежелгі еңбек ќұралдарына жатќызылды, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Ќаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, ќатып ќалған төменгі төрттік кезеңнің ќалың конгломераты арасынан табылған. Мустье кезеңінде адам от пайдануды үйренді . Ортаңғы палеолиттің мустьер дәуірінде жаңа адамдар типі - неандертальдықтар қалыптасты.

Соңғы палеолит б. э. д. 35-30 мыңжылдықтардан б. э. д. 12-10 мың жылдықтардың аралығын қамтиды. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңiнен тарай қоныстанған және тәсiлдер мен нәсiлдiк топтардың прогрестiк дамуы мен рулық қауымының қалыптасу үрдiсiмен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзiне тән алғашқы нышаны ретiнде рудың шығуымен тiкелей байланысты болды. Алғашқы қауым өнері - мамонт сүйегі мен тастардан мүсін жасау, сүйек бетіне, бетіне бедерлі ою-өрнек, үңгір қабырғаларына түрлі-түсті сурет салу ісі пайда болды. Осы кездерде рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланды.

3. Қазақстан териториясындағы мезолит

Дүние жүзіндегі тас дєуірінің классификациясы бойынша көне тас дєуірімен жаңа тас дєуірінің арасында өтпелі дєуір мезолит (мезо- орта, лит - тас) - орта тас дєуірі. Бұл кезең аз зерттелген, сондыќтан Ќазаќстан жерінен табылған есекрткіштер де сирек. Кезеңнің ерекшеліктері - климат жылынып, мұз ери бастады, ірі жануарлар азайып, ұсаќ аң-ќұстар пайда болды , садаќ пен жебе жєне бумеранг, қайық, балық аулау құралдардың пайда болуы.

Б. э. д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуiрi болып саналатын мезолит кезеңiндегi жетiстiк садақ пен жебенiң кең қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттiң ең жалпы ерекше белгiлерi деп санауға болады.

4. Қазақстан териториясындағы неолит

Жаңа тас дәуiрi деп аталатын неолит кезеңi шамамен б. э. д. Ү-III мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуiрдiң негiзгi жетiстiгi болып жер және мал шаруашылығын игеру (неолиттік төңкеріс) болды. Сондай-ақ неолит кезеңiнде басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуы атап айтқанда кен өндiру, қыш құмыра iсi, тоқыма iсi қоғамның дамуына өз ықпалын тигiзбей қоймады. Бұл кезеңнің басталуы б. з. д. V мыңжылдыќќа тура келеді. (б. з. д. VІІ - VІ мыңж басы) . Ол тас өңдеу техникасының єбден жетілген кезі. Ќыспа ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа технологиялыќ єдістері: тегістеу, бұрғылау, аралау.

Тас балталар, кетпендер, дєнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басќа да тастардан єшекейлер - білезіктер, алќалар жасалды.

Неолит дєуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнісдерін иемдену орнына - жиын - терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыќќа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылыќтың жаңа түрлері шығуының адамзат ќоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кєсібінің саласын кеңейтті, сонымен ќатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалыќ ќызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едєуір дєрежеде осы екі шаруашылыќтың даму, жетілу тарихы болып табылады.

Неолит дєуірінде алғашќы адамдардың ќолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басќа да мєдени - тұрмыстыќ жаңалыќтардың шығуына себепші болды. Ќазаќстанның ежелгі тұрғындарында кен кєсібінің бастамалары шыќты. Ќыш ќұмыра ісі, тоќымашылыќ дамыды.

Єлеуметтік жағынан алғанда неолит дєуірі рулыќ ќауым дєуірі, ұжымдыќ еңбек пен өндіріс ќұралдарына ќоғамдыќ меншіктің үстем болған кезеңі (ќұрал - жабдыќтарына ортаќ меншік) . Сонымен бірге мұның өзі ќоғамның ұйымдау түрлерінің неғұрлым жоғары дамығын уаќыты болды: тайпалар немесе тайпалыќ бірлестіктер ќұрылды. Тайпалар ќандас - туысќандыќ байланысына ќарай жєне шаруышылығының біртекті сипатына ќарай біріккен бірнеше рулыќ ќауымдарынан ќұрылды.

Ќазіргі уаќытта Ќазаќстан аумағында 600 - ден аса неолиттік жєне энеолиттік ескертткіш мєлім. Неолиттік тұраќтар сипатына ќарай - 1) бұлаќтыќ, 2) өзендік, 3) көлдік, 4) үңгірлік тұраќ деп төрт түрге бөлінеді.

Әдетте өзен жағасында, көл жиегіндегі тұраќтарда олжа бұйымдар саны едєуір мөлшерде кездеседі, бұл жєйттен адамның тұраќты немесе ұзаќ уаќыт тұрғаны көрсетеді. Мұндай тұраќтардағы негізгі ќұрал - саймандар - пышаќ тєрізді ќалаќтар жєне солардан жасалған заттар.

Неолитте Ежелгі Шығыста дєнді даќылдардың барлыќ түрлері, көкөністердің, жеміс - жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, ќазіргі үй малының барлыќ түрлері ќолға үйретілді деуге болады. Ал жылќы энеолитте Евразия далаларында ќолға үйретілді - бұл оќиғаны «неолиттік револлюцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяќталуы деп ќарастыруға болады. Біраќ далалыќ аймаќтың неолиттік ќоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер єлі де бола ќойған жоќ - мұнда бұрынғысынша тамаќ табудың негізгі көзі аң және балыќ аулау болды. Континенттік климат халыќ санының артуына ќолайлы болмай, табиғи ресурстар халыќ ќажеттерін ќанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек.

Атбасар мәдениеті Тұраќтар мейлінше шоғырланған жер - Аќмола облысы. Атбасар ауданы бойынша аталған. Оның таралған аумағы: далалыќ өңірдегі Есіл өзенінің аңғары. Уаќыты: б. з. д. VII мыңжылдыќтың соңы - VI мыңжылдыќтың басы. Арал өңірінің немесе шығыс Каспий маңы өңірінің тұрғындары аралаусы жағдайында жергілікті мезолит тайпаларының материалдыќ негізінде ќалыптасты, 200 - ге жуыќ тұраќ зерттеліп, оның 20 шаќтысы ќазылды. Ескерткіштері: Виноградовка - 2, Тельман - 1, - 10, Атбасар мәдениеті тұраќтарының бәрі Солтүстік Ќазаќстанның аса маңызды су жолдарының ертедегі араналарының жағаларына орналасќан. Тұрғын үйлері жеңіл, жер бетіндегі сипатта болған. Бұл кезде ірі ќырғыштар мен пышаќтар, шой балғалар, балғалар пайда болды. Шаќпаќ тастар табиғи шығарылатын жерлерде мамандандырылған шеберханалар болып, шикізат алғашќы өңдеуден өткізілген.

Керамика ыдыс көлемі 1 - 5 л шамасындағы жарты жұмыртќа түрінде болған, сырты тараќ тәрізді ќалыппен безендірілген. Біраќ керамиканың ќалдыќтары аз табылған.

Біздің ќаламызда сол кездің мәдениетімен байланысты бірде - бір жерлеу ескерткіш осы уаќытќа дейін жоќ. Біраќ кейбір тұраќтардың (Виноградовка - 14, Тельман - 10 және 14) шет жаќтарынан тереңдігі 1 метрге жуыќ және диаметрі 1, 5 метрге дейін жететін шұңќырлар табылды. Олардың түбінде кальцийге айналған ќосындылары бар көмір ќалдыќтарының ќалың ќабаты жатыр. Бұл өлгендерді өртеу ғұрпының осы шұңќырларда жасалған ќалдығы болуы да мүмкін.

Маханжар мәдениеті Бұл мәдениет ескерткіштерінің бізге белгілі көпшілігі жайылма сулардың кең участкелерінде орналасќан. (Торғай ойпатының түбінде: Маханжар, Тұздыкөл - 2, Дүзбай 1 - 4, -12, Амангелді, Тобылда - Алќау - 2) тұрағы мәлім.

Маханжар мәдениетінің ыдысы ерекше: керамикалыќ жұќа ыдыс ќолдан жсалған және ұзынша пропорцияда болған. Әдетте ќылта мойыны жіңішке, түбі конус тәрізді, кейде бұдырлы болып бітеді. ¤рнек ыдыстардың әлі кеуіп үлгірмеген сыртына тісті («тарашќа») ќалыппен салынған. Композицияны көлденең немесе тігінен салынған иректер, сызылған паралелльдер және басќа элементтер кейде бүкіл сыртќы бетін безендіріп тұрған.

¤ндіруші шаруашылыќ дәуіріндегі Ќазаќстан аумағы тұрғындарының демографиясы туралы мәселені ќарастыра келгенде, ауланған жануарлардың ќұрамына ќарағанда, ќамалап және ќуып аулау жеке аулаумен ойдағыдай ұштастырылған аңшылыќ шауруашылыќ сол кездегі ќоғамның біршама әл - ауќатты болғанын дәлелдейді.

Неолитте ежелгі Ќазаќстан жеріне шаруашылыќтың өндіруші түрлері әлі тарала ќойған жоќ. Табиғи орта өлке тұрғындарына ќиыншылыќтарды жеңіп шығып дамуына ќолайлы жағдай жасады. Ќазаќстан аумағы ќарама- ќарсы табиғи аймаќтарды ќамтымады және табиғи шептерге бөлінбеді, ал мұндай жағдайларда біртекті материалдыќ мәдениет ќалыптасады. Сондыќтан, Ќазаќстан неолиті үшін бөлінетін археологиялыќ мәдениеттердің түбегейлі айырмашылыќтар жоќ және олардың таралу аймағы өте кең. Әдетте тұраќтар адамдардың тіршілігін ќамтамасыз ететін жерлерге жаќын балыќ және ќұс аулайтын, жануарлар су ішуге келетін өзендердің жағаларына орналасќан. Сондай - аќ, неолит халќының тығыздығы ќұралдар дайындау үшін ќажетті тас ќорының жеткілікті болуына байланысты екені аңғарылған.

4. Энеолит. Археологиялыќ кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сєйкес, адам өміріне мыс ќұралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы алғанда шаќпаќ тас индустриясының ќұлдырап, тас ќұралдар жиынтығының кемуіне єкеп соќты. Археологиялыќ үлгілердің материалдыќ мәдениетке жататын жаңа жиынтыќтары: жалпаќ түпті, өрнегі бай керамика, ұсаќ ќылыќша, тұрғын үйлер айќын көрінеді.

Энеолит (латынша мыс жєне грекше тас) тас ғасыры мен ќола дәүірінің аралығындағы археологиялыќ өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек ќұралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Халыќтың басты кәсібі - егіншілік пен аңшылыќ, мал шаруашылығы болды. Ќоғамдыќ ќатынас - рулыќ ќұрылыс. Ќазаќстан жерінен табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұрлыќ, Сексеуілді -1, -2, ќоныстарының ќабаттарын Павлодарға жаќын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасќан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатќызуға болады.

Энеолит немесе мыс заманында (б. з. б. 3 - 2 м. ж. ) адамдар өмірге ќажет ќұралдарды алғаш рет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде ерекше көз тартарлыќ жасыл (малахит минералы) жєне көк (азурит) түсті бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары жер бетіне шыќќанда оттегімен тотығу нєтижесінде, ерекше тотыќты белдем пайда болды. Көк, жасыл түсті белгілері арќылы алғаш кен орындарын оңай тауып, олардан сом мыс кесектерін аршып алған. Ќазаќ даласындағы кенді Алтайдың, Ќордайдың (Жайсаң, Шатырќұл), Сарыарќаның (Жезќазған, Спасск) ірі мыс кен орындары адамдарға сол энеолит заманында - аќ белгілі болған.

Жалпы, кең тараған ќазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен мыс кен орындарына байланысты шыќќан.

Біраќ Ќазаќстандағы мысты тас дєуірінің ескерткіштері осы уаќытќа дейін жеткілікті зерттеле ќойған жоќ.

Энеолиттік дєуір мал шаруашылығының басым дамыған далалыќ өңірде де маңызды рөл атќарды. Ќазаќстан даласындағы энеолит мүлде басќаша көрінеді. Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды. Аңшылыќ ұжымдары бірге бір жерде ұзаќ уаќыт бойы шоғырланды.

5 Қола ғасыры ескерткіштерінің хронологиясы мен кезеңдері

Адамдардың металл қорыту iсiн меңгеруi қоғам дамуының алға басуына жол ашты. Қола дәуiрiнде (б. з. д. 2-1 мыңжылдық) адам қоғамының өндiргiш күштерiнiң дамуына мал шаруашылығы мен және егiншiлiкпен қатар әр түрлi рудаларды өндiру тас пен сүйектi ұсату аса маңызды рөл атқарды. Археологтардың қола дәуiрiнде мыс, алтын, қалайы, күмiс қорытылып одан әрi түрлi қару-жарақ, зергерлiк бұйымдар жасалды.

Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуiрiнiң мәдени ескерткiштерi Андронов мәдениетi деген атаумен аталды. Бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде Андронов мәдениетi’’- деп аталды. Андрон мәдениетінің басқа мәдениеттерден айыратын негізгі этникалық белгісі - жерлеу ғұрпы ( қол-аяғын бүгіп жерлеу)

Андронов тайпаларының қоныстанған негізгі аудандарының бірі - Орталық Қазақстан. Қола дәуiрiнiң ерте кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Феодоров кезеңi деп аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нұра кезеңi деп аталды, б. э. д. ХVIII-ХVI ғғ. қамтыды. Қола дәуiрiнiң орта кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Атасу кезеңi б. э. д. -ХV-ХII ғғ. қамтыды. Б. э. д. ХII-VІІІ ғасыр - Беғазы-Дандыбай кезеңінде Андронов мәдениетi тайпаларының экономикасында тұрмысымен мәдениетiнде өзгерiстер болды. Бұл өзгерiстер қоғамның жаңа шаруашылық негiзiне байланысты. Андроновтықтардың тілі - үндіиран. Антропологиялық тұрпаты - еуропеоидтік. Аналық үстемдіктен аталық үстемдікке өтті.

Қола дәуiрiнiң тайпалары кешендi түрде мал шаруашылығы (бақташылық) және жер шаруашылығымен (теселі егіншілік) айналысқандықтан негiзiнен өзен, көлдердiң жағаларында мекендеп, жер үйлерде тұрды. Қола дәуiрi тайпалары мал, жер шаруашылығы мен қатар тау-кен iсiмен де айналысып металл қорытты. Қола дәуiрi кезiнде Қазақстан дүние жүзiндегi ең алғашқы қола қорытушы ел болды. Өте көп көлемде металл қорытылды. Атап айтсақ Жезқазған өңiрiнен жалпы көлемi 100 мың тонна мыс өндiрiлген. Орталық Қазақстаннан 130 тонна қалайы өндiрiлiп, 15 мың тонна таза күмiс алынған. Бұлар тек қана зерттелгенi ғана.

Андронов мәдениетiнiң тағы бiр ерекше жетiстiгi құмыраларды кең көлемде пайдалануы қола дәуiрiнде құмыра жасау iсi бұрынғыдан да жетiлдiрiле түстi.

Андроновтықтардың археологиялық рәмізі - сырға мен алқалар болып табылады. От құдайы Агнияға ешкі малын құрбандыққа шалса, әлем күн құдайы Митраға - бұқа шалынды.

Андроновтықтар бiрнеше үлкен патриархтық туыс семьялары бiрлесiп, рулық қауым болып өмiр сүрдi. Бiрнеше туысқан қауымдар тайпаны құрады. Бұған мысал ретiнде б. э. д. I ғасырдағы Қазақстанның кең байтақ территориясындағы және Орта Азия жерлерiнде өмiр сүрген: арим, тур, дана сайрима, сайна, даха тайпаларын айтуға болады.

6. Саќ тайпалараның саяси тарихы, қоныстануы, қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы

Сақ тайпалары негiзiнен үш топтан тұрады: 1) Парадарайа-сақтар -теңiздiң арғы бетiндегi сақтар, 2) Хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), 3) Тиграхауда сақтар (шошақ бөрiк киетiн сақтар) деп аталды. Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Парадария сақтары Қара теңiздiң солтүстiгiнде, Амудария өзенiнiң бойында және Сырдарияның төменгi ағысы Арал теңiзi жағаларында шашыраңқы жағдайда өмiр сүрген. Тиграхауда сақтары Сырдарияның орта ағысында, Жетісу және Тянь-Шань аудандарын мекендеген. Хаомаварга сақтары Мурғаб өңiрiнде орналасты. Сақ тайпаларының басым көпшiлiгiнiң көшпелi тұрмысы ыдыстың жаңа түрлерiн туғызып жаңа материалдарды-металл, терi және ағашты қажет еттi. Көшпелi тұрмыс басым болған аудандарда керамикалық ыдыстар аз ұсталып керiсiнше терi, ағаш және металдан жасалған ыдыстар көп пайдаланды. Сақтар негiзiнен мал шаруашылығымен айналысты. Олар қой, түйе, жылқы өсiрдi, ал iрi қара аз өсiрiлдi.

Сақ қоғамы негізінен жауынгерлер, абыздар және қауым мүшелері болып бөлінді. Әр бір әлеуметтік тап өзіне ған тән түсті киім киді: жауынгерлар - қызыл, абыздар - ақ, қауым мүшелері - сары және көк. Сақ тайпаларының көсемдері жауынгер тобының өкілдері болады

Сақтардың ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтары - Шырық-Рабат, Сырдарияның оңтүстігі, Бәбіш-молда қалалары болғаны жайлы грек тарихшысы Страбон жазды.

Б. э. д. IV мыңжылдықтарда Орта Азия, Таяу, Орта Шығыста Ассирия, Индия мемлекеттерi орнады. Осы мемлекеттердiң солтүстiгiнде қазiргi қазақ территориясын сақтар б. э. д. VII-IV ғасырларда мекендедi. Сақ деген сөз -Парсыша «ержүрек» деген мағынаны бiлдiредi. Сақтарды грек авторларының шығармаларында скифтер деп атаған. Скиф деген сөз барлық көшпелiлерге ортақ ат. Ассирия, Индия мемлекетiнiң патшалары сақтарға қарсы үнемi шабуыл жасап, бiрде жеңiп, бiрде жеңiлiп отырған Ассирия, Индия мемлекеттерiн жаулап алған Александр Македонский Орта Азия сақтарымен кездеседi (330-327 ж. ж. ) . Б. з. б. IV ғ Александр Македонский сақтарды жеңіп, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) қаласын Сырдария жағасына салды. Сақтар Сырдария бойында Македонскийдiң шығысқа қарай шабуылын тойтарған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі
ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Білім беру саласындағы маркетинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz