Зікірді бұрмалаған «исматуллашалар» тобы хақында


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Зікірді бұрмалаған «исматуллашалар» тобы хақында

Күні: 31 Қаңтар, 2011 Айдары: Адасқан ағымдар, Пәтуалар, Уағыздар 1 пікір 569 рет оқылды

Елімізде қазақ халқының көрнекті ойшыл ақындары мен тақуа діндарларын бетке ұстап, дініміздегі зікір ғибадатын бұрмалайтын «симатуллашылар» тобы қылаң беруде. Ол «Сенім, Білім, Өмір» қоғамдық бірлестігі деген атпен тіркелген.

Ол топтың басшысы осындағы «сопылардың» пірі Пәкістаннан келген Исматулла Мақсым (суретте) . Оның діни көзқарастары мен діни істерін жүзеге асыруда Нарымбай Разбекұлы, Санжар Керімбай, Рахат Мамырбек, Болат Мүрсәлім, Саят Ыбыраев, Ғалым Боқаш сияқты ортаға таынмал сенімді шәкірттері белсенділік танытады екен.

Олардың діни сенім-нанымы мен діни көзқарастары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын әһлус-сунна ақидасы мен Ханафий мазһабына сәйкеспейді. Исматуллашылардың адасушылығы мынау мысалдардан көрінеді:

1. Олардың сөзі мен іч-әрекетінен «зікір» терминін тар аяда түсінетіні байқалады. Олар зікір дегенде «Лә иләһә иллаллаһ» ты айтып, басын щайқап, «һу-һу» - ден әріге бармайды. Алайда, зікір - бұл ұлық әрі кең мағыналы ғибадат. Ол мұсылманның әр іс-қимылынан сезілуі керек. Өйткені, зікір ғибадат, намаз, құрбандық, дұға, Құран оқу, шүкір, тәубә, насихат т. б. ұғымдарды қамтиды. Мұның мағыналарын Алла Тағаланың «Мені еске алу үшін намазды толық орында» («Таһа» сүресі, 14-аят), «Алла сендерге бір зікір түсірді», «Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат» деп айтылған аяттарынан кездестіруге болады. Тақуа сопылардың бірі Бәһәуддин Нақшбандидың (р. а. ) : «Жүрегің Алланың зікірінде, ал, қолың жұмыста (тіршілікте) болсын, деген қағидасы зікірдің ұғымын айқынырақ аша түседі.

2. Бұл топ зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты деп біледі. Біз қашаннан исламда бес парыз (шарт) бар деп келдік. Өйткені, Ибн Омардың (р. а. ) риуаятында Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) мұсылман үмметіне: «Ислам бес нәрсеге негізделген: Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с. ғ. с. ) оның елшісі деп куәлік беру, намаз оқу; Зекет юеру; Қажылыққа бару; Рамазан айында ораза ұстау», - деп бұйырады (бұхари мен Муслим) . Мұнда «зікір-исламның негізгі шарты» деген бірде-бір сөз де ұғым да жоқ. Пайғамбар Мұхаммедтен (с. ғ. с. ), сахабалардан және діни кітаптардан естімеген шариғатты, біз Исматулла тақсырдан естіп тұрмыз.

3. Зікір аясын тарылтып, ұлық намазды одан бөліп, тәрк ету күпірлік. Зікір ғибадаты мустахаб (істесе дұрыс, істемесе күнәға жатпайтын ғамал) . Намаз - есе исламның бес діңгегінің екіншісі саналады.

Алла Тағаланың: «Әрине, намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз етілді» («Ниса» сүресі, 103-аят) және «…намазда орында. Күдіксізнамаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды» («Әнкадут» суресі, 45-аят) деген аяттары намаздың парыздығын айқындайды.

Анастан (р. а. ) риуаят етілген хадисте: «Исра (Меккеден Бәйт ә-Мақдиске сапар шеккен) түні Пайғамбарға (с. ғ. с. ) әуелі мезгіл намаз парыз етілді. Содан қысқартылып, бес уақыт етілді. Кейін: «Ей, Мұхаммед! Менің үкімім өзгертілмейді. Расында, саған осы бесеуінде елудің (сауабы) бар», - деген дауыс келді. (Бұхари және Муслим) .

Жәбир ибн Абдулла (р. а. ) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Парыз екенін біле тұра намаз оқымаған пенденің істеген барлық жақсылығын Алла жоққа шығарады. Тәубесіне келмейінше ондай пендеге Алланың қамқорлығы нәсіп болмайды» (Бұхари жеткізген) . Бұл хадистерден намазды елемеушілік қандай ауыр қасіреттерге алып баратыны көрініп тұрған жоқ па? Алла сақтасын!

4. Зікір кезінде айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. Ара тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп жылайды. Тіпті кейбірінің аузынан ақ көбік -жыны ағып, есінен танып, талып қалды. Мұндай іс-әрекетті тасаввуфта (сопылықта) «шатахат» деп атайды. Дін ғұламалары тұрмақ кейбір сопылардың өздері (гиләни мен Рифаъи) шатахатты қатты сынға алған. Мұның бәрі әдепсіздікке әрі шектен шығушылыққа жатады. Ислам мұны құптамайды.

Дұға ету, зікір салу немесе басқа да ғибадатты атқаруда Алла Тағала пенделеріне былай деп кеңес береді: «Раббыларыңа жалбарынып жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («Аъраф» сүресі, 55-аят) .

Абдулла ибн Аббас (р. а. ) Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) : «Шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне шектен шығушылық жеткен болатын», - деп айтқанын естіген. (Термизи жеткізген) .

5. Қазақтың кемеңгер ақындары Абай мен Шәкәрімді бетке ұстап өз мүдделеріне пайданғысы келеді. Олардың өлеңдерін дәлел-құжаттай көреді. Ислам дінінің негізі Құран Кәрим және хадис шәрип. Дегенмен, Абайдың: «Әуелі аят, хадис сөздің басы» және «Пенделіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып, «һу» деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, кілемді кім тоқиды, астықты кім егеді… Екінші, бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету қауіпі бар кіпңрге жем болып кетуде…» деген сөздері исматуллашылар сияқты «сопылардың» көзқарастарын жоққ« шығарады.

6. Ұлы мужтаһид факиһтердің шариғат білімінсіз тариқатқа түсіп кеткен. Тақуа ақын Ахмет Йасауи хикметінде мұндайды ашықтан ашық былайша әшкере еткен:

Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің

Шайтан келіп, имандарын алар екен

(«Диуани хикмет, 79»)

Өйткені «исматуллашылар» шариғаттың алғашқы «ш» әрпәне де табан тіремей-ақ, тариқаттың ең төрінен көрінгісі келеді. (Сопылықтың негізгі канондары: шариғат-тариқат-мағрифат-хақиқат) .

Шын сопылар уахи мен шариғатқа амал етеді. Өйткені, Алла Тағала баршаны (әулилерді де) пайғамбарларға мойынсұнуды әмір етті. Алла Тағала: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бойұсынылуы үшін ғана жібердік», («Ниса» сүресі, 64-аят) дейді. Тағы бір аятта: «(Ей, Мұхаммед!) Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» («Әли Имран» сүресі, 31-аят) делінген.

Хужжатул Ислам Әбу Хамид әл-Ғаззали (р. а. ) «Мизәнул амал» кітабында: «Бір Алла Тағаланың жолында жүретін шынайы сопылар аз. Бірақ, сопылықты дағуа ететіндер көп. Сопылықтың екі белгісі бар: бірі, шариғат аясынан шықпау; екіншісі, жүрегі ұдайы Алланың зікірінде болу», - деп насихат етеді.

«Дәйратул маъариф» кітабында шайх Саһл әт-Тистириден (р. а. ) : «Біз алты нәрсеге сүйенеміз: Алланың кітабын берік ұстану, Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) сүннетіне еру, халалдан ішіп-жеу, біреуге зиян келтірмеу, күнәлардан аулақ болу және мойынындағы ақыларын өтеу», - деп риуаят етіледі.

Әбу Язид әл-Бистәми (р. а. ) : «Кремет беріліп, аспанға көтерілген адам Алланың әмір-нәһийін ұстамайынша, шариғатты өтемейінше, оған алданып қалмаңдар», - деді.

Жүнәйд әл-Бәғдәди (р. а. ) : «Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) ізімен жүрмеген адам үшін барша жолдар жабық. Кім Құранды жаттамаса, хадисті жазбаса, ондай адамға ілуге болмайды. Өйткені, біздің бұл ісіміз Кітап және Суннамен байланысты», - деген екен.

7. «Исматуллашылар» дінді қазақиландыруға тырысты. Бұл өзін пайғамбармын деп, жаңа дін шығарумен тең. Бұл ауыр күнә. Пайғамбар Мұхаммедтен (с. ғ. с. ) кейін пайғамбар да келмейді, жаңа дінде түспейді. Бұған Алла Тағаланың «Бірақ, Мұхаммед (с. ғ. с. ) Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы» («Азхаб» сүресі, 40-аят) және «Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тәмәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым», («Мәида» сүресі, 3-аят) деген аяттары дәлел.

8. Шәкірттері ұстазы-Исматулла тақсырды «қасиетті әке» санап, құлдық ұрып, қолын сүйеді-міс. Бұл да үлкен күнә саналмыш ширк (Аллаға серік қосу) . Қасиеттілік, ұлықтық бүкіл әлемді жаратқан Аллаға тән.

Алла Тағала өзіне серік қосқанды кешірмейтінін, одан басқа күнәларды қаласа кешіретіні жөнінде: «Аллаға өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болмайды», - дейді. («Ниса» сүресі, 48-аят)

Пайғамбар (с. ғ. с. ) да «мен де сендер сияқты бір адаммын» деп қайта-қайта айтуды ұмытпаған.

9. исматулла тақсырды муридтері әулие санайды-мыс. Нарымбай: «Ол-ьос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәміл» дейді. Біз білетін әулиелер Алланың шариғатын бұлжытпай орындап, әрқандай күнәлардан сақтанатын халықшыл, ойшыл адамдар еді. Сонда Нарымбай өздерін әулиелікке көтеріп халықтың діни сауатсыздығын пайдаланбақ па?

«Әл-Бурһан әл-Муайяд» кітабында шайх Рифаъи (р. а. ) : «Сендер: «Харис риуаят етті, Әбу Язид деде, Халлаж айтты» дегенді қашан қоясыңдар өзі? Сендер: «Шафи айтты, Малик айтты, Ахмад деді, Нұғман деді», - деп айтыңдар. Алдымен аынқ діни қарым-қатынастарды түзеңдер, содан соң қалған артықша сөздермен ләзәттанасыңдар. Әуелі шариғат негізін білім және амалмен қалап алыңдар. Одан соң анық болмаған білім үкімдері мен оның амалымен айналысасыңдар. Бір сағат білім үйрену жетпіс жылдық (қосымша) ғибадаттан артық. Алла Тағала сауасыз адамды уәли етпейді. Кімді уәли етсе, Алла оған білім береді. Уәли ешуақыт фиқһ білімінде ақсамайды. Ол намаз оқуды, ораза ұстауды, зекет беруді және қажылық ғибадатын өтеуді жақсы біледі», - деп түсіндіреді.

Қазақ тіліндегі әулие «уәли» сөзінің көпшесі болып, «достар» мағынасын береді. Алла Тағала өзінің әулие-достары туралы: «Шынында менің ием Құран түсірген Алла. Ол жақсыларды (ізгі пенделерін) идос тұтады. » («Ағраф» сүресі, 196-аят) және «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болыңдар. Оларға дүние тіршілігінде де, ақиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне, ірі қол жетушілік осы», - деп хабар береді. («Юнус» сүресі, 62-64-аят)

Ибн Хажар (р. а. ) әулие туралы мынау анықтаманы береді: «Уәли Алла Тағаланы таниды, ұдайы Оған бойынсұнып, шын ықыласпен ғибадат етеді».

10. »Исматуллашылар» жеке жұмыс істейді, білгенінше-қалағанынша уағыз айтады, жеке діни медресені жүргізеді. Ешбіреуінде де діни басқармаға есеп бермейді, оған әрі мойынсұнбайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мемлекетте діни істерді басқаруға мұрындық болатын жалғыз ғана мекеме. Өйткені, діни басқарманың әрбір діни істері дін мен білімге негізделгені айдан анық. Әркім өзінше діни бірлестік ашып, өздерінше жұмыс жүргізе берсе, соңы не болары белгілі. Мемлекетте бір үкімет болғаны сияқты, мұсылмандарда да бір діни басқарма болуы шарт. Оған мойысұнбау сауатсыздық әрі адасушылық.

Алла Тағала «Ниса» сүресінің 59-аятында: «Ей, мүминдер! Аллаға бойұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір мелеріне бойұсыныңдар», - деген.

Имам Муслимнен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Әрине, Алла сендерден үш нәрсені ұнатады, олар: Аллаға ғана ғибадат ету, Оған басқаны серік қоспау; Түп-түгел Алланың жібіне жабысып, бөліньеу; Сендерге басшы болғандарға мойынсұну», - деген.

11. Мәдидің шығатыны рас. Умму Сәләмадан (р. а. ) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Бір халифа қайтыс болғанда тартыс басталады. Бір кісі Мадинадан Меккеге қашып шығады. Сонда оның қасына Мекке тұрғындары келіп, тілегіне қарсы, оны шығарып, Рукн мен Мақам ортасында оған байат (серт) етеді. Оған қарсы Шамнан (қазіргі Сирия) әскер жіберілді. Мекке мен Медина ортасында далада оларды жер жұтады. Соны көріп, Шамның әулиелері мен Ирактың құрметтілері келіп, Рукн мен Мақам ортасында оған байат етеді. Содан соң нағашылары Бани Қалбтан болған құрйыштық бір кісі шығады. Ол (Маһди) оларға қарсы әскер жібереді. Әскер олардың тасталқанын шығарады. Міне сол-Қаблтың әскері. Қалбтің олжасынан түскен мал-мүлікті ол (Маһди) бөледі. Адамдар Пайғамбардың (с. ғ. с. ) сүннетіне амал етеді. Жер бетінде Ислам орынғады. Ол жеті жылға созылады. Кейін ол қайтыс болады да мұсылмандар оның жаназасын оқиды», - деді». (Әбу Дәудтен жетті)

Әбу Саидтен (р. а. ) риуаят етілді: «Пайғамбарымыздан (с. ғ. с. ) сұрадық. Ол: «Менің үмметімде Маһди бар. Ол шығып, бес, алты немесе жеті жасайды», - деді. Біз: «Ол не?» - дедік. Ол: «Жылдар. Оған бір адам келіп:-Ей, Маһди! Маған бер! Маған бер!» - дейді. Ол оның күші жеткенінше (көтергенінше) киіміне (қалтасына) салып береді». - деді» (Тирмизи жеткізді)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егеменді елдің діни басылымдары
Статерді бөлшектеу және жинау және жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Техника қауіпсіздік ережелері
ШАРИҒАТТЫ АТТАП, ТАРИҚАТТА ТАЙРАҢДАҒАН ЗІКІРДІ БҰРМАЛАУШЫ «ИСМАТУЛЛАШЫЛАР»
Тарихтан сабақ алмасақ
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы (шет тілінде)
Елдегі діни ахуал біздің бағытымыздың дұрыс екенін көрсетті
ХОЖА МАХМУД АНЖИР ФАҒНАВИЙ
Тәржіма тағылымы
Қажылық
Ахмет иасауи
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz