Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
1 Жоспарлаудың мәні, негізгі көрсеткіштері
2 Бизнес жоспардың мақсаттары, міндеттері, принциптері
3. Бизнес жоспардың құрылымы және түрлері экономикалық көрсеткіштері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өзінің қызметін келешекте одан әрі жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек. Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады.
Кәсіпорынды белгілі бір кезеңге дамытуда пайда алу мақсатымен мәмілені, жүзеге асырудың бағдарлама жоспары, көзделген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі бизнес-жоспарды құрайды. Бизнес-жоспардың инвестициялық және жекешелендіру жобаларын техникалық-экономикалық жағынан негіздеу кезеңінде әзірленеді. Бұл орайда бизнес-жоспардың күрделі салымшыға капиталдың қандай мақсатқа жұмсалатынын анықтау үшін қажет, ал кәсіпорын жобаны іске асыру барысында іс-қимыл жасау бағдарламасын әзірлеу және басқару үшін қажет. Мұндай жоспарды кәсіпорынның сипаттамасы, оның әлеуметік мүмкіндіктері, ішкі және сыртқы ортаның бағасы, маркетингтік стратегиясы және кәсіпорынды дамыту туралы нақты деректер қамтылады. Онда ықтималдық тәуекелділік көрсетіледі, яғни жоспарда қауіп-қатердің болуы мүмкін екендігі ескеріледі және оны азайту шаралары белгіленеді. Кәсіпорынның бизнес-жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін дербес анықтайды, бірақта оларды дайындау кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс. Оларға қолданылатын технологияның, нарықтың ерекшеліктері, бәсекелесуге қабілеттілік, өнімнің тауарлық көлемі белгілі мәселелердің пысықталу деңгейі жатады.
Осыны есепке ала отырып, бизнес-жоспар мәміле жүргізудің және осы негізде пайда табудың жоспар бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік іс-шаралар әрекеті болып табылады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде үлкен, орта және кіші бизнес кәсіпкерлері жаңа істі бастау алдын, оны жан-жақты қарастырады. Бұл түсінік, нарықтық конъюнктура талдауында негізделуді, өзіндік ресурстар мен мүмкіндіктердің шығуы, қаржылық есеп айырысу және өзіндік бизнес-жоспарды ұсынады. Оны ереже бойынша 3 жылға, ал үлкен жобаларды 5-10 жылға құрады. Бизнес-жоспарды жасаушылар жобанынң немесе жаңа істің мәнісін терең білуімен қатар, экономикалық негіздермен, нарықтық қимылды, әртүрлі болжаудың әдістерін қолдана білуі керек. Бизнес-жоспар статистикалық есеп беру құжатына жатпайды. Оны статистикалық мекемелермен, салық инспекцияларына жібермейді. Тәжірибеде, оны жасаудың мақсатты бағыты – несие алу мен серіктестікке шақырады.
1. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. «Кәсіпкерлік негіздері» Алматы «Экономика» 2001ж.
2. Базылев Н.И., Базылева М.Н. «Основы бизнеса» Москва «Мисанта» 2003г.
3. Исабеков Б.Н. «Кәсіпкерлік құрылымдардың бизнес жоспарын жасау процестерінің методологиялық негізі» Түркістан 2004ж.
4. Журнал «Малый и средний бизнес Казахстана» Астана 2006ж.
5. Басовский Л.Е. «Прогнозирование и планирование в условиях рынка» Москва «Лира» 2002г.
6. Пелих Ю.П. «Бизнес-план или как организовать собственный бизнес» «Финансы и статистика» 2003г.
7. Черняк В.З. «Бизнес-планирование» Москва 2003г.
8. Анискин Ю.П. «Организация и управление малым бизнесом» 2004г.
9. Джозеф А.Ковелло, Бриан Дж., Хейзелгрен «Бизнес-планы» Москва «ЗАО Бином» 1998г.
10. Панкрухин А.В. «Как составить бизнес-план» Минск 1999г.
11. www.rambler.ru
12. www.kisi.kz
13. www.bankreferatov.ru
14. www.khabar.kz
15. www.oup.ru
16. www.google.kz
17. www.yahoo.com
18. www.5ballov.ru
19. www.referat.ru
20. www.aikyn.kz

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері

Қабылдаған:

Орындаған:

Тобы:

Түркістан – 2014 ж.

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
1 Жоспарлаудың мәні, негізгі көрсеткіштері
2 Бизнес жоспардың мақсаттары, міндеттері, принциптері
3. Бизнес жоспардың құрылымы және түрлері экономикалық көрсеткіштері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын
өзінің қызметін келешекте одан әрі жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан
хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте
кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап
қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек.
Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды
тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар
жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі
салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта
мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады.
Кәсіпорынды белгілі бір кезеңге дамытуда пайда алу мақсатымен
мәмілені, жүзеге асырудың бағдарлама жоспары, көзделген мақсатқа қол
жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі бизнес-жоспарды құрайды. Бизнес-
жоспардың инвестициялық және жекешелендіру жобаларын техникалық-
экономикалық жағынан негіздеу кезеңінде әзірленеді. Бұл орайда бизнес-
жоспардың күрделі салымшыға капиталдың қандай мақсатқа жұмсалатынын анықтау
үшін қажет, ал кәсіпорын жобаны іске асыру барысында іс-қимыл жасау
бағдарламасын әзірлеу және басқару үшін қажет. Мұндай жоспарды кәсіпорынның
сипаттамасы, оның әлеуметік мүмкіндіктері, ішкі және сыртқы ортаның бағасы,
маркетингтік стратегиясы және кәсіпорынды дамыту туралы нақты деректер
қамтылады. Онда ықтималдық тәуекелділік көрсетіледі, яғни жоспарда қауіп-
қатердің болуы мүмкін екендігі ескеріледі және оны азайту шаралары
белгіленеді. Кәсіпорынның бизнес-жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін
дербес анықтайды, бірақта оларды дайындау кезінде мынадай факторлар
ескерілуі тиіс. Оларға қолданылатын технологияның, нарықтың ерекшеліктері,
бәсекелесуге қабілеттілік, өнімнің тауарлық көлемі белгілі мәселелердің
пысықталу деңгейі жатады.
Осыны есепке ала отырып, бизнес-жоспар мәміле жүргізудің және осы
негізде пайда табудың жоспар бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе алға
қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған
экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік іс-шаралар
әрекеті болып табылады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде үлкен, орта және кіші бизнес
кәсіпкерлері жаңа істі бастау алдын, оны жан-жақты қарастырады. Бұл
түсінік, нарықтық конъюнктура талдауында негізделуді, өзіндік ресурстар мен
мүмкіндіктердің шығуы, қаржылық есеп айырысу және өзіндік бизнес-жоспарды
ұсынады. Оны ереже бойынша 3 жылға, ал үлкен жобаларды 5-10 жылға құрады.
Бизнес-жоспарды жасаушылар жобанынң немесе жаңа істің мәнісін терең
білуімен қатар, экономикалық негіздермен, нарықтық қимылды, әртүрлі
болжаудың әдістерін қолдана білуі керек. Бизнес-жоспар статистикалық есеп
беру құжатына жатпайды. Оны статистикалық мекемелермен, салық
инспекцияларына жібермейді. Тәжірибеде, оны жасаудың мақсатты бағыты –
несие алу мен серіктестікке шақырады.
Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері
1 Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын
дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі
жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама кәсіпорынның
әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау
методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методолгисына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері
жатады. Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық
негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің, жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық экономикалық
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз-
қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын
энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының
қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың
жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы
өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша
жасалынады:
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету
нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
- материалдық шығындары нормасы (шикізат, материал, отын, жылу энергия
жабдықтардың үлестік нормалары);
- еңбек құрал-жабдықьарын қолдану нормативтері (машиналары, ірі құрал-
жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);
- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының
ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның
қорлары);
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада
берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы қуатының
қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек
шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының
қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық
ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері
анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімінің өзіндік құнын анықтау үшін
қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың
көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың
көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі; әртүрлі
өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге – өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек
өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор
сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Көлемдік көрсеткіштерге – өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен
факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіш-
тердің ара-қатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл
шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және
құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін,
өнім нормасын есептегенде қолданылады. әдетте норма сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
- Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі
бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи
өлшемдерде шығару жоспараланады және өнім сапасын арттыру
қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандардандыру,
шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспараланады.
- Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы-ғылыми-
техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау,
прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру,
автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбектің
ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен
метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы
дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім,
еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың
санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын
жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік
құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал
сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б.
жатады.
- Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері –
нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны,
материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің
негізгі көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ
тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым
қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
-Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар
салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен
обьектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірісті
техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды;
механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері-
өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке
обьектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі
қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған
өндірістің көлемі.
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп
өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық
есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық
ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп
шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б.
үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
- Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және
оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін
жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші
салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемі
өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады.
Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың
орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны
мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
- Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін
шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың
көлемін табу және материалдық еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы
түрде қолдану.
- Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер
көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету;
кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; негізгі өндіріс
қорларын салу және қолдану; пайдалы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды
бөлімі – несие жоспары.
- Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайын, еңбек жағдайын демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары
қарастырылады.
- Табиғатты қорғау және табиғат және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану
жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және
әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз
қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру,
құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және
материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.

2. Бизнес-жоспар құрудың мақсаттары, міндеттері және принциптерi
Адамзаттың басқа тіршілік иесінен айырмашылығы алдағы істейтін
жұмысын, ой, қимылын алдын-ала ойластырып жоспарлап алады. Қазақстанда
экономикалық реформалар жүргізу барысында нарықтық экономикаға көшуде
өрескел қателіктер болды. Оның негізгі себебінің бірі алдын-ала
ойластырылып жоспарланбаудың салдарынан.
Кеңестік экономикада жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты
құралы болды. Ол әдісті бүкіл алдыңғы қатарлы капиталистік елдер қолданып
дүние жүзілік дағдарыстан құтылды. 1994 жылы жапондық миллиардер Хариаса
Теравами Қазақстандағы жағдаймен танысып былай деген: "Біз сіздерден ештеңе
түсіне алмадық. Біз уақытында сіздің жоспарыңызды алып оны икемді
нұсқаулармен толтырдық, ол біздің елде жемісті жұмыс істеуде. Ал енді
қарасақ, сіздер жоспардан бас тартыпсыздар..." Хариаса Теравами айтқандай,
қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы үшін қайтадан ұлттық шаруашылықты
стратегиялық болжау мен жоспарлауды қолға алу басты бағыт болып табылады.
Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуда алдын-ала мұқият жоспарламай жұмыс жасау
мүмкін емес.
Кәсіпкерлік іске көпшілігі жоспарлау керегі жоқ деген ұғымға келеді. Ол
қате түсінік. Нарық жағдайында жоспарлау керек. Кеңестік шаруашылық жүргізу
жағдайында жоспарлау жоғарыдан басталып директива ретінде беріліп
жергілікті жағдай ескерілмеді, ресурстарды тиімді пайдалануға,
ынталандыруға көңіл көп аударылмады, басшылардың, кәсіпкерлердің
инициативасын кең пайдалана алмады. Мұндай жоспарлау нарық экономикасына
мүлдем қарсы.
Қазір инициативаға толық мүмкіндік берілген жағдайда өз бетімен
жоспарлау кең қолданылуы тиіс. Ойлаған ойдың негізделуін және күтілген
қорытындының берік болуын іске асыру үшін шет елдер тәжірибесі және логика
кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер кәсіпкер,
мысалы, өз алдына жеке фирма құрғысы келсе, жаңа өнім өндіруді
ұйымдастырғысы келсе бизнес-жоспар жасауы керек. Бизнес-жоспар - бұл
жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің не ойлаған істің барлық мүмкіндіктері
талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді
пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.
Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа
сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары. Бизнес жоспарды
жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар
жасауы мүмкін. Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін
анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді; дамудың сандық
және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды; фирманың
потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың
ықыласын және қызығушылығын тартады; жоспарлаудың және оның жұмыс ортасына
деген болашақта көзқарасын дамытады [5].
Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері. Бұл негізгі бөлім болып
есептеледі және мынадай бөліктерден: басты мақсат; өнімнің қысқаша
мінездемесі, айрықша ерекшеліктері; қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен
әдістері; жобаны орындау мерзімі; шығындар көлемі; болжаулы тиімділік пен
соңғы нәтижелер; нәтижелерді қолдану аясынан тұрады.
Негізгі жалпы көрсеткіштер:
- өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі;
- пайда түсім көлемі;
- өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат;
- пайдалылық.
Арнайы көрсеткіштер:
- сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және
ерекшеліктері;
- салымдардың қайтарымдылық уақыты;
- жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі.
Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын қызметтердің
мінездемесі. Бұл бөлімнің көрсеткіштері:
- өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
- кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға
сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
- кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы.

Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау. Бұл бөлімде өндіріс
көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп,
бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.

Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары. Кәсіпкерлік бағдарламаға –
маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу, сақтау тасымалдау, сатып алушыға
әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады.

Ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі
жайында және ресурстарды қолдану әдістері жайлы анықтамалар беріледі.
Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржы
ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.

Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда
кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі
көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік жатады. Сонымен қатар
әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.

Бизнес-жоспардың маңызы мынада: кәсіпкердің бір өзі қызмет істеуге өз
қаражаты жетпейді, тіпті жоқ болуы мүмкін, ал ол қаражат болса басқа
адамдардан табылуы әбден мүмкін. Осы қаражаттарды жинастырып жұмсау үшін,
ол өзіне серіктестер, инвесторлар іздейді. Ақшаны бере қою оңай емес.
Сондықтан істейтін істің пайда келтіретінін, өндірген өнімнің нарықта
өтетіндігіне серіктестер мен инвесторларды иландыруы керек [1].
Әр кәсіпкерге өзінің бизнесін бастау үшін бизнестің алғашқы
кезеңіне техникалық құралдар мен айналымдық қорларды құру үшін инвестиция
немесе қаражат қажет. Жарғылық капиталдың көлемі әдетте қызметті кеңейту
үшін жеткіліксіз болады. Сол үшін қолда бар құралдарға сыртқы инвесторларды
немесе несие ресурстары қаржылық құрылымын (банктер мен инвестициялық
компаниялар мен қорлар) немесе уақытша инвесторлардың бос қаражаттарын
ынталандыру керек. Белгілі – бір шартты қосымша қаржы ресурстарын алу үшін,
нақты экономиканы жасайтын бизнес керек. Осыған байланысты кәсіпорынға
негізделген бизнесті жүзеге асыруға берілген жобаның нәтижесін жан – жақты
талдау керек. Кешенді талдаудың нәтижесі осы бизнес – жоспар атты құжатта
көрсетіледі. Бизнес жоспардың құрамы, оның дәрежесінің дәлдігі және
тетіктері инвестияның көлеміне байланысты болады. Бизнестің масштабы, оның
нарықта орын алуы, фирманың қаржылық тұрақтылығы, нарық жағдайындағы
фирманың ұсынатын тауарлар мен қызметтер түрлеріне байланысты. Бизнес-
жоспарды құру мен талдау жасауда кәсіпкер күтілетін бизнес-жобаның
мүмкіндіктері мен тиімділігін сынап бағалайды және шешім қабылдауға
негізделеді. Берілген жобаның қызметінің негізгі бағытының сипаттамасы,
бизнес-жоспардың құрамында көрсетіледі [2].
Бизнес – жоспарды құруда келесідей талаптар қойылады:
1. Фирма басшысының қатысуы. Жасалатын жобаның мазмұнына қосыла отырып,
басшы орындаушылармен және кеңесшілермен бірге өзінің болашақ дәрежесін
суреттеуі мүмкін.
2. Сенімді және жеткілікті ақпараттар келтіру. Ұсынылатын ақпараттың
дұрыстығы, жеткіліктілігі мен таңдаулығы ақпараттың сенімділігінің жалпы
сипатын көрсетеді. Алынған ақпараттың толық жетерлігі келесіні білдіреді:
ең маңызды мәліметтер бизнес – жоспардың өзінде келтіріледі, ал оның
тетіктері мен қосымша мәліметтері қосымшада көрсетілуі мүмкін. Таңдаулылық
- бұл алынған ақпараттың таңдаулысы, келтірілген мәліметтер нақты және
ұсынылған жобаға тиісті болуы керек.
3.Бизнес-жоспарда шиелінісетін жолдары болмауы керек.
4.Қарыз капиталын тарта отырып, өзінің құралы да жеткілікті болуы керек.
Бұл жерде қатаң талаптар жоқ, өзіндік тиесілі қаржы көлемі 30% - 40% құрауы
мүмкін. Егер де өзіндік құрал аз болса, онда инвестор жаңа жобаны бастауға
қатысуы үшін тәуекелге бармауы мүмкін. Бизнес-жоспарды қарастыру және
жобаны қаржыландыру үшін шешім қабылдау белгілі – бір уақытты алады (6 айға
дейін) Нарықтық ортаның өзгеруі есептеуді, түзету мен қосымша мәліметтерді
талап етуі мүмкін. Бұл заңды құбылыс [6].
5.Серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, нарықтағы қуатына, баға
деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақта алынатын пайда
мөлшеріне тағы басқа көрсеткіштерге аса маңызды көңіл аударады.
6.Бизнес-жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компанияның өндірістік
қаржылық көрсеткіштері ғана емес, болашақ серіктестерді, инвесторларды осы
істі атқаратын кадр әлеуетінің және материалдық ресурстардың жеткілікті
екендігіне сендіруі керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және
тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп, сонымен қатар басқара
алатынын көрсетуі тиіс.
7.Бизнес-жоспарды жасақтағанда, тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық
үйлесімділік және шағымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген
ағылшын сөзі - пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс дегенді
білдіреді. Бизнес-жоспардың басты міндеті пайда табу, сондықтан мұны
кәсіпкерлік іс жобасының жоспары деп қарастыру керек [1].
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынның құрылу және даму жоспары немесе
кәсіпорынның жаңа түрін құрудың стратегиялық шаруашылық бөлімі. Негізгі
жоспар қажетті инвестицияны тартуды негіздеуде қызмет атқарады.
Бизнес-жоспар келесі міндеттерді шешеді:
- кәсіпорынның өміршеңдігі мен тиянақтылығын бағалайды;
- қайратты қызметі кәсіпкерліктің тәуекелділігін төмендетеді;
- сандық және сапалық көрсеткіштердің даму негізінде болашақ қызметті
нақтылайды;
- сырттан қолдау мен потенциалды қызығушылықты тарту үшін құрылады;
- ол туралы преспективалық болашақты құруға, алғашқы жаңа түрдегі
жоспарды алуға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар жоспарланған жобаны қаржыландыру үшін банктермен,
мемлекеттік басқару органдарымен сұхбаттасып, келісім жасауы үшін қажет.
Бизнес-жоспар фирманың барлық мақсаты міндетін өзіне қоспайды, тек біреуін
ғана шешеді. Бизнес-жоспардың уақытша нақты шегі бар, ол нақты қойылған
міндеттерді шешіп, алға қойған мақсатқа жету. Мысалы, зауыт салыну керек,
өндірістің орындалуы, тауарлардың өткізілуі және қаржы салымдарының
қайтарымдылығын қамтамасыз ету [2].
Бизнес-жоспарда болашақта мүмкін болатын және практикалық іске асатын
кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл
негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-
бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру
шаралар жүйесі. Бизнес – жоспардың обьективтік қажеттілігі мына
жағдайлармен байланысты:
- алға қойған мақсатты іске асыру үшін потенциалды мүмкіндіктерді ескеру
арқылы стратегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол ағымдағы
және болашақ жоспарлар арқылы іске асады;
- кәсіпорынның әлсіз, күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын көзбен
қарау;
- дүниежүзілік тәжірибеде алдын-ала жасалған обьективті жоспар болмаса
істен сәттілік күту мүмкін емес. Бизнес-жоспар бәріне де керек;
- өзіңіздің серіктестеріңізге және қызметкерлеріңізге алдағы болашақты
айқын және өз міндеттерін жеткілікті, тиянақты білу үшін;
Бизнес-жоспар жасақтағанда мынадай басты мәселелерге жауап беріледі:
Бизнес-жоспар дегеніміз не? Онда не жөнінде айтылады? Оның құрылымы қандай?
Бизнес-жоспар қалай жасақталады? Ол қалай дайындалады? Ол бизнеске не үшін
керек?
Бұл шын мәнінде бұрынғы жасақталған орындалуға міндетті жоспар емес, бұл
болжам жоспар. Мұндай жоспардың формасын индикативті жоспарлау дейді.
Кеңестік тәжірибесінде жоспар директива, заң ретінде болды. Байқағанымыз,
капитализм дамыған сайын жоспарлауды басты басшылық құрамына айналдырды.
Батыс елдерінің бизнесмендері қандай іс болмасын жоспарлы істің керектігін
мойындайды, онсыз еш қандай да істі бастамайды. Бизнес-жоспар деп атау
себебінің басты міндеті өндіріс болғанымен түпкі мақсат пайда табу. Бизнес-
жоспар жұмыс істеп тұрған өндірісті жетілдіруге оның басты бағыттарын
анықтауға пайдасы мол. Бизнес-жоспарды жасаудың басқа жағынан да
қажеттілігі бар. Ол бизнеспен қатынасы бар адамдарға: инвесторларға,
қаржыгерлерге, потенциалды акционерлерге жақсы яғни қолайлы әсер етеді.
Бизнес-жоспар істе қателік жібермеуге, компанияның, кәсіпорынның өмірге
келуіне, табысының өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Негізінде кәсіпкерлікпен
жүргізілген істің табыс көзін сәтсіздікке ұшыратпайды, шаруашылық тәуекелді
азайтады. Бизнес-жоспар жан-жақты құжатталуы керек. Себебі оны оқитын
адамдар тәжірибелі іс адамдары, қаржы салатын адамдарды иландыру үшін
білгірлікпен істелген жоспар керек.
Бизнес-жоспарды жасаудың 2 кезеңі бар:
А. Бірінші кезең - ақпарат жинау. Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін
сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде
мүмкіндігінше көп білу қажет. Бизнес жоспарды жүзеге асырушы келесілерді
білуі қажет:
- Қызмет - ол не істеп жатыр немесе не істегісі келеді, соны нақты
анықтау қажет;
- Нарық – бизнес-жоспарды құрастырушының тұтынушылары кімдер, олар қай
жерде және нені қалайды, бәсекелестеріңіз кімдер екендігін анықтау
қажет;
- Қаржы - сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып, пайда таба аласыз ба?
Мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы
мәліметтердің жоқ болуынан қорықпау керек. Өйткені, ол өзіне қатысты
қызметінің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін адамның дәл өзі болып
табылады. Бизнес-жоспарды құрастырушы үшін қарапайым жолмен табуға болатын
кез-келген қосымша ақпарат өте маңызды.
В. Екінші кезең - ақпараттарды жөнге келтіру. Қандай да болмасын
кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Серіктестесті, көндіру
үшін өз білетінің қалай жеткізетіндігі аса маңызды болып табылады. Жоспар
тегіс бәрін қамти алатын және қысқа болуы керек:
- қарапайым және түсінікті тілде жазылады;
- бизнес-жоспарды құрастырушының ойы белгілі мәселелерді баяндайтын
нақты бөлімдермен ретке келтіріледі;
- негізгі мәтіннің оқылуы жеңіл болуы үшін техникалық бөлімдер мен
қосымша материалдар қосымшада көрсетіңіз.
Жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы ол жасалған
мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер бизнес бастамашы шағын дүкен
ашқысы келсе, онда оның жоспарын компьютер өндіріп және ол халықарлық
нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші
жағдай бойынша, айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке
нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын. Сондай-ақ егер бизнес
бастамашы банктен несие алу үшін өз жоспарын пайдаланса, бұл мәліметтер
бизнес бастамашы үшін аса тиімді емес болып келеді. Бизнес-жоспарды
дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ [3].
Бизнес-жоспарды жасаудың, дайындаудың тәжірибеде тексерілген кейбір
тәртіптері бар. Дегенмен, кәсіпорынның проблемалары мен тапсырмаларын толық
түсіну үшін бизнес бастамашының қалауымен жазған абзал. Сонымен қатар
келесі мүмкіндіктерді сызба 1.1 түрінде пайдаланған жөн [4]:
1.Өзіңіздің ісіңізді бастауға шешім қабылдаңыз.
2.Өзіңіздің ісіңізді ашу үшін, сіздің қабілетіңіз бен біліміңіз қандай,
және сізге не білу керек екенін тексеріңіз.

Бизнес жоспарды құру тізбегі

Сызба 1.1

9

5 10

1 2

12

3.Өзіңіз жақсы білетін тауар немесе қызмет түрін таңдаңыз. Ең алдымен
біреуіне тоқталыңыз.
4.Өзіңіздің нарығыңызды анықтаңыз: Сіз кімге сатасыз? Сіздің
бәсекелестеріңіз кімдер?
5.Осы нарықта жұмыс істеп,одан не күтесіз?
6.Сіз қай жерде орналасқыңыз келеді?
7.Сізде өндірістік жоспар мен технологияны пайдалану, сондай-ақ ғылыми-
техникалық іс-жоспар бар ма?
8.Өзіңіздің тауар мен қызметтерді қалай өткізесіз?
9.Сіздің ұйымдық құрылымыңыз қаншалықты және ол сіздің мақсатыңызға сәйкес
келе ме? Сізге не қажет?
10.Заңнамаға сіздің бизнестегі әдістемеңіз сәйкес келе ме? Сіздің
тапсырмаларыңыз қаншалықты?
11.Сіз қаржылық жоспарды қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Кәсіпорынның бизнес - жоспарын құрудың теориялық негіздері
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
Кәсіпкерлік - жобаны қалыптастырудың негізгі технологиялары
Бизнес жоспардың өндірісте алатын тиімділік орны
Кәсіпорынның бизнес жоспарын құру негіздері
Банктік қызметтегі стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
Бизнес - жоспарды уйымдастыру
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
«АУРА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер