Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
1 Жеткіншек кезеңінің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы
2Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық.физиологиялық және
психологиялық алғышарттары
3.Жеткіншек пен ересектің өзара қарым.қатынастары
4 Жеткіншек пен ересек арасындағы талас.тартыс, оның себептері.
5 Жеткіншек жасындағылардың жолдастарымен өзара қарым. қатынасы
6 Жеткіншектің жолдастарымен қарым.қатынасына қойылатын талаптар
7 Жеткіншек кезеңдегі “дағдарыс” мәселесіне теориялық көзқарастар
8 Ересектік сезім. жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы ретінде.
9 Ересектің дамуындағы және өмірлік құндылықтардың
қалыптасуындағы бағыттар
Жеткіншектік жастың қалыптасқандығын білдіретін сапалар
10 Жеткіншектің оқуға, мұғалімге және оқу пәндеріне деген көзқарасы

Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балардың орта мектептің V-VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V класқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын»кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын , өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің , үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің , мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынсақа арқау болатын моральдық-этикалық нормалармазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтікң белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады., бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекке «балалық пен ересектіктің»қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ерсектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты.

Жеткіншек кезеңінің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы
Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балардың орта мектептің V-VIII
кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа
дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V
класқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатынкезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды
осы жастарда болатын , өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты
даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан
ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік
дамудың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып
табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады,
организмнің сана-сезімінің , үлкендермен және жолдастарымен қарым-
қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің , мүдделердің,
танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-
қатынсақа арқау болатын моральдық-этикалық нормалармазмұнының қайта құрылуы
нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің
ауқымды әлеуметтікң белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді
игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық
қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін,
мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады., бұл
көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда
әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекке балалық пен
ересектіктіңқатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық
жастағы жеткіншектерде ерсектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі
елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының
өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар:
1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және
байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-
аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан
қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы. 2) Ересектендіретін
жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны,
көптген ата-аналардың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде
баллардың дербестікке ерте жетуі, жолодастарымен қарым-қатынастың жедел
дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар
жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі
көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII класта
бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар
ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар,
өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен қатар оқу
матералының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа
деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына
саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар
ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана,басқалары бұған онша мән бермейді,
кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемші болса, енді біреулері әбден
ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір
бағыттың көптеген варианттар болуы мүмкін.Мысалы қайсыбір интеллектуал үшін
өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қалғанының бәрін ол әлі нәресте
десеңде бір нағыз интеллектуал үйде электроника туралы мақалаларды оқып,
радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді, модадан қалып
қоймаумен төтенше шұғылданады, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз
туралы барлық мәселелер жөнінде әңгімелесуге болатын ересек
жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық көреді, үшінші бір
интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол
шешімінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға
келгенде, осы қыздардың пікірінше өзін бала сықылды ұстайды, галстуктарын
тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы варианттар
ересектіктің дамуы әрқилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік
игіліктер қалыптасады, біреу үшін маңыздының енді біреуге құны жоқ.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және
әлеуметтік негіздері қолданылады, және олардың қалыптасуының жалпы бағыты
білінеді Жасөспірімдік шақта олардың қалыстасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай
бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге
байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері
мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі
біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да,
даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан
өзгерістер екінің бірінде бір жағынан жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі
субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны тәрбиелеудегі
қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды,
онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады
(қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
2.2Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық алғышарттары
Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде
нақ осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан
туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу
процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық
және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерісренден басталады.
Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның
гормондары талшықтардың өсуіне жіне ішкі секрецияның өте мааңызды
бездерінің қызметіне қолайлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі
жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз
балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене
күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған
қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11 , ер балалар 12-13 жатса жыныстық
жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шыңберінің өсуі –
жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу
деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен
салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересек адамға
тән пропорцияға жақындайды.Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі
нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа
жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін
омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене
түзілісінің неғұрлым көбірек бұзулуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы
шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-
21 жаста жамбас сүйекткрінің бекуі аяқталады ( қыз балалардың жыныс
органдары осы сүйектердің аралығында болады) . Өте биіктен секірген кезде
бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде
жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері
болуы мүмкін.
Бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында
болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда
әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән
немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы
жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері
ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін
оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлщық
еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі
болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру
қажет. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы
үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7
жастан 13-14 дейінгі шақ – көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын,
қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең.
Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс
талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі.
Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық
бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы мен қысымының артуы, бастың
ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта
организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері
жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде
қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат
алмасудың анализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері
функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ , бір
жағынан, энергияның күрт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге
деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене
күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық
толғаныстар ( қорқыныш, ыза, реніш ) эндокриндік қолайсыздықтар ( етеккір
циклінің уақытша тоқтауы, гипертироздың дамуы ) және жүйке жүйелерінің
функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Жеткіншек шақта эндокриндік
және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік
бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта
құрылу жеткіншекттің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп,
оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының,
қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтығының,
енжарлануының негізі болады.
2.3.Жеткіншек пен ересектің өзара қарым-қатынастары
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен
қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды.Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын
талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы
алғанда “кішкентай бала секілді” қамқорлық жасап, бағып-қаққанға,
бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен,
көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді.
Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге,
дербестікке деген құқысын айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады.
Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған ( баланың ересектермен
қатынасындағы тең құқысыздық жағдайын бейнелейтін ) типі жеткіншек үшін
енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес
келмейтін болады. Жеткіншек ересектердің құқыларын шектейді де, өз
құқыларын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін
құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын
тең құқықты талап етеді. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі
формалары – ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа,
ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің
ересектік сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің
пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы
құқыларының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай,
нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа
тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа
типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің жаңа тәсілдерін
қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп
ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де,
жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа
нормалары – жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының
маңызды мазмұны.
Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын
ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа
типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның
жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ . Алайда бірқатар мәнді жағдайлар
бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл
жағдайлар мыналар:
Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы болған,
ол әлі де сол қалпында қала бермек.
Оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы
мұғалімдермен қатар тәрбиешілер рөлін атқарады.
Ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті
(қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын) .
Жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің
сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.
Осының барлығы ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға титісті
баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің құқылары мен дербестігін
ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай
көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан
ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы
келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді
және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір
бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде
арттырумен, міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай
жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі
міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ
осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-
қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.
Жеткіншек пен ересек арасындағы талас-тартыс, оның себептері.
Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп
қараса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей
көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің
әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан,
жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқыларды
талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің
қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың қайнар көзі болып
табылады.
Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпесе, онда
жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы болып
табылады. Ересектің қарсылығын жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың
алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы
тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады, ересек
адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған
сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-
қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-
тартыс форма сын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары
арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, “балалық” қарым-қатынастарды бұзады
да, болашағы бар жаңа “ересектік” қатынастарды таңады.Талас-тартыс- ересек
адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-
тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен
эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек
адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам
түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік пайда болады.
Талас-тартыс- ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке адамның дамуымен
санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті
жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығының салдары. Жеткіншектердің
ересектермен қатынастарындағы дербестігі мен тең құқылығы мәселесі- олардың
қарым-қатынасындағы және жалпы алғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең күрделі
әрі шұғыл мәселе.
Егер ересек пен жеткіншектің арасындағы қарым-қатынас ересектер қарым-
қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән
өзара сыйластық , сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен
жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтары болмауы мүмкін.
Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет.
Ересек пен жеткіншектің арасындағы қатынастардағы сәттіліктің олардың
арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі:
• Жеткіншектік кезеңнің басталуында баланың ересектермен және
жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы
күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалынған.
• Мұның бірінші себебі, баланың осы екі жүйеде принципті тұрғыдан
жағдайының әр түрлі болуы.
• Жолдастарымен, құрдастарымен қатынаста ол принципті теңдік жағдайында
болады.
Жеткіншек жасындағылардың жолдастарымен өзара қарым- қатынасы
Құрдас балалардың принципті теңдікте болатын жағдайы нәтижесінде қарым-
қатынастардың бұл саласы жеткіншек үшін ерекше тартымды болады: бұл жағдай
жеткіншекте шыға бастаған өзін ересекпін деп сезінудің этикалық мазмұнына
сай келеді. Жеткіншектік шақтың бастапқы кезінде болатын дамудағы өзіндік
ілгері басушылықтар нәтижесінде жеткіншектерде жаңа қажетсінулер,
ұмтылыстар, күйініш-сүйініштер, ересектермен және жолдастарымен қарым-
қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас болады.
Жеткіншектің жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастарымен қарым-
қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым-қатынасынан гөрі күрделірек,
сан-салалы әрі мазмұндырақ.. Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі
жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін
жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос деп нақпа-нақ саралайды. Олармен қарым-
қатынас оқу әрекеті мен мектеп шеңберінен барған сайын шыға береді, жаңа
мүдделерді, кәсіптерді, қарым-қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес
және өте маңызды саласы болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі
оқиғалар мен істер, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер,
жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен қуаныштар молынан кездеседі,
осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды, ал осында іс-
әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін
жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие
болады, маңыздылығы соншалықты ата- ана, туыстарымен қарым-қатынастардың
тартымдылығын едәуір азайтып, оқулардың өзін екінші қатарға қояды.
Әдетте мұны бірінші болып шешесі сезеді, ұлының ( не қызының ) өзінен
алшақтап, қайсыбір өзгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай, үйден
жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін
құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар сферасы
болып сараланып, мұнда ол дербес іс-әрекет етеді.
Жеткаіншекте, бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас, бірлесіп іс-
әрекет жасауға ұмтылу, ұжымда өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос
тауып алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының
арасында қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан
кем түспейді.
Мұның өзі аса маңызды қажеттілікке айналады. Сыныптастарымен қарым-
қатынастарындағы қолайсыздықтар, жақын жолдасының, досының болмауы немесе
достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке басының
драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай - ұжымның,
жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен қарым-қатынас жасағысы келмеуі
болады, ол ең ауыр жаза өзіне ашықтан-ашық немесе жасырын байкот жасауы
болмақ. Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр жағдай.
Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден
жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде
бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары
болатын жағдайлары көп кездеседі.
Жеткіншектің жолдастарының назарын өзіне аударуға, олардың ынтасын
туғызып, жақсы көрінуге ұмтылуы түрліше болып келеді. Мәселен, бұлардың өз
қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да
болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс-
әрекеттер, өтірік-шыны аралас әр түрлі жайларды айту болуы мүмкін.
Кішкене жеткіншек – жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл.
Балаларға өмір мен іс-әрекеттің ұжымдық әдістері ұнайды, олар қоғамдық
жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-
қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, инициатива, белсенділік, дербестік
білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар әншейін қарап
тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.
Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасына қойылатын талаптар
Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары көбінесе
ересектермен қарым-қатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен
ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны
мен даму логикасы болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымдағы алатын орны
негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғамдық белсенділігіне, яғни баланың
ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса,
жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: досы мен жолдастарының қасиеттері,
зеректігі мен білімділігі ( тек оқу үлгерімі ғана емес ) батылдығы өзін-өзі
ұстай білуі неғұрлым маңызды бола бастайды. Әр түрлі сыныптарда (
жеткіншектер топтарында да ) бұл жақсы жақтардың құндылық дәрежесінің
түрлі баспалдығы бар, бірақ олардың біреуі жолдастық қасиеттер-әрқашан
бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай,
олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін ең алдымен жақсы жолдасы болуы
керек.
Осыған байланысты жеткіншектік кезеңнің басында бұрын танымал болған
балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы
беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, сынып
активінің неғұрлым сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі
кездеседі. Сыныптары үшін беделді актив – ұжым құрудағы және сыныптағы
лидер жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың мәнді себептерінің бірі.
Мұның тағы бір себептерінің бірі – мұғалімде басқарудың авторитарлық деп
аталатын стилінің сақталуы және активте де сыныптастарымен қарым-
қатынастың осындай әдістерінің тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны әсте
қабылдамайды, - өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым-
қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан қарайды- адамшылдық қадір-
қасиет құрметтеуді талап етеді.
Бұл талап жеткіншектің жолдастық кодексінің өзегі болып табылады, оның
нормалары әр түрлі негіздерінен: ересектерден, жасы үлкенірек балалардан,
кітаптар мен кинофильмдерден ( олар бұл нормаларды көрсетіп, түсіндіруде
маңызды рөл атқарады ) ұғынылып, қабылданады. Жеткіншектердің жолдастық
кодексінің ең маңызды нормалары – қадір-қасиетті сыйлау, теңдік, шын
берілгендік, жолдасына көмектесу, адалдық. Жеткіншектердің ортасында
әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, сыныбына қатысты іс-әрекеттері ескерусіз
қалмайды және бұл нормаларға сай келетін і- келмейтіні бағаланып отырады.
Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобына “опасыздықты” , уәде бұзуды,
көмектеспей қоюды, өзімшілдік пен сараңдықты, бірінші болсам, басқарсам
деген ниеттерді, менменсіп, өзін-өзі дәріптеуді, жолдасының пікірімен
санасқысы келмеуді, сөзімен, күш көрсетіп, айламен, көзінше немесе
сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді
бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар жәбірлесу, қақтығыстар, жанжалдар
туғызады.Жолдасының өзін-өзі сыйлаушылығы, өз пікірі болмауы, өзінің
айтқанынан қайтпай, жәбірлеушіге қарсыласа, алмауы да айыпталады, ал
“жағымпаздар”, алуан түрлі бейімделгішер, мүлдем жеккөрінішті көрінеді. Бұл
айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер жеткіншекте қалыптасатын этикалық
мұраттың негізі болып, жолдасының қасиеттерімен қарым-қатынасқа осы
тұрғыдан талап қойылады.
Бұл нормалар мен талаптардың ересектердің жолдастық, достық, шынайы
ынтымақ қарым- қатынастарының аса маңызды нормаларымен үйлесетіндігі өте
маңызды. Жеткіншектірдің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық мазмұнының
ересектердің осындай қарым-қатынастарының қағидаларымен үйлесуінің
арқасында құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектің әлеуметтік-
моральдық ересектігінің айрықша мектебі болады.
Жеткіншектің құрдастарымның алдында танымал да сыйлы болсам деген
мүдделілігі себепті ол бұлардың пікірі мен бағаларына ереше қарайды.
Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері оны бұлардың
себептері жайлы ойлантады, өзіне назарын аударады, өз кемшіліктерін көріп,
білуіне көмектеседі, ал олармен жақсы қарым-қатынаста, араларында сыйлы
болуға ұмтылу түзеліп, олар қоятын талаптарға сай болайын деген ниет
туғызады. Жеткіншек жаста қарым-қатынас үшін өте маңызды ерекшелік –
құрдастарының талаптарын бағдарлай, оларды есепке ала білу –дамиды. Қарым-
қатынастың жақсы болуы үшін бұл өте қажет. Мұндай қасиеттің болмауын
есейген жеткіншектер инфантілділік деп бағалайды.
Қарым-қатынастың жақсы болмауына өзін-өзі асыра бағалаудың себеп
болатыны жиі кездеседі. Мұның салдарынан жеткіншек жолдастарының айтқан
сыны мен талаптарына ден қоймайды. Нақ осы себепті жолдастары одан
безінеді. Сыныбында беделсіз болып, бәрі одан безінген жеткіншектер көбіне
өзін-өзі осындай асыра бағалаушылар болады. Қарым-қатынастың жақсы болуына
жолдастары бағалайтын қасиеттер жөнінен өзін-өзі лайықты немесе тіпті
төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды. Өзін-өзі бағалаудың сипаты – онымен
қарым-қатынас жасау үшін өте маңызды сәт.
Оқшау жүретіндер деп аталатын жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз
ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне тән кемшілік – жақсы жолдас
болу қасиеттерінің жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал
жеткіншектер бұл кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толықтыруға болмайды деп
біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.
Жеткіншектер риза болып сыйлайтын басшы құрдастары іскерлік қарым-
қатынаста ұқсас қасиеттері бар екенін көрсетеді: олар басқа бір басшы
құрдасына – лидерге бағына біледі, жолдастарымен қатар тұра біледі, өз
міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жетуге жанын салады, басқалар
үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып кіріседі, жолдастарына
құрметпен қарайды, айғай-шусыз, мазасыз ақыл үйрете бермей, сабырлылықпен
қарайды, қажет болса көмекке келеді. Жолдасын сыйлай білу –
жетлкіншектермен іскерлік қарым-қатынас үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді
іскерлік қатынастарда мінез-құлықтың дұрыс формаларына баулу мұғалім мен
лидерлердің жұмысының маңызды мігндеті болуға тиісті.
Жеткіншек кезеңдегі “дағдарыс” мәселесіне теориялық көзқарастар
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы
осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының
биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай
ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық
универсализм негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің
дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы
себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады
20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан
биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл
зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның
әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Қиын жеткіншектерді
тәрбиелеу іс-тәжірибесінің маңызы болды, мәселен, А.С.Макаренкода мұндай
жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген американ ғалымы М.Мид
жеткіншек шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы
туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес,
әлеуметтік шарттастығын көрсетті. М.Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың
балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да
балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-
қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың
жеткіншек шағын М.Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас
алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр
түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларда
“Эдип” комплексінің міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып,
жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік
жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де
жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің 2 типін көрсетті:
Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған маңызды нормалар
мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму
бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп
үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып
шығады.
Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді
талаптарда алшақтық болған кезде байқалады ( Бенедикт пен Мид оны
қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған
елдерге тән деп санады ). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту
әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады-
ресми кемелдікке жеткен кезде ересектің рөлін атқаруға дайын болмау кел
іп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті
Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі боладыжәне оның ешқайсысы да
кемелдікке жеткізетін “табиғи” соқпақ деп қарастырылмайды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты
әлеуметтік жағдайларына:
- жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына;
- дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтың болуына;
- балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай
анықталатыны дәлелденді.
Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында
оның толық та тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге даярлығының қалыптасуы.
Бұл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын
көздейді, ол іс-әрекетке ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға
қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік
ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-
құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп
жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды , өз дегендерін істеп, байыз
таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ ,
ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да
тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады.Алайда балалығы қаз-қалпында
болып көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның
қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан
әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Ересектің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері
мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оның
дамуы әр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оның дамыған
формаларынан өте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек
адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін.
Жеткіншек жасқа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы
түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгерістермен
анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас
бұзылады.
Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне жаңа құрылым оның өзі
туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін
ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп
қарауына ұмтылады.
Ересектік сезім- жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы
ретінде.
Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді
ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық
сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп
көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-
өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай
жасайды.
Ересектік сезімдерінің ендігі бір қайнар көзі - әлеуметтік негіздер.
Мұның өзі ересектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық
жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері болғандай реттерде
туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету
әлеуметтік қана емес, субъективтік тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған
ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп кездесті. Ересектік сезімнің
жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды
Н.А.Некрасов бармақтай мұжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп
санайтын адам мен өзі арасындағы бір немесе бірнеше өлшем бойынша баланың
өзі ұқсаспыз ( білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық, т.б. ұқсастығы) деп
тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса,
өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезім баланы
өзіне тең ұқсайтын неғұрлым ересек жолдастарымен ( баланың ұғымында ) қарым-
қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес,
мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір
бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті бөліп көрсетеді.
Ересек сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке
адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол
жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік позициясын
білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын,
жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективті ықпалдардың жүйесін
анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер
дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды,
құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
Мұның ұзаққа созылатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр
түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері, құқылары, артықшылықтары
мен шектеулері түрліше болады. Балаларға арналған көптеген нормаларда,
ережелерде, талаптарда, шектеулерде, тіл алудың ерекше моральнда олардың
ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тең құқылықсыздығы мен тәуелді
жағдайы бейнеленген. Бала үшін дүниеде қол жетпес, тыйым салынған жайлар
көп. Балалық шағында бала қоғамның балаларға қоятын талаптарымен нормаларын
меңгереді. Бұл нормалар мен талаптар ересектер тобына өтер кезде сапалық
тұрғыда өзгереді. Жеткіншекте өзі туралы енді балалықтың шекарасынан өткен
адаммын деген түсініктің пайда болуы оның бір нормалар мен құндылықтардан
басқаларына-балалық нормалар мен құндылықтардан ересектік нормалар мен
құндылықтарға – қайта бағдар алуын айқындайды.
Ересектің дамуындағы және өмірлік құндылықтардың
қалыптасуындағы бағыттар
Жеткіншектік жастың қалыптасқандығын білдіретін сапалар
Жеткіншектік жастың басталуына қарай парадоксты ахуал қалыптасады:
баланың өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастары және әсіресе достарымен
қарым-қатынастары ересектердің теңдік моральының кейбір маңызды нормаларына
негізделіп құрылады, ал баланың ересектермен қарым-қатынасының негізі
баланың ерекше тіл алу моральы болып қала береді.
Мұндай жағдайдың мынадай маңызды себептері бар:
- жеткіншектің жеке басының дамуы үшін тиімді қарым-қатынас түрі ретіндегі
ынтымақ жолдастарымен қарым-қатынаста неғұрлым жедел дамуы мүмкін;
- ересектермен емес, нақ осы жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншекті
неғұрлым көбірек қанағаттандырып, субъективті тұрғыдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz